Діни антропология пәні және мәні мен мақсаты



1. лекция.
Діни антропология пәні және мәні мен мақстаы.
1. Діни антропологияның ерекшеліктері..
2. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі діни антропологияның орны. .

2. лекция
1. Діни философияның бөліміндегі діни антропология
2. Діни антропологияның қалыптасуы

3 . лекция
Иудаизмдегі адам мәселесі
1. Иудаизмдегі адамның мәні мен мақсаты
2. Көне Өсиеттегі жаратушы мен адам арақатынасы
3. Көне Өсиеттегі адам табиғаты

4. лекция.
Индуизмдегі адам мәселесі
Жоспары
1. Индуизм дініндегі адам мен оның жаратылысы туралы
2. Индуизм адам мен әлем арақатынасы туралы

5. лекция.
Джайнизм іліміндегі адам мәселесі
Жоспары:
1. Джайнизм іліміндегі адам және оның табиғаты
2. Джайнизм іліміндегі адам жаны мен адам болмысы

6. лекция.
Сикхизмдегі адам мәселесі
Жоспары:
1. Сикхизмдегі адамдардың теңдігі
2. Сикхизмдегі адам табиғаты
Лекция мәтіні: Діни антрологиясы – ұлттық және әлемдік діндердегі адам және оныңжаратушылығы, қасиеттілікке қатысты түсінікте, сонымен қатар тилогия және діни философиядағы адамның шығуы мен бағыт – бағдары, адам өмірінің мән – мағынасы жөнінде діни ілімдік дәстүрлерге регізделген ілім.
Діни антологиясының ғылым ретінде оқытылул, әлемдік әлемдік және ұлттық діндер аясындағы адам және оның жаратушыға, қасиеттілікке қатынасы, сонымен қатар адамның шығуы мен мақсаты, адам табиғатының тіршілігімен мәні туралы түсінік пен ұғымдарды танып білуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күнде адам мәселесі, адам табиғатымен дүниедегі орны, адамның рухани әлемі, жаратушы мен адам ара қатынасы сенім мен білім маңызы өмірдегі маңызды тақырыптарды зерделеп зеріттеу уақыт талабы. Елімізде ұлт аралық пен дін аралық келісім мен төзімділік антрологиялық мәселелерді көтеру мен шешумен ұштасып жатыр.
Бұл пәннің мақсаты – елімізде гуманитарлық білімнің жаңа жағдайында дін тану пәндерін оқытуды ғылыми әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
Антралогия (грек сөз antropos - адам) ашып айтқанда философия және теология ғылымдарының көмегімен, теориалық жағынан толық қанды зеріттелген ілім. Антрология саласын түрлі жағынан зеріттелгенін көреміз, - ғылыми, философиялық және теологиялық. Бұлардың әрқайыссының іштей зеріттеу әдістері бар. Олардың барлығының да негізгі мақсаты “адам” олардың өз саласына қарай тек зеріттау әдістерін ғана өзгертеді. негізгі мақсаты адам туралаы ілімді толығымен зеріттеп тану. Оның физикалық материалдық нәрселерімен қоса рухани танымдық мәселесін, толыққанды зеріттеу осы антрологияның міндеті болып табылады. Ол өзіндік қийыншылыққа толы бір сала болып табылыды. Барлық діндерде дерлік антопологиялық ьастауы , түсінігі бар және оқытылады. Адамның тағдыры мен табиғаты құдайға деген сенімімен тікелей байланысты.
Дін антропологиясында антропологияны теориялық түрде екіге бөліп қарастырады.
1) этнологиялық және философиялық.
Діни философиялық антропология етіп бөлінеді. Қ.И. Некеновтың тұжырымдамасы бойынша теологиялық антропологиялық міндеттілігі жағынан философиялық антропологиямен бірдей барлық діндерде адам баласы үшін екенін білеміз, және келген иләһи кітаптарда адам баласы үшін келген. Мұндағы айтылған мәселелерді адамға айтылғандығын барлық діндарлар түсіндіруге тырысып бағады. Әлемдік діндерде және құдайлық діндерде жартушы жаратылған олатға өз әмірін, тыйымдарын оларға қайдан келгенін, қайда бартынын, не істеу керектігін сонымен қатар адамның жаратылуындағы мақсатын, міндеттері туралы толық мәлімет беріп отырған.
Адам –жеке адам және тұлға ретінде.
Адам жалпы ұғым ретінде нақты индивидтерден тұрады. Адам жер бетіндегі тірі организмдердіңт дамуының ең жоғарғы түрі еңбек процесінің субьекті, ой-санасы мент сөйлеу тілі бар биопсихәлеуметтік жан. Индивид (латынша –“жеке адам”) қоғамның мүшесі-жеке адамды білдіреді. Жеке адам жалпы адамзаттың нақты өкілі, жеке, дарасы. Көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа жалпы тән қасиет, келбет болу керек. әлеуметтік болмыс деңгейінде және әлеуметтік теория тұрғысынан адам проблемасы жеке адам және тұлға ұғымдары арасындағы қарым-қатынас проблемасына айналады, яғни биологиялық жаратылысы жағынан адам ең алдымен жеке адам, ал әлеуметтік жаратылысы жағынан тұлға болып табылады.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
1- лекция. Тақырыбы: Діни антропология пәні және мәні мен мақстаы.

Жоспары: 1. Діни антропологияның ерекшеліктері..
2. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі діни
антропологияның орны. .

Лекция мақсаты: Бүгінгі күнде адам мәселесі, адам табиғаты, адамның
рухани әлемі, жаратушы мен адам ара қатынасы жөніндегі ойларды ашып көрсету
және әлемдік және ұлттық діндердегі адам орнын анықтау.

Лекция мәтіні: Діни антрологиясы – ұлттық және әлемдік діндердегі адам және
оныңжаратушылығы, қасиеттілікке қатысты түсінікте, сонымен қатар тилогия
және діни философиядағы адамның шығуы мен бағыт – бағдары, адам өмірінің
мән – мағынасы жөнінде діни ілімдік дәстүрлерге регізделген ілім.

Діни антологиясының ғылым ретінде оқытылул, әлемдік әлемдік және
ұлттық діндер аясындағы адам және оның жаратушыға, қасиеттілікке қатынасы,
сонымен қатар адамның шығуы мен мақсаты, адам табиғатының тіршілігімен мәні
туралы түсінік пен ұғымдарды танып білуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күнде адам мәселесі, адам табиғатымен дүниедегі орны, адамның
рухани әлемі, жаратушы мен адам ара қатынасы сенім мен білім маңызы
өмірдегі маңызды тақырыптарды зерделеп зеріттеу уақыт талабы. Елімізде ұлт
аралық пен дін аралық келісім мен төзімділік антрологиялық мәселелерді
көтеру мен шешумен ұштасып жатыр.

Бұл пәннің мақсаты – елімізде гуманитарлық білімнің жаңа жағдайында
дін тану пәндерін оқытуды ғылыми әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.

Антралогия (грек сөз antropos - адам) ашып айтқанда философия және
теология ғылымдарының көмегімен, теориалық жағынан толық қанды зеріттелген
ілім. Антрология саласын түрлі жағынан зеріттелгенін көреміз, - ғылыми,
философиялық және теологиялық. Бұлардың әрқайыссының іштей зеріттеу
әдістері бар. Олардың барлығының да негізгі мақсаты “адам” олардың өз
саласына қарай тек зеріттау әдістерін ғана өзгертеді. негізгі мақсаты адам
туралаы ілімді толығымен зеріттеп тану. Оның физикалық материалдық
нәрселерімен қоса рухани танымдық мәселесін, толыққанды зеріттеу осы
антрологияның міндеті болып табылады. Ол өзіндік қийыншылыққа толы бір
сала болып табылыды. Барлық діндерде дерлік антопологиялық ьастауы ,
түсінігі бар және оқытылады. Адамның тағдыры мен табиғаты құдайға деген
сенімімен тікелей байланысты.
Дін антропологиясында антропологияны теориялық түрде екіге бөліп
қарастырады.
1) этнологиялық және философиялық.
Діни философиялық антропология етіп бөлінеді. Қ.И. Некеновтың тұжырымдамасы
бойынша теологиялық антропологиялық міндеттілігі жағынан философиялық
антропологиямен бірдей барлық діндерде адам баласы үшін екенін білеміз,
және келген иләһи кітаптарда адам баласы үшін келген. Мұндағы айтылған
мәселелерді адамға айтылғандығын барлық діндарлар түсіндіруге тырысып
бағады. Әлемдік діндерде және құдайлық діндерде жартушы жаратылған олатға
өз әмірін, тыйымдарын оларға қайдан келгенін, қайда бартынын, не істеу
керектігін сонымен қатар адамның жаратылуындағы мақсатын, міндеттері туралы
толық мәлімет беріп отырған.
Адам –жеке адам және тұлға ретінде.
Адам жалпы ұғым ретінде нақты индивидтерден тұрады. Адам жер бетіндегі
тірі организмдердіңт дамуының ең жоғарғы түрі еңбек процесінің субьекті, ой-
санасы мент сөйлеу тілі бар биопсихәлеуметтік жан. Индивид (латынша –“жеке
адам”) қоғамның мүшесі-жеке адамды білдіреді. Жеке адам жалпы адамзаттың
нақты өкілі, жеке, дарасы. Көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа
жалпы тән қасиет, келбет болу керек. әлеуметтік болмыс деңгейінде және
әлеуметтік теория тұрғысынан адам проблемасы жеке адам және тұлға ұғымдары
арасындағы қарым-қатынас проблемасына айналады, яғни биологиялық жаратылысы
жағынан адам ең алдымен жеке адам, ал әлеуметтік жаратылысы жағынан тұлға
болып табылады.
АЛ ТҰЛҒА –дегеніміз жан-жақты жетілген,кәмілетке жасы жеткен адам
,жәнеде өз ісіне-өзі жауап бере алатын адам.Яғни тұлға дегеніміз
әлеуметтендірілген жеке адам.
Тұлға – іс-әрекетінің, қарым – қатынастық, сана мен өзіндік
сананың , дүниеег көз қарастың субьекті. Жалпы айтқанда, тұлға ұғымы
адамның әлеуметтік-психологиялық мәнін білдіреді. Тұлға адамның ішкі
адамдық қасиеттерінің тұтастығының көрсеткісі-ішкі тұтастықсыз тұлға жоқ.
Адамның дамуы мен қалыптасуы туралы осы уақытқа дейін әртүрлі
пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келді. Атақты Грек
философтары Плотон мен Аристотель адамның дамуын, алдын – ала тағдыр
белгіленген тұқын қуалаушылық табиғатынан деп дәделдеді.Аристотнль мұны
табиғаттың “заңы”деді. Көптеген ғалымдар жеке адамның дамуында тұқым
қуалаушылық жетекші роль атқарады деп таниды.Адам жөніндегі барлық
ғалымдарда ең басты мәселе-жеке адамның дамуы және ол дамуының көзімен
ықпал күштері. Негізгі даму дегеніміз жеке адам сапалары мен
қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның жеке адам болып
дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық ондағы сапалық өзгерістер. Ал
қалыптасу – ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен
тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемленуі.

Бақылау сұрақтар:
1. Діни антропологияның пайда болуы.
2. Діни антропология принциптері.
3. Діни антропология обектісі.

2- лекция

1. Діни философияның бөліміндегі діни антропология
2. Діни антропологияның қалыптасуы

1. Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың
екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау
ортағасырлық христиан философтарының, мүсылман теологиясының құдайтанушылық
ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы
формасы деп айтамыз. Теология қүдайтану жолында тек догма ғана емес,
философиялық түрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік,
әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды
пайдаланады. Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстану
деректерімен Құдайды тану идеяларын жаңартуда. Сондықтан Қүдайтану
формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз
байланысты. Дінтанудың негізгі пэні дін болғандыктан, діни көзкарас тікелей
философиялық көзқараспен тығыз байланысты болғандықтан, дінді діни
философиялық пәнге де айналдырып қарастырады. Соның салдарынан діни
философия мен философиялық дін дінтанудың ең негізгі теологиялық түрғысы
болып есептеледі. Дінтанулық көзқарас бойынша, қандай да бір дін болмасын
тарихтан тыс қүбылыс ретінде емес, керісінше оны тарихи, коғамдық ақылмен
түсіндіруге болатын қүбылыс ретінде қарастырады. Екінші жағынан, дінтану
XIX гасырдың екінші жартысында ғалымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалана
отырып, эсіресе қандай да бір гылыми жаңалықтың дүниетанымдық әдістемесіне
сүйене отырып дамыды. Осының арқасында дінтану ғылымның бір саласы
ретінде калыптасты. Ондай бастаудың шыңында түрган адамдар Э.Тайлор (1832-
1917), Дж.Фрезер (1854-1941) болды. Э.Тайлор болса өзінің Алгашқы
мәдениет атты фундаментальды монографиясында жэне Дж.Фрезердің көп томдық
Алтын бүта атты еңбектерінде дінді гылыми, теориялық жэне эмпирикалық
түрғыдан зерттей бастады. Бүлардың еңбектері ескі сенімдер мен мифтерді,
алғашқы ойлау жүйесін зерттеуге ғылыми эдістемесін қолдануы еді. Бұндай
бетбүрыстағы ғылыми еңбектерді М.Мюллердің 1856 жылы шыққан Салыстырмалы
мифология атты еңбегінен де көреміз. Қазіргі дінтанудың ішіне бірнеше
жекелеген бөлімдер кіреді: тарихи дінтану, дін философиясы, дін
социологиясы, дін психологиясы, дін антропологиясы және т.б.
Осылайша әр түрлі көзқарастарды жинақтап, екі топқа бөліп карастыруға
болады: дін адам санасының жемісі ме, жоқ, санадан тыс, адам ақылынан биік
нәрсе ме? Философия лық тілмен айтқанда, дінге иррационалды (санаға
сыйымсыз, логиканың заңына бағынбайтын) және рационалды (зерделі, санаға
сыйымды) түрғыдан анықтама берүге болады.
Теологиялық анықтама бойынша, Қүдай - реалды күш және адам өзінің өмір
сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Дін дегеніміз - Құдай мен адамның
кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.се: religiaze) -
байланыстыру сөзі арқылы анықталады дейді. Олардың айтуы бойынша, дін
деген үғым - Қүдайдан келетін түсінік. Дін арқылы адам Қүдаймен байналыс
жасайды. Теологиялық көзқарас бойынша діннің не екенін былайша анықтайды:
теология Қүдай тураль білім болғанымен, теология Қүдайдың болмысын
зерттемейді, ол Құдайдың өсиетін зерттейді. Ол өсиетті күмәнсіз сенуге,
қабылдауғ: шақырады. Сондыктан, теология дегеніміз Қүдай туралы ілім емес,
ол -Қүдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім. Басқаша, теология.
Құдайдың сөзі емес, ол Қүдайдың сөзі туралы сөз болғандықтан, теология
адамның ақылын, ой-парасатын Қүдайдың өсиеттерін түсіндіру үшін қолдану
керек екенін көрсетеді. Осыдан, теологияның өзі догма емес, дамитын ғылым
есебінде қарастырылады. Теология арқылы адамның ақыл жолдары, логикалық
көзқарастары сол бір биік сенімге, қүдіреті күшті сенімдерге қарай бой
ұрғандықтан, ол адамның сенімін, ой-өрісін жогары дәрежеге көтерді. Басқаша
айтқанда, Сенетін сенімді, сенім арқылы сендіру - деп түсіндіреді.
Философияның тарихы адамның мәні жайындағы түрліше ой-пікірлерге толы. Осы
түрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе де
болады, өйткені философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам
жөніндегі, оның дүниеде алатын орны мен атқаратын қызметі туралы ой-
толғауларынан туған.
Шынында да адам даген не? Былай қарағанда, бүұл аса қарапайым сұрақ сияқты.
Адам дегеннің не және кім екенін кім білмейді? Ересек адам түгілі, бала да
білетін сияқты оның не екенін, ал оның ішкі мәніне үңілс қараса, одан
күрделі ұғымдар шамалы сияқты: оның мазмұнына терең үңілген сайын, онын
құпия сыры мен мәні күрделілене, тереңдей түсетін көрінеді.
Ертсде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық қызық құпия жоқ депті.
Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз
зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды.
Бірақ жеке ғылымдардың адам туралы нақты білімдерін жай қоса салғаннан ол
жөнінде біртұтас жүйелі білім шықпайды. Сондықтан философия әрдайым адамның
мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың
көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын, оз
тағдырын "жасау" мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты. Адамды танып
білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: "Өзіңді-өзің тани біл", —
деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырымдауға болады.
Антик заманының философиясында адам көбінше ғарыштың бір бөлігі, жоғарғы
бастама — тағдырдың адамдық көрінісі ретіндегі өзінше бір микрокосм түрінде
түсінілді. Адамның философиялық ұғымының көптеген принциптері сонда
қалыптасты: Милет материалистері адам мен дүние іштей табиғи байланыста деп
түсінген болса, көптеген басқа философтар адамды мәдениетті жасаушы,
табиғатқа еліктеп, ондағы бар нәрселерді ғана емес, сондай-ақ табиғатта
бұрын болмаған жаңа нәрселерді жасаушы жан ретінде сипатталады. Адамның
өзіне тән айырықша табиғатын айқындайтын ерекшелігі ретінде оның ақыл-ойын,
мәдениетті жасау қабілетін атап көрсетті.

Тейярдизм. Католицизм философиясының негізгі жаңа ағымына Тейярдизмді
жатқызамыз. Бүл ағымның басында П.Тейяр де Шарден (1881-1955) тұрады. Ол
атақты палентолог, археолог, биолог болса да діни-философиялық мәселе оның
негізгі ілімдік көзкарасы болды. Ол әлем туралы және адам туралы
ортодоксалды томистік көзкарасқа қарсы болды. 60-шы жылдары оның
модернистік көзкарастары көптеген діни ағымдарға әсерін тигізді.
Тейярдың философиялык категориясы эволюционизм, осы үғым бойынша
өзінің негізгі философиялык принциптерін дамытты. Оның айтуынша, әлем
үздіксіз карапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға дамып, өзгеріп отырады.
Сан салаға өзгеріп отыру процесінде жан пайда болған сапалық өзгерісті
секіртпелі деп айтуға болады. Әрбір секіртпелік өзгеруді этап деп
көрсетсек, алдыңғы этап соңғы этапты жокка (отрицание) шығару алқасына,
соңғы этап эволюциялық жокка шығару дейміз. Эволюция белгілі бір нүктеден
басталады, оны Альфа нүктесі деп айтамыз. Әлемнің ең бір киын қиыстау
нүктелік дамуы келесі этаптан тұрады: неорганикалық табиғат (өмірдің шығу
алды), органикалық материя (өмір), рухани әлем (ақыл, ноосфера) және Құдай
(Омега нүктесі). Тейяр үшінші этаптык дамуға үлкен көңіл бөледі. Бүл этап
адамның шығу және дамуынан тұрады. Сондықтан адам эволюцияның биологиясы,
бірақ өткен этаптармен тығыз байланысты. Бұл этап осы әлемде айрықша орын
алады, себебі осы деңгейде әлемнің дамуы ең шыңына жетеді, рух, ақыл, ой
пайда болады.

3 – лекция

Иудаизмдегі адам мәселесі

1. Иудаизмдегі адамның мәні мен мақсаты
2. Көне Өсиеттегі жаратушы мен адам арақатынасы
3. Көне Өсиеттегі адам табиғаты

Лекция мақсаты: Иудаизмдегі адам мәселесі мен және жаратушы арасындағы
қатынасты анықтау.
Лекция мәтіні:

Иуодизмде адамның сөздік мағынасы тері, табат, ьет, жүз деген мағыналарға
келеді. Худилікке адам жаратылыс мәселесін қаснетті кітаптары Танох,
таураттың текфин бойынша жаратылыс оқиғалары алты күнді қамтиды. Яғни
әлемді алты күнде жаратқан.әлеммен бүкіл барлықтар бес күнде жаратылған.
Адам жаратылғанға дейін әрбір заттың дайын болуы қадағаланып отырды. Адам
әр затқа бейімделуші болып, ең соңынан пайда болған жаратылыс иесі. Және
сонымен жаратылу іс-әрекеті аяқталды. Бсақа бар нәрселер тек жақса деп
қарастырылса, адам жаратылысы үшін өте жоғары деңгейде айлылуы оның басқа
бар нәрселерден жоғары дәрежеде болғандықтан және аллаһтың жаратқандарының
ең кемелі екендігін көрсетеді. Адам жаратылысы және жәнәттағы өмір туралы.
Мәліметтер текфиннің екіші бөлімінде көрсетілген. Онда адам жаратылысы
уақыт дүниенің бостығы туралы оның жалғыздығы алғашқы пайда болғандығы
туралы айтылады. Адамды адам еткен рухани және және материалдық
құндылықтар. Сонда құдай адамды топырақтан жаратты оған дем үрледі. Сол
арқылы адам тірі болды. Адамды құдай өз бейнесіне сай етіп жаратты. Жер мен
көк арасындағы келіспеушілікті жою үшін жерден топырақ періштелерден рухті
біріктіріп адамды жаратқан Тауратта адамның құдай тарапынан жаратылғандығы
анық көрінеді. Бұған қарамастан кейбіряхудилердің арасында келіспеушіліктер
орын алаған Тармут,хилел, иама мектептері бұл мәселеде екі жарым жыл
тартысып келді. Иама мектебі адамдардың жаратылмағаналғашқыда бар
болғандығын айтада. Ал хили мектебі жаратылғандығын айтады. Ал Талмутшылар.
Алғашқы адам 20 жасында жаратылды оның балалығы болмаған адам деген
көзқарас болған. Тауратта адамның жаратылысы туралы мәләмет бар. Адамды
жаратқаннан кеиін құдай оған ( әйел және) серік етіп хауананы жаратады. Ол
алғашқы әйел және ана болып қалды, және адамға жұмақта көмекші ретінде
жаратты. Хауа ибраһим тілінде өмір деген мағынаны берелі.

Бақылау сұрақтар:
Иудазимдегі адам мәселесі.
Жаратушы мен адам ара қатынасы.

4- лекция. Тақырыбы: Индуизмдегі адам мәселесі

Жоспары
1. Индуизм дініндегі адам мен оның жаратылысы туралы
2. Индуизм адам мен әлем арақатынасы туралы

Лекция мақсаты: Әлемдік діндердегі адам тәні мен жанының орнын анықтау және
индузмдегі адам мәселесін ұлттық діндермен салыстыру.
Лекция мәтіні:
Индуизмде бір тұтас иерархиялық тіркеу ұйымы жоқ.Діни қауым жергілікті
храм маңайына бірікті. Индуизм қоғамды төрт негізгі әлеуметтік – діни тапқа
бөледі.
Горахмандар-абыздар, кшатрилер, әскерлер, Вайшьй-қолөнешілер мен
егіншілен және осы жоғарғы 3 топқа қызмет ететін шудралар.Брахмандар
индуистар қоғамында құдаймен байланыс орнатты. Кшатрилер халықты қорғаушы
қызмектінде болды.Вайшьйлер өз кезегінде қоғам қажеттілігі – заттар мен
өнімдер өндірілді.Ал шудралар қызметі міндетті болып саналды.Индуизмді
құдайлықтың адаммен қатынасы оның біртұтастығымен сараланады. Адамның бұл
аспекті оның көрнекті рухани бастамасымен байланысты.Ол “атман” деп атлады.
Бұл бастама батыраңқы әлемдік бастамамен тығыз байланысты. Мұнда адам
өмірінің басты мақсаты - әлемдік жаратылыстың біртұтас пайда болғандығы
туралы тар ойлаудан құтылу.Яғни надандықты жойып, әлем қалыптасуын ақиқат
білімімен анықтау.
Ойлы санамен ақиқат брахман мен атманды құрмттеу салтанаты – міне осы
жоғарғы қызмет. Бұл қызмет адам өміріне рахат әкеледі деп саналады. Дәл
осылай қалыптасқан упанишат өсиетін әкеледі. Мұнда индуизм қоғамында
маңызды орын алатын “прани түсінігі”-(әлсіз өмірлік энергия), “пруши” –
пракрити кеңістігіне қарма-қарсы рухани қағида, “кама”- себеп – салдар
тәуелділігі туралы заң”, “сансара” – жеке дара атманның түрлі денеде қайта
пайда болуы, өлім мен өмір кезегі. Упанишад өсиетінде адамның жаны ғарыштан
құйылып келген деп есептеледі, және бұл этикалық түсінік космологиялық
іліммен тығыз байланысты. Упанишад осы түрінде діни филасофиялық және аңыз-
ғұрып идел кешенінің байлығын көрсетеді.
Индуизмдегі адам мәселесі
Бұрынғы үнді рухани жазбаларының айтуынша бұл дүние Пуруши денесінен
тараған. Мұның әрбір денесінен пайда болған соның бірі Варндар (Бір
Махабхараттардың философиялық жазуы). Бұл дүниені екі Брахма жаратқан кейін
Варндар өздеріне билік алып өз жұмыстарын жалғастырған. Әрбір адамда
индуизмге сенімді денесінен басқа тағы бір дене бар. Солардың ішінде киелі
- Атман. Бұл адам өзінің мен деген, бұл өлмейтіндік және құрталмайтындық.
Тірі жандардың бәрі жаңа туылуға енгізілген.
Сансарлық билік - Дүниеге қайта жаратылуы мықты болған. Соның өзінде
адамның көбісі билік бермеген. Үнді әңгімелері бойынша аскет шынжырларын
жарып шығуы және қайта қайта жаратылуына кедергі беруі болатын, бірақ ол
алдын ала ойлану керек. Атман Брахмаға байлаулы. Брахма дүниеде ең мықты
ағза. Иога адамға кішкене болсада көмегін береді.

Индуизм. Адам тағдыры.
Адамның тағдыры көп адамдар ғалымдардан мынандай сұрақтармен келетін
Бұл адамның тағдыры маған тура келема, жаға ма, жақпай ма, бұл менің
жұмысым ба? Бұл менің өміріме жағатын болса, маған тек жақсы нәрсе керек:
қуаныш, көмек, ақша және бақыт т.б. Өкінішке орай бұл олай емес.
Мысалы: очки біздің тағдырымыздаға тура келетін сияқты бірақ ол жай
ғана очки. Дәрі-дәрмектерде солай. Дәл осылай тісімізге пломба істесек, ол
бізге қажет бірақ оның арқасында зиян келуі, тіпті өлім алып келуіде
мүмкін.
Шапалақ: Бір күні хан Акбар өзінің - жақсы жолдастарымен әңгімелесіп
отырған. Акбардың бір жағымсыз қызықтары болған ол үндемей отырып, бір
нәрсе істеп қалуы мүмкін. Бірақ ханнан сұрамайын Бұл неге мұны істеді, -
деп. Ол қасында отырған адамның бетінен бір шапалақ тастады. Ол ауласында
ең ақылды адам. Оның аты Бирбал. Бирбал тұрып-тұрып бір уақыттай не істерін
білмей барады да, қасындағы адам бетінен бір шапалақ берді. Бұл министірдің
бірі түсінбеді. Не болып жатыр?. Бұл жағы не ойын? Ұзақ ойланбай министр
қасындағы адамның құлағына бір шапалақ берді. Айтылуы бойынша бұл шапалақ
бүкіл елді айналып шықты. Түнгі уақытта Акбарды өзінің әйелі бір шапалақ
тастады. Ол сұрады: - Сен не істеп жатырсың? Ол жауап берді: - Мен
білмеймін айналамызда бәрі бір-бірін ұрып жатыр. Мені сенің үлкен әйелің
ұрды. Мен оған қайтара алмаған соң сені ұрдым. Өйткені ол менен үлкен ғой.
Қызық деді - Акбар менің шапалағым қайтып өзіме оралды.

Бақылау сұрақтар:
1. Инуизмдегі адам жаны мен болмысы туралы.
2. Адам мәні мен мақсаты.
3. Адам өмірі мен ажалы.

5- лекция. Тақырыбы: Джайнизм іліміндегі адам мәселесі

Жоспары:
1. Джайнизм іліміндегі адам және оның табиғаты
2. Джайнизм іліміндегі адам жаны мен адам болмысы

Лекция мақсаты: Джайнизм іліміндегі адам және оның табиғатын, болмысын ашып
көрсету

Лекция мәтіні:

Үндi философиясының маңызды ерекшелiгi ретiнде оның дiни
iлiмдермен тығыз байланыста болғандығын атауға болады.Үндi дәстүрi
бойынша дiни-философиялық мектептер екi топқа бөлiнедi:дәстүршiл
(астика немесе ортодокс) же дәстүрге қарсы (настика немесе
неортодокс).Астика бағыты Ведалардың абсолюттi рухани беделiн
мойындайды же брахманизмнiң (индуизмнiң)философиялық дәстүрiне
негiзделген.Ал настика Ведалардың беделiн қабылдамайды, локаята
материализмiне же жайнизм дiндерiне негiзделген.
1.Астика бағытына алты жүйе-даршандар(интеллектуалдық-
рухани iзденiстер) жатады:ньяя,вайшешика,санкхья,пурва -миманса,веданта же
йога.
Ньяя-(әдiс,тәсiл,ойтолғау)дiни-фило софиялық мектебi логикалық
мәселелермен айналысып,формалды логика жүйесiн жасады.Негiзiн салушы ньяя-
сутраның авторы Готама(б.д.д.III-II). Вайшешика-(ерекше)мектебi
философиялық психологиялық,болмыс же натур-философия мәселелерiмен
айналысып,атом теориясын(ану)жасаған.Ортағасырлард а ньяя же вайшешика
синкреттiк мектеп болып бiрiктi.Негiзiн салушы Канаде
данышпан(б.д.д.III-IIғғ)
Санкхья-(ойтолғау,сан,санақ)үндi дiни философиясының беделдi де
ықпалды мектебi.Пуруша(рух,сана) же пракрити(материя) категорияларын
негiздеген.Бұл мектептiң ойшылдары рух пен материя тең емес,рух материядан
толық азат етiлгенде түпкi мақсатқа(мокшаға) жетуге болады деп
түсiндiрген.Негiзiн салушы Капила(б.д.д.VIғ). Пурва-миманса-(бiрiншi
немесе айрықша қарастыру)мектебi ведалық дiни ғұрыптар мен құрбандық
шалу рәсiмдерiн негiздеу философиясы,эпистемология же тiл философиясы
мәселелерiмен айналысқан .олардың басты ерекшелiгi сансарадан құтылу
мәселесiн қарастырмауы.Негiзiн салушы миманса-сутраның авторы
Джаймини(б.д.д.IV-IIIғғ)
Веданта-(веданың аяқталуы)негiзiнен упанишадтарға түсiнiктеме
берумен шұғылданған.
Ведантаның басты идеялары Брахманың Бадаряна сутрасында
айтылған.Бiрақта кейiнгi дәуiрлерде упанишад мәтiндерiне түрлi
түсiнiктемелер негiзiнде үш бағыт пайда болды.
а.Адвайта-веданта(қосарлы емес веданта) негiзгi ұстанымы атман же
Брахманың жеке
мен же абсолютпен толық сәйкестiгi.Брахма ақиқат,ал дүние елес,рухтың
Брахмадан еш айырмасы жоқ.Адвайта-ведантаны кейде майя веда (елес
теориясы) деп атайды,өйткенi нақты әлем елес түрiнде
қарастырылады.Бұл жүйеге буддизм ықпалы күштi болған.Негiзiн салушы
Гаудапида же Шанкара.
б.Вишиштадвайта-веданта(шектеулi қосарлы емес веданта)атман
же Брахман әрi тең же қарсы деп түсiнедi.Әлем құдайдың эволюциясы мен
ашылуы нәтижесiнде қарастырылады.Негiзiн салушы Рамануджа.
в.Двайта-веданта(қосарлы веданта)өкiлдерi абсолют(құдай)пен рухтың
мәндiлiк айырмашылығын көрсетедi.Рух құдаймен тек шектеулi түрде ғана
бiрiгедi,толық бiрiкпейдi
деген пiкiрдi ұстанады.
2.Настика дәстүрi локаята iлiмi мен буддизм же жайнизм дiндерiне
негiзделген.Материализмдi дәрiптеп,таным мәселесiнде рационалдыққа
басымдық бередi.өмiрдiң мақсаты рахат кешiп ләззат алу деп түсiндiредi.
Джайнизм – Үндістанның ортоксальды емес философиялық
діни ілім жүйесі. Мұндай ілімдер қатарына: джайнизм және чарвака – локаята
жатады. Бұл екі ілім настика деп аталады. Себебі олардың жолын қуушылар
Ведалардың беделін жоққа шығарады немесе Ведаларға да, брахманизмге де
ортоксальды емес деп санайды.
Джайнизмнің Үндістан тарихында және оның
мәдениетінде алатын орны үлкен. Ал бұл мектеп б.з.д. ҮІ ғ. даналар
ілімдерінің негізінде пайда болды. Олардың бірі – Махавира (оның есімі
Вардхамана, шыққан тегі – Джнятри - путра), лақап аты – Джина (Жеңімпаз).
Хикая бойынша, ол отыз жасында үйінен кетіп, дәруіш жолына түскен. 12-14
жылдан кейін көзі ашылып, шындықты танып-біліп, енді өз уағыздарын жүргізу
үшін адамдардың ортасына қайтып оралады. Ол б.з.д. 526 жылдар шамасында
дүниеден өтті.
Аңызда қаңғыбас тақуаның уағыз айтқаны үшін қорлық көріп, жапа
шеккені айтылады. Бір күні ол қозғалмай (медитациямен), отырғанда
дұшпандары оның денесін тілгілеп, шашын жұлып, үстіне балшық жағып
тастыйды. Олар оның медитация қалпын бұзып, көтеріп алып, қайтадан жерге
лақтырады. Денесінің жарақаттанғанын, шыдатпай ауырғанына қарамастан, ол
қорлыққа шыдап отыра береді.
Алғашында Джинаның материалдық дүниеден ұлы мақсат – құтқарылу және
кармадан азат болу үшін бас тартқан шәкірттерінің саны бар жоғы он бір
болған. Ұстаздарының уағыздарынан ілім негізін қалап шығады. Біртіндеп
қауым құрамы оларды асырап бағып жүрген тақуа монахтар және қарапайым,
діндарлық өмірден алшақ адамдармен толыға бастады. Тақуалар абыздардың
бір тармағын – Джина ілімінің басты сақтаушылары мен түсіндірушілерін
құрады.
Джайнизм ілімін жазбаша түрде қағидаларға айналдыру б.з.д. ІҮ ғ., ал
кейбір деректер бойынша ІІІ ғ. Паталипутрада, Бүкіл дажйнилік жиында
іске асырылған.
Жиынның шешімін жұрттың бәрі қабылдай қоймады. Мойындалған жазбалар
мәтіндерді басшылыққа алғандар светамбарлар (ақ түсті киім кигендер) деген
атауға ие болса, ал оны қабылдамағандарға ол ат берілмеді. Яғни
сопылардың Джинаның өзі бардағы алғашқы қатаң мінез құлықтарын сақтап,
диганбарлар (ауа қармағандар, яғни жалаңаштар) деп аталды. Бұларды
бүгінде Үндістанда кездестіруге болады.
Бірақ бұл екі бағыт арасында қарама-қарсылық ешқашан болған емес. Оның
үстіне джайнилік жазулар джайнизм принциптерін сақтағандардың барлығын
джайналар деп санайды. Мысалы, бұл туралы джайнизмнің қазіргі замандағы
беделді тұлғаларының бірі, бұл дінінң Англия, АҚШ-та таралуын
ұйымдастырған Ашарья Шри Сушил Кумар былай дейді: Егер
кімде кім озбырлықты емес, сүйіспеншілікті, жанашырлықты, бейбітшілікті,
үйлесімділікті, бірлікті жүзеге асыратын болса, онда ол нағыз – джайн.
Джайнизмге бұру ммүкін емес, бірақ әркім өзінің әдет-дағдыларын , өзінің
санасын өзгерте алады.
Джайнизм дәстүрлі діни жүйеге мүлдем ұқсамайды. Және ол
Үндістанның әр жерлерінде пайда болған басқа діндерге қарағанда,
рационализмді бойына көбірек сіңірген. Онда мифология атымен жоқ. Барлығы
да жүйелі оймен байланысқан. Әдет-ғұрыптарға бағыну деген де жоқ.
Ведалардың қасиеттілігі, құрбандық шалу, абыздық жоққа шығарылған.
Ілімнің басты міндеті – тұлғаның тіршілік мәселелері. Оның
негізгі мазмұны – бұл этика, адамдарды құмарлықтардан азат ету. Ал
джайнизмнің мақсаты осындай азаттық мүмкін болатын өмір салтын
қалыптастыруға қол жеткізу болып табылады.
Джйнизм адамның жан дүниесіндегі басты нәрсе сананың дамуы деп санайды.
Адамдардың саналылық дәрежесі әр түрлі. Ол адамның жан дүниесінің өзін
тәнмен теңестіруіне байланысты. Жан дүниесінің табиғатында мүлтіксіз
екендігіне және оның мүмкіндіктерінің шексіздігіне қарамастан, жан
дүниесі (тәннің қыспағындағы) өткен өмірлердің, өткендегі іс
әрекеттердің, сезімдер мен ойлардың ауыртпалықтарын да көтеруге мәжбүр.
Жан дүниесінің шектеулігінің себептері, оның бір нәрсеге немесе біреуге
шын берілгендігінде. Құмарлық – құштарлықтарында жатыр. Бұл жерде білім
айрықша роль атқарады. Тек білім ған жан дүниесін, оның байланыстарынан,
материаядан азат ете алады.
Алайда, білім кеңірек түсіндіріледі. Ол өз құмарлықтарын жеңген және оған
басқаларды да үйрете латын рухани ұстаздар арқылы берілген.
Білім – бұл тек ұстазды тыңдап қана қою емес, сонымен бірге ол – дұрыс
мінез-құлық, іс-әрекеттер бейнесі.
Джайнизм этикасы бұл сопылық.
Джайндардың пікірінше, жан карманың одан бұрын немесе одан кейін пайда
болған өзгешеліктеріне толы. Бірақ олардың сенімінде карма – бұл өз мәнінде
адам ойланғанда немесе әрекет еткенде жинақталатын соншалықты жұқа
материя, кіп кішкентай түйіршіктер. Сондықтан да джайндар карманың
жинақталуына жол бермеуге тырысады.

Олардың үш басты ұстанымы:
Ахимса (зорлық – зомбылық көсетпеу)
Апариграха (пайдакүнемдікті ойламау)
Анекантванд (шексіз билікке ұмтылмау, яғни салыстырмалылық және төзімділік
ұстанымы)
Ахимса джайнизмде ерекше роль атқарады. Себебі, джайндардың ойынша,
адамның өзін қоршаған тіршілік иелері арасында айрықшалануға құқы жоқ.
Олардың қай-қайсысын болса да өлтіру - оның кармасы үшін ауыр зардаптар
әкеледі. Сол себепті де джайндар қатаң вегетериандық (ет жемей, көбінесе
өсімдіктермен қоректену) ұстанады. Олар күн батқаннан кейін тамақ жемеуге
тырысады, себебі байқаусызда тамаққа қонған шыбын шіркей, құрт құмырсқаны
жеп қоюы мүмкін.
Джайн сопылар ерекше қатаң қағидаларды ұстанады. Олар ауыздарына жәндіктер
кіріп кетпеуі үшін бет ауыздарын дәкемен бүркеп алады. Суды да сол
мақсатта сүзеді. Жүрген кезде арнайы сыпырғымен жодарын тазартады,
абайсызда әлдебір жауын құрты сияқты жәндіктерді ктепенмен шауып кетпес
үшін, жер өңдеумен шұғылданбайды. Ашық жерде от жақпайды. Өткені шіркейлер
мен көбелектер отқа жанып кетуі мүмкін. Олар жанған отты да сөндірмей
ұстайды. Оттың өмір құрьудан қорқады.
Ахимса былапыт сөздерге, жаман ой-пиғылдарға да тыйым салады, өйткені ол
басқаларға зиянын тигізуі мүмкін.
Апаригхара – джайндардың екінші мақсат мұраты. Бұл адамның өмірлік
мұқтаждықтарын мүмкіндігінше азайту қажеттілігі. Пайданы көздемеу – бұл
ішікі тыныштылыққа, азат болуға жеткізетін жол.
Тауып алған сүйегімен қашып бара жатқан бір итті он екі иттің қалай
қуғанын көрген муни (сопы) туралы бір әңгіме сақталған. Ол бойынша, -
таланғаннан қаны сорғалай аққан байғұс ит сүйекті тастай салады. Енді оған
қарамай, қалған иттер сүйекті қағып алған итке жабылады. Бұл көріністен
сопы өнегелік сабақ алады: Ол бойынша бір зат қолымызда тұрғанда, қан
жоса болғанша уысымыздан шаығармаймыз. Ал қалай оны тастаймыз, сол сәтте
ақ ұмытыламыз.
Сондықтан да сопы джайндар 5 ант қабылдаған. Олар кісі өлтіруге, ұрлыққа,
өтірікшілікке, зинақорлыққа, біреудің меншігін иеленуге тыйыь салады.
Дигамбарлардың киім киюден бас тартуы осыдан келіп шыққан – ол асырып
айтқанда материалдық дүниеге құмартпау. Соған жақын болмеуды білдіреді.
Анекантванд – джайндардың үшінші орталық этникалық ұстанымы. Ол ашу-
ызадан, кінә артудан аулақ болу, кез келген құбылысты немесе затты әртүрлі
жағынан көруге болатынын есте ұстай отырып, кең көзқарасты сақтауға
үйрену мұратын көздейді. Адамдардың көп нәрсеге көзқарсын алсақ, бір-
бірінікінен аулақ әртүрлі, әрқайсысыныкі өзінше дұрыс. Ақиқат көпқырлы.
Ал әрбір нақты адам үшін жаман қылықтан, сұрқиялықтан тазарып, өзі
көрген, көкейіне түйген жақсылықтарын көбейтуге тырысу керек.
Сен ашық тұрған қақпаны жапқанда, - деп үйретеді қазіргі джайнистік ілім
ұстаздарынң бірі Шри Ятрабхану, - лас суды сүртіп, қоқыс біткенді жинаған
кезде, сен таза жаңа жаңбырды кіргізе аласың. Бұл не жаңбыр?. Бұл майтри –
таза махаббат,жаншырлық пен бірліктің ағыны. Сен еркін екеніңді, барлығымен
бір екеніңді сезінесің. Сен адамдармен бөлісу үшін кезедсесің. Қарашы, сен
үлкен мен кішіні бір-бірінен айрмаған кезде жан жарасы да, күйініш те,
біреуді айыптау немесе сынап мінеу болмаған шақта, адамдарды қарсы алу
қандай қуанышты, әрі жеңіл.
Діндар емес адамдар көбінесе сопылар мен сопылық жолдағы әйелдер сияқты,
көп нәрседен бас тартып өмір сүре алмайды. Бірақ олар да тазаруға және
жетілуге тиіс. Оның үстіне олар да жоғарғы жағдайға жете алады. Енді ол
үшін олар гунастханадан - өрлеудің он төрт сатысынан өтуге тиіс. Алғашқы
төртеуі - жалған әсерлерден арылу, бесіншісінен бастап мүлтіксіз болудың
жоғарғы дәрежесі – кевале басталады. Мұнда шексіз шетсіз ой өрісіне,
шексіз түзу жол мен күшке, кемел бақытқа, кескін келбетсіз, денесіз, ауыр
да емес, жеңіл де емес өмір сүруге жеткізетін адамгершілік ұстанымдар
басталады.
Көптеген ғасырлар бойы халықтың басым көпшілігі индуизмді ұстанған және
қазір сол дінді ұстанатын. Үндістанда джайнизм этнокнфессиялық азғантай
ғана топ ретінде өмір сүреді. Бірақ бұл ешқашан да қандай да бір дау-дамай
тудырған емес, себебі джайнизм мен индуизм арасында айырмашылықтардан гөрі,
ортақ және ұқсас нәрселер көп. Сол себепті де бұл жерде әрқашанда өзара
діни төзімділік көрініс тапты.
Бүгінде Үндістанда джайндардың саны халықтың жалпы санының жарты
процентіне де жетпейді., бар жоғы 2 – 3 миллион ғана халық джайнизмді
ұстанады.
Жайнизм. Жайнизм б.д.д. ІV ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Жайнизм
идеясы, оның негізгі философиялық көзқарастары одан да бұрынғы ғасырларда
қалыптаса бастаған. Жайнизмге деген сенім, деректерге қарағанда, 24 ұстаз
(тиртханкара) арқылы таралады. Жайнизмнің негізін қалаушысы – Махавира
Джина (джина- жеңімпаз). Жайнизмнің идеялық жүйесі Сидханта деген еңбекте
( б.д.д. ІІІ) жинақталынған.

Жайнизм – жеңімпаз, жеңіс деген сөзден шыққан. Бұл дүниедегі шынайы жеңіс
– ол адамның өзін өзі жеңуі.
Жайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар тірі (джива), өлі (аджива), ізгі,
күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның тазалануы, тәуелділік,
карманы бұзу – нирджара, жанның денеден құтылуы – босау.
Адам өзін өзі жеңуі үшін бірнеше қағидаларды ұстауы керек. Олар:
Апариграха – дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау
Сатья - әрқашанда ол қандай болса да шындықты айту,
Астея – ұрламау, өлейін деп жатсаң да еш нәрсені рұқсатсыз алмау, сұрап
қана алу
Ахимса – еш нәрсеге зәбірлік жасамау, өйткені барлық тіршіліктің жаны бар.

Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене
терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп
түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз
қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан
(жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруінен) құтылу қажет. Материалды
қабаттан құтылған жан ғана мокшаға (жанды қасіреттен азат ету мүмкіндігіне)
жетеді, өзін құтқарады, тіпті толық жалғандықтан босануға икемделінеді,
нирваналық күйге енеді. Жайнизмде материя дегеніміз жұқа қабаттан тұратын
карма немесе кармаға жабысқан тұрпайы нәрселер. Осы тұрғыдан алғанда, дүние
мәңгі, өзгермейтін екі нәрседен – дживадан ( жан, рухани бастама) және
адживадан (тірі емес, жансыз, материалды бастама) тұрады. Әрбір жайнизм
дживадағы, тіршілігі бар ортаға ұмтылады, өйткені ол – жетік, белсенді.
Тұтас дүниеде джива карма арқылы (әділ жаза арқылы) адживамен (тіршілігі
жоқ кеңістікпен) байланысады. Джива карма арқылы мәңгі, үздіксіз түрленеді,
денелердің айналымын құрайды.
Жайнизм ұстаушысының бірінші міндеті – карманың ағымын тоқтата алу,
екіншісі – карманың қалдығын сарқу, одан арылу.
Жайнизмде мокша тіршілігі бар және тіршіліксіз әлемдердің арасын
толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді. Карманың өзі көп түрлі.
Оның бірі – денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген отбасын айқындаса,
екіншісі өмірдің ұзақтығын, үшіншісі – тіршілік пен тіршілігі жоқтарды
біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, ләззаттануға қатынасты
анықтайды.

Сансардан азат болу үшін үш қазынаны сақтау керек. Ол дұрыс қылық,
шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім - тиртханкалар деп аталатын 24
әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық – тазалықты, шындықты,
сабырлықты т.б. сақтау. Ал шынайы білім – жанның сезім мүшелері мен ақыл-
ойға сүйеніп алған білімі. Мұндай танып-білу процесінде жан қарастырып
отырған заттармен тікелей байланысады.
Жайнизм пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан
тұрады. Төменгі екі қабатында - әзәзіл ( перілер), ортаншы қабатта жер,
келесі қабатта – құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта – құдайларға ұқсас жындар
орналасқан. Жайнизм пікірінше, құдай жоқ, оның бар екендігі туралы келтіріп
жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз қате, сондықтан құдайға емес, 24
тиртханкаларға (әулилер) және жындарға сену керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Джайнизм ілімінің ерекшелігі
2. Джайнизм іліміндегі адам табиғаты туралы

6- лекция. Тақырыбы: Сикхизмдегі адам мәселесі

Жоспары:
1. Сикхизмдегі адамдардың теңдігі
2. Сикхизмдегі адам табиғаты

Лекция мақсаты: Сикхизм дініндегі адам тәні мен жанының орнын анықтау және
сикхизмдегі адам табиғатын ашып көрсету.

Лекция мәтіні:

Сикхизм дінінің пайда болуы Үндістандағы индуистік реформация
кезеңінен бастау
алады. Индуизмді жаңартудың алғашқы әрекеті үнді бенгал ойшылы және
ағартушысы Рам Мохан Ройдың (1772-1833) атына тікелей байланысты.
1828 ж. ол Брахма қоғамы деген діни қоғамның негізін салушы болады да,
біртұтас Құдай идеясын алға тартады. Оған тек үнділер ғана емес, сонымен
бірге мұсылмандар мен христиандар да бағынуға тиіс деген үндеу тастайды.
Бұл идеяны әрі қарай жалғастырушы Нанак болды. Ол үнділер мен
мұсылмандарды бірігуге үндеген жаңа ілімін алға тартады. Ол сикхтардың
қозғалысына алып келеді.
Сикхизм өз бастауын б.д. XV-XVIғғ-дан сол-батыс
үндiстандағы бес өзен
(панджаб) аймағындағы индуизм же ислам дiндерiнiң тоғысынан
алады.Сикхизм үндi же ислам дiндерiнiң синтезiнен пайда болған дiн.
Оның негiзiн салушы гуру (ұстаз) Нанак (1469-15389жж.), оның жолын
ұстанғандар сикхылар (шәкiрттер) деп аталалып, дiн өз атын осыдан
алған. Нанак қайтыс болғаннан кейiн оның iлiмiн кейiнгi тоғыз гуру
жалғастырды, олардың барлығы бiр гурудың көрiнiсi (воплощение), бiр
iлiмдi таратқан деп қабылданады.
Нанак 1469 ж. қазіргі Нанхана Саһип деп аталған Нахордың
оңтүстік жағында
60 шақырым жердегі Талванди қыстағында туылған. Нананктың балалық және
жастық шағы осы Талванди қыстағында өтеді. Ол бұл қыстақтан кетпей тұрып,
үйленіп, екі балалы болған еді. Кедейлігіне қарамастан ол жоғары дәрежелі
кастаға жататын жанұяның және үнділер көп шоғырланған ортаның баласы еді.

Нанак жас кезінде талванди қыстағынан кетіп, Сұлтанпур қаалсына
барады. Ол
жерде ұзақ жылдар мұсылман бір басшыға қызмет етеді. Бос уақыттарында
орманға кетіп, терең ойға шоматын. Деректерге қарағанда, дәруіштікпен ел
кезіп жүргенде Жаратушы оған, қорқыныш пен дұшпандықтан ұзақ тұратын ,
тумаған, ұлы Тәңірдің бар екендігі жөнінде уағыздау ісін тапсырады.
Осыдан кейін Нанану 1500 жылы қызметін, әрі Сұлтанпур қаласын тастап,
жалғыз, әрі шынайы Тәңір жөніндегі пікірін таратуға тырысады. Осындау
уағыздарымен әйгілі болған Нанак қасиетті орындарға зиярат жасады, әр
түрлі дінді ұстанатын адамдармен талас тартықа түсті. Осындай кездердің
бірінде бір бай оны құрметтеп, Рави өзенінің жағалауындағы Картапур
қыстағына орналастырды. Сөйтіп, өмірінің соңғы он жылын, осы Картапур
қыстағында өткізіп, өзінің жаңа сенімін уағыздайды. Ол 1539 жылы 70 жасында
дүниеден өтеді. Артында 2 ұлы мен шәкірттері қалады.
Сикхы дiнiлiмi
Ислами пікірлерді пайдаланған Нанак алғашында дін құрамын деген
ойда болған жоқ. Ол индуизмнің индуизмнің салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары мен
мәдениетін тазалау үшін политеизмді , пұтқа табынушылықты, каста жүйесін
жоюды, ислам мен индуизмнің арасынан орта жол тапқысы келеді. Алдымен
саяси болып басталған бұл әрекет уақыт өте келе діни сипатқа ие болады.
Ислам сопылығының ықпалымен Нанак Солтүстік Үндістанда уағыздар жасап,
сикхтар әрекетін дүниеге келтірді. Ол исламның Бір Тәңір және оның
сипаттары сияқты кейбір мәселлерді ұнатқан. Соған қарай Тәңір жалғыз,
мәңгі, көрінбейді, сөзбен түсіндірілмейді, Ол барлық жерде және көруші.
Мұнымен қатар ол үнді философиясынан шыққан. Мая және Нирвана
ұғымдарын таңдаған.
Тәңірдің бірлігі, құлшылықта иләһи аттың қайтта-қайта айтылуы, түрлі
кастадағы адамдардың теңдігі, пұттарға табынудың жамандығы, бауырмалдық
сүйіспеншіліктің маңыздылығы және жол көрсетуші ретінде гурудың қажеттілігі
түрінде қорытындыланған бұл діни түсінік Нанак тарапынан барлығына сай
келетін түрде ұсынылған және өмір тәртібі ретінде жүйеге келтірілген.
Сикхизм бiртәңiрлiк дiн, үндi дiнiндегi көптәңiрлiктi жоққа
шығарады. Адамның
дуализм мәселесiн шешуi, оның негiзгi мақсаты үндi дiнiндегi
Брахма, Вишна, Шива же исламдағы Алла, барлығы бiр құдай, оның
есiмi жоқ, Нанак Құдiретке түрлi есiм бере отырып оған сыйынады
(құдай есiмдерi: Хари, Рам, Салиб, Аллах же т.с.с.). Құдай ниргун (сипаты
жоқ) же сагун (сипаты бар) ұғымымен анықталады.Оның басты халi
ниргун: абсолюттi мән, ешқандай сипатқа ие емес. Бiрақ адамдардың
танып бiлуi үшiн, ол өз еркiмен сагунға (адам кейпiнде емес әрекетi
арқылы көрiнетiн) айналады. Құдай мәңгiлiк, шексiз, бастауы жоқ, қайта
туылмайтын, ақиқат, шындық же барлық деп қабылданады. Құдайға әрбiр
адам сенiм, махаббат же ойлану арқылы жете алады. Құдай жолымен
жүру өмiрден баз кешу емес, керiсiнше белсендi өмiр сүру, еңбек
ету, отбасын құру түбiнде қайта туылу тiзбегiн бұзып құдаймен
бiрiгуге алып келедi деп сенедi. Құдай алдында адамның барлығы тең,
сикхылар касталық ерекшелiктерiне қарамай бiрге дiни рәсiмдерiн
атқарады же гурудың сұхбатында барлығы бiрге отырған.
Сонымен, сикхизм дінінің негізін салушы Нанак және оның
ізбасарлары, шәкірттері – гурулар – Құдай алдындағы адамдардың теңдігін
және кастаға бөлу мен шектеулерден азат болу идеясын жариялады. Оның
дәлелі ретінде олар ортақ бір жерде тамақ жеп, жұрттың бәрі бір бірімен
ғибадатханаларда - гурдваларда, өзіндік бір қоғамдық орталықтарда
араласқандарын айтуға болады.
Нанак индуизмнің көпқұдайлығына қарсы шығып, бірқұдайлықты
жариялады. Осыдан келіп құдайдың анықтамасы – Эк (Біреу, Біртұтас,
Жалғыз) шығып отыр. Нанактың Құдайы адам бейнесіне айналдырылмаған, ол
ниргуна, яғни оның қадір қасиеттері жоқ. Құдай барлық жерде сансыз көп
тірі бейнелер арқылы көрінеді. Өзінің әрекеттері арқылы ол сагуна -
қасиеттері бар деген сипаттамаға ие болды. Жалғыз, дара Құдай, ол
барлық үнділік те, мұсылмандық та тәңірлердің қасиеттерін бойына жинайды.
Құдайға деген сүйіспеншілік, оны танып білу және онымен
қосылу – ол құтқарылудың жолы. Құтқарылудың шыңына тәңірдің мәнінің
және дара мәннің біртұтас бірлігіне қол жеткізгенде ғана жетуге болады. Ал
ол үшін Нананк үйреткендей, ең алдымен, ашу-ыза (кродх), тәкаппарлық
(ханкар), пайдакүнемдік (лобх), құмарлық (кам) және осы дүниенің рахатына
жақын болу деген бес күнәдан (мох) арылу керек.
Сикхизм дара діни ілім болып қана қоймай, бүгінде ол саяси
қауымдастықтың идеологиясына да айналған. Бүгінгі таңда бұл ілім
индуизмнің бір тармағы болумен бірге адамдардың барлығы Құдай алдында тең
дей отырып, сикхтар ортоксальды индуизмнен қол үзді.
Сикхилардың басты қасиетті кітабы Грантх - Сахиб (Тәңір
кітап) болды. Мұнда парыздар, өсиеттер және Нананк пен басқа гурулардың
өмірбаянын суреттеулер бар. Бұл кітап құдайға құлшылық ету ілімінің қайнар
көзі болып табылады. Бұл кітап сикхтардың ең басты ғибадатханасы -
Амитсар Алтын храмында сақтаулы.
Әркiм құдаймен дәнекерсiз тiкелей байланысқа түсе алады.
2.Сикхилер бір тәңірге және Грантх сахиб кітабына сенеді. Ол
ар адамның іс-әрекеттерінің келесі өміріндегі жағдайына (Карма) әсер
етеіндігіне және рух көшіне (танасух, ренкарнацияға) сенеді. Сикхилердің
құлшылығы оңай, әрі қарапайым түрде өтеді. Әлеуметтік және діни орталығы
Алтын ғибадатхана. Алтын ғибадатхананың қауызында құлшылық мақсатымен
шомылады.
Сикхилердің күнделікті құлшылықтары:
1. Ади Грантхты және Наннакқа қатысты үзінділерді жатқа оқиды
2. Отбасылық парыз ретінде күн сайын таңертең жиналып, Қасиетті
кітаптың кез-келген жерінен оқиды
3. Ғибадатханаға (гурдвара) құлшылық ниетімен барады

Сикхилер тәлім тәрбиеге аса мән береді. Балалары ерте кезден өмірдің түрлі
қиыншылықтарына үйрене бастайды. Олар Үндістанның ең жақсы шабондоздары
және әскерлері. Сондықтан бүгінгі тада Үндістанның қорғаныс және
қауіпсіздік қызметтерінің басым көпшілігін сикхилар атқарады. Әскерилікпен
қатар егіншілікке де үлкен мән береді.

Сикхизмнiң дамуы.
Бесiншi гуру Аджун (1581-1606) тұсында қасиеттi кiтаптары
Адигрантх (бастапқы кiтап) құрастырылды, ол Грант сахиб атыменде
белгiлi. Панджаб тiлiнде жазылған бұл еңбек Амритсар қаласында
сикхылардың алтын храмында сақтаулы.
XVIғ же XVIIғ сикхылардың моғол билеушiлерiне қарсылығы
күшейедi. Гуру Говинд (соңғы гуру) 1699 жылы дiн iлiмiне өзгерiс
енгiздi, жоғарғы рухани же зайырлы билiк гурулардан халсаға
өтетiнiн жариялайды. Халса (таза ұйым)-қарулы қауым.Осы кезден бастап
гуру билiгi тоқтап, халса күшейдi.
Дiни рәсiмдерi.
Сикхыны халсаға қабылдау рәсiмi арнайы кодекс бойынша атқарылады.Ол
бестен тұрады:
1.Кеш-сикхы шашын алдырып тастайды.
2.Качха-қысқа кең шалбар кию.
3.Кангха-шашты тарақпен бекiту.
4.Кирпан-жанында үнемi қанжар алып жүру.
5.Кара-темiр браслетi болуы.
Сикх храмдары гурудвар,онда қасиеттi кiтап Адигрантхқа
сыйынады.Сикхизм XVIIIғ басында дербес дiн дәрежесiне жеттi.
Сикхылар тарихында µлы моғолдар же ауған билеушiсi Ахмад шах
Дурранидiң (1721-1773) жорықтарына қарсылықтары айрықша маңызды. Осы
кезеңде сикхылар Пенджабты дербес тәуелсiз мемлекет деп жариялайды.
Сикхизм мемлекеттiк дiн дәрежесiне көтерiлдi. Бiрақ кейiн
ағылшындардың отарлауы, 1843 жылы Пенджабтың аннекциялануы, сикхизмде
реформаторлық қозғалысты күшейттi. 1947 жылы үндiстан екiге бөлiнiп,
Пакистан тәуелсiз мемлекет болды. Пенджаб сикхылары үндiстанның
қарамағында қалып, олар өз тәуелсiздiгi үшiн күрестi күшейтедi.1950-60
жылдары Пенджабта ұлттық мәселелер көтерiлiп, нәтижесiнде 1966 жылы
сикхылардың жеке Пенджаб штаты құрылды. үндiстанда сикхылар саны 15
млн-ға жуық, елдегi саны жағынан үшiншi конфессия. Қазiргi уақытта
олар автономия мәселесiн көтеруде, түпкi мақсат тәуелсiздiк алу.
Қазiрде Сикхы мәселесi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет құрылымы
Философия сериясы
Мәдениеттау ғылымы
Интерпретивті және постмодернистік зерттеу әдістері
«Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынысы
Мәдениеттану ғылым ретінде
Философияның мәдениеттегі орны және ролі
Заттардың табиғаты туралы поэманың авторы
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Пәндер