Әбу Ханифа ұлы ғалым
1 Әбу Ханифа ұлы ғалым
1.2 Ханафи мазхабының фикх пен хадистегі ерекшелігі
Хадис іліміндегі орыны
Фиқх саласындағы орыны
2,1 «Әл.Фиқх ул.Әкбар» шығармасының мазмұндық саралау.

Имам Ағзамның ата-бабалары Әмудария өзені жағалауындағы Тирмиз бен Хорасанда ертеректе болған Наса қалаларында өмір сүрген. Олар парсы әулетінен еді. Әйтсе де, кейбір деректерде оның түркі текті екені жайлы да айтылады. Ұлық төрт халифа кезінде Ислам діні парсы елдеріне тарай бастады. Исламға қарсы шығып, тұтқынға алынған дінсіздер ішінде Әбу Ханифаның бабасы да болған деседі. Кейінірек ол Исламның шынайы дін екенін түсініп, мұсылман болады. Сол себепті ол тұтқыннан босатылып, үйіне жіберіледі. Отбасына аман-есен оралған бабасы Исламды тереңінен түсініп, балаларын да Исламға сәйкес тәрбиелейді, болашақтағы ұрпағының барлығы Исламның ақ жолында дүниеге келулерін тілейді. Хазреті Әли ибн Әбу Талибтің (р.а.) халифалық кезінде олар Хорасаннан Куфа қаласына қоныс аударады. Бабасы ұлы Сәбитті хазреті Әлидің (р.а.) қасына ертіп барып, бата сұрайды. Хазреті Әли (р.а.): «Аллаһ Тағала балаңызға және оның болашақ ұрпақтарына мол береке берсін», - деп дұға етеді. Атасының тілегі мен халифаның дұғасы қабыл болып, ұрпағынан иманды да, тақуалы ғалым Әбу Ханифа дүниеге келеді. Әбу Ханифаның әкесі Сәбит те өте тақуа адам болған. Ел арасында ол туралы ғибратты, әрі жұртқа таныс төмендегі оқиға жиі айтылады.: «Әбу Ханифаның әкесі Сәбиттің жас жігіт кезі еді. Бірде дәрет алып, сүлгімен бет-аузын сүртіп тұрғанда, арықта ағып келе жатқан алмаға көзі түседі. Алманың әдемі түсі көз тартатын. Сәбит шыдамай, алманы алып бір тістейді. Сонан соң ол: «Не істеп қойдым? Алманың иесі бар шығар? Оны тауып, дереу, ризашылығын сұрайын», - деп өзен бойымен жоғары қарай алманың иесін іздеуге шығады. Содан ол үлкен баудың ішіне кіреді. «Жеген алмам осы баудан шығар»,-деп Сәбит бау иесіне барып, оған: «Ассәләму аләйкум! Ойламай бақшаңыздың бір алмасын жеп қойдым.
1.1 Әбу Ханифа ұлы ғалым
Имам Ағзамның ата-бабалары Әмудария өзені жағалауындағы Тирмиз бен
Хорасанда ертеректе болған Наса қалаларында өмір сүрген. Олар парсы
әулетінен еді. Әйтсе де, кейбір деректерде оның түркі текті екені жайлы да
айтылады. Ұлық төрт халифа кезінде Ислам діні парсы елдеріне тарай бастады.
Исламға қарсы шығып, тұтқынға алынған дінсіздер ішінде Әбу Ханифаның бабасы
да болған деседі. Кейінірек ол Исламның шынайы дін екенін түсініп, мұсылман
болады. Сол себепті ол тұтқыннан босатылып, үйіне жіберіледі. Отбасына аман-
есен оралған бабасы Исламды тереңінен түсініп, балаларын да Исламға сәйкес
тәрбиелейді, болашақтағы ұрпағының барлығы Исламның ақ жолында дүниеге
келулерін тілейді. Хазреті Әли ибн Әбу Талибтің (р.а.) халифалық кезінде
олар Хорасаннан Куфа қаласына қоныс аударады. Бабасы ұлы Сәбитті хазреті
Әлидің (р.а.) қасына ертіп барып, бата сұрайды. Хазреті Әли (р.а.): Аллаһ
Тағала балаңызға және оның болашақ ұрпақтарына мол береке берсін, - деп
дұға етеді. Атасының тілегі мен халифаның дұғасы қабыл болып, ұрпағынан
иманды да, тақуалы ғалым Әбу Ханифа дүниеге келеді. Әбу Ханифаның әкесі
Сәбит те өте тақуа адам болған. Ел арасында ол туралы ғибратты, әрі жұртқа
таныс төмендегі оқиға жиі айтылады.: Әбу Ханифаның әкесі Сәбиттің жас
жігіт кезі еді. Бірде дәрет алып, сүлгімен бет-аузын сүртіп тұрғанда,
арықта ағып келе жатқан алмаға көзі түседі. Алманың әдемі түсі көз
тартатын. Сәбит шыдамай, алманы алып бір тістейді. Сонан соң ол: Не істеп
қойдым? Алманың иесі бар шығар? Оны тауып, дереу, ризашылығын сұрайын, -
деп өзен бойымен жоғары қарай алманың иесін іздеуге шығады. Содан ол үлкен
баудың ішіне кіреді. Жеген алмам осы баудан шығар,-деп Сәбит бау иесіне
барып, оған: Ассәләму аләйкум! Ойламай бақшаңыздың бір алмасын жеп қойдым.
Мүмкін болса, кешірім етсеңіз,-дейді. Жігіттің ақылдылығы мен имандылығын
байқаған бағбан әдейі: Разы емеспін, - деп дөрекілеу жауап қайырады. Бұл
сөз Сәбитке ауыр тиеді. Ол бағбанның аяғына жығылып, оған: Кешіріңіз!
Жеген алманың ақысын төлейін немесе қызметіңізді істейін, - деп
жалбарынады. Сонда бағбан: Онда былай. Үш жыл қызметімді істейсің. Сонан
кейін арғысын көре жатамыз, - деп жігітке шарт қояды. Амал жоқ, Сәбит
шартқа көнеді. Өйткені, ақырет есебі мен азабынан қорқатын. Ол үш жыл бойы
бағбанның үйінде адал қызмет етеді. Мерзімі біткеннен соң, кетуге рұқсат
сұрайды. Бағбан оған: Мен саған үш жыл өтсе, арғысын тағы көрерміз деп
едім. Сондықтан, менің тағы бір кішкене шартым қалды. Соны орындасаң, сөзім
сөз, сенен разы болып, рұқсатымды беремін, - дейді. Сәбит көнеді. Бағбан
оған: Менің бір қызым бар. Көзі көрмейді, құлағы естімейді, қол-аяғы сал
және сақау. Соған үйленесің. Соңғы шартым осы, - дейді. Жігіт бұған да
көнеді. Қыз бен жігіттің некелері қиылып, тойы өтеді. Жігіт шымылдыққа
кірген соң, көзі де көретін, құлағы да еститін, қол-аяғы да сап-сау қызды
көреді. Қыздың әкесіне барып, оның сырын сұрайды. Әкесі айтқан сөздерінің
себебін былай түсіндіреді: Қызым ұят нәрселерге қарамайды, сол үшін ол
көр; ұят әрі балағат сөздерді естімейді, сол үшін ол керең; тыйым салынған
нәрсеге қол созбайды және бұзық жерлерге бармайды, сол үшін оның қол-аяғы
сал; жаман сөз сөйлемейді, сол үшін ол сақау. Қызымды сен сияқты құдайшыл,
иман жүзді жігітке берсем, ол Аллаһтан қорқатын, біреудің ақысын жемейтін
таза адам болып, туған немерелірім де Ислам тағлымдарына сәйкес өмір сүрсе
деген арманым бар еді. Аллаһ маған сені жеткізді. Бір көргенде-ақ сенің
алал екеніңді байқадым. Сонда да сынап бақсам артықтық етпес деп ойладым.
Сен мен ойлағандай боп шықтың. Бұдан былай ерлі-зайыпты болып, бірге тату-
тәтті өмір сүріп, бақытты болыңдар, - деп батасын береді. Міне, осындай
пәк, тақуа, текті отбасында әлемге әйгілі, ғалым Имам Ағзам дүниеге
келеді. Имам Ағзам Әбу Ханифа ән-Нұғман ибн Сәбит (р.а.) Ирактың Куфа
қаласында үмәуйлік халифат түсында (699 жылы ) дүниеге келген. Азан шақырып
қойылған аты ән-Нұғман болғанымен, халық оны Әбу Ханифа немесе Имам Ағзам
деп атайтын. Өйткені, ислам әдебі бойынша үлкен ғалым адамдардың аттары
аталмайды. Олархазрет, ұстаз сияқты құрметті сөздермен тілге алынады. Әбу
Ханифа (Ханифаның әкесі) оның шын есімі емес, өйткені, оның Ханифа атты
перзенті болмаған. (Имам Ағзамның Хаммад есімді жалғыз ұлы болған.
Хаммадтан екі ұл қалады, біреуінің есімі – Омар, ал екіншісі –Исмаил).
Ғалымдардың айтуынша, ханифа - мазһабтың сипаты болып, ол хақ, тура жол
деген мағынаны білдіреді. Әбу сөзінің түп мағынасы әке болғанымен,
сонымен қатар оның иесі, өкілі, басшысы, жетекшісі деген баламалары да
бар. Сонда, Әбу Ханифа деген сөздің мағынасы хақ жолдың бастаушысы, тура
жолдың жетекшісі дегенге саяды. Әу бастан адамзатқа түсірілген, адам
табиғатына ең лайық, нағыз тәухид дін, ол – ханиф дін. Құранда Аллаһ
Тағала: Ендеше, (Ей, Мұхаммед) бетіңді ханиф (тура, шынайы) дінге бұр.
Адамдарды Аллаһ әу баста сол дін үшін жаратқан. Құдай жаратқанды өзгерту
мүмкін емес. Сенің дінің хақ дін, тек көп адам соны білмейді, - дейді.
(Рум сүресі 30-аят)
Ханиф сөзі ислам ұғымында да қолданылады. Сахабалар: Аллаһ
қандай дінді қабыл етеді? - деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.у.): Ханиф
(Ислам) дінін, - деп жауап берген. Басқа бір хадисте: Аллаһ барлық
пенделерін ханиф (дінге, таухидке бейім) етіп жаратты, - делінген.
Құран Кәрімде Аллаһ Тағала: Ибраһим яһуди де, насара да болған емес, ол
ханиф (нағыз) мұсылман болған. Көп құдайшылдар қатарында да болмаған, -
деген (Әли Имран сүресі 67-аят). Ия барлық әлемдік дәстүрлі діндер ханиф,
тұп-тура дін болған. Бұл дін – адам табиғатына жеңіл келіп, жүрекке жылы
тиген, жанын рахатқа бөлеп, бейбітшілік бесігінде тербеткен кеңпейілділік
діні. Имам Ағзамның көзқарастары басқа ғалымдарға қарағанда кеңпейілділік
пен жеңілдік рухына сай келгендіктен, жұрт оны Әбу Ханифа деп атаған.
Ғасырының танымал, беделді, ірі ғалымы болғандықтан халық оны Имам Ағзам
деп те атайтын. Бізде имам деп мешіт қызметкерін түсінеді. Бірақ, бағзы
заманда имам деп аса білімді, әрі тақуа кісілер айтылатын. Имам –
жетекші, басшы, ұстаз, данышпан деген мағыналарды да береді. Ал, Ағзам
сөзінің айбынды, ең зор, ең үлкен, ұлық, теңдесі жоқ деген мағыналары
бар. Шынында да, Имам Ағзам мұсылмандардың жетекшісі, ғалымдардың басшысы,
білім мен тақуалықта теңдесі жоқ данышпан, айбынды, әрі ұлық ұстаз еді.
Абдулла ибн Мүбарәк (р.а.): Имам деген атқа Әбу Ханифадан артық лайық кісі
жоқ. Өйткені, ол өте такуа ғалым еді, фиқһ ілімі жолында басқалар секілді
еңбек ете алмады. Ол асылдығы, көрегендігі, қабілеттілігі, парасаттылығы
арқасында оған жол салды, - деп еске алады. Ислам діні тарих сахнасына
көтерілгеннен кейін Куфа Ислам нұрына малынып, онда өнер, ғылым және
мәдениет дами түсті. Әсіресе, соңғы халифа Әли ибн Әбу Талибтің (р.а)
тұсында мұнда атақты ғұламалардың дәрісхаары көбейіп, бұл жерге әлемнің
түкпір-түкпірінен ілім алу мақсатымен мыңдаған шәкірттер ағылып келе
бастады. Әбу Ханифа да осындай ортада дүниеге келіп, онда өнегелі өмірі
басталды. Ол жастайынан Құран, хадис, араб тілі мен әдебиетіне көңіл қойып,
азды-көпті дәріс алды. Дегенмен, біржола ілім қуып кетпеген де еді . Әкесі
саудагер еді. Олардың жеке дүкендері болды. Онда олар жібек мата саудасымен
айналысатын. Әбу Ханифа әуелде мешітке тек күнделікті бес уақыт намаз оқу
үшін ғана барып тұрды. Бірде ол сол дәуірдің атақты ғалымы Шағбиге (р.а.)
кездесіп қалады. Шағби одан: Қайда барасың, інім? - деп сұрайды. Ол
заманда адамдар тек ілімді ойлап, табыс табу, бала-шаға бағу, үйлі-жайлы
болу секілді дүние тіршіліктерін екінші орынға қоятын. Сұрақ төркінін
түсінген Әбу Ханифа дәрісханаларға барып, жүйелі сабақ алып
жүрмегендігінен, Базарға, - деп, ұяла жауап береді. Өйткені, осы уақытқа
дейін оның мақсаты да, кәсібі де сауда болып келген-ді, ал сабаққа деген
қызығушылығы шамалы еді. Әбу Ханифа бойындағы асыл қасиеттерді, оның
ақылдылығын, зеректігін, шешендігін және ойының ояулылығын байқаған Шағби
(р.а.) бұл жігіттің былай жүргеніне іштей қынжылады. Әбу Ханифаның
болашақта үлкен ғалым болатынын іштей сезген Шағби (р.а.) оған: Уақытыңды
бос өткізбей, ғалымдардың дәрісханаларына қатысып, сабақ оқы, - деп ақылын
айтады. Шынайы сөз Әбу Ханифаның жүрегіне жетеді. Сол күннен бастап ол
барлық уақыты мен күш-жігерін ғылым-білімге салады. Ол кезде Әбу Ханифа
жиырма екіде ғана еді. Ол жылдары Куфадағы оқу-ағарту істеріне Хаммад ибн
Сүлеймен (р.а.) жетекшілік ететін. Әбу Ханифа хадис пен фиқһ ілімін сол
заманның ең атақты ғалымдары – Шағби және Хаммад сияқты ғүламалардан
үйренді. Куфада хадис ұстаздары, араб тілі және әдебиеті мамандары, шариғат
ғалымдары жеткілікті болатын. Ибн Шуһаб әз-Заһри: Әлемде беделді ғұламалар
төртеу. Олар: Мәдинада ибн әл-Мусәйб, Куфада Шағби, Басрада Хасан әл-Басри
(642–728), Шамда Мәкхул (р.а.), - деп сол кездің ең үлкен ғалымдарын
атайды. Шағби (р.а.) бес жүзге тарта сахабалармен кездесіп, олардан білім
алған. Омар ибн Абдул Әзиздің (р.а.) халифалық тұсында Куфа қаласында
қазылық қызмет етіп, 87 жасында дүниеден өткен. Оның қайтыс болғанын
естіген Хасан әл-Басри: Шағби Исламда өзінің ерекше орны бар нар тұлғалы
адам еді. Аллаһһ Тағала оны өз мейіріміне бөлесін, - деп дұға еткен. Әбу
Ханифа өмірінде төрт сахабамен кездескен. Олар: Әнас ибн Малик, Абдулла ибн
Әбу Ауфә, Сәһл ибн Сағд және Әбу Туфайл. Сахабаны көрген адам табиғин деп
аталады. Дегенмен, табиғин сөзінің анықтамасы жөнінде екі түрлі көзқарас
бар. Біріншісінде: табиғин – сахабаның көзін көрген адам, - делінсе, ал
екіншісі: табиғин – сахабаны көріп, одан білім үйренген адам, - деген
пікірді алға тартады. Әбу Ханифа ұстазы Хаммадтың (р.а.) қолында жүйелі
түрде 18 жыл оқыған. Ұстазы дүниеден өткенге дейін, одан ажырамаған.
Өйткені, ол ұстазын жақсы көріп, оның асыл қасиеттерін, даналығын,
парасаттылығын, тақуалығын, әсіресе кеңпейілділігі мен жомарттылығын өзіне
үлгі тұтқан. Хаммад бай болғанымен, мал-мүлкін туған-туысқандарына, жетім-
жесірлерге және шәкірттеріне жұмсайды екен. Бұл жайлы: Хаммад ғұламалар
ішінде ең жомарты еді, жылда келетін қасиетті рамазан айында күнде 500
адамға ауызашар беретін, жағдайы нашар шәкірттеріне ақшалай көмектесіп
тұратын еді, - деп риуаят етіледі. Хаммад ибн Сүлеймен (р.а.) дүние
салғаннан соң, оның ісі баласы Исмаилға тиді. Жұрт та оның бойынан әкесінің
ілімі мен асыл бейнесін көргісі келді. Өкінішке орай, Исмаил бірақ халық
көңілінен шыға алмады. Сол себепті ұстазының оқу-ағартушылық істерін әрі
қарай жандандырып, дамытуды шәкірті Әбу Ханифа мойнына алды. Халықтың
қалағаны да сол болатын. Ол кезде оның жасы қырықта еді. Әбу Ханифаның
есімі мен білімі кеңінен тарай бастайды. Оған жер-жерлерден білім алу
мақсатымен мыңдаған талабалар келіп жатты. Оның дәрісханасы Куфадағы ең
үлкен, әрі берекелі білім ошағына айналды. Шәкірттердің ғылыми сұхбаттары
мен қуанышты үндері мешіт сыртынан да естіліп тұратын. Әбу Ханифа ақылды,
өткір, парасатты кемел ой иесі еді. Осы ерекшелігімен ол тез арада өз
дәуірінің ең ұлы ғалымдарының біріне айналды. Ол - ислам фиқһінің үлкен
мүжтаһид ғалымы болды. Құран кәрім және сүннеттен басқа нақты дәлел ретінде
ол сахабалардың, табиғиндердің алқалы пікірін, сондай-ақ қияс (салыстыру),
истихсан (дұрыс санау, жақсы деп білу) және ғұрып-дәстүр сияқты фиқһ
қағидаларын пайдалана отырып, шариғат шеңберінде үкімдер шығара білді.
Имам Ағзам түн бойы ғибадат етіп, күндіз ораза тұтатын, тілін жалған сөзден
сақтап, тәнін пәк ұстайтын, жағымсыз іс–әрекет пен ойын-сауықтан аулақ
жүретін, Аллаһһ Тағаланың разылығын табуды өзіне парыз санайтын. Имам
Ағзамның имандылығы мен тақуалығы, білімділігі мен парасаттылығы туралы
Имам Шафиғи (р.а.): Адамдар фиқһ ғылымында Әбу Ханифаға қарыздар. Кімде-
кім Әбу Ханифаның кітаптарын оқымаса, ғылымға бойламағаны және фиқһ ғалымы
болмағаны, - дейді. Ол иманды, тақуа, білімді және парасаттылығынан харам
істерге жоламайтын, күмәнді нәрсеге де қол сұқпайтын өте сақ адам болатын.
Сондықтан, оның уағызы әрбір тыңдаушы жүрегіне жететін. Оны төмендегі
әңгімеден білуге болады: Имам Ағзам Куфаның орталық мешітінде жұма күні
уағыз айтатын . Бір күні жұмадан соң оған бір құл келіп: Ұстаз, сізден
өтініш. Құлды азат етудің артықшылығы мен сауабы туралы да уағыз айтыңызшы.
Мүмкін қожамның көңілі жібіп, мені азат етер, - дейді. Әбу Ханифа:
Жарайды, сен айтқаныңдай болсын, - деп жауап береді. (Ол кез құлдық
заманы болатын.) Келесі жұма да жетті. Бірақ, Имам Ағзам уағызын басқа
тақырыпқа арнайды. Тағы бір жұма өтеді. Құлдың өтініші тағы орындалмай
қалады. Үшінші жұмада Имам Ағзам құлды азат ету және оның мән-маңызы мен
артықшылығы туралы тартымды да, әсерлі уағыз айтады. Жұмадан соң әлгі
құлдың қожасы келіп: Ұстаз куә болыңыз. Аллаһ ризалығы үшін құлымды азат
еттім, - дейді. Әбу Ханифа: Аллаһ сізден разы болып, істеген ізгі
амалыңызды сауаптан жазғай, - деп бата береді. Бостандық алған құл Имам
Ағзамға рахметін айтып, одан: Ұстаз, бір сұрағым бар. Екі апта бұрын
айтқан өтінішімді неге бүгін ғана орындадыңыз - деп сұрайды. Әбу Ханифа:
Ол күні құл азат етуге жететін ақшам жоқ еді. Сол үшін, екі апта бойы
жұмыс істеп, ақша жинадым. Базардан құл сатып алып, оны азат еттім. Содан
рухани жеңілдік пен әлдеқандай рахатты сезіндім. Бұл амалды өзім істемей
тұрып, басқаға бұйырғанымда, оның ешқандай әсері болмас еді, қожаң да саған
азаттық бермес еді, - деген екен. Әбу Ханифа – ұлық имам, мәшһүр ғалым Ия,
ол жайлы пікір білдірген замандастары мен оны өзіне ұстаз санаған, немесе
ғалым, білімге қол созғандардың барлығы да Әбу Ханифаның өз заманының озық
ғалымы болғандығын мойындайды. Әбу Жағфар әр-Рази (р.а.): Мен Әбу
Ханифадан артық ғалым, әрі құдайшыл адамды кезіктірмедім, - десе, Жағфар
ибн Рабиғ (р.а.): Мен Әбу Ханифамен бес жыл бірге тұрдым. Одан аз сөзді
жанды көрмедім. Ал одан бір-ақ нәрсе жайлы сұраса, ол ашылып, сел тәрізді
ағылар еді, - деп еске алады. Ал, Йазид (р.а.): Тақуалық пен ақыл
парасаттылықта Әбу Ханифаға (р.а) тең келетін адамды көрмедім, - десе, Әбу
Асим Нубәйл (р.а.): Әбу Ханифа (р.а.) намазды қадалып көп оқығандығы үшін,
көпшілік оны қазық деп атап кеткендігін айтады.
Уакиғ (р.а.): Әбу Ханифа (р.а.) аманатқа өте адал, аса ұлық Аллаһ
Тағаланың есімін жүрегінің түкпірінде сақтайтын. Сондықтан да ол кез-келген
жағдайда Аллаһ ризалығын бірінші орынға қоятын. Аллаһ Тағала үшін қылыш
азабын көруге де дайын еді, - дейді.
Мәккий (р.а.): Куфалықтармен бірге болдым, араларынан Әбу Ханифадан (р.а.)
өткен тақуаны көрмедім, - деп еске алады.
Яхья әл-Қатған (р.а.) Әбу Ханифаның (р.а.) жүзіне қарап Аллаһның шынайы
пендесі екенін байқадым, - десе, Абдулла ибн Мүбәрак (р.а.) Суфиян Сауриға
(р.а.): Ей, Әбу Абдулла, Әбу Ханифаны ғайбат жасаудан не тоқтатты екен,
бір рет те ғайбат айтқанын көрмедім, - деді. Сонда Суфиян (р.а.): Әбу
Ханифа (р.а.) дана кісі, өзінің жақсы амалдарын жоятын іс-әрекетті ешқашан
жасамайтын, - деген екен. Ибн Мүбәрак (р.а.): Әбу Ханифаны (р.а.) еске
алып: Бұл кісі туралы не деуге болады? Оған мансап пен байлықты ұсынғанда,
ол одан бас тартады, дүрелесе де бетінен қайтпайды.Басқалар отырған таққа
ол азаптасаң да отырмайтын, - дейді. Хасан ибн Салих (р.а.): Әбу Ханифа
(р.а.) аса тақуалығына байланысты харам істерге жоламайтын, күмәнді нәрсеге
де қол сұқпайтын, ол кісідей өзі мен біліміне өте сақ адамды көрмедім, -
деген. Сәһл ибн Мадхим (р.а.) : Әбу Ханифаның (р.а.) үйіне кіріп едік,
үйінен бұйрадан (қамыстан жасалған төсеніш) басқа ештеме көрмедік, -
дейді.
Мүжаллид (р.а.) : Мен халифа Харун әр-Рашидтың (786-809) алдында отыр
едім, ол жерге имам Әбу Йусуф (р.а.) келді. Оған халифа: Маған Әбу
Ханифаның (р.а.) ахлағы (мінез-құлқы) туралы айтып беріңіз, - деп өтініш
жасады. Сонда ол: Әбу Ханифа (р.а.) шариғат тыйым салған істерге
жоламайтын, дүниеқорлықтан алыс, көбінесе үнсіз жүретін, әрдайым өз пікірін
дәлелдей алатын, өз ойынан айнымайтын, бос сөз сөйлемейтін, сұралған
мәселені білсе, нақты жауап беретін адам еді. Ей, мүминдердің әміршісі! Мен
ол кісінің барлық нәрседен өз нәпсісін тия алатындығын көрдім, барлық адам
туралы жақсы сөз ғана айтатын, - дейді. Сонда Һарун әр-Рашид : Бұл
ұлылықтың белгісі, - деген екен. Фудайл ибн Йаз (р.а.) : Әбу Ханифа
(р.а.) фиқһ ғалымы, тақуалығымен ардақты, келгендерге тапқанын беретін
жомарт, қүндіз-түні дәріс беруден жалықпайтын, түнді ғибадатпен өткізетін,
аз сөзді, егер бір халал-харам мәселесі туралы айту керек болса, ақиқатына
көз жеткізіп түсіндіретін, - деген екен.
Қази Шурак (р.а.): Әбу Ханифа (р.а.) фиқты терең меңгерген, әр ісі көңілге
қонымды, шәкірттерге білім беруде аса шыдамды, шәкірт білім алып болғанша
оған жан-жақты көмек көрсететін адам еді .Шәкірті оқуды бітірсе, оған :
Сен енді халал мен харамды, дұрыс пен бұрысты ажырата алатын, таусылмас
үлкен байлыққа жеттің, - дейтін. Ұстаздары мен құрметті адамдар алдында
көп сөйлемейтін, - дейді. Имам Зуфар (р.а.): Мен Әбу Ханифамен (р.а.)
жиырма жылдай бірге болдым. Өмірімде ол кісіден артық мейірімді, жомарт
кісіні көрмедім. Құдай үшін өзін аямайтын, күнімен біліммен шұғылданып,
тағлым беретін, түрлі мәселелелерді талқылап жауабын айтатын, ғылыми
мәжілістерден қолы босасымен сырқаттардың көңілін сұрауға баратын, жаназаға
қатысатын немесе бір бейшараның қажеті үшін уақытын жұмсайтын немесе
достарының хал-жағдайын білетін. Ал, түнді ғибадаттармен, намаз, Құран
кәрім оқумен өткізетін. Бұл амалдарды дүниеден қайтқанша ұстанды, - деп
еске алады. Қайс ибн Рабиғ (р.а.): Әбу Ханифа (р.а.) Бағдатқа тауар
жіберіп, оларды саттырып, ақшасына зат алдырып, Куфаға жеткізетін, хадис
ілімінің қыр-сырын зерттеп жүрген ғалымдарды қажетті нәрселермен қамтамасыз
ететін, оларға азық-түлік, киім-кешек тарататын, - дейді. Қазақ жерінің
орта ғасырлық дана перзенті, имам Ағзам туралы арнайы еңбек жазған Хафиз әд-
Дин Мұхаммед әл-Кердери (ө.1424) ибн әл-Мүбәрактың: Куфаға келген соң қала
тұрғындарынан кім фиқһты жақсы біледі деп сұрағанымда: Әбу Ханифа деді
маған. Сонан соң бұл дүние қызығынан ең көбірек баз кешкен кім деген
сұрағыма: Әбу Ханифа деген жауап алдым деген сөзін келтіреді. Сөйтіп
осындай пікірлердің бәрі жиылып Әбу Ханифаның бүкіл болмысын ашып тұр деп
ойлаймыз (Имам Абу Ханифа ән-Нуғман. Алматы, 2005, 20 бет).
Әбу Ханифа адалдық пен жомарттық үлгісі. Ол аса жомарт, кеңпейіл, өте адал
кісі болатын. Көпшілік оның сауда-саттықтағы сипатын Әбу Бәкірге (р.а.)
ұқсататын. Ол пайданы ойлап, өзгелердің аңғалдығын пайдаланбайтын. Өз
пайдасын қалай қорғаса, өзгелерді де солай қорғайтын. Кедейлерге мейлінше
көмектесуге тырысатын. Бірде Әбу Ханифа Куфа қаласындағы дүкенінде сауда
жасап тұрғанда бір әйел жібек көйлек әкеліп, Әбу Ханифаға көрсетіп, сатпақ
ниетін білдіреді. Әйел сөзін: – Бағасы жүз дирһам,- деп бастайды. Әбу
Ханифа оған: – Асықпаңыз! Бұның бағасы қымбат. Сіз аз сұрап тұрсыз, -
дейді. – Маған жүз де жетеді, - дейді әйел. – Жүз дирһам аз, көбірек
сұраңыз, - дейді имам оған. – Сіз мені мазақ етіп тұрсыз ба? Ал, онда екі
жүзге алыңыз - дейді әйел ренжіп. – Жоқ, мазақ еткені несі. Сіздің ақ
көңілдігіңізді пайдаланып, көйлектің өз бағасынан арзанға сатып алатын
болсам, ақыретте Аллаға не деп жауап беремін. Сенбесеңіз білетін біреуді
шақырып бағасын сұраңыз, - дейді Әбу Ханифа. Әйел жөн білетін біреуді
шақырып, көйлектің қанша тұратынын сұрайды. Олар көйлектің бес жүз дирһам
тұратынын айтады. Сөйтіп, Әбу Ханифа көйлекті бес жүзге сатып алатын
болады. Ақшасын санап жатып, әйелдің көзінен жас шығып имамға: Сіз маған
көп көмектестіңіз. Бұл менің үйлену тойында киген көйлегім еді. Қазір
қаражаттан қысылып жүрміз. Бала-шағам екі күннен бері ыстық тамақ ішкен
жоқ. Сататын артық нәрсеміз де қалмады. Лажсыз көйлегімді сатуға тура
келді. Бұл ақша мүшкіл халімізді біраз жеңілдететін болды. Сізге рахмет,
өміріңіз ұзақ болғай, - деп ризашылық білдіреді. Әйел мұңын түсінген Әбу
Ханифа бес жүз дирһамның үстіне, сатып алған көйлекті де оған тарту етеді.
Бұл хикая кәсіпкерлікпен айналысып жүрген бауырларымызға ғибрат болса деп
ойлаймыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) да: Өтірік сөйлеген, біреуді алдаған адам
бізден емес, - деп қатаң ескерткен. Әбу Ханифа егер бір нәрсеге шүбәланса,
заттарын дереу садақаға таратып жіберетін. Бірде саудадағы серігі Хафс ибн
Әбдірахманға біраз заттар беріп, сатуға жібереді. Мүліктерінің арасында бір
киімнің нұқсаны бар екенін ескертіп, сатқанда кемшілігін айт дейді. Досы
киімдерді сатқанмен, әлгі киім жайлы ескертуді ұмытып кетеді. Алған адамның
кім екенін де білмейді. Бұдан соң Әбу Ханифа сол заттардан түскен барлық
пайданы садақаға таратады. Сондықтан да, оның дәулетінде берекет болатын
(Имам Абу Ханифа ән-Нуғман. 23 бет). Куфада тұрғанында бір кісінің қойы
ұрланады. Оны естіген Имам Ағзам ұрланған етті байқамай жеп қоймайын деп
сақтық үшін жеті жыл ет жемей қойған екен. Әбу Ханифа ғалымдарға көп
көмектесетін. Жыл соңында табысынан артып қалған ақшаларды ілім жолында
жүргендерге таратып: Мына қаражатты қажеттеріңе жұмсап, Аллаһ Тағалаға
шүкір етуді ұмытпаңдар. Өйткені, бұл дәулет менікі емес, Аллаһтың рақым
етіп, менің қолым арқылы сендерге жіберген несібесі, - дейтін. Имам Ағзам
аса тақуа еді. Кішіпейілділік пен тақуалықты ол бәрінен жоғары санайтын.
Бірде біреу: Сен менің иемсің - дейді. Сонда ол: Аллаһ Тағалаға ант
етейін, мен сен берген бұл атақтан әлдеқайда беделдімін. Өйткені, мен
Алланың пендесімін. Бұдан өзге биік лауазым бар ма?! - деп жауап береді.
Оның тақуалығы жайлы ғибратты әңгімелер көп. Бірде ол базарда жүргенде, екі
адамның бірі жолдасына: Мынау – Әбу Ханифа. Өте тақуа адам. Тіпті құптан
намазының дәретімен таң намазын оқиды екен - дейді. Осыны естігенде Әбу
Ханифа (р.а.) қатты таңданып: Мен олар ойлағандай жан емеспін ғой. Бірақ
халықтың мен жайлы жақсы пікірлерін жоққа шығарып, оларды өтірікші етпеуім
тиіс, - деп сол күннен бастап құптан намазының дәретімен таң намазын оқи
бастаған. Әбу Ханифа қанша дәулетті болса да, жүрегінде дүниеге қызығушылық
болмаған. Шәкірттері арасында отырған кезде оны сынамақ оймен бір яһуди:
Сенің пәлен жерден сапардан қайтып келе жатқан керуенің қарақшыларға жем
болды. Енді не істейсің? - дейді. Әбу Ханифа аз уақыт үнсіз қалады да:
Аллаһға шүкір - дейді. Әлгі адам қайта оралып: Әбу Ханифа, сүйінші!
Керуенің табылды. Қарақшылар қолға түсті. Малың, дін аман, жолда келе
жатыр, - дейді. Әбу Ханифа тағы біраз үнсіз қалып: Аллаһқа шүкір -
дейді. Сонда әлгі адам: Сен неге қайғыда да, қуанышта да бірдей
шүкірлікпен ғана жауап қайырдың, - дейді. Сонда Имам Ағзам: Керуенің
жоғалды дегенде, жүрегім ауырып сыздар ма екен деп, оған үңілдім.
Жүрегімнің, түк болмағандай, бір қалыпты соққанын көріп, Аллаһқа шүкір
дедім. Кейін малың табылды дегенде, қуанар ма екен деп тағы да жүрек
дүрсіліне құлақ астым. О сол баяғыдай соғып тұрды. Мен сонда жүрегімде
дүниеге сүйіспеншілік болмағанын біліп, қуанып: Аллаһқа шүкір дедім.
Аллаһ Тағаланың барлығы, бірлігі, шексіз құдіреті және басқа да сипаттары,
сондай-ақ ақырет, жәннат, тозақ және басқа да сенім-наным мен түрлі діни
көзқарастарға байланысты мәселелерді қарастыратын кәләм (тәухид, ақида)
ілімі аясында Әбу Ханифа нақли дәлелдер (Құран аяттары мен пайғамбарымыздың
сүннетері) мен ақли (ой-санамен түйінделген) дәлелдерді келтіріп, мәселеге
тиісінше жауап беретін.
1.2 Ханафи мазхабының фикх пен хадистегі ерекшелігі
Имам Шафий, Адамдар фиқһ ғылымында Әбу Ханифаға тәуелді, - деген.
Абдуллаһ бин Мубарак та Имам Ағзам Әбу Ханифа туралы:
Ол ілімнің миы, - дейтін. Осы айтылғандарға қарасақ Әбу Ханифа
ілімнің қайнар көзіне жетіп, одан еш айырылмаған. Имам Малик Имам Ағзам Әбу
Ханифамен әртүрлі іліми мәселелерге байланысты пікір тартысында болып,
кейін: Ол шынымен фиқһ ғұламасы , - деген. Имам Әбу Ханифа шындығында
ұлы ғұлама, фақиһ, заманын фиқһпен толықтырған ұлы тұлға. Ол фиқһи
түсінікке жаңа әдіс ендірген еді. Әбу Ханифаның ұстанған әдісін ешкім
қолданбаған. Ол жеке ойлы және нақты көзқарас иесі еді. Адасқан
түсініктегілер оған қарсы шыққан. Өйткені ол ислам фиқһында үкім шығару
үшін мықты дәлелдерді пайдаланып, бұлардың шекараларын белгілеген. Имам
Ағзам Әбу Ханифа үкім шығару үшін егжей-тегжейді зерттеу әдісін қолданған.
Оның бұл әдісі ижтихатты жан-жақты қамтыған. Ол өзі былай дейтін еді: Мен
Аллаһһтың кітабымен үкім шығарамын. Кітаптан таба алмасам Расулуллаһтың
сүннетінен іздеймін, Құран Кәримнен және Расулуллаһтың сүннетінен де таба
алмасам, сахабалардың сөздеріне сүйенемін. Бірақ сахабалардан қалаған
адамдардың сөздерін алып, қаламағандарымның сөздерін алмаймын. Бірақ
сахабалардың сөздерінен де сыртқа да шықпаймын.
Алайда бұл іс Ибраһим Нахаи, Шағби, Ибни Сирин, Ата және Сиад бин әл-
Мусиаябқа қатысты болса, олар да ижтихат жасағанмен де ижтихад жасаймын.
Бұл Әбу Ханифаның алдымен кітап, сүннет және одан кейін сахабалардың
сөздеріне қарап пәтуа бергенін, ал табиғиндердің көзқарастарына байланып
қалмағанын көрсетеді. Әбу Ханифаның ұстанған принципі сенімді кісілерге
сүйеніп, жаманнан қашу болатын. Ол шешімі жоқ мәселелерді қияспен шешетін.
Қияспен де шешілмесе истихсанға жүгінетін. Истихсанмен де шешілмесе
мұсылмандардың әдет-ғұрпына қарап пәтуа беретін. Ижмамен қабыл етілген
хадистерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz