Ежелгі ғалымдар


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Осы заманғы дүниежүзілік ғылымның асыл мұрасы, алтын қоры, географиялық материалдар бірте-бірте жиналды. Оларды адам баласы зор қиыншылықтарды жеңе отырып жинап терді: талай-талай саяхатшылар, ғалымдар бұл жолға бүкіл өмірін сарп етті, құрбан болды. Бірақ жеңімпаз адам алған бетінен қайтпады. Көздеген мақсатына жетті. Ақыры жерді, оның формасын дұрыс түсінді. Адам жер шарының орасан үлкен екеніне, ал бүкіл әлеммен салыстырғанда соншалық кіші екендігіне көзі жетті.

География - ғылымдардың ішіндегі ең көнелерінің бірі. Сондықтан да бұл ғылымды терең зерттеп, дұрыс түсінуді мектеп балалары, бүкіл жастар өзіне зор міндет деп санауға тиіс. Мұны білмей табиғатты, оның ұшан-теңіз құпия сырларың танып-біліп, оны қоғам пайдасына жарату мүмкін емес. География ғылымының тарихы бізді адам баласының жер шарын бірте-бірте қалай ашып білумен таныстырады. Бұл ұзақ, әрі тамаша тарихи оқиға. Біздің, жыл санауымызға дейінгі ерте заманда алғашқы географиялық түсінік Нил өзені бойында - Египетте, жалпы Жерорта теңізі жағалауын мекендеген елдерде пайда болды. Бірақ олар сол өздөрі тұрған жерлерімен, әрі кеткенде көршілес елдердің жерлерімен ғана танысты. Платон мен Аристотель әлем, адам баласы дегенде, олар тек қана Жерорта теңізі жағалауын мекендеген эллигідер мен кейбір жауынгер тайпаларды айтады. Біздің заманымызға дейінгі жыл санаудың V-IV ғасырында Геродот, Пифагор, Аристотельдер ғана жерді шар тәрізді деп дұрыс түсінді. Бұған орта ғасырлардағы Араб, Орта Азия, тағы басқа елдер ғалымдары да өз үлесін қосты.

XV-XVI ғасырларда жер шарының ұлы географиялық ашулары басталды. Бұған дейін белгісіз болып келген жаңа жерлер ашылды. Кемелер алысқа сапар шекті. Испания, Португалия елдерінің Колумб, Магеллан сияқты саяхатшылары ұлы географиялық ашуларға аттанды. Кейінірек Англия, Франция, Голландия, Россия, тағы басқа елдер саяхатшылары да жер шарын зерттеуге жұмыла кірісті. Енді белгісіз болып келген мұхиттар, теңіздер мен аралдар адамға аялы есігін аша бастады.

XVIII ғасырда Батыс Европа елдерінде капитализмнін, дамып, өріс алуына байлакысты оған жаңа жер, отар қажет болғаны белгілі. Осыған орай енді сол бұрын ашылған жаңа мекендерді түбегейлі мұқият зерттеу ісі нақтылы жүзеге асырыла бастады. XIX ғасырда дүние жүзілік географиялық зерттеулердің құлаш жайғаны сонша, жер шарында елеулі белгісіз мекен-жай қалмады. Арктика, Антарктида ашылды. Солтүстік Мұзды мұхиттың, Арктика мен Антарктиданың жаратылыс байлығын дүние жүзі елдерінің географтары өзара және ресми келісім жасау жолымен бірлесе отырып зерттеп, адам баласының игілігіне жаратуды көздеді.

Үстіміздегі ғасырда дүние жүзі географтары, әсіресе, советтің ғалым-географтары осы күнгі ғылым мен техника табыстарына сүйене отырып, Арктиканы, Антарктиданы жан-жақты зерттеп, күрделі ғылыми табыстарға ие болып отыр. Сөйтіп, география ғылымының әріден келе жатқан көне тарихына қарағанда, ол өзі басталуынан-ақ бүкіл адам баласының игілігін ақсат етксі, барша жұртқа ортақ ғылым болды. География ғылымының табысы, квйім, '» капиталистік ғалымсымақтардың ойлайтынындай, ешқашан да эдам бал. . '. 'ын апатқа ұшыратпақ емес, қайта бүл ғылым адамзатты бақыт баспал-дағь-і. іа қарай өрлете бермек,

Мектеп оқушылары, жастар география ғылымын неғұрлым жақсы Ылсе, оны < тамаша тарихымен жете танысса, соғүрлым олардың бұл пәнге деген қ Ұ ш, '. >рлығы, сүйіспеншілігі арта бермек. Отанын, елін, жерін жанындай жақ-сы н. . ретін болады. Қоғамда адамдардың бәріне бірдей ортақ сөздер бар. Со/ . . . , дың ішіндегі ең бір асылы-Отан деген сез. Отан ұғымы жастар жүремне мектеп қабырғасында жүргенде-ақ көкейіне қона бастайды, олар-дың . ірман-қиялымен біте қайнап, бірге өседі. Олардың бойына абзал қасиет, ізгі ниет дарытады. Отанын, жерін, елін шын сүйген адам өмірінде кездесетін қиьіидықтың қандайын болса да жеңетіні даусыз. Сол жағдайларды есиере отыгып «Географиялың ашулар» деп аталатын осы кітапта отаншылдар гура-лы соз'болады. Кітап ерте заманнан бастап осы күнге дейінгі жер шарының зер-^елу тарихын баяндайды. Бұл - ерісі кең, алуан түрлі оқиғалы, үл«ен маңь. зы бар тарих. Жер шарынын, жалпь, зерттелу тарихынан кептегеп. :«тап жазуға болар еді. Бұл жайында әр елде өз тілінде шь. ққандары аз емес. Бірақ орыс тіліндегісі әлі де жеткіліксіз, ал қазақ тіліндегі кітаптар тіпт. жоқ-

тың қасы . . .

Қазақ тілінде тұңғыш рет шығьщ отырған бүл кітапқа бірсыпыра ^аіе-риалды шағындап, жүйелі түрде енгіздік. Сондықтан, мұнда дүние х, з. шк географиялық ғылым тарихына шолу жасалып, әрбір тарихи даму кезещкдеп географиялық зерттеулердің ең негізгілері таңдалып алынды, солар жа^ында деректі мағлұмат берілді.

Кітап бес тараудан құралады: ерте замандағы географиялық дерекгер, орта ғасырдағы географиялық мағлұматтар, ұлы географиялық ашулар, XVI! XVIII және XIX-XX ғасырлардағы зерттеулер. Кейінгі тарауы орыс саяхзтшы-гөографтарының зерттеулеріне арналған.

Кітаптың тараулары өз ара бір-бірімен байланысты болып келеді, очушьі-ларға география ғылымы тарихының зерттеуінен дәйекті материалдар береді.

Бұл еқбек жер шарының зерттелу тарихынан аз Да болса мағлұмат аламын деген көпшілік қауымға, әсіресе, мектеп оқушыларына, мұғал. мдерге арналады.

Бірінші тарау Ерте замандағы географиялық деректер

География ғылымы адам баласының өмірімен, оның өсіп-өнуімен, тарихының, мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байла-нысты. Бірак,, жер шарынла географиялык түсінік тұңғыш рет қай жерде туып, оның қай жерден басталғанын осы күнге дейін ғылым әлі толық айта алған жоқ, тек кейінгі кездегі археоло-гиялық қалдықтарға, тасқа басылған таңбаларға, тағы басқа ескі мұралар зерттеулеріне сүйене отырып, тұңғыш географиялық түсінік Жерорта теңізі аралдарында, соның жағалауларында басталған деп топшылайды.

Бұл, өңір ертедегі мәдениет орталығы, ғылым, білімнің тұң-ғыш рет тараған жері. Осыған орай алғашқы географиялық тү-сінік Жерорта теңізі маңында болған.

Тұңғыш географиялық зерттеуді Жерорта теңізіндегі Крит аралын мекендеген миной халқы бастаған. Минойлар біздің жыл санауымызға дейінгі 2500 жылдар шамасында Жерорта теңізінің шығысымен, Египетпен, кейінірек Кипр аралындағы және баты-сындағы Сицилия, Италия жерлеріндегі елдермен сауда, қарым-цатынас жүргізіп тұрған. Минойлардан кейін елеулі география-лық деректер Жерорта теңізінің шығыс жағалауын мекендеген финикиялықтарда болды. Өйткені, бұл жағалау кеме тоқтауға, Месопотамия және Египет жерлерімен сауда жұмысын жүргізу-ге қолайлы еді. Ерте замандағы екі ұлы держава Египет пен Ва-вилон аралығына орналвсқан финикиялықтар олармен қарым-қатынасын күшейтті, Азияның кейбір жерлерінде болды, Африка жағына кемемен барды.

Нил өзенінің сағасы мен төменгі ағысы бойындағы Египет жері ертедегі мәдениеттің, егіншіліктің, жалпы жер шаруашы-лығының, географиялық деректің орталығы болған. Бұған оның географиялыц қолайлы жағдайы әсер еткен. Осы ертедегі мә-дениет орталығы болған Египет жерінің көпшілігін құмды шөл-дер алып жатыр, тек қана солтүстігі Жерорта теңізіне қарай көгілдір келеді. Бірақ, египеттіктер бұл құм қоршаулардан ооі асып, географиялық түсінігін Нил бойына дейін кеңейткен.

Біздің жыл санауьімыздан мыңдаған жылдар бұрын Нил бойы мәдениет орталығы болғандығын осы өңірден табылған археологиялық қалдықтар, ертедегі қалалар жұртынан табылған муралар дэлелдейді, Булардың ішінде, әсіресе, тасңа басылған

иероглифтік таңбаларды, жазулар мен құнды деректерді зерттеу арңылы ерте замандағы Египет мәдениетін дүние жүзі ғалым-двры дұрыс түсініп отыр.

Бұл деректерге царағанда, египеттіктер ертеден-ақ мәдениет-тің жоғарғы сатысына көтерілген. Оларда сол кездің өзінде астрономиялық, географиялық, геометриялық дұрыс түсінік болған. Жерді өлшеуді, есеп-ңисапты білген. Сондықтан да, ер-тедегі Египет мәдениеті, оның жазуы, сызуы, Жерорта теңізі ма-ңындағы елдердің, кейіннен европалықтардың мәдениетіне, жазу-сызуына негізгі арқау болды.

Египеттіктер алдымен өз жерін, одан кейін, көршілес елдер жерін білген, кейінірек олар алыс сапарға шығып, түрлі саяхат-тарға аттанып отырған. Әрине, мұның езі басқа елдермен сауда қарым-қатынасын байланыстыру, ел экономикасын жақсарту үшін жүргізілген. Мәселен, біздің жыл санауымыздан көп бұрын, Фараон Асса билеп тұрған кезде, Египет қолбасшысы Урдурду, Пунт жерінде болған.

Урдурдудан кейін Египет саяхатшысы - Киркуф тағы да оң-түстікке аттанып, ол Урдурду болған жерден әрі барып, «бақыт-ты елді» ашып қайтты. Бұл жайында біз 1892 ж. Асуан маңынан, Скиапарели ашқан Киркуфа жазуынан оқып біліп отырмыз.

Фараондар Египетті билеп тұрған кезде оңтүстікке - Пунт жеріне түрлі географиялық экспедициялар жіберіп отырды. Оның бірі Қызыл теңіз жағалауына және Аден бұғазына жетіп, бұл өңірді ашып қайтты. Енді біреуі он екінші Фараон кезінде Нил бойына Семенека дейтін жерге шекаралық бағана орнатып, оған «бұл оңтүстік шекара» деп жазды. Бұдан кейін египеттіктер өзіне өмір беріп тұрған «құдіретті Нил» өзені бойына экспеди-циялар аттандырып отырды. Дегенмен Нилдің тап қай жерден басталатыны көпке дейін жұмбақ болып келді. Бұл жұмбақтың сыры жиырмасыншы ғасырда ғана шешілді.

Египеттіктер бұл өңірдің оңтүстігін ертеден білсе де бұл өңір-ді өзіне бірден қарата алмады. Әсіресе еркін жатқан аңыз елі - Пунтке - Нубиге ықпалы жүрмеді. Оңтүстікке қарағанда, олар-дың солтүстікті-Жерорта теңізі жағалауын зерттеуі әлдеқайда маңызды болды. Бірақ египеттіктер Жерорта теңізі жағалауын білгенімен, мұнда кеме қатынасын айтарлықтай дамыта алмады. Өйткені, теңізде жүзуді, теңіз қатынасы арқылы сауда жасауды. Египет діні хош көрмейтін. Сондықтан, олар теңіз қатынасы ар-қылы сауданы өзіне бағынатын финикиялықтар арқылы жүргізді. Кезінде египеттіктер Сирия мен Палестинаға жиі-жиі шабуыл жасап, кейіннен сауда жасау арқылы бұл жерлерді зерттеп біл-ді. Египеттіктер біздің заманымызға дейінгі 2000-1500 жылдары Сирияға шабуыл жасады, Сирия тауынан асып өтіп, Тигр мен Евфрат өзені жағаларына жеткен. Египеттіктердің географиялық зерттеулері ерте заманда-ақ елеулі болды, олар бір жағы Жер-орта теңізі жағалауын, екінші жағы Нилдің орта ағысын және Сирия, Палестина жерлерін, Тигр, Евфрат өзен бойларының гео-графиялың жағдайларын жаңсы білген.

7

Египеттің шығыс жағына, Евфрат пен Тигр өзені бойына - Месопотамия жеріне, бұл өңірдегі екінші мәдениет орталығы болған Ассирия мен Вавилонияға ерте заманда-ақ орналасқан. Әрине, Месопотамияға Египет мәдениеті көп әсер етті. Бұлар ерте заманнан-ақ бір-бірімен қарым-қатынас, сауда жасап отыр-ды. Біздің жыл санауымыздан бірнеше мың жылдар бұрын Ва-вилон сауда керуендері оңтүстікке, батысқа, солтүстікке және шығысқа сапар шегетін. Бұл ертедегі Ассирия-Вавилон сауда керуені жалғыз Египет цана емес, алыстағы Үнді, Парсы жерле-рінде болғаны анық. Кейбір зерттеушілер Вавилон керуені Евро-паға дейін де барған деп топшылайды. Вавилондықтардың осын-дай сауда керуендерінің әр тарапқа шарықтауының нәтижесінде олар дүние жүзі географиялық зерттеулерге елеулі үлес қосты. Атап айтқанда, ассириялықтар мен вавилондықтар глобус пен жер шарының географиялыц картасын тұңғыш рет 360 градусқа бөлді. Бұл географиялың нақты түсінік кейіннен финикиялықтар-ға, гректерге тарады да, олардан европалықтар үйренді. Вавилон болжаушылары аспан әлемін де зерттеді. Олар жұлдыздарды белгіледі, жұлдыздарды бағыттап кемемен алысқа сапар шекті. Өздерінің белгілеген жұлдыздарына шаян, скорпион, арыстан деп ат цойған. Бұл ертедегі астрономиялық, географиялық түсі-нікті біраз кеңейтті.

Вавилондыцтардың түсінігі бойынша құрлық дүние жүзі мұ-хитының орталығында болады, аспан әлеміне қосылған дүние жүзілік мұхитта күн қалқып жүреді де, кешке қарай күн өзінің кақпасымен жер астына түседі, ертемен шығыстан (қақпасынан) шығады, жер астында күннің патшалығы бар деп түсінген. Бұл теріс түсінік вавилондықтардан басқа елдерге де тарап, оларда әр түрлі діни көзқарастардың пайда болуына әсер еткен.

Египет пен Вавилон аралығы, батысы Жерорта теңізіне тіреліп жатқан жер - ертедегі осы өңірді мекендеген ел атымен - Палестина деп аталды. Еврей (гебре) «басқа жағаның адамы» деген мағынада, яғни Евфрат өзенінің арғы жағасын мекендеген адамдар кейіннен осы өңірді жаулап алған Ассирия-Вавилон ұрпағынан шыққан халық еврей деп аталған.

Еврейлердің бір ұрпағы - Израил көшіп келіп Египет жеріне орналасқан. Оларды Египет фараоны өзіне бағындырып ұста-ған. Осылай бағынышты елді азат ету үшін еврейлердің қам-қоршысы Моисей «құдай» еврейге еркін өмір сүру үшін «бал мен ақ сүт ағатын» Палестина бойын мекендеуге әмір етті деп, Вавилон билеушісі фараонның қарсылығына қарамастан Египет-тен қашып шығып, бүкіл еврей атаулыны біріктіреді, содан Синай түбегіче шығып, мұндағы көшпелі рулармен соғысады, бүкіл Сирия жерін жаулап алады. Сөйтіп өзінің мемлекетін құрады. Біздің жыл санауымызға дейін шамамен 1000 жыл бұрын еврей патшасы Давид және оның ұлы Соломон теңіз жағалауын жау-лап алып, Египет, Вавилон, Иран, Кіші Азия және финикиялық-тармен сауда, қарым-қатынас жасауды армандады. Біраң, әр түрлі себептермен еврей мемлекеті Жерорта теңізінің батыс

жағалауын түгелдей қарата алмады. Бұл еңірді мекендеген ев-рейлердің езімен рулас финикиялықтар ұзақ уақыт еврейлерге қарсылық көрсетіп, оларға бағынбады. Сондыңтан Иордан өзені бойын жүздеген жыл мекендеген еврейлердің географиялық зерттеулері шамалы еді.

Финикия - Жерорта теңізінің шығыс жағалауы мен Ливан таулары аралығына орналасқан жер. Халқы - финикия тілінде сөйлейтін, ханаан тобына кіретін солтүстік семиттер. Палестина-ны ертеде ханаан деп атаған. Ертедегі екі ірголі ел - Египет пен Вавилон арасына орналасқан финикиялықтар бұл екі мемлекетке де бағынып, екеуінің де экономикасын ұштастыра берді. Мықты ағаштан үлкен кеме жасап, Жерорта теңізін, оның жағалауларын шарлап жүзді. Басқа теңіздер жағалауына да кемемен жүзіп барды. Сөйтіп, ертедегі египеттіктер, ассирия-вавилондықтар және еврейлер Жерорта теңізінін, толқынына таңырқап қараға-ны болмаса, оған кеме түсіріп зерттеу жүргізбеді. Керісінше, финикиялықтар тарихта тұңғыш рет Жерорта теңізіне кеме түсі-ріп, оның зерттеушісі болды. Теңіздегі зерттеу жұмысына белсе-не кірісіп, басқа елдермен қарым-қатынасты күшейтті. Финикия-лықтардың қай уақыттан бастап Жерорта теңізіне кеме түсіргені белгісіз, бірақ біздің заманымыздан 1500 жыл бұрын Кипр ара-лы оның отары болғаны анық. Сондай-ақ финикиялықтар Эгей теңізінің көптеген аралдарын, онын, жағалауларын да отарлаған. Олар Египетпен, Солтүстік Африкамен, Сицилия, Сардиния арал-дарын мекендеген елдермен, Оңтүстік Франция, Испания елде-рімен сауда жасасқан. Сөйтіп, Жерорта теңізі сауда қарым-қа-тынас, мәдениет орталығы болған. Осыларға орай финикиялық-тардың географиялық зерттеулері де елеулі, әрі жаңадан ашқан жерлері, жағалаулары, аралдары көп болды.

Финикиялықтар Кіші Азияға, батысында Европа жағалаула-рына, оңтүстігінде Африка жағалауларына товарларын апарып, алтын мен күміске, қолаға айырбастап отырған. Египет пен Ва-вилонға өте цажет түсті металдарды және құлдарды саудалап және оларды ұстап алу үшін финикиялықтар Жерорта теңізі мен Гибралтар бұғазынан өтіп, Атлант мұхиты арқылы Европа-ға және Африка жағалауына дейін алыстап жүзе берді. Осының нәтижесінде Жерорта теңізі жағалауларында гаваньдар, қала-лар көбейді. Енді финикиялықтар Тира, Сидона қалаларын өз отарына айналдырды. Босфор бұғазын ез қолына алып, оған Кальта деп аталатын бекініс салды. Кейіннен оны гректер Кал-хедон деп атады. Жерорта теңізінің ортасындағы Мальта, Кипр, Крит аралдарын финикиялықтар өзіне қаратып алды. Кейін бұл аралдарды соғыс қамалының, сауданың және географиялық зерттеулердің орталығына айналдырды. Финикиялықтар Жер-орта теңізіндегі Матс-Эль қаласын «Кұдай гаваны» деп атады. Бұл теңеу оның сол дәуірдегі берік қамал екенін керсетеді.

Финикиялықтар дүние жүзі география ғылымының дамуына көп еңбек сіңірді. Олар тұңғыш рет дүние жүзінің екі үлкен құрлығына (материгіне) Европа, Азия деп ат қойды. Финикия-

лықтар Жерорта іоңізінің шығысындағы құрлыңты «асу», баты-сындағы құрлықты «эреб» (батыс) деп атады. Бұл атауларды кейіннеи гректер өзінше өзгерте келіп, Азия және Европа деп атады.

Финнкиялықтар сол кездегі озық Азия мәдениетін, техника-сын Ұл. ібританияға таратты. Европаға металдан жасалған бұ-йымдар апарды. Ол кезде европалықтар тастан жасалған бұ-йымдарды пайдаланатын. Сөйтіп, ерте заманда азияльщтар Европаны ашты, оған мәдениет таратты.

Жер шарындағы тұңғыш теңізші - финикиялықтар тоқыма-дан түрлі киім тігуді басқа елдерге таратты. Сондай-ақ олар ертеде балшықтан, шыныдан ыдыс жасады. Әр түрлі елдерде болған финикиялықтар сол елдердің тіл дыбысын, сез құрамын салыстыра келіп, алғашқы әріптерді ойлап тапты, яғни ескі ие-роглифтерді өзгертіп, оның алғашңы нұсқасын дұрыс жазды.

Ертедегі финикиялықтардың ата-бабасы карфагендер де Жерорта теңізін білді. Біраң, олар туралы деректер өте аз. Карфагендердің жайын біз грек әдебиетінен білеміз. Әдебиет деректеріне қарағанда, біздің жыл санауымызға дейінгі 470-жылы Ганно Африка жағалауын отарлауға барған. Экспедиция-ға отьіз мың адам ңатысқан. Бұл экспедицияның тарихы әуелі понт тілінде жазылып, кейіннен грек тіліне аударылған. Бұл Ганноның «Кемемен дуние жүзін айналып шыққаны» делінеді. Кейде оны «Карфаген саяхаты» дейді. Ганноның бұл еңбегі ерте заманнан біздің з-^манымызға д йін жеткен өте маңызды бір-ден-бір тарихи геогпафиялыц де^ ж.

Үнділер мен малайялыктар. іртедегі Үнді мемлекеті Инд

және Пэнга өзендері бассейні мон Гималай тауларының аралы-

ғын мечендеді. Бұяар біздің заманымызға дейінгі 1000 жылдар

шамасы бурын Иран және Месопотамиямен сауда қарым-қаты-

насын ңұрлыцпен де, сумен де жүргізіп отырды. Солтүстік және

Оңтүстік үнділердің мәдени, сауда ңарым-қатынасы езара ты-

ғыз байланысты еді. Өйткені, ол кезде бұл өңірдің бәрі де,

Шығыс та, Орталық Азия да түгелдей будда дінін қабылдаған.

Үндістанда, Орталық Азия халықтарында бұл діннің ықпалы

күшті болған. Біздің заманымызға дейінгі III ғасырда Үндістан

имперагоры Магадха Ашока будда діншілдерінің көмегімен кер-

ші іргелес елдерге дін таратып, олармен ңарым-к, атынас жасэп

отырды. Сөйтіп, Ашока дін таратушыларды Египетке, Сирияға,

Ливияға, Грецияға, тағы басңа жерлерге аттандырды.

Біздің заманымыздың бірінші ғасырында үнділер будда дінін Тибет төңірегіне, Малакка түбегіне, Малайя архипелагының көптеген аралдарына таратты. Осы кезде Индонезияның басты аралдары Суматра мен Ява ашылып, ерте замандағы елдердің географиялық түсінігі кеңи бастаған еді. Сөйтіп, Индонезия аралдарына үнділер келіп қоныстана бастады.

Сол кезде үнділердің құрлықтағы географиялық зерттеулері күшті болса, малайялықтарда теңіз жағалауларын кемемен зерттеуі басым болды. Малайялықтар өздерінің жеңіл кемесі-

10

мен бүкіл Индонезия аралдарының жағалауларын аралап шық-ты. Олар Борнео, Целебес және Молукка аралдарын ашып, олардың тұрғындарымен сауда, ңарым-қатынас жасап отырды. Кейіннен, Мадагаскар аралын ашып, оған өздері көи/іп барып орналасты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат баласының пайда болуы
Адам эволюциясынын факторлары
Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі
Палеолит кезеңдері
Авеста кітабы
Жер бетінде адамның пайда болуы, ол түралы әртүрлі көзқарастар мен ұғымдар
Шумерлер және қазақ тілі
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Ежелгі Грек тіл білімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz