Айналым капиталының экономикалық мазмұны



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Тарау. Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері ... 5
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні
мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің
түзілу көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін басқару
саясатының негізгі түрлерінің сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2 Тарау. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелерінің тиімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру ... ... ... ... ... ... .35 Тарау. Айналым капиталын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
Кіріспе

Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықтан айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталын жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Диплом жұмысының өзектілігі кәсіпорынның айналым активтерін құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жолы болып саналады. Кәсіпорын барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары келесі жолмен қалыптасып керек. ¼ - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ бөлігі қысқа мерзімді қарыздар есебінен қалыптасады.
Диплом жұмысын жазудағы басты мақсат кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің экономикалық мазмұнын ашып көрсету және олардың құрамын талдау.
Алға қойған мақсатқа орай мынандай міндеттер туындайды:
- кәсіпорынның айналым құралдарының экономикалык мәні мен жіктелуін ашу;
- айналым құралдарының түзілу көздерін анықтау;
- кәсіпорынның ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтердің кұрамы мен
құрылымын талдау;
- айналым құралының айналымын жылдамдатудың негізгі әдістерін қарастыру;
- материалды-өндірістік запастарды, дебиторлық қарыздарды және қаржы құралдарын басқару бойынша ұсыныстар жасау.
- Кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен пайдаланудағы қаржылық қарым-
қатынастар зерттеу тақырыбы болмақ.
Сондай-ақ, қаржы менеджментінің міндеттерінің күрделілігін анықтайтын басқа да жағдайлар айналым активтерін баскаруға тікелей байланысты. Мұндай міндеттер кешені мен оларды іске асыру механизмі кәсіпорындағы айналым активтерін баскару саясатын қалыптастыруда көрінеді.
Диплом жұмысының объектісі «Смак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Оның негізгі қызметі сүт және сүт өнімдерін өндіру.
Диплом жұмысының теоретикалық негізі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің кәсіпорынның айналым активтерін баскару саласындағы
жарияланымдары. Жұмыста "Смак" ЖШС-інің есеп деректері, Қазақстан Республикасының заң актілері пайдаланылды.
Пайдаланылған әдебиеттер :


1. Р.Ә.Әмірқанов ,А.Қ. Тұрғұлова.Қаржы менеджменті; Алматы, 2002; 136-
168б.
2. Балабанов И.Т Риск-менеджмент М:Финансы и статистика. 1996.-192 с
3. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент .-М: Перспектива, 1997.-574с.
4. Бланк И.А. «Управление активами», 716 б.
5. Нурсеитов А.А. «Финансовый менеджмент» Учебное пособие. Алматы. 1996г. 160 б.
6. Павлова Л.П. «Финансовый менеджмент» М: 1996 г.
7. Ковалев В.В. «Финансовый менеджмент», 144 б.

8. Бланк И.А. «Основы финансового менеджмента». Учебный курс. 2-х.-К:Ника-центр: 1999ж-5 ПС10 .ДЖ. . ВАН ХОРН .Основы управление финансами . -М.:1996.-799с

9.Павлова Л.П. финансовый менеджмент . Учебник.-М.: нфра-М,1996

10. Шим Дж.,Сигел Дж.Г. Финансовый менеджмент. –М.: 1999.

11. Лимитовский М.А. Основы оценки инвестиционность и финансовых решений. -М.ДЕКА, 1998-232с.

12. Финансы . Учебник. Мельников В.Д.; Ильясов К.К. Алматы: 2001.- 532с.

13. Бланк И.А. Управление активами .- Киев: НИКА центр Эльга ,2000. 716с. (Б-ка фин-го менеджмента)*

14. Воловский А.А. Корпоративный финансовый контроль : Учеб.пособие- Новосибирск.2000 -184 с.

15. Жданов С.А. Основы теории эк-го управления предприятием : Учебник.- М:Финпресс, 2000-384с.

16. Моляков Д.С., Шохин Е.И. Теория финансов предприятий. Учеб.пособие - М: Финансы и статистика, 2000-112 ррмрмир

17. Сергев И.В. Экономика предприяпия- М: Финансы и статистика, 2000-304с.

18. Финансы . Денежное обращение . Кредит. Учебник для вузов/ под.ред. Г.Д. Поляка - М:ЮНИТИ -дана, 2001-512с.

18. Бияхман Л.С. Экономика фирмы: Учеб.пособие- СПБ; Издательство Михайлова, 1999-279с.

19. Практикум по финансовому менеджменту: Учебно деловые ситуации, задачи и решения, Под.ред С.Стояновой-М: ,2000 -139с

20. Нурсеитов А.А финансовый менеджмент : Учеб. пособие - 1996-693 с.

21. Райцкий К.А . Экономика птедприятие. Маркетинг 1999-693c

22. Моляков Д.С., Шохин Е.И. Теория финансов предприятий. Учеб.пособие - М: Финансы и статистика, 2000-112 ррмрмир
23. Дубров А.М. Моделирование рисковых ситуацийвэкономике и бизнесе,-М.: Дело, 1999.
24. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа М: ИНФРА, 1995.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Тарау. Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері ... 5
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні
мен жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...5
2. Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің
түзілу көздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...10
3. Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін басқару
саясатының негізгі түрлерінің сыныптамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2 Тарау. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді
міндеттемелерінің тиімділігін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1. ЖШС Смактың айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 23
2.2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін
қарастыру ... ... ... ... ... ... .3 5 Тарау. Айналым капиталын басқару
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 5

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..6 5

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
Кіріспе

Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің
қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің
құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы
стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың
үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне
өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары.
Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және
еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие
пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер
бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы
кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда
маңызы зор. Сондықтан айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның
барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай
кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі
заманда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты
көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталын жеделдетуде және тұрақты
төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Диплом жұмысының өзектілігі кәсіпорынның айналым активтерін құрудың ең
дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды және айналым
капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жолы болып саналады. Кәсіпорын
барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады.
Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір меншікті капиталды тек
қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары келесі
жолмен қалыптасып керек. ¼ - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ бөлігі
қысқа мерзімді қарыздар есебінен қалыптасады.
Диплом жұмысын жазудағы басты мақсат кәсіпорынның айналым активтері
мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің экономикалық мазмұнын ашып көрсету
және олардың құрамын талдау.
Алға қойған мақсатқа орай мынандай міндеттер туындайды:
1. кәсіпорынның айналым құралдарының экономикалык мәні мен жіктелуін ашу;
2. айналым құралдарының түзілу көздерін анықтау;
- кәсіпорынның ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтердің кұрамы мен
құрылымын талдау;
1. айналым құралының айналымын жылдамдатудың негізгі әдістерін қарастыру;
2. материалды-өндірістік запастарды, дебиторлық қарыздарды және қаржы
құралдарын басқару бойынша ұсыныстар жасау.
3. Кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен пайдаланудағы қаржылық қарым-
қатынастар зерттеу тақырыбы болмақ.
Сондай-ақ, қаржы менеджментінің міндеттерінің күрделілігін анықтайтын
басқа да жағдайлар айналым активтерін баскаруға тікелей байланысты. Мұндай
міндеттер кешені мен оларды іске асыру механизмі кәсіпорындағы айналым
активтерін баскару саясатын қалыптастыруда көрінеді.
Диплом жұмысының объектісі Смак жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі. Оның негізгі қызметі сүт және сүт өнімдерін өндіру.
Диплом жұмысының теоретикалық негізі отандық және шетелдік
ғалым-экономистердің кәсіпорынның айналым активтерін баскару
саласындағы
жарияланымдары. Жұмыста "Смак" ЖШС-інің есеп деректері,
Қазақстан Республикасының заң актілері пайдаланылды.
1 ТАРАУ. Айналым капиталының экономикалык мазмұны мен негіздері
1.1. Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні мен
жіктелуі

Шаруашылық қызмет жасайтын әрбір кәсіпорынның өнімді үздіксіз өндіру
мен сатуды қамтамасыз ететін айналым капиталы болуы тиіс. Айналым құралдары
- өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына авансталған қаржы.
Айналым құралдары оның экономикалық мәнімен анықталады. Айналым
құралдарына өндіріс процесі, сондай-ақ айналым процесі жатады. Кәсіпорынның
айналым құралдары өнім өндіру мен сату процесіне қатысып үздіксіз айналым
құрайды. Мұнда олар айналым аумағынан өндіріс аймағына және керісінше түсіп
отырады. Айналым қоры мен өндірістік айналым қорлары түріне ауысып отырады.
Осылайша кезек-кезек үш фазадан өте отырып айналым құралдары өзінің табиғи
заттық формасын өзгертеді. Бірінші фазада (А-Т) айналым құралдары алғашында
ақша түрінде болып өңдірістік запастарға ауысады, яғны айналым сферасынан
өндіріс сферасына өтеді. Екінші фазада (Т-Ө-Т1) айналым құралдары өндіріс
процесіне тікелей қатысады және аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар
мен дайын өнім түріне келеді. Айналым кұралдарының айналымның үшінші фазасы
(Т1-А1) қайтадан айналым фазасында өтеді[1]. Дайын өнімді өткізу
нәтижесінде айналым құралдары қайтадан ақша кұралдары түріне өтеді. Түскен
ақшалай түсім мен алғашқыдағы жұмсалған ақша құралдарының айырмасы (А1-А)
кәсіпорын ақшасының қорлану мөлшерін көрсетеді. Осылайша толық айналым
жасай отырып (А-Т-Ө-Т1-А1) айналым құралдары барлық деңгейлерде уақытпен
пареллельді жұмыс жасайды. Ол өз кезегінде айналым мен өндіріс процесінің
үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Айналым құралдарының айналымы органикалық
бірліктегі үш фазадан тұрады. Өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын
айналым құралдарына қарағанда мекеменің негізгі айналым қорлары әр өндіріс
процесінде толығымен тұтынылады, өзінің құнын дайын өнімге түгелдей салады
және өзінің табиғи түрін өзгертеді. Айналым құралдарын қайта өндіру
процесіне орналастыру оларды өндірістік айналыс қорлары мен айналым
қорларына жіктейді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесінде жұмыс
жасаса, ал айналым қорлары - айналым процесінде, яғни дайын өнімді өткізуде
және тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алуда. Бұл қорлардың тиімді
тепе-тендігі құн жасауда қатысатын өндірістік айналым қорларының неғұрлым
көп бөлігіне байланысты. Айналым қорларына кәсіпорынның
қоймасындағы дайын өнім, кассадағы және банктегі есеп шоттағы, сондай-ақ
тиелген аяқталмаған есеп айырысудағы ақша қаражаты жатады. Өндірістік
айналым қорларының және айналым қорлары сомасының ақшалай көрінісі
кәсіпорынның айналым құралдарын құрайды. Кәсіпорынның айналым активтерін
мақсатты басқару оларды жіктеуді қажет етеді. Қаржы менеджменті тұрғысынан
айналым акивтерін жіктеу төмендегі негізгі белгілері бойынша жүргізіледі:
1. Түзілудің қаржы көздерінің сипаты бойынша:
а) Жалпы айналым активтері - өз есебінен және қарыз капитал есебінен
түзілген олардың жалпы- мөлшерін сипаттайды.
ә) Таза айналым активтері - өз есебінен және ұзақ мерзімді қарыз капитал
есебінен түзілген оның бөлігін сипаттайды.
ТАА-КҚМ, (1)
мұндағы, КҚМ — кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері.
б) Жеке меншік айналым активтері — кәсіпорынның өз есебінен түзілген
айналым активтерінің бір бөлігі.
ЖМАА= ОА-ҰҚК-КҚМ,
мұндағы ¥ҚК — кәсіпорынның айналым активтеріне инвестицияланған ұзақ
мерзімді қарыз капиталы. Егер кәсіпорын айналым құралдарын қаржыландыруға
ұзақ мерзімді қарыз капиталын пайдаланбаған жағдайда жекеменшік және таза
айналым құралдарының сомалары сәйкеседі.
2. Түрлері бойынша:
а) Шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары. Айналым
активтерінің бұл түрі кәсіпорынның өндірістік қызметін қамтамасыз ететін
запас түріндегі олардың кіретін материалдық ағымының көлемін сипаттайды.
ә) Дайын өнім қоры (запасы). Сатуға, өткізуге арналған запас түріндегі
олардың шығатын материалдық ағымының көлемін сипаттайтын айналым
активтерінің түрі. Аяқталмаған өндірістің көлемі мен циклының ұзақтығы
шағын болған жағдайда оны айналым активтерінің осы түріне қосады, болмаса —
жеке бір түрге жатқызады.
б) Дебиторлық қарыздар. Заңды және жеке тұлғалардың тауар, жұмыс,
қызмет, берілген аванс бойынша және т.б. қаржы міндеттемелерімен көрінетін
кәсіпорын пайдасындағы қарыз сомасын сипаттайды.
в) Ақша активтері. Қаржы менеджменті тәжірибесінде оған ұлттық және
шетел валютасындағы қалдық ақша ғана емес, сонымен бірге қысқа мерзімді
қаржы салымдарының сомасын да жатқызады. Олар ақша активтерінің уақытша бос
қалдығын инвестиция түрінде қарастырады. Яғни "ақша құралдарының алып -
сатарлық қалдығы".
г) Басқалар.
3. Операциялық процесте қатысу сипатына қарай:
а) Өндіріс цикліне (шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар
запастары; аяқталмаған өндіріс көлемі; дайын өнім қоры) қызмет ететін
айналым активтері;
ә) Қаржы цикліне (дебиторлық қарыз және т.б.) қызмет ететін айналым
активтері;
4. Айналым активтерінің қызмет ету кезеңдеріне карай:
а) "Тұрақты айналым капиталы" — айналым активтерінің тұрақты бөлігі.
Бірінші трактовкаға сәйкес айналым капиталы (немесе ағымдағы
активтердің жүйелі бөлігі) дегеніміз барлық операциялық цикл кезіндегі ақша
қаражаттарының, дебиторлық қарыздың және өндірістік запастардың сұранысы
салыстырмалы бөлігі. Бұл кәсіпорынның тұрақты қолданысындағы ағымдағы
активтердің орташаланған көлемі, мысалы уақыттық өлшем бойынша. Басқа
трактовка бойынша тұракты айналым капиталы өндіріс қызметін іске асыруға
қажетті ағымдағы акгивтердің төмендетілмейтін минимумымен анықталуы мүмкін.

Бұл дегеніміз кәсіпорын өзінің қызметін іске асыру үшін оған
айналым құралдарының белгілі бір минимумы қажет. Мысалы, есеп шоттағы ақша
қаражатының тұрақты қалдығы, резервті капиталдың белгілі бір аналогы.
ә) "Ауыспалы айналым капиталы" (немесе ағымдағы активтердің ауыспалы
бөлігі) категориясы дағдарыс кезінде немесе сақтандыру қоры ретінде қажетті
қосымша ағымдағы активтерді көрсетеді. Мысалы, қосымша өндірістік-
материалдық запастардың қажетті сатудың науқанды кезіндегі сатылымның
жоғары деңгейін қолдаумен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар сатылым
барысына қарай дебиторлық қарыз да өседі. Қосымша ақша қаражаттары шикізат
пен материалдар, сондай-ақ еңбек ақы төлемдерін науқан кезінде жабуға
қажет.
Өндірістің айналым қорларының жіктелуі:
1. Өндірістік запастағы айналым қорлары.
а) шикізат, негізгі материалдар;
э) сатып алынатын жартылай фабрикаттар;
б) көмекші материалдар;
в) отын;
г) ыдыс және ыдыс материалдары;
ғ) ағымдағы жөндеуге арналған бөлшектер;
д) тез тозатын шаруашылық заттары мен аспаптар.
2. Өндіріс процесіндегі айналым қорлары:
а) аяқталмаған өндіріс;
э) жаңа өнімді игеру шығындары;
б) өзі дайындаған жартылай фабрикаттар.
Шикізат - бұл оны табуға немесе өндіруге еңбек жұмсаған еңбек өнімі.
Материалдар - өнеркәсіптік өңдеуге түскен еңбек өнімдері. Мысалы,
металлды пракаттау. Негізгі материалдардан өнім жасалады, олар оның негізгі
мазмұнын құрайды.
Жартылай фабрикаттар — өндірістің бір немесе бірнеше кезеңінен өткен,
бірақ тағыда өндеу мен жинақтауды қажет ететін еңбек өнімдері.
Ыдыс және ыдыстық материалдар — өндіріске қажетті орамдар мен
материалдардың барлық түрлері.
Аяқталмаған өндіріс — өнделіп жатқан немесе өңдеуді қажет ететін,
дайын өнімнің құрамына енбеген еңбек өнімдері. Әртүрлі кәсіпорын айналым
қорларының құрамы, құрылымы және құны әр алуан. Өйткені ол шығарылатын
өнімнің сипаты мен көлеміне, өндіріс циклінің ұзақтығына, өндірістің
механикаландырылу және автоматтандырылу деңгейіне, көбінесе
кәсіпорынның қызмет түріне байланысты. Кәсіпорынның қаржы жағдайының
тұрақгылығы көбінесе қаржы ресурстарын активтерге дұрыс және тиімді салуға
байланысты.

1.2. Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің түзілу көздері

Шаруашылық қызметінің айналым құралдарымен жеткілікті қамтамасыз
етілуі үшін оның көлемі жеке капиталдың көлемінің 13 бөлігімен
тағайындалады. Өйткені айналым құралдарының көптігі кәсіпорын капиталының
бір бөлігі бос жатып, пайда әкелмейтіндігін көрсетеді.
Жалақы бойынша қарыздар;
1. бюджетке қарыздар;
2. жеткізушілерге қарыздар және т.б.
Әдетте кәсіпорынның айналым құралдарына деген ең төменгі сұранысы
өзінің жеке көздерімен қанағаттандырылады: жарғы капиталының, резервті
капиталының, жинақтау қорының және мақсатты қаржыландыру пайдалары.
Кәсіпорынның жекеменшік каражаты кәсіпкерлік қызметтің артуы мен
акционерлендіруде шешуші рөл атқарады. Өйткені шаруашылық субъектісінің
қаржы тұрақтылығын және оперативті өзіндік қабілетін қамтамасыз етеді.
Жекешелендірілген кәсіпорындардың жеке айналым құралдары толығымен олардың
құзырында. Кәсіпорындар оны сатуға, азаматтарға, басқа шаруашылық
субъектілеріне беруге, жалға беруге және т.б. құқылы[2].
Нарық конъюнктурасы әрдайым өзгеріп отырады. Сондықтан кәсіпорындардың
айналым құралдарына деген сұраныстары да тұрақсыз. Бірқатар объективті
себептерге қарай (инфляция, өндіріс көлемінің өсуі, клиент шоттарын
төлеудегі кідірістер және т.б.) кәсіпорында айналым құралдарына деген
уақытша қосымша сұраныстар туады. Бұл сұраныстарды тек өз қаржысынан жабу
іс жүзінде мүмкін болмай қалады. Сондықтан кәсіпорынның өз есебінен жұмыс
істеуінің үстемдігі екінші орынға ығысады. Мұндай жағдайларда шаруашылық
қызметтің қаржылық қамтамасыз етілуі қарыз беретін көздерді тартумен қатар
жүреді: банк және коммерциялық несилер, займдар, инвестициялық
салықтық несие, кәсіпорын жұмысшыларының құралдарды пайдалану өз
құралдарын пайдаланғаннан анағұрлым тиімді. Сондықтан айналым құралдарын
түзу процесін басқарудың негізгі міндеті займды құралдары тартудың
тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Көбінесе банк несиесі түрінде болып келетін займдық құралдар
кәсіпорынның құралдарға деген қосымша сұранысын қанағаттандырады. Сонымен
бірге банктің несие беруінің шарттарының бастыларының бірі кәіпорынның
қаржы жағдайының сенімділігі және оның қаржы тұрақтылығын бағалау. Несие
кәсіпорынның пайдасы есебінен жабылады. Егер несие тағайындалған несиені
өтеу мерзімі ішінде болса, онда бұл пайда салықтан босатылады. Ал банктік
пайыздық төлемге келетін болсақ, белгіленген мерзім уақытында төленген
пайыздық шығындар өнімнің өзіндік құнына енеді. Бұл айналым кұралдарын
толтыруға берілетін несие Қазақстан Республикасы Халықтық банкінің
Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігіне ашып отырған несие желісі
есебінен берілуіне байланысты. Ол Қазақстан Республикасы Халықтық банкінің
есепті ставкасынан аспайды. Несиені өтеу уақытын өткізіп алғанда жағдайда,
сондай-ақ несие бойынша пайыздарды төлеу кәсіпорын құзырындағы пайдадан,
яғни таза пайда есебінен төленеді. Банк несиелері инвестициялық
(ұзақмерзімді) және қысқа мерізмді несие түрінде болады. Банк несиелері
негізгі және ағымдағы активтерді сатып алуға кеткен шығындарды
қаржыландыруға, сондай-ақ кәсіпорынның маусымдық сұраныстарын
қаржыландыруға, тауарлы-материалдық запастардың, дебиторлық қарыздардың,
салық төлемдерінің, әдеттен тыс шығындардың уақытша өсуіне қарай
қаржыландыруға бағытталады.
Кәсіпорындарға инвестициялық салық несиелері мемлекеттік билік органдарымен
беріледі. Ол бойынша кәсіпорынның салық төлемдерінің уақыты шегеріледі.
Инвестициялық салық несиесін алу үшін кәсіпорын өзінің тіркелген жеріндегі
салық органдарымен несие келісім шартын жасасады.
Жұмысшылардың инвестициялық жарнасы (салымы) — бұл жұмысшының
экономикалық субъектінің дамуына деген белгілі бір пайызға төленген ақшалай
жарнасы. Тараптардың пайдасы келісім шартпен немесе инвестициялық салымдар
туралы ережелермен рәсімделеді. Кәсіпорынның айналым құралдарына деген
сұранысы айналымға қарыздық бағалы қағаздар мен облигацияларды шығару
арқылы өтеле алады. Облигация облигацияны ұстаушы мен құжатты
эммитациялаған тұлға арасындағы қатынасты растайды.
Айналым құралдарын түзудің тағы бір көзі тартылған қаржылар болып
табылады. Бұл топқа тозу (амортизация) қоры, жөндеу қоры, алдағы төлемдер
резерві, қаржы резерві, сыйақы және қайырымдылық қорлары және т.б. жатады.
Осы қорлардың барлығы және кәсіпорынның резервтері белгіленген уақытта
өзінің мақсатты бағытында қолданылады. Яғни айналым құралдарын жабудың
көздері ретінде айналымға тартылуы тиіс. Кредиторлық қарыздар әдетте басқа
кәсіпорындардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың қаржыларын кәсіпорынның
айналымына жоспардан тыс тартуға жатады. Мұндай тартылған қаржыларды
шоттарды және міндеттемелерді төлеу мерзімі аясында пайдалану занды құбылыс
болып табылады. Алайда көптеген жағдайда кредиторлық қарыздар есеп-төлем
тәртіптерін бұзу нәтижесінде пайда болады. Осыған орай кәсіпорынның
жеткізушілер алдында қабылданып алынған, бірақ ақшасы төленбеген тауарлы-
материалдық құндылықтар үшін несиелік қарыздар пайда болады. Салық
төлемдерінің уақытын кешіктіргені үшін салық органдарының алдында уақыты
өткен қарыздар пайда болады.
Бюджеттен тыс қорларға жарнаны уақытында төлемеу және басқа төленбеген
қаржылар кредиторлық қарыздардың пайда болуына әкеп соғады. Кредиторлық
қарыздар, оны өтеудің көзі болғандықтан дебиторлық қарыздармен сабақтасып
жатады.
Айналым құралдарының түзілуі, пайдаланылуы және ұйымдастырылуы өндіріс
барысына, ағымдағы өндірістің және қаржы жоспарының орындалуына белсенді
ықпал етеді. Айналым құралдарын ұйымдастыруға кіретіндер:
1) Айналым құралдарының құрамы мен құрылымын анықтау;
2) Айналым кұралдарына деген сұраныстарды айқындау;
3) Айналым құралдарының түзілу көздерін аныктау;
4) Айналым құралдарын басқару әрі бағыттау;
5) Айналым құралдарының тиімді пайдаланылуына және сақталуына жауапкершілік
Өндіріс көлемін және өнімнің сатылуын ұлғайту, жаңа сату нарығын, яғни
кәсіпорын капиталының айналым аумағын игеру айналым кұралдарымен жоспарлы,
неғұрлым тиімді де үнемді жұмыс істеу арқылы, яғни айналым құралдарының
неғұрлым аз мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Айналым құралдарын жоспарлау мен оларды тиімді пайдалануға
жауапты менеджерлердің басты міндеті де осы. Кәсіпорынның айналым
құралдарына деген сұранысы көптеген факторларға байланысты:
өндіріс және өткізу көлеміне;
бизнес түріне;
қызмет аумағына;
өндіріс циклінің ұзақтығына;
кәсіпорын капиталының құрылымына;
кәсіпорынның есеп саясаты мен есептесу жүйелеріне;
кәсіпорынның шаруашылық қызметін іс жүзівде несиелеу шарттарына;
материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне;
тұтынылатын шикізаттың түрлері мен құрылымдарына;
кәсіпорынның өндіріс көлемі мен өнімді сатудың өсу қарқынына;
- менеджерлер мен есепшілердің шеберлігіне және тағы басқа факторларға.
Кәсіпорынның айналым құралдарына деген сұранысын тура есептеуді айналым
құралдарының өндіріс сферасы мен айналым сферасындағы болған уақытымен
жүргізген жөн. Ол жоғарыда аталған факторларға байланысты. Мұны айналым
құралдарының айналымдылығы мен пайдаланылу тиімділігін қарастыратын екінші
тарауда қарастырамыз.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге – қысқа мерзімді несиелер мен
заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар жатады.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның даму
қабілетіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен
жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады.
Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік
аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да
қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің қарастырылу көздерін шектеу
керек. Оның ең аз бөлігін өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін
өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни
қосымша қажеттілік туындағанда ол банктің қысқа мерзімді несиелерімен және
коммерциялық несиелермен жабылады. Несие өтеу қабілеттілігі деп
кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында
есептесе алуын айтамыз.
Қарыз негізінен келісім-шарттың негізінде бір тарап (қарыз
беруші) екінші бір тарапқа (қарыз алушыға) өзінің меншігіндегі мүлкін
немесе ақшасын береді, ол кезде қарызды алушы жағы сонымен байланысты
барлық міндеттемелерді орындауды өз міндетіне алады.

1.3. Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін
басқару саясатының негізгі түрлерінің сыныпттамасы

"Айналым капиталы" деген термин ақша қаражаты түріндегі немесе бір
жыл, болмаса бір өндіріс циклі ішінде соған айналдырылған кәсіпорынның
қозғалмалы активтеріне қатысты. Таза айналым капиталы ағымдағы активтер
(айналым құралдары) мен ағымдағы міндеттемелер (қысқа мерзімді несиелер
мен кредиторлық қарыздар) арасындағы айырмашылық ретінде анықталады және
айналым активтері қаржының ұзақ мерзімді көздерінен қандай мөлшерде өтеліп
жатқанын көрсетеді (1-сурет).

Сурет 1. Активтер мен оларды жабу көздерінің арасындағы өзара байланыстың
логикасы
* Ескерту автордың құрастыруымен
Айналым құралдары әржақты сипатталуы мумкін. Бірақ негізгі сипатамаларына
олардың ликвидтілігі, көлемі және құрылымы жатады.
Өндіріс қызметі процесінде айналым құралдарының жеке элементтерінің тұрақты
өзгеруі жүріп отырады[3]. Кәсіпорын шикізат пен материалдар сатып алады,
өнім шығарады, сосын оны әдеттегідей несиеге сатады. Нәтижесінде дебиторлық
қарыз пайда болады. Ол белгілі бір уақыт өткеннен кейін ақша қаражатына
айналады (2-сурет).
Ақша қаражат

Дебиторлық қарыз
Өндірістік

материалдық запастар

Дайын өнім
Сурет 2. Ағымдағы активтердің айналысы

* Ескерту автордың құрастыруымен
Айналым активтерінің айналыс табиғаты айналым капиталдарын басқаруда
негізгі мәнге ие. Ағымдағы активтер өтімділік дәрежесі, яғни олардың
абсолютті өтімділікке ие ақша қаражаттарына ауыса алу қабілеті бойынша
ажыратылады. Айналым құралдарының көлемі мен құрылымына келетін болсақ,
олар көбінесе салалық қарастылығына байланысты анықталады. Мысалы, айналым
сферасының кәсіпорындары тауарлы запастың жоғары үлес салмағына ие, қаржы
корпорацияларында әдетте ақша каражаттарының көп мөлшері мен олардың
эквиваленттері байқалады.
Айналым құралдарының көлемі өндіріс процесінің сұранысымен ғана емес,
сонымен бірге кездейсоқ факторлармен де анықталады. Сондықтан айналым
капиталын тұрақты және ауыспалы деп бөлу қарастырылған (3-сурет).
Тұрақты айналым капиталы (жүйелі бөлігі) — ағымдағы активтердің өндіріс
қызметін іске асыруға қажетті минимумы.
Айналым капиталының ауыспалы категориясы (немесе ағымдағы активтердің
өзгермелі бөлігі) науқан кезіндегі резервті капитал ретінде қажетті қосымша
ағымдық активтерді көрсетеді.
Активтер Өзгермелі бөлік Барлық актив

Сурет 3. Кәсіпорынның активтерінің динамикалық қатарының
компоненттері
* Ескерту автордың құрастыруымен
Айналым капиталдарын басқару саясатының мақсатты бағыты ағымдағы
активтердің көлемі мен құрылымын, оларды жабу көздері мен ұзақ мерзімді
өндіріске және кәсіпорынның тиімді қаржы қызметіне жеткілікті олардың
арасындағы қатынас арқылы анықтау болып табылады. Бұл факторлар мен
нәтижелі көрсеткіштердің өзара байланысы көрнекті. Кредиторлар алдындағы
міндеттемелерді үнемі орындамау экономикалық байланыстардың үзілуіне,
осыдан шығатын көптеген салдарларға әкеп соғады.
Қалыптасқан мақсатты бағдар стратегиялық сипатқа ие. Сонымен бірге ағымдағы
қызметті басқаруды тиімді ететін айналым құралдарының мөлшерін қолдау да
маңызды. Күнделікті қызмет тұрғысынан алғанда кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
сипаттамасының ең маңыздысы оның өтімділігі, яғни қысқа мерзімді
кредиторлық қарыздарды уақытында жауып отыру қабілеті. Кез-келген кәсіпорын
үшін өтімділіктің жеткілікті деңгейі шаруашылық қызметтің тұрақтылығының
көрінісі. Өтімділікті жоғалту тек қана қосымша шығындар емес, сонымен
бірге өндіріс процесінің ауық-ауық тоқтап қалуына да әкеп соғады. 4-суретте
таза айналым капиталының жоғары және төмен деңгейдегі өтімділіктің
қауіптілігі көрсетілген. Егер ақша қаражаты, дебиторлык қарыз және
өндірістік-материалдық запастар салыстырмалы төмен жағдайда болса, онда
төлем қабілетінің жоқтығы немесе рентабельді қызметті іске асыруға қажетгі
қаржының жетіспеу ықтималдығы жоғары.

Қауіп деңгейі

Таза
айналым капиталының деңгейі
Төмен Орташа Жоғары

Cурет 4. Айналым капиталының тәуекелі мен деңгейі
* Ескерту автордың құрастыруымен
Суретте көрсетілгендей, таза айналым капиталы көлемінің өсуімен өтімділік
қаупі азаяды. Сөзсіз, өзара байланыс неғұрлым күрделі түрде. Өйткені
өтімділік деңгейіне ағымдағы активтердің барлығы бірдей деңгейде әсер
етпейді. Дегенмен, айналым құралдарын басқарудың өтімділікті жоғалту
қаупін минимумға жеткізетін қарапайым вариантын жасауға болады: ағымдағы
активтердің ағымдағы міндеттемелерден қаншалықты асып тұрса, соншалықты
қауіп аз; осылайша таза айналым капиталы өсіруге талпынуға болады.
Пайда мен айналым капиталының деңгейі арасындағы тәуелділік түпкілікті
басқа түрге жатады. (5-сурет).
Айналым капиталы төмен дәрежеде болған жағдайда өндірістік қызмет
қажетті деңгейде қолдау көрмейді, бұл – өтімділікті жоғалту ықтималдығы,
жұмыстың ауық-ауық тоқтауы және пайданың төмендігі. Айналым капиталының
бірқатар тиімді деңгейінде пайда максималды болады. Айналым құралдарыньң
көлемін одан әрі жоғарылату кәсіпорынның құзырында уақытша бос, қозғалыссыз
ағымдағы активтер болуына, сондай-ақ пайданы төмеңдететін қаржыландырудың
артық шығындарына әкеліп соғады. Осыған орай айналым капиталдарын
басқарудың өтімділік қаупін азайтуға байланысты жоғарыда қарастырылған
варианты шындыққа жанаспайды.

Пайда

ТАК деңгейі

Төмен Орташа Жоғары
Cурет 5. Пайда мен айналым капиталының деңгейі арасындағы байланыс
* Ескерту автордың құрастыруымен

Осылайша айналым капиталдарын басқару саясаты ликвидтілікті жоғалту
қаупі мен жұмыстың тиімділігі ортасында ауызбірлікке табуды қамтамасыз етуі
тиіс. Бұл екі маңызды міндетті шешуге мүмкіндік береді.

1. Төлем қабілетін қамтамасыз ету. Егер кәсіпорын
шоттарын төлеуге, міндеттемелерін орындауға қабілетсіз болса, мүмкін
банкрот болғанын жарияласа, мұндай шарт жоқ деп есептеледі .
2. Активтердің қол жетерлік көлемін, құрылымын және тиімділігін
қамтамасыз ету. Әртүрлі ағымдағы активтердің әртүрлі деңгейі пайдаға
әрқалай әсер ететіні белгілі. Мысалы, өндірістік-материалдық запастардың
жоғары деңгейі сәйкесінше ағымдағы көп шығындарды қажет етеді. Мұндайда
дайын өнімнің кең ассортименті сату көлемін көтеруге және кірісті ұлғайтуға
әсер ете алады. Ақша қаражатының, дебиторлық қарыздар мен өндірістік
запастардың деңгейіне байланысты әр шешім осы актив түрінің тиімділігі
тұрғысынан да, сондай-ақ айналым құралдарының тиімді құрылымы жағынан да
қарастырылуы тиіс.
Жоғарыда көрсетілгендей, ағымдағы активтердің өтімділігі мен
тиімділігі көп жағдайда таза айналым капиталының деңгейімен анықталады.
Қысқа мерзімді қарыз негізгі құралдарды жабудың көзі бола алмайтынын
ескерсек, көрсеткіштің бұл мәні нөлден белгілі бір максималды мәнге дейін М
өзгеретіні белгілі. Көрсеткіш нөлдік мәнде болғанда таза айналым
капиталының өтімділігін жоғалту қаупі неғұрлым жоғары мәнге жетеді; бұл
көрсеткіштің өсуімен қауіп азаяды. Таза айналым капиталы максималды мәнге М
теория түрінде қысқа мерзімді кредиторлық қарыз болмаған жағдайда жете
алады. Бұл жағдайда М ағымдағы активтердің құнына тең, ал өтімділікті
жоғалту қаупі нөлге тең.
Қаржы менеджменті теориясында ағымдағы активтерді қаржыландырудың
әртүрлі стратегиясын атап көрсетеді. Бұл менеджердің оның өзгермелі бөлігін
жабу көздерін тандауына тәуелді. Яғни таза айналым капиталының салыстырмалы
көлемін талдауына байланысты. Мынандай төрт модель белгілі:
мінсіз; агрессивті; консервативті; компромисті. Қаржыландыру
стратегиясының осы модельдердің ішінен белгілі бір моделін таңдау ұзақ
мерзімді пассивтердің мөлшерін тағайындауға және оның негізінде таза
айналым капиталының көлемін есептеуге әкеледі, яғни ұзақ мерзімді пассивтер
мен айналымнан тыс активтердің айырмасы (ТАК = ¥МА-АТА). Сонымен әр
стратегияның әрекетіне өзінің базалық баланстық тендігі сәйкес. Әр
модельдің статикалық және қарқындық сипаттамасы 6-9 суреттерде көрсетілген.
Ыңғайлы болу үшін келесі белгілерді енгіземіз:
АТА — айналымнан тыс активтер;
АА — ағымдағы активтер (АА=ЖБ+ӨБ);
ЖБ — ағымдағы активтерді жүйелі бөлігі;
ӨБ— ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі;
АП — ағымдағы пассивтер (қысқа мерзімді міндеттемелер);
¥МЗК— ұзақ мерзімді займдық капитал;
ЖМК — жекеменшік капитал;
ҰМП — ұзақ мерзімді пассивтер (¥МП = ЖМК+ҰМЗК);
ТАК — таза айналым капиталы (ТАК = ТА-КП);

Ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі
Айналымнан тыс активтер Уақыт

Қарқындылық
Cурет 6. Айналым құралдарын басқарудың мінсіз үлгісі
* Ескерту автордың құрастыруымен

Мінсіз үлгіні құрау "ағымдағы активтер" мен "ағымдағы міндеттемелер"
категориясының мәніне және олардың өзара сәйкесуіне негізделеді. "Мінсіз"
термині бұл жағдайда идеал, оған теңесу керек деген мағынаны емес, активтер
мен оларды жабудың көздерінің экономикалық түрғыдан сәйкестілігін
білдіреді. Бұл үлгіде ағымдағы активтер көлемі бойынша қысқа мерзімді
міндеттемелермен сәйкеседі, яғни таза айналым капиталы нөлге тең. Шын
өмірде мұндай үлгі іс жүзінде кездеспейді де. Сондай-ақ өтімділік
тұрғысынан бұл неғұрлым қауіпті болып саналады. Өйткені қолайсыз жағдайлар
туғанда (мысалы, барлық кредиторлармен бір уақытта есептесу қажет болса)
кәсіпорының негізгі құралдарының бір бөлігін ағымдағы кредиторлық
қарыздарды жабу үшін сату қажеттігі туады. Бұл стратегияның мәні ұзақ
мерзімді пассивтер айналымнан тыс активтер деңгейінде тағайындалады, яғни
базалық баланстық тендік (модель) мынандай түрде болады:
¥зақ мерзімді пассивтер-Айналымнан тыс активтер
(1)
Белгілі бір кәсіпорын үшін айналым құралдарын басқарудың қаржы
стратегиясының келесі үш үлгісі неғұрлым шынайы, олардың негізінде
ликвидтілікті қамтамасыз ету үшін жоқ дегенде айналымнан тыс активтер мен
ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі ұзақ мерзімді пассивтермен жабылуы
тиіс. Осылайша үлгілер арасындағы айырмашылық ағымдағы активтердің
өзгермелі бөлігін жабу үшін қаржыландырудың қандай көзі тандалатындығымен
анықталады. Агрессивті үлгі ұзақ мерзімді пассивтер айналымнан тыс
активтерді және ағымдағы активтердің жүйелі бөлігін жабудың көздері
екендігін білдіреді. Яғни шаруашылык қызметер жүзеге асыру үшін қажетті
оның ең аз мөлшері. Бұл жағдайда таза айналым капиталы осы ең аз мөлшерге
дәлме-дәл тең болады (ТАК = ЖБ). Ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі
қысқа мерзімді міндеттемелермен жабылады. Өтімділік тұрғысынан алғанда да
бұл стратегия қауіпті, өйткені іс жүзінде ағымдағы активтердің минимумымен
ғана шектелу мүмкін емес. Базалық баланстық тендік мына түрде болмақ:
¥зақ мерзімді пассивтер=Айналымнан тыс активтер+Ағымдағы активтердің жүйелі
бөлігі
(2)
Консервативті үлгі бойынша ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі ұзақ
мерзімді пассивтер есебінен жабылады. Бұл жағдайда қысқа мерзімді
міндеттемелер жоқ, өтімділікті жоғалту қаупі де болмайды. Таза айналым
капиталы көлемі бойынша ағымдағы активтерге тең (ТАК = АА). Модель жасанды
түрде жасалған. Бұл стратегия ұзақ мерзімді пассивтерді төмендегі базалық
баланстык тендеу деңгейінде тағайыңдайды:
Ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі +Ағымдағы активтердің өзгермелілігі

(3)

Компромисстік үлгі неғұрлым шыңдыққа жақын. Бұл жағдайда айналымнан
тыс активтер, ағымдағы активтердің және шамамен ағымдағы активтердің
өзгермелі бөлігінің жартысы ұзақ мерзімді пассивтермен жабылады. Таза
айналым капиталы көлемі бойынша ағымдағы активтердің жүйелі бөлігінің және
оның өзгермелі бөлігінің жартысының сомасына тең ( ОК = СЧ + 0,5 * ВЧ).
Жекелеген жағдайларда кәсіпорынның артық ағымдағы активтері болуы мүмкін.
Бұл пайдаға кері әсерін тигізеді. Бірақ бұл өтімділікті жоғалту қаупін
тиісті деңгейде қолдаудың төлемі ретінде қарастырылады. Стратегия ұзақ
мерзімді пассивтерді тағайындауды төмендегі базалық баланстық тендікпен
мөлшерлейді:
¥МП = АТА + ЖБ + 0,5 * ӨБ

2 ТАРАУ. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді
міндеттемелер тиімділігін талдау
2.1. ЖШС Смактың айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау

Құрылымдық талдау мақсаты — кәсіпорын қаржысының құрылымы мен
қарқынын және олардың түзілу көздерін жалпы қаржы жағдайымен танысу үшін
зерттеу. Құрылымдық талдау алдын-ала жүргізіледі. Өйткені оның нәтижесі
бойынша қаржы жағдайына түпкілікті баға беруге болмайды. Оған қол жеткізу
үшін арнаулы көрсеткіштердің есебі қажет. Құрылымдық талдаудың алдында ұйым
активтерінің қарқынын бағалау жүргізіледі. Ол активтердің өсу қарқыны мен
қаржы нәтижелерінің өсу қарқынын салыстыру арқылы есептеледі. Мысалы, түсім
мен тауарды, өнімді, жұмысты, қызметті өткізуден түскен пайда. Активтердің,
сатудан түскен түсімнің және пайданың өсу арқынын салыстыру 1-кестеде
көрсетілген.
Кесте-1
Активтердің және қаржы нәтижелерінің қарқынын салыстыру.

Көрсеткіштер 01.01.04 ӨҚ% 01.01.05 ӨҚ%
Активтердің орташа 3121582.5 99.45 3187405 102.1
көлемі
Сатудан түскен 243589 445.97 361679 148.48
түсім
Сатудан түскен Кшш-92148 440.86 -2496 -30.92
(птш)

*Смак жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп мәліметтері бойынша
дайындалды.

Түсімнің және пайданың өсу қарқындары активтердің өсу қарқынынан көп
болса, есепті кезенде алдыңғы кезеңге қарағанда кәсіпорынның активтерін
пайдалану неғұрлым тиімді болған. Пайданың өсу қарқыны активтің өсу
қарқынынан көп, ал түсімнің өсу қарқыны төмен болса, онда активтерді
пайдалану тиімділігін көтеру тек өнімнің, тауардың, жүмыстың және
қызметтің бағасын көтеру есебінен ғана болған[4]. Қаржы нәтижелерінің
(түсім мен пайда) өсу қарқыны активтердің өсу қарқынынан төмен болса, бұл
кәсіпорын қызметінің тиімділігінің төмендеуін көрсетеді. Біздің
жағдайымызда түсімнің өсу қарқыны пайда мен активтер өсімінің қарқынынан
көп (бұл көбінесе бірінші жағдайға келеді), сосын пайданың өсу қарқыны
түсім мен активтердің өсу қарқынынан аса бастайды. Бұл жағдайдың
тұрақтанып келе жатқандығынан хабар береді. Яғни кәсіпорын қызметінің
тиімділігі артып келеді деген сөз. Қаржы нәтижелерінің өзгеруімен
салыстырылмаған ұйым активтерінің өзгеруі өзінше аз ақпаратты. Кәсіпорын
жұмыстың қаржы схемасын пайдаланған кезде нәтижелік баланстың өзара зачет
есебінен төмендеуі басқа себептерге байланысты оның өсуінен асып кетуі
мүмкін. Сондықтан қысқа мерзімді (мысалы, тоқсан ішіндегі) активтердің
көлемінің азаюы кәсіпорынның жағдайының төмендегендігінің әрқашан дәлелі
болады. Әсіресе егер бұған қаржы нәтижелерінің оң қарқыны әсер етсе.
Ұйымның активтері айналымнан тыс (АТА) және айналым активтерінен (АА)
тұрады. Сондықтан активердің неғұрлым жалпылық құрылымы айналым және
айналымнан тыс активтердің қатынас коэффициенті сипаттайды:

Кт = айналым активтері айналымнан тыс активтер
(3)

Бұл көрсеткіштің мәні көп жағдайда талданып отырған ұйымның
құралдарының айналым шеңберінің салалық ерекшеліктеріне байланысты. Бұл
есеп үшін активтер түрі бойынша абсолютті көлемі, олардың барлық активтер
көлеміндегі үлес салмақтары, абсолютті көлемдердің және үлес салмақтарының
өзгеруі, айналымдағы және айналымңан тыс активтердің қатынас
коэффициентінің есепті мерзімдегі мәні мен өзгерісі бойынша мәліметтер
қажет (2-кесте). Кәсіпорынның жалпы активтерінің көлемінің өзгерісіндегі әр
актив түрі бойынша (айналымнан тыс, айналымдағы) өзгеріс үлесін көрсету
қажет.
Кесте-2
Кәсіпорынның айналымдағы және айналымнан тыс активтерінің
қатынас коэффициентінің деңгейі.

Көрсеткіштері Абсолютті көлемдер,Үлес, салмағы, % Өзгерістер
мың тг
01.01.04 01.01.05 01.01.04 01.01.05 Абс.көл Үлес %
салмақ
Айналымнан тыс 2709997 2981911 85,9 86,8 -28086 +0,9 42,1
активтер
Айналым активтері 444884 406323 14,1 13,2 -38561 -0,9 57,9
Барлығы 3154881 3088284 100 100 -66597 0 100
Қатынас 0,16 0,15 х х -0,01 х Х
коэффициенті
01.01.04 01.01.05 01.01.04 01.01.05 Абс.көл Үлес.са%
лмақ
Айналымнан тыс 2681911 26649448 86,8 81,1 -16963 -5,7 -8,6
активтер
Айналым активтері 406323 621578 13,2 18,9 +215255 +5,7 +108,6
Барлығы 3088284 3286526 100 100 +198242 0 100
Қатынас 0,15 0,23 х х +0,08 х Х
коэффициенті

*"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.

Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай, қарастырылып отырған субъектінің
айналымдағы және айналымнан тыс активтерінің қатынас коэффициенті төмен
дәрежеде: 2004 жылы - 0,16 және 2005 жыпы 0,23. Бұл дегеніміз "Смак" ЖШС-і
өндіріс саласына жатады. Алайда осы көрсеткіштің кәсіпорын мүлкіндегі
айналым активтерінің үлесін арттыру есебінен өсу қарқыны байқалады, 2004
жылғы 14,1 пайыздан 2005 жылы 18,9 пайызға дейін.
Бұдан соң айналым активтерінің құрылымы мен қарқынына талдау
жүргізіледі. Запастардың, дебиторлық қарыздың, қысқа мерзімді қаржылық
салымдар, ақша қаражаттарының қарқынының оң немесе теріс бағасы қаржы
нәтижелерімен салыстырмалы түрде берілуі тиіс. Айналым құралдарын
пайдаланудың тиімділігі әртүрлі болса, бір жағдайда бұл қызмет аясының
кеңеюінің себебі деп бағаланса, басқа бір жағдайда — іскерлік
белсенділіктің түсуімен және осыған орай қаржының айналым кезеңіңің
ұлғаюымен түсіндіріледі. "Смак" ЖШС-інің айналым активтерінің қарқыны мен
құрылымын талдау 3-кестеде көрсетілген.
Кесте-3
"Смак" ЖШС-інің ағымдағы активтерінің қарқыны мен кұрылымын талдау

КөрсеткіштеріАбсолютті көлемдер, Үлес, салмағы, % Өзгерістер
мың тг
01.01.04 01.01.05 01.01.04 01.01.05 Абс.көл Үлес %
салмақ
Ақшалай 46742 13037 10,5 3,2 -33705 -7,3 87,4
қаражат
Дебиторлық 100915 97109 22,7 23,9 -3806 +1,2 9,9
қарыз
ТМЗ 297227 296177 66,8 72,9 -1050 +6,1 2,7
Барлық АА 444884 406323 100 100 -38561 0 100
01.01.04 01.01.05 01.01.04 01.01.05 Абс.көл Үлес.салм%
Ақшалай 13037 7589 3,2 1,2 -5448 -2 -2,5
қаражат
Дебиторлық 97109 18648 23,9 3 -78461 -20,9 -36,4
қарыз
ТМЗ 296177 595341 72,9 95,8 +299164 +22,9 +138,9
Барлық АА 406323 621578 100 100 +215255 0 100

*"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.

3-кестенің мәліметтері көрсетіп отырғандай, 2005 жылы кәсіпорынның ағымдағы
активтері 2004 жылға қарағанда 38561 мың теңгеге төмендегені көрінеді, ал
2005 жылы олардың 2004 жылға қарағанда 215255 мың теңгеге немесе 52,98
пайызға өскеңдігін байқаймыз. Бұл ТМЗ-ның өсуімен байланысты, бұл өндіріс
көлемінің біршама өскендігін көрсетеді. 1-кесте мәліметтеріне қарасақ,
сатудан түскен түсім 148,48 пайызға өскен. Ол шығынның азаюына әкелген.
Ағымдағы активтердің құрылымында ТМЗ-ға көп орын беріледі. Сонымен қатар
ТМЗ-ның ағымдағы активтердің құрылымындағы үлес салмағының 2004 жылғы 66,8
пайыздан 2005 жылы 95,8 пайызға дейін артқаны байқалады. Дебиторлық
қарыздар мен ақша каражаттары қарқыны тұрақты түрде төмендеп, ағымдағы
активтер құрылымында аз ғана үлес алады — сәйкесінше 3 пайыз және 1,2 пайыз
(01.01.04. мәліметтер бойынша). Айналым құралдарының құрамы деп өндірістік
айналым қорлары мен айналым қорларын құрайтын элементтер жиынтығын айтады.
Яғни олардың жеке элементтер бойынша орналасуы. Айналым құралдарының құрамы
мен құрылымы экономиканың әр саласында әр түрлі болып келеді. Олар
өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық белгілері бойынша көптеген
факторлармен анықгалады.
Таза айналым капиталы дегеніміз ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді
міндеттемелер арасындағы айырмашылық. Сондықтан оның компоненттерінің
құрамындағы кез келген өзгеріс оның мөлшері мен сапасына тура немесе жанама
әсер етеді. Әдетте, таза айналым капиталының қалыпты өсуі оң қарқын ретінде
қарастырылады. Алайда басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Таза айналым
капиталын есептеу 4-кестеде берілген.

Кесте-4Смак ЖШС-інің таза айналым капиталы деңгейі (мың теңге)
Көрсеткіштер 2004 жылы 2005 жылы

Басы Соңы Басы Соңы
Ағымдағы актив 444884 407093 407093 621579
Ағымдағы пассив 97082 105361 105361 302270
Таза айналым капиталы 347802 301732 301732 319309

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, таза айналым капиталы оң мәнге
ие. Бұл субъектінің қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. 2005 жылға дейін таза
айналым капиталының төмендеу қарқыны байқалады да, 2005 жылдың соңында оның
көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 2,76 пайызға өскендігі көрінеді.
Кесте-5

КөрсеткіштеріАбсолютті Үлес, салмағы, % Өзгерістер
көлемдер, мың тг
01.01.04 01.01.0501.01.04 01.01.05 Абс.көлҮлес %
салмақ
Ақшалай 46742 13037 10,5 3,5 -33705 -7,3 87,4
қаражат
Дебиторлық 100915 97109 22,7 23,9 -3806 +1,2 9,9
қарыз
ТМЗ 297227 296177 66,8 72,9 -1050 +6,1 2,7
Барлық АА 444884 406323 100 100 -38561 0 100

*"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.

Айналым капиталының негізгі құрамдас бөлігі ретінде кәсіпорынның
өндірістік запастарын қарастыруға болады. Олар өз кезегінде шикізат пен
материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және басқа да запастардан
кұралады. Кәсіпорын өз қаражатын запастар құруға жұмсайтын болғандықтан
запастарды сақтаудың шығындары тек қана қойма шығындарымен ғана байланысты
емес, сонымен бірге тауардың бүлінуі мен ескіруіне де байланысты.
Көптеген кәсіпорындар запастарды құру мұндай кәсіпорынға тән капиталды
салымдарының қауіптілігіндей деңгейде. Сондықтан сақтаудың шығынын
есептегенде кәсіпорын капиталының орташа құнын алады.
Ағымдағы активтердің белгілі бір түрін белгілі бір мөлшерде
сақтағаннан болған экономикалық және ұйымдастырушылық-өндірістік нәтижелері
осы актив түріне тән сипатта болады. Мысалы, дайын өнімнің көп запасы
(алдағы үлкен сатылымға орай қарастырылған) сұраныс әдеттен тыс өсіп
кеткенде өнім тапшылығының тумауына жәрдемдеседі. Осылайша шикізат пен
материалдардың жеткілікті көп мөлшердегі запастары осындай запастардың
өндіріс процесінің тоқтауынан немесе неғұрлым қымбат тұратын материал-
алмастырғыштарды сатып алудан болатын жетіспеушілігі кезінде кәсіпорынды
сақтап қалады. Шикізат пен материалдарды көп мөлшерде сатып алуға берілген
үлкен тапсырыс әрине үлкен запастардың кұрылуына экеп соғады. Дегенмен егер
кәсіпорын жеткізушілерден көп тапсырыс бергені үшін жеңілдіктерге, көтерме
бағаға қол жеткізе алса мұндай тапсырысты жасауға әбден болады. Осындай
себептерге байланысты кәсіпорында дайын өнімнің жеткілікті запасы болған
жөн. Ол өндірісті неғүрлым ұзақ та үнемді басқаруға мүмкіндік береді.
Осының нәтижесінде енді кәсіпорынның өзі, әдеттегідей, клиенттеріне
жеңілдіктер бере алады. Қаржы менеджерінің міндеті — запастарды сақтаудың
нәтижелері мен шығындарын шығарып, қалыпты балансты жасау.
Дебиторлық қарыз — айналым капиталының маңызды компоненті, бөлігі. Бір
кәсіпорын екінші бір кәсіпорынға немесе мекемеге тауар сатқан кезде, оның
ақшасы бірден төленеді деп үміттену міндетті емес. Жеткізілген тауарлар
үшін төленбеген шоттар (немесе тапсырып алу шоттар) дебиторлык қарыздың көп
бөлігін кұрайды.
Дебиторлық қарызға тән элемент — маңызы бойынша құнды қағазға жататын
(коммерциялық құнды қағаздар) тапсырып алу векселі.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар. Ақша қаражаттарына кассадағы,
есеп шоты мен депозиттік шоттардағы ақшалар жатады. Қысқа мерзімді
салымдарды құрайтын бағалы қағаздарға: басқа кәсіпорындардың бағалы
қағаздары, мемлекеттік қазыналық билеттер, мемлекеттік облигациялар және
жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар жатады.
Қаржы менеджері қолма-қол қаражат пен бағалы қағаздар арасында таңдау
жасағанда өндіріс менеджері шешетіндей міндеттерді орындайды. Қандай
жағдайда да ақша қаражатының үлкен қорын құрумен байланысты артықшылықтар
болады. Олар қолда бар ақшаның түгесілу қаупін азайтады және заң
тағайындаған уақыттан бұрын тарифті төлеу талабын қанағаттандыруға
мүмкіндік береді. Екіншіден, уақытша бос, пайдаланылмай жатқан ақша
қаражатын сақтаудың шығындары оларды бағалы қағаздарға қысқа мерзімді салу
шығындарынан әлдеқайда жоғары. Мысалы, оларда шартты түрде мүмкін болған
қысқа мерзімді инвестициялау кезінде алынбаған пайда түрінде қарастыруға
болады. Осылайша қаржы менеджері ақша қаражаттарының тиімді запасының
мәселесін шешуі керек болады.
Ағымдағы міндеттемелерге қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық
қарыздар жатады. Нарықтық экономика жағдайында несиелердің негізгі көздері
коммерциялық банктер болып табылады. Әдеттегідей, банктер қарыз алушыдан
оның сұрап отырған несиесінің тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз
етілуін құжатпен растауын талап етеді. Басқа вариант бойынша кәсіпорын
өзінің дебиторлық қарыздарының бір бөлігін қаржы мекемесіне сатады да, оған
қарыз міндеттемесі бойынша ақша алуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ кейбір
кәсіпорындар өздерінің қысқа мерзімді қаржыландыруға қатысты проблемаларын
өздерінің ағымдағы активтерін кепілге беру арқылы шешсе, кейбіреуі оның бір
бөлігін сатуы да мүмкін. Кеңірек талдау жүргізу үшін барлық айналым
активтерін тәуекел категориялары бойынша топтастырған жөн.
Мысалы, аяқталмаған өндіріс немесе алдағы кезеңдердің шығындарына қарағанда
дебиторлық қарыздарды сатудың ықтималдығы анағұрлым жоғары. Мұндайда
айналым құралдары түрлерінің пайдаланылу аймақтарын ескерген жөн. Бір ғана
мақсатқа қолданылатын активтертің тәуекелі өте жоғары. Яғни көпмақсатты
активтерге қарағанда сатылу ықтималдығы төмен. Жоғары тәуекел категориясына
жататын активтерге неғұрлым қаржы көп салынса, соғұрлым кәсіпорынның
өтімділігі төмен.
Кесте-6Ағымдағы активтердің тәуекел дәрежесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорацияның айналым капиталы туралы
Айналым қаражаты
Айналым өндірістік қорлар
Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару
Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері
Корпорациялардың қаржы механизмі
Кәсіпорынның айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері және оны пайдалану көрсеткіштері
Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының экономикалық маңызы
Пәндер