Вавилон


ВАВИЛОН
Вавилон, Вавилония - [1] ежелгі мемлекет. Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді: 1) ерте Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 1894 - 1518) ; 2) касситтер дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1518 - 1204) ; 3) саяси құлдырау дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1204 - 626) ; 4) жаңа Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 626 - 538) . Месопотамияның оңтүстік бөлігінде (қазіргі Ирак жері) біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты қаласының атауымен аталды. Ол алғашында (біздің заманымыздан бұрынғы 24 - 22 ғасырлар) Аккад мемлекеті патшаларының, кейіннен Ур әулетінен шыққан (біздің заманымыздан бұрынғы 22 - 21 ғасырлар) патшалардың қол астына қарады. Біздің заманымыздан бұрынғы 1894 жылы аморит тайпасынан шыққан Сумуабум әулеті Вавилон патшалығының негізін қалады. Хаммурапи патша (біздің заманымыздан бұрынғы 1792 - 50) тұсында Вавилон нығайып, ірі мемлекетке айналды. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда елді касситтер жаулап алды. Касситтер дәуірінде сыртқы саясат айтарлықтай табысты болмады. Дегенмен, елдің шаруашылығы қайтадан өркендеп, жылқы өсіру жақсы дамыды. Касситтер әулеті құлағаннан кейін Навуходоносор І (біздің заманымыздан бұрынғы 1146 - 25) патша мен оның мұрагерлері тұсында Вавилон қайтадан күшейіп, Ассирия мен Эламды өзіне бағындырды. Бірақ кейіннен патшаның билігі әлсіреп, бөлініп шыққан Ассирия мен Эламның жасаған шабуылдары шаруашылықты мүлдем құлдыратып жіберді. Ассирия әскерлері қаланы екі рет қиратты, бірақ екі ретінде де Вавилон қалпына келтірілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 626 жылы халдей тайпасынан шыққан Набопаласар Ассириядан бөлініп, өзін Вавилонның патшасымын деп жариялады. Ол мидиялықтармен одақтасып, Ассирия патшалығын талқандады да, территориясын бөліп алды. Сөйтіп, Жаңа Вавилон кезеңі басталды. Навуходоносор ІІ (біздің заманымыздан бұрынғы 604 - 562) патша тұсында көптеген аймақтар жаулап алынды. Осы кезде Вавилонның экономикасы да күшейіп, Алдыңғы Азиядағы негізгі сауда орталығына айналды. Навуходоносор ІІ өлгеннен кейін сарай төңкерістері болып, мидиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 538 жылы парсылардың патшасы Кир ІІ Вавилонды басып алды. Осыдан кейін Вавилон патшалығы өзінің өмір сүруін мүлдем тоқтатты.
Вавилон аласапыраны
“Вавилон аласапыраны” - ежелгі еврей аңызы. Адамдар топан су тоқтағаннан кейін Қосөзен (Евфрат пен Тигр өзендері) аралығында аспан мен жерді жалғастырып тұратын қала мен биік мұнара салмақшы болады. Інжіл бойынша, адамдардың астамшылдығына ашуланған Құдай олардың “тілдерін өзгертіп жібереді”. Халық бір-бірін түсінуден қалып, жер бетінің барлық түпкір-түпкіріне тарап кетеді. Салынып бітпей қалған қала аңызда Вавилон деп аталады. Екінші мағынасында “Вавилон аласапыраны” тіркесі не істерін білмеген адамдардың бей-берекет іс-әрекеттерін білдіреді.
Мысыр
Мысыр ресми түрде Мысыр Араб Республикасы- Африка құрылығының солтүстік-шығысын және Азиядағы Синай түбегін алып жатыр.
Бүгінгі Мысыр - Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі құрылықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі -құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 пайызды әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нілдің алқабы мен атырауы. Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет - Нілдің сыйы» деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін Батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы «тіршілік жолағының» арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді.
Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті - сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.
Ежелгі Мысыр - Африканың солтүстік-шығысында Ніл өзені бойында құрылған ертедегі мемлекет. Мысыр жерін адам баласы палеолит дәуірінен мекендей бастаған. Неолит кезеңінен климат өзгеріп, бұрынғы саванналарды құм басып, адамдар Ніл өз. бойына жинала бастады. Б. з. б. 4-мыңжылдық шамасында Ніл өз. бойына жиналған тайпалар (протосемит, бербер, кушит, т. б. ) өзара араласып, Мысыр халқы қалыптасты. Халық санының күрт өсуіне, аңшылық пен балық аулау кәсіптері арқылы тамақ табудың қиындауына байланысты мал шаруашылығы мен егіншілік дами бастады. Қоғамның әрі қарай дамуы нәтижесінде алғашқы мемл. бірлестіктер пайда болды. Олардың арасынан екі мемлекет іріктеліп шығып, елдің оңтүстігінде жоғарғы Мысыр, ал солтүстігінде төменгі Мысыр патшалықтары құрылды. Б. з. б. 3-мыңжылдық шамасында жоғ. Мысыр билеушісі Менес (Мена) төменгі Мысырды басып алып, елді біріктірді. 1. Ең ежелгі патшалық (б. з. б. 3000 - 2800) кезеңінде елді екі билеуші әулет кезек-кезек басқарды. Жерді суғару қолға алынып, мыстан қару-жарақтар, құрал-саймандар соғылды, айырбас сауда дүниеге келді. Нубияға, Ливияға, Синай түбегіне жорықтар жасалды. 2. Ежелгі патшалық (б. з. б. 2800 - 2250) үшінші әулеттің билікке келуімен басталды. Ауыл шаруашылығы, қолөнер, айырбас сауда мен құрылыс жұмыстары жетілдіріліп, жерге жеке меншік пайда болды. Перғауын мен мемлекеттік аппараттың билігі күшейтілді, тұрақты әскер құрылды. Құл еңбегін кеңінен қолдана отырып, перғауындарға арналған пирамидалар салынды. Мысырдың бірінші бөлінуі б. з. б. 2250 - 2050 ж. болды. Жер көлемінің тым ұлғайуына байланысты жергілікті тайпа көсемдерінің билігі күшейіп, нәтижесінде б. з. б. 23 - 22 ғасырларда Мысыр бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. өсақ мемлекеттер өзара қырқыса бастады. Дегенмен сауда мен қолөнердің дамуы елдің бір орталыққа бағынуын қажетсінді. Сөйтіп, б. з. б. 21 ғ-дың ортасына таман ел қайтадан бірікті. 3. Орта патшалық (б. з. б. 2050 - 1700) 12-ші әулеттің билік басына келуімен тікелей байланысты. Өсақ иеліктер қайтадан бір орт-қа біріктірілді. Суландыру жұмыстары, қолөнер, сауда бұрынғысынан да өркендеді. Сириямен, Крит аралдарымен сауда байланыстары жақсарды. Бұл кезеңнің соңына таман орт-тың билігі әлсіреп, перғауындар арасында билік үшін күрес басталды. Мысырдың екінші рет бөлінуі кезінде (б. з. б. 1700 - 1580) елге солт. -шығыстан гиксос тайпалары шабуыл жасап, мемлекеттің көпшілік бөлігін басып алды да 110 жылдай билік құрды. Мысыр перғауындары тек елдің оңт. жағында үстемдік етті. 15 - 17-әулеттен шыққан перғауындар елден басқыншыларды қуып шығу үшін үздіксіз соғыс жүргізгенімен, тек 18-әулеттің тұсында ғана Мысыр толық азат етілді. 4. Жаңа патшалық (б. з. б. 1580 - 1070) кезеңінде қола мен темірден әр түрлі бұйымдар (соқа, жіп иіретін құралдар, дөңгелек, шыны-пиала, т. б. ) шығарылды. Сирияға, Палестинаға жасалған жорықтар нәтижесінде он мыңдаған тұтқындар құлға айналды. Арбакештер әскері пайда болды. Перғауындар - Тутмос І, Тутмос ІІІ, Аменхотеп ІІ заманында Мысырға Сирия, Палестина, оңт-те Ніл өз-нің бастауына дейінгі жерлер қосылды. Вавилон, Хетт патшалықтарымен дипломат. қарым-қатынас орнады. Елдің күшейген тұсы Аменхотеп ІІІ (б. з. б. 15 ғ-дың 1-жартысы) заманы. Б. з. б. 15 ғ-дың 2-жартысынан бастап Сирия үшін хеттермен, кейін “теңіз халықтарымен” және ливиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Нәтижесінде б. з. б. 11 ғ-да елдің саяси-экон. жағдайы қатты нашарлап кетті. 5. Кейінгі патшалық (ливия-парсы) кезеңінде (б. з. б. 1070 - 332) ел қайтадан бір орт-қа біріктіріліп, экономика әрі қарай дамыды, металл ақшалар пайда болды. Бірақ кейін Мысыр. қайтадан ыдырай бастап, б. з. б. 671 ж. Ассирияның қол астына қарады. Дегенмен Сайс Псамметих І (б. з. б. 663 - 610) тұсында ел азат етілді. Оның мұрагері Нехо ІІ Грекиямен және Жерорта т-нің шығыс жағалауын мекендеген мемлекеттермен тығыз сауда байланысын орнатты. Бірақ б. з. б. 525 ж. елді парсы патшасы Камбис жаулап алды. Парсы билеушілері елдегі биліктерін сақтап қалу үшін Мысыр. абыздарына көп жеңілдіктер жасады. 6. Грек-рим кезеңі (б. з. б. 332 - б. з. 395) Мысырды А. Македонскийдің жаулап алуымен басталды. Аса ірі сауда және мәдени орталық - Александрия қаласының негізі қаланып, бұдан басқа да көптеген сауда және қолөнер орталықтары құрылды. Орт. Азия, Үндістанға дейінгі елдермен байланыс орнатылып, Мысыр жерінде Батыс және Шығыс мәдениеттері біріктірілді. Алғашқы патшалықтар тұсында перғауын сарайларында арнайы мектептер ашылып, болашақ шенеуніктер даярланды. Мектептерде 5 - 16 жас аралығындағы ер балалар оқып, 12 жастан бастап әр түрлі мекемелерде көшірмеші, хатшылық жұмыстарды атқарды. Мектептерде сауатты жазу мен есепке баса назар аударылып, қосымша гимнастик. жаттығулар, суда жүзу, өзін-өзі дұрыс ұстау үйретілді. Діни мектептерде астрономия мен медицина оқытылды. Ақсүйектердің балаларына әскери білім берілді. Математика ғылымы алгебра мен геометрияға бөлінді. Қарапайым алгебра есептері шешіліп, пирамидалар геометр. жолмен салынды. Мысыр абыздары жұлдыздарды зерттеу арқылы жылды 3 маусымға (сулы-жаңбырлы, егінді, құрғақ) 12 айға бөлді. Әр айда 30 күннен болды. Ал қалған 5 күнді жылға қосты. Уақытты есептеу үшін құм және су сағаттары қолданылды. Елді мекендердің алғашқы карталары мен қалалардың жоспары жасалынды. Анатомия мен хирургия да жақсы дамып, өлген адамдардың денесі бальзамдалды, хирург. аспаптар пайда болды. Бұған қоса адам емдеуде магия, сиқыршылық, кері дуалап оқу әдістері кеңінен қолданылды. Денені мумиялау, дәрі-дәрмек, түрлі-түсті бояулар жасау арқылы химия ғылымы да дами бастады. Мысыр теңізшілері перғауындардың бұйрығы бойынша алыс елдерге саяхат жасады. Грек-рим мәдениеті келгенге дейін Мысырда нақты тарихи оқиғалар тек жартастағы жазулар мен аңыз-әңгімелер арқылы ғана сақталып отырған. Мысыр мәдениеті ежелгі дәуірде антик. мәдениеттің, кейіннен Еуропа және мұсылман мәдениеттерінің бастауы болды. Гректер Мысырды ежелгі данышпандар елі деп атап, оларды өздерінің ұстаздары санады.
7 ғасырда Мысырды арабтар жаулап алды. Мұнда араб тілімен бірге өз діндерін - исламды таратты. Мысыр 1952 жылғы революциядан кейін ғана шын мәніндегі ерікті мемлекетке айналды. Оған дейін көп жыл бойы Ұлыбритания үкіметі қол астында еді. Республикада 1952 жылғы революциядан соң көптеген зауод, фабрикалар салынды.
Мысыр Израильмен тарпынан талай шабуылға ұшырады. 1967 ж. Израиль Мысырдың Синай түбегін басып алды. Мысырдың халқы Израиль тартып алған Синай түбегін, басқа да араб жерлерін азат ету үшін қүресуде.
1974 ж. Мысыр халқы Суэц каналының шығыс жағасындағы Израиль әскерлерін кетуге мәжбүр етті. Канал бойымен Еуропа мен Америкадан Азия және Шығыс Африкаға кеме жолы ашылады.
Барлық еңбекке жарамды тұрғындардың 30% ауыл шаруашылығымен айналысады. Өнеркәсіпте тоқыма фабрикалары мен азық-түлік өндіру жөніндегі кәсіпорындарының маңызы зор. Хелундағы орзан зор металлургиялық комбинаттын өздерінің мол жерасты қазба байлықтары шикізатпен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын ең алдымен Асуан гидростансасы береді. Табиғи газдың ірі жерасты қоры бар.
1979 жылдан шетел капиталдарының құйылуы анағұрлым өсті. Елдің барлық аудандарын бірімен-бірін жалғастырып жатқан жол құрылысы кеңейді, мектептер, емханалар салынды, сымтетік байланысы жаңартылып, кеңейді. Мысырдық фунт тұрақты валютаға айналды. Туризм индустриясы қарқынды дамуда - ондаған жаңа қонақ үйлер бой көтерді, Қызыл теңізде жаңа курорт орталықтары құрылды, көптеген ежелгі ескерткіштер қалпына келтірілді.
Мысыр Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады.
Парламенттің бес жылға сайланған 448 депутаты (тағы 10 президент сайлайды) бірдей үлесте шаруалар мен жұмысшылардың атынан сайланғандар. Билік етуші Хосни Мүбарак төрағалық ететін Ұлттық-демократиялық партия. Шураның (Парламенттің жоғарғы палатасы) 210 мүшесі кеңесу функциясын атқарады, олардың ішіндегі 57-ін мемлекет басшысы тағайындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz