Сәбилік шақтағы балалардың тілін дамыту


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Ерте сәбилік шақтағы балалардың тілін дамытуда қарым-қатынас маңызы.

2. Обективті бағытталған қарым-қатынас және түсіну, оның тіл дамытудағы ролі.

3. Сәбилік шақтағы балалардың тілін дамыту сабақтарының әдістемесі.

Сәбилік шақтағы балалардың тілін дамыту

Екі-үш жастан бастап ойын-мектеп жасына дейінгі баланың жетекші әрекетіне айнала бастады. Бұл топтағы балалар ойынның негізгі мазмұны ойыншықтармен және ойыншықты алмастыратын заттармен әрекет ету. Ойынды ойнау уақыты шектеулі. Олар бір-екі рөлді және қарапайым сюжетті ойындар ойнаумен уақыты шектеледі. Ережелі ойындар бұл жаста жаңадан қалыптаса бастайды.

Баланың бейнелеу іс-әрекеті бұл жаста жаңадан қалыптаса зат туралы түснігіне тәуелді. Кейбір балалардың заттарды бейнелеуінде жекелеген бөліктер жетіспесе, кейбір суреттер бһліктерді біршама толық бейнелейді. Сондай-ақтүстерді қолдануға қызығушылығы пайда болады.

Сәбилердің ұсақ саусаққимылдарын дамытуда мүсіндеудің маңызы зор. Олар ересек адамның басшылығымен қарапайым заттарды мүсіндеп жасай алады. Жапсыру бала қабылдаудың дамуына оң ықпал етеді. Бұл жастағы балалар жапсырудың өте қарапайым түрлерінің бірі желімсіз жапсыруды ғана орындай алады.

Сәбилердің құрастыру әрекеті- үлгі бойынша және өз ойынан жеңіл құрастыруды құрастырумен шектеледі. Осыжас кезеңінің аяғына таман сәбилер заттардың бес түрін формаларын және жетіге жуық түстерді қабылдай алады, заттарды көлеміне қарай саралап топ бөлмесі кеңістігінде және бала-бақша ішінде бағдар жасай алады.

Зейін мен есі дами түседі. Ересек адамның өтініші бойынша 3-4 сөзді және 5-6 заттың атын есіне сақтай алады. Осы жас кезеңінің аяғына таман өзі ұнататын шығарманың елеулі бөлігін есіне сақтауға қабілеті жетіп қалады.

Көрнекі-әрекеттік ойлауы дами түседі. Заттар арасындағы көрінбейтін байланыс пен қарым-қатынасты түсіне алатын дәрежеге жете бастайды. Сәбилердің өзара қарым-қатынасы ойын әрекетінде айқын көрінеді. Сәбилер қарым-қатынасқа белсене түсіп, қатар ойнағанды ұнатады.

Отбасында және бала-бақшада жүргізілетін жұмыс
Уақыт
№:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

Отбасында және бала-бақшада жүргізілетін жұмыс:

Отбасныда: тұру, жуыну, киіну, бала-бақшаға дайындалу

Бала-бақшада: қабылдау, тексеру, қарау,

Ойындар ертеңгілік жаттығулар

Ертеңгі тамақ

Ойындар тәрбие жұмысына дайындық

Сабақтар

Серунеге дайындық

Серуендегі ойын, бақылау, еңбек, өз бетімен жұмыстар

Серуеннен оралу

Түскі тмаққа әзірлік. Тамақ

Күндізгі ұйқыға жатқызу. Ұйқы

Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу, шынықтыру шаралары

Бесін тамақ

Тәрбие жұмыстары, ойын-сабақ

Серуенге дайындық

Серуендегі ойын, еңбек, бақылау

Серуеннен оралу

Кешкі тамақ

Ата-аналармен жұмыс, үйге қайту

Отбасында: серуендеу, мәдени-гигиеналық дағдылар

Уақыт:

Ерікті

7ºº-8³º

8³º -9 ºº

Сәбилердің бірінші тобына арналған базистік оқу жоспары

Тәрбие жұмысының түрлері
Апталық жүктеме\ сабақтар саны \
: 1
Тәрбие жұмысының түрлері: Тіл дамыту, балалар көркем әдебиетімен таныстыру
Апталық жүктеме\ сабақтар саны \:
: 2
Тәрбие жұмысының түрлері: Айналадағы әлеммен танысу, экологиялық тәрбие
Апталық жүктеме\ сабақтар саны \:
:
Тәрбие жұмысының түрлері: Бейнелеу өнер
Апталық жүктеме\ сабақтар саны \:
: 3
Тәрбие жұмысының түрлері: Сурет салу
Апталық жүктеме\ сабақтар саны \: 1
: 4
Тәрбие жұмысының түрлері: Мүсіндеу (көркем құрастыру мен жапстырма сенсорлық тәрбие жөнінен дидиактикалық ойындар арқылы жүргізіледі)
Апталық жүктеме\ сабақтар саны \: 1
: 5
Тәрбие жұмысының түрлері: Сенсорлық тәрбие (дидактикалық ойындар арқылы жүргізіледі)
Апталық жүктеме\ сабақтар саны \: 1
: 6
Тәрбие жұмысының түрлері: Музыка
Апталық жүктеме\ сабақтар саны \: 2
: 7
Тәрбие жұмысының түрлері: Дене тәрбиесі
Апталық жүктеме\ сабақтар саны \: 2
:
Тәрбие жұмысының түрлері:

Жиыны

Варнативтік бөлік

Балалардың мүдделері және таңдауы бойынша сабақтар

Барлық апталық жүктеме

Сабақтардың ұзақтығы

Апталық жүктеме\ сабақтар саны \:

9, 0

10

10-12 мин

Базистік оқу жоспарына сәйкес апталық жұмыс кестесі

Апта

күндері

Мемлекеттік стандарт бойынша
Кіріктірілген кестесі
Вариатитік бөлік
Аптакүндері: Дүйсенбі
Мемлекеттік стандарт бойынша:

1. Тіл дамыту 1, 5

2. Сурет-1, 0

Кіріктірілген кестесі:

Тіл-халық қазынасы -тіл дамыту-1, 0

-сурет\мүсіндеу\-0, 5 -дене тәрбиесі-0, 5

Вариатитік бөлік:
Аптакүндері: Сейсенбі
Мемлекеттік стандарт бойынша:

1. Сенсорлық тәрбие-1, 0

2. Дене тәрбиесі-1, 0

Кіріктірілген кестесі:

Ойна да ойлан

-сенсорлық тәрбие-1, 0

-айналамен таныстыру, экология 0, 5

Вариатитік бөлік:
Аптакүндері: Сәрсенбі
Мемлекеттік стандарт бойынша:

1. Айналамен таныстыру, экология 0, 5

2. Ән - күй-1, 0

Кіріктірілген кестесі:

Әуенді қимыл-қозғалыс

-дене тәрбиесі -1, 0

-музыка -1, 0

Вариатитік бөлік: -айналамен таныстыру, экология 0, 5
Аптакүндері: Бейсенбі
Мемлекеттік стандарт бойынша:

1. Мүсіндеу -0, 5

2. Дене тәрбиесі-1, 0

Кіріктірілген кестесі:

Өнер көзі - халықта

-сурет-1, 0

-мүсіндеу, құрастыру,

-жанастыру-0, 5

-дене тәрбиесі -0, 5

Вариатитік бөлік:
Аптакүндері: Жұма
Мемлекеттік стандарт бойынша:

1. Көркем әдебиет-0, 5

2. Ән - күй -1, 0

Кіріктірілген кестесі:

Имандылық тәрбиесі

-көркем әдебиет-0, 5

-музыка-1, 0

Вариатитік бөлік: Көркем әдебиет-0, 5
Аптакүндері: Барлығы
Мемлекеттік стандарт бойынша: 9, 0
Кіріктірілген кестесі: 9, 0
Вариатитік бөлік: 1, 0

СӘБИЛЕРДІҢ БІРІНШІ ТОБЫНА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАЗМҰН

Тіл халық қазынасы

Сәбилердің бірінші тобына(2-3 жас) сөздік қорын дамыту, сөздік дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге, сөйлем мүшелерін қолдана білуге, тәрбиеші қойған сұрақты түсініп, толық жауап беруге, диалог түрінде сөйлеуге, өзіне таныс ойыншық, тағам, киім- кешек, балабақша қызметкерлері туралы, кім не істейтіні жайында айту үйретіледі.

Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Үш жасқа қараған балаларды тәрбиешіні таңдап, өзіне қойылған сұрақтарға диалог түрінде жауап беруге үйрету, олардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру көзделеді.

а) Айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту. Ол сөздерді күнделікті сабақта, сабақтан тыс сөзбе - сөз қарым - қатынас кезінде өздігінен дұрыс айта білуге төсілдіру. Тәрбиеші ұсынған затты тауып әкеліп көрсету, атын сөзбен атап айту.

ә) Заттың атын іс - қимыл әрекетін (етістік) білдіретін сөздерді үйрету (жуды, ішті, киді, ұйықтады т. б. )

б) Заттың сынын, сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгеру ( үлкен, кіші, домалақ, қара, қызыл т. б)

в) Үстеу сөздері ( алыс, жақын, жоғарыда, төменде, қасында, үстінде, астында т. б ) қосып айтуға үйрету.

Сөз дыбыстары ( а, ш, у, м, о, в, я т. б. ) дұрыс, анық айтуға, сөйлеу мүшелерін дұрыс қолдана білуге жаттықтыру. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрету.

Граматикалық жағынан дұрыссөйлеуге үйрету. Зат есімге іс - әрекетті білдіретін сөздердіқосып сөйлем құрату. Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше көпше ( менің добым, біздің ойыншықтарымыз) айтуға үйрету. 3-4 сөзден тұратын сөйлем құрату.

Байланыстыра сөйлеуге үйрету. Күнделікті сабақта естіген, білген, ойын, серуен, кезінде көрген - түйгенін, сурет және оқылғпн ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша айта білуге төсілдіру. Жыл аяғында 3-4 сөйлемдік әңгіме құрастыра білу. Оқу жылы бойында меңгертілген білім дағдыларды ойын - жаттығулар арқылы қайталап, естеріне түсіру.

Ойна да ойлан.

Ақыл - ой тәрбиесінің негізгі бір саласы - қарапайым матиматикалық ұғыдарды меңгерту мәселесі қарастырады. Сәбилердің бірінші тобынан басталатын сезім, түйсік, қабылдау сияқты психологиялық процестерді жетілдіру негізгі міндеттердің бірі. Осыған орай, айналадағы дүниені, табиғат көріністерін, ойыншықтарды бақылатып, көрсету, ол жөнінде сөйлесу арқылы екіден үш жасқа қараған балалар заттың түр-түсін, пішінін, кеңістікте орналасу қалпын танып қабылдауға үйретіледі. Олар алты түрлі ( ақ, қара, сары, көк, қызыл, жасыл) түстерді, бес түрлі пішінді (дөгелек, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, сопақша) және «көп» «аз» туралы сандық ұғымдарды меңгерту. Дұрыс атап айтуға үйренеді. Бірыңғай заттарды түр-түсіне, пішініне, көлеміне қарай ажыратып, топтастыруға ( үлкен-кіші ағаш тстағандар), кеңістікте орналастыра білуге, бұзылған мұнаралардың дөгелектердің түсіне, көлеміне қарай салыстыруға ( бес түрлі қасық, дәл сондай түске боялған тостағандар) ; Ұқсас және айрықша белгілерін ажырата айтуға ұқсастығына қарай топтастыра білуге үйретеді.

Алғашқы санау ұғымдары сәбилердің бірінші тобынан бастап, айналадағы заттар туралы сезім әрекетін қалыптастыру арқылы жүргізіледі. Бұл жастағылар кейбір заттьң қасиетін (қатты, жұмсақ, түсін (бес түрлі) кеңістікте орналастыру бағытын ( оң, сол, жоғары, төмен, ) «көп», «аз» сияқты жалпы санау ұғымдарын меңгере бастайды.

Әуенді қимыл-қозғалыс

Бағдарламада тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру көзделетіндіктен бұрын жеке бөлім болып келген дене тәрбиесімен музыка бөлімі біріктіріліп.

«Әуенді қимыл-қозғалыс» деп алынды. Балабақшада 5 күндік апта ішінде өткізілетін тәрбие жұмысында біртұтас күн тәртібінің барлық кезеңінде әуенді қимыл- қозғалыс қолданылады.

Сәбилердің бірінші тобында орындалатын негізгі қимыл - қозғалыстар: жүру, жүгіру, секіру, допты домалату, лақтыра білу, қағып алу, еңбектеу, өрмелеу, тепе-теңдәк сақтау. Қол - аяқ, кеуде бұлшық еттерін дамытатын жаттығуларды әуен ырғағына үйлестіре орындауға, арнайы өтілетін сабақтарда музыканы таңдау, жеке және қосыла ой айтуға, музыкалық ойын сәттерінде әуен сазын түсініп, сәнді қимылдар жасай білуге үйретіледі.

Дене тәрбиесіне қажетті құралдарыды ( доп, шеңбер, секіртпелер т. б) орынды пайдалана білуге үйретіледі. Балабақшадағы дене тәрбиесінің негізгі құралдары ретінде бұрын жарияланған бағдарламада жалпы дене жаттығуларының мына түрлері берілген:

  1. Гимнастика: негізгі қимылдар, сапқа тұру, бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар, би қимылдары;
  2. Қимылды және спорт ойындары;
  3. Жаттығулардың спорттық түрлері: ( сырғанау, шаңғы тебу, шана тебу, қазақша күрес, жүзу жаттығулары) ;
  4. Жаяу жүру, балабақша ауласынан тыс жерге серуендеу.

Өнер көзі - халықта

Баланы жан-жақты дамыта тәрбиелеуде айрықша орын алатын тәрбиенің бір түрі сәбилер тобын көркемдік сезімталдыққа, талғампаздыққа баулып өнерге қызықтыру. Сәбилердің бірінші тобында жапсыруға дайындық ретінде желімсіз жапсыру жұмыстары ұйымдастырылады. Желімсіз жапсыруға үйретуде әр түрлі пішіндерді кеңістікте қағаз бетіне немесе фланелеграфта орналастыра білу түстерді ажырату, көлем мен пішін, салыстырмалы көлем жайындағы түсініктерді жетілдіріп, іс-әрекетпен шұғылдану дағдылары қалыптастырылады. Әр түрлі пішіндерді қағаздың ортасына, жоғары, төмен және шетіне орналастыру түсініктерін қалыптастыру қарастырылады. 3-4 дайын қиылған заттарды, жылдың аяғына 4-5 заттарды орналастыру керек түстерді ( қызыл, жасыл, көк, ақ ) ажырата білуге баулу. Бұл топта жапсыруға үйрету дидактикалық ойындар түрінде өткізіледі. Мұндай қызықты тапсырмаларды балалар тәрбиешінің тікелей басшылығымен орындайды. Желімсіз жапсыруға үйрету екінші тоқсанда басталып, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері қолданылады.

Сәбилердің бірінші тобында сурет салуға қызығуға, түрлі пішіндермен бояу түстері танып, сезінуге, суреттің белгілі бір затқа ұқсастығын түстің белгілеріне немесе тәрбиеші қолының қимыл-қозғалысына қарай ажыратуға үйрету көзделеді. Бейнелеу іс-әрекетіне қатысты құрал-жабдықтармен таныстыру (қағаз, қарандаш, қыл қалам, бояу) . Қағаз бетіне түсірілген сызықтарды бақылау. Қарандашты, қылқаламды пайдаланып, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай түзу сызықтар жүргізу. Үзік сызықтар мен нүктелер түсіру. Қарандаш солданфломастер айшықты із қалдыратын түсіндіру. Фломастеремен сурет салып болған соң қақпағын жабуға жаттықтыру. Дөңгелек пішіндер сызуға жаттықтыру (доп, күн, буырсақ) . Бояумен жұмыс істеген қағазға анық жол түсіретін көрсету бояу түстерімен таныстыру. Өздері айналысқан бейнелеу әрекетіне қуанышты көңіл-күй сезімін туындату.

Мүсіндеуге қызықтыру, саз балшықпен таныстыру (жұмсақ, иілгіш) оны ұқыпты пайдалануға жаттықтыру (клеенка, тақтайшаға салу) . Кесек сазбалшықтан бір бөлік үзіп алу, алақан арасына салып, айналдыру, есу, жалпақтау арқылы қарапайым заттардың пішінін келтіру. Екі түрлі пішіннен тұратын ( саңырауқұлақ, қолшатыр) заттарды жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Жасалған заттардың түр- түсі, пішіні жайында әңгімелесу, мүсіндеу жұмыстары барысында, қол, йық, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру. Заттардың кейбір белгілерін ажырата білуге салыстыруға жаттықтыру (қоянның құлағы ұзын, кірпінің тікендері бар) .

Имандылық инабаттылық тәрбиесі.

Келші, келші балашым отбасы мүшелері жөнінде түсінік беру балаларға жаттығулар арқылы бесік жырын тыңдату.

Адамдық асыл мұрат. Әке-шешесін, әжесін, атасын тыңдауға, сыйлауға үйрету. «Саламатсыз ба», «Бола ма», «Рахмет», «Кешіріңіз», «Сау болыңыз» сөздерін пайдалануларын қадағалау. Балабақшада және мәдени дағдының қарапайым ережелерін оындауға үйрету.

Ақ дастархан. Сәбилерді тамақ ішер алдында қолды жуу, тамақты асықпай, төкпей-шашпай ішуге дастархан басында дұоыс отыру, өзін әдепті ұстауға, отбасы мүшелеріне алғыс айтуға үйрету.

БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУҒА ҚАЖЕТТІ ТАҚЫРЫПТАР ОТБАСЫ, ОЙЫНШЫҚТАР

Тіл дамыту, айналамен таныстыру. Тақырып жайында ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын байыту. Үй ішіндегі адамдардың атын атап үйрету: әке, шеше, ата, ана сөздерін тиянақтай, толықтыра меңгерту. Кім не істейді? Қайда? Қандай? Сұрақтарына жауап беруді үйрету. Диалог түрінде сөйлесе білуін жетілдіру. Өзі отбасы мүшелері туралы «Біздің үй ішіміз», «Бұл мен», «Менің әкем», «Әжеме көмектесемін», «Менің атам», «Отбасындағы мереке» т. б тақырыптарына суреттер көрсетіп, әңгімелесу, 3-4 сөйлемдік әңгіме құрастыру. Тәрбиешінің сұрақ, тапсырмаларын тыңдап, дұрыс орындауға сөйлем түрінде толық жауап беруге жаттықтыру.

Үй ішінде киетін, күзгі киімдер, оларды кім әпергені туралы әңгімелесу (көйлек, бешпет, камзол, тақия т. б ) Анасы, атасы не киетінін (ұзын көйлек, камзол, мәсі, кебіс, атасы- шапан, тақия, тымақ, етік т. б) олардан сұрап, әңгімелесе отырып түсіндіру. Дидактикалық ойын жаттығулар орындату.

Әдеби шығармалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың әдістемелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сәбилік шақтағы ерекшеліктері
Сәбилік шақтың ерекшеліктері мен оның маңызы
Ерте балалық шақтың жалпы сипаттамасы
Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі
Баланың мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы психологиялық кезеңдері
Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні
Ерте сәбилік шақта ісәрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуы
Ересек топтағы балаларға картинамен байланыстыра сөйлеудің тілінің дамуына әсері
СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz