Афиндік мектеп


Өмірі
Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б. з. д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б. з. д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.
Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афиныға қайтып оралды. Б. з. д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афиныда оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.
Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.
Философияан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтану туралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған. [2]
Александр қайтыс болғаннан кейін Афиныда македондықтарға қарсы теріс көзқарас қалыптасты. Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айып тақты. Аристотель «Афинылықтарға пәлсапаға қарсы екінші рет қиянат жасатпаймын» деп анасының Халкидадағы иелігіне бас сауғалап кетті. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афинылықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда ауырып қайтыс болды (б. з. д. 323 жылы) . Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады. [3] [4] [5]
Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs ) (б. з. д. 384 - б. з. д. 322 жылдар) - грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс философиясының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған - Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғылымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман философияларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік философияға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің философиясына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің философиясының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.
Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.
- Гиппократтың шәкірті, философия ілімінің бірінші үстазы сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстырмалы әдістерді пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу арқылы өз заманына сай морфологиялық ғылыми түжырымдар жасаған. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратындығын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырларының байланысын дүрыс түсініп, жүйкені (нервті) басқа мүшелерден ажырата білген. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияның, зоологияның және эмбриологияның негізін қалаған. [1]
Платон (Platon) Афиналық (б. з. б. 427 - 347) - ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі - Аристокл.
- 407 ж. ш. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ өлгеннен кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарга кетті.
- 389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылыми, философиялық, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі - Платон академиясының негізін қалайды.
- 367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары:“Апология” (Сократты қорғау), “Критон” (заңды сыйлау туралы), “Кратил” (тіл туралы), “Федон” (әдептілік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім туралы), “Тимей”, “Заңдар”, т. б.
Платонның пікірінше, шын болмыс - ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріқтігінің шарты деп жариялады. Төменгі теқтен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белтіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. "Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу - әділдік деген осы". Әділдіктің платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін ақтауға құрылған.
Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т. б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады:
- себептілік;
- заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі;
- заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым.
"Афиндік мектеп" фрескасында Платон
Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым - “хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя - көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Платонның материясын таны Платон білуге болмайды, ол - бейболмыстың бір түрі. Материя көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физ. материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антик. көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз - от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді.
Сезімдік заттар - заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, қайта жоғалып жатады. Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама - әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен тұрады: біріншісі - өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі - өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі - сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі) . Космосқа рух беретін -демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар әлемін көріп, таны Платон біледі; бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білгенінің бәрін ұмытып қалады. Платон таным процесі - жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деген қорытынды жасайды. Материялық денелер идеялардың бейнесі болғандықтан, жан оларды көргенде, ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгені есіне оралады. Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады. Аспан әлемінің үйлесімділігін зерттейтін ғылымдар арқылы алған білім - ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім - шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс, идеялар әлемі туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім. Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсіні Платон білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі ол адамдарды шығарм-қа жетелейтін құдіретті күш. Платонның көзқарасы бойынша, идеяны, эросты басшылыққа алған өмір әдептілік идеясын (игілік, қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат негізінде ғана мүмкін. Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz