Журналист және оның жүріс-тұрыс әдебі


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Журналист және оның жүріс-тұрыс әдебі .

Журналист жұмыс үстінде. Журналист жол үстінде. Журналистің жұмыс күні. Журналистің жұмыс столы. Журналистің жұмыс жоспары. Журналистің жұмыс киімі. Журналистің жұмыс құралдары. - Бәрі-бәрі журналистің жүріс-тұрыс әдебіне енеді. Бұл әдепке қатысты заңдылықтар тікелей теледидар функциясына, бағытына байланысты. Мысалы, ақпараттық функцияны орындайтын жаңалықтардағы жаршылар (дикторлар) тиянақты болуы керек, бұл оның киіміне де, өзін ұстауына да қатысты. Оларда артық қимыл жасау (көздерін жыпылықтатып, теңселіп, қолдарын ербеңдетіп және т. б. ), күрделі, түсініксіз, ұзын құрмалас сөйлемдер айту этикаға қарама-қайшы келеді. Олар жаңалықты нақты, қысқа және түсінікті етіп жеткізе білуі керек. Ал ойын-сауық бағдараламаларының жүргізушілері, керісінше, өз талғамы бойынша киім киіп, өзіндік стиль қалыптастыруға тырысады. Бағдарламаларды қызықты өткізу үшін, оларда, кейбір кездерде мимикалық шектен тыс қимылдар келтіріліп (әсіресе, музыкалық бағдарламалар) те жатады.

Мәдениет көп мағыналы ұғым. Қайсыбір мәліметтерге қарағанда, оның ағылшын тілінде 160, Батыс Еуропа елдері тілдерінде 250-ден астам анықтамасы барға ұқсайды. Мәдениет сөзі - термин, араб тілінен «маданият», мағынасы: «адам баласының қоғамдық саласындағы табыстары мен ақыл-ой жөніндегі жетістіктерінің жиынтығы». Этика сол сан-салалы мәдениеттің құрамдас бөлігі, жаратылысы айрықша әлем.

Этика - философиялық категория. Ол педагогика, психология, филология және заң ережелерімен сабақтас, салалас, құрамдас.

Этика теориялық жағынан заң-ережелерден тұратын құрылым. Объектісі - мораль, адамгершілік, ізгілік. Табиғатына формальдылық жат. Ол қоғамның, жалпы адамзат дамуының қозғаушы күші. Норма. Журналистік жауапкершілік - этикалық жауапкершілік.

Этика - термин. Салт-дәстүр, жөн-жоралғы, үрдіс мағынасын беретін грек сөзі. Яғни, ұлттық-халықтық салт-дәстүрлер ережесі. Этикет - тәртіп мағынасын беретін француз сөзі. Этика, этикет, этикетка, дипломатия, эстетика, ньюанс, такт, тактика, маневр - мағыналары жақын сөздер. Жиынтығы - әдеп әлемі. Этика - заң-ереже, тарих.

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Оның мақсат-мұраттарына, заң-ережелеріне қарай журналистердің де моральдық-этикалық ерекшеліктері байқалуда. Журналистік этиканың аудиториясы - оқырман, көрермен, тыңдарман халық. Ол (этика) сол қоғаммен, сол халықпен бірге қозғалып, бірге дамиды.

Қоғамымызда этикалық заңдылықтар нормалары сақтала бермейді. Бұл - этикалық проблема. Журналистік дәстүрлер сабақтастығының сақталмауы аға ұрпақ тәжірибелерінен қол үзу проблемадан туындаған проблемалар.

Журналист этикасының проблемалары бізде жете зерттелмеген. Пікірсайыстар талданбаған. Бұл мәселеде қазақ тілінде ғылыми әдебиеттер некен-саяқ

Журналистік қызметтің саяси, құқықтық, адамгершілік нормалары, біздің байқауымызда, әлі де шашыраңқы. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы қаптаған этикалық ақаулар, қым-қиғаш заңсыздықтардң орын алуы соның салдары.

Журналистің моральдық-этикалық принциптері.

Моральдық-этикалық принцип - қызмет бабы барысында журналист ұстанатын заң, ереже, шарт, тәртіп һәм мінез.

Принциптің ұлттық ұғым-мағынасы:

Айттым - бітті.

Шалқайғанға - шалқай.

Ол - құдайдың ұлы емес.

Еңкейгенге - еңкей.

Ол - құдайдың құлы емес.

Журналистің қызмет бабы барысындағы моральдық-этикалық принциптері журналистиканың жалпы принциптері (көпшілік-бұқаралық, демократиялық, шыншылдық, объективтілік, гуманистік, патриоттық т. б. ) негізінде қамтылады.

Принцип - негізгі қағида, кейде, ереже деп те айтылатын латын тілінен енген термин сөз. Журналистің принциптері:

1. Журналист өз ұжымына, өз басылымына жан-тәнімен беріліп, адал қызмет етеді. Бұл оны әрі міндеті, әрі принципі.

2. Журналист өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар халықтың да ой-пікірімен санасуға және құрметпен қарауға міндетті.

3. Журналисттің алдында әрдайым: «Аудитория үшін не істеуім керек? Бұл жазғандарым халыққа қажет пе? Олардың арман-мүддесін қозғай ма? Уақыттарын алмаймын ба?» деген сияқты этикалық сауал-сұрақтары тұрады.

4. Деректерге бай, ақиқат шындығы зерттелген, жан-жақты ойластырылған материалды ғана журналистің аудиторияға ұсынуға толық моральдық этикалық құқы бар.

5. Журналистің біреулерді қаралап та, мақтап, мадақтап та өтірік жазуға құқығы жоқ. Ондай жағдайда журналистер аудитория алдында, заң алдында, ар алдында жауап береді.

6. Дерек, мәлімет жинау барысында журналист шындыққа қашан көзін жеткізгенше ішкі қарсылығын, мәселеге қосылатын қосылмайтынын білдірмейді.

7. Қандай жағдайда болмасын, кіммен сөйлеспесін, журналист алдында отырған адамның салт-дәстүрімен санасып, жеке басының кемшіліктерін көре шұқып айтпай, керісінше оны байыппен, сабырмен мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, қажет жағдайда денсаулығын да ескеруге тиіс.

8. Әдепті, мәдениетті журналист қызмет бабы барысында адамдарды жұмыстарынан қалдырмау үшін, «сізбен қай жерде, қай уақытта кездескенім дұрыс болады» деп олардың өздерімен ақылдасады, уақыт белгілейді.

9. Журналист ағайын-туыстарының арыз-шағымдарын пайдаланған жағдайда аса сақ, абай болғаны жөн.

10. Журналист баспасөзде автор ретінде ғана емес, редактор ретінде де көріне алады. Әдептен озбай, ол редакцияда істемейтін әріптесінің шығармаларын сынап, мінеуге де қақылы.

11. Журналист не редакция қызметкері авторлар материалына ойдан бір түйір дерек қоспайды.

12. Журналист жіберген қатесін мойындауға, кешірім сұрауға міндетті.

13. Жарық көрген материалы үшін журналист ештеңе дәметпейді.

14. Газет-журналдар қалың оқырмандарға арналған. Оның бетін жарнамаларға қаптату әдеп-нормаларға қайшы. т. с. с.

Ұлттық-халықтық салт-дәстүр және журналистика.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы грек тілінен енген этика терминініңтура мағынасы. Этикет тәртіп мағынасын беретін француз тілінен енген термин.

Этика, этикет терминдерінің тағы бір мағынасы - ізет, құрмет, ілтипат, тағзым - әдебі көбірек айтылады.

Журналистік жауапкершілік - журналистік әдеп әлемі тақырыбының бір үлкен тарауы. Бұл мәселеде мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған журналистік шығармашылықтағы әдеп-мораль нормаларын сақтау жайына баса назар аударылады.

Баспасөз бостандығы . Журналистің құқықтары мен міндеттері. Журналистің бүкіл іс-әрекеттері заңның шегінде. Журналистке сөз бостандығын теріс пайдалануға жол жоқ.

Журналист өз қызмет бабында, шығармашылығында Қазақстан Республикасының Ата Заңын, Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңның, халықаралық шарт-ережелерді және редакциялық жарғыны басшылыққа алады.

Заң нормаларын сақтамау, заңды құрметтемеу - заңсыздық. Әдепсіздік. Журналист мұндай жағдайда заңның алдында жауап береді.

Редакция почтасы . Хат-қолжазбалармен жұмыс әдебі. Хат-қолжазбалар тағдырын шешетін редакция қызметкерлері.

Моральдық-этикалық тұрғыдан журналист әр хаттың артында адам бар, адамның тағдыры бар, көз жасы, үміті бар деп түсінеді. Еңбекшілердің хат-қолжазбаларына қамқорлықпен, құрметпен қарау жайында кешегі (кеңес) қоғам тұсында да аз талап қойылған жоқ. «Совет баспасөзі мен радиода қоғамдық бастамаларды одан әрі жақсарту туралы» және «Совет баспасөзінің жұмысшы және село тілшілерінің бұқаралық қозғалысына басшылықты жақсарту туралы» қаулыларының негізгі принциптері қазір де маңызын жойған жоқ.

Авторлар мен тілшілер - басылымдардың негізгі тірегі, сенімді күші. Журналистік іскерлік, журналистік шеберлік тек шығармашылықпен ғана өлшенбейді. Іскерлік, шеберлік автор тарту, авторлармен жұмыс мәдениетінде де көрінеді.

Журналистік сұхбат енмесе әңгіме-дүкен әдебі. Журналистік әдеп әлемінің бір қыры - адамдармен, авторлармен сөйлесе білу, сырласа, сыр тарта білу өнері. Бұл мәселеде журналистке шешендік өнер де тән. Жалпы моральдық-тикалық нормаларды сақтай отырып, журналист адамдармен сұхбат жүргізу, әңгімелесу барысында қандай-қандай нәрселерді ескеріп, қандай жағдайлардан бойын аулақ ұстау керек?

1. Әзілдесіп-қалжыңдасып, ақжарқын әңгімелесу («Әзілің жарасса, атаңмен ойна». Норма) .

2. Сынасып әңгімелесу.

3. Күтіп, тосып, жылы жүз танытып әңгімелесу.

4. Сырласып әңгімелесу (Бауыржан: «Сынаспай сырласпа») .

5. Сыбырласып әңгімелесу (Басқаның мазасын алмау) .

6. Ішіп алып, іші бауырға кіріп әңгімелесу.

7. «Жаным», «күнім» деп жалынып сөйлеу.

8. Басын бар қауіп-қатерге тігіп, жалындап сөйлеу.

9. Жағынып, шағынып сөйлеу.

10. Лапылдап-жылмаңдап, жасанды сөйлеу.

11. Мұп-мұздай, сұп-сұр бетпен жылусыз сөйлеу.

12. Қас-қабақпен сөйлеу.

13. Қорқытып, үркітіп, екпіндеп, айбат шегіп сөйлеу.

14. Ақылмен, сабырмен, табиғи, шешен сөйлеу және т. б.

Журналистік шығармашылық және сөз әдебі. Тілдік этикеттер

нормаларының сақталмауы көп жылдардың әңгімесі, қазіргі уақыттың бір проблемасы.

Журналистік шығармашылық және сөз әдебі «табу», «эвфемизм» терминдерімен тығыз байланысты.

Табу да, эвфемизм де барлық халықтарда кездесетін этнографиялық ұғым.

Табу - тыйым салынған, айтуға болмайтын сөздер, ұғымдар.

Эвфемизмнің мағынасы ішуге болмайтын тағамды ішуге болатын тағаммен ауыстыру. Киюге болмайтын киімді киюге болатын киіммен ауыстыру. Сөз нормасы, сөз әдебі де сол. Бұл заңдылықтар қазіргі баспасөздің көбісінде сақталмайды. Ал тележүргізушілердің бұл заңдылықтарды сақтауы көбінесе өздерінің білім деңгейіне байланысты.

Эстетика. Эстетика философиялық ілім. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. Кейбіреулер философиялық ғылымнан гөрі өнерге жақындастырады. Ол рас та, өйткені оларға негізгі ортақ нәрсе жеке тұлғаның, даралықтың үлкен орын алатындығы. Бірақ көркем өнер үшін тұлға тағдырының басқаларға ұқсамайтын кездейсоқтығы, бірегейлігі маңызды болса, философия үшін жалқылық жалпылықтың көрінуі мен жүзеге асуының формасы ретінде маңызды.

Эстетика ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканың грек тіліндегі «айстетикос» сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда «айстетикос» сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір әлі күнге дейін «анестезия» сөзінде кездеседі.

А. Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Сөтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.

Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысты А. Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі бері өнермен бірге өзін-өзі жетілдіріп, мәдени игіліктерін жасап та келеді.

Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезеңдерінің өзінде-ақ адамдар өнердңің алғашқы нышандарын тудырып, ары қарай дамытып отырған.

Эстетика этикамен өнер мен өнегелік қалай байланысты болса солай тығыз байланысты, өйткені, өнер сезімге әсер ете отырып, адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөліну барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы - ар тазалығы. Олай болса, эстетикалық тәрбие имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.

Эстетикалық ой тарихы. Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2, 5 мың жылды алып жатыр. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мың жылдықтың өзінде-ақ Көне Қытай, Үнді, Грекия ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы қабылдау барысында белгілі бір көңіл-күйлерге таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т. с. с. бөленетіндігін әрі әлемге деген таза танымдық қатынастан оның өзіндік сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін байқаған. Осы тебіреніс толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында көне дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, «сұлулық», «әсемдік» және оған қарама-қарсы «трагедиялық» және «комедиялық» туралы алғашқы түсініктер қалыптасты. Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша экскурсия жасап, көз жүгіртіп өтсек, онда барлық философиялық ғылымдардың бесігі болып табылатын Грекиядан бастау заңды.

Антикалық эстетика ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі оның космологизмі. Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдікті әлемнен де орын алады деген көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни өз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Соның нәтижесінде адам әлемі микрокосм. Адамның өнері макрокосмға ұқсап бағуынан, еліктеуінен туады. Осылайша, гректік ойшылдардың көбі, олардың барлығы деп айта алмаймыз, өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған.

Эстетикалық категория тұрғысындағы «гармония» ұғымын тұнғыг Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан, сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері үшін де әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімдікті танытады. Тіпті, онымен қоймай. өнер адам жанын да, тәнін де ауру кесел, бәлекеттерден тазартады деп білген. Осы тұста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы катарсиске тоқталып кетейін.

Катарсис (грек. «тазарту») адам жаны мен тәнін тазарту, рухы және ағзалық сергектену дегенді білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис, әсіресе, музыка, поэзия мен трагедияны адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген.

Пифагор және оның жолын қуушылар адам жанын кесапаттан тазарту үшін белгілі бір жүйемен алынған әуен, музыканы қолдану жолын ұсынған. Олардың түсінуінше, музыка ғарыш үндестігінің жердегі көрінсі болғандықтан тек жан сарайын тазалап ғана қоймайды, сонымен қатар, ағза ауруларынан да арылуға әсер етеді деп білген.

Платон болса катарсисті өнердің бір түріне ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырады. Оның айтуынша, катарсис жан дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген мағынаға ие.

Аристотель де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері деп танып, әсіресе трагедия жанрының адамның қорқыныш пен қайғыға ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде жанды бейқамдықтан, бойкүйездіктен арылтады деп қарады.

«Калокагатия» термині өзінің амбиваленттілігіне (екіжақтылығына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады. «Калокагатия» термині грек тіліндегі екі сөздің қосындысынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді.

Грек мәдениетіндегі калокагатия мұраты бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да, бала өсіру, тәрбиелеу ісінде гимнастикалық тәрбиемен қатар музыкалық тәрбиеге де көңіл бөлінген. Яғни, риторика (шешендік өнер), грамматика, тарих, поэзия және т. с. с. басты назар аударылған. Эстетикаға «калокагатия» ұғымын енгізген Сократ дана болатын. Шынайы сұлулық ізгі сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл Еуропалық эстетиканың орталық принципіне айналып кетті.

Негізгі эстетикалық категориялар. Қандай да болмасын эстетикалық теория белгілі бір эстетикалық категориялар жүйесінің болуының өзі әлгі теорияның ғылыми дәйектілігін танытады, іс жүзінде теория етеді.

Эстетикалық категориялардың қалыптасу тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Эстетиканың негізгі категорияларының бірі әсемдік. Оны, ең кең түсініктемесінде, кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады.

Әсемдікті түсіндірудегі үйлесімдік (гармониялық) деп отырғанымыз, белгілі бір тұтастықты құрастырып отырған бөлшектердің элементтерінің сыртқы қарама қайшылық өлшеміне сай бірлігі.

Әсемдік - материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты. Эстетикалық ұғым ретіндегі әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ, әдемілік объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтыса, әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады. Әсемдік ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімдік, ырғақтылық, мақсатқа сәйкестілік, түс пен жарықтың белгілі бір мөлшері т. б. табиғи өлшемдерін эстетикалық түсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сырқтқы әсемдігі оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. Ізгілік пен жылылықтан алыс әсемдік кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнелері жатады. Әсемдікті рухани сұлулықтан алшақтатып жіберегн дұрыс емес. Өмір мен өнерді әсемдік рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады.

Адам дүниені әсемдік үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. Адамның сұлу тұлға мұратына ұмтылуына қай халық өмірінде болмасын үлкен көңіл бөлінген. Мысалы, Қазақтар киелі әйел Құдай Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашы аспанды жарқыратқан, күн сәулесімен кемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған.

Ендігі бір тоқтала кететін категориямыздың бірі - эстетикалық мұрат.

Эстетикалық мұрат - белгілі бір кезеңнің эстетикалық санасын анықтайтын басылымдылық, доминанты. Эстетикалық мұрат дегеніміз адамзат ұрпағының өз дәуіріне сай армандау, шырқау мүмкіндігі жайлы бүкіл ұғым түсінігінің жиынтығы. Эстетикалық мұратты идеалды болу, жүзеге асуға тиістілік деп қарастырса да жөн. Өйткені, ол қашан да болашаққа меңзейді, жанжақты жетілген мүлтіксіз сұлулыққа жетелейді.

Эстетикалық сезім шындық өмір құбылыстарын немемсе өнер шығармаларын эстетикалық тұрғыдан қабылдау процесінде болатын көңіл-күй сезімі. Эстетикалық сезім осы қабылдау туғызатын өзіндік ерекшелігі бар күйзеліс болып табылады және әсемдік немесе асқақ, трагедиялық немесе комедиялық сезім ретінде көрінеді.

Өнер шығармалары эстетикалық сезімді көркем образдар арқылы көрсетіп, идеялық ғана емес, сондай-ақ көңіл-күй тәрбиесін берудің пәрменді құралы болып табылады, олар адамдар үшін қуаныш пен шабыт көзі болуға тиіс.

Эстетикалық талғам әр түрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл-күй сезімімен бағалау, ең алдымен, сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамда практика қалыптастыратын адам қабілеті. Өнер шығармалары бағаланатын талғамды эстетикалық көзқарасын бұрмалайды, оны нағыз сұллулыққа немқұрайлы етеді, ол кейде адамның сұрықсыз не нәрселерден ләззат алуына апарып соғады. Эстетикалық талғамның жетілуі оның өмір мен өнердің эстетикалық игіліктерді қаншалықты терең және жан-жақты танып білумен сипатталады. Дамыған эстетикалық тәрбиенің аса маңызды міндеттерінің бірі.

Эстетика ілімінің атқаратын көптеген қызметтерінің ішіндегі эстетикалық дүниетанымды тәрбиелеу қызметіне тоқталатын болсақ, онда эстетикалық тәрбиенің мәні оның шығармашылыққа тәнті жасампаз тұлға тәрбиелеуінде болып тұр. Эстетикалық тәрбиенің өзіндік ерекшелігі оның тұлғаға тікелей емес, жанама түрде әсер етуінде. Мысалы, егер адамгершілік тәрбиесінде тікелей тәлімдік басым ғой, ал эстетикалық тәрбиеде тұлға көркемөнер туындыларынан ой түйіп, солардан алған эстетикалық әсер нәтижесінде таза өзінің қалауымен жол таңдайды.

Эстетикалық тәрбие жастардың эстетикалық талғамын, эстетикалық мұратын, эстетикалық ұстанымдарын қалыптастыру нәтижесінде эстетикалық сананы сомдайды. Эстетикалық сананың сомдалуы қоғам үшін болсын, тұлғанын өзі үшін болсын үйлесімді дамыған белсенді тұлғаны қоғамдық өмірге даярлауымен бағалы. Эстетикалық тәрбие алған адам өзінің адамсүйгіштігмен, бекзаттылығымен, сыртқы кейпінің, мәнерлерінің, өзін-өзі ортада ұстай білуінің жоғары әсемдік талғамға сай келуімен танылады.

Эстетикалы тәрбиелі жан қалай болса солай жүріп тұрмайды, не болса соны киіп шықпайды, жөнді жосықсыз әрекеттерге бармайды. Эстетикалық тәрбиелі жастар бойына талғампаздық қасиетін дарытады. Мұндағы талғампаздықтың мәні адамның сұлулық пен ұсқынсыздықты, асқақтық пен мешеулікті, шынай әсемдікпен жалған көзбояушылықты ажырата біледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тіліндегі сыпайы қарым-қатынастың вербалды және бейвербальды амалдары және олардың зерттелу жайы
Қазақ тіліндегі сыпайылық семантикасы
Үмбетбай Уайдин – публицист, сатирик
Мамандықты таңдаудағы мотив
ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
С. Жүнісов шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік ақпараттық саясат: саяси-салыстырмалы талдау
Коммуникацияның теориясы
Ақпараттық жанрлар
Лингвистикалық бағыттағы телехабарлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz