Балалардың денсаулығын дамытуға және дұрыс дамуына күн режимінің маңызы



Кіріспе

Негізгі бөлім

1.1. Жөргектік кезеңдегі дене дамуы мен бітімі.
1.2. Сезім мүшелерінің даму ерекшеліктері. Мүшелерді жаттықтырудың маңызды ерекшеліктері.
1.3. 1 жасар баланың дене дамуының ерекшеліктері.
1.4. Балалардың денсаулығын дамытуға және дұрыс дамуына күн режимінің маңызы.
1.5. Ұйқыны гигиеналық жағынан ұйымдастыру. Тамақтану режимі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Дүниеге келу бала организмі үшін күрт өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадағы (ана организміндегі) вегетативтік, өсіп-өнушілік тіршіліктен ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын, сан алуан тітіркендіргіштерге толы, ауалы ортадағы мүлдем жаңа жағдайға, яғни бұрынғы дәрменсіз тірі жан дәрежесінен ақыл-есті адам болып өсетін дүниеге шығады.
Баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механнзмдер қамтамасыз етеді. Ол нерв системасының организмді сыртқы жағдайларға лайықтауға белгілі дәрежеде әзірлігімен дүниеге келеді. Осылай туған бойда организмнің негізгі жүйелерінің жұмысын (тынысын, қан айналымын) қамтамасыз ететін рефлекстер жасалады.
Алғашқы күндері сондай-ақ мыналарды байқауға болады. Терінің қатты тітіркенуі (мысалы, ине шаншу) дененің қорғаныш тартынысына, бетінің алдындағы бір нәрсенің қарауытуы қабағын түюге, жарықты кенеттен көбейту қарашықтың кішіреюіне және т. б. себепші болады. Бұл реакциялар – қорғаныш рефлекстері деп аталады. Олар тітіркендіргіштерден қашықтауға немесе оның әрекетін шектеуге бағытталған.
Жаңа туған нәрестеден қорғаныш реакциясынан басқа тітіркендіргішпен жанасу реакциясын да байқауға болады. Олар бағдарлау рефлекстері. Нәресте дүниеге келген алғашқы үш күн ішінде күшті жарық көзіне қарай басын бұратыны бақылаулар арқылы анықталған: мысалы, күн сәулесі түсіп тұрған кезде перзентханада жаңа туған балалардың көпшілігі, бастарын сол сәулеге қарар күнбағыстай бұрып алады. Сонымен қатар, туған алғашқы күннен бастап-ақ сәбилердің баяу жылжитын жарық көзін қадағалайтыны да дәлелденген. Бағдарлау-тамақтану рефлекстері де солай пайда болады. Езуіне, бетіне жақындау қарны ашып жатқан баланың іздену реакциясын тудырады, бала тітіркендіргіш жаққа басын бұрып, аузын ашады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, жаңа туған балаларда туа біткен бірқатар реакциялар болады: ему рефлексі — бала аузына салған нәрсені сора бастайды; жармасу рефлексі — алақанына бірдеңе тиіп кетсе, ол жармасу реакциясын қоздырады; итеру рефлексі (еңбектеу) — табанына жанасу, т. б. рефлекстер.
Сонымен, балада дүниеге келген алғашқы күннен бастап білінетін белгілі мөлшердегі шартсыз рефлекстер болады. Соңғы жылдары ғалымдар кейбір рефлекторлық белгілердің бала дүниеге келмей тұрып-ақ пайда болатынын анықтады. Мысалы, жатындағы ұрықта он сегіз аптадан кейін ему рефлексі пайда болады.
1. Ш.Майғаранова “Алты жастағы оқушыларды ұзартылған күн тобында тәрбиелеу методикасы” Алматы “Мектеп”, 1988. 3-9 б.

2. Б.Төтенаев “Қазақтың ұлттық ойындары” Алматы. “Қайнар”, 1994.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
1.1.Жөргектік кезеңдегі дене дамуы. Дүниеге келу бала организмі үшін
күрт өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадағы (ана организміндегі)
вегетативтік, өсіп-өнушілік тіршіліктен ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын,
сан алуан тітіркендіргіштерге толы, ауалы ортадағы мүлдем жаңа жағдайға,
яғни бұрынғы дәрменсіз тірі жан дәрежесінен ақыл-есті адам болып өсетін
дүниеге шығады.
Баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механнзмдер
қамтамасыз етеді. Ол нерв системасының организмді сыртқы жағдайларға
лайықтауға белгілі дәрежеде әзірлігімен дүниеге келеді. Осылай туған бойда
организмнің негізгі жүйелерінің жұмысын (тынысын, қан айналымын) қамтамасыз
ететін рефлекстер жасалады.
Алғашқы күндері сондай-ақ мыналарды байқауға болады. Терінің қатты
тітіркенуі (мысалы, ине шаншу) дененің қорғаныш тартынысына, бетінің
алдындағы бір нәрсенің қарауытуы қабағын түюге, жарықты кенеттен көбейту
қарашықтың кішіреюіне және т. б. себепші болады. Бұл реакциялар – қорғаныш
рефлекстері деп аталады. Олар тітіркендіргіштерден қашықтауға немесе оның
әрекетін шектеуге бағытталған.
Жаңа туған нәрестеден қорғаныш реакциясынан басқа тітіркендіргішпен
жанасу реакциясын да байқауға болады. Олар бағдарлау рефлекстері. Нәресте
дүниеге келген алғашқы үш күн ішінде күшті жарық көзіне қарай басын
бұратыны бақылаулар арқылы анықталған: мысалы, күн сәулесі түсіп тұрған
кезде перзентханада жаңа туған балалардың көпшілігі, бастарын сол сәулеге
қарар күнбағыстай бұрып алады. Сонымен қатар, туған алғашқы күннен бастап-
ақ сәбилердің баяу жылжитын жарық көзін қадағалайтыны да дәлелденген.
Бағдарлау-тамақтану рефлекстері де солай пайда болады. Езуіне, бетіне
жақындау қарны ашып жатқан баланың іздену реакциясын тудырады, бала
тітіркендіргіш жаққа басын бұрып, аузын ашады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, жаңа туған балаларда туа біткен
бірқатар реакциялар болады: ему рефлексі — бала аузына салған нәрсені сора
бастайды; жармасу рефлексі — алақанына бірдеңе тиіп кетсе, ол жармасу
реакциясын қоздырады; итеру рефлексі (еңбектеу) — табанына жанасу, т. б.
рефлекстер.
Сонымен, балада дүниеге келген алғашқы күннен бастап білінетін белгілі
мөлшердегі шартсыз рефлекстер болады. Соңғы жылдары ғалымдар кейбір
рефлекторлық белгілердің бала дүниеге келмей тұрып-ақ пайда болатынын
анықтады. Мысалы, жатындағы ұрықта он сегіз аптадан кейін ему рефлексі
пайда болады.
Туа біткен реакциялардың көпшілігі сәбидің өмір сүруі үшін керек. Олар
баланың өмір сүрудің жаңа жағдайына үйренуіне көмектеседі. Осы
рефлекстердің арқасында нәрестеге тыныс алу мен тамақтанудың жаңа түрін
игеру мүмкін болады. Егер ұрық дүниеге келгенге дейін ана организмі
есебінен (баланың жолдасының тамырлары – баланың орны арқылы ана қанынан
ұрық қанына азықтық нәрселер мен оттек барады) өссе, туғаннан кейін бала
организмі өкпе арқылы тыныс алуға және оральдық деп аталатын (ауыз және
ішек-қарын жолы арқылы) тамақтануға көшеді. Бұл бейімделу рефлекторлық
жолмен жүзеге асады. Өкпе ауаға толғаннан кейін бүкіл бұлшық ет жүйесі бір
қалыпты тыныс алуға кіріседі. Тыныс алу жеңіл де еркін орындалады.
Тамақтану ему рефлексінің көмегімен жүргізіледі. Ему рефлексіне енетін туа
біткен қимылдар ілкіде бір-бірімен дұрыс үйлесім таппайды: бала емген кезде
қақалып-шашалады, тез шаршайды. Оның бүкіл әрекеті тоюға бағытталғап.
Термореттегіштің рефлекторлық автоматизмін анықтаудың да маңызы зор: бала
организмі температуралық өзгерістерге барған сайын жақсы бейімделеді.
Дүниеге келу оның бойындағы органикалық қажеттікті оттекке, тағамға,
жылылыққа қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған мінез-құлықтың туа
біткен, инстинкті фоомаларын таза күйінде бақылауға болатын адам өміріндегі
бірден-бір кезең болып табылады. Бұл органикалық қажеттіктер, дегенмен,
психикалық дамудың негізі бола алмайды— олар тек қана баланың өмір сүруін
қамтамасыз етеді.
Бала бойындағы шартсыз рефлекстер мінез-құлықтың адамдық формаларының
пайда болуын қамтамасыз ете алмайды. Оның хайуанаттар ролінен өзгешелігі
осында. Ал, хайуанаттар төліндегі шартсыз рефлекстердің күрделі жиынтығы
қорғаныш, жемтік аулау, аналық қалыпты өмір сүруге қажетті тағы басқа
реакциялар қалыптасқан малдың не аңның өсіп шығуына мүмкіндік берді.
Бұл рефлекстерге тән қозғалыс түрлері бара-бара жойылады. Жармасу
рефлексі жұдырық түйген кезде алақанның тітіркенуінен пайда болады. Баланың
психикалық дамуына, сыртқы дүниемен өзара әсер ету қабілетін дамытуға
қажетті қозғалыстары жармасу қимылдары негізінде емес, саусақтардың
тітіркенуінен пайда болатын қармау негізінде басталады. Жармасу рефлексі
бала қарамауға үйренуден бұрын жойылады. Табанмен тіреп еңбектеу рефлексі
де кеңістікте өздігінен қозғалуды дамытудың негізі болып есептелмейді.
Зерттеулер нағыз еңбектеу аяқпен итеруден емес, қолдың қозғалысынан
басталатынын көрсетті: бала көңілі ауған нәрсеге ұмтылады, қолын кезек
қозғап, алға жылжиды.
Қармау мен еңбектеу туған күннен бастап емес, одан едәуір кейін,
үлкендердің осы қимылдарды үйретуімен, жаттықтыруымен қалыптасады.

1.2.Сезім мүшелерінің даму ерекшеліктері. Мүшелерді жаттықтырудың
маңызы. Бала, көпшілік хайуанаттардың төліне қарағанда, әлдеқайда әлжуаз
болып туады. Жаңа туған нәресте сыртқы әсердің көпшілігіне аяқтары мен
қолдарын жөн-жосықсыз қимылдатып, қозғалтумен жауап береді. Алайда туа
біткен мінез-құлық формаларының көптеген түрлерінің жоқтығы баланың
әлсіздігі емес, керісінше күштілігі болып табылады.
Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынада: оның көруі мен естуі
дене қозғалысынан жылдамырақ дамиды. Баланы алдымен қозғалысы жетілетін
хайуанаттар тәнінен осы ерекшеліктері ажыратады.
Көру және есту аппараттары жұмысының дамуы, сыртқы тітіркендіргіштерге
реакцияны жетілдіру баланың нерв жүйесінің, ең алдымеи оның миының пісіп
жетілуі нәтижесінде жүзеге асады. Жаңа туған нәресте миының салмағы үлкен
кісі миының 14-дей болады. Баладағы нерв клеткаларының саны үлкендермен
бірдей болғанымен, сәбиде ол клеткалар жеткіліксіз дамыған. Осыған
қарамастан туған бойда-ақ (тіпті шала балада да) шартты рефлекстердің пайда
болуына толық мүмкіндік бар. Мұның өзі баланың сыртқы дүниемен байланыс
орнатуына мидың жоғары бөлігі үлкеи ми сыңарларының қыртысы қатысатынын
дәлелдейді. Бала өмірге келген алғашқы күннен бастап мидың салмағы тез
артып, нерв талшықтары өседі және миелиндік қорғаныш қабыққа оранады. Мұның
өзінде әсіресе сыртқы әсерге байланысты учаскелер тез қалыптасады. Үлкен ми
сыңарлары қыртысының көру аясының көлемі екі апта ішінде бір жарым есе
өседі.
Үлкендер бір нәрсені баланың бетіне тақап, өзінің бетін төмен йіп,
онымен сөйлеседі, сөйтіп сәбидің бағдарлау реакциясын белсенді ете түседі.
Эмоциялық өрісті дамыту. Жандану комплексі. Жаңа туған нәресте өмірге
алғашқы қадамын шыңғырып жылаудан бастайды, бұл ілкіде шартсыз рефлекторлы
сипатта болады. Алғашқы айқай-дауыс саңылауының тарылуының нәтижесі. Тарылу
алғашқы тыныс рефлекстерін шығарады. Кейбір ғалымдар бірінші айқайды
ұнамсыз сезімнің (эмоция) алғашқы көрінісі деп есептейді: тарылу тыныстың
қысылуын туғызады. Осы жағдайда, шынында да бұлшық ет реакциясы мен
эмоциялық көзқарасты ажырату мүмкін емес, өйткені жаңа туған нәрестенің
өмірлік тәжірибесі әлі жоқ. Алайда сәби жылу, ұйқы, тамақтану қажеттілігіне
байланысты ұнамсыз түйсіктерге алғашқы күннен бастап-ақ шыңғырып жылаумен
жауап береді деп сендіруге әбден болады. Баланың жылауы оның қарны ашуымен,
жаялығының сулануымен т. б. негізделеді. Дұрыс тәрбие жағдайында нәрестенің
құлақ тұндырарлық іңгәсі қарсылық сезімін күштірек білдіретін жылауға
ауысады. Жылау әр түрлі қиналудың, дененің ауруы ма немесе жан қайғысы ма
(әрине кейінірек) табиғи белгісіне айналады.

1.3.1жасар баланың дене дамуының ерекшеліктері. Нәрестенің өмірі
түгелдей үлкендерге тәуелді. Үлкендер сәбилердің табиғи қажеттіліктерін
қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады, бір жағынан екінші жағына
аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі әсерленгіш қажеттілігін де
қанағаттандырады: оны қолға алғанда сәби біраз көңілденіп қалады. Далаға
шыққанда үлкендердің көмегімен бала көптеген заттарды байқайды, олардың
қозғалғанын көруге, қолын тигізуге, содан кейін ұстауға мүмкіндігі болады.
Негізгі есту және сезіну әсерлерін үлкендерден алады.
Жандану комплексінің өзінде-ақ баланың үлкендерге деген жағымды
эмоциялық көзқарасы, онымен қарым-қатынас жасағаннан қанағат алатыны
байқалады. Мұндай қарым-қатынас бүкіл нәрестелік кезең бойына ұлғая береді.
Үлкендермен эмоциялық қарым-қатынас баланың көңіл күйінің жақсы болуына
мықты әсер етеді. Егер бала қырсықтанып, ойнағысы келмесе, сол кезде қасына
үлкен кісі жақындаса-ақ болды, оның көңілі көтеріліп, ашуы басылады да,
өзінен-өзі тағы да жалғыз қалып, жаңа ғана жаратпай тастаған ойыншығымен
қайтадан ойнай бастайды. Туғанына төрт-бес ай болғанда үлкендерді таңдап
қарайтын болады. Сәби өз үйінің адамдарын басқалардан ажырата бастайды,
таныстарына қуанып, бөтен адамнан қорқатын болады.
Баланың дамуында зор маңызы бар эмоционалдық қарым-қатынас қажеттілігі
әрнне, жағымсыз қылықтар жасауға да әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер үлкен адам
үнемі баланың қасында болуға ұмтылса, онда бала осыған үйреніп кетеді де,
үнемі оған назар аударуды талап етеді, егер бір минуттай-ақ жалғыз қалса,
ойыншықтарға көңіл аудармай жылайды.
Дұрыс тәрбие әдістері үстінде, нәрестелік шаққа тән тікелей қарым-
қатынас (қайткенде де қарым-қатынас жасау керек болғандықтан), кешікпей
белгілі бір затпен, ойыншықпен жасалатын қатынасқа ауысады да үлкен кісі
баланың бірлескен іс-әрекетіне айналады. Үлкендер баланы әлдебір заттық
дүниеге ендіреді, оның назарын заттарға аударып, олармен не істеуге
болатынын сан алуан әдістермен көрнекі көрсетіп, балалардың қимылын
бағыттай отырып, оған қимылды орындауға жиі тікелей көмектеседі.
Бала көріп және естіп қана қоймайды. Ол сонымен бірге көргеннен,
естігеннен әсер алып, қанағаттанғандық сезімге бөленеді. Жарқырауық әсем
безендірілген, қозғалып тұратын заттар, дыбыстар — музыка дыбысы, адам
даусы оның назарын өзіне аударады. Мұның бәрін жай қарап отырып-ақ аңғаруға
болады. Бірақ бала нені көрді, одан алған әсерін қалай түсінеді деген
сұраққа бақылау жауап бере алмайды. Бұл жерде эксперимент көмекке келеді.
Үш айлық балалармен жасалған эксперимент, олардың күрделі де жазық
геометриялық фигуралардың түсін, көлемін жақсы ажырататынын көрсетті. Әр
түрлі түстің балаға түрліше әсер ететіні де анықталды, әдетте жарқырауық
және ақшыл түс балаға көбірек ұнамды келеді (әрине, мұны жұрттың бәріне
бірдей тең есептеуге болмайды, әр баланың жеке талғамы болады). Осы
жастағы балалардың жаңалықты сезгіш келетініне де көз жетті: егер бұрын
баланың көзі көп түсіп жүрген заттардың жанына одан түсі де, пішіні де
өзгеше зат қойылса, сәби оны байқап қалып назарын толығымен соған аударып,
оны ұзақ уақыт қарайды.
Демек, баланың көру әлемі бірінен — бірі өзгеше ауыспалы әсерлерден
тұрады. Олар кейде тартымды, екінші жағдайда тартымсыз болып келеді.
Алғашында нәресте бұл әсерлерді кеңістікте орналастырылған заттармен
байланыстырылмайды. Ерекше жерге немесе ерекше жағдайда қойылған нәрсе
(мысалы, төңкеріп қойылған) бала үшін жаңа нәрсе болып көрінеді. Тіпті
кейінірек анасын жақсы танитын кезде анасы жаңа көйлек киіп көрінсе, ол
қорқып жылайды. Ал, алты айлық бала өзінен бірі 25 сантиметр, екіншісі 75
сантиметр қашықтықта жатқан сылдырмақ ойыншыққа, олар біріне қолы жетіп,
екіншісіне жетпейтініне қарамастан, екеуіне бірдей ұмтылады.
Бала қимыл-әрекеттің әр түрі қалыптаса бастаған кезде оның алдына жаңа
міндеттер пайда болады. Олар мінез-құлықты, кеңістікте қозғалуды, заттарды
ұстап, онымен түрлі қимыл жасауды бағыттап, реттеп отыруы тиіс. Бірақ
көрудің бұған ешқандай да әзір емес екендігі байқалады. Ол тек қана баланы
іс-әрекетке ұмтылдырып, өзінің көңілі ауған нәрсені жанына жақындатуға
(немесе оған өзі жақындауға) итермелейді.
Нәрестенің сыртқы қимылдар мен іс-әрекеттердің көмегімен
орындалатын қоршаған дүниені бағдарлауы психикалық процестердің
(қабылдау, ойлау) көмегімен орындалатын бағдарламадан бұрын пайда болады
және оның негізі болып табылады.
Баланың кеңістікпен қалай танысатынын оны өзінің көңілін аударған
нәрсеге қарай колын қозғауды жетілдіру мысалынан көруге болады. Жармасудың
алғашқы даму кезеңінде көз заттан әсер алады, бірақ оның қашықтығын
да, бағытын да ажырата алмайды. Баланың қолы бірден сол нәрсеге қарай
созылмайды, керісінше кеңістікте оны ұстауға қарманады, және көбіне
мақсатына жетпей тынады. Бірте-бірте көз қолдың қимылын бақылап, оның
мақсатқа жақындағанын не алыс кеткенін байқай бастайды, осыған қарап оған
түзету енгізіп отырады. Іс жүзінде кеңістікті меңгеру (көздегеніне жету)
қашықтық пен бағытты көзбен бағдарлаудан едәуір бұрын мүмкін болады. Қолдың
затқа жүйелі түрде жақындауы (бала дүниеге келгеннен екінші жарты жылдықта
бақыланады) көз қолдың
қимылын бақылай отырып, ақырында нәрсенің жатқан жерін айыруды үйренгенін
дәлелдейді. Бір жасқа толған шағында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін гимнастиканың маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардымен ұйымдастырылатын дене жаттығулары
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін таңертеңгілік гимнастиканың маңызы
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар
Жоғары сынып мектеп оқушылары бойындағы қимыл-қозғалыс белсенділігін дене шынықтыру құралы ретінде пайдалану арқылы қалыптастыру
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы туралы
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
Серуен және оны ұйымдастыру жолдары
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Пәндер