Мемлекеттік қызмет жүйесі



1 Мемлекеттік қызмет жүйесі.
2 Жергілікті өзін.өзі басқару
Конституция. Ұлыбританияда ресми (жазылған) конституция жоқ, себебі көптеген конституциялық заңдар [Шотландиямен бірігу туралы 1707 жылғы Акт, 1911 жылғы парламент туралы Акт, 1949 жылғы парламент туралы Акт, қауым палатасы туралы Акт (істерді басқару) 1978 жылғы және басқалар], және де басқа конституцияның актылары бар. Ұлыбританияның жазылмаған конституциясы үш категориядан тұрады: 1) статустық норма құқықтары; 2) прецеденттік құқық нормасы; 3) конституциялық дәстүр болып табылатын норма.
«Делегациялық заң» деп аталатындар кеңінен таралды, ол үкімет аппаратының барлық топтарымен жүзеге асырылады. Бұл заңның субъектілері министрлер болып табылады, олар өздеріне бағынатын мекемелердің және 223 ведомоствоның басшыларына нормативтік актілерді басып шығаруға өз құқығын қайтадан қарауға құқығы бар, олар өз кезегінде, бұл құқықты төмен тұрған ведомостволарға бере алады, нәтижесінде көп сатылы субделегация пайда болады. Делегацияланған заң субъектілеріне сонымен қатар жергілікті басқару ұйымдары да кіреді. Ұлыбританияда делегацияланған заң актілері саны бойынша парламенттік заңдардан әлдеқайда көп болады. Ұлыбританияда заң жүзінде бар делегацияланған заңның үстінен қарайтын парламенттік және соттық бақылау практикада нашар қолданылады. Сонымен, делегацияланған заң жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің негізі болып қызмет атқарады.
1. Ауыл (село) дамуының статистикасы. Жинақ. Алматы, 1996

2. Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешенін 2006-2010 жылдарға арналған қаржыландыру бағдарламасы. Шымкент, 2005

3. Регионы Казахстана. Статистический сборник.(Под ред. К.С. Абдиева) Алматы, 2005

4. Экономика и статистика. Научно-информационный журнал. Алматы, 2002

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Конституция. Ұлыбританияда ресми (жазылған) конституция жоқ, себебі
көптеген конституциялық заңдар (Шотландиямен бірігу туралы 1707 жылғы Акт,
1911 жылғы парламент туралы Акт, 1949 жылғы парламент туралы Акт, қауым
палатасы туралы Акт (істерді басқару) 1978 жылғы және басқалар(, және де
басқа конституцияның актылары бар. Ұлыбританияның жазылмаған конституциясы
үш категориядан тұрады: 1) статустық норма құқықтары; 2) прецеденттік құқық
нормасы; 3) конституциялық дәстүр болып табылатын норма.
Делегациялық заң деп аталатындар кеңінен таралды, ол үкімет
аппаратының барлық топтарымен жүзеге асырылады. Бұл заңның субъектілері
министрлер болып табылады, олар өздеріне бағынатын мекемелердің және 223
ведомоствоның басшыларына нормативтік актілерді басып шығаруға өз құқығын
қайтадан қарауға құқығы бар, олар өз кезегінде, бұл құқықты төмен тұрған
ведомостволарға бере алады, нәтижесінде көп сатылы субделегация пайда
болады. Делегацияланған заң субъектілеріне сонымен қатар жергілікті басқару
ұйымдары да кіреді. Ұлыбританияда делегацияланған заң актілері саны бойынша
парламенттік заңдардан әлдеқайда көп болады. Ұлыбританияда заң жүзінде бар
делегацияланған заңның үстінен қарайтын парламенттік және соттық бақылау
практикада нашар қолданылады. Сонымен, делегацияланған заң жергілікті
мемлекеттік басқару жүйесінің негізі болып қызмет атқарады.

Мемлекеттік қызмет жүйесі.

Ұлыбританияда қазіргі кезде жұмыс істейтін азаматтық қызметтің
біршама децентрализацияланған ашық үлгісінің негізі орта ғасырларда-ақ
салынды. Осыларға қарамастан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін елде
тұрақты кәсіпшіліктік азаматтық қызметтің институттары болмады, емтихандар
мен конкурстар жүйесі жоқ болды, непотизм өркендеді. Ұзақ уақыт бойы
мемлекеттік қызметтің мұндай үлгісінің кемшіліктері дамыған өзін-өзі
басқарумен және жалпы құқықтың үстемшілігімен тегістеліп отырды, бірақ
ХІХ ғасырда мұндай архаистік басқару жүйесінің тиімсіздігі ақиқат болды.
Мемлекеттік қызметтің масштабтық реформасы 1854 жылы Норткот-
Тревельянның британ парламентіне жазған бағдарламалық баяндамасынан
басталды және елеулі қарсылықтарды кездестіре отырып, өте баяу жүрді.
Реформа процесінде мемлекеттік қызмет жүйесі бірыңғайланды (қызметкерлер-
администраторлар, орындаушылар және клерктер – үш класс енгізілді),
қызметке жоғары маманданған кадрлар келді. 1870 жылы орталық емтихан
комиссиясының (Азаматтық қызмет істері бойынша комиссия) бақылауымен
өткізілген ашық конкурстық емтихандарды енгізуді реформаның аяқталуы деп
санауға болады.
Алайда конкурстық емтихандар бағдарламасы Оксфорд және Кембридж
университеттерінің әдістемесі негізінде жасалды, бұл мемлекеттік қызметтің
касталық сипатына және мемлекеттік қызметтің континенталдық үлгісіндегі
сияқты көлемді профессионалдардың үстемдігіне емес, дженералистердің -
жалпы гуманитарлық білімі бар қызметкерлерге әкелді.
Жүз жыл өткеннен соң (1968 жылы) елдегі мемлекеттік қызметтің
касталық және әуескерлік сипатының сынын ескере отырып, мемлекеттік
қызмет реформасы бойынша комитет лорд Фултонның басшылығымен мемлекеттік
қызметтің жаңа үлгісін жасап шығарды, оның негізіне АҚШ-ғы мемлекеттік
қызмет салынды. Алайда Мемлекеттік қызмет баяндамасында тұрған 158
ұсыныстың ішінен тек біреуі ғана – кластарды тарату және мемлекеттік
қызметтің жеті сатысын енгізу туралы жүзеге асырылды.
1979 жылдан бастап М. Тэтчер премьер-министр болды. Ол әкімшілік
реформасын министрліктер мен ведомостволардың шығындарын қысқартудан
бастады, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің бір бөлігін жұмыстан
шығару есебінен. 1988 жылы Келесі қадамдар бағдарламасы тұжырымдалды,
оған сәйкес барлық үкімет мекемелері саясатты қалыптастыру орталығына және
шешімдерді орындаушы мекемелерге бөлінді. Соңғылары квазиәкімшіліктік
үкіметтік емес ұйымдарға (QUANGO) немесе тіпті саясат қалыптастыру
орталығымен келіссөздер негізінде жұмыс істейтін корпорацияларға өзгертілді
(шешімдерді орындау үшін ең қолайлы QUANGO таңдау, әдетте, конкурстық
негізде жүзеге асырылады). Бұл кезде мұндай мемлекеттік қызмет (бірыңғай
тариф сеткасының, ерекше құқықтардың, зейнеткерлік қамтамасыз етудің және
басқалардың сақталуындағы) саясатты қалыптастыру орталығы үшін ғана
сақталды, ал QUANGO-да келісім шарт бойынша қызмет кеңінен көп таралды.
Бұл реформа, бір жағынан, мемлекеттік қызметкерлердің санын, олардың
жеңілдіктерінің көлемі мен ерекше құқықтарды қысқартуға, әкімшіліктің
тиімділігін көтеруге мүмкіндік берді. Басқа жағынан, үкіметтік кадрлардың
тұтастық жүйесі бұзылды, мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен тартымдылығын
төмен түсірді, ал QUANGO-дағы еңбек ақы мөлшері бәрібір де жеке секторға
қарағанда недәуір аз болып қалды.

Жергілікті өзін-өзі басқару.

Ұлыбританияда тарихи түрде жергілікті өкімет ұйымдарының бірнеше
деңгейі қалыптасты: графтық кеңесінен приходтардың кеңесіне және ауылдық
аралдық кеңеске дейін. Соңғы 30 жылдар ішінде жергілікті өзін-өзі басқару
ұйымдарында елеулі құрылымдық өзгерістер жүрді: бірқатар кеңестер жабылды,
жаңалары пайда болды.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі заманғы британдық жүйесінің
пайда болуы бұдан 100 жылдай бұрын, королева Викторияның саяси реформасы
дәуірінде, қалалар мен графтықтарда алғашқы сайлау кеңестері пайда болған
кезде басталған. Негізі құрылым осы кездерге дейін өзгермей сақталған,
әйтсе де жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру принциптерінде Құрама
Королдықтың әр түрлі бөліктерінде белгілі айырмашылықтар бар: Англияда,
Шотландияда, Уэльсте және Солтүстік Ирландияда. Бұл құжат Англиядағы
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі туралы түсінік береді, онда бүкіл елде
тұрған 59 млн. адамның 49,3 млн. тұрады. 1972 жылы шыққан жергілікті
басқару туралы Заңға сәйкес Ұлыбританияда Англия мен Уэльс территориясы
тікелей 52 графтыққа бөлінеді (44 – Англияда, 8 – Уэльсте). Олардың ішінен
жоғары дәрежелі урбанизациямен әсіресе ерекшеленетін Англиядағы 6
графтықтың метрополитендік графтық статусы бар. Метрополитендік
графтықтарға орташа 2 млн-дай тұрғындар тура келеді, ал қалғандарына – 700
мыңнан Англияда, 340 мыңнан Уэльсте тура келеді. Графтық территориясы 1974
жылға дейін болған әкімшілік-территориялық бірліктердің орнын басқан
округтерге, графтық құқығы бар қалаларға, басқа қалаларға, қалалық және
ауылдық округтарға бөлінеді. Округ қалалық территорияны да ауылдық
территорияны қамтуы мүмкін. Барлығы метро-политендік округтарда 36 округ
және басқа графтықтарда 333 округ құрылды, олардың 37 Уэльсте.
Метрополитендік графтық округтарындағы тұрғындар саны шамамен 335 мың
адамды, басқа графтықтар округтарында 100 мың адамды құрайды. 1972 жылғы
Заң бойынша округтарға қайта өзгертілген бірқатар қалалар қаланың құрметті
атағын пайдалануды жалғастыруда (сити немесе бо-роу), алайда олардың
құқықтық статусы басқа округтардың статустарына ұқсас.
Шотландияны жергілікті басқару Заң бойынша (1975 жылы күшіне енді)
Шотландия территориясы орташа 575 мың тұрғындары бар 9 регионға бөлінеді,
ал қалғандарында 55 округ құрылды. Солтүстік Ирландияда 6 графтық және
графтық құқығы бар 2 қала бар. Англияда жергілікті басқарудың территориясы
ең аз ячейкалары приходтар, ал Уэльс пен Шотландияда – ауылдық және
бірқатар қалалық территорияларда құрылған қауымдар болып табылады.
Жергілікті өзін-өзі басқару Ұлыбританияда субсидиялықтың еуропалық
принципіне бағынады, ол үкіметтік құрылымдардың жұмысын жұртшылықпен тығыз
байланысты көрсетеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының сайлау ұйымдары келесі
қызметтерді ұсыну үшін жауап береді:
• бастапқы және орташа білім беру;
• әлеуметтік орта;
• қоршаған ортаны қорғау және құрылысқа рұқсат беру;
• тасымал;
• бос уақытты ұйымдастыру және рекреациялық аймақтарды ұйымдастыру
(парктер мен кітапханаларды қоса отырып);
• муниципалдық тұрғын үй;
• полиция.
Қазіргі кезде Ұлыбритания территориясында жергілікті өзін-өзі басқару
ұйымының бірыңғай құрылымы жоқ. 1972 жылы және 1985 жылдардағы жергілікті
өзін-өзі басқару туралы Заңға сәйкес Англия, Уэльс, Шотландия және
Солтүстік Ирландия және сонымен қатар британдық астана бірқатар жалпы
белгілерде түрліше басқарылады.
Әдетте, Құрама Королдықтың территориялық құрылымдарының көпшілігінде
қолданылатын екі деңгей жұмыс істейді – округ және муниципалдық аудан.
Олар, өз кезегінде, әкімшілік орталықтарына, аудандарға және
микроаудандарға бөлінеді (орталық өкіметтер әрдайым регионалдық өкіметтің
үшінші деңгейін енгізу туралы ұсыныстарды қарастырады). Муниципалдық
құрылулардың екі типтерінің функцияларын байланыстыра отырып, үлкен қалалар
округ өкіметтерінен тәуелсіз болуы мүмкін. Округ өкіметтері әлеуметтік
қызметтерді ұсыну, қалдықтарды қайта өңдеу, білім беру, полиция және өрт
сөндіру қызметтері, стратегиялық жоспарлау, тасымал сияқты жалпы сипаттағы
сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізеді. Қалалық және аудандық кеңестерге
жергілікті маңызды бірқатар уәкілдіктер берілген. Олардың міндетіне
муниципалдық жоспарлау, қоқыстарды жинау, тұрғын үй үй-жай саласы және бос
уақытты ұйымдастыру кіреді. Үлкен Лондонның әкімшілігі, әдетте, тасымалдың
жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстармен қатар, жалпы сипаттағы
сұрақтар бойынша да жауапкершілікте болады. Аудандық муниципалитеттердің
жеке өздерінің әлеуметтік қызметтері, білім беру мен табиғатты қорғау
сұрақтары бойынша аудандық департаменттері болады.
Әрбір муниципалитет уәкілдер кеңесін таңдайды. Муниципалдық кеңеске
сайлау не төрт жылда бір рет келеді, немесе әр жыл сайын оның үштен бірі
қайта сайланады. Кеңестің әрбір мүшесі муниципалитет құрамына кіретін
өзінің территориялық білімін көрсетеді. Сайлаулар әдетте партиялық тізімдер
бойынша өтеді, және кеңестің көпшілік мүшелері елдің негізгі үш партиясының
бірінің өкілдері болып табылады.
Әдетте, кеңес мүшелерінің негізгі жұмыс орындары болады. Олар 7500
фунт стерлинг мөлшерінде әр жыл сайын сыйлық алады, бұл орташа жылдық
табыстың төрттен бірін құрайды. Кеңестегі партиялық көпшіліктің уәкілдері
председатель мен кабинет мүшелеріне кандидаттар ұсынады. Олар негізгі даму
стратегиясын жасайды, күнделікті сұрақтар бойынша шешімдер қабылдамайды.
Әрбір муниципалитет істерді Басқарушының басшылығымен жұмысқа мемлекеттік
қызметкерлерді алады. Муниципалитет штатына сонымен қатар жауапты
секретарлар кіреді, олардың әрқайсысы қандай-да бір қызметтің жұмысы үшін
жауап береді. Олардың іс-әрекеттері муниципалдық кеңестің тұрақты
бақылауымен және басқаруымен жүзеге асырылады. Бұл қызметтерге тағайындау
кеңеске кіретін барлық саяси партия уәкілдерінің қатысуымен кеңес
президиумымен жүргізіледі. Кеңестің сайланған мүшелері муниципалитеттің жыл
сайынғы бюджетін қабылдау және т.б. сияқты сұрақтары бойынша жауапты
секретарлармен өзара әрекеттеседі. Муниципалитет кеңесімен мемлекеттік
субсидияның мүмкін көлеміне сәйкес анықталған шығындар деңгейі келесі жылға
муниципалдық салықтар мөлшерін анықтайды.
Ұсақ бірліктер мен приходтар қауымынан басқа, барлық әкімшілік-
территориялық бірліктерде жергілікті басқарудың сайлау ұйымдары – кеңестер
болады. Шағын приходтарда жергілікті басқару функциясын сайлаушылар
жиналысы орындайды, ал ірі қалаларда – жиналыстармен сайланған кеңестер
орындайды.
Арнайы округтар бойынша денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелерін және
басқа бірқатар салаларда басқару құрылады. Ұлыбританиядағы арнайы округтар
АҚШ-ғы сияқты соншалықты кең таралмады.
АҚШ-пен салыстырғанда Ұлыбританияда жергілікті басқару ұйымдары
недәуір аз функция орындайды. Осылайша, мысалы 1934 жылы британдық
муниципалитеттердің басқаруынан жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы төлемдері,
1940 жылы – жас шамасы бойынша зейнет ақы тағайындау, 1948 жылы –
ауруханаларды, газ-электр жабдықтауларын басқару алынды; 1965 жылы
муниципалдық тасымалы жоқ муниципалитеттерге оларды алуға тиым салынды.
1974 жылы муниципалитеттер олардың басқаруында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму жолдары
Шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғары халықаралық стандартарына сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері
Мемлекеттік қызмет жөніндегі заңнамаларды талдау
Қызмет етуді сертификаттау
Сыртық экономикалық банкі
Мемлекеттік қаржы
Пәндер