Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі



Алғы сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.тақырып. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3.тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
4.тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
5.тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
6.тақырып. Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
7.тақырып. Басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді
қорғау үшін мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін.өзі басқару органдарының іс
жүргізуге қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
8.тақырып. Сотта өкілдік ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
9.тақырып. Іс жүргізу мерзімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
10.тақырып. Азаматтық іс жүргізуде сотпен қолданылатын мәжбүрлеу шаралары ... ... ...44
11.тақырып. Сот шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
12.тақырып. Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы ... ... ... ...51
13.тақырып. Азаматтық іс жүргізуде дәлелдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
14.тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
15 .тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі талап теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
16.тақырып. Талап қою мен іс жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
17.тақырып. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
18.тақырып. Азаматтық істі сотта қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .76
19.тақырып. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 89
20.тақырып. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы ... ... ... ... ... ... ... ...90
21.тақырып. Бірінші сатыдағы сот актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 95
22.тақырып. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...99
23.тақырып. Бұйрық арқылы іс жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .102
24.тақырып. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..106
25.тақырып. Ерекше іс жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...114
26.тақырып. Заң күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық тәртібімен іс жүргізу ... ... .116
27.тақырып. Заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібімен іс жүргізу ... ... ... ... .119
28.тақырып. Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән.жайлар
бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .121
29.тақырып. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... .124
30.тақырып. Атқарушылық іс жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...127
Қолдануға ұсынылатын нормативтиік актілер мен әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...135
Қазіргі өтпелі кезеңде сот органдарының алдында әлі де шешілмеген міндеттер тұр. Тап айтқанда, адам құқықтарының тиімді қорғалуы, процессуалдық құқық нормаларының бұрмалануына жол берму және заңды бұзумен алынған дәлелдерді жоққа шығарып, айып тағылған адамды жауапкершіліктен мүлдем босату.
Презитентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, “тиімді сот жүйесі болмайынша, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басқа салаларындағы өзгерістердің нәтижелігі елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына сәйкес болмауы мүмкін. Тиімді жұмыс істейтін сот төрелігі ғана халықтың белсенді бөлігіне олардың ұлттық экономикаға үлестерінің ақталатынына және қауіпсіз жағдайда екеніне сенімділік бере алады”.
Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты-сотқа жүгінушілердің бірінің жеңуі не жеңілуінде емес, екі тарапта да туындаған даудан жеңілдеп шығуында жатыр. Себебі бұның басты мақсаты-бітім яғни, бітімгершілік болып табылады.
«Азаматтық іс жүргізу» курсын оқытудың мақсаты-азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру аясында студенттерге процессуалдық білімді қалыптастыру, субъективтік құқықтарды қорғаудың әртүрлі нысанын реттейтін құқық нормаларын, атап айтқанда, соттардың, аралық соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, құқық нормаларын, олардың іс жүзінде тиісті органдардың қолдануымен тығыз байланысын студенттердің меңгеруі.
Пєнді оқыту міндеті- азаматтық іс жүргізуде құқықтың қажетті дерек көздерімен танысу: Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасының АІЖК-мен, «ҚР Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығымен, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы», Қазақстан Республикасы Конституциялық заңымен, яғни маңызды нормативтік актілерді (жоғарыда көрсетілген) жете меңгеру және олармен жұмыс істей білу.
Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларын білу және олардың мазмұнын нақты мәселелерді шешкенде қолдана білу, сот практикасында теоретикалық ережелерді қолдану және азаматтық істер бойынша іс жүргізу құжаттарын жасау дағдысын қолдана білу, іс жүргізудің әрбір субъектісінің алатын орны, процессуалдық жағдайы, құқықтары мен міндеттері, қызметі туралы анық түсінік беру.
ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығын өз деңгейінде толық меңгерген әрбір студент келешекте кәсіби заңгер болып қалыптасады -деп.толық сенім артуға болады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 137 бет
Таңдаулыға:   
Алғы сөз

Қазіргі өтпелі кезеңде сот органдарының алдында әлі де шешілмеген
міндеттер тұр. Тап айтқанда, адам құқықтарының тиімді қорғалуы,
процессуалдық құқық нормаларының бұрмалануына жол берму және заңды бұзумен
алынған дәлелдерді жоққа шығарып, айып тағылған адамды жауапкершіліктен
мүлдем босату.
Презитентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, “тиімді сот жүйесі
болмайынша, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басқа салаларындағы
өзгерістердің нәтижелігі елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына
сәйкес болмауы мүмкін. Тиімді жұмыс істейтін сот төрелігі ғана халықтың
белсенді бөлігіне олардың ұлттық экономикаға үлестерінің ақталатынына және
қауіпсіз жағдайда екеніне сенімділік бере алады”.
Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты-сотқа жүгінушілердің бірінің
жеңуі не жеңілуінде емес, екі тарапта да туындаған даудан жеңілдеп шығуында
жатыр. Себебі бұның басты мақсаты-бітім яғни, бітімгершілік болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу курсын оқытудың мақсаты-азаматтық істер
бойынша сот әділдігін жүзеге асыру аясында студенттерге процессуалдық
білімді қалыптастыру, субъективтік құқықтарды қорғаудың әртүрлі нысанын
реттейтін құқық нормаларын, атап айтқанда, соттардың, аралық соттардың
азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, құқық нормаларын, олардың іс
жүзінде тиісті органдардың қолдануымен тығыз байланысын студенттердің
меңгеруі.
Пєнді оқыту міндеті- азаматтық іс жүргізуде құқықтың қажетті дерек
көздерімен танысу: Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан
Республикасының АІЖК-мен, ҚР Прокуратурасы туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің Заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының сот
жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы, Қазақстан Республикасы
Конституциялық заңымен, яғни маңызды нормативтік актілерді (жоғарыда
көрсетілген) жете меңгеру және олармен жұмыс істей білу.
Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларын білу және олардың
мазмұнын нақты мәселелерді шешкенде қолдана білу, сот практикасында
теоретикалық ережелерді қолдану және азаматтық істер бойынша іс жүргізу
құжаттарын жасау дағдысын қолдана білу, іс жүргізудің әрбір субъектісінің
алатын орны, процессуалдық жағдайы, құқықтары мен міндеттері, қызметі
туралы анық түсінік беру.
ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығын өз деңгейінде толық меңгерген әрбір
студент келешекте кәсіби заңгер болып қалыптасады -деп.толық сенім артуға
болады.

1- тақырып.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі

§1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы.
§2. Азаматтық іс жүргізу сатылары.
§3. Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі.
§4. Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары.
§5. Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен өзара
байланысы.
§6. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні мен жүйесі.

§1. Азаматтық іс жүргізу ұғымына тоқталар болсақ - бұл сот және басқа
субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын
азаматтық іс жүргізу қүқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу
құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы.
Іс жүргізудің басты мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру
немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс
жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске
қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдың
әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.
Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен
белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу
міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі
барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілер:
а) сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу
құқықтық нормаларымен белгіленген;
б) істің аяқталуына мүдделі түлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына
қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;
в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған
деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.
ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге
бөледі:
1) бұйрық бойынша іс жүргізу істері;
2) талап қоюмен іс жүргізу істері;
3) ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері;
4) ерекше іс жүргізу істері.
Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсаттарга жетуге бағытталған
процессуалдық әрекеттердің жиынтығы: талап арызды (арызды, шағымды)
қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін
шығару және т.б.

§2. Азаматтық іс жүргізу сатыларын былай бөліп қарастыруға болады:
1 - ші Іс қозғау сатысы.
Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды:
өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткен адамның арызы
бойынша;
заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін
қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының,
мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың
арызы бойынша.
Азаматтық іс талап арыз, арыз немесе шағым беру арқылы судья сотта
азаматтық іс қозғайды және ол бойынша тиісті ұйғарым шығарады.
2 - Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы.
Азаматтық істерді қарағанда арызды қабылдағаннан кейін судья істі сотқа
қарауға әзірлік жүргізеді, оның мақсаты - істі уақтылы және дұрыс шешуді
қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның жеке өзі
мынандай әрекеттерді жасайды:
талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады. Онда жауапкер
жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса, қосымша
дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен
міндеттерін түсіндіреді;
қажет болған реттерде, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы жөнінде
сұрастырады, оның талапқа қандай қарсылықтары бар екенін және бұл
қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше
күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді
ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
үшінші түлғаларды және өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы мәселені
шешеді;
іске прокурордың қатысуы туралы мәселені шешеді. Белгіленген тәртіп бойынша
хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі салдарынан
әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдардың, неке бұзу туралы істері
бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын қорғау үшін, сондай-ақ балаларының
мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдарын процеске
қатыстыру мәселесін шешеді.
Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға
қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет
болса процеске мүдделі түлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және
т.б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса,
оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
3 - Сотта іс қарау сатысы.
Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды,
істі мәні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы
ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады.
4- Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық
шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы
(апелляциялық оидіріс).
Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші
түлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа
шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере
алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ, олардың
келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары
бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек)
соттық қаулы шығарады.
5 - Сот актілерін орындау сатысы.
Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы)
борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мәжбүрлеу шарасын
қолдануымен орындалады (жалпы мерзімі 2 ай).
6- Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта
қарау сатысы (қадағалау өндірісі).
Сот шешімінің дәлелсіздігі немесе материалдық немесе іс жүргізудің
құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға
негіз болады. Сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу
бөлмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:
Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал
шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;
Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін
жояды және істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға
жібереді;
Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін
жояды және талап арызын қарамай тастайды немесе іс бойынша іс жүргізуді
қысқартады;
Іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді
немесе оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және
түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа
шешім шығарады.
Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар
бойынша шағым, наразылық дәлелді шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы
соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот
құрамы үш судьядан кем болмауы тиіс. Істі қарағаннан кейін сот қаулы
шығарады.
7 - Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар
бойынша қайта қарау сатысы.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады.
Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға мыналар
негіз болады:
іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мән-
жайлар;
заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дәлелсіз
шешім шығаруға негіз болған куәнің біле тұра берген жалған жауабы,
сарапшылардың біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле тұра
теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы;
заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске қатысушы
басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері не болмаса
судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық әрекеттері;
сот шешімін шығаруға негіз болған басқа орган қаулысының бұзылуы.
Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша
қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа
арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай арызды
іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған
күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау
негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген.
§3. Азаматтық іс жүргізу қүқығы - азаматтық істерді қарап, шешім шығарып
және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық
құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін,
судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне
байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтық істер жүргізу тәртібімен
ұлттық құқықтық кейбір басқа да салаларынан (еңбектік және т.б.) туып
отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу қүқығының
нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына
әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып
келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін
пәрменді де жанжақты қорғауға мүмкіндік береді. Сот тәрелегін жүзеге
асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық
жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні - азаматтық іс жүргізу болып
табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін
бір-бірінен ажырата білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек.
Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен
тұратынын ескерген жөн.
Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің
міндеттері мен қағидаларын, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы
жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот
хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу
мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады.
Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс
жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс
жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс
жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына
келтіруді, халықаралық процесс және т.б. жатқызуға болады.
Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтың реттеу әдістері:
императивтік жоқе диспозитивтік болып бөлінеді.
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың
жүйеленуі: реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік,
диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу нормалары. Азаматтық
іс жүргізу құқықтық нормалардың құрылымы: гипотезалар (бір жақты, екі
жақты, белгіленген, белгіленбеген және т.б.), диспозициялар (жай,
сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың түрлері.
§4. Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз - азаматтық іс
жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер,
нормативтік-құқықтық пктілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары -
азаматтық, отбасылық, еңбектік құқықтық қатынастардан туатын даулар
жөніндегі істерді, әкімшілік құқықтық қатынастардан туатын істерді және
ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына
ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР
Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс
жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14-
бабының 1 бөлігінде былай жазылған: "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең".
Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі нормативтік актілердің
қандай байланысы бар екенін айту қажет: ҚР сот жүйесі мен судьялар
мәртебесі туралы конституциялың заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық
іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын (ҚР прокуратурасы туралы, ҚР
ҚІЖК, ҚР еңбек туралы, ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы және т.б.) оқып
танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да
жатқызамыз.Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы -ҚР АІЖК-сі болып
танылады.Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте
қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір
мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның
заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену
мерзімі көрсетілмесе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда
көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚР АІЖК-
сі 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1
шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс
жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске
қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың
пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының
кері күші болмайды (ҚР АІЖК-і 4-бабының 2-бөлігі). Азаматтық іс жүргізу
заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады. Жалпы ереже бойынша жаңадан
шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда
көзделмесе. Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң
күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.
§5. Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы
мен тарихының мәні, негізгі қолданатын ұғымдар мен категорияларын еске алу
керек. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалық құқықтық пәндер жүйесінде
ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен нормалар өзара байланысы, ұқсас
құқықтық реттеу салалары бар. Қосымша пәндермен өзара байланысы.

§6. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымы - азаматтық іс жүргізу мен азаматтық
іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің
жиынтығы болып табылады. Азаматтық іс жүргізу қүқығы ғылымының пәні:
тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс
жүргізу құқығының өзі; - азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары;
азаматтық іс жүргізу құқығының тарихы; -шетел мемлекетіндегі азаматтық іс
жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу қүқығы ғылымының жүйесі.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық ғылыми теориялық және тәжірибелік мәні
бар бірқатар жалпы мәселелерді қарастырады: құқық пәні, қағидаларді
(қағидаларды) оқыту туралы, іс жүргізу құқықтық қатынастары мен оның
субъектілерін, талап теориясы туралы, дәлелдеу туралы және т.б.
- жалпы бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің әр сатысына байланысты маңызды
проблемаларды зерттеу, олардың ерекшеліктерін, мәнін қарастыру
-ерекше бөлімі. Ғылым азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және
оның жеке институттарының тарихи дамуын зерттейді.

2 – тақырып.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары

§1. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының түсінігі.
§2. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мән-мағынасы.
§3. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі.

§1. Біздің елімізде жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей
қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы
құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы
қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық
сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері
қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның қағидаларын сақтап
ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары сотта тараптар
арасындағы құқықтық дауды демократиялың жолымен дұрыс және жылдам шешуге
үлкен үлес қосады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларының түсінігін беру үшін ең
алдымен оны жалпы құқық қағидаларымен бастаған дұрыс. Қағида латын сөзінде
(ргіпcipium - негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді:
объективтік (қандай болмасын ғылымның, теорияның негізгі ережелері) және
субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті -
сендіру).
Әрбір құқық саласының ерекшелігі оның қағидаларында өз көрінісін табады.
Құқық теориясында қағидаларды құқықта көрсетілген нормативті бастаулар,
бастапқы идеялар, негіздер деп қарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым
С.С. Алексеевтің пікірінше, қағидаларды - бұл құқықтық мазмұнын тереңінен
ашады. Қағидаларда жалпы құқықтық, сондай-ақ, оның нақты салаларындағы
сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық қағидалары нақты құқықтық
нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не
көбінесе құқықтық нормаларына енгізілген.
Құқықтық қағида - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық
қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық қағидалары қоғамдағы құқықтық реттеуді және құқық жүйесін құрайтын
объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтық
әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын
біле аламыз, сондай-ақ жеке құқықсалалардың, институттардың және
нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.
Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланық
қағидаларының дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық қағидаларды
білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларын да түсінетін болады.
Сондай-ақ, оның азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары жайлы білген,
жалпы соттағы азаматтық істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін
құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Азаматтық
сот ісін жүргізудің қағидалары құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық
туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу
құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде
белгілі іс жүргізуші ғалым Н.А. Чечина былай деп айтқан: "Азаматтық іс
жүргізу құқығының қағидалары осы құқықтық саланық, субъектілер
қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды". Сонымен қатар, азаматтық іс
жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру
шаралары әрқашан оның қағидаларын ескере жасалады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларының маңыздылығын соттың құқық
қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтық істерді қарайтын
және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің
қағидаларын басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматтық
істер бойынша сот тәрелігі дұрыс және уақтылы атқарылады. Егер сот
қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастылмаған болса,
онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын
қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге қағидаларды
қолданады.
Осылай, азаматтық сот ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі қағидаларын
белгілеуге болады. Қағидалар әрқашан құқықтың дамуына байланысты өзгеріп,
ал оның мазмұны үнемі толыға, жаңара береді. Сол арқылы дамып жатқан
қоғамдық қатынастарды реттеуге ат салысады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларын ғылыми зерттеулермен айналысқан
ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі ғалымдар
М.Г. Авдюков, З.Х. Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян, М.А. Гурвич, П.Ф.
Елисейкин, С.З. Зиманов, В.М. Семенов, А.К. Сулейменов және т.б. жатқызуға
болады.
Көптеген авторлардың ой-пікірі бойынша құқық қағидалары - бұл белгілі
жинақтау жұмыстарының нәтижесі, ғалымдардың творчестволық сана
тұжырымдамасы, олардың қалыптасқан қоғамдық өмірдегі болмыстарға
көзқарастары болып табылатын негізгі ережелер, бастапқы идеялар.
Құқық ғылымында идея ұғымы жалпы құқықтық, салалың және салааралық
қағидалармен тығыз байланыста. Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізудің
қағидаларын азаматтық істер бойынша сот тәрелігін жүзеге асыру туралы
бастапқы идеялар деп түсінеміз.
Осылай азаматтық сот ісің жүргізудің қағидалары дегеніміз - азаматтық іс
жүргізудің демократиялық және қайырымдылық мәнін ашатын, оны құрайтын
процессуалдық нормалар, сатылар және институттарды анықтайтын, сондай-ақ,
азаматтық істер бойынша сот тәрелігін жүзеге асыруда мемлекет қойған мақсат
пен міндеттерді орындауға азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын,
азаматтық іс жүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар.

§2. Құқық қағидаларының мәнін дұрыс түсіну үшін олардың тек мазмұнын ғана
емес, сондай-ақ, құрылымын да білу қажет. Бұл құрылым үш компоненттен тұра-
ды: 1-құқықтық сана жөнінде нақты түсініктен, сонымен қатар, құқықтық
ғылымда судьялардың және басқа да заңгерлердің құқықтық санасынан;
2-тиісті ережелерді қолданыстағы заңнамада бекіту; 3-құқық
қағидаларының нақты қоғамдық қатынастарда жүзеге асырылуы (біздің жағдайда,
азаматтық істерді қарап және шешу барысында сот қызметінде).
ҚР АІЖК-де сот пен іске қатысушылар арасындағы қатынасты реттеуге, сондай-
ақ нақты азаматтық істі шешуге бағытталған азаматтық сот ісін жүргізудің
қағидалары құқықтық нормаларда бекітілген. Олар азаматтық іс жүргізу
құқығының жеке зерттеу құқықтық институты болып танылады.
Азаматтық іс жүргізудің құқық саласында құқықтық нормалар қабылдау және
қолдану қызметінде азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мәні зор екенін
байқауға болады. Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін орындаудың бастапқы
шарты ретінде азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларын сақтау және оларға
сәйкес іс жүргізу әрекеттерін сот және басқа да іске қатысушыларымен жасау
болып танылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мән-мағынасы туралы дұрыс
көрініс алу азаматтық іс жүргізу құқықтық саласының дамуына және азаматтық
істер бойынша сот тәрелігін жүзеге асыруына соттардың қызметін жетілдіру
үшін қажет.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары соттар мен құқықтық нормаларды
дұрыс түсінуге және қолдануға септігін тигізеді, заң шығару тәжірибесі үшін
негіз қалаушы болып табылады. Сондықтан қағидалар азаматтық іс жүргізу
құқық саласында мазмұны бойынша жаңа құқық нормаларын әзірлеп қабылдауға
және қолданыстағыларын өзгертіп жаңартуға үлкен үлес қосады.
Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде азаматтық сот ісін жүргізу
қағидаларын бұзбай қолдану және олардың кеңінен таралуы оның демократиялық
және құқықтық мемлекет болуына кепілдік беретіні даусыз.
Құқық нормаларын қолдану сот қызметінде іс жүргізу нормаларын дұрыс
түсінуге және қолдануға азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мәнін білу
қажет-ақ. Тек қана азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мән-мағынасын
біліп түсінгенде ғана төрағалық етуші судья және басқа да қатысушылар
өздерінің іс жүргізу құқықтарын дұрыс пайдаланады және іс жүргізу
міндеттерін дұрыс орындай алады. Осылай, азаматтық істер бойынша сот
тәрелігін жүзеге асыруда сот, іске қатысушылар және тағы басқалары ҚР АІЖК-
де белгіленген мынандай нормаларды ескерулері тиіс:
* істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот
актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда
белгіленгендей жауапты болады (6-баптың 3-бөлігі);
* азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларын бұзу оның сипаты мен маңыздылығына
қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады (23-бап). Басында
жазылғандай, бірқалыпты және өзгермейтін құқық қағидалары болмайды.
Сондықтан қолданыстағы заңнамамен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізу
қағидалары жалпы жиынтығы бойынша зерттеуге жатқызылады.
§3. Азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген азаматтық сот ісін
жүргізудің бастапқы идеяларына, негіздеріне сүйене отырып құрылады. Осы
азаматтық сот ісін жүргізудің бастапқы идеялары (қағидалары) азаматтық
істер бойынша сот тәрелігінің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Барлық азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары жиынтығы бойынша бір-
бірімен тығыз байланыс құрып және бір-бірін толықтыра отырып, біртұтас жүйе
(грек тілінен systema - бөлектерден құрылған тұтас байланыс) құрайды.
Жүйе дегеніміз - нақты тұтастықты құрайтын, бір-бірімен тиісті қатынаста
болатын көптеген элементтер. Осылайша, азаматтық сот ісін жүргізу бір-
бірімен байланыстағы қағидалардың жиынтығын құрайды. Тиісінше қағидалар
өзара байланыс пен қатынаста болып біртұтас жүйе құрайды.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі объективті сипатта
болуына қарамастан, заң әдебиеттерінде оның құрамы және осы жүйеге кіретін
кейбір жеке қағидалардің атауы бойынша бірқатар ой-пікірлер бар.
Біртұтас жүйеде орналасқан азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының
әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының мазмұнын ашады. Азаматтық сот ісін
жүргізудің қағидалар жүйесі санына қарай құрылған жоқ, олардың әрқайсысы
өздерінің қызмет атқару, мағынасы және сипаты бойынша жинақталған.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының атаулары мен көлемі өздігінен
өзгермейді. Әдетте, азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары
республикамыздың Конституциясында, ал басқалары ҚР АІЖК-де бекітілген.
Қағидалар мазмұндары - қолданыстағы заңнама баптарында және оның
тармақтары мен бөлшектерінде белгіленген ережелер. Мысалы, ҚР АІЖК-нің 65-
бабы айтысу қағидасының мазмұнын құрайды.
Негізінен қағидалар азаматтық сот ісін жүргізудің мәнін білдіре отырып,
азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды институты болып танылады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары жиынтық тәрізді біртұтас жүйеде
орналасқан. Жүйеде орналасқан азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының
біреуінің бұзылуы басқа онымен байланыстағы қағидалардың бұзылғандығын
білдіреді және нақты азаматтық істер бойынша қабылданған сот шешімінің
заңсыздығына әкеп соқтырады, тиісінше оның күшін жоюға әкеледі.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларын әр түрлі үш негіздер бойынша
жіктеуге болады. Құқық ғылымында мұндай жіктеудің бірқатар жеке белгілері
аталған. Біріншіден, нақты қағида бекітілген нормативтік қайнар көзіне
қатысты жіктеледі. Тиісінше Қазақстан Республикасының Конституциясымен
немесе ҚР АІЖК-мен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларын
белгілеуге болады. Бірақ, Конституцияда бекітілмеген (конституциялық емес)
қағидалар өзге де қағидалардан басым бола алмайды, себебі, оларда құқық
қабылдау (заң шығару) және құқық қолдану (соттың тәжірибелік қызметі)
қажетті және міндетті деп танылған. Сонымен бірге, қағидаларды бұлай жіктеу
өзінің негізсіздігін білдіреді, яғни Конституцияның тиісті нормаларымен
бекітілген (конституциялық деген) қағидалар көрінісін Конституция негізінде
қабылданған басқа заң нормаларында көзделген. Бұл заң нормаларында
бекітілген қағидаларды конституциялық емес деп атау дұрыс емес, себебі олар
Конституцияға сәйкес қабылданған нормативтік-құқықтық актілер болып
табылады.
Екіншіден, нақты қағидалар бір немесе одан да көп құқық салаларында
қолдануына байланысты заңтануда:
1) жалпы құқықтық, 2) салааралық, 3) салалық, 4) құқықтық институттар
қағидаларына бөлінеді. Басқа ғалымдар институтаралық және салаға тәуелді
қағидаларды белгілейді. Қағидаларды осылайша жіктеу негіздері дауласуға
жатпайды және оларды орынды деуге болады. Бірақ, жалпы құқық теориясы
бойынша қағидаларды жіктеу негіздерін қолданғанмен, азаматтық сот ісін
жүргізудің қағидалар сипаты бойынша осылай жіктеу оның барлық мәнін
ашпайды.
Ескергеніміз жоқ, "іс жүргізу құқығының қағидаларын жіктеудің әрбір
шарты, себебі барлық қағидалар болуында және қолдануында бір-бірімен
байланысты және бір-бірін толықтыруда".
Үшіншіден, көптеген ғалым-процессуалистер пікірінше іс жүргізу қағидалары
реттеу объектісі бойынша екі топқа бөлініп жіктеледі: ұйымдастырушылың және
функционалдық.
Теория бойынша барлық азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларын құқықтық
реттелуге жататын объектісі бойынша екі топқа бөліп қарастыруға болады:
соттың және іс жүргізуге қатысушылардың іс жүргізу әрекеттерін анықтайтын
(функционалдың) және сот тәрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру қағидалары
(ұйымдастырушылың).
Осы негіздер бойынша ҚР АІЖК-нің нормаларымен белгіленген сот ісін
жүргізудің қағидаларын жіктеуге болады.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі іс жүргізу құрылымын, іс
жүргізу әрекеттердің механизмін, оның мазмұнын, іс жүргізу әрекеттердің
нысанын, істер бойынша қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен әді-леттігіне
кепілдік етеді. Қазіргі кезеңде азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары
жүйе құрып, жетілдіру жолында екенін атау қажет.

§ Азаматтық істер бойынша сот тәрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру
қағидалары

Азаматтық істер бойынша сот тәрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру
қағидалары қатарына мыналарды жатқызуға болады:
1 - сот тәрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы (ҚР Конституциясының 75-
бабы, ҚР АІЖК-нің 7-бабы);
2. - адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау
(ҚР Конституциясы 13-бабының 2-бөлігі, ҚР АІЖК-нің 8-бабы);
3. - жеке адамның арнамысы мен қадір-қасиетін құрметтеу (ҚР
Конституциясының 17-бабы, ҚР АІЖК-нің 9-бабы);
4. - жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы
сәйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы (ҚР
Конституциясының 18-бабы, ҚР АІЖК-нің 10-бабы);
5. - меншікке қол сұғылмаушылқ (ҚР Конституциясы 25-бабының 1-бөлігі және
26-бабы, ҚР АІЖК-нің 11-бабы);
6. - судьялардың тәуелсіздігі (ҚР Конституциясы 77-бабының 1-2 бөліктері
және 79-бабы, ҚР АІЖК-нің 12-бабы);
7. - барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі (ҚР Конституциясының
14-бабы, ҚР АІЖК-нің 13-бабы);
8. - азаматтық істерді сотта жеке-дара және алқа сот құрамымен қарау (ҚР
АІЖК-нің 37-бабы);
9. - сот ісін жүргізу тілі (ҚР Конституциясының 7-бабы, ҚР АІЖК-нің 14-
бабы);
10. - дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау (ҚР АІЖК-нің 16-бабы);
11. - Куәлік жауап беру міндетінен босату (ҚР АІЖК-нің 17-бабы);
12. - білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету (ҚР АІЖК-нің 18-бабы);
13. - сотта істі қараудың жариялылығы (ҚР АІЖК-нің 19-бабы);
14. - сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ҚР АІЖК-нің
20-бабы);
15. - сот актілерінің міндеттілігі (ҚР Конституциясы 76-бабының 3-бөлігі,
ҚР АІЖК-нің 21-бабы);
16. - іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы (ҚР АІЖК-
нің 22-бабы).
Міне, осы аталған қағидаларды жеке қарап, азаматтық істер бойынша сот
тәрелігін жүзеге асыруда қолдануларын көрсетейік.

§ Сот тәрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
(ҚР Конституциясы 75-бабының 1-бөлігі, ҚР сот жүйесі мен судьялар
мәртебесі туралы конституциялық заңы 1-бабының екінші бөлігінің 1)
тармақшасы, ҚР АІЖК-нің 7-бабы). ҚР Конс-титуциясы мен ҚР сот жүйесі мен
судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы республикамыздың бүкіл
аумағында сот билігін іске асырудың негізгі және маңызды нысаны сот
тәрелігін жүзеге асыру болып табылатынын бекітеді. Сот тәрелігі туралы
ұғымның көптеген анықтамаларын заң әдебиеттерінде оқып танысуға болады.
Бірқатар авторлардың пікірінше, сот тәрелігі сот отыр-ыстарында іс жүргізу
тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық нормаларын
қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау және шешу
бойынша қызметі болып табылады. Х.Ю. Ибрагимовтың пікірінше, сот тәрелігі -
адам мен азаматтық, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды
адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға
тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы. Ал белгілі ғалым-іс
жүргізуші З.Х.Баймолдинанық айтуынша, сот тәрелігі - азаматтық, қылмыстық
және заңмен белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысаны арқылы сот билігін
жүзеге асырудың нысаны.
Сот тәрелігі сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны бола отырып, сот
отырыстарында судьямен (сотпен) азаматтық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу
және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы белгілеген тәртіппен азаматтық,
әкімшілік және қылмыстық істерді сот ісін жүргізу нысанында қарауды және
шешуді түсіндіреді. Мұндай соттық биліктік өкілеттілігін кімнің де болса
иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады (ҚР АІЖК-нің 7-бабының 1-
бөлігі). Тиісінше заңнамада қандай да бір атаулармен арнайы және төтенше
соттар құруға жол берілмейтіндігі көрсетілген, сондай-ақ мұндай соттар
шешімінің заң күші болмайтыны және орындалуға тиісті еместігі көзделген.
Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге
асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе азаматтық іс жүргізу
кодексінде көзделген азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларын өзгеше түрде
елеулі түрде бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші
жойылуы тиіс (ҚР АІЖК-і 7-бабының 3-бөлігі және 23-бабы).
Азаматтық істер бойынша сот тәрелігін атқару қорытындысы бойынша
қабылданатын, заң әдебиеттерінде сот тәрелігі актілері деп аталатын сот
шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары және бұйрықтары заңнамаға сәйкес ерекше
сипатта болады. Олардың барлығы - жалпыға міндетті. Азаматтық істер бойынша
қабылданған және заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер, лауазымды адамдар мен
азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында
орындалуға жататынын білдіреді. Сот актілерін орындамаған немесе
орындалуына кедергі жасаған кінәлі тұлға заңды жауаптылыдқа тартылады.
Азаматтық істер бойынша сот тәрелігі, мемлекеттік қызметтің бір түрі
ретінде, ҚР АІЖК-мен егжей-тегжейлі регламенттелетін қатаң рәсімделуді
сақтау арқылы жүзеге асырылады. Тек сот отырысында ғана сот жеке немесе
заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, мемлекеттің, қоғамның мүддесін
қорғау үшін талап бойынша шешім (қаулы, ұйғарым) қабылдауға құқылы. Бірінші
сатыдағы сотпен қабылданған шешімді апелляциялық не қадағалау тәртіптерімен
жоғары тұрған сот алқасы қайта қарап оның күшін жоя алады.
Республикамызда мамандандырылған ауданаралық экономикалық және әкімшілік
соттардың құрылғандығы белгілі.
Келесі кезекте алқалы соттар құру мәселелесі түр. Соттарда бүгінгі заман
талабына сай "мамандану" процесі жүріп жатыр. Осының бәрі, түйіндегенде,
сот тәрелігін жүзеге асырудың сапасын жоғарылатуға бағытталған шаралар
екенінің белгісі. Жоғарғы соттың судьялары да бұл бағытта үлкен қызмет етіп
жатқанын айтуға болады, яғни сот тәжірибесі бойынша жалпы отырыстарда
қаралып, баспасөзде жарияланатын нормативтік қаулылар қабылдануда.
§ Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау
қағидасы
ҚР Конституциясы 13-бабының 2-бөлігінде "Әркімнің өз құқықтары мен
бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар", - деп көзделіп,
азаматтық сот ісін жүргізуде қолдануына маңызды екенін түсіндіреді. Өзінің
құқығы мен бостандығын қорғау үшін сотқа жүгіну әрбір тұлғаның құқығы.
Адамның және азаматтық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғау сот билігінің өкілеттігін жүзеге асырудың басты бағыты болып
табылады.
Сотқа арыз (талап арыз, шағым) беріліп және оны сот қабылдаған кезде ғана
сотқа жүгіну құқығы жүзеге асырылады. Әрбір азамат, заңды тұлға және
мемлекеттік органдар бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын,
бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін АІЖК-мен белгіленген
тәртіпте сотқа арызбен (талап арызбен, шағыммен) жүгіне алады. Барлық жеке
не заңды тұлғаның бұзылған немесе даулы құқықтарын, заңды мүдделерін сот
арқылы қорғауға тең мүмкіндігі бар.
Сотқа арызбен жүгіну арқылы азаматтық, отбасылық, еңбек, түрғын үй,
әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи
ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан
және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді,
сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді сот (жекедара немесе алқа құрамы)
қарайды және шешеді (ҚР АІЖК-і 2-бабының 3-бөлігі).
Кез келген сот арызды қабылдап, істі қарамайды және шешпейді. Себебі ҚР
АІЖК-де бекітілген нормаларға сәйкес әр азаматтық іс соттылығына байланысты
сотпен қаралады және шешіледі. Соттылық - соттар арасында белгілі азаматтық
істер қарастыру өкілеттіктерді бөлу. Тиісінше азаматтық істер соттылығы
азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен белгіленеді.
Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын
өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін
ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне
қабылдауға құқығы жоқ (ҚР АІЖК-і 8-бабының 3-бөлігі). ҚР АІЖК-нің кейбір
нормаларының өзгеруіне және оларды сот тәжірибесінде біркелкі қолдану
қажеттілігіне байланысты ҚР Жоғарғы сотының жалпы отырысы қаулы етті:
"Соттар арасында нақтылы істің соттылығы туралы дау туындаған жағдайда
жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысушы адамдарды оның қаралатын орны
мен уақыты туралы хабардар етпестен және соттың істі басқа соттың
өндірісіне жіберу туралы ұйғарымын бұзбай, істің нақтылы қай соттың
қарауына жататыны туралы ұйғарым шығарады".
Кез келген жеке тұлға субъективтік құқықтарын, заңды мүдделерін сотта
тікелей өзі қатысуы арқылы немесе өкілдер қатысуы арқылы қорғауға құқылы.
Жеке тұлғаның өзінің сотқа қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан
айырмайды. Заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі
басқару органдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың органдары
және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері қорғауға құқылы (ҚР АІЖК-
нің 58-бабы).
ҚР АІЖК-сі 8-баптың 2-бөлігіне сәйкес прокурор өзіне жүктелген
міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың
құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып
(арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.
Әрбір азамат, заңды тұлға, мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару
органы, прокурор сотқа жүгіну құқығынан бас тарта алады, егер заңға қайшы
келмесе немесе әлдекімнің құқығын және заңды мүддесін бұзбаса (ҚР АІЖК-і 8-
бабының 4-бөлігі). Егер тараптар өзара сотқа жүгіну құқығынан бас тарту
туралы келісім-шартқа қол қойса - ол заңсыз деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу заңнамасы әрбір
адамға сотқа жүгіну құқығын жүзеге асыруына барлық мүмкіндік жасап, оны
қамтамасыз етеді.
§ Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидасы
Қазақстан Республикасының үш нормативтік-құқықтық актілерінде: ҚР
Конституцияның 17-бабында, ҚР АК-сі (Жалпы бөлімі) 15-бабының 9-бөлігінде
және 143-бабында, АІЖК-нің 9-бабында бекітілген. Бұл нормативтік-құқықтық
актілер адамның қадір-қасиетін, ар-ожданын қорғау мүмкіндіктерін
белгілейді.
ҚР Конституциясының 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол
сұғылмаушылық жөнінде міндет бекітілген. Адамды қинауға, оған күш
қолдануға, басқа да қатал не адамның қадір-қасиетін қорлайтын қатынас пен
жазаға тыйым салынады.
Заң әдебиеттері бетінде адамның қадір-қасиетіне дол сұғылмаушылыққа
қатысты мынандай пікір айтылады: "Ол әрбір адамның жеке басының бағасын,
оның адамгершілік қағидалары мен соған қатысты әрекеттеріне негізделген ой
жүйесін мойындауды аңғартады. Адам адамгершілік құндылықтар мен ойшылдық
қасиеттерінің иесі ретінде танылады. Адамның қадір-қасиеті оның қоғамдағы
орнына, атағына, түрмыс қалпына, кәсіпқойлығына және басқа жағдайларға
байланысты. Әрбір адам сыйқұрмет пен мойындауға және дербес ой мен әрекет
құқығына лайық".
ҚР АК-сі (Жалпы бөлімі) 15-баптың 9-бөлігіне сәйкес азаматтық есімі оның
абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқсан келтіретін
әдістермен немесе сондай нысанда бұрмаланған не пайдаланылған жағдайда осы
Кодекстің 143-бабында көзделген ережелер қолданылады.
Осылай, азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне
немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай
мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса,
сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы (ҚР АК-сі (Жалпы бөлімі) 143-
баптың 1-бөлігі). Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-
намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін
мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен
бірге олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдық
зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы (ҚР АК-сі(Жалпы бөлімі) 143-
баптың 6-бөлігі). Егер азаматтық немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-
қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушыны
анықтау мүмкін болмаса, өзі жөнінде осындай мағлұматтар тараған адам
таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейді деп тану туралы сотқа
жүгінуге құқылы (ҚР АК-сі (Жалпы бөлімі) 143-баптың 7-бөлігі).
ҚР АІЖК-нің 9-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде
азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-
қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады. Адамның
қадір-қасиетін қорлау арқылы алынған іске қатысты нақты деректер сотпен
дәлелдемелер ретінде танылмайды. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға
келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.
Республикамыздағы жергілікті соттармен азаматтық сот ісін жүргізу кезінде
азаматқа келтірген моральдық зиянның орнын толтыру заңнамасын дұрыс
қолданып игеру үшін "Моральдық зиянның орнын толтыру туралы заңнаманы
соттармен қолдану жөнінде" ҚР ЖС-ның № 3 нормативтік қаулысы 2001 жылы 21
маусымда қабылданған болатын.
Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ар-намысты, қадір-
қасиетті және іскерлік беделді сот қарайды және шешеді, сонымен қатар
соттың өзі де іске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-
қасиетін кемсітетін шешім қабылдамауы тиіс.
§ Жеке өмірге қол сұғылмаушылық
Хат жазысудың, телефон арқылы сәйлесудің, почта, телеграф және өзге
де хабарлардың құпиясы. Бұл қағида әркімнің жеке өміріне еріксіз араласуға
жол берілмейтіндігі ата-аналарға, құрбы-жолдастарына, мемлекеттік
органдарына, қызмет басшыларына және басқа адамдарға құқық субъектілігі бар
жеке немесе заңды тұлғалардың өзіндік мүліктеріне билік етуіне, жеке
банктік салымдары мен жинаған ақша-қаражаттарын және өзге тапқан табыстарын
пайдалануына, жазысқан хаттарына, телефон, почта, телеграф арқылы және
басқа да жолдармен алысқан хабарларына ықпал етуге тыйым салуды
түсіндіреді. Бұл қағида ҚР Конституциясының 18-бабында бекітіліп,
қолданыстағы материалдық құқық пен іс жүргізу құқық нормаларында тиісінше
көрінісін тапқан.
Осылай, ҚР АК-нің (Жалпы бөлімі) 144-бабына сәйкес: "Азаматтық бас
құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сәйлесу, күнделіктер,
естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясы,
дәрігерлік, адвокаттық құпияны, салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар. Жеке
бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде ғана ашылуы мүмкін.
Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және басқа құжаттарды жариялауға -
олардың авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторы мен алушысының
келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардың қайсыбірі қайтыс болған
жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының
және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін".
Міне, осы азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары заңның қорғауында
болады. Бірақ ҚР АІЖК-нің 10-бабына сәйкес азаматтық процесс барысында бұл
құқықұтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша
ғана жол беріледі. Бұл дегеніміз, сотта істі қарау кезінде құқықтық дауды
шешу немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық процестік құқықтың міндеттері
Қазақстан Республикасының азаматтық іске қатысушылар
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
Азаматтық іс-жүргізу
Өзінің құқығы мен бостандығын қорғау үшін сотқа жүгіну әрбір тұлғаның құқығы
Сотта істі қараудың ауызшалығы
Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні және жүйесі
Азаматтық іс жүргізу құқықғы
Азаматтық іс жүргізу құқығы: пәні, әдісі, жүйесі
Азаматтық іс жүргізу құқығы түсінігі
Пәндер