Болжамдау мен жоспарлауды ақпаратпен қамтамасыз ету


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
Тақырыбы: «Болжамдау мен жоспарлауды ақпаратпен қамтамасыз ету»
Қабылдаған: э. ғ. к., проф. Байбосынова. Г
Орындаған: Серикбаева Ж.
Тобы: МЭК-911
Түркістан -2010
Болжамдау мен жоспарлауды ақпаратпен қамтамасыз ету
Қандай да бір істі болжамдау немесе жоспарлау үшін алда тұрған қызметтер мен оларды дамыту жағдайлары жөнінде ақпараттың мүмкіндігінше көп болуы қажет.
Ақпарат деп - жоспарлау мен болжау жүйесінде ең негізгі қызмет атқаратын құрал. Әлеуметтік тұрғыда ақпарат адамдар арасындағы коммерциялық байланыс болып табылады. Талаптар:
- ақпарат шынайы болу керек;
- ақпаратты бәрі пайдалана алуы керек;
- ақпараттың тезділігі;
- ақпараттың экономикалығы немесе үнемділігі;
- ақпараттың қысқалық мінезділігі немесе ақпараттың локалдылығы;
- ақпараттың факторлармен қамтамасыз етілуі керек.
Экономикалық аспектілеріне қарай үш түрге бөлінеді:
- синтетикалық - ақпараттың қабылдау өз көзқарасының болуы;
- сематикалық - ақпарат қабылдауда өз көзқарасының болуы;
- прогматикалық - ақпараттың тиімділігін қабылдау.
Ақпараттың белсенділігіне қарай:
- аудиторлық;
- визуалды ақпарат.
Олар сандық, таңбалық, әріптік болып бөлінеді. Ақпараттың уақыттың таңдау классификациясы болады. Оның мүмкіндігі адамның қабылдау мүмкіндігіне сәйкес келеді. Ақпарат толық және қысқаша болып бөлінеді. Сонымен қатар ақпарат құжатталған, зерттелген, талданған болып бөлінеді.
Ақпаратты пайдалану әртүрлі болғандықтан олардың мақсаты бір-бірімен бәсекелес, кей жағдайда қарама-қайшы келеді. Ақпараттың ағымының сыйымдылығы мен салыстырмалылығы әр түрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар олардың құрылымында үлкен мәнге ие болады.
Болжау мен жоспарлау бірінші және екінші ақпарат алу әдістерін пайдалана отырып жүзеге асырылады. Бірінші ретті мәліметтер, арнайы жасалған зерттеулер нәтежиесінде нақты мәселелерді шешеді. Екінші ретті мәліметтер , сыртқы және ішкі көздерден жиналған мәліметтер, мұны басқаша сөзбен кабинет деп те атайды.
Болжау мен жоспарлау үшін қажетті болатын ақпараттарды алуда, бірінші ретті ақпаратқа қарағанда екінші ретті ақпарат арзан және ынғайлы болады. Екінші ретті ақпараттың сыртқы қайнар көздері көп. Халықаралық валюталық қорлар, европалық ұйымдар, Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдардың мәліметтері сыртқы көздерге жатады. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың қаулымдары, үкімдері, заңдары; мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлерінің шығып сөйлеген сөзі, ресми статистика мәліметтері, мерзімді басылымдардың мәліметтері, ғылыми зерттеу нәтежиелері және т. б. жатқызуға болады. Көптеген халықаралық ұйымдар және Ресей ұйымдары болжау мен талдау кезінде экономикалық мәліметтерді баспаға шығарып отырады. Ақпараттың ішкі көздері болып: кәсіпорынның бухгалтерлік, қаржылық, статистикалық және де басқа да есептері, басшылармен және қызметкерлермен сұқбаттар, жиналыстағы, мәжілістегі басшылардың есептері, түрлі мәжілістердегі хаттамалар, шағымдардың шолуы, іскер хаттар т. б. жатады.
Статистикалық көрсеткіштер, халық санағының мәліметтері, кәсіпорындардың жылдық қаржы есептері, каталогтар, сайыстар қорытындысы, банктер мен биржалардың ақпараттары, акциялар курсының кестелері, сот шешімдерін пайдалануға да болады.
Екінші ретті мәліметтерді көптеген экономикалық және арнайы басылымдардан, яғни газеттерден, журналдардан, ақпараттық-аналитикалық бюллетендерден алуға болады.
Сыртқы ақпарат арқылы кәсіпорынның қазіргі жағдайы туралы шынайы түсінікке ие бола отырып (мемлекеттік статистика, заңнамалық әрекеттер, саяси орта, нарық мүмкіндіктері өндіріс үрдістері, бәсекелес әрекеттері, үкіметтің қаржы саясаты), сондай-ақ ішкі фирмалық ақпарат арқылы (кәсіпорынның жағдайы, адам және басқа да ресурстардың болуы, бәсекелес жағдай, кәсіпорынның болашақтағы кейпі) . міндеттеріне экономикалық, заңнамалық, технологиялық және басқа да факторлардың қалай әсер ететінін анықтау қажет.
Сыртқы екінші ретті ақпараттардың қайнар көздеріне сонымен бірге жәрменкелер, көрмелер, кеңестер, конференциялар, презентациялар, базалар және мәліметтер қоржыны жатады.
Екінші ретті мәліметтерді пайдаланудың негізгі артықшылықтары - ақпаратты тез және арзан алу, пайдаланудың қолайлығы, сонымен қатар бірінші ретті мәліметтер жынтығын жинаутиімділігін жоғарылату. Ал кемшіліктеріне келетін болсақ - өлшем бірлігінің ықтималды келіспеушілігі, түрлі анықтамалар мен жіктелу жүйесін пайдаланады, жаңартудың түрлі дәрежесі, дұрыстықты бағалау қиындығы.
Екінші ретті ақпараттардың қайнар көздерін анықтау үшін келесі процедуралар жасау қажет. Қандай ақпарат қолда бар және қандай ақпарат қажет екендігін белгілеу. Екінші ретті ақпараттар қайнар көздерінің мазмұнын анықтайтын бастапқы терминдер мен атаулар тізімін жасау. Басылымдар каталогынан және компьютер желісінен бастап ақпараттардың екінші ретті қайнар көздерін іздестіру. Табылған ақпараттарды бағалау.
Синдикативтік ақпараттар. Сыртқы ақпараттарды екіге бөлуге болады: Біріншісі, ресми жарияланған басылымдар, яғни барлық қауымға ынғайлы болатын болса, екіншісі синдикативті ақпараттар. Бұл бірінші ретті ақпараттар, яғни бұл ақпаратты арнаулы ақпаратты кеңес беруші ұйымдар жинап өңдейді, сосын оларды өзінің жазылушыларына сатады.
Синдикативті мәліметтердің артықшылығы болып олардың арзан бағасы болып табылады, себебі олар жазылушылардың арасында бөлістіріледі. Синдикативті мәліметтер ақпараттар жинау жүйесіне негізделген, сондықтан олардың сапасы жоғары бағаланады.
Синдикативті мәліметердің кемшіліктері: біріншіден жазылушылар ақпарат жинауға әсер ете алмайды. Сондықтан сол басылымға жазылу үшін сол ақпараттардың жарамдығын және керектігін бағалау қажет; екіншіден: синдикативті мәліметерді тасымалдаушылар әдетте ұзақ мерзімге келісім шарт жасауға тырысады, үшіншіден, стандартталған дикативті мәліметтер көптеген пайдаланушыларға, сонымен бірге бәсекелестерге де қолайлы. Синдикативті мәліметтер әдетте бірнеше бағыттарда жиналады, ол алдымен:
- тұтынушылар мен қоғамдық пікір қатынастарын бағалау. Мысалы, қоғамдық құндылықтар жүйесі қалай өзгередің және тұтынушылардың таңдауына қалай әсер етеді;
- нарықтық сегменттерді анықтау. Тұтыну тауарлар нарығының, өндірістік-техникалық өнімдер нарығының құрылымын анықтайтын тұтынушылар туралы ақпарат алады;
- нарық тенденцияларын қадағалау, бөлшек сауда үшін және жеке үй шаруашылығы үшін нарық үлесінің және сату көлемінің көрсеткіштер қарқынына қадағалау жүргізіледі.
Құжаттарды талдау әдістері. Қажетті ақпарат алу үшін зерттелген мәліметтерді талдау әдістерін пайдалану қажет. Бұл мәліметтер жиынтығын құжаттар деп атайды.
Талдаудың екі түрі бар: дәстүрлі немесе классикалық. Бұл екі әдіс бірін-бірі өзара толықтырып отырады және де кемшіліктерін өтеуге көмектеседі. Құжатарды талдау ең алдымен екінші ретті мәліметтермен жұмыс істегенде қолданылады.
Дәстүрлі талдау - талданатын материалдық мәнін анықтауға бағытталған логикалық құрылым тізбегі. Дәстүрлі талдау негізгі ойлар мен идеяларды сезінеді, құжат мазмұнының жасырын жақтарын бағалауға, құжаттаң түбіне ашуға, оның мазмұнын толықтыруға мүмкіндік туғызады. Дәстүрлі талдау жасаған кезде келесі сұрақтарға жауап беру қажет: Бұл не құжат? Құжат текстінің мағана жағынан бөлігі қандай? Оның авторы кім? Құжатты құру мақсаты қандай? Құжаттың фактіге негізделген мазмұны неде? Құжаттың бағалау мазмұны қандай? Құжатта көрсетілген фактілер туралы қандай қорытынды жасауға болады?
Дәстүрлі талдау ішкі және сыртқы болып бөлінеді:
Сыртқы талдау - құжат текстінің мағана жағынан тиянақты бөлігін талдау және да оның пайда болуына әсер еткен жағдайларды талдау. Сыртқы талдаудың мақсаты - құжат түрін, оның формасын, уақытын және пайда болу жерін белгілеу. Құжат құру инициаторы мен авторы оны құру мақсаттары, оның тест мазмұны бөлігінің мәні дұрыстығы анықталады.
Ішкі талдау - құжаттың мазмұнын зерттеу болып табылады. Барлық жұмыс құжаттың ішкі талдауын жасауға бағыталған, оның ішінде берілген фактілер мен сандардың дұрыстылық деңгейін анықтау, құжат авторының компетенция деңгейін анықтау, құжатта көрсетілген фактілерге оның өзіндік қатынасын анықтау жатады.
Кейбір құжаттар арнайы талдау әдістерін қажет етеді. Психологиялық талдау - әдетте автордың кейбір саяси, экономикалық немесе әлеуметтік құбыластарға қатынасын бағалау кезінде пайдаланады. Осындай зерттеулер негізінде қоғамдық пікір, қоғамдық қондырғылар қалыптасу туралы түсініктер алуға болады.
Заңдылық талдау - заңды құжаттардың барлық түрлеріне пайдаланады. Юрисприденцияда спецификалық терминдер сөздігі, пайдаланылады, бұл терминдерді ауыстыруға мүмкін емес. Заңды құжаттарды талдау кезінде заң сөздігін білместігі көптеген қателіктерге әкелуі мүмкін.
Құжаттарды формальды талдау. Сандық әдістерді пайдалу есебінен субьетивтіктен құтылуға көмектеседі. Бұл әдістің мәні есептеу белгілерін, ерекшеліктерін, құжаттың қасиеттерін табу болып табылады, мысалы мына белгі; мазмұнның маңызды жақтарын көрсететін белгілі бір терминдерді жиі пайдаланып айтылуы. Сапалы мазмұн өлшемді және есептеу операцияларға қолайлы болып табылады.
Контент талдау - текст мінездемесін зерттеуге сәйкес міндеттерін обьективті және жүйелі айқындау арқасында өндірілетін қорытынды шығару техникасы болып табылады.
Тәжірибеде сандық талдау әдістерін пайдалану пайдалылығы мен тиімділіктің кейбір жалпы принциптері анықталады:
- талдаудың обьективтік немесе нақтылықтың жоғары дәрежесін талап еткен кезде;
- жалпылама көлемі бойынша және жүйелендірілмеген материалдардың қолда бар болуы;
Талдау обьективтігін талап ету зерттелетін материалды текст мінезін анық бейнелеуге көмектесетін бірлік гипотеза тіліне аударуды қажет етеді. Осыған байланысты зерттеуші талдау категориясын айқындау, талдау, бірлігі және есеп бірлігін анықтаумен байланысты бірнеше проблемаларды шешуге тура келеді.
Талдау категориялары - талдау бірлігінің, яғни мазмұн бірлігінің іріктелуіне сәйкес түсінік. Категорияларды өңдеген кезде мынаны есепке алу керек; яғни олардың таңдауынан көбінесе алынған нәтежиелер мінезіне байланысты болады. Әдетте, теориялық кестеден құжатты мәліметтерге бірнеше рет ауысу қажет, ал олардан қайтаан кестеге ауысу бұл таңдалған гипотезағасүене отырып зерттеу міндеттеріне сәйкес болатын категорияларды өндіру үшін қажет.
Категорялар толық және де жеткілікті, сол зерттеу мақсаттарымен анықталатын мазмұнның барлық бөлімдерін қамтитын болуы керек. Талдау жүргізу кезінде белгілі бірліктер белгілі бір категорияларға қатысты болатын белгілерді нақты көрсету қажет.
Талдау бірлігі - мәні бойынша немесе сапасы бойынша сол немесе басқа да категорияарға қорытылатын элемент ретінде ерекшеленетін мазмұнның бір бөлігі. Тексте ол әр түрлі көрсетілуі мүмкін: кейбір тұрақты сөзтіркестер немесе нақты терминологиялық сөздік мүлдем болмауы мүмкін, ол немесе абзацтық тараудың атында жасырылуы мүмкін. Сондықтан белгілер - индикаторларды айқындау мәселесі туындайды, сол белгілер бойынша тексте керекті тақырыптың бар болуы анықталады.
Жоспарлау мен болжау үшін кәсіпорынды ақпаратпен қамтамасыз ету
Экономикалық проблемаларды зерттеу кезінде мағаналық бірліктер ішкі және халықаралық оқиғаларды қамтуы мүмкін; сол оқиғаларды бейнелейтін немесе олардың бастаушысы (инициатор) болып табылатын адамдар мен авторлар; оқиғаларға терминдердің қатынасы: «ия-жоқ», «тиімді-тиімсіз», «жақсы-жаман», кімнің қызығушылығында сияқты мағаналық бірліктерді қамтиды. Кейбір «стандартты» мағаналық бірліктер анықталады, олар келесілер: жеке сөзбен, терминмен немесе сөзтіркесімен көрініс беретін түсінік. Мұндай бірлікті қолдану ақпарат көздері хабарды ұйымдастыруға көмектесетін тәсілдерді үйрену кезінде қажетті болады. Бірлік пікірлер, маңызды абзацтарда, біртұтас текстерде көрініс табатын тақырыптар. Тақырып хабар берушіні анықтау үшін, ойлардың бағытын талдау кезінде маңызды пікірлі бірлік болып табылады.
Есеп бірлігі «уақыт - кеңістік». Бұл жүйедегі есептеу көпшілік ақпарат құралдары арқылы берілетін хабарларды зерттеу кезінде көбінесе жарамды болады. Есеп бірлігі ретінде бұл жерде жолдар, абзацтар, белгілер, қатарлы саны есептеледі. Кино, радио және теледидар үшін есеп бірлігі болып белгілі бір оқиғаны жариялауға арналған уақыт табылады.
Есеп бірлігі «белгілердің пайда болуы». Мұндай есептеу жүйесі белгілі бір мінезінің бар болуын, оның кезкелген көріісінде белгіленуі қажет етіп көрсетеді; Мысалы, әрбір контекстің бірлігінде тауардың анықталған маркасын көрсету.
Есеп бірлігі «жиі көрінуі». Мазмұнның мінезін өлшеудің ең таралған әдісі болып, оларды жиі пайдалануды есептеу пайдаланады. Қандай есептеу бірлігі таңдалуына байланысты жиілік түрлі мәселелерді шешу үшін пайдалануы мүмкін.
Бірінші ретті мәліметтерді жинау әдістері 2 түрлі болады: сандық және сапалық.
Сандық зерттеулерде әдетте өлшем және түрлі сұраулар жүргізумен теңейді. Сұраулар көптеген респонденттер жауап беретін жабық түрдегі құрылымдалған сұрақтарды пайдалануға негізделген. Жабық түрдегіқұрылымдалған сұрақтар - бұл тек қана белгілі бір «ия немесе «жоқ» деген жауап беруге мүмкін болатын сұрақтар. Мұндай зерттеулердің ерекшеліктері болып табылатындар: мәліметтердің нақты белгіленген формалары және оларды алу көздері, жиналған мәліметтерді тәртіптелген сандық процедура арқылы өңдеу.
Сапалық зерттеулер адамдардың не істеп жатқанын және не айтып жатқанын бақылау арқылы мәліметтер жинауды, талдауды қамтиды. Бақылаулар мен қорытындылар сапалық мінезге тән және де стандартты емес формада жүзеге асырылады. Сапалық әдістер көп жағдайда идеялардың көздері болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, ірі масштабты, қымбат сапалық зерттеулер барлық кезде, әсіресе егер олардың негізінде идеялардың болашағы жоқ болған жағдайда қажетті нәтежиелерді береді.
Сапалық әдістерге бақылау, терең сұқбат алу, сұхбаттардың хаттамаларын талдау, сараптау әдістердің кйбір түрлері жатады. Егер бақылау өлшемге алып келсе, онда ол сандық зерттеулер тәсілі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz