Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Романдары.
  2. Повесі мен әңгімелері.
  3. Пьесалары.

Пайдаланылған әдебиеттер

Жүсіпбек Аймауытов

(1889-1931)

Жазушы, ақын, драматург Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. Он бес, он алты жасында Павлодарға келіп, екі сыныпты орысша-қазақша мектепте оқиды. 1914-1918 жылдары Семейдегі мүғалімдер семинариясын оқып бітіреді. Семейде «Абай» журналын шығаруға қатысады. 1924 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мүғалім, Ташкентте «Ақ жол» газетінде, 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры қызметтерінде болады.

Торғай жеріндегі ашыққан халыққа жәрдем беретін топ қүрамында болады. Осы жұмыс бойынша бірнеше рет жауапқа тартылады. Халыққа тарататын малды дұрыс үлестірмеген, өзі пайдаланып кеткен деген айып тағылады. Бұл айыптардың анық-қанығына толық жетпей, аталған іске қатысқан 14 адамның қатарында 1931 жылы өлім жазасына кесілді.

Романдары.

«Қартқожа» романы алғаш рет 1926 жылы Қызылордада басылады. Романда қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер кезіндегі қазақ кедейінің өмірі бейнеленген. Тарихтың қилы оқиғаларға толы тұсындағы қазақ кедейінің бейнесін жан-жақты көрсете отырып, жалпы қазақ аулының шындығын суреттейді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы ақпан, қазан төңкерістері, Алашорда партиясының ел арасындағы ісі, ақ пен қызыл соғысы сияқты ірі-ірі оқиғалар романда қазақ тұрмысына, салт-санасына әсері түрғысынан көрсетеді.

Романның басты кейіпкері Қартқожа арқылы, оның әр кезеңдердегі ой-пікірі, көзқарасы арқылы қазақ ауылының жай-күйін береді. Роман үш бөлімнен тұрады. Қоғамдағы өзгерістер ғана емес, адам мен табиғат арасындағы байланыс, қыр елінің суреттері әдемі жазылған. Тыныш жатқан, мал-жанын күйттеп, барға қанағат етіп, тіршілік қылып жатқан жұрттың аласапыран заман алдында түрғанын жаратылыс, табиғат өзгерістерімен білдіреді.

«Қарашаның қарын қаңтарға қосты. Ұдайымен алай-түлей ақ түтек боран соқты. Боран ашылса, шартылдаған саршұнақ аяз қысты. Жер - сіреу қар. Жылымық болса, жаңбыр жауады. Жер көк сен, малдың аяғын қызыл жосын қылып, қиып тастады. Күн құлақтанып, шаңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей ақ дидарын көрсетпеді. Қас қараяр-қараймаста, күнбатыстан шатынаған, шақшиған, жалғыз көзді жан алғыштан жаман жарық жұлдыз шығады, күннен күнге шарықтап, көкке улейді, жел қасарып, Темірқазықтан таймай ырғырайды да тұрады».

Ырымшыл елдің жауған қар, соққан желдің себебін, артын өлшеп, әр қиырға тартуы да тегін емес. Осындай табиғат сипаттары ел наным-сенімінің таразысына салынып, болжамы да расқа шығып отырады. Бұл келесі тарауларда үй ішіндегі қазадан бастап, ауыл, одан елдегі қиыншылыққа ұласады. Жазушының психологиялық иірімдерді шебер қолдануы осындай, жымдасқан ішкі сезімді сыртқы жаймен сабақтастырудан көрінеді. Бұндай кейіпкер психологиясының шебер жасалуы «Ақбілек» романына да қатысты.

«Аңбілек» - жеке кітап болып басылып үлгермеген шығарма. 1927-1928 жылдары «Әйел теңдігі» журналының бірнеше санында жарияланған. Алғаш жинақталып, 1989 жылы шыққан «Жүсіпбек Аймауытов шығармалары»
кітабында басылды.

Қазақ қызының тағдыры, қоғамдық-әлеуметтік оқиғалардың жеке өміріне әсері, оны кейіпкердің қабылдауы суреттеледі. Қазақ әдебиетінде XX ғасырдың бас кезінде қазақ қыздарының теңсіздігі, жеке бас бостандығы туралы көп жазылды.

Шығарма кейіпкері Ақбілек шығарманың басында қашқан ақ әскерлерінің қолына түсіп, қорлық көреді. Осы бір өз ортасынан еріксіз бөлінген аққу тектес аруды келесі иірімдерге үйіреді. Өз ауылында сұқтана, сезіктене, үрке қараған туған-туыстарының сөзі мен көзінен, әр істерінен бұған деген сенімсіздікті, тіпті кейде ашық қорлықты да көреді. Жаңа заманмен бірге Ақбілек оқу оқып, жаңа бақыт табады.

Жазушы кейіпкер өмірінің әр кезеңдерін суреттей отырып, сол кездегі қазақ аулының таным-түсінігін, қоғамдық-әлеуметтік жағдайлардың қырдағы ел тұрмысына, тағдырына әсерін жазады. Қазақ елінің рухани, саяси өмірге араласуын көрсетеді. Ақбілектің діні, салты бөлек орыстан зорлық көруі, ауылындағы кейбіреулердің оны бетіне шіркеу етуі, Ақбаланың жалт беруі сияқты оқиғалар кезіндегі жан-күйі, ішкі толғаныстары шынайы, көркем бейнеленген. Өзі жоқта құсалықтан өлген шешесінің орны ерекшеленеді де тұрады. Жалғыз қалған Ақбілектің оқуға барып, онда ағасы мен жеңгесінің тірек болуы, оқу оқып, әр іске өз пікірінің, ойының қалыптасуына жанындағы жандардың ықпалы болғанын жазады.

Роман тілі оқуға жеңіл, әрі құйылып өлең тілімен жазылғандай. «Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі Алтай жазы тау еркесі киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалында сайран етіп жатқаны». Ауыз әдебиетінің жырларын, шығыс дастандарын өлеңмен жаттап өскен, өлеңмен жырлап өскен ақынның романы да елге жақын тілмен жазылған.

Повесі мен әңгімелері.

«Күнікейдің жазығы» повесі 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылған. Тақырыбы - әйел теңдігі. Шығарма шегіністен басталады. Жалғыз, қараңғы үйде жаны күйіп жатқан Күнікейдің басынан өткен жай баяндалады. Повестің бас кейіпкері Күнікей, пысық болып бойжетеді. Атастырған жігітін менсінбей, өзі үнатқан Байманмен қашып кетіп, тұрмыс құрады. Баласы болмаған соң, аурусың деп Байман Күнікейден безіп, қайта үйленуді ойлайды. Көңілін бай қызына да бастырмай ерке өскен Күнікей тағдыры қазақ даласындағы әйелге деген көзқарастың өзгермеген қалпын, әйел жанының азапта, қиналыста екенін көрсетеді. Жа-зушының айтайын дегені де Күнікей өз дегеніне жетіп сүйгеніне қосылғанымен, әлі де толың теңдікке қолы жеткен жоқ. Әйелге деген көзқарас өзгерген жоқ дегенді айтады.

Повесте Күнікеймен бірге әке-шешесі - Құлтума мен Шекер, атастырған күйеуі Тұяқ, сүйдім дегені - Байман сияқты кейіпкерлер бар. Бұл шығарма да ақ өлең үлгісімен жазылған. Ж. Аймауытовтың «Бетім-ау, құдағи ғой», «Елес», «Әнші», «Боранды болжағыш әулие», «Ханалар тарихы» сияқты әңгімелері бар. Қазақ елінің тұрмысы, заман, дәуір өзгерісі суреттеледі.

«Әнші» әңгімесінің кейіпкері Әмірханның прототипі атақты әнші - Әміре Қашаубаев. Жазушы ақынның талантын, өнер құдіретін ғана беріп қоймай, әнші тағдыры, жан-дүние, сезім, көңіл күйін де ашқан. Әмірхан әнші жай қатардағы адамдардың бірі емес, өнердің, ән мен сәннің жаны ретінде бейнеленген. Ел жүрегіне жеткен ән құдіретінің бір сәтін жазушы: «Қалғып кетіп оянған, қызықты тәтті түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тәтті үннің кеткеніне өкініп, өршелене соғады». Немесе: «Әмірхандай әнді ешкім сала алмайды. Жай жүргенде Әмірханды ешкім де елемейді. Әмірхан ән салса, сонда кім екенін білесің. Ән салса, ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның дауысы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады».

Пьесалары.

Ж. Аймауытов Семейдің мүғалімдер семинариясында оқып жүрген басқа да семинарист жолдастарымен бірге жастардың түрлі ойын-сауық кештерін ұйымдастырады. Осындай кештерде түрлі рөльдерде ойнап, домбыра тартып, ән салған жазушы өзі де арнайы шығармалар жазған. 1917 жылы Семей қаласындағы әдеби кеште «Ескі тәртіппен бала оқыту», «Рабиға» атты пьесалары қойылганы туралы мәліметтер бар. Сондай-ақ, «Ел қорғаны» (1925), «Мансапқорлар» (1925), «Қанапия-Шәрбану» (1926), «Шернияз» (1926) сияқты драмалың шығармалары бар.

«Қанапия-Шәрбануда» бірін-бірі ұнатқан екі жастың махаббаты, қиындық, азаппен бастарын қосуы, қазақ даласының салттары, июнь жарлығы, кеңес өкіметі кезіндегі оңиғалар суреттеледі. Шығарманың түйініндегі бостандыққа, кеңес өкіметіне ризашылық білдіру заман ыңғайымен жазылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931)
Жүсіпбек Аймауытов өмірі
Қаптап жатқан қазақ
Шәкәрім тойы – елдің тойы
Жүсіпбек Аймауытов
Жүсіпбек Аймауытов туралы
Жүсіпбек Аймауытов- қазақтың көрнекті жазушысы, драматург
Бес арыс
Жүсіпбек Аймауытов - әдебиет сыншысы жайлы ақпарат
Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz