Бунақденелілер класы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жануарлар - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі - өсімдіктер) ; жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организм дер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарларпрокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы - 0, 8 млрд. жылдан аспайды (1998) . Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 - 1, 5 млрд. жыл бұрын клеткаформасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім жәнежыныс] органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1, 6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ , т. б. береді. Сондай-ақ, олар - ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.

Бунақденелілер класы

Бунақденелілер - буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар - ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Оны жануарлардың әр түрлі тобындағы түрлердің салыстырмалы мөлшерінен айқын байқауға болады. Олардың 7 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктелген еді. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар.

Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі - денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және қарсақ бөлімдері деп аталады. Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілер демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады.

Бунақденелілерге қоңыздар, шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып жүріп тіршілік етеді. Кейбіреулері - суаршын, суқандала, сушалқақ, зуламат суда өмір сүрелі. Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бүрге, бит, қандала және топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас түрлері бар.

Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылымы да сан түрлі. Мысалы: сүзіп жалаушы (шыбын) ; шаншыл-сорушы (маса, орман қандаласы ) ; кеміруші (тарақан, қоңыздар) ; кеміріп-жалаушы (балара) ; түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек) . [1]

Бауырымен жорғалаушылар

Бауырымен жорғалаушылар, рептилиялар(Reptіlіa) - омыртқалы жануарлардың бір класы. Ежелгі бауырымен жорғалаушылар -котилозаврларорта тас көмір кезеңінде қарапайым, . Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы - түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі -мезозой. Бұл кездеихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар(ұшқыш кесірткелер), динозаврлартараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты. тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың, мезозой, түрлітасбақаның, кесірткенің, қолтырауынның(крокодилдің) қалдықтары табылған. Дүние жүзінде 8000-нан астам түрі кездеседі. Қазақстанда 2 отряды (тасбақалар, қабыршақтылар), 2 отряд тармағы (кесірткелер, жыландар), 13 тұқымдасы (тұщы су тасбақасы, құрлық тасбақасы, геккондар, ешкіемер, келес, ұршықсап, сцинктер, кесірткелер, соқыр жыландар, су жыландар, құм айдаһары, сұр жыландар, қалқан тұмсықтылар), 24 туысы, 51 түрі бар. Бауырымен жорғалаушылар теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді. Денесінің ұз. бірнеше см-ден 10 м-ге дейін болады. Терісі әдетте безсіз, мүйіз қабыршақпен не қалқандармен жабылған, бұл олардың денесін құрғап кетуден және түрлі зақымнан қорғайды. Қаңқасы мен бұлшық еттері жақсы жетілген. Бауырымен жорғалаушылар өкпесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі 2 шеңберлі, жүрегі 3 камералы (2 жүрекше, 1 қарынша, тек қолтырауындарда 4 камералы) . Бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа салу арқылы көбейеді, ірі жұмыртқаларын құрлыққа салады. Жұмыртқалары қоректік сары уызға бай, ұрық осы уыздың есебінен өсіп жетіледі. Кейбір кесірткелер (сцинк) мен жыландар тірідей туады. Олардың кейбір түрлері партеногенетик. жолмен (еркегінсіз) көбейеді. Қос бүйрегі арқылы зәр шығарады (көпшілігінің несеп шығаратын қуығы болады) . Бауырымен жорғалаушылардың тіршілік әрекеті көбіне күн сәулесі радиациясы мен өзін қоршаған орта температурасына байланысты. Дене температурасы 6 - 8°С-қа төмендегенде олардың қимылы нашарлайды, ал температура 2 - 3°С болғанда қысқы ұйқыға кетеді. Көбінесе шөлді жерлерді мекендейді. Су тасбақалары, қолтырауындар балықтармен, балдырмен, кесірткелер жәндіктермен, құрлық тасбақалары өсімдіктермен қоректенеді. Өздері де аң-құсқа жем болады. Ірі жыландар мен қолтырауын терісінен түрлі бұйымдар жасалады, кейбір елдерде тасбақа еті мен жұмыртқасы тағамға пайдаланылады, жылан уы медицинада қолданылады. Бауырымен жорғалаушылардың кейбір түрлері (жұмырбас шұбар кесіртке, Зайсан жұмырбас кесірткесі, кесел, сары жылан, т. б. ) Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. [1]

Сүтқоректілер

дүниесінің жоғары сатыдағы тобын құрайды. Бұған ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтінзоология ғылымыныңсаласын «маммалогия» (лат. «маммалис»- емшек+гр. «логос»- ғылым), кейде «териология» (грекше «терион» - аң, + «логос» - ғылым) деп те атайды.

Жыртқыштар

Жыртқыштар(Carnivora) - сүтқоректілердің бір отряды. Австралия(тек жерсіндірілген түрлері ғана бар) менАнтарктидаданбасқа құрлықтардың барлығында кең таралған. 12 тұқымдасы, 235-ке жуық түрі анықталған. Қазақстанда5 тұқымдасы (ит, аю, жанат, сусар, мысық), 14 түрі бар. Салмағы 250 г-нан (аққұлақ) 250 кг-ға (аю) дейін барады. Әр аяғында 4 - 5 башайы болады. Құйрығының ұзындығы дене тұрқының жартысындай, кейде одан қысқарақ. Жүні ұзын әрі қалың, әр түсті болады. Жыртқыштардың азу тістері жақсы дамыған. Аталығы мен аналығыныңжыныстық диморфизмайырмашылығы аз, не мүлдем байқалмайды. ИісжәнеEсту мүшелеріжақсы жетілген. Қорегін таңертең, көбінесе іңірде немесе түнде аулайды. Жылына 1, кейбір түрлері 2 - 3 рет, кейде 2 жылда 1 рет балалайды. Күшіктері нәзік, қызылшақа болып туады. Жыртқыштардың арасында кәсіптік маңызы бар, терісі пайдалы (Бұлғын, Кәмшат, Ақкіс, Қара Күзен, т. б. ) не зиянды кемірушілерді жеп пайдасын тигізетін, сондай-ақАуыл шаруашылығына, Аңшылыққазиян келтіретін, ауру тарататын түрлері де бар. Жыртқыштардың кейбір түрлері (Қызыл қасқыр, Тянь-шань қоңыр аюы, Барыс, Қабылан, т. б. ) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына»енгізілген.

Омыртқалылар

Омыртқалылар, бассүйектілер (Vertebrata, Cranіata) - хордалы . Қазба қалдықтарыордовик- белгілі. [1]

Акула

Жолбарыс

Саламандра

Омыртқалылардың арғы тегі теңізде тіршілік еткен төменгі сатыдағыхордалылар(қабықтылар, бассүйексіздер) . Нағыз Омыртқалылар тұщы суларда пайда болып, олардыңэволюциялық дамуыныңалғашқы сатылары сонда өткен. Жақсы жетілген қозғалу органдарының нәтижесінде су Омыртқалылары (негізінен балықтар) су қоймаларында тіршілік етіп, . Тіршілік еткенсу болуы девонда олардың құрлыққа шығуына себепші болды. Алғашқы құрлыққа шыққан Омыртқалылар -ихтиостегилер. Бұлар саусаққанатты балықтардан шығып, қосмекенділердің; алмезозойдажақсы дамыған бауырымен жорғалаушылардың, триаста сүтқоректілердің, юра тегі болып саналады. Барлық Омыртқалылардың эволюциялық дамуы олардың дене құрылысының күрделенуімен сипатталады. Дене тірегі -хорда, эволюциялық даму процесінің барысында ересек жануарларда (төменгі сатыдағы балықтардан басқасында) хорда, көбінесе омыртқаға айналады (тип тармағының аты осыдан шыққан) . Омыртқалылардың судан құрлыққа шығуына байланысты дене құрылысы күрделілене түсті. Төменгі сатыдағы Омыртқалылардың жүрегі екі камералы болса, жоғары сатыдағы Омыртқалылардың бұлшық етті төрт камералы жүрегі көптеген негізгі (құлақшалар мен жүрекшелер) және қосымша бөліктерден (венозды синус, артериальды конус) тұрады. Қан айналыс жүйесітұйық біткен. Су Омыртқалыларының (бассүйексіздер, балықтар) тыныс алу органы - желбезек, ал құрлықтағы Омыртқалыларда қос өкпе болады. Көру, есту, сезім және иіс сезу органдары жақсы дамыған. Жүйке жүйесіми, жұлын және шеткі жүйке түйіндерінен (ганглиялардан) тұрады. Зәр шығару органы - қос бүйрек. Омыртқалылардың барлығы да даражыныстылар, жыныс безі екеу, бірақ балықтарда гермафродитизм байқалады. Кейбіреулері жұмыртқа салып, екіншілері ұрпақтарын тірідей туып көбейеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буынаяқтылар, Шаянтәрізділер,Өрмекшітәрізділер
Бауырымен жорғалаушылар класы, жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
“Зоология” курсының кіріспесі
Жерде тіршіліктің пайда болуы және биогенді элементтердің айналымы
Айқышты саяқ шегіртке.Биологиясы,зияны,зиянды фазасы,таралуы,есептеу әдістемесі
Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру
Ересек аралар - қорғансыз жәндіктер
Жерде тіршіліктің дамуы
Гүл шыбындары
Алматы облысы, Жамбыл ауданы жағдайында қиярдың аурулары, арамшөптері және зиянкестерімен кешенді күресу тәсілдерін жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz