“Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесi


“Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесi

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

I-БӨЛIМ. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБI

1. 1. Дебиторлық борыштар есебiнiң түсiнiгi

1. 1. 1 Есеп беретiн тұлғалармен есеп айырысулар есебi

1. 1. 2 Кредитке сатылған тауарлар бойынша жұмысшылармен есеп айырысулар

1. 1. 3 Берiлген қарыздар бойынша есеп айырысулар

1. 1. 4 Материалды залалды өтеу бойынша есеп айырысулар

1. 2. ҚР Ұлттық банкiнiң бөлiмшелерiнде дебиторлармен жүргiзiлетiн операциялар есебi

1. 2. 1 Дебиторлармен жүргiзiлетiн операциялардың жалпы сипаттамасы

1. 2. 2 Дебиторлармен және кредиторлармен көмекшi есеп операцияларын жүргiзудегi франт-офистiң функциялары

1. 2. 3 Ақшалық аванстар бойынша операциялар есебi

1. 2. 4 ҚР Ұлттық банкiнiң жұмысшыларымен жалақы бойынша есеп айырысуы

II-БӨЛIМ. ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ

2. 1. Ақпараттық жүйенi құрудың маңызы мен мақсаты

2. 2. ҚР Ұлттық банкiндегi ақпараттық жүйенiң өмiрлiк циклы

2. 2. 1 Жоба алдында зерттеулер жүргiзу сатысы

2. 2. 2 Техникалық тапсырманы жобалау сатысы

2. 2. 3 Техникалық жобаны құру сатысы

2. 2. 4 Жұмыс жобасын құру сатысы

2. 2. 5 Енгiзу сатысы

2. 3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар

2. 3. 1. Ақпараттық жүйенiң құрылымына қойылатын талаптар

  1. Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар

2. 3. 3. Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

2. 3. 4. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар

  1. Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

2. 3. 6. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар

2. 3. 7. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

2. 3. 8. Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар

  1. “Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы

III-БӨЛIМ. “IССАПАРЛАР ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБI” АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСIН ЖОБАЛАУ

3. 1 “Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы

3. 1. 1 Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы

3. 1. 2 Кiретiн ақпарат

3. 1. 3 Шығатын ақпарат

3. 2. Ақпараттық база

3. 2. 1 Машинадан тыс ақпараттық база

3. 2. 2 Ақпараттық моделъ

3. 2. 3 Қолданылатын жiктегiштер

3. 2. 4. Машина iшiндегi ақпараттық база

3. 5. Тапсырманың математикалық сипаттамасы

3. 6. Программалық жабдықтау

3. 6. 1. Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама

3. 6. 2. Программалық жабдықтаудың құрылымы

3. 6. 3. Жалпы жүйелiк программалық жабдықтау

3. 6. 4. Арнайы программалық жабдықтау

3. 7. Ақпараттық өнiмнiң анализi және оны пайдалану кеңестерi

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуi объективтi түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етедi. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндiрiс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелi түрде қамтамасыз етiп отыр. Ақпарат қазiргi кезде ұлттық стратегиялық ресурстың бiр түрiне айналды, және де ол айрықша тауар ретiнде жалпы ұлттық өнiмнiң айрылмас бөлiгi бола тұра, ақпараттық өнiмдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.

Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектiсiнiң қызмет етуi мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңiстiкте жариялау арқылы, оны қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиiмдi әсерлесуiн қамтамасыз ететiн ғылымға негiзделген ақпараттық технологиялардың көмегiмен басқаруға мүмкiндiк бередi.

Көптеген кәсiпорындар нарықтық жағдайда ақпаратты кез келген мүлiк секiлдi сақтауды, қорғауды және пайдалануды талап ететiн бағалы ресурс ретiнде қарастырады. Өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi басқаруға қажеттi ақпарат алу мақсатында кәсiпорын бухгалтерлiк ақпараттық жүйесiн құрады.

Бухгалтерлiк есептегi ақпараттық жүйе - бұл экономикалық объекттi басқаруға қажеттi ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және оны сыртқа шығару жүйесi.

Бухгалтерлiк есептегi ақпараттық жүйесiнiң қазiргi нарығы өте үлкен қарқынмен дамуда. Оның даму тенденциясын келесiдей факторлар арқылы айқындауға болады.

Бiрiншiсi Қазақстан Республикасының экономикалық басқару құрылымдарын қайта құрумен және қайта ұйымдастырумен, яғни көптеген шағын кәсiпорындардың, фирмалардың және әр түрлi мүлiк нысанындағы банктердiң пайда болуымен байланысты.

Екiншiсi барлық есеп саясатының, есеп әдiстемелерi мен әдiстерiнiң өзгеруiне алып келген халықаралық есеп талаптарына сай, қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп стандарттарының жасалуы мен енгiзiлуiне байланысты.

Үшiншiсi - бұл қарқынды түрде дербес компъютерлер мен программалық өнiмдердiң сырттан әкелiнуi.

Төртiншiсi - бұл телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы техникалық және программалық-ақпараттық платформалардың енгiзiлуiне негiзделген жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы.

Бұл ғылыми жұмыс iс-сапарлар шығыстары есебiнiң ақпараттық жүйесiне негiзделген.

Ғылыми жұмыстың мақсаты - кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып берудi ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн, бухгалтерияда ақпаратты өңдеудi автоматтандыруға арналған iссапарлар шығыстары есебiнiң ақпараттық жүйесiн құру.

Ғылыми жұмыс кiрiспеден, дебиторлық борыштар есебi, экономикадағы ақпараттық жүйе және “Іссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесiн жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

Дебиторлық борыштар есебi бөлiмiнде пәндiк облыс, ҚР Ұлттық банкi мен оның басқару жүйесiне сипаттама, ҚР Ұлттық банкiнiң бөлiмшелерiнде дебиторлармен жүргiзiлетiн операциялар есебi келтiрiлген.

Экономикадағы ақпараттық жүйе бөлiмiнде ақпараттық жүйенi құрудың маңызы мен мақсаты, ҚР Ұлттық банкiндегi ақпараттық жүйенiң өмiрлiк циклы, оның ақпараттық, программалық, техникалық, математикалық, лингвистикалық және ұйымдастырушылық жабдықтаулардың құрылымына қойылатын талаптар мен “Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды сызба-нұсқасы берiлген.

“Iссапарлар шығыстарының есебi” бөлiмiнде “Iссапарлар шығыстарының есебi” есептер кешенiнiң орны анықталып, ақпараттық базаға, математикалық жабдықтау, программалық жабдықтау және пайдаланушы нұсқаулары жазылған.

I-БӨЛIМ. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБI

1. 1 Дебиторлық борыштар есебiнiң түсiнiгi

Дебиторлық борыш - заңды немесе жеке тұлғамен өзара шаруашылық қатынастың қорытындысында олардан кәсiпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген төленбеген борыштың сомасы. Кәсiпорынның дебиторлық борышының болуы кәсiпорын қаражатының тiкелей көзделген мақсаттан басқа мақсатқа жұмсалғандығы ретiнде, демек, кәсiпорын жұмысындағы елеулi кемшiлiк ретiнде қаралады.

Бухгалтерлiк есеп бойынша ұлттық комиссияның 13. 11. 96 ж. № 2 “Концептуалды негiзде қаржылық есептердi дайындау және тапсыру туралы” Жарғысында “дебиторлық борыш заңдық құқықтарымен қоса, иелiк ету құқығымен байланысты актив болып табылады” делiнген.

Жалпы актив ұғымымен мүлiк, мүлiктiк немесе мүлiктiк емес иглiктер және құндық бағаға ие тұлғаның құқықтары түсiндiлерiледi. Актив түрiндегi болашақ экономикалық пайда - бұл тұлғаның ақшалай құрал-жабдықтарының айналымына салынған потенциалды тiкелей немесе жанама салым.

Осыдан шығатыны, дебиторлық борыш - бұл заңдық құқықтарымен қоса, иелiк ету құқығымен байланысты актив түрiндегi болашақ экономикалық пайда.

1997 ж. қабылданған Бухгалтерлiк есеп шоттарының бас жоспарының 3-бөлiмi қаржылық-шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң дебиторлық борыштарына арналған. Ол келесiдей бөлiмшелерден тұрады:

  • 30 “Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң борыштары”;
  • 31 “Күмәндi борыштар резервтерi”;
  • 32 “Еншiлес серiктестiктердiң дебиторлық борыштары”;
  • 33 “Басқа да дебиторлық борыштар ”;
  • 34 “Болашақ кезеңдердiң шығыстары”;
  • 35 “Берiлген аванстар”.

33 “Басқа да дебиторлық борыштар” бөлiмшесiне келесiдей шоттар кiредi:

  • Өтеуге қосылған құн салығы (331) ;
  • Есептелген пайыздар (332) ;
  • Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары (333) ;
  • Басқа да дебиторлық борыштар (334) .

Нақты 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотына тоқталайық. Бұл шотта келесiдей дебиторлық борыштар есепке алынады:

  • есеп беретiн тұлғалармен есеп айырысу;
  • қарыздар беру;
  • материалдық залалдардарды өтеу. Есеп беретiн тұлғалармен есеп айырысулар есебi

Кәсiпорынның өндiрiстiк-шаруашылық қызметi аясында жұмысшыларын қызметтiк iссапарларға жiберiп отырады, дүкеннен кеңсе бұйымдарын сатып алады, пошталық аударымдарды төлейдi және т. с. с. басқа да шығыстары болады. Осындай шығыстарды ылғи да банк мекемелерiмен қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы төлеу мүмкiн емес. Сондықтан жоғарыда көрсетiлген және т. б. шығыстарды төлеу үшiн жұмысшыларға олардың есеп берулерi арқылы қолма-қол ақша берiледi. Ақша кәсiпорын жетекшiсiмен бекiтiлген есеп айырысуға сәйкес берiледi. Аванстар нақты шығыстарды өтеуге қажеттi кезде ғана жетекшiнiң тапсыруымен есеп беру арқылы алынған сомманы жұмсауға рұқсат етiлген қызметкерлерге, сонымен қатар, қызметтiк iссапарға жiберiлген тұлғаларға берiледi. қызметтiк iссапарға ақша iссапарға жiберiлген тұлғаларға екi жақты жол ақысын төлеуге, тәулiктiк шығындарды және iссапар мерзiмi бойы пәтер жалдауға кеткен шығындарды өтеу үшiн берiледi. Есеп беру арқылы алынған сомманы жұмсау бухгалтерияға белгiленген мерзiмiнде тапсырылатын сәйкес құжаттар бойынша, жалпылама түрде аванстық есеп беру арқылы жүзеге асырылады.

Аванстарды кассадан беру тек алдыңғы берiлген аванстармен толық есеп айырылысқаннан кейiн ғана жүзеге асырылады. Есеп айырыспаған немесе белгiленген мерзiмде алдыңғы есеп беру арқылы алынған сомманың жұмсалмаған бөлiгiн қайтармаған тұлғалар дисциплинарлық жауапкершiлiкке, қажет болған жағдайда, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады. Тұлға аванстың уақытында қайтарылмаған бөлiгiн жұмысшының жалақысынан ұстап қалуға хұқылы, егер де жұмысшы ұсталымның негiзi мен көлемiне қарсы болмаса. ұсталымдар дәл сол уақытта немесе кейiнiрек жұмысшы жалақысының қай бөлiгiнiң басқа да төлем шараларынан бос болуына қарамастан жүргiзiлуi мүмкiн. ұсталымдарды жүргiзуге бұйрық авансты қайтаруға бекiтiлген уақыттан кейiн бiр ай iшiнде берiлуi қажет. Бұл мерзiмдi өткiзiп алған жағдайда әкiмшiлiк сәйкес соммаларды ұстап қалу құқығынан айырылады. Осындай жағдайда немесе жұмысшы ұсталымның негiзi мен көлемiне қарсы болған жағдайда, төлем шаралары сот шешiмiмен жүзеге асырылады. Аванстық есеп берумен жұмсалған соммалар жұмысшыға кассадан берiледi. Аванстық есеп берулер бухгалтериямен тексерiледi және содан кейiн кәсiпорын жетекшiсiмен бекiтiледi. Дұрыс жасалмаған аванстық есеп берулер мен оған қосымша құжаттар есеп берушi тұлғаларға қайта дайындауы үшiн қайтарылады. Аванстық есеп беруге қосымша құжаттар мөрмен немесе қолмен жазылған “Төлендi” немесе “Өтелдi” деген жазулар мен датаның (жылдың, күннiң және айдың) көрсетiлуiмен бекiтiледi.

Iссапарда жүрген уақытта iссапрадың әр күнiне бекiтiлген көлемде (заңмен бекiтiлген 50%-дық минималды есептiк көрсеткiш бойынша) тәулiкақы төленiп тұрады. Демалыс күндерi, мереке күндерi, сонымен қатар, жолда өткiзген күндер де, соның iшiнде жолда тоқтауға мәжбүр болған уақыт та ескерiлуi тиiс.

Пәтер жалдау бойынша шығыстарды өтеу бекiтiлген мөлшерден аспайтын көрсетiлген шоттар негiзiнде жүзеге асырылады. Iссапар орнында болуды Iссапарда болған орындарды айқындау мақсатында iссапар куәлiгi толтырылып отырады. Iссапар уақыты жол жүруге кеткен уақытты есептемегендегi берiлген мерзiмнен аспауы тиiс. Пәтер жалдау бойынша шығыстары өтеу құжаттары көрсетiлген жағдайда қызметтiк iссапарлар тәулiкақысының 50%-дық нормасы көлемiнде өтеледi. Ал егер iссапар орнына бару мен қайтудың жол жүру құжаттары болмаса, онда шығыстарды өтеу мәселесi жетекшiмен бекiтiлген тәртiп бойынша шешiледi.

Егер де жұмысшы iссапарға шетелге жiберiлетiн болса, онда iссапарға кету күнi мен қайтып оралу күнi бiр күнге есептеледi. 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шот дебетi бойынша жазбалар келесi шоттардың кредиттерiнен алынады: 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” - кассадан есеп беру арқылы аванстық есеп берудi төлеген кезде; 441 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шотынан - аванстарды есеп беру арқылы поштадан аударғанда; 334 “ Басқа да дебиторлық борыштар” шотынан - есеп беру арқылы аванстық ÷ек кiтапшаларын беру кезiнде; 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шотынан - мемлекеттiк баж салығының маркаларын, пошталық маркаларды және т. б. есеп беру арқылы беру кезiнде. 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотының кредитi бойынша жазбалар келесi шоттардың дебетерiнен алынады: “Материалдар” бөлiмшесiнiң шоттары (201 - 206, 208) бойынша 222 “Сатып алынған тауарлар”, 223 “Басқа да тауарлар” шоттардан - тауарлы материалдық құндылықтарды сатып алу мен транспорттық даярлауды жiргүзуге кеткен шығыстар соммасы; 821 “Жалпы және әкiмшiлiк шығыстар” шоттан - iссапарлық, пошталық, телеграфтық және т. б. шығыстар үшiн; 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шотынан - авансты кассаға қайтарған кездегi; 681 “Персоналмен жалақы бойынша есеп айырысулар” шотынан - авансты жалақыдан ұстап қалу кезiнде; 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотынан - есеп берушi тұлғаны жауапқа тарту кезiнде, егер де жұмсалған ақшаны оның жалақысынан ұстап қалу мүмкiн болмаған жағдайда.

Есеп берушi тұлғалармен (шетелдегi қызметтiк iссапарлар, өкiлеттiк және т. б. шығыстар бойынша) есеп айырысулар шетел валютасымен жүзеге асырылады. Есеп беру арқылы валюта беру бойынша 333 шот пен “Есеп беретiн тұлғалармен шетел валютасымен есеп айырысу” қосалқы шоты арқылы дебеттелсе, 451 “ Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шоты бойынша кредиттеледi. Шығыстарды шығарып тастау 821 “Жалпы және әкiмшiлiк шығыстар”, 935 “Басқа да шығыстар” шоттарының және т. б. дебеттерi бойынша және 333 шоттың кредитi бойынша жүргiзiледi.

333 және 452 шоттар бойынша валюталық операциялар теңгелiк эквивалентте көрсетiледi.

  1. Кредитке сатылған тауарлар бойынша жұмысшылармен есеп айырысулар

Бiрiншi нұсқа. Кәсiпорын өз жұмысшыларымен мiндеттеме тапсырмасы негiзiнде олардың жалақыларынан кезектi төлемдердi ұстап қалып, оларды сауда ұйымдарына аударады. Бұл операциялар сәйкесiнше, 681 “Персоналмен жалақы бойынша есеп айырысулар” шоты мен 333 шот дебеттерiнде және 333 шот пен 441 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шотының кредиттерiнде көрсетiледi.

Екiншi нұсқа. Кәсiпорын сауда ұйымдарына кредитке сатылған тауарлар бойынша жұмыс iстейтiн жұмысшыларынан тиiстi соммаларды толығымен өтейдi. Мұндай төлемдер үшiн кәсiпорын банктен жұмысшылардың жалақыларынан кезектi ұсталымдар мөлшерiнде төленiп тұратын несие алуы мүмкiн. Әдетте, банкпен берген кредитiне байланысты жүргiзiлетiн сауда ұйымдарының кредитке сатылған тауарлар бойынша есеп айырысу құжаттарын төлеу кезiнде 333 шот дебеттеледi де, 603 “Басқа да кредиттер” шоты кредиттеледi. Ал жұмысшылар жалақысынан кезектi төлемдердi ұстап қалу кезiнде 681 “Персоналмен жалақы бойынша есеп айырысулар” шоты дебеттеледi де, 333 шот кредиттеледi. Банкке борыштарды өтеу төлемдерiн аудару 603 “Басқа да кредиттер” шоты дебетiнде және 451 шоттың немесе 441 шоттың кредитiнде көрсетiледi.

Тауарларды кредитке сатып алған тұлғалар басқа кәсiпорынға ауысқан кезде немесе жұмыстан кеткен жағдайда кәсiпорын олардан заңмен бекiтiлген мөлшерден аспайтын көлемде борыштарының қалған бөлiгiн ұстап қалуы тиiс. Егер де борыш толығымен қайтарылмаған болса, онда кәсiпорын бұл хабарды бес күн iшiнде сауда ұйымына жеткiзуге мiндеттi. қажет болған жағдайда соңғысының мiндеттемелiк тапсырманы азаматтардың жаңа жұмыс орнына аударуына өтiнiш беруiне болады. Мұндай аударым хабарды алғаннан кейiн бес күн iшiнде жүргiзiлуi тиiс. Сауда ұйымы тиiстi сомманы жұмысшы алдында жұмыс iстеген кәсiпорынға қайтаруға мiндеттi. Ал кәсiпорын өз кезегiнде бұл сомманы банкке аударуы қажет.

  1. Берiлген қарыздар бойынша есеп айырысулар

Бұл есеп айырысулар жеке үй құрылысына, бақша үйлерiн салуға және т. б. жеке қажеттiлiктерге берiлген қарыздар бойынша жүргiзiледi. қарыздар бекiтiлген пайыздық қойылыммен берiледi.

Егер де құрылыс салушы қарызды басқа мақсатта пайдаланатын болса, онда кәсiпорын жедел түрде берiлген қарыздың толығымен қайтарылуын талап етуге хұқылы. қарыз беру үшiн банктен ақша алу кезiнде 451 “Ұлттық валютадағы кассадағы қолма-қол ақша” шоты дебеттеледi де, 603 “Басқа да кредиттер” шоты және “Жеке үй құрылысы” аналитикалық шоты кредиттеледi; ақша берiлуi кезiнде 333 шот дебеттеледi де, 451 шот кредиттеледi. қарызды уақыты келген кезiнде қайтаруы 451 шоттың дебетiнде және 333 шоттың кредитiнде көрсетiледi. Кәсiпорынның қарызды банкке қайтаруы 603 шоттың дебетiнде көрсетiлсе, ал кредитi 451 шотта - егер де ақшанхабар жiберу арқылы кассадан төленсе, немесе 441 шотта - егер де ақша есеп айырысу шоты бойынша аударылатын болса. қарызды пайдалануда пайыздық қойылымның болуы 333 шоттың дебетi мен 603 шоттың кредитiнде көрсетiледi.

  1. Материалды залалды өтеу бойынша есеп айырысулар

Бухгалтерия ақша құралдарын, тауарлы-материалдық және т. б. құндылықтар түрлерiн қатаң бақылауға және сақтауды қамтамасыз етуге, жетiспеушiлiктер мен жоғалымдарға кiнәлi тұлғаларды анықтап, оларды жауапкершiлiкке тартуға мiндеттi. 333 шотта және “Материалды залалды өтеу бойынша есеп айырысу” қосалқы шотында ақша құралдары мен тауарлы-материалды құндылықтардың жетiспеушiлiктерi мен жоғалымдарының өтеу бойынша есеп айырысу ескерiледi. Кәсiпорынға жетiспеушiлiктерi мен жоғалымдар бойынша тигiзiлген залалдар соммасы бөлшек сауда бағасымен есептеледi, егер заңмен тигiзiлген залалды анықтаудың басқа да реттерi қарастырылмаса.

Кiнәлi тұлғалардан ұстап қалынатын төлем шаралары 333 шоттың дебетiнде және мынадай бөлiмшелердiң кредиттерiнде көрсетiледi: 20 “Материалдар” (201 - 206, 208) шоттарында - жетiспейтiн құндылықтарының нақты құны соммасында, 611 “Болашақ кезеңдер табыстары” шотында, “арасындағы айырмашылық кiнәлi тұлғалардан айып төленетiн сомма мен жетiспейтiн құндылықтардың баланстық құны арасындағы айырмашылық” қосалқы шоты - көрсетiлген айырмашылық соммасында. Борыштарды жабу кезiнде 451, 441, 681 шоттар дебеттеледi де, 333 шот кредиттеледi. бiруақытта өтелген жетiспейтiн, жұмсалған және жоғалған құндылықтардың нақты құны мен айып төленетiн құн арасындағы өтелген айырмашылыққа 611 “Болашақ кезеңдер табыстары” шоты дебеттеледi, және 727 “қосымша iс-қимылдардан түскен басқа да табыстар” шоты кредиттеледi.

Жетiспейтiн, жұмсалған және жоғалған соммалар кiнәлi тұлғалардан олардың төлем қабiтеттiлiгiнiң жоқтығынан немесе т. б. себептерге байланысты айып төлеу шараларын жүргiзу мүмкiндiктерi болмаған жағдайда, 333 шот дебетiнен 311 “Күмәндi қарыздар бойынша резервтер” шотында - жетiспейтiн тауарлы-материалдық құндылықтардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң нақты құны соммасында; 611 “Болашақ кезеңдер табыстары” шотының дебетiнде, 333 шоттың кредитiнде - жетiспейтiн тауарлы-материалдық құндылықтардың баланстық құны мен төленетiн айыптар арасындағы соммасында.

Борышкерлердiң төлем қабiтеттiлiгiнiң болмауынан борыштардың сызылып тасталуы оның толық жойылуы деп саналмайды. Сонымен қатар, соммалар 007 “Төлем қабiлеттiлiгi жоқ борышкерлердiң залалдарға сызылып тасталған борышы” баланстық шотында сызылғаннан кейiнгi бес жыл iшiнде көрсетiлуi тиiс. Бухгалтерия борышкерлердiң мүлiктiк жағдайы өзгерген жағдайда, айып төлеу шараларын жүргiзу мүмкiндiктерiн қарастыруы тиiс.

1. 2. ҚР Ұлттық банкiнiң бөлiмшелерiнде дебиторлармен жүргiзiлетiн операциялар есебi

1. 2. 1 Дебиторлармен жүргiзiлетiн операциялардың жалпы сипаттамасы

Шаруашылық операциялар мен жалақы төлеу бойынша дебиторлармен жүргiзiлетiн операциялар есебi келесiдей қызметтермен жүзеге асырылады:

  1. франт-офисiмен;
  2. бэк-офисiмен;
  3. ұлттық банктiң бухгалтерлiк есеп департаментiнiң бас бухгалтериясымен.

Франт-офис - әкiмшiлiк-шаруашылық операциясын жүргiзетiн Ұлттық банктiң орталық аппаратының немесе филиалының бөлiмшесi, және Ұлттық банк жұмысшыларымен жалақы бойынша қаржылық есеп айырысуды жүргiзетiн Ұлттық банктiң орталық аппаратының бөлiмшесi.

Ұлттық банктiң бэк-офисi - көмекшi бухгалтерлiк есеп жүргiзетiн операциялық басқармасы.

Бас бухгалтерия - Ұлттық банктiң Бас бухгалтерлiк кiтабы деңгейiнде дебиторлармен және кредиторлармен жүргiзiлген операциялардың дұрыс көрсетiлуiн бақылайтын Ұлттық банктiң бухгалтерлiк есеп департаментiнiң бөлiмшесi.

Франт-офис қамтамасыз етедi:

  1. бөлiмше қызметкерлерiнiң тiзiмдiк құрамын есепке алу, франт-офис арнайы бөлiмшелерiнiң назарына ұлттық банк жұмысшыларымен жалақы бойынша есеп айырысуға қатысты бұйрықтар мен басқа да құжаттарды жеткiзу;
  2. алғашқы құжаттарды дайындау;
  3. жалақы мен одан ұсталатын ұсталымдар бойынша барлық есеп айырысуларды орындау;
  4. мiндеттi аударымдар бойынша есеп айырысуларды орындау;
  5. көрсетiлетiн және қабылданатын қызмет көрсетулер бойынша шарттардың дайындалуы және жасалуы.

Франт-офиспен дайындалған алғашқы құжаттарда құжаттың аталуы, оның нөмiрi, датасы, Ұлттық банктiң дебиторының аты, шаруашылық операцияның қысқаша мазмұны, оның натуралды және ақшалай көрiнiсi, өкiлеттi тұлғаларды қолдары болуы тиiс.

Алғашқы құжаттардың текстi мен сандық деректерiн өшiру мен оларға өзгертулер енгiзуге тиым салынған.

Бэк-офис көмекшi есеп жүргiзедi және құжаттардың қайтадан қайтарылуымен франт-офистен алынған бас бухгалтерияға көмекшi бухгалтерия есептерi бойынша операциялар көрсетiлген алғашқы құжаттар негiзiнде дебиторлармен шаруашылық, әкiмшiлiк-басқару қызметтерi бойынша және Ұлттық банктiң жұмысшыларымен жалақы бойынша есеп айырысу операцияларының жүргiзiлуiне бақылау жасайды.

Бэк-офис бюджет жiктемесiнiң кодтары мен Ұлттық банктiң бухгалтерлiк есебiнiң шоттарының жоспары бойынша тиiстi операциялардың уақытында көрсетiлуiне жауап бередi.

Ұлттық банктiң кiрiстерi мен шығыстарын орталықтандыру кезеңiнен берi барлық кiрiстер, шығыстар және тұрақсыздық айыппұлдар ұлттық банктiң бухгалтерлiк есеп департаментiнiң Әкiмшiлiк шығыстар басқармасына аударылады.

Франт-офис пен бэк-офис жетекшiлерi көмекшi есептi жүргiзу кезiнде шаруашылық жүргiзу мен Ұлттық банк қызметкелерiне жалақы төлеу бойынша дебиторлармен және кредиторлармен операциялардың орындалуына жауапкершiлiктi жұмысшылар арасында дәл тура бөлiп беруге қажет, сонымен қатар, құжаттарды бекiтетiн және визалайтын тұлғалар құрамын анықтауы тиiс.

Франт-офис пен бэк-офис жетекшiлерi операциялардың орындалуына, есептiк құжаттардағы деректердiң толықтылығына және туралылығына, құжаттардың дайындалуына, тексерiлуiне және уақытында бас бухгалтерияға тапсырылуына iшкi бақылау жүргiзедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Ұлттық банкінің дебиторлық борыштар есебінің ақпараттық жүйесі
Жалпы және әкімшілік шығыстардың номенклатуралық баптары
Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Шығындар баптарының атаулары
Бюджеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын орындау бойынша қаржылық бақылаудың мақсаты мен міндеттері
Шығындар түсінігі және олардың басқарушылық есептегі жіктемесі
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны
Есеп беруге тиісті тулғалармен айырысу
Өтелетін шығындарға жататындар
Білім жүйесін дамытудағы мемлекеттік бюджет қаражаттарының алатын рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz