Айыппұлға қатысты заңдардағы қылмыстық-құқықтық шараның осы түрін орындау және тағайындау мәселелерін жетілдіру


МАЗМҰНЫ

Кіріспе

  1. Айыппұл жазасының түсінігі, мақсаты және даму тарихыАйыппұл жазасының түсінігі, мақсаты және даму тарихыШет мемлекеттерде айыппұл жазасын қолдану ерекшеліктері
  2. Айыппұл түріндегі жазаны атқару мәселелеріАйыппұл түріндегі жазаны тағайындау тәртібіАйыппұл түріндегі жазаны атқарудың құқықтары мен міндеттері
  3. Кәмелетке толмағандарға айыппұл жазасын қолдану толмағандарға айыппұл жазасын тағайындау тәртібіКәмелетке толмағандарға қатысты айыппұл жазасын атқару тәртібі

Кіріспе

Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды тарих дәлелдеді. Ал қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.

Қылмыскерлікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай шаралардың бірі - жаза.

Кылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне үлкен зиян келтіреді.

Жаза қолданудағы мақсат-адам мен азаматтың құқығын, бостандығын, заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау.

Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем көзқарасқа және оның өмір сүруінің негізгі шарттарына сәйкес келетін көзкарастарға жауап беріп келді, жауап береді де. Заңдарға бұрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи анахронизм деп санар еді, ол жазалар жүрмес еді.

Керісінше, егер заңдарға қоғам саяси да, сана жағынан да әлі дайын емес жазаларды енгізсек, олар да жұмыс істемес еді.

Қылмыстық заң мен жаза адамдардың қалыптасқан өміріне, қоғамдық қатынасқа, сол қоғамның идеологиясы мен таптық құрылымына, мемлекет экономикасының ахуалына және осы негізде қалыптасып этикалық және құқықтық қөзқарастарға сәйкес келуі тиіс.

Егер жаза түрлерінің қоғамның және қоғамдық қатынастардың даму деңгейімен байланысына көз жүгіртсек, мынадай заңдылықты байқауға болады: өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен кезде қоғамдық тұрмыс та нашар, мәдениет те төмен деңгейде болды, оған сәйкес идеология болды; жазалаудың аса қатаң түрлері қолданылды - ашықтан ашық үрей тудыру, өлтірудің, жарақаттаудың жетік түрлері болды; қоғам ішіндегі қайшылықтың ушығуы жазаны қатайтуды қажет етті; аса қатаң жазалау кейінгі феодализмге тән әрекет еді.

1532 жылы қабылданған Карл V-нің қылмыстық жинағы “Каролина” (Costіtutіo crіmіnalіs Carolіna) сол кезеңді дәлірек сипаттайтын заң актісі, басқа елдердің заңдары да, одан кейінгі кездері де бұл заңнан алыс кеткен жоқ.

Ф. Энгельс былай деп жазды: “Ағылшындардың қылмыстық заңының Европадағы ең қатаң заң екендігін білеміз. 1810 жылдың өзінде ол өзінің қатыгездігі жағынан Каролинадан кем түспеді; отқа жағу, доңғалаққа байлап, кескілеп өлтіру, тірі адамның шек-қарнын ақтару, т. б. жазалаудың көп тараған түрі болды”[1] .

Қылмыскерлікпен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң жазалаумен ғана шектелді. Ондағы басты мақсат-“зиянкес” адамның көзін жою немесе оны адам сияқты өмір сүру қабілетінен айыру. Ол кездің ұраны-үрейлендіру мен қатыгездік.

Бірақ, қатаң жаза қолданудың өзі қатыгездікті тудыратынын өмір көрсетті. Нәтижесінде қылмыс азайған жоқ, қайта көбейіп кетті. Сондықтан да, алдыңғы қатарлы ойшылдар бір жағынан жазаның сипатың өзгерту керек, екіншіден кылмыстың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру керек дегенді айтты.

Қазіргі тарихи кезең жағдайды жазамен түзетуге болмайтындығын көрсетіп отыр, сондықтан да оқымыстылар бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіруде. Осыған байланысты мәжбүрлеу және зорлық принципіне емес, сенімді мәжбүрлеумен ұштастырған принципке негізделген жаза теориясы ерекше маңыз алады. Бұл теория жаза қылмыскерлікпен кұрестегі маңызды да және әзірше қажетті құрал болғанмен, тек қосымша ғана деген түсініктен туындайды.

Қоғамның әлеуметтік өміріндегі жазаның орны, бәрінен бұрын, адамгершіліктен, адамға деген қамқорлықтан барып анықталуға тиіс. Мәжбүрлеудің қылмыспен күрес тәсілдерінің бірі екендігін ескере отырып, бірақ ақтық соңында тек мақсатты тәрбие мен сенім арқылы ғана адамға ықпал жасауға болатындығын, солар арқылы ғана адамның сезімі мен ойын, көзқарасын, идеясын, дағдысы мен мінез-құлқын өзгертуге болатындығын мойындау керек.

Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексінде бұл принциптер ескерілген және жаза түрлерінің тізімі бұрынғы заңмен салыстырғанда едәуір өзгерген. Жазаның кейбір түрлері сақталған, ал кейбіреулерін заң шығарушы орган алып тастаған. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар, бостандықты шектеу, тағы басқадай жазаның жаңа түрлерінің жүйеге енгізілуі өте дәлелді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 39-бабында қарастырылған қылмыстық жазалар тізімінде мыналар бар:

а) айыппұл салу;

б) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызмет бойынша шектеу;

е) бас бостандығынан шектеу;

ж) қамау;

з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

и) бас бостандығынан айыру

к) өлім жазасы

Сонымен қатар бұл жазаларға қосымша жаза ретінде мына жазалар тағайындалуы мүмкін:

а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;

б) мүлкін тәркілеу.

Жаза түрлері тізімінің ішінде айыппұл салудың бірінші орынға орналастырылғаның ескерсек, оны ауырлығы жағынан ең жеңіл жаза деп түсінеміз, сонымен қатар оның ауыр және ерекше ауыр санатқа жатпайтын қылмыстарды жасаған адамға ұтымды ықпал жасайтыны сөзсіз. Бұл-сот практикасында жазаның ең жиі қолданылатын түрі,

Мысалы, егер 1995 жылы сотталғандардың 9, 3 %-іне айыппул салу тағайындалса, 1996 жылы бүл көрсеткіш 14, 9 %, 2000 жылы 7, 4%, 2001 жылы 4, 4%, 2002 жылы 1, 8%, 2003 жылы 0, 7% болды [2] .

Айыппұл жазасын атқару мәселелерін арнайы зерттеудің өзектілігі, жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару заңдарында орын алып отырған өзгеріс - жаңалықтарға байланысты. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының 1998-ші жылы күшіне енген Қылмыстық кодекстің 40-ші бабындағы өзгертулер мен толықтырулар.

Бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы және қазіргі Қазақстан Республикасында айыппұл жазасының орындалуы туралы біраз еңбектер жарыққа шыққаны жалпыға мәлім. Алайда, қазіргі таңда айыппұл жазасы туралы жаңа заңға көптеген өзгерістер енгізілгеніне қарамастан, біздің елімізде ғылыми зерттеулер жүргізілмеген. Міне, осы айтылған жағдайларға байланысты айыппұл жазасын арнайы зерттеудің өзектілігі талас туғызбайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты айыппұлға қатысты заңдардағы қылмыстық-құқықтық шараның осы түрін орындау және тағайындау мәселелерін жетілдіру, заңға ұсыныс жасау.

Осы мақсатқа жету үшін зерттеу төмендегіше міндеттерді қойды:

  • Қазақстан мемлекеті мен құқығында айыппұл түріндегі жазаның шығу тарихына талдау жасау;
  • Қазақстан қылмыстық заңдарындағы айыппұл реттейтін заңдық және де нормативтік қайнар көздерінің даму кезеңін ашу;
  • айыппұлдың құқықтық анықтамасына түсініктеме және қылмыстық жаза ретінде түсініктеме беру;
  • қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларының жүйесінде айыппұлдың әртүрлі құқықтық жағынан өз орнын анықтау;
  • айыппұлды тағайындаудың негізі болып табылатын заңдық белгілерін анықтау;
  • шетел қылмыстық заңдарының айыппұлға қатысы бар сұрақтарына талдау жасау;
  • қолданыстағы қылмыстық заңдардың жазаның зерттеп отырған түрін қолдану аясын жетілдіру барысында және қылмыстық-құқықтық институты ретіндегі тиімділігін арттыру жөнінде біршама ұсыныстар жасау;
  • Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының айыппұлды іс жүзінде қолдану және осы жаза туралы заңдық анықтамаларды жетілдіруде нақты ұсыныстар келтіру.

1. Айыппұл жазасының түсінігі, мақсаты және даму тарихы

  1. Айыппұл жазасының түсінігі және даму тарихы

Айыпкерге жаза тағайындарда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге әрекет жасауға тиіс. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны күйзелту жәбірленушінің аз да болса көңілін басады, жасалған қылмыс нәтижесінде өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келеді деп үміттенеді. Мысалы, мүлкі ұрланып жәбір көрген адам ұрланған мүлкін қайтарып алады немесе өзіне келген залалды ақшалай өндіріп алады.

Жазаны қолданғанда жазаның барлық мақсаттары бірден қамтылады. Бірақ бұл, сол мақсаттардың бәріне бірдей қол жеткізу емес. Бұл мақсатқа жету үшін тек қылмыскерді бас бостандығынан айырып, оны қайта тәрбиелеу тиімсіз. Сол үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде кей қылмыстар үшін айыппұл жазасы көзделген.

Айыппұл неміс тілінен аударғанда “Strafe” - “жаза” деген мағынаны береді [3] .

Айыппұл - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 40-бабында көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысын немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу.

Басқаша айтқанда, қылмыстық жаза ретінде айыппұл салу тағайындалған адам белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды.

Ю. И. Скуратов пен В. М. Лебедевтің анықтамасы бойынша - айыппұл салу жазасы сотталған адамға психологиялық әсер етеді, жасаған қылмысын мемлекеттің бетке басатынын көрсетеді және елеулі материалдық шығынға отырғызады, нәтижесінде мүліктік және басқа да қылмыстардың қөптеген түрі қылмыскер үшін пайдасыз да кауіпті болады [4] .

Айыппұл жазасы - ежелден қолданылып келе жатқан жазалардың бірі болып саналады. Ол кездерде келтірілген залал үшін құн төленіп отырылды. Құн төлеу дау - дамайды шешудің негізгі құралдарының бірі және ақысын төлеп, жазадан құтылудың жолы еді. Құн төлеу тұралы біздің қасиетті кітабымыз “Құранда” да айтылған.

Ежелгі Үндістандағы “Ману” заңы бойынша айыппұл жазасы қолданылған және брахмандар айыппұлды бөліп-бөліп төлей алатын [5] . Ал Вавилонның “Хаммурапи” заңы бойынша қанға-қан принципі “теңбе-тең” талионымен ауыстырылған [6] . Бірақ бұл жағдай тек қана қылмыскер мен жәбірленушінің әлеуметтік жағдайы тең болғанда ғана қолданылған [7] .

Қазақтың ескі әдет -ғұрпының заңын бұзып, жеке бастың, рудың немесе бүкіл елдің намысына тиген, мүліктік қылмыс жасаған айыпкерге тағылатын кінә - айып төлеу болды. Ру ақсақалдарының, билердің үкімімен айыппұл малдай және заттай өндірілетін болған. Айыптық жазаның көбірек тараған түрі - “айып тоғыз”. Қылмыстың сипатына және жәбірленушінің әлеуметтік жағдайына қарай айып бас тоғыз (басы түйе), орта тоғыз (басы ат), аяқ тоғызға (басы өгіз) бөлінген. Жеңіл қылмыс үшін ат тон немесе ат шапан айып тартылған. Егер қылмыс ауыр, ру басыларының мүдделеріне қайшы келсе айып үш еседен (үш тоғыз) жеті есеге (жеті тоғыз) дейін өсірілген[8] .

Айыпты негізінен айыпкер төлейді, айыпкер адам табылмаса немесе айыпты төлеуге оның шамасы келмесе, жақын ағайындары, егер олардың да мүмкіндігі болмаса, бүкіл ру болып төлеген. Бір адамның қылмысы үшін бүкіл қауымды кінәлау ескі рулық әдет-ғұрып заңының ең қатыгез әділетсіздігі. Жәбір шеккен адам айыптың бір бөлігін ғана алған, қалған бөлігі “хандық” деп аталып, хан мен сұлтанның қалтасына түскен. Істі қараған билер де билік айтқаны үшін “билік ақы” алып отырған.

Шариат заңы бойынша да құн төлеу көзделген. Мысалы,

  1. Толық (диа) құн - екі көзін шығарып, мүлдем зағип етсе, ал бір көзіне жарты құн.
  2. Екі құлағын кессе - жарты құн.
  3. Мұрнын кессе - жарты құн.
  4. Екі қолын кессе, жарамсыз етсе - толық құн.
  5. Әрбір саусағы үшін -1/10 құн.
  6. Омыртқасын сындырып, сал етсе - толық құн.
  7. Сынған тіс үшін 1/4 құн мөлшері.
  8. Әйелдің екі емшегі кесілсе - толық құн.
  9. Еркек піштірілсе - толық құн.
  10. Қатты соққыдан адам жынды болса - толық құн.

Қазақтардың конституциялық заңдар жиынтығы “Жеті жарғыда” ерін өлтірген жүкті әйел, кәмелетке толмағандар, жындылар секілді ата-анасы баласын өлтірсе, жауапқа тартылмаған. Шариат заңы да дәл осылай. Ал адам дене мүшелері үшін

  1. екі көзге - жарты құн
  2. бір құлаққа - бір қыз.
  3. бір қолға - 5 қара мал
  4. бір аяққа - 6 қара мал
  5. бармаққа - 5 қара, сұқ қолға - 3 ортан қол - қара, аты жоқ саусаққа - құн жоқ, шынашаққа - 3 қара. Ал бас жарылса “ат тон” айып. Әйелдін бір бұрымы кесілсе, не күрек тісі сындырылса- құнының 1/4 ; екі бұрымы не мұрын кесілсе - жарты құн “мін” төлеген. Жаңа біліне бастаған ана құрсағындағы балаға - 1 тоғыз, 5 айлыққа дейін - 3 тоғыз, 5 айлықтан жарық дүниеге келгенше жарты құн, ал жарық көргеннен бастап - толық құн төлеген.

Шариатта: бас жарылса - түйе, егер еті жұлынса - 3 түйе, ал терісі тамырларымен жұлынып, сүйегі көрінсе - 10 түйе, сүйегі сынып қақ бөлінсе - 15 түйе, егер миына дейін жарақат терең түссе - 33 түйе айып салынады.

Қазақ әдет-ғұрып заңы бойынша: біреу ауылдан адасып, аштан өлсе, болмаса мінген көлігінен жығылып өлсе, не суықтан тоңып, ыстықтан шөлдеп өлсе, не суға кетіп, отқа күйіп өлсе, оның өліміне қастық пен зорлық ету себептері болмаса да, жұмсаушы адамнан жарты құн талап ете алған.

Ат, түйе сияқты асау көлікті мініп келген біреу кірген үйінің белдеуіне байласа, сол үйге кіріп - шығушыға сол көліктің тепкісі тиіп өлсе, онда;

  1. босағаға байланса - толық құн;
  2. жапсарға байланса - жарты құн,
  3. үйдің астына не белдеуге байланса - ат-тон айып салынган. Малай қожасынан рұқсатсыз, қашып бара жатып жолда өлсе, некелі әйел ерінен рұқсатсыз кетіп бара жатып жазым болса, мал ұрлаушы ұры ұрлық үстінде болған ұрыс-керісте өлсе, онда тек “ат-тон” айып берген. Ұрлықтың түріне қарай айып салынған қазақтар “ұрының үйі күйсін, аяма” деп ұрыны қатаң жазалаған.

Мал ұрлағаны үшін әрбір малдың түріне қарай құны сондай болатын мал төленетін, оның үстіне ұрының “мойнына қосақ, артына тіркеу” деп қосымша айып төленетін. Егер ұры ірі малды ұрласа, сол бес жылқыны қайтарады. Қосымша мойнына қосақ ретінде 5 үш жылдық, артына тіркеу ретінде 5 екі жылдық жылқы қайырады. Айып әрі нақты жағдайда шешіледі. Айыптың мәні қылмысқа, ұрлыққа бармауға тәрбиелеу[9] .

1920 жылы 27 желтоқсанда Орынбор қаласында “Қырғыздардағы (қазақтардағы) құнды жою туралы декрет” қабылданды. Декретте былай делінген:

  1. Құн - қырғыз халқының дәстүрі бойынша төгілген қан үшін төленетін дүние - мүлік. Құнды кісі өлтірген адам, оның туыстары, жақындары төлеген. Кісі өлтірген адам қудалаудан құтылып, қылмысы ұмытылады.
  2. Құн төлеу және құн қабылдау кінәлі адамды құқықтық жауапкершіліктен босатып, қылмысын жауып жіберетін болғандықтан, мұндай өзара келісушілікке тиым салынады.
  3. Құн төлеу тұралы өзара келісушілік кез-келген жағдайда заңсыз деп табылып, сотта қорғалмайды және кінәлі адамды кісі өлтіргені үшін жазадан құтқармайды.
  4. Құн төлеу және құн қабылдау жасалған ретте, 3 - бапқа сәйкес қабылданған құн тәркілеуге жатады.
  5. Осы декрет жергілікті жерлерде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Дегенмен де, бұл декрет қабылдана салып, құн төлеу жойылып кетті деу қиын. Кейін келе-келе құн төлеу айыппұл жазасымен алмаса бастады.

Жоғарыдағыларға сүйене келе айыппұл жазасы қазақ халқының көнеден келе жатқан жаза түрі екендігіне көз жеткізуге болады. Оған дәлел ретінде қасиетті “Құран” кітабының аяттары “Шариат” заңы мен “Жеті жарғының” баптары.

Айыппұл жазасы тек Қазақстанда ғана емес басқа елдерге де кеңінен қолданылуда және көбінесе негізгі жаза ретінде. Мысалы, Англияда ең кең тараған жазалардың түрі - айып. Оның мөлшері 25-100 фунт стерлинг көлемінде белгіленген. Германияда да негізгі жаза түрі. Айып төлеу сотталғанның мүліктері бағасымен шектелген нақты сомада немесе күнделікті жалақы мөлшерімен (5 маркадан - 360 марқаға дейін) белгіленеді [10] . Бұл мысалдар айыппұл жазасының ең тиімді екендігін дәлелдейді.

Жалпы қоғамдағы қылмыстылықпен күресу кезінде қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының әрбіреуінің өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.

Қылмыстық құқық теориясында, жалпы басқа да арнаулы әдебиетте сонау кеңес заманынан бастап, қазіргі кезге дейін жазаның мақсаты төңірегінде әртүрлі пікірлер туғаны белгілі. Бұл пікірлер бірде жаза мақсаттарының мазмұнына қатысты туса, бірде ондай пікірдің тууына жаза мақсатының саны негіз болып келеді. Мысалы, орыс заңгер - ғалымы С. В. Познышев: “ жазада тек қана бір мақсат болуы керек” дегенді айтса [11], қазақстандық белгілі заңгер профессор Р. Т. Нуртаев жазаның мақсатын “Үш бірлік” деп айтады [12] .

“Жазаның мақсатына мына үш түрлі нәрсе: біріншіден, қылмыс істеген адамды қайта тәрбиелеу, екіншіден, қайта тәрбиелеу арқылы қылмыс істеген адамды қайтадан қылмыс істемеуге бет бұрғызып, тұрақты қалыпқа түсіру, үшіншіден, қылмыс істеген адамның сазайын тарттыру арқылы басқа адамдарға да қылмыс істеуден бас тартуға ықпал жасау” дей келіп, профессор А. Мамытов жазаның алдына үш мақсатты қояды [13] . Алайда, осы уақытқа дейінгі жазаның мақсаттары жөніндегі әдебиеттерді талдай келсек, негізгі тұжырым - жазаның айрықша мақсаты қылмыскерді түзеу және оны қайта тәрбиелеу деген қағида болып келгенін байқаймыз. Ал соңғы кезде “қайта тәрбиелеу” мақсатын алып тастап, жазаның айрықша мақсаты тек қана “сотталған адамды түзеу” деп жүрміз. Бұл көптеген қазақстандық ғалымдардың енбектерінде көрініс тапқан. Біздіңше, профессор Б. Ж. Жүнісовтың: “Қайта тәрбиелеу мақсатын қылмыстық құқық құралдарымен байланыстырудың тіпті қажеті жоқ. Өйткені қайта тәрбиелеу дегеніміз мәжбүрлеу болып саналатын шектеулердің комплексі, яғни жиынтығы” деп тұжырымдауы өте орынды [14] . Тәжірибеде бұл амал өзінің нәтижелігін бермегендіктен жаңа қылмыстық заңда “қайта тәрбиелеу” терминінен бас тартуға тура келді.

Осыған сәйкес қазіргі жаңа қылмыстық заңның 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты былайша белгіленген: “жаза әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданады. Яғни қазіргі заңда жазаның мақсаты төрт түрлі және бұрынғы көзқарастан сәл өзгерген:

а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

б) сотталған адамды түзеу;

в) сотталған адам тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау;

г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау.

Әрине қай кезде де қылмыстық жаза қолданылған әрбір жағдайда заңда көрсетілген осы мақсаттар бірге қарастылуы тиіс. Қазақстандық заңгер-ғалым Д. С. Чукмаитов “Жазаның мақсаттары тығыз бірлікте орналасады және әрбір нақты жағдайда жазаны қолдану кезінде олар оз арасында теңгеріліп отырылуы керек” - деген пікірін біз қолдаймыз [15] . Дей тұрғанмен де белгілінген жаза мақсаттарының барлығына біруақытта қол жеткізу әрдайым орындала бермейтіні анық.

Айыппұл салуағы мақсат та жазаның басқа түрлері көздейтін мақсаттар сияқты. Айыппұл салу арқылы қылмысты болдырмаудың тек жалпы және жеке мақсатына, қылмыскерді түзеуге ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру мақсатына да қол жеткізуге болады. Әрине айыппұл салу да, қылмыстық жазаның кез-келген басқа түрі сияқты, өзіне тән тәсілмен ерекшеленеді, ондағы мәжбүрлеу және тәрбиелеу деңгейі де, көзделген мақсатқа қол жеткізу мүмкіндігі де басқаша.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаның жүйелері және түрлері
Қазіргі қылмыстық құқықтағы айыппұл
Жаза жүйесі
Қылмыстық құқықтағы айыппұл
Республикасының азаматтығынан айыру
Қазақстан Республикасындағы сотталған адамдардың құқықтық жағдайы
Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк
Әлеуметтік құқықтың қағидалары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық жаза
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz