Грамматикалық категория туралы түсінік



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Грамматикалық категория туралы түсінік.
2.2 Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы.
2.3 Грамматикалық категориялардың түрлері.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Грамматикалық категория түралы ұғым грамматикалық мағына мен грамматикалық форма түралы ұғымдармен ұштасып жатады, олармен әрқашан тығыз байланысты болады. Бұндай дейтініміз мынадан:
1) грамматикалық мағына грамматикалық категориядан тыс, оған байланыссыз өмір сүрмейді, кайта оның элементі ретінде грамматикалық категорияның құрамында өмір сүреді;
2) грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты. Қандай бір грамматикалық категория болсын, ол біртектес грамматикалық мағыналарды білдіріп, кемінде екі түрлі формада көрінуі шарт. Мұнсыз бірде-бір категорияның болуы мүмкін емес. Мысалы, бір ғана септіктің формасы немесе бір ғана грамматикалық жақтың формасы өздігінен септік категориясын да, жақ категориясын да құрай алмаған болар еді. Белгілі бір тілдегі септік категориясы түралы сөз ету үшін, ол тілде, мысалы, ілік септігінен басқа барыс, шығыс септіктері және т. б. септіктердің болуы шарт. Сонда ғана септік дербес грамматикалық категория ретінде таныла алады. Грамматикалық жақ категориясы түралы I жақтан басқа II жақ, III жақ болғандықтан ғана әңгіме ете аламыз. Сын есімнің шырай категориясы түралы да осыны айту қажет. Шырай категориясы бір ғана жай шырайдың грамматикалық мағынасы мен формасынан құралуы, әрине, мүмкін емес. Сын есімнің шырай категориясы оның мазмұнына енетін жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайдың мағыналары мек формаларының жиынтығынан құралады.
Қандай бір грамматикалық категория болсын, оның жалпылаушы сипаты болады. Грамматикалық категория біртектес грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығынан құралады. Ал «біртектес грамматикалық мағыналар» дегеннен әр басқа емес, өз ара шарттас, ыңғайлас, бір сипаттағы грамматикалық мағыналарды түсінеміз. Мысалы, грамматикалық шақ категориясы осы шақ, өткен шақ, келер шақ түрінде көрмегенмен, шақтың аталған түрлерінің мағыналары - әр тектес, әр сипаттағы мағыналар емес, біртектес мағыналар, әйтеуір шақтық мағыналар. Біртектес, бір сипаттағы шақтық мағыналар әр түрлі грамматикалық формалармен беріліп, жалпы грамматикалық шақ категориясы ретінде ұғынылады. Демек, дара грамматикалық мағынаны білдіретін бір ғана форма немесе әр сипаттағы грамматикалық мағыналарды білдіретін формалар емес, біртектес, өз ара ыңғайлас грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығы грамматикалық категория деп танылады.
1.Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі, Алматы, 1970.
2.Аманжолов С. Қазақтың әдеби тілі (көпшілікке арналған лекцняныц стенограммасы), Алматы, 1949.
3.Әбілқасымов Б. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі, Алматы, 1982.
4.Қарабаев.Т. Түркалогия және қазақ тілі білімі.Алматы,2001.
5.Исаев.С. қазақ әдеби тілінің тармхы. Алматы,1998.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Грамматикалық категория туралы түсінік.
2. Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы.
3. Грамматикалық категориялардың түрлері.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Грамматикалық категория.
2.1. Грамматикалық категория туралы түсінік
Грамматикалық категория түралы ұғым грамматикалық мағына мен
грамматикалық форма түралы ұғымдармен ұштасып жатады, олармен әрқашан тығыз
байланысты болады. Бұндай дейтініміз мынадан:
1) грамматикалық мағына грамматикалық категориядан тыс, оған
байланыссыз өмір сүрмейді, кайта оның элементі ретінде грамматикалық
категорияның құрамында өмір сүреді;
2) грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты.
Қандай бір грамматикалық категория болсын, ол біртектес грамматикалық
мағыналарды білдіріп, кемінде екі түрлі формада көрінуі шарт. Мұнсыз бірде-
бір категорияның болуы мүмкін емес. Мысалы, бір ғана септіктің формасы
немесе бір ғана грамматикалық жақтың формасы өздігінен септік категориясын
да, жақ категориясын да құрай алмаған болар еді. Белгілі бір тілдегі септік
категориясы түралы сөз ету үшін, ол тілде, мысалы, ілік септігінен басқа
барыс, шығыс септіктері және т. б. септіктердің болуы шарт. Сонда ғана
септік дербес грамматикалық категория ретінде таныла алады. Грамматикалық
жақ категориясы түралы I жақтан басқа II жақ, III жақ болғандықтан ғана
әңгіме ете аламыз. Сын есімнің шырай категориясы түралы да осыны айту
қажет. Шырай категориясы бір ғана жай шырайдың грамматикалық мағынасы мен
формасынан құралуы, әрине, мүмкін емес. Сын есімнің шырай категориясы оның
мазмұнына енетін жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайдың
мағыналары мек формаларының жиынтығынан құралады.
Қандай бір грамматикалық категория болсын, оның жалпылаушы сипаты
болады. Грамматикалық категория біртектес грамматикалық мағыналарды
білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығынан құралады. Ал біртектес
грамматикалық мағыналар дегеннен әр басқа емес, өз ара шарттас, ыңғайлас,
бір сипаттағы грамматикалық мағыналарды түсінеміз. Мысалы, грамматикалық
шақ категориясы осы шақ, өткен шақ, келер шақ түрінде көрмегенмен, шақтың
аталған түрлерінің мағыналары - әр тектес, әр сипаттағы мағыналар емес,
біртектес мағыналар, әйтеуір шақтық мағыналар. Біртектес, бір сипаттағы
шақтық мағыналар әр түрлі грамматикалық формалармен беріліп, жалпы
грамматикалық шақ категориясы ретінде ұғынылады. Демек, дара грамматикалық
мағынаны білдіретін бір ғана форма немесе әр сипаттағы грамматикалық
мағыналарды білдіретін формалар емес, біртектес, өз ара ыңғайлас
грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығы
грамматикалық категория деп танылады.
Өз ара шарттас, ыңғайлас, бір сипаттағы формалардың әр қайсысын және,
осыған орай, олардың бірртектес мағыналарының әрқайсысын грамматикалық
категория деп есептеу грамматикалық мағына деген ұғым мен грамматикалық
категория деген ұғымның жігін жойып, бұларды бір-бірімен араластырып
жіберуге соқтырады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде біртектес
грамматикалық мағыналардың әрқайсысын грамматикалық категория деп есептеу,
осыдан келіп, ілік септік категориясы, барыс септік категориясы,
салыстырмалы шырай категориясы, күшейтпелі шырай категориясы, 1 жақ
категориясы, III жақ категориясы деп атау, сөйтіп, грамматикалық мағына
мен грамматикалық категорияны бір-бірімен араластырып жіберуі жиі
ұшырасады. Бұл жайында проф. А. И. Смирпішкіш былай деп жазды: ...атау
септік, ілік септік және т. б. көшпе, бірінші жақ, екінші жақ және т. т.
осылар тәрізді единицалар үшін категория деген терминді қолданбау
керек. Бұлай етсек, кагегория деген термин өзіндік сипатын, өзіне өте-
мәте тән, дәлме-дәл мағынасын жоғалтады. Өкінішке қарай, бұл термнин
осылайша қолдану өте-мөте етек алға кеткен

2.2. Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
Шақ категориясы, септік категориясы және т. б. грамматикалық
категориялар бар, бірақ I жақ категориясы, III жақ категориясы немесе
ілік септік категориясы, табыс септік категориясы дегендер болмайды.
Бұлар - дербес грамматикалық категориялар емес, грамматикалық категорияның
мазмұнына енетін грамматикалық мағына бар. Ілік септіктің немесе табыс
септіктің әрқайсысының өзіне тән мағынасы мен формасы бар, бірақ бұлардың
бірде-бірі өздігінен грамматикалық категорияны, атап айтқанда, септік
категориясын жасай да алмайды, дербес грамматикалық категория ретінде
таныла да алмайды. Септік категориясы бір септіктің емес, күллі
септіктердің мағыналары мен формаларының жиынтығынан, қалыптасқан жүйесінен
құралады. Демек, жалпы септік категориясы дегенмен жеке нақтылы септік
дегендер бір емес, септік категориясы - жалпы құбылыста, жеке-нақтылы
септік - жалқы құбылыс. Жеке, нақтылы септікті, мысалы, барыс септігін
барыс септік категориясы деп атау жалқыны жалпыдан ажырата алмауға әкеп
соқтырады. Жалпы мен жалқы бірін-бірі жокқа шығармайды, жалқы бар жерде
ғана жалпы түралы сөз ете аламыз. Жалпының жалқы құбылыстардың бойында және
сол жалқы құбылыстар арқылы өмір сүретіні, жалқы құбылыстар арқылы
танылатыны сияқты, жалпы септік категориясы, жеке, нақтылы септіктер.
Мысалы, кемінде екі септік болған жағдайда ғана, грамматикалық категория
ретінде өмір сүреді, нақтылы септіктер арқылы танылады. Анығырақ айтқанда,
грамматикалық категория жалпы құбылыс болып саналады да, жалпының жеке
(жалқы) құбылыстарда өмір сүретіні және солар арқылы көрінетіні, танылатыны
сияқты, ол да (грамматикалық категория да) грамматикалық мағыналар мен
формалардан көрінеді, солар арқылы өмір сүреді. Керісінше грамматикалық
мағыналар жалқы (жеке, нақтылы) құбылыс тар ретінде, қалай да болсын,
жалпыға, яғни грамматикалық категорияға ұласады. Бұл - бір. Екіншіден,
мұның өзі грамматикалық категория мен грамматикалық мағына бір-бірімен
тығыз байланысты болады деген тұжырымның дұрыстығын тағы да дәлелдей
түседі. Жалпылық сипаты бар грамматикалық құбылыс ретінде қаралатын септік
категориясы жалқылық сипаты бар жеке нақтылы септіктердің болуын аңғартады,
жеқе, нақтылы септіктер болған жағдайда ғана, грамматикалық категория
ретінде танылады.
Бір грамматикалық категорияға енетін біртектес, бір сипаттағы
грамматикалық мағыналар өз ара шарттас, бір-бірімен байланысты болады
Белгілі бір грамматикалық категорияға енетін өз ара шарттас, ыңғайлас,
біртектес грамматикалық мағыналардың ұқсас, ортақ жақтарымен бірге, бір-
бірінен айырмашылықтары да болады. Осыдан келіп, белгілі бір грамматикалық
категорияға енетін грамматикалық мағыналардың ұқсас, ортақ жақтары жайында
да, айырым жақтары жайында да сөз ете аламыз. Мысалы, грамматикалық жақ
категориясына енетін I жақ, II жақ, III жақты бір-бірімен байланыстыратын,
олардың басын қосатын жалпылама ортақ мағына - жақтық мағына. Бұлай
болмағанда, олар бір ғана ортақ атаумен (жақ деген атаумен) аталмаған болар
еді, жалпы жақ категориясы болмас еді. Сын есімнің шырай категориясының
мазмұнына енетін жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырайдың басын
қосып біріктіретін, солардың бәріне бірдей ортақ жағы да, олар ды бір-
бірінен ажырататын айырым жақтары да бар. Жай шырай, салыстырмалы шырай
және күшейтпелі шырайдың бәріне бірдей ортақ белгі - сындық, сапалық
дәрежені білдіру болса, оларды бір-бірінен ажырататын белгі - сындық,
сапалық дәреженің біркелкі емес, әр түрлі болуы. Септік категориясының
құрамына енетін жеке септіктер есім сөздердің есімдерге немесе
етістіктерге қатысын білдіру жағынан ұқсасады, біртектес, бір ыңғайлас
болып келеді. Бұл - олардың басын қосатын, біріктіретін ортақ жағы. Ал
септіктердің әрқайсысы бір сөздің басқа сөзге әр түрлі қатысын, мысалы,
барыс септігі бағыттың қатынасын, табыс септігі" түра объектінің қатысын
білдіреді. Бұл — септіктердің бір-бірінен айырым жақтары. Жеке, нактылы
септіктердін бір-бірінен айырмашылықтары олардың біртектестігін,
ыңғайластығын, ортақ жағын жоққа шығара алмайды. Септіктер бір сөздің
екінші сөзге қатынасын білдіру жағынан біртек" тес, ыңғайлас келіп,
жалпылық сипаты бар грамматикалық категория — септік категориясына үласады.
Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, септік категориясы, жак категориясы, шақ
категориясы, рай категориясы, шырай категориясы грамматикалық категориялар
ретінде қаралады. Ал септіктердің әркайсысы, жак пен шақтын әрқайсысы,
шырайдың әр түрі — белгілі бір грам-матикалық категорияға енетін, сопы
құрайтын грамматикалық яағыналар. Біртектес грамматикалық мағыналардан бір-
бірімен байланысты қатарлар (связанные ряды) құралады да, өздерінің
формаларымен бірге грамматикалық категорияға ұласады.
Сөздің белгілі бір формасында бірден бірнеше грамматикалық
категориянық элементі ұштасып бас қосуы мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде
жазғыз деген бір сөздің формасының бойында төрт түрлі грамматикалық
категорияның элементі (бұйрық рай, екінші жақ, жекеше, өзгелік етіс) бар.
Бұған керісінше, бір грамматикалық категория әр түрлі формамен айтылуы
мүмкін. Мысалы, оқушыға, оқушыма, оқушысына деген зат есімдердің барыс
септік формалары тұлғасы әр түрлі аффикс арқылы айтылранмен, олардың
грамматикалық мағынасы әр басқа емес. Бұлардың бәрі де (-ға, -а, -на) бір
ғана аффикс — барыс септіктің әр түрлі тұлғалары. Түркі тілдерінде
күшейтпелі шырай синтетикалық тәсіл арқылы да (қып-қызыл), аналитикалық
тәсіл арқылы деп (өте қызыл) берілгенмен, ол әр басқа категория емес, бір
ғана категория (шырай) ретінде танылады. Демек, грамматикалық категория бір
ғана грамматикалық тәсілмен беріле ме, немесе әр түрлі грамматикалық
тәсілмен беріле ме, — мұның грамматикалық категорияның табиғатына, мазмұна
тигізетін әсері болмайды.
Грамматикалық категорияларда универсальды грамматиканың жалпы
категориялары емес, туыстас тілдердің тобынын немесе жеке тілдердін
грамматикалық құрылығынын басты ерекшеліктері көрінеді. Осы себептен
белгілі бір тілде немесе тілдердің тобында бар грамматикалық
категориялардың барлығынын бірдей баска бір тілде немесе тілдердің тобында
болуы шарт емес. Мысалы, славян тілдеріне тән грамматикалық вид категориясы
роман тілдері мен герман тілдерінде, мысалы, француз тілі мен неміс тілінде
кездеспейді. Түркі тілдерінде дербес грамматикалық категория ретінде
танылатын тәуелдеу категориясы славян тілдерінде жоқ. Грамматикалық род
(тек) категориясы орыс, неміс, француз тілдерінде және т. б. тілдерде
дербес грамматикалық категория ретінде ұшыраспайды. Роман, герман
тілдеріңде белгілі бір артикльдер арқылы айтылатын белгілік пен белгісіздік
категориясы (категория определенности и неопределенности) бірсыпыра
тілдерде дербес грамматикалық категория ретінде кездеспейді. Славян
тілдеріндегі грамматикалық вид категориясы роман, герман тілдеріне, мысалы,
француз тілі мен неміс тіліне тән емес: Индоевропа тілдері мен түркі
тілдерінде монғол тілдері мен фин-угор тілдерінде және т. б. тілдерде
сөйлемнің тұрлаулы мүшелері — бастауыш пен баяндауыш.
Ал кейбір кавказ тілдерінде, бастауыш пен баяндауышпен бірге
толықтауыш та сөйлемнің түрлаулы мүшесі бола алады.
Бірсыпыра тілдерге тән белгілі бір грамматикалық категорияның өзі әр
басқа тілдерде әр түрлі сипатта, әр түрлі дәрежеде көрінуі мүмкін. Мысалы,
септік категориясы грамматикалық категория ретінде көптеген тілдерге тән,
бірақ оның грамматикалық-табиғаты да, сан-мөлшері де әр түрлі тілдерде
түрліше: араб тілінде үш септік болса, орыс тілінде — алты, қазақ тілін-де
— жеті, эстон тілінде — он бес септік бар. Грамматикалық етіс
категориясы көптеген тілдерде бар, бірақ онын өзгелік етіс (кауз-атяй) деп
аталатын түрі түркі тілдері мен грузин, латын, француз тілдеріне тән де,
славян тілдерінде кездеспейді. Орыс тілінде грамматикалық тек
категориясының (категория рода) үш түрі болса, француз тілінде онын. екі-
ақ түрі бар, онда тек категориясының аралық тек (средний род) деп
аталатын түрі жок.
Әр түрлі тілдердің бәріне бірдей тән, бәріне бірдей ортақ болып
келетін грамматикалық категориялардың түрлі тілдерде, жоғарыда аталып
өткеніндей, әр түрлі сипатта көрінуі грамматикалық категориялардың туыстас
тілдер тобының немесе жеке тілдердің әрқайсысының грамматикалык құрылысының
өзіндік ерекшеліктерімен тығыз байланысты екендігін дәлелдей туседі. Демек,
әрбір тілдің немесе туыстас тілдер тобының грамматикалық категориялары тіл
біткеннің бәріне бірдей ортақ принципке емес, әрбір тілдің (немесе белгілі
бір туыстас тілдер тобының) грамматикалық ерскшелігіне, нақтылы тілдік
материалдарға негізделіп, соған сай белгіленіп айқындалуы қажет. Белгілі
бір тілдегі сөздердің өзгеруі м.ен сөздердің сөйлемде тіркесуінің жалпылық
жақтары сол тілдің грамматикалық категорияларының негіз болып табылады да,
ол жалпылық жақтар сөз таптары мен олардың грамматикалық
категорияларында, әр түрлі сөйлем мүшелерінде, сөйлемдер мен сөз
тіркестерінің алуан түрлі типтерінде түрліше байқалып отырады.
Мұнымен бірге, грамматикалық категориялардың ішінде көптеген тілдерге
бірдей тән грамматикалык категориялар да бар.Әрине, олардың (грамматикалық
категориялардың) түрлі тілдердегі көріністері түрліше болуы мумкін.
Дегенмен грамматикалык сан-мөлшер категориясының (категория числа),
септік категориясының, жақ категориясының, шақ пен рай категориясының, етіс
категориясының және т. б. кейбір грамматикалық категориялардың көптеген
тілдерге тән екендігін жокка шығаруға болмайды. Енді осы аталған
грамматикалык "категорияларға тоқталайық.

2.3. Грамматикалық категориялардың түрлері
Грамматикалық категориялар сөздердің белгілі бір лексика грамматикалық
топтарына телініп, солармен қатарласа өмір сүреді. Әрбір тілдің
грамматикалық құрылысында сөз таптары мен оларға тән грамматикалық
категориялардың арасында берік байланыс, заңдылықты сипаты бар арақатынас
қалыптасады. Сөздердің лексика-грамматикалық топтары ретінде саналатын сөз
таптары бір-бірімен топтасып біріккенде, өздеріне бір-дей тән, бірдей
ортақ, грамматикалық, категориялар бойынша топтасады, бірігеді. Мысалы,
орыс тілінде есімдер деп аталатын сөз таптарын бір топқа ендіріп,
біріктіруші қызмет атқаратын грамматикалық категориялардың қатарына тек
категориясы, септік категориясы және сан-мөлшер категориясы
(категория числа) жатады. Орыс тілінде зат есімдер үшін лексика-
грамматикалық категория болып саналатын тек (род) категориясы зат
есімдермен қиыса байланысатын сын есімдерде, септелетін есім-шелерде,
реттік сан есімдерде және етістіктің өткен шақ формаларында таза
грамматикалық мағынаға ие болады. Зат есімдер мен жіктеу есімдеріне катысы
жағынан лексика-грамматикалық категория болып табылатын сан-мөлшер
категориясы да зат есімдермен қиыса байланысатын сын есімдерде және т.
б. сөз таптарында таза грамматикалык. мағынаға ие болып, грамматикалық
категория ретінде танылады. Грамматикалык жақ, шақ, рай, етіс
категориялары; етістіктің кесемше, есіміне формаларынын және т. б.
түрлерінін басын қосады.
Грамматикалык сан-мөлшер категориясының және т. б. грамматикалық
категориялардың тіл-тілде ұксас, жалпылама ортақ жақтары болумен бірге,
олардың (грамматикалық категориялардың) әрбір тілдегі немесе тілдердің
әрбір тобындағы нақтылы көрінісінде де, грамматикалық табиғатында да,
қолданылу өрісі мен шеңберінде де айырмашылықтар мен ерекшеліктер болады.
Бұл жерде мына бір мәселелерді алдын ала айкындап алу қажет: жоғарыда
аталып еткендей, бір тілде немесе тілдердің бір тобында бар белгілі бір
грамматикалык категорияның-басқа бір тілдерде немесе тілдердің басқа бір
топтарының бәрінде бірдей бола беруі шарт емес. Мұнымен бірге, тілдердің
көпшілігінде бар, соларға жалпылама ортақ грамматикалық категориялардың бар
екендігін, әрине, жоққа шығаруға болмайды. Көптеген тілдерде бар, солардың
бәріне бірдей жалпылама ортақ грамматикалық категориялардың қатарына
грамматикалық сан-мөлшер категориясы, септік категориясы, жак категориясы,
шақ категориясы, рай категориясы, етіс категориясы енеді. Бұл категориялар
грамматикалық категория ретінде тілдердің бәріне немесе көпшілігінс тән
жалпылама ортақ белгісін сақтай отырып жеке, нақтылы тілдерде немесе
тілдердің топтарында әр түрлі сипатта, әр түрлі дәрежеде көрінеді. Мұнымен
бірге, жоғарыда аталған грамматикалық категориялар тіл-тілде әр түрлі сөз
таптарына икемделіп, теяінеді, солардың әрқайсысын сипаттайтын категориялар
ретінде танылады.
Грамматикалық категория атты ұғымнын табиғатын ашып
айқындай түсу үшін және грамматикалық категориялардың сөз
таптарымен ара-қатысын баяндау үшін, тілдердің көпшілігіне
тән, жоғарыда аталған жалпылама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматикалық категория
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Қазақ тілінің семантикасы: лексикалық, грамматикалық мағыналар
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Грамматикалық ұғымдар
Грамматикалық категория және оның түрлері
Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
Етістік күрделі грамматикалық категория
Грамматикалық категориялар
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Пәндер