Оқудың дидактикалық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р Ы

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Оқудың дидактикалық негіздері

2. К. Д. Ушинский тәрбиенің халықтық идеясы туралы.

3. Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері.

4. Оқытудың дидактикалық негіздері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

К. Д. Ушинский есімі XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс ағарту-ісінің көрнекті қайраткерлерінің қатарынан бірінші орын алады. Ол Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі. Оның "Балалар әлемі", "Ана тілі", "Педагогикалық антрогюлогия" атты еңбектері балалар мен мүғалімдер үшін таптырмайтын, қайталанбас, орыстың педагогикалық әдебиетінің алтын қорына қосылған туындылар. Сондай-ақ, педагогика ғылымы саласынан шетелге тұңғыш танылған еңбектер болды.

Ушинский педагогикалық жүйесінде оқудың принциитері мен мақсаттары, тәрбиенің мәні мен маңызы көрнекгі орын алады. Ол қарапайым, заңдылық-парадоксті қамтитын тәрбие. Егер ол адамға бақыт сыйлағысы келсе, онда ол бақыт үшін тәрбиелемей, өмірге және еңбекке баулу керек. "Тәрбиені жетілдіре отырып, адамдардың дене, ақыл-ой, нравтық күшін белгілі деңгейден әрі жалғастырып, көтеріп тастауы мүмкін" - деп жазды. Қалай болса да, адамда және тәрбиенің жоғарғы мұраты, тағыда ерекше күш тауып, межелі мақсатқа жетуге жол табуы тиіс" - деп көрсетгі.

К. Д. Ушинский мектептегі қоғамдық тәрбиенің орталығы, ол мұның ең маңызды тұлғасы мүғалім дсн бағалайды. Білім берумен тәрбие ісі көптеген жағдайларға байланысты деген. Олар: мектептің өзінің ішкі жағдайы, мектепте қалыптасқан дәстүрлер мен тәртіптер, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен құралдары т. б. Ал, осылардың ішіндегі ең негізгісі - мұғалім, оқу мен тәрбие сол мұғалімнің сапалы сабағына байланысты болады деген. Осы жағдайды ескерте келе Ушинский былай деген: "Тәрбиеде барлығыда тәрбиенің жеке басына негізделуі тиіс . . . Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенімен, тәрбие ісіндс жеке тұлғаны, мұға-лімді алмастыра алмақ емес, тәрбиешінің тәрбиеленуші әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес".

Оқудың дидактикалық негіздері

Дидактика және әдістеме мәселелері К. Д. Ушииский еңбсктеріпде коркем орын алады. Бұл мәселелер оның "Адам тәрбиесі", "Н. И. Пироговтың шығармалары", "Ана тілін оқытуға басшылық", "швейцарияға педагогикалық саяхат" атты шығармаларында кең түрде баяндалды.

1. Ушинский оқудың тәрбиелік сипатта болу прииципіне ерекше мән берді. Оқуды ол "Теорияның негізгі құралы" деп бағалады. Сондықтан оқу тәрбиелік ерекшелікте болуға тиіс. Ушинский сабақта әрбір оқытушы балаға деректерді ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың ақыл-ойында, адамгершілігін де дамытатындай етіп ұйымдастырылуды талап етті.

  1. Ушииский оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі және жетекші принциптердің бірі деп бағалаған. Оқу ісінің сапалы құрылуы оқу процесін белсенді ететтндігінде, бүкіл оқу процесінде бала белсенділігін тудыратынына ол түсінді де сенді. Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір-бірінен бөлінбейді, - деп есептеді.
  2. Ушинский оқытудағы көрнекілік принципінің көптеген мәселелеріне жаңаша талдау жасаған, бұл принцииті жаңа сатыға көтерген. Оқытудағы көрнекілік - Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдарға емес, нақты факторларға, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен оқу - оқушыларды өз бетінше байқайға, үйретуге негізделеді.

К. Д. Ушинский көрнекілік мәселесіндегі оқытудың көрнекілігі мен жолдарын тұңғыш рет анықтады. Бастауыш мекіептердегі көрнекіліктің әдістемесін жасады.

Ушинскийдің ескеруінше бала табиғаты үнемі көрнекілікті талап етіп отырады. Сондықтан, көрнекі құралмен оқытуды баланың ерте жасынан бастау керек - деген. Ушинский көрнекіліктің бастапқы оқуда көбінесе сөзбен байланысты болуын талап етті, себебі сол арқылы баланың ойлай білуді де, тілі де дамиды.

К. Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясы, тәрбиенің халықтық идеясы.

К. Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірінің ең негізгі мәні - әрбір елде халықтың мақсат-мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтың идеясында еді.

Дүние жүзінің басты елдеріндегі мектептердің білім жүйесін зер сала зерттей отыра, Ушинский өзінің білім беру жүйелерінде кейбір жалпы ұқсастық жақтарының болғанымен, әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері болатынын байқады, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихи өмірі мен тұрмысын, талаптары мен мұң-мұқтажына байланыстылығын көрсетті. Ушинский орыс халқына тән тарихи қалыптасқан мынандай ерекшеліктерді көрсетеді: ғасырлар бойына сиынып өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік, оның тұастығы мен тәуелсіздігі жолында әрдайым күреске әзір болу, жоғары азаматтылығы мен гуманизм, мол творчестволық сезімділік.

Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді, халықтың өмірін жөндеуге, оның санасын дамытуға көмектеседі деп есептеді Ушинский. Ол: "Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс", - деді. Ушинский тәрбие саласындагы орыс халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесін мойындамаушыларды, тәрбиедегі халық тілегін ескермеушілерді, орыс мектебіне орынсыз түрде шетелдердің педагогикалық теориялары мен тәрбиесін енгізушілерді аяусыз сынады.

Тәрбиедегі халықтық идея жемісті түрде жүзеге асуы үшін, Ушинский мынандай негізгі жолдарды белгіледі:

  1. Ағарту ісі мен тәрбиенің кең демократизм негізінде құрылуын көздеді. Тәрбие ісіне халықтың өзі қожа болып, мектептер бүкіл халықтың жастарын қамтуы тиіс деді. Бірақ Ушинский өмір сүрген қоғамдық құрылыс жағдайында бұл талап орындалмайтын еді, ел үшін помещиктік-буржуазиялық құрылысты революциялық жолмен қирату қажет еді, мұны ол өзінің көзқарасындағы қайшылықтарға байланысты түсіне алмады.
  2. Халықтық идеяның басты бір сипаты - қоғамшылдық, соған байланысты тәрбие мен білім беру салалары, олардың төңірегі қоғамдық атмосферада болуы тиіс, себебі халықтық идея мейлінше кең қоғамдық жолдар арқылы іске асады.

"Халықтың өзі және оның ұлы адамдары ғана болашаққа жол сілтейді, тәрбие осы жолмен ғана ілгерілейді", - деді.

Халық мектебінің міндеттері және жалпы білім беретін мектептердің оқу мазмұны.

Ушинский халық мектебі мен оның міндеттері жөніндегі маселені де халықтық идея негізінде қарастырды. Оның айтуынша адамды тәрбиелеуде қоғамдық тәрбие қажет, ал мұндай тәрбиені жүргізетін орын - мектеп. Ушинский ол кездегі помешиктік-дворяндық мектеп жүйесіне байланысты мектептің әлі халықтық сипат ала алмай отырғандығын көрсетті. Өзінің "Жүйелі білім туралы сөз" деген мақаласында мектептің міндеті халықтың қоғамдық-экономикалық дамуына, халықтың өмірі мен тұрмысын жөндеуге тиіс деді. Шын мағынасындағы халық мектебін құру үшін елде жалпыға бірдей бастауыш білім енгізілуі тиіс. Тек қана балалар үшін ашылған мектептердің білім алу мен адамгершілікке тәрбиелеуді жүргізуі жеткіліксіз. Сондықтан халыққа білім берумен қатар адамгершілік тәрбиесін қоса жүргізетін жексенбілік мектептерді көбірек ашу керек деді.

Сонымен бірге Ушинский халық мектебінің тағдыры мен тізгіні халықтың өз қолына берілуін талап етті.

Халық мектебі білімінің міндеті "балалардың ақыл-ой қабілетін дамыту, айналасын қоршаған табиғат пен қоғамдық қатынастарға олардың табиғи түрде дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, олардың өздігінше құратын өмір мен әрекетке қабілетін дұрыс өсіру", - дейді Ушинский.

XIX ғасырдың 60-жылдарында жалпы білім беретін мектептердің оқу мазмұны жөнінен формальдық және материалдық білім беру теорияларын жақтаушылардың арасында ұзаққа созылған айтыс жүріп жатқан еді. Ұлы педагог бұл айтыстан шет тұра алмайды. Бұл теориялардың екеуін де Ушинский бір жақты деп бағалады. Себебі - мектеп білімі арқылы баланың ақыл-ой қабілетін, ойлауын, сөзін т. б. қаншалықты дамыту (формальдық білім теориясы) қажет болса, оны заманының жүйеге түскен білімдерін қаруландыру (материалдық білім беру) де соншалықты қажет еді. Білім берудегі бұл екі міндет бір-бірінсіз болуы мүмкін емес, сол сияқты біріне-бірін қарсы қою да теріс. Сондықтан білімнің осы екі бағыты бірігуі тиіс, яғни, оқу баланы ақыл-ой және адамгершілік жақтарынан дамытатын бір процесс болғандықтан, оқу үстінде баланың тиісті білімдермен ақылын да байыту, сол сияқты формальды әрекеттері, дағдылары және қабілеттерін де дамыту ісі жүргізілуі тиіс деген Ушинский.

Мұғалім туралы

К. Д. Ушинский мектепті қоғамдық тәрбиенің орталығы, ал мұның ең маңызды тұлғасы мұғалім деп бағалайды. Білім беру мен тәрбие ісі көптеген жағдайларға байланысты деген. Олар: мектептің өзінің ішкі жағдайы, мектепте қалыптасқан дәстүрлер мен тәртіптер, оқу багдарламалары, оқулықтар меп оқу құралдары. Ал, осылардың ішіндегі ең негізгісі - мұғалім, оқу мен тәрбие сол мүғалімнің сапалы сабағына байланысты. Осы жағдайды ескере келе, Ушииский былай деген: "Тәрбиеде барлығыда тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс . . . Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалыкты жетілдіргенмен, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-кұлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес".

Ушинскийдің мұғалімдер алдына қойған бір талабы - балаларды жан-жақты зерттеп білу болды. "Кімде-кім оқытамын десе, дейді - Ушинский, - ол оқушы талабына, оның ішкі сырына көз салуы керек".

Ушиискийдің үйретуінде, мұғалім өзінің мамандығына сәйкес келуі және арнаулы педагогикалық білімді болғаны жөн, бірақ білімді болу әлі жеткіліксіз, оның қалыптасқан табанды нанымдары болуға тиіс. Білімі, нанымы мен дағдылары мамандығына қарай сәйкес болуы үшін, мұғалімнің теориялық және практикалық білімдері жеткілікті дәрежеде болуы қажет, "мұғалімнің өзі үшін нені окыту керектігін білу ғана жеткіліксіз екендігіне, ол қалай оқытуды теориялық жағынан ғана біліп қоймай, практикалық жағынан білу керектігіне күмәндануға болар ма екен", - дейді.

К. К. Ушинскийдің бүкіл өмірі мен қызмегі өз еліне және өз халқына жан-тәнімен шын беріле қызмег етудің тамаша үлгісі болды.

Орыс мұғалімдерінің ұстазы К. Д. Ушинский өзінің педагогикалық жүйесін өз кезіндегі ең озық ғылым дәрежесіне көтерді.

Ушинский өз шығармаларында педагогиканың әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екендігін, тәрбие мақсаты мен тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы, мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі де түбірлі мәселелерін ғылыми негізде шешті, өзінің прогресшіл педагогикалық жүйесін құрды.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Ресейде Ушинскийдің теориясы мен жүйесін қолдаушы, ұлы педагогтың жолын ұстаған педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. (Н. Ф. Бунаков, В. ГТ. Вахтеров, В. И. Водовозов, Д. Д. Семенов, Д. И. Тихомиров, И. Н. Ульянов) .

К. Д. Ушинский жазған "Балалар әлемі" мен "Ана тілі" оқулықтары 60 жыл бойына Ресейдегі ең құнды, кеңінен тараған оқулықтар болды.

К. Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясы мен жүйесі сол кездегі Ресейдің қол астына қараған, өзге халықтардың прогресшіл педагогтары Гогебашвилиге (Грузия), Агоаян мен Тер-Гевондянға (Армения), Эфендиевке (Азербайжан), Алтынсаринге (Қазақстан) т. б. зор әсер етті.

Ұлы педагогтың дидактикалық пікірлері біздің заманымызда да өзінің құнды мәнін сақтауда.

К. Д. Ушинскийдің педагогикалық ілімі

Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) тарихшы, юрист, философ. К. Д. Ушинский Тула қаласында шенеунік отбасында 1824 жылы дүниеге келді. Гимназиялық білім, кейін университеттік білім алды. (Новгород. Северск гимназиясын бітірді) . 1840 жылы Москва университетінің заң факультетіне түседі.

Педагогикалық қызметін бірнеше кезеңге бөлуге болады:

I кезең: (1846-1849) 1846 жылы Ярославль-Демидово заң мектебінде камералды ғылымдар профессоры қызметін атқарды (саяси экономия, заң тану, мемлекеттік құқық қаржы, тарих, философия) .

Россияда ол кезде 4 лицей бар еді. Царско-Сельский, Нежинский (Украинада), Ришельевский (Одесса), Демидов (Ярославль) . Білім берудегі қайта құру ісін Ушинский лицейден бастайды: Оқу пәндерін курсқа бөліп оқыту; кітапхана қорын кеңейту. 1849 жылы К. Д. Ушинский лицейдегі жұмысын тастайды. Педагогикалық қызметке тағайындау рұқсатын ала алмаған соң, 5 жыл ішкі істер министрлігінде шенеунік қызметін атқарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық жүйенің сипаттамасы
Оқу процесінің мəн-мағынасы
Дидактика. Жоғары оқу орындарының және педагогикалық колледждің студенттеріне арналған оқу құралы
Өндірістік оқуды ұйымдастыру және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
ПЕДАГОГИКА (сыртқы бөлім студенттеріне арналған қысқаша лекциялар курсы)
Оқу үрдісінің ерекшеліктері
Оқу – дидактикалық процесс
Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдалану
Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері мен құрылымының әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz