Бәсекелестіктің болашағы мен келбеті



КІРІСПЕ
І. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ БОЛАШАҒЫ
1.1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕГЕ БАРЫНША ҚАБІЛЕТТІ 50 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА КІРУ СТРАТЕГИЯСЫНДАҒЫ БАСЫМДЫЛЫҚ
1.2 КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖОҒАРҒЫ САПАЛЫ ТАУАР ӨНДІРУІ
НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ІІ. КЕЛЕШЕКТЕГІ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КЕЛБЕТІ
2.1 ЕЛІМІЗДЕГІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ, ҚОЛДАУ
2.2 ЖОҒАРҒЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Елбасы Қазақстан халқына биылғы Жолдауында ұлттың ұлы идеясына айналған страте­гия­лық мақсатты айқындады: ол мақсат – Қазақстан Республикасының әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруі. Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау – Үкіметтің басты міндеті. Оны іске асыру үшін 2006-2008 жылдарға арналған Үкімет бағдарламасы жасалып, бекітілді. Бағдарламада Президент Жолдауының барлық қыры ескерілді. Кәрім Мәсімов – осы құжат авторларының бірі. 24 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың биылғы Жолдауын жұртшылыққа түсіндіру және насихаттау міндеттеріне арналып, республикалық кеңес өткені белгілі. Сонда К.Мәсімов баяндама жасаған болатын. Бүгін Кәрім Қажымұқанұлының сол баяндама не­гізінде әзірленген мақаласын назарға ұсынып отырмыз.
Экономиканың және қоғамның барлық салаларында бәсекелестікті ынталандыру. Ең соңында, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту есе­бінен экономикаға еңбек өнімділігі ресурста­рының ұдайы тасқыны. Сонымен бірге, жүйелік шаралардан басқа, Мемлекет басшысының Жолдауында республи­ка­ның қазіргі кезде серпіліс жасау үшін жеткілікті пайдаланылмай отырған мүмкіндіктері бар екені әділ көрсетілген. Бұл “серпіліс” жобаларын іске асыру қазір­дің өзінде орташа мерзімдік кезеңде экономика­да өндірілетін қосымша құнның деңгейін елеулі түрде арттыра алады. Мұндай серпіліс жобала­рына мыналар жатады.
Бірінші. Отын-энергетика секторының тиімділігін арттыру. 2006-2008 жылдар аралығы кезеңінде ілеспе табиғи газды кәдеге жаратуды ұлғайту және оны экспорттық рынокқа шығару, энергия өндіретін жаңа қуаттарды салу есебінен энергетиканы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету жоспарланған.
Екінші. Өнім өндіруші компаниялардың өскелең сұранымы базасында сервистік және тауарлық өндірістерді дамыту. Көмірсутегі кеніш­терінің ірі операторлары маңынан біз Қазақстан­ның шағын және орташа бизнесінің жұмысын құруға тиіспіз, ол мұнай компания­ларының өскелең қажеттеріне қызмет көрсеткен болар еді.
Үшінші. Экономиканың дамуына елеулі түрде ықпал етуге қабілетті “серпіліс” жоба­ларын іске асыру. Бұл – Еуразиядағы өзара іс-қимылда­рымыздың экономикалық, саяси және мәдени орталығы ретінде Астана қаласын одан әрі өркендету. Алматы қаласында Өңірлік қаржы орталы­ғын құру мен дамыту. Үкімет қызметінің экономиканың дамуына қуатты серпін беруге қабілетті аса маңызды бағыты Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес мұнай-химия өндірісін дамытудың бас жоспарын іске асыру болады. 2006-2008 жылдардың өзінде-ақ алғашқы мұнай-химия жобаларын жүзеге асыру басталады.
Төртінші. Үкімет жоғары қосылған құны бар тауарлар экспорты мен қызмет көрсетулер өсуіне қол жеткізуді ниет етіп отыр, оның көлемді өнді­рісі болашақтағы 2-3 жылда жолға қойылуы мүмкін.
1. Рахметов. Б. А. Персоналды басқару Алматы 2005ж
2. Ахметов. К. Ғ. Менеджмент негіздері Ақтөбе 2005ж
3. Каренов. Р. С. Менеджмент негіздері Қарағанды
1999ж
4. Бердалиев. К. Б. Басқару негіздері Алматы 2002ж
5. Бердалиев. К. Б Қазақстан зкономикасын басқару
Алматы 2003ж
6. Герчикова. И. Н. Менеджмент Москва 1994г

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
І. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ БОЛАШАҒЫ
1.1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕГЕ БАРЫНША ҚАБІЛЕТТІ 50 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА
КІРУ СТРАТЕГИЯСЫНДАҒЫ БАСЫМДЫЛЫҚ
1.2 КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖОҒАРҒЫ САПАЛЫ ТАУАР ӨНДІРУІ
НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ІІ. КЕЛЕШЕКТЕГІ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КЕЛБЕТІ
2.1 ЕЛІМІЗДЕГІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ, ҚОЛДАУ
2.2 ЖОҒАРҒЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Елбасы Қазақстан халқына биылғы Жолдауында ұлттың ұлы идеясына
айналған страте­гия­лық мақсатты айқындады: ол мақсат – Қазақстан
Республикасының әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына
кіруі. Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау – Үкіметтің
басты міндеті. Оны іске асыру үшін 2006-2008 жылдарға арналған Үкімет
бағдарламасы жасалып, бекітілді. Бағдарламада Президент Жолдауының барлық
қыры ескерілді. Кәрім Мәсімов – осы құжат авторларының бірі. 24 сәуірде
Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың биылғы Жолдауын жұртшылыққа түсіндіру және
насихаттау міндеттеріне арналып, республикалық кеңес өткені белгілі. Сонда
К.Мәсімов баяндама жасаған болатын. Бүгін Кәрім Қажымұқанұлының сол
баяндама не­гізінде әзірленген мақаласын назарға ұсынып отырмыз.
Экономиканың және қоғамның барлық салаларында бәсекелестікті
ынталандыру. Ең соңында, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік
қорғау жүйесін жаңғырту есе­бінен экономикаға еңбек өнімділігі
ресурста­рының ұдайы тасқыны. Сонымен бірге, жүйелік шаралардан басқа,
Мемлекет басшысының Жолдауында республи­ка­ның қазіргі кезде серпіліс жасау
үшін жеткілікті пайдаланылмай отырған мүмкіндіктері бар екені әділ
көрсетілген. Бұл “серпіліс” жобаларын іске асыру қазір­дің өзінде орташа
мерзімдік кезеңде экономика­да өндірілетін қосымша құнның деңгейін елеулі
түрде арттыра алады. Мұндай серпіліс жобала­рына мыналар жатады.
Бірінші. Отын-энергетика секторының тиімділігін арттыру. 2006-2008
жылдар аралығы кезеңінде ілеспе табиғи газды кәдеге жаратуды ұлғайту және
оны экспорттық рынокқа шығару, энергия өндіретін жаңа қуаттарды салу
есебінен энергетиканы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету жоспарланған.
Екінші. Өнім өндіруші компаниялардың өскелең сұранымы базасында
сервистік және тауарлық өндірістерді дамыту. Көмірсутегі кеніш­терінің ірі
операторлары маңынан біз Қазақстан­ның шағын және орташа бизнесінің жұмысын
құруға тиіспіз, ол мұнай компания­ларының өскелең қажеттеріне қызмет
көрсеткен болар еді.
Үшінші. Экономиканың дамуына елеулі түрде ықпал етуге қабілетті
“серпіліс” жоба­ларын іске асыру. Бұл – Еуразиядағы өзара іс-
қимылда­рымыздың экономикалық, саяси және мәдени орталығы ретінде Астана
қаласын одан әрі өркендету. Алматы қаласында Өңірлік қаржы орталы­ғын
құру мен дамыту. Үкімет қызметінің экономиканың дамуына қуатты серпін
беруге қабілетті аса маңызды бағыты Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес
мұнай-химия өндірісін дамытудың бас жоспарын іске асыру болады. 2006-2008
жылдардың өзінде-ақ алғашқы мұнай-химия жобаларын жүзеге асыру басталады.
Төртінші. Үкімет жоғары қосылған құны бар тауарлар экспорты мен қызмет
көрсетулер өсуіне қол жеткізуді ниет етіп отыр, оның көлемді өнді­рісі
болашақтағы 2-3 жылда жолға қойылуы мүмкін.
І. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ БОЛАШАҒЫ

1.1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕГЕ БАРЫНША ҚАБІЛЕТТІ 50 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА
КІРУ СТРАТЕГИЯСЫНДАҒЫ БАСЫМДЫЛЫҚ

Қазақстан экономикасын жаңарту және оған серпінді сипат беру, олар
өзара байланысты міндеттер кешенін шешуді көздейді Бірінші. Фискалдық
саясат. Салық және тариф саясатын реформалау сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл
қоюға және кәсіпкерлікті, бизнес пен халықаралық сауданы дамытуды
ынталандыруға мүмкіндік береді. Біз салықтардың жиналуын ұлғайтуға, салық
салу құрылымын жеңілдетуге және салықтар санын шектеуге тиіспіз. Бизнес
мүддесі тұрғысынан жеке тұлғалар үшін табыс салығының белгіленген ставкасын
енгізу және Салық кодексін жеңілдету мүмкіндігін зерттеу керек. Екінші.
Несие-ақша саясаты. Инфляциямен күрес – несие-ақша саясатының басты
мақсаты. Біз өзіміздің шетелдегі әріптестеріміздің бұған дейін байқап
көрілген ұсыныстары мен кеңестеріне арқа сүйей отырып, валюта саясатын
басқарылатын ырықтандыру есебімен инфляция өсуінің келеңсіз салдарын
барынша төмендету мақсатында нақты айырбас бағамының қажетті икемділігін
қамтамасыз етуге тиіспіз.
Үшінші. Экономиканың отын-энергетика және өндіруші секторлары тиімділігінің
жаңа деңгейін ұйымдастыру. Мұнай-газ кешенімен тікелей байланысты, қосылған
құн дәрежесі жоғары салалардың озық дамуына жағдайлар туғызу керек. Әрбір
кен орны тұрмыстық қызмет саласынан бастап ең осы заманғы бағдарламалық
қамтамасыз етуге дейінгі кәсіпкерлікті дамытудың әлеуетті базасы ретінде
қарастырылуы тиіс. Біз мұнай мен газды өндіріп қана қоймай, Норвегияның
үлгісі бойынша елді мұнай-сервистік кластерге айналдыруға тиіспіз. Мемлекет
елде және шетелде біздің мұнай компанияларымыздың қызметін кеңейтуіне
қолдау білдіруі тиіс.
Төртінші. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын
қалыптастыру.
Мемлекет экономикадағы сұранысты ынталандыратын жағдайлар жасай
алады және жасауға міндетті, бірақ та өндірісті өзі ұйымдастыруға немесе
бақылауға тиіс емес. Мұны рынок істейді. Экономиканың салауатты жеке
сұраныс бар салаларында мемлекет бәсекелес ортасын дамыту және рынокты
монополияландыруға жол бермеу үшін қажетті реттеуші рөлін ғана атқаруға, ал
ондай сұраныс жоқ жерлерде оны жасауға жәрдемдесуі тиіс.
Бесінші. Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекетті қолдау. Кәсіпкерлікті
дамытуға, шағын және орта бизнесті, ішкі сұранысты кеңейту мен нығайтуға
қолдау білдірудегі мемлекеттік саясаттың жаңа, рынокқа бағынған тетіктерін
ұсына отырып, мемлекет салық режімін индустриялық саясаттың көптеген
құралдарының бірі ретінде ғана пайдалануға тиіс екенін ескерген жөн.
Бәсекелестікті дамыту кәсіпкерлікті дамыту үшін басымдыққа айналуы тиіс.
Алтыншы. Әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің өңірлік корпорациялары.
Мемлекеттік саясат шағын және орта бизнестің жұмыстың айқын жағдайларында
шағын бизнес үшін тапсырыс беруші және “локомотив” рөлінде бола алатын
әртараптандырылған, қаржы жағынан тұрлаулы ірі кәсіпорындармен
ынтымақтастық үшін әкімшілік және нормативтік алғышарттар туғызуды көздеуі
тиіс. Қоғамдық мүдделер мен пайда табатын қызметті үйлестіретін бірнеше ірі
өңірлік холдингтер құруға болады. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын мұндай
жекеменшік корпорациялар – өңірдің Әлеуметтік дамуы мен кәсіпкерлігінің
қоры немесе корпорациясы – өңірдің даму мүдделері тұрғысынан активтерді
басқара алады, жобаларға бастамашы болып, қосымша инвестициялар тарта
алады. Олардың қызметінің басты бағыты – өңірде пайда табатын ұзақ мерзімді
негізде шағын және орта кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне деген
сұранысты туғызу.
Жетінш Нарықтық қағидаттар негізінде экономикалық өзара
ықпалдастықты дамыту. Қоғамда келісім-шарттық қатынастарды дамытудың және
жеке меншік институтын нығайтудың маңыздылығы даусыз. Бірақ та олардың кері
кетпеушілігі үшін қосымша заңнамалық, әкімшілік шаралар және даулар мен
арбитраждық ресімдерді тәуелсіз қарау жүйесінің дамығаны керек. Экономикаға
мемлекеттің қатысу тиімділігін біз мемлекеттік басқарудың түрлі
деңгейлерінің өкілеттіктерін шектеуді және оңтайландыруды, мемлекеттің
экономиканы бақылауын төмендетуді көздейтін әкімшілік реформалар есебінен
арттыруға тиіспіз. Сегізінші. Рентабельді емес кәсіпорындарды нәрлендіру
және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру. Біз өзімізге жұмыс істеп
тұрған рентабельді емес кәсіпорындарды “есептен шығару” мүмкіндігін бере
алмаймыз. Бірақ та оларды “қағидат үшін” қаржыландыру да – ысырапқорлық.
Әлеуетті түрде перспективалы кәсіпорындар жаңа бизнестерді дамыту үшін
негіз болуы тиіс. Оларды қайта құрылымдау және “ширату” керек. Үкімет
мұндай кәсіпорындарды дағдарыстық басқаруға қатысу мүмкіндігін қарастыруға
міндетті. Егер қажет болса, белгілі бір кәсіпорындарды сатып алып, оларды
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар желісінің басқаруына берудің
орындылығын қарастыруға міндетті. Мұндай кәсіпорындардың негізінде рынокқа
керекті жаңа индустриялар мен жаңа технологиялар дамуы тиіс. Ал өңірлік
корпорациялар сараптамалар мен капитал тартуда, жаңа рыноктар игеру мен
жаңа жобаларды іске асыруда жарысып көрсін. Бүкіл әлем осылай жұмыс
істейді. Біз де солай жұмыс істеуге тиіспіз. Тоғызыншы. Аумақтық даму. Біз
экономикалық және әлеуметтік жаңарудың “локомотивтері” болуға қабілетті
дамыған өңірлік орталықтарда экономикалық қызметті шоғырландыруға,
заңнамалық, экономикалық және әкімшілік шаралар жүйесін қарастыруға
тиіспіз. Дамыған өңірлік орталықтардың әлеуетін ортақ теңдестірілген
өңірлік даму мен тоқыраған өңірлердің дәуірлеуіне пайдалану үшін бізге жаңа
көші-қон саясаты керек.
Білікті жұмыс күштері санының шектеулі болуы және елдің негізгі
тұтынушы рыноктардан қашықтығы жағдайында біз инновациялық өндірістік
қызметті бастайтын халықаралық компаниялардың пайда болуын жай күтіп отыра
алмаймыз. Керісінше, біз экономиканың шешуші секторларындағы рыноктық
тауашаларды зерттеп, қосылған құнның жоғары үлесі бар өнім шығаруға
мүмкіндік беретін екі немесе үш өндірістік бағытты іріктеп алуға тиіспіз.
Мемлекет бұл үшін қолайлы жағдайлар туғызуға және кейбір реттерде
мамандандырылған мемлекеттік корпорациялар арқылы бүкіл өндірістік цикл
аясында қажет болатын қаражатты тікелей инвестициялауға тиіс болады.
Қазақстандық бизнес шетелде кең ауқымды қызмет көрушілер базасын
қалыптастыра алатын рыноктар мен салаларды анықтауы керек. Біздің
менеджерлердің рыноктың өскелең талабына деген “сезімталдығын” арттырудың
“құрметті консулдар” институтын және басқа әдістерді пайдалану секілді
инновациялық және стандарттық емес көзқарастар мен іс-әрекеттерді ендіру
қажет болады. Мемлекет халықаралық сапа стандарттарын ендіру кезінде көмек
беріп, қолдау көрсетуді өз мойнына алуы тиіс. Сондай-ақ Бүкілдүниежүзілік
банкпен, Еуропалық даму және қайта құру банкімен және басқа халықаралық
қаржы институттарымен ынтымақтаса отырып, тәуекелдерді мемлекеттік
қамсыздандырудың бағдарламалары мен кестелерін қоса алғанда, инвестициялық
тәуекелдерді төмендету шараларын қабылдаған жөн. Осының бәрі экономиканы
дамыту үшін қосымша табыстар көзі және елдің әлемдік энергия тасушылар
рыногындағы конъюнк¬тураға кіріптарлығын төмендетудің маңызды құралы
болады.
Сегізінші. Қорғаныштық сауда маркасы және зияткерлік меншік құқығы
бар тауарлар өндіру үшін қолайлы жағдайлар туғызу.
Халықаралық қоғамдастық Қазақстанды жаһандық экономиканың тең құқылы және
жауапты қатысушысы ретінде қабылдауы үшін бізге тиісті заңдар мен
нормативтік шаралар қабылдай отырып, зияткерлік меншік құқығы мен сауда
маркаларын қорғауды қамтамасыз етуге деген көзқарасты қағидатты түрде
өзгерту қажет. Авторлық құқықтар мен сауда маркаларын қорғаудың қатал
кепілі ретіндегі Қазақстанның беделі бізге электрониканы, үйде тұтыну
тауарларын және көптеген басқаларын қоса алғанда, өз елімізде экономиканың
жаңа секторларын белсендірек дамытуға және әртараптандыруға мүмкіндік
береді.
Тоғызыншы. Индустрияның басым секторларының тиімділігін арттыру үшін
Мемлекеттік холдинг компаниясын құру. Үкімет әлдеқашаннан бері бұл
мәселемен айналысып келеді, сондықтан мен негізгі жәйттерді ғана атап
өтейін. Мемхолдинг Үкімет пен оның жауапты жұмысын қамтамасыз ететін
мемкомпаниялар арасындағы байланыстыратын буын болуы тиіс. Мемхолдингтің
портфеліне стратегиялық индустриялар – энергетика, мұнай мен газ, көлік,
металлургия және сол сияқтылар кіруі тиіс. Мемхолдингтің оған инвестициялық
“тетікке” айналуға және экспортты дамыту мен бәсекелі тауарлар өндірудің
қосымша құралы болуға мүмкіндік беретін тиісті әкімшілік және нормативтік
тұғырнамасы болуы керек.
Оныншы. Алматыны қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі өңірлік орталығы
ретінде дамыту. Бұл Қазақстанның ірі қаржы ұйымдары үлкен өңірлік бизнестер
мен жобалар үшін займдар беру, қамсыздандыру және қаржы қызметтерін көрсету
саласында негізгі “мердігерлерге” айналуы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер
туғызуға бағытталуы тиіс. Он бірінші. Көлік инфрақұ¬рылымын және қызметін
дамыту. Үкімет тиісті бағдарлама қабылдай отырып, көлік және басқа
инфрақұрылымдық бизнестердің дамуына мүмкіндік беруі керек. Ірі көліктік
инфрақұрылымдық нысандардың төңірегінде шағын және орташа жобалар арқылы
инфрақұрылымның икемді, жоғары технологиялық және қайта жаңартылатын
нысандарын құрып, дамыту қажет. Біз осылайша Орталық Азиядағы өзіміздің
көшбасшылық позициямызды қамтамасыз ету үшін өңірлік рынокқа бәсекелі көлік
жүйесін ендіруді ұйымдастыра аламыз.
Мұндай серпінді секіріске қол жеткізу үшін бізге сондай-ақ бәсекелі
және ашық авиация индустриясын дамытуға жағдай жасау керек. Көлік
инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекеттің белгілі бір кепілдіктері жағдайында
жеке меншік секторды тарту жөнінде жағдайлар туғызу қажет; технологиялық
жағынан көлік инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ететін халықаралық несие
инсти¬туттарымен бірлескен жобаларды іске асыру керек. Он екінші.
Экономикалық өсудің нақты тетігі ретіндегі БСҰ-ға кіру. БСҰ мүшелері
тарапынан қыспақты күтіп отырмастан, біз оза жұмыс істеуге – Қазақстан
дамуының қажеттіліктері мен деңгейіне сәйкес қарқынды жеделдету үшін БСҰ
шарттарына сай заңнамаға өзгертулер енгізуге тиіспіз.
Энергетика және отын саласындағы салық және кеден жүйесін реформалау және
отынның ішкі рыногы үшін мөлдір салық жүйесін енгізу, жергілікті өндірістер
үшін мемлекеттік көмектің мазмұнын қайта бағдарлау талап етіледі. Қаржылық
қызметтер рыногына салық салу да БСҰ шарттарына сәйкестендірілуі тиіс, бұл
өз кезегінде қаржы-өнеркәсіптік топтар қызметінің мөлдірлігін қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді. Біз шетелдік инвесторлардың қаржы қызметі,
сақтандыру және құрылыс секторларында құрылтайшылық қатысу деңгейіндегі
ақтауға келмейтін шектеулерді алып тастауды қисынды соңына дейін жеткізуге
тиіспіз, сондай-ақ Қазақстанның табиғи монопо¬лиялары мен құрылыс секторы,
телекоммуникациялар, көлік және сол сияқтылар рыногына келіп жатқан жаңа
“ойыншылар” үшін жағдайды қалай теңдестіруді ойластыруға тиіспіз. Біз
мамандандыруды және өзі¬міз¬дің ауылшаруашылық өнімдеріміздің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру үшін ауыл шаруашылығының заңнамалық және нормативтік
арқауын Бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына сәйкестен¬діруге тиіспіз.
Он үшінші. Халықаралық экономикалық одақтар мен қауымдастықтарға қатысу
арқылы жаһандық экономикаға кірігу. Қазақстанның ЕурАзЭҚ, Біртұтас
экономикалық кеңістік және басқа да өңірлік экономикалық одақтардағы алар
орнын нығайту тауарларды өңірлік рынокта экспортқа шығаруға қолайлы жағдай
жасауға септесетіндігі сөзсіз. Сондай-ақ, Қазақстанның халық¬аралық
экономикалық блоктар мен қауымдастықтарға қатысуы халықаралық рынок
тауашаларына қол жеткізуін жақсарта түседі.
Бұл орайда Азия Даму банкі, Бүкіләлемдік банк және Еуропа қайта құру және
даму банкі қаржыландыратын жобаларға қадала көңіл аудару керек. Мұндай
жобаларды жүзеге асыру барысында жобаларды басқару жөніндегі ең бүгінгі
заманғы ноу-хаудың жеткізілетіні және халықаралық топтар тарапынан назардың
анағұрлым арта түсетіндігі белгілі. Оның үстіне бұл екі жағдаят қосыла
келгенде несиелердің өзінен де бағалы болып шығады.
1.2 КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖОҒАРҒЫ САПАЛЫ ТАУАР ӨНДІРУІ
НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Қазақстан инфрақұрылымын дамыту және оны бара-бара әлдеқайда
іргелі еуропалық және еуразиялық жобаларға кіріктіру үшін Еуропа
инвестициялық қорымен және Еуропа инвестициялық банкімен ақылдасуды бастау
қажет. ІІІ басымдық: Әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын
қолдайтын осы заманғы әлеуметтік саясат. Біздің әлеуметтік саладағы бар¬лық
іс-әрекеттеріміздің нәтижелілігінің басты өлшемі Қазақстан халқы өмірінің
сапасы мен әлеуметтік қалпын әлемнің анағұрлым дамыған және бәсекеге
қабілетті елдерінің деңгейіне сәйкес келетіндей етіп орнықты түрде арттыру
болуға тиіс, өзіміз сол қоғамдастыққа ұмтылып отырмыз.
Сондықтан әлеуметтік саланы одан әрі жедел жаңартудың неғұрлым
басым бағыттары мыналар болып табылады. Тұрғын халықтың анағұрлым “осал”
топтарын атаулы әлеуметтік қолдауды дамыту.
Бұл орайда Үндістандағы инженерлік-технологиялық орталықтардың
тәжірибесі кәдеге аса алады. Алтыншы. Тұрғын үй құрылысы мен жылжымайтын
мүлік рыногын дамыту мәселелері. Бізде тұрғын үй бағдарламасының жүзеге
асырыла бастағанына үшінші жыл. Осы уақыт аралығында біз бұл бағдарламаның
қадір-қасиетін толық бағалайтындай болдық. Бұл уақыт ішінде бағдарламаның
қағидатты мәні бар міндетті – қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету
міндетін шеше жүріп әуел баста ойлай да қоймаған олқылықтары да бар
екендігі көрінді. Сондықтан бүгінгі таңда осы кемшіліктердің неден кеткенін
барынша егжей-тегжейлі зерттеу және тұрғын үй бағдарламасына түзету енгізу
керек.
Қалалардың дамуына қолжетімді тұрғын үй салуға жағдай жасау тұрғысынан
қарау, жеке және жалгерлік тұрғын үй құрылысына ерекше назар аудару қажет.
Бұл ретте әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі тұрғындарды тиісті
инфрақұрылымдық артықшылықтары бар қалаларда шоғырлануға ынталандыруға
тиіс. Бұл арада біз бірқатар мәселелерді, атап айтқанда, экологиялық
жағынан зардап шеккен аудандардың экономикалық даму мәселелерін шешуде
халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіруді; қоршаған ортаны
қорғауды жақсарту жөніндегі заңнамалық нормаларды енгізуді; экологиялық
қауіпсіздіктің басқа да элементтерін шешуіміз керек. Тоғызыншы. Бизнестің
әлеуметтік жауапкершілігін басқарудың халықаралық үлгі-қалыптарын енгізу.
Бұл іске қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының арнаулы бағдарламасы бар. Біз де
өзіміздің үлгі-қалыптарымызды сол бағдарламаға сәйкестендіруіміз керек.
Бизнестің әлеуметтік есеп беруінің және жалпыұлттық міндеттерді шешудегі
оның әлеуметтік жауапкершілігін арттырудың баршаға бірдей ережелерін талдап-
жасау, енгізу керек, бұл істі “әлеуметтік жауапкершілікті” бизнестер үшін
артықшылықтар жасай отырып жүргізген жөн. Ал енді бүгін ұсынылып отыр¬ған
стратегиялық бағыттың басқа басымдықтары туралы айтайын.
ІV басымдық: Демократия және қоғамды саяси тұрғыдан жаңғырту мәселелері Бұл
басымдық, елбасының ойынша, қазірдің өзінде белгілі бір дәрежеде “қоғамдық
сынамадан” өтті. V басымдық: Ұлттық қауіпсіздіктің бүгінгі қатерлер мен
жаһан¬дық ауқымдағы сынақтарға сай стратегиясы
VІ басымдық: Әлемдік дамудың серпінділігін ескеретін сыртқы саяси міндеттер

Бұл басымдықтар бізде едәуір деңгейде пысықталған. Соның өзінде де
олар Қауіпсіздік кеңесінде уақытқа сәйкестігі және Қазақстанның жедел
жаңғыруын қамтамасыз етуі тұрғысынан талқыланатын болады.
Жоғарыда аталғанның бәрі де – біздің ортақ міндеттеріміздің негізі ғана.
Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасы бізге әлемнің бәсекеге қабілетті елдері
қоғамдастығына қарай бірізділікпен әрі сарабдалдықпен, асығып-аптықпай,
әбігерленбей қадам басуға мүмкіндік беруге тиіс. Бұл мақсат бүкіл ұлттың,
елдің барлық атқару органдарының басты идеясына айналуға тиіс. Үкіметтің
әрбір мүшесінің, барлық деңгейдегі әкімдіктердің күрделі, қауырт жұмысты
атқаруына тура келеді. Мәселелердің әр шоғырына жауап беретін адамдар
айқындалуы керек. Тапсырылған жұмыстың жылжымай жатқаны лауазымды адамның
өзіне жүктелген жауапкершіліктің үдесінен шыға алмағанын білдіреді,
ондайлар ауыстырылуға тиіс. Үкіметтің қазіргі құрамы жұмыс істеген тұста
экономика дамуының жоғары қарқыны сақталды. Индустриялық және тұрғын үй
бағдарламалары оңды нәтижелер бере бастады, ойға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХІ ғасырда шет тілі мұғалімінің рөлі
Индустриялдық-инновациялық бағдарлама
Бренд мағынасының мәні және ерекшелігі
Инновация Қазақстан Республикасының экономикалық өсімінің қайнар көзі
Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы. Маркетинг теориясы
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Қазақ даласындағы саяси-құқықтық ойлардың даму үрдісі жайлы
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Қонақ үйдегі маркетинг және қонақ үй қызметінің сапасы
Қазақстан туризмін дамытудағы орналастыру индустриясының маңызы
Пәндер