Ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саясаты


1. 2. 2. Ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саясаты Версия для печати
Мұқтаж балаларға мемлекеттік қолдау көрсету үшін республикада
660 интернат ұйымдары жұмыс жасайды, оларда 79 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және Жасөспірімдер үйлері туралы» ҚР Заңына сәйкес 5 балалар ауылы және 19 жасөспірімдер үйлері, үш «SOS - Қазақстанның балалар ауылдары» жұмыс жасайды. Патронаттық тәрбиелеу нысаны даму үстінде.
Қазақстан Республикасында 28 бала үйі жұмыс жасайды, оның 24-і арнаулы болып табылады немесе орталық нерв жүйесі ауыр зақымданған балалар үшін арнаулы топтары бар. Бала үйінде жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға медициналық көмек көрсетіледі. Балаларды сауықтыру тікелей емдік дене тәрбиесі кабинеттері, массаж және физиокабинеттері бар орындарда жүргізіледі. Ауру белгілері бар балалар белгіленген тәртіппен аумақтық немесе республикалық емдеу және оңалту мекемелерінде тұрақты емдеумен қамтамасыз етіледі. Бала үйлерінің материалдық-техникалық базасы қанағаттанарлық, көптеген бала үйлері үшін сауықтыру кешендерінің, балалардың қала сыртындағы демалыс орындарының жоқтығы шешілмеген проблема күйінде қалып отыр.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде бірқатар ұйымдастыру шараларын қабылдады. Бала үйлерінің қызметін реттеу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Бала үйлерінің қызметін ұйымдастыру ережесін» және «Балаларды бала үйіне қабылдау және одан шығару ережесін» бекіту туралы Бұйрықтарды әзірлеп, бекітті.
2002 жылдан бастап республиканың барлық бала үйлерінде «Үміт» топтары ұйымдастырылып, жұмыс жасауда. «Үміт» тобының басты мақсаты бала үйінде уақытша тәрбиеленуші баланың қиын өміршең жағдайға ұшыраған анасымен қарым-қатынас жасауы үшін жағдайларды жасау арқылы жетімдікті ескерту болып табылады.
Күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ұшыраған әйелдерге психологиялық көмек көрсету үшін тууға көмектесетін денсаулық сақтау ұйымдарының штатына отбасы және неке мәселелерінде білікті психолог лауазымы енгізілді. Психолог қызметінің басты мақсаты жетімдікті ескерту болып табылады.
Соңғы уақытта балаларды - Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алуға ниет білдіруші шетелдік азаматтардың өтініштері санының өсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз өкілеттіктерінің шеңберінде халықаралық бала асырап алудың, бірінші кезекте Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, асырап алынған балалардың құқықтары мен бостандығын қорғайтын рәсімді жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізуде.
Шетелдіктердің қазақстандық балаларды асырап алу рәсіміне тартылған мемлекеттік органдар арасындағы үйлестірілген іс-қимылдар мен тетіктерді жасау мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі бала асырап алу тәртібін реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді әзірледі. Мысалға, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен осы балаларды асырап алған жағдайда, олардың кәмелеттік жасқа толғанша, Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуына кепілдік беретін өзгерістер енгізілді; Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1197 қаулысымен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға беру ережесін бекітті, оған сәйкес асырап алынған баланы есепке алу ол Қазақстан Республикасынан кеткенге дейін ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінде жүзеге асырылады.
Шетелдік азаматтардың бала асырап алу мәселесі - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қоғамдық және саяси ұйымдарының тұрақты бақылауында. Шетелдік азаматтарға асырап алуға берілген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері жүзеге асырады.
2005 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша консулдық есепке алынған, асырап алынған балалардың - ҚР азаматтарының саны 4574-ті құрайды. Олардың ішінде: АҚШ-та 4184 бала, Ұлыбританияда - 104 бала, Канадада - 53 бала, Бельгияда - 102 бала, Израильде - 21 бала, Египетте - 25 бала, Испанияда - 45 бала, ГФР-да - 12 бала, Францияда - 21 бала, Италияда - 3 бала, Түркияда - 2 бала және Қазақстанның Ресей Федерациясындағы, Берндегі Елшіліктерінде бір баладан тіркелген.
Қазіргі уақытта Консулдық қызмет департаменті «Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды асырап алуды қалайтын шетелдік азаматтарды есепке алу ережесін» консулдық лауазымды адамның баланың тұру және тәрбиелену жағдайларын тексеру мақсатында жарты жылда бір рет асырап алған ата-аналарға бару мүмкіндігі тұрғысында Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты бастады.
Бала асырап алудың қолданыстағы рәсімін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауына бала асырап алу процесінің әкімшісі функцияларын ел ішінде де, халықаралық деңгейде де тікелей жүзеге асыратын жеке құрылым құру туралы ұсыныс енгізді.
Балалардың құқықтарын сақтау саласындағы халықаралық стандарттар туралы бөлімде айтылғандай, бала асырап алу және осы мәселеде халықаралық стандарттарға жақындау тетігін ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекетаралық балаларды қорғау және бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы Гаага Конвенциясын бекітуді қамтамасыз етуі қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz