“Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы”



1 Жаңа өзгерістер мен толықтырулар
2 Қазақстанның діни картасы туралы объективті ой.пікір
Қа¬зақ¬стан Республикасының Заңы 1992 жылы қабылданған. Оған діни салада пайда болатын көптеген өзекті мәселелерге қарамастан, елеулі өзгерістер енгізілмеді. Ал бұл заң жобасы діни саланы рет¬теу мәселелерін тәртіпке келтіруге бағытталғандығы заңдылық болып табылады. Заң жобасының нұс¬қасында мына шаралар көзделген:
Бірінші – заң жобасына жаңа “миссионерлік қызмет” ұғымы енгізіліп отыр. Осы ұғымға сай өз ілімдерін өздерінің діни бірлес¬тіктері аумағынан тыс жерде тара¬татын барлық тұлғалар (оның ішінде шетелдіктер мен қазақ-стандық азаматтар) миссионерлер болып танылады және миссионер ретінде әкімдіктерде есептік тір¬кеу¬ден өтуі тиіс. Осындай ере¬же жаңа діни ілімдердің республика ішінде (облыстар арасында) тара¬луын бақылауға мүмкіндік береді.
Екінші – діни өнімнің таралу үрдісін реттейтін нормалар. Яғни, діни өнімдерді таратуға жергілікті атқарушы органдар арнайы орнатқан стационарлы үй-жай¬лар¬ды қоспағанда барлық қоғамдық жер¬лерде тыйым салынады.
Үшінші – табынушылық ғи¬марат¬тардың құрылыс үрдісін реттеу. Табынушылық ғим¬а¬рат¬тар¬дың құрылысы бірқатар жағ¬дай¬ларда әлеуметтік шиеленісуге, кон¬фессияаралық қайшылықтарға әкелетіндіктен, мұнда жұрт¬шы¬лық¬тың пікірін есепке алу қажет. Заң жобасында табынушылық ғи¬мараттарды нақты аумақта тек жер¬гілікті атқарушы органның ше¬шімі бойынша және жергілікті өкі¬летті органның келісуімен ғана құру мүмкіндігі көзделеді, ол храмдарды салу үрдісін реттеуге мүмкіндік береді.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
“Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы” Қазақстан
Республикасының Заңы 1992 жылы қабылданған. Оған діни салада пайда болатын
көптеген өзекті мәселелерге қарамастан, елеулі өзгерістер енгізілмеді. Ал
бұл заң жобасы діни саланы реттеу мәселелерін тәртіпке келтіруге
бағытталғандығы заңдылық болып табылады. Заң жобасының нұсқасында мына
шаралар көзделген:
Бірінші – заң жобасына жаңа “миссионерлік қызмет” ұғымы енгізіліп отыр. Осы
ұғымға сай өз ілімдерін өздерінің діни бірлестіктері аумағынан тыс жерде
тарататын барлық тұлғалар (оның ішінде шетелдіктер мен қазақстандық
азаматтар) миссионерлер болып танылады және миссионер ретінде әкімдіктерде
есептік тіркеуден өтуі тиіс. Осындай ереже жаңа діни ілімдердің республика
ішінде (облыстар арасында) таралуын бақылауға мүмкіндік береді.
Екінші – діни өнімнің таралу үрдісін реттейтін нормалар. Яғни, діни
өнімдерді таратуға жергілікті атқарушы органдар арнайы орнатқан стационарлы
үй-жайларды қоспағанда барлық қоғамдық жерлерде тыйым салынады.
Үшінші – табынушылық ғимараттардың құрылыс үрдісін реттеу. Табынушылық
ғимараттардың құрылысы бірқатар жағдайларда әлеуметтік шиеленісуге,
конфессияаралық қайшылықтарға әкелетіндіктен, мұнда жұртшылықтың пікірін
есепке алу қажет. Заң жобасында табынушылық ғимараттарды нақты аумақта тек
жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша және жергілікті өкілетті
органның келісуімен ғана құру мүмкіндігі көзделеді, ол храмдарды салу
үрдісін реттеуге мүмкіндік береді.
Төртінші – отбасын бұзуға ықпал ететін және мәжбүрлейтін, міндетті орта
білім алуға, адамгершілікке, азаматтардың денсаулықтарына зиян келтіретін,
азаматтарды өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын және (немесе) діни бірлестіктен
шығуға кедергі келтіретін, оның ішінде аталған іс-әрекеттерді зорлық немесе
оны қолдану қаупін, тәуелді жағдайды, сендіруді немесе алдауды қолданып
жасаған діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу.
Бесінші – заң жобасында діни бірлестіктерді тіркеу рәсімін реттейтін
ережелер жиынтығы ұсынылып отыр. Атап айтқанда, олар – діни ілімнің және
соған сәйкес келетін тәжірибенің негіздері туралы мәліметтерді, оның ішінде
конфессия мен осы діни бірлестіктің пайда болу тарихы, оның қызметінің
нысандары мен әдістері, неке мен отбасына, білім беруге қатынасы, дін
ізбасарларының денсаулығына деген қатынасының ерекшеліктері, мүшелері мен
қызмет етушілер үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерге қатысты қойылған
шектеулер туралы деректерді тапсырады. Аталған мәліметтерді тапсыру
азаматтар құқықтарын шектейтін және бұзатын, іріткі туғызатын діни
бірлестіктердің пайда болуы мен қызметіне тыйым салуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ діни бірлестікті тіркеуден бас тартудың рәсімін реттеу де бар.
Алтыншы – дінтану сараптамасының маңыздылығын күшейту. Мысалы, кез келген
азамат діни материалдардың сараптамасын өткізу жөнінде өтініш жасай алады.
Сонымен қатар, діни сараптаманы, діни әдебиетті Қазақстан аумағына әкелу
кезінде және діни материалдардың кітапхана қорларына түсу барысында өткізу
ұсынылады, ал жеке пайдаланудағы заттар сараптамадан өткізілмейді.
Жетінші – бала құқықтарын қорғау мақсатында кәмелеттік жасқа толмаған
тұлғалар қатысатын топтардың жиналыстарын ата-аналарының немесе баланың
өзге заңды өкілдерінің келісуімен өткізуге рұқсат ету.
Сегізінші – діни бірлестіктердің топтастырылуы. Осыған байланысты діндарлар
бірлестіктерінің үш түрі көзделген, олар: орталық, жергілікті және діни
топтар ретінде қызмет ететіндер. Орталық діни бірлестікті құру үшін арнайы
талаптар ұсынылады. Ол үшін жергілікті діни бірлестіктер кем дегенде бес
облыста қызмет етуі керек. Бұл жерде жергілікті діни бірлестіктердің
күрделі құқық бұзушылықтары жоқ болуы орталық бірлестік ретінде тіркелудің
шарты болып табылады. Діни топтар тек есептік тіркеуден өтеді, мұндайда
олар заңды тұлға құқықтарын иеленбейді. Олар діни қызметті тек өзінің
мүшелері арасында ғана жүзеге асыра алады. Діни бірлестіктердің осындай
стратификациялануы жаңа табынушылықтарды бақылауға алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, заң жобасында бір мәнді псевдодіни құрылымдарды тіркеуге,
діни мәртебені коммерциялық қызмет үшін пайдалануға жол бермейтін діни
бірлестіктің белгілері анықталады.
Тоғызыншы – рухани оқу орындарын қоспағанда діни бірлестік түріндегі
ұйымдық-құқықтық нысаннан басқа нысандағы заңды тұлғаларды құруға және
олардың қызметіне тыйым салу. Діни бірлестіктер қызметін реттеуді ретке
келтіру мақсатында заң жобасына тұрғын халық түсіну үшін және заңнама
нормаларын екі түрлі түсінуді болдырмау үшін зерттелген түсініктемелер
енгізілген. Сондай-ақ дәстүрлі емес ағымдар өз қатарларына жаңа мүшелерді
тарту барысында адамдарды белгілі бір діни көзқарастарды ұстануға түрткі
болу мақсатымен әдепсіз тәсілдер қолданатындығын ескере отырып,
қайырымдылықты пайдалануға тыйым салу көзделеді.
Қазақстанның діни картасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы діни жағдайдың заңдық негіздері
Құқық және заң анықтамалары
Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы ақпарат
Қоғамдық бірлестіктер
Діни бірлестіктердің құқықтық жағдайы
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
ҚР дін туралы заңнамасы пәнінен лекциялар жинағы туралы
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары
Діни бірлестіктердің ұғымы мен маңызы
Жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынасын реттеу туралы
Пәндер