Қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұрудың теориялық, тәжірибелік мәселелерін қарастыру, қылмыстық іс боыйнша өндірісті тоқтата тұру және тоқтатылған өндірісті қайта жаңғыртуды реттейтін қолданыстағы заңнаманы талдау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА
ӨНДІРІСТІ ТОҚТАТА ТҰРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1.1 Қылмыстық процесте қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұрудың
түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері
ретінде іс жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын жағдайлар ... ... ... ... ... ... . 13
1.3 Алдын ала тергеуді тоқтата тұруға прокурорлық қадағалау ... ... ... ... ..19


2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША АЛДЫН АЛА
ТЕРГЕУДІ ТОҚТАТА ТҰРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.1 Айыпталушының іске қатысуға мүмкіншілігінің
болмауымен байланысты іс бойынша іс жүргізуді
тоқтата тұру негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың өзге негіздері ... ... ... ... ... ... 31
2.3 Қылмыстық істерді тоқтата тұрудың процессуалдық тәртібі ... ... ... ... .33

3 ТОҚТАТЫЛА ТҰРҒАН ІСТЕР БОЙЫНША
ӨНДІРІСТІ ҚАЙТА ЖАЛҒАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ..38

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс қылмыстық істер бойынша іс жүргізу өндірісін тоқтата тұрудың мәні, түсінігі, негіздері, процессуалдық тәртібін зерттеуге арналған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары [1].
«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010-жылғы 29-қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Жаңа онжылдықта біз өзіміздің экономикалық жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз. Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады. Бұл сектор өткен жүйенің көптеген кем-кетіктерін сақтап қалған. Бәрінен бұрын, құқық қорғау жүйесін оңтайландырып, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу керек. Біздің заңдарымызды ізгілендіріп, олардың сапасын арттыру қажет. Құқық қорғау жүйесінің қызметінде екпін ішківедомстволық мүддеден азамат¬тардың құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс. Басқаша айтқанда, жаңа онжылдықта біз¬ге демократиялық мемлекеттегі құқық қорғау қызметінің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа құ¬қық қорғау жүйесі қажет»,- деп атап көрсетті [2].
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру бағытында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың кепiлдiктерiн, адамның құқығын қорғауының тетiктiктерін әбден жетiлдiру және оның нығаюын қалыптастыру қажет. Құқықтық реформаның iске асырылуы қылмыстық iс жүргiзудi жүзеге асыруда, ең алдымен, қылмыстық іс жүргізудегі сот әділдігі кепiлдiктерінің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепiлдiктерiнің, және де қылмыстық сот ісін жүргізудегі қағидалардың кепілдіктерінің нығайюы мен орнықты орын алуы болып табылады.
Қылмысқа қарсы күресті одан әрі дамытуды қажет ететін мәселелердің ішінде алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істер өндірісін тоқтата тұру проблемаларын зерттеу мәселесі басты орын алады. Бұндай зерттеулер жүргізу практиканың қажеттіліктерінен туындайды.
Қылмыстық іс бойынша өндірісті уақытша тоқтата тұру – қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеу мен сотта іс қарауды аяқтауға кедергі жасайтын объективті жағдайлардың пайда болуына байланысты туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған қылмыстық іс жүргізу құқығының функционалды институты болып табылады [3, 16].
Талдау көрсеткендей жыл сайын алдын ала тергеу сатысында өте көп мөлшерде қылмыстық істер тоқтатылады.
Бұрынғы Кеңес Одағы тұсында тек Қазақ ССР-нің өзінде Қазақ ССР ҚІЖК-нің 175-бабында көрсетілген негіздер бойынша прокуратура мен ішкі істер органдары тергеушілері тергеген барлық қылмыстық істердің 1976 жылы 9,6 %-ы, ал 1977 жылы 9,4-і, 1978 жылы – 6,4-і, 1979 жылы – 8,7-і, ал 1980 жылы – 11,2-і, тоқтатыла тұрылған. Жарияланған мәліметтер бойынша бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп отырған [4, 11-16].
1. ҚР Конституциясы 1995 жыл, 30 тамыз
2. Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Сабырбаев М.К. Приостановление производства по уголовному делу. -Астана «Данекер» 2005 год. 16-бет.
4. Быков В.И., Ломовский В.Д. Приостановление производства по уголовному делу. М., 1978. 11-16 беттер.
5. В.Д.Ломовский. Вопросы приостановления производства по уголовному делу в Советском уголовном процессе.//Правоведение. 1970. №6,0.115-118.
6. Даровских Ю.В. Процессуальные и организационные основы производства по уголовному делу, приостановленному в связи с розыском скрывшегося обвиняемого. Диссертация...к.ю.н. -М.,1994. 181с. С.29-30.
7. Қазақстан Республикасыныњ Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы. 1992-1999 ж. Анықтамалық басьлым. - Алматы. ЖШС. "Баспа" 1999- 200 б.
8. Строгович М.С. Курс Советского уголовного процесса. Т.2.М., Издательство "Наука" , 1969, С.146.
9. Чельцов-Бебутов М.А. Госюриздат,19б2. 503с. С.329. Советский уголовный процесс.М.,
10. Жогин Н.В., Фаткулин Ф.Н. Предварительное следствие в советском уголовном процессе. — М., Издательсво "Юридическая литература", 1965,367с.С.2б8.
11. Уголовный процесс Российской Федерации. Краткий учебник. - М„ Изд-ва МНЭПУД995.33бс. С. 199.
12. О вопросах приостановления производства по уголовному Делу в советском уголовном процессе.// Правоведение, 1976. № 66 с. 116.
13. Уголовный процесс. Под ред. Гуценко К.Ф. 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Зерцало, 2005. — 736 с.
14. Новиков А.И. Приостановление уголовных дел в стадий предварительного расследования. Дисс...к.ю.н.-Алма-Ата, 1971,249с. С.10-11.
15. Патов НА. Процессуалъные и организационные основы производства по уголовным делам, приостановленным в связи с неустановлением лица, подлежащего привлечению в качестве обвиняемого. Дисс... к.ю,н.-М.Д997,163с. С.46.
16. Сабырбаев М.К. Теоретические и практичесике проблемы процессуалных гарантий приостановления производства по уголовному делу. Дисс..,..к.ю.н.-Алматы,2001.146с. С.26.
17. Кенжаев Х.Ж. Актуальные проблемы приостановления предварительного следствия. Дисс...к.ю.н.-М.,1995.165с. С22-23.
18. Элькинд П.С. Талкование и применение норм уголовно-процессуального права. М., Юрид.литер.,1967, 367с. С.187-188.
19. Шатило К.Д. Приостановление дознания и предварительного следствия. М., 1963.24с.С.12.
20. 5 мамыр 2000 жылғы 48-11 ҚРЗ., "Қылмыстылықпен күресу сұрақтары жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықгырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы.
21. Настольная книга судьи.-М., "Юрид.литер.",1972.744с.С.278.
22. Клюкова М.Е., Малков В.П. Приостановление дела по уголовно-процессуальному законодательству Российской Федерации, Казань (в соавторстве). - Казань: Изд-во Казанского университета, 1993. С.58.
23. Доценко Б. Регламентация приостановления производства по делу// Соц/законностъ, 1983. 11.49стр.
24. Клюкова М.С. Приостановление дела в советском уголовном процессе/ Автореферат дис.
25. Волкодаев Н.Ф., Познанский В.А. Некоторые уголовно- Процессуальные вопросы вытекающие из закона СССР о статусе депутатов// Вопросы уголовного процесса. Жоғары оку орындары арасындағы ғылыми жинақ 2 басылым. Саратов университетнің баспасы, 1979, 428стр.
26. Грошева Ю.М. Проблемы формирования судейского Убеждения в уголовном судопроизводстве. -Харьков/ Издат/ объединение. "Высшая школа" 1975-144 с. С.99.
27. ҚР Прокуратурасы туралы Заңы 1995 жыл, 21 желтоқсан.
28. Новиков А.И. Приостановление уголовных дел в стадий предварительного расследования. Дисс...к.ю.н.-Алма-Ата, 1971,249с. С.15.
29. Строгович М.С. Проверка законности и обоснованности действии следователя. М, 1959. с.66.
30. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-сі 50 бап, 1-бөлім, 1-тармақ.
31. Резник Г.М. Оправдание за недоказанностью // Советская юстиция, 1969. №15. С.12; Арсеньев В.Д. Некоторые процессуальные проблемы раскрытия престушгения, 28-30.
32. Быков В.М. Деятельность следователяпо приостановленным делам. Диссертация...к,ю.н.,Свердловкс, 1972.С.112-П4.
33. Мурашов С.В. О повышении роли следственного аппарат "МВД СССР в раскрытии преступлений, -Волгоград, 1971. 200с. С.3-31.
34. Агаев Ф.А., Галузо В.И. Ресей қылмыстық процессіндегі иммунитетгер — М.: Зерцало 1997- 2176. 5-бет.
35. Международное право. Учебник. Ю.М.Колосов, В.И.Кузнецов- М. Международное отношение. 1995- 608 с.С.166.
36. Дипломатический словарь.І-том. М.: “Наука” 1984. 422 с. С.182-183.
37. Тункин Г.И.Международное право. М,, 1982 5б5с. С.36.
38. Советский уголовный процесс. Учебник. Под ред. В.П.Божьева, 236.
39. Настольная книга следователя. М., Госюриздат. 1949, 880 с. С.596.
40. Рогов И.И. Конституционные основы формирования уголовно-правовой политики Республики Казахстан. Законотворческий процесс в Республике Казахстан: состояние и проблемы. Материалы международной научно-практической конференции.-Алматы, 1997,б24с. сбб.
41. Сапаргалиев Г.С. Проблемы соотношения Конституции и законов Республики Казахстан. Законотворческий процесс в Республике Казахстан: состояние и проблемы. Материалы международной научно-практической конференции.-Алматы, 1997а 624с. с. 9.
42. Юридический энциклопедический словарь. М., "Советская энциклопедия, 1984, 415. с194.
43. Алматы қаласы. АІІБ-нің тергеу бөлімі практикасынан. № 524850 қылмыстық іс. 1998.
44. Репкин Л.Н. Приостановление предварительного следствия. Волгоград.,1971.с89.
45. Давлетов А.С. Основы уголовного-процессуального познания. М, 1989. С112.
46. Дубинский А.Я. Прекращение уголовного дела в стадии предварительного расследования. Киев, 1975. С157.
47. Дулов А.В. Психология следователя. Минск, 1979. С45.
48. ҚР Президентінің Қазақстан халықына Жолдауы 2009 ж.

Нормативтік құқықтық актілер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, "Жеті жарғы" 1999 ж.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі Алматы, "Баспа", 2000 ж.
3.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Алматы, 2001ж.
4. "Сот жүйесі және сот мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық Заңы, 25.12.2000 ж.
5. "Қазақстан Республикасының Праламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы"1995 ж. 16 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
6. 1995 ж. 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы Конституциялық Сот туралы" Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
7. 1995 ж. 21 желтоқсанда "Қазақстан Республикасындағы Конституциялық Прокуратура туралы" Конституциялық заң күші бар Кдзақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының каулысы. 1992-1999 ж. Анықгамалық басылым. — Алматы. ЖІПС. "Баспа" 1999. 200 б.
9. 5 мамыр 2000 жылғы 48-11 ҚРЗ., "Қылмыстылықпен күресу сұрақтары жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы.

Жоспар

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Қылмыстық іс жүргізу барысында
өндірісті тоқтата ТҰРУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1.1 Қылмыстық процесте қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұрудың
түсінігі мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .7
1.2 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері
ретінде іс жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын
жағдайлар ... ... ... ... ... ... . 13
1.3 Алдын ала тергеуді тоқтата тұруға прокурорлық
қадағалау ... ... ... ... ..19

2 Қылмыстық істер бойынша алдын ала
тергеуді тоқтата тұрудың
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..23
2.1 Айыпталушының іске қатысуға мүмкіншілігінің
болмауымен байланысты іс бойынша іс жүргізуді
тоқтата тұру
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 23
2.2 Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың өзге
негіздері ... ... ... ... ... ... 31
2.3 Қылмыстық істерді тоқтата тұрудың процессуалдық
тәртібі ... ... ... ... .33

3 Тоқтатыла тұрған істер бойынша
өндірісті қайта жалғастыруДЫҢ ТӘРТІБі ... ... ... ... ... ... ..38

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..56

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс қылмыстық істер бойынша іс
жүргізу өндірісін тоқтата тұрудың мәні, түсінігі, негіздері, процессуалдық
тәртібін зерттеуге арналған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзiн
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары
мен бостандықтары [1].
Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
2010-жылғы 29-қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында: Жаңа онжылдықта біз
өзіміздің экономикалық жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту
арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз. Және мұнда
құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады. Бұл сектор өткен жүйенің
көптеген кем-кетіктерін сақтап қалған. Бәрінен бұрын, құқық қорғау жүйесін
оңтайландырып, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу керек.
Біздің заңдарымызды ізгілендіріп, олардың сапасын арттыру қажет. Құқық
қорғау жүйесінің қызметінде екпін ішківедомстволық мүддеден азаматтардың
құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс. Басқаша
айтқанда, жаңа онжылдықта бізге демократиялық мемлекеттегі құқық қорғау
қызметінің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа құқық
қорғау жүйесі қажет,- деп атап көрсетті [2].
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру бағытында азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асырудың кепiлдiктерiн, адамның құқығын қорғауының
тетiктiктерін әбден жетiлдiру және оның нығаюын қалыптастыру қажет.
Құқықтық реформаның iске асырылуы қылмыстық iс жүргiзудi жүзеге асыруда, ең
алдымен, қылмыстық іс жүргізудегі сот әділдігі кепiлдiктерінің,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепiлдiктерiнің,
және де қылмыстық сот ісін жүргізудегі қағидалардың кепілдіктерінің нығайюы
мен орнықты орын алуы болып табылады.
Қылмысқа қарсы күресті одан әрі дамытуды қажет ететін мәселелердің
ішінде алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істер өндірісін тоқтата тұру
проблемаларын зерттеу мәселесі басты орын алады. Бұндай зерттеулер жүргізу
практиканың қажеттіліктерінен туындайды.
Қылмыстық іс бойынша өндірісті уақытша тоқтата тұру – қылмыстық іс
бойынша алдын-ала тергеу мен сотта іс қарауды аяқтауға кедергі жасайтын
объективті жағдайлардың пайда болуына байланысты туындайтын қатынастарды
реттеуге бағытталған қылмыстық іс жүргізу құқығының функционалды институты
болып табылады [3, 16].
Талдау көрсеткендей жыл сайын алдын ала тергеу сатысында өте көп
мөлшерде қылмыстық істер тоқтатылады.
Бұрынғы Кеңес Одағы тұсында тек Қазақ ССР-нің өзінде Қазақ ССР ҚІЖК-нің
175-бабында көрсетілген негіздер бойынша прокуратура мен ішкі істер
органдары тергеушілері тергеген барлық қылмыстық істердің 1976 жылы 9,6 %-
ы, ал 1977 жылы 9,4-і, 1978 жылы – 6,4-і, 1979 жылы – 8,7-і, ал 1980 жылы –
11,2-і, тоқтатыла тұрылған. Жарияланған мәліметтер бойынша бұл көрсеткіш
жылдан жылға өсіп отырған [4, 11-16].
Ал қазіргі өтпелі кезеңде криминогендік жағдайдың қарқын алуына
байланысты бұл проценттердің одан әрі шарықтап кеткендігі белгілі.
Алдын ала тергеуде тоқтатылған істердің көпшілігін ауыр қылмыстар мен
аса ауыр қылмыстар құрайды. Көп жағдайда олар ұзақ уақыт қозғалыссыз
қалады, олар бойынша жұмыстар жүргізілдмейді және қылмыстық процестің
тапсырмалары мен міндеттері орындалмай қалады.
Бұл тергеушілер қылмыстық істерге дұрыс назар аудармайтындығын, ал
қадағалау жүргізетін прокурорлар болса қажетті қатаң талап қоймайтындығын
көрсетеді.
Заң әдебиетінде алдын ала тергеуді тоқтата тұру – бұл қылмыстық-
процессуалдық заңмен қарастырылған, белгілі бір себептерге немесе
жағдайларға байланысты тергеу өндірісіндегі уақытша үзіліс деген көзқарас
кең тараған. Бұл анықтамадан мынаны көруге болады: Тергеушінің іс бойынша
дәлелдемелерді жинау және зерттеуге бағытталған әрекеттері тоқтатылады,
қылмыстық іс қозғалыссыз қалады. Алайда қылмыстық-процессуалдық заң
көрсеткендей, алдын ала тергеуді тоқтата тұру бұдан гөрі басқаша сипатта
болады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта айтсақ, қылмысты істі тоқтата тұрғаннан
кейін тергеуші, анықтау органдары және прокурор қылмыстық ісі бойынша іс-
әрекеттерін тоқтатпайды жән алдын ала тергеудің қылмыстық-процессуалдық заң
талаптарына сай аяқталуына қажетті барлық шараларды жүзеге асырады.
Сонымен, алдын ала тергеуді тоқтата тұру дегеніміз – бұл тергеу
әрекеттерін жүргізуге кедергі келтіретін жағдайларға байланысты тергеу
өндірісін уақытша тоқтата тұру және оның негізінде анықтау органы, тергеуші
және прокурор өзінің құзыреттілігі көлемінде істі тоқтатуға түрткі болған
мән-жайларды жою үшін белсенді шаралар қолданатын, заңмен реттелген
қылмыстық іс өндірісіндегі уақытша және мәжбүрлі үзіліс.
Алайда тергеу практикасында алдын ала тергеуді одан әрі жүргізуге,
сәйкесінше оны заңмен белгіленген мерзімде және қалыпты аяқтауға кедергі
келтіретін жағдайлар да кездеседі. Бұл жағдайлар қылмыстарды тез және толық
ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тартуға,
яғни қылмыстық процестің міндеттерін (ҚР ҚІЖК-інің 8-бабы) орындауға
тосқауыл болады. Осыған байланысты алдын ала тергеу өндірісін одан әрі
жүргізуге кедергі келтіретін мән-жайлар жойылғанша тергеу өндірісін уақытша
тоқтата тұру қажеттілігі туындайды.
Тергеуден немесе соттан бой тасалаудың түрлі нысандары бар: қамаудан
қашып кету, оған қатысты тағайындалған бұлтартпау шарасын бұзу, тұрғылықты
жерін құпия түрде ауыстыру, жалған құжаттармен жүру, құжатсыз, тіркеусіз
тұру және т.с.с.
Айыпталушының тұрғылықты жерін анықтауға кедергі келтіретін, бірақ оның
қылмыстық жауаптылықтан қасақана жалтаруымен байланысты емес жағдайлар да
кездеседі. Кей жағдайларда айыпталушы өзіне қатысты қылмыстық іс
қозғалғанын білмей жүруі де мүмкін.
Сондай-ақ бұған айыпталушы тірі болып, бірақ оның өзі жайлы қандай да
бір мәліметтер бере алмайтындай дәрежеде науқастануына және жеке басын
куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты оның тұрған жерін анықтау
қиынға соғатын жағдайларды да жатқызуға болады.
Тоқтата тұру сонымен қатар басты сот талқылауын тағайындау және басты
сот талқылауы сатыларында (ҚР ҚІЖК-інің 304, 321-баптары) кездеседі. Барлық
жағдайларда іс бойынша өндірісті тоқтата тұру - бұл мәжбүрлі және
қаламайтын шара. Өйткені өндірісті тоқтата тұру салдарынан іс бойынша соңғы
шешім шығару кешіктіріледі және ҚР ҚІЖК-нің 8-бабында көрсетілген қылмыстық
процестің міндеттерін орындау белгісіз мерзімге кейінге қалдырылады. Алдын
ала тергеу сатысында, айыпкерді сотқа беру мәселесін шешкен кезде және сот
талқылауында қылмыстық істі тоқтату салдарынан жалпы қылмыстық іс
жүргізудің қалыпты жұмысы бұзылады.
Аталған мәселелер диплом жұмысының тақырыбының өзектілігінің дәлелі
болып табылады.
Жаңа Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің қабылдануына байланысты тергеу
өндірісін тоқтата тұрудың бірқатар жаңа негіздерінің енгізілуі, алдын ала
тергеуді тоқтата тұрудың процессуалдық шарттары мен тәртіптерінің өзгеруі,
сондай-ақ тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы диплом жұмысы ретінде осы
тақырыпты таңдауға түрткі болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстық істерді тоқтата тұру мен қайта
жалғастырудың жекелеген сұрақтарын қазақстандық ғалымдар, соның ішінде
Сабырбаев М.К., Ахпанов А.Н., Нұрмашев Ү.Ө., Ерешев Е., Алауханов Е.О.,
Сарсенбаев Т.Е., Толеубекова Б.Х. сияқты ғалымдар қарастырған болатын.
Аталған ғалымдардың ішінде қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұру
мәселесін монографиялық деңгейде Сабырбаев М.Қ. зерттеген болатын.
Сонымен қатар, диплом жұмысын жазу барысында Кеңес Одағы мен Ресей
Федерациясының ғалымдары, соның ішінде алдын ала тергеуді тоқтата тұру
проблемаларына қалам тартқан В.М. Быков, В.Д. Ломовский, Л.М. Репкин, А.И.
Новиков, А.М. Агушевич, В.Е. Гущев, К.В. Никиенко, Л.Н. Мороз сияқты заңгер
ғалымдарының ғылыми еңбектері зерделеніп, тиісті бағасын алды. Осы тұрғыда
дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында қылмыстық іс бойынша
өндірісті тоқтата тұрудың әрбір негізіне талдау жасап, оларды мазмұндау
мақсатында заңгерлердің пікірлеріне сүйене отырып, өз пікірлерімізді
тұжырымдадық.
Диплом жұмысының жаңалығы. Қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұру
мәселелері қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына осы мәселе бойынша
енгізілген өзгертулер мен қосымшаларды ескере отырып, оларға талдау жасай
отырып жүргізілген.
Диплом жұмысында қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұру
түсінігіне, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы
процессуалдық шешім қабылдау негіздеріне анықтама берілген.
Сонымен қатар жұмыста қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұрудың
негіздеріне байланысты ғалым-процессуалистердің пікірлері талданып, оларға
байланысты автордың көзқарасы пайымдалған.
Аталған жағдайлар диплом жұмысының жаңалығының дәлелі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты -
қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұрудың теориялық, тәжірибелік
мәселелерін қарастыру, қылмыстық іс боыйнша өндірісті тоқтата тұру және
тоқтатылған өндірісті қайта жаңғыртуды реттейтін қолданыстағы заңнаманы
талдау.
Осы мақсатқа жету үшін зерттеу шеңберінде келесі міндеттер қойылды:
- қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұрудың түсінігі мен мәнін анықтау;
- қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері ретінде іс
жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын жағдайларды зерделеу;
- алдын ала тергеуді тоқтата тұруға прокурорлық қадағалау мәселелерін
қарастыру;
- айыпталушының іске қатысуға мүмкіншілігінің болмауымен байланысты іс
бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздерін зерттеп, талдау;
- іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың өзге негіздерін талдау;
- қылмыстық істерді тоқтата тұрудың процессуалдық тәртібін анықтау;
- уақытша тоқтатылған істер бойынша өндірісті қайта жаңғырту
мәселелерін зерттеу.
Зерттеудің объектісі мен пәні. Диплом жұмысының объектісі - қылмыстық
істер бойынша іс жүргізу өндірісін тоқтата тұруға байланысты және
тоқтатылған іс бойынша өндірісті жаңғыртуға байланысты туындайтын қоғамдық
қарым-қатынастар.
Диплом жұмысының пәні - қылмыстық істер бойынша іс жүргізу өндірісін
тоқтата тұруға байланысты ғылыми зерттеулер, іс бойынша өндірісті тоқтата
тұрудың процессуалдық тәртібін реттейтін қылмыстық іс жүргізу құқығының
нормалары, қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұруға байланысты тергеу
және сот тәжірибесі.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасын жалпы философиялық әдістер,
статистикалық, логикалық-заңдылық, әңгімелесу, салыстырмалы-құқықтық және
басқа арнайы құқықтық әдістер құрайды.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысы шеңберінде қылмыстық
істер бойынша іс жүргізу өндірісін тоқтата тұрудың мәні, түсінігі,
негіздері, процессуалдық тәртібіне байланысты жүргізілген зерттеу, оның
қорытындылары ғылыми-зерттеу жұмысында, жоғарғы оқу орындарында Қылмыстық
іс жүргізу пәніне дайындық барысында қолданылуы мүмкін.
Жұмыстың құрлымы мен көлемі. Диплом жұмысының құрылымы зерттеудің
мақсаты және міндеттеріне сай келеді. Диплом жұмысы кіріспеден, алты
тараушаны қамтитын үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет
тізімінен тұрады.

1 Қылмыстық іс жүргізу барысында өндірісті тоқтата тұру

1.1 Қылмыстық процесте қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұрудың түсінігі
мен мәні

Қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру қылмыстық істің дұрыс жолмен
тергеліп және шешуіне кедергі жасайтын объективті жағдайлардың пайда
болуына байланысты қылмыстық іс жүргізуді аяқтауға мүмкіншілік бермейтін -
бір жағдайларды біріктіретін қатынастарды реттеуге бағытталған қылмыстық іс
жүргізу құқығының функционалдық институты болып табылады. Сондықтан В.Е.
Гущеваның, Х.Ж. Кенжаеваның, М.Е.Новикованың, Н.А.Патованың көзқарастарын
қолдай отырып, біз қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұруды қылмыстық іс
жүргізу құқығының жеке институты болып табылады деп есептейміз.
Кейбір авторлар бұл жағдайда қылмыстық процестің екі тәуелсіз
институттары орын алып отыр деп бекітеді. Осыған байланысты В.Д.Ломовский
"Алдын ала тергеу және соттың талқылау сатыларында қылмыстық іс жүргізуді
тоқтата тұрудың мәні бойынша ұқсас институттарының орын алуына қарамастан
олар қылмыстық іс жүргізу құқығының жеке институттары болып табылады(5,
115-118( - деп жазады. Осындай көзқарасты МА.Матющенкода ұстанып отыр.
Бірінші инстанция сотындағы қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру.
Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңдылығы бойынша алдын-ала тергеу
сатысында, басты сот талқылауын тағайындау сатысында, басты сот талқылау
сатысында және апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді
қарастырған кезде іс жүргізуді тоқта тұруға мүмкіншілік бар.
Осыған сәйкес В.Д.Ломовскийдің, МА.Матющенконың пікірлері бойынша іс
жүргізуді тоқтата тұрудың төрт жекелеген институттары туралы айтуға болады.
Біз іс жүргізудің тоқтата тұру институтын осылайша бөлшектеуді дұрыс емес
деп есептейміз. Қылмыстық іс жүргізу институты белгілі типтес қылмыстық іс
жүргізу қатынастарын реттеуге бағытталуы керек және ол осы қатынастар пайда
болатын сатыларға тәуелді болмауы керек.
Іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылатын сол бір жағдайлар
жөнінде пайда болған процессуалдық қатынастарды реттейтін функционалдық
қылмыстық процессуалдық институты болып табылады. Өзімнің көзқарасымды
дәлелдеу мақсатында бұл жөнінде бірқатар оқымыстылардың айтқан пікірлерін
келтіремін.
Сонымен, Н.Л.Патов "Қылмыстық процестің әртүрлі институттары, сонымен
қатар қылмыстық, іс бойынша тоқтата тұру институтын процестің нақты
сатысының шеңберімен шектеуге болмайды - ол олардың қай сатыда пайда
болуына байланыссыз процессуалдық қатынастардың қайсы бір аумағын реттейтін
барлық нормаларын біріктіреді, ең бастысы бұл олардың бірыңғай құқықтық
негізі" - деп есептейді. М.Е.Клюковамен, В.П.Малковта "Тектік қатыстылығы
көзқарасынан қарастырғанда істі тоқтата тұру басқа да бір, қылмыстық
процесстің анағұрлым жалпыланған институтының немесе оның қаңдай да бір
сатысының құрамдық бөлігі немесе элементі болып табылмайды. Бұл қылмыстық-
процессуалдық іс-әрекеті қиындатылған, мүмкін емес немесе орынсыз болып
келетін сатыларға жататын қылмыстық процестің жекелеген аралық институты" —
деп есептейді.
Іс жүргізуді тоқтата тұру институты — бұл алдын-ала тергеу сатысы
ішінде және істі апелляциялық шағымдары, наразылықтары бойынша қарастыру
үшін де бірыңғай институты екендігіне ҚР-ның Қылмыстық - процессуалдық
кодексінің Жалпы бөлімінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруды
реттейтін норманың заңды бекітілуі де дәлелдеме болып табылады.
Істі тоқтата тұруды ерекше бір процессуалдық форма ретінде қарастыруға
болмайтындығы туралы М.Е.Клюкова мен П.Малкованың көзқарастары дұрыс болып
табылады.
Айтылғандардың негізінде қарастырылған институттың келесі анықтамасын
ұсынамыз,
Іс жүргізуді тоқтата тұру институты - бұл қылмыстық істің қылмыстық іс
жолымен тергеліп және шешілуіне кедергі жасайтын объективті жағдайлардың
пайда болуына байланысты қылмыстық с жүргізуді аяқтауға мүмкіншілік
бермеуімен байланысты пайда болатын қылмыстық-процессуалдық қатынастарды
реттейтін, қылмыстық - процессуалдық құқықтың нормаларының жиынтығы.
Іс жүргізуді тоқтата тұру институтының түсінігін онымен тығыз
байланысты басқа түсінікпен, яғни, іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігімен
сәйкестендіруге болмайды.:
Сондықтан тоқтата тұру институтын “іс жүргізуді тоқтата тұру туралы
шешім қабылдау жолымен олардың заңды бекітілуіне, тергеуді аяқтауға кедергі
жасайтын объективті және заңмен белгіленген себептерді анықтап табуға
бағытталған әрекет және айыпталушының қылмыстық сот ісін жүргізуде қатысуын
қамтамасыз ету және нақты қылмыстық істі шешу үшін жағдай жасау мақсатында
ерекше процессуалдық түрде жүзеге асырылатын міндетті іс әрекет (6, 29-
30б(” — деп түсінетін Ю.В.Даровскиймен мүлдем келісуге болмайды. Қылмыстық
процессуалдық іс-әрекет реттейтін құқықтың саласы ретінде қылмыстық-
процессуалдық құқық пен қылмыстық-процессуалдық құқықтың нормаларымен
реттелетін іс-әрекет ретінде қылмыстық процесс арасында теңдік белгісін
қалайша қоюға болмайтын болса, солайша осыған сәйкес қатынастардың белгілі
аумағында соттық және қылмыстық тергеу органдарының әрекеттерін реттейтін
нормалардың жиынтығы болып табылатын қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру
институтын осы әрекеттің өзі ретінде қарастыруға болмайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумы 1999 ж. 30 сәуірдегі
"Жазаны тағайындау кезінде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" 1
Қаулысында келесідей нұсқалар: "Қазақстан Республикасының Конституциясында
барлық адам заң және сот алдыңда тең екендігі туралы ережеге сәйкес және
соттың үкімінсіз ешкім қылмыс жасағандығы үшін кінәлі деп танылып және
қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін емес екендігін ескере отырып, әрбір
қылмыстық іс жасалған қылмыстың ауырлығына және сипатына, айыпталушының
қызметтік және қоғамдық жағдайына байланыссыз қатаң түрде Заңға сәйкес
шешілуі керек екендігіне соттардың назарын аудару керек "Заңдылықтың
бұзылуына ешқандай ақталу қажет деп танылмайды".(7, 200б(.
Жоғарыда айтылғандар толығымен негізсіз кінәлау және тарту жағдайларын,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсетуді жоюға, адамдарды
заңға құрметтік рухта тәрбиелеуге шақырылған қылмыстық процесстің барлық
процедурасына қатысты. Заң талаптары қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді
тоқтата тұру туралы сұрақты шешкен кезде де қатаң сақталуы керек, өйткені
мұндай шешім тек қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындауында көрініс
таппай, процеске қатысушылардың мүдделерін, сонымен қатар олардың жедел
сотқа құқығын қамтиды. Бұл жөніңде М.С.Строгович былай деп: - "қылмыстық іс
бойынша айыпталушы ретінде тартылған тұлға оның кінәлілігі туралы өзіне
сотпен шешілуіне және оған сот алдында өзіне тағылған айыпты даулауға
мүмкіндік алуға құқығы бар, соңдықтан сотқа істі тапсырудың кешігуі тек
заңды негіздер болған кезде ғана рұқсат етіледі" - деп дұрыс айтқан.(8, 146-
б(.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерінің шешілуі қылмыстардың жылдам
және толық шешілуін және оларды жасаған тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа
тартуды, әділ соттық талқылау және қылмыстық заңды дұрыс қолдануды өз
алдына мақсат етіп қояды. Процестің жылдамдығы қылмыстың уақтылы
тоқталуына, азаматтардың, мекемелердің, ұйымдардың заңды мүдделерінің
қалпына келуін ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, ол істің барлық
жағдайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге, іс бойынша шындықты
анықтауға ықпал етеді.
Процестің кәдімгі барысының үзілуі әділ соттылықтың міндеттерінің
жүзеге асырылуына онша жақсы емес көрініс табатын дәлелдеу материалдарының
жоғалуына алып келеді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
сұрақтарын оқып-білудің қажеттілігі дәл осымен анықталынады.
Іс жүргізуді тоқтата тұру қылмыстық-процессуалдық маңызды
институттарының бір ретінде ұзақ уақыт бойы процессуалист- оқымыстылардың
аса назарында болып отыр. Біздің республикамыздың қазіргі кездегі
қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңдылығы бұл институтты жоғарыда
айтылып кеткен оның прообразынан анағұрлым ерекшеленетін мүлдем жаңа
түрінде ұсынып отыр (Қазіргі кезде күші бар қылмыстық-процессуалдық
заңдылық бойынша). Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
институтын және жеке сотта іс жүргізуді тоқтата тұру институтын құқықтық
реттеу қазіргі кезде күші бар қылмыстық - процессуалдық заңдылық бойынша
жетілуден анағұрлым алыс. Іс жүргізуді тоқтата тұру туралы заңның
ережелерін қолдану практикасында олардың одан әрі шешілуін талап ететін —
көптеген түсініксіздіктермен сұрақтар пайда болады. Бүгінгі таңда
процессуалист — оқымыстылардың көпшілігімен қабылданған, тұрақтанған
қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігі бар деп айтуға
болмайды. Қылмыстық процесс теориясында бұл сұрақ пікірталас болып қалып
отыр. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігіне қатысты
бірқатар көзқарастарды талдаймыз. Іс жүргізуді тоқтата тұруға авторлардың
назары негізінен алдын-ала тергеу сатысында аударылып келгеніне байланысты
тоқтата тұрудың бізге таныс түсініктері көп жағдайларда алдын ала тергеу іс
жүргізуді тоқтата тұруға қатысты.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру институты сотқа дейінгі
іс жүргізу үшін де және сотгағы іс жүргізу үшін де бірыңғай екендігіне
көңіл аудара отырып қылмыстық процестің акты сатысына, қатысты іс бойынша
іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігінің бірқатар анықтамаларын қарастырайық.
МАЧельцов-Бебутов іс жүргізуді тоқтата тұруды "істі осы уақытта
жалғастыруға физикалық және заңи мүмкін еместігінің салдарынан іс
жүргізудің уақытша үзілуі" - деп қарастырады.(9, 329-б(.
Бұл кезде автор іс жүргізуді жалғастырудың "физикалық немесе заңды
мүмкін еместігін" қалай түсіну қажет екендігіне түсініктеме бермеген.
Алдын ала тергеуді тоқтата тұру, заңда көрсетілген негіздер бойынша
тергеушінің өзі шығарған арнаулы қаулы арқасында ол бойынша тергеу
әрекеттерін уақытша жасалмау, іс жүргізуде тек уақытша үзіліс болып
табылады деп Н.В.Жогин және Ф.Н.Фаткулин жазған.(10, 268-б(.
"Ресей Федерациясының қьлмыстық процесс окулығының авторлары келесі
анықтаманы: "Алдын ала тергеуді тоқтата тұру — бұл айыпталушының болмауымен
немесе оның қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмауымен негізделген
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудегі заңмен қарастырылған уақытша үзілісі" -
болады.(11, 199-б(.
Барлық осы анықтамаларда "уақытша үзіліс" туралы айтылады, ол біздің
оймызша мүлде дұрыс емес. "Уақытша үзіліс" терминінің өзі қарсылық
тудырады: "үзіліс" түсінігі "уақыт", "уақытша" түсініктерін қамтиды.
Сондықтан іс жүргізуді тоқтата тұру туралы тергеудегі үзіліс туралы
айтқандай дұрыс.(12, 116-б(.
Орыс тілінде "үзіліс" деген сөз өз кезегімен "белгілі бір іс әрекетінің
тоқгап тұру аралығы" - деп талқыланады. Сонымен "уақытша үзіліс" сөз
тіркесі орыс тілі ережелерімен ешқандай келіспейді және қылмыстық іс
бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігін анықтаған кезде осы екі сөздің
бірін немесе “уақытша” сөзін немесе "үзіліс" сөзін қолдану қажет. Мысалы,
"уақытша тоқтату" , "іс әрекеттегі үзіліс" және т.б.
Осыған байланысты "Алдын ала тергеуді тоқтата тұру тергеу әрекеттерін
жүргізуге кедергі жасайтын жағдайлармен тудырылған тергеу әрекеттерін
жүргізуді уақытша тоқтату болып табылады" — деп К.Ф. Гуценкомен
редакцияланған "Қылмыстық процесс" окулығының авторларының анықтамасы
дұрысырақ болып табылады. (13, 136-б(.
Іс жүргізуді уақытша тоқтата тұру қажетті шара емес екендігін көрсете
отырып, А.И. Новиков бұл шараның тергеу жұмысындағы, заң арқылы негізделген
жағдайларға сәйкес уақытша тоқтату керек екендігін атап көрсетеді.(14, 10-
11б(.
Тергеу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп, іс жүргізуді тоқтату
шараларын қабылдауға негіз болатын жағдайларды көптеген авторлар айыпкердің
немесе қылмысқа айыпкер ретінде тартылуға тиісті тұлғаның болмауымен
байланыстырады. НА.Патованың ойы бойынша "іс жүргізуді уақытша тоқтату -
бұл айыпкерді немесе айыпкер ретінде іске тартылушыны тұлғаның болмауына
байланысты тергеуді жалғастыруға және оны бітіруге мүмкіншілігінің
жоқтығынан туындаған тергеушінің процессуалдық ісіндегі үзіліс.(15, 46-б(.
Бұл туралы Кургинян анығырақ тұжырымдайды, ол "тергеу ісін тоқтатуды
айыпкердің әр түрлі себептермен қылмыстық-процессуалдық қатынастардың
субъектісі ретінде тергеуге қатыса алмайтындығынан қылмыстық процестен
шығуына немесе қылмыс жағдайы анықталып, істі бітіруге қажетті заңмен
негізделген шаралардың бәрі бітіп, оны аяқтауға заң арқылы шектелеген
уақыттың мерзімі аяқталып бірақ қылмыскердің анықталмауына байланысты
қылмыстық-процессуалдық құқық нормаларымен реттелген тергеу ісіндегі
"үзіліс" деп тұжырымдайды.
Осы сияқты тұжырымдарды Ю.В. Даровскихтан да байқауға болады. Ол бұл
форма тек - қылмыстық сот ісінің негізгі қатысушысы — айыпкер немесе
айыпкер ретінде қылмыстың іске тартылуы тиіс тұлғаның анықталмаған
жағдайында ғана қолданылады деп көрсетеді. Қылмыстық процестің негізгі
фигурасы - айыпкердің (сотталушының) болжауын автор қылмыстық іс жүргізу
процесін тоқтата тұру институтының негізгі белгілерінің бірі деп көрсетеді.
Әлбетте, бұл көрсетілген істі тоқтата тұру түсінігінің анықтамасы 1958
ж. Кеңес Одағы мен кеңестік республикаларының қылмыстық сот ісі негіздеріне
сәйкес қабылданған қылмыстық-процессуалдық заң ережелеріне сәйкес келеді.
Бөліп айтсақ 1959 ж. Қазақ ССР-нің Қылмыстық процессуалдық кодексі, 1961 ж.
РСФСР Қылмыстық процессуалдық кодексі және басқа кеңес республикалардың
қылмыстық - процессуалдық кодекстері істі тоқтата тұруды тек айыпкердің
заңда көрсетілген негіздерге сәйкес қылмыстық процеске қатыса
алмайтындығымен байланыстырады.(16, 26-б(.
Постсоветтік кеңістікте бүгінгі күнде құқықтық қайта құру процесі
белсенді түрде жүріп жатыр, осының бірі ретінде қылмыстық - процестің
жаңалануын атап айтуға болады. Осы сұрақты қарастыра отырып, қылмыстық істі
тоқтата тұру институтын да елеулі өзгерістерге ұшырағанын айта кеткеніміз
жөн болар еді. 24.05.1999 қабылданған Қырғыз Республикасының қылмыстық-
процессуалдық кодексінде қьлмысты тоқтата тұрудың бір негізі ретінде
Қырғызстан Конституциялық сотына қолданылуға тиіс заңдық конституция
жөніндегі сұрақпен келуін атап көрсеткен.
Ресей Федерациясының Конституция жөніндегі заңының 98-бабына сәйкес,
егер Конституциялық сот азамат өзінің конституциялық құқы мен бостандығының
бұзылғандығы мәселесін конституциялық заңға сәйкес келетіндігін қарау
жөніндегі шағымын қабылдаған жағдайда, қылмыстық істі жүргізуші орган
өзінің жұмысын тоқтата тұруға тиісті.
1997 ж, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық Кодексі Заң
айыпкердің қатысуына байланыстырмайтын іс жүргізуді тоқтата тұрудың негізгі
3 бөлігін атап көрсетеді. Бұл:
- Соттың берілген қылмыстық істегі қолданылған заңның немесе басқа
нормативтік актінің адамның және азаматтың Конституциямен белгіленген
құқығы мен бас бостандығына нұқсан келтіретіндігінен конституциялық
екендігін жоққа шығаратын негіздемеген Конституциялық Кеңеске сұраныс
жасауы.
- бұл қылмыстық істі ары қарай жүргізуге кедергі келтіретін үлкен
күштің әсері;
- бұл айыптаушыда жеке айыптау ісі бойынша оның ауыр ауруының болуымен
Қазақстан Республикасының шеткері жерлерге іс сапарда болғанда немесе
азаматтық борышын өтегенде сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асыру
мүмкіншілігінің болмауы.
Көріп тұрғанымыздай іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігі жоғарыда
қарастырылған анықтамалары біздің Республикамыздағы қолданыстағы қьлмыстық-
процессуалдық заңдылықтың ережелеріне толығымен сәйкес емес.
Қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігінің анықтамасын ұсына
отырып тоқтата тұрудың мазмұнына сәйкес қаулының шыққан уақытынан тоқталған
іс жүргізудің қайта жандандыру туралы қаулыны немесе қылмыстық істі тоқтату
туралы қаулыны шығарғанға дейінгі кезеңмен байланыстыратын кейбір
авторлардың пікірлерімен келіспеуге болмайды.
Мысалы, НА.Патов былай деп: "Алдын-ала тергеуді тоқтата тұру - бұл
біріншіден айыпталушының немесе айыпкер ретінде іске тартылуға жататын
тұлғаның болмауымен байланысты тергеуді жалғастырып және аяқтауға
тергеушінің объективті мүмкіншілігінің болмауымен тудырылған, екіншіден
тергеуді тоқтата тұру туралы қаулыны шыгару кезеңінен басталатын және оның
қайта жаңарту немесе тоқтату туралы қаулыны шығарумен аяқталатын
тергеушінің процессуалдық іс әрекетіндегі үзілісі", - жатады.(15(.
Біз заңда көрсетілген кейбір негіздер бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
кезінде шынында да қылмыстың - іс жүргізу әрекетін жүзеге асыратын органның
іс әрекеті тоқтатылмау керек екендігін жоққа шығармаймыз.
Мысалы, егер қылмыс жасаған тұлға анықталмаса, оны анықтау үшін барлық
шараларды қолдану керек, егер айыпкер қалып кетсе - оны іздестіру заң
арқылы негізделген шараларды қолдану керек. Егер істі-тоқтата тұруға
айыпкердің ауыр науқас болуы негіз болса, оны емдеуге қажетті шараларды
жүргізу керек, оған күзет қою және емделіп жаткан айыпкердің қашып кетуінің
алдын алу шараларын жүргізу қажет.
Іс жүргізуді тоқтата тұру соттық берілген істегі заңның немесе басқа да
нормативтік актінің адамның және азаматтың Конституцияның бекітілген құқығы
мен бостандығына нұқсан келтіретіндігінен конституциялық емес деп танылуы
туралы негіздемені ұсынған; істі жүргізуге үлкен күштің уақытқа әсер
етуімен жеке айыптаушының іске қатысты аңду жұмыстарын қаулы қабылданған
жағдайда осы себептерді жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажет.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның қылмысты тоқтата тұру туралы қаулы
қабылданғаннан кейінгі жұмысы тоқтаудың нақты негіздемесіне қарай
бағытталады.
Сондықтан істі қайта бағытталған белсеңді әрекет тек істі белгілі
негіздерге байланысты тоқтата тұруда расталуы болуы іс жүргізуді тоқтата
тұру түсінігі анықтауда дұрыс емес болар еді. Бұл жағдайда жеке алып қарау
қажет. Жоғарыда көрсетілген және басқа да істі тоқтата тұру туралы
түсініктерді тағы процессуалдық акт ретінде өзінің жүзеге асуын істі
тоқтата тұру туралы қаулы қабылданбай-ақ бастайтындығын назарда
ұстамайтындығында болып отыр. Тиісті қаулыны қабылдау алдында қылмыстық
істі жүргізетін орган істі жалғастыруға кедергілердің бар екендігі
процессуалдық жолмен анықтауы қажет. Мысалы, тұлға тұрғылықты жерді
тастамайтындығы туралы берілген қол хатты бұзып кетіп қалғанда, оларды
негіздеу үшін керекті құжаттарды жинауы (анықтамалар және басқа да
құжаттар), қажетті тергеу істерін жүргізуі (сұрақ жасау, тергеу), басқа да
процессуалдық әрекеттерді (іздеу салу бүлтартпау. шараларын бақылдау) іске
асыруы керек.
Барлық аталған әрекеттер іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулыны
шығарғанға дейін жүзеге асады және сол мезетте сондай қаулыны шығаруға
қажетті жағдай болып табылады.
Біз мазмұндалғандардың негізінде іс жүргізуді тоқтата тұру бойынша іс
әрекеттің бұл бөлігі қьлмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігінде
көрініс табады деп есептейміз. Осы сипатта Қазақстан Республикасының
қылмыстық процессуалдық заңы негіздерін ескере отырып қылмысты істі тоқтата
тұрудың төмендегідей тұжырымын ұсынамыз: қылмысты істі тоқтата тұру —
тергеу әрекетін немесе істі басты сотта қарауды (уақытша тоқтата тұруға),
сонымен қатар жағдайлар арқылы туындаған, істі заңда көрсетілген тәртіпке
сай уақытында өтуіне және аяқталуына кедергі келтіретін қылмыстық процесті
жүргізетін органдардың іс-әрекеті.
а) істі заңды және негізді түрде тоқтата тұру шарттарының сақтауға
негізделген әрекеттер
б) істі тоқтатуды процессуалдық тәртіппен қамтамасыз етуге бағытталған
әрекеттер
в) істі тоқтата тұру туралы шешім шыққаннан кейінгі әрекеттер.

1.2 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері ретінде іс
жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын жағдайлар

Іс жүргізудің тоқтата тұрудың қажеттілігі іс жүргізудің кәдімгі
барысына кедергі жасайтын бір қатар жағдайлардың пайда болуы кезінде пайда
болады. Қылмыстық процесті жүзеге асырған кезде алдын-ала тергеудің немесе
істі соттық талқылаудың аяқталуына кедергі жасайтын әртүрлі жағдайлар пайда
болуы мүмкін. Оларға күмән тудырушының айыпталушының, жәбірленушінің немесе
күдіктілердің жерлерде болуы, айыпталушының жасырынып қалуы немесе қоғамдық
қауіпті іс әрекет жасаған тұлғаның белгісіз болуы жағдайлары, ұзақ уақыттар
бойы қорытындысын алуға мүмкін болмайтын сараптаманы тағайындау жатады.
Бірақ, объективті болып табылатын мұндай тектес жағдайлардың әрбірі істі
тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға алып келмейді. Қазақстан
Республикасының ҚІЖҚ-ң 50-бабында анықтаушының іс жүргізуді толық немесе
сәйкес бөлікте тоқтата тұруға мүмкін болатын жағдайлардың тізімі
көрсетілген. Қылмыстық-процессуалдық заң бұл жағдайларды іс жүргізуді
тоқтата тұруға негіздер деп атайды. Қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұруға
қатысты айтатын болсақ, онда осы процессуалдық шешімнің негіздері болып
қылмыстық процессуалдық заңмен бекітілген қылмыстық іс бойынша алдын ала
тергеуді және соттық талқылауды жүргізуді жалғасуымен аяқталуына кедергі
жасайтын жағдайлар болып табылады. Іс жүргізуді тоқтата тұруға алып келетін
бір қатар жағдайлардың қылмыстық іс бойынша жинақталған жеткілікті
мәліметтермен олардың болуы дәлелденген жағдайларда ғана негіздер ретінде
орын алуының жөні басқа. Заңда көрсетілмеген басқа да жағдайлардың болуы
кезінде іс жүргізуді тоқтата тұруға мүмкін болады деп есептейтін
авторлардың пікірімен келіспеу керек.
Сонымен істі тоқтата тұру негіздері туралы айта келе Х.Ж.Кенжаев өзінің
диссертациясында былай деп: "Тергеуді тоқтата тұру жөніндегі жасалынған
практиканы зерттей келе, бұл негіздердің осындай шектелінген құқықтың
регламентациясының лайықсыз екендігіне көзім жетті. Кейбір тергеушілер
жәбірленушінің немесе куәгердің ұзақ, ауыр ауруға шалдыққан жағдайларында,
үлкен көлемді инвентаризация, ревизия немесе сараптаманы жүргізгенде
тергеуді тоқтатады" — көрсетеді. Мұндай автордың пікірі бойынша
процессуалдық толық дұрыс деп табылған.(17, 22-23б(.
Алдын ала тергеу ұқсастылық бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін деп көрсете
келе П.С.Элькиндте ұқсас пікірді ұстанады: 1) айыптаушының қыстап қалуы
жағдайларында, тергеу органдарына қыстау орны белгілі болып оған жақын
арада жолдың ашылу көрінбегенде; 2) жәбірленушінің ауыр ауруға ұшырап оның
қатысуынсыз қылмыстық істі одан әрі тергеуге мүмкін болмаған
жағдайларда.(18, 188-б(.
Мұндай мақұлдаулар заңға қайшы келеді және тергеушілер мен соттардың
арасынша жаман дағды тудырады. Заңда сарқылған деп көрсетілген тергеуді
тоқтата тұруға негіздердің тізімін айта келе М.С. Строгович басқа бір
негіздер бойынша тоқтата тұруға болмайды деп көрсетілді, сондықтан маңызды
куәгердің кетіп қалуы, қылмыс жасалынған жердегі мекемені ведомстволық
тексеруінің бітпеуі сияқты жағдайлардың бойынша тергеуді тоқтата тұру заңға
қайшы деп танылуы керек.(8, 142-б(.
Бұл көзқарас көптеген басқада оқымыстылармен В.П.Быковпен,
В.Д.Ломовскиймен М.Е.Клюковамен, В.П.Малковамен, ПА.Лукинский мен
К.Ф.Гуценкомен, В.К.Бобровпен, К.Д.Шатило мен және т.б.қолдау тауып отыр.
"Барлық басқа да жағдайлар олар қанша жерден салмақты және маңызды
болғанымен істі тоқтата тұруға негіз бола алмайды - деп В.К.Бобров жазады.
Сонымен мысалы, ұзақ және бухгалтерлік ревизия, сарапшы қорытындысын алудың
кешігуі, жәбірленушінің тергеуге қатысуына кедергі жасайтын ауыр ауруға
ұшырауы және т.б. анықтауды және алдын ала тергеуді тоқтата тұру үшін
негіздер ретінде қарастырылмайды".
К.Д.Шатило бұл пікірді қорытыңдылай келе былай: "Заңда көрсетілген
алдын ала тергеуді және анықтауды тоқтата тұрудың негіздерінің тізімі
саркылған болып табылады және ешқандай таралған түсініктемеге жатпайды.
Сондықтан алдын ала тергеуді немесе анықтауды занда көрсетілмеген басқа да
бір негіздер бойынша тоқтата тұру, заңды дөрекі бұзу болып табылады" — деп
белгілейді.(19, 12-б(.
Сонымен іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері туралы сұрақ біркелкі
шешілуі керек: іс жүргізуді тоқтата тұру өңкей занда көрсетілген негіздер
бойынша жүзеге асуы мүмкін, және бұл жағдайда кеңейтілген түсініктеме
беруге, заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.
Іс жүргізуді тоқтата тұрудың қосымша негіздерін заңға енгізуді
негіздеудің жөні басқа.
Іс жүргізуді жалғастыру немесе аяқтауға кедергі жасайтын жағдайлар
пайда болған кезде процессуалдық әрекет қылмыстық процестің әртүрлі
институттарымен реттелінеді.
Кейбір теоретиктер мен практикалық жұмысшылар жәбірленуші немесе
куәгердің ауыр ауруға ұшыруы кезінде істе көрсетілген процеске
қатысушылардың көрсеткіштерінің болмауынан дәлелдемелік материалда кемтік
тудырып тергеуді аяқтауға мүмкіңдік бермейді деп есептейді. Істе
көрсетілген тұлғалардың көрсеткіштерінің болмауы куә болып табылатын
анықтау мен алдын ала тергеудің бір жақтылығымен толық еместігі қазіргі
кезде күші бар қылмыстық - процессуалдық заң бойынша істі қосымша тергеуге
бағыттау үшін негіз болып табылмайды. Бұл жағдай апелляциялық инстанциямен
үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды.
5 мамыр 2000 жылғы 48-11 ҚР заңы, "Қылмыстылықпен күресу сұрақтары
жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес үкім
шығарған кезде анықталуының маңызы аса зор болып келетін жағдайларды
айқындалынбаған күйіңде қалған соттық тергеу ғана біржақты және толық емес
жасалынған болып танылады.(20(.
Сондықтан, егер сұрақтың дәлелдемелік жағы туралы сөз болғанда, онда
жәбірленуші немесе мысалы іссапарда болуы салдарынан алдын ала тергеу
барысында куәгер ретінде жауап алынбаған тұлғаны сотта сұрап және осылайша
жеберілген кемтікті толықтыруға болады.
Одан басқа іс бойынша дәлеледеу үшін бір ғана жәбірленушінің немесе бір
куәгердің көрсеткіштері жеткіліксіз болады. Дәлелдеуге жататын барлық
жағдайларды белгілеуді, істің дұрыс шешілуін қамтамасыз ете алатын нақтылы
мәліметтердің қажетті және жеткілікті жиынтықтарын жинақтау керек.
Бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарастыру кезінде пайда болатын
сұрақтарды шешкен кезде практикалық сот қызметкерлеріне көмек көрсетуге сот
іс әрекетінің тиімділігіне ықпал етуге шақырған "Соттың стол үстілік
кітабы" авторлары былай: "Тәжірибеде осы күнге дейін соттармен заңда
көрсетілген негіздер бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру жағдайлары сирек
емес" — деп есептейді.
Бұл жөнінде екі қате кең таралған:
а) сотталушының емесе, жәбірленушінің ауыр ауруларға ұшырауы салдары
мен байланысты іс жүргізуді тоқтата тұрады.
ә) оның психикалық ауру фактісінің өзі белгісіз болып және сотта оның
психикалық жағдайына байланысты пайда болған күмән келуіне байланысты
соттлушыны сот-психиатриалық сараптамаға жіберу қажеттілігімен байланысты
іс жүргізуді тоқтата тұру.
Бұдан әрі авторлар былай: сотталушының психикалық жағдайы жөнінде сотта
пайда болатын күмәндер сот-психиатриялық сараптамаға міндетті түрде
тағайындаудың негізі болып табылады, ол іс жүргізуді тоқтата тұрмай, соттың
талқылауды біраз кешіктіріп қарауды қамтиды — деп көрсетеді.(21, 278-б(.
Іс бойынша сараптама тағайындаумен байлансты іс жүргізуді тоқтата тұру
практикада жалғыз жағдайлар болып табылмайды. Оқымыстылардың мәліметгері
бойынша іс жүргізуі тоқтатылған қылмыстық істердің жалпы санының 2,25%
заңмен қарастырылмаған негіздер бойынша сараптама жүргізу, айыпталушының іс
сапарға аттануы және т.б. тоқтатылғаңдарды құрайды.(22, 58-б(.
Жоғарыда айтылғандай қылмыстық іс жүргізу тоқтыла тұруы мүмкін қазіргі
кезде күші бар қылмыстық-процессуалдық заңдылық пен негіздердің тізімі
кеңейтілген Қазақ ССР ҚІЖК-де сегіз негіздер қарастырылған.
Істі тоқтата тұрудың неғұрлым кең шеңберлі негіздерін заң тәртібімен
реттеу туралы сұрақ оқымыстылармен аз көтерілмейді.
Кей кедергі қылмыстық істі тоқтата тұруға тергеу көрсетілген
негіздердің ешқайсысы сәйкес келмей қалуы мүмкін екенін айта келіп,
В.Доценко мынадай жағдайларда да: 1) табиғаттың (сел су алу, жер сілкіну,
т.б.) және 2) ұзақ уақытты қажет ететін ревизия жұмыстарын жүргізуді т.б.
тергеу жұмыстарын жүргізу мүмкін еместігін, қылмыстық істі тоқтата тұруға
негіз бола алады деген толықтыру енгізуге ұсыныс жасады.(23, 49-б(.
Клюкова ҚІЖК-не басқа да қылмысты тоқтата тұру негіздерін, атап
айтқанда айыпкердің шет ел және тоқтата тұруға "тиісті істі басқа іс
бойынша кейбір мәселелерін шешу қажет болған жағдайларды енгізу қажет деп
есептейді.(24(.
Н.Ф.Волкодаев пен В.А.Познанский өз кезегінде қылмысты тоқтата тұру
негізіне тергеушінің депутатты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы
жергілікті кеңеске немесе атқару комитетіне жазған өтінішін де кіргізу
туралы ұсыныс жасаған.(25, 428-б(.
1997 ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық Кодексін
қабылдағанда осы көрсетілген ұсыныстар назарында болды. Атап айтсақ: істі
уақытша тоқтата тұру үлкен күштің әсер, айыпкердің Қазақстан
Республикасынан тыс жерде болуы.
Ал заңның істі тоқтата тұруға негіз ретінде жәбірленушінің тергеушінің
ауыр наукас болуы, сараптама белгілеу сияқты жағдайларды қабылдауы
түсінікті.
Қайталау сараптама жұмыстары жәбірленушінің науқастануы сияқты
жағдайлар алдын ала тергеу жұмыстарының барысын қиындатса да, тергеуші күш
салған жағдайда көбінде аталған қиындықтарды жеңуге қол жеткізуге болады.
Жәбірленушінің өлімі іс жүргізуге кедергі болмайды ғой, ал науқастануы
неге істі тоқтата тұруға негіз болуы керек. Жағдайлар кезіндегі туындаған
қиыншылыктар жеке тергеу әрекеттеріне ғана қатысты, ал жалпы тергеу жұмысы
ары қарай жалғаса алады.
Істі тоқтата тұру негіздері заң айыпкермен байланысты, өйткені негізгі
процессуалдық әрекеттер айыпкердің айналасында өрбиді айыпкердің және
айыпкер қылмыстық-процессуалдық қатынастар орталық фигура ретінде қатысады.
Айыпкердің тергеу процесіне немесе сотқа қатыса алмауы процессуалдық
қатынастардың бұзылуына әкеп соғып, аяғында қылмыстық-процессуалдық
әрекетті тығырыққа тірейді. Ерекше жағдайлар: мемлекеттен шет жерде жүрген
айыпкердің сотқа келуден бас тартқан және сотталушы немесе айыпкер аса ауыр
емес қылмыс жасап сотты өзінің қатысуынсыз-ақ жүргізуге беруге өтініш
білдірген, жағдайда, істің сотта қаралуы айыпкердің қатысуынсыз жүзеге
асырыла береді. Қылмыстық сот өндірісінде басқа қатысушылардың -
жәбірленушінің немесе куәнің, азаматтық арыздалушының немесе азаматтық
жауапкердің, қорғалушының немесе мемлекеттік айыпталушының қатыса алмауы
көп жағдайларда іс жүргізуді қиындатса да, жалпы процесс барысына әсер
етпейді, бұл қиындықтардан шығудың заңмен белгіленген бірнеше механизмдері
бар. Жоғарыда атап көрсетілгендей, бұл - жәбірленушінің, азаматтық
арызданушы, азаматтық жауапкердің мүддесін қорғаушы, мемлекеттік
айыптаушыға айырбастау, жаңа дәлелдемелер жинау т.б. Жоғарыда көрсетілген
С.Элькиндтің айыпкердің қыстауыңда жол ашу жұмыстары жақын уақытта
жүргізілмейтін (және істің барысы ауыр науқасқа шалдыққан жәбірленушінің
қатысуынсыз мүмкін емес жағдайларда істі тоқтата тұру керек деген
тұжырымдамасына Быков В.М. мен В.Д. Ломовский мынадай қарсы пікір айтады:
"Көрсетілген жағдайлар, іске қатысты ревизия жүргізу сияқты әрекеттер,
сараптамашының қорытындысы мезгілінде алмау сияқты мәселелер істі уақытша
тоқтата тұруға негіз және қылмыскерге қатысты айыпкерге тиісті қылмыстық
жазаны тоқтатуға себеп бола алмайды.
Бұл жағдайлардың бәрінде, сот прокурор, тергеуші және жауап алушы орган
іс өндірісін аяқтауға байланысты барлық жағдайларды жасауы керек. Егерде
оларға айыпкердің қыстау орны белгілі болып, жол ашу жұмыстары жақын
уақытта жүзеге аспайтын болса, басқа да байланыс, қозғалыс соның ішінде
авиацияны, әсіресе аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге қатысты
құралдарын қолдануы керек.(4, 10(.
Іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері ретінде Қазақстан Республикасының
КІЖК-ң 50-бабында көрсетілген жағдайларды талдау олардың әрқайсысының
белгісіз уақытқа одан әрі іс жүргізуді мүмкін емес етеді және дәл солар
қатал түсіп қалатындығын ертерек білуге болмайтындығын көрсету. Сонымен,
мысалы жасырынған айыпкердің қашан табылатындығын немесе жеңілмейтін күштің
әрекеті қашан бітетінін ертерек білуге болмайды. Кейбір авторлардың істі
тоқтата тұру негіздері ретінде ұсынылған ревизияны өткізу, сараптаманы
тағайындау сияқты жағдайларға қатысты айтсақ, онда оларды жүргізуге қажетті
шамамен алғандығы уақытты анықтауға болады. Бұл жағдайларда алдын ала
тергеу сатысында тергеу мерзімін создыру туралы, ал басты соттық талқылау
сатысында басты сот талқылауын кейінге қалдыру сұрақтарын қою туралы өтініш
ету қажет.(16, 26-б(.
Мазмұндалғандарға байлансты іс жүргізуді тоқтата тұрудың басты сот
талқылауында істі кейінге қалдырудың ерекшелігі туралы сұрақтарды
қарастырудың жөні басқа. Біріншіден іс жүргізуді тоқтата тұру Қазақстан
Республикасының ҚІЖҚ-ң 50-бабында көрсетілген жағдайлардың бірі болған
кезде мүмкін болады, басты сот талқылауын кейінге қалдыру негізі болып
шақырылған тұлғаның біреуінің сот мәжілісіне келмеуі салдарынан істі
қарастыруға мүмкіншіліктің болмауы (бұл жағдайда сот сотқа келмеген
тұлғаларды шақырту жөніңдегі шараларды қарастырады) немесе жаңа
дәлелдемелерді талап етудің қажеттілігі (мысалы сотқа жаңа куәгерлерді
шақырған кезде сараптаманы тағайындау кезінде). Екіншіден, сот соттық
талқылаудың жалғасуына кедергі жасайтын жағдайлардың түсіп қалуына дейін іс
жүргізуді тоқтата тұрады, яғни істің тоқталуының нақты мерзімін көрсетпейді
басты соттық талқылауын кейінге қалдыру туралы қаулысында сот басты сотгық
талқылауының кейінге қалдыру мерзімін көрсетеді.
Мазмұндалғандарды түйіндей келе іс жүргізуді тоқтата тұрудың негіздері
ретіңде қылмыстық процессуалдық заңмен қайсы бір жағдайларды тану үшін
келесі шарттардың болуы қажет деген қорытындыға келеміз:
1) жағдай іс бойынша процессуалдық іс-әрекеттің барысына кедергі жасауы
керек және бұл кедергі басқада заңмен қарастырылған құралдардың көмегімен
жеңілуі мүмкін емес;
2) егер жағдай іс жүргізуде процесс қатысушыларының бірінің қатысуының
мүмкін еместігімен байланысты болса, оңда ол тек айыпталушы болуы мүмкін
(немесе, айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын тұлға болуы мүмкін) немесе
жеке айыптау ісі бойынша жеке айыпталушы болуы мүмкін;
3) іс жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын жағдайлардың түсіп қалу
уақтысы белгісіз болуы керек.
Іс жүргізуді тоқтата тұру бұл - процессуалдық іс-әрекетінің кәдімгі
барысын үзетін және процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғаудың дәлелдеу бөлігінде қылмыстық сот жүргізудің міндеттерін орындауды
бұл әрекеттің нәтижелерінде көрініс таппауы мүмкін емес мәжбүрлік, шеткі
шарт екеңдігін естен шығармау керек. сондықтан аталынған жағдайлардың
жиынтығы ғана болған кезде, қайсы бір жағдайлар іс жүргізуді тоқтата тұру
негіздеріне жатуы мүмкін.
Біздің ойымызша іс жүргізудің аяқталуына кедергі жасайтын осындай
тектес жағдайлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс
Қылмыстық процесте өндірісті тоқтата тұрудың негіздері
Істі тоқтата тұру
Азаматтық құқықтың терминдері
Қылмыстық процессуалдық мерзім түсінігі және басқа мерзімдерден айырмашылығы
Республика Президентін сайлау
Азаматтық істерді сотта қараудың бөліктері
Апелляциялық сатыдағы сотта істі қараудың екінші бөлімі - апелляциялық шағымды немесе наразылықты қарау
ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау
Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы
Пәндер