Ұстаз бен оқушының өзін-өзі дамыту дағдыларын объективті жағдай тұрғысында қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Білім мазмұнын жетілдіру жағдайында мұғалім мен оқушының субъектілік позициясының қалыптасуын басқару

Мунусова Г.

Турекенова А. К.

Ұстаз бен оқушының өзін-өзі дамыту дағдыларын

объективті жағдай тұрғысында қалыптастыру

Қазіргі уақыт талабы - білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз - адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Баланың ақылы, ой-сезімі мұғалімнің ерік-жігері, таусылмас мол қажырлы мен сабырлы, еңбекқорлығы арқасында жетіледі. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі - болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында «Орта білімді берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінще дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру», - деп көрсетілгені де осындай көкейкесті міндеттерден туындайды. Бұл міндеттер оқушылардың өз бетінші білім алуын ұйымдастырғанда және олардың өз халқының ұлттық құндылықтары, қоршаған орта туралы ұғым түсінігі болып, ол туралы айтып бере алуына мүмкіндік жасалғанда ғана шешімін табады. Сондықтан, ашық әлеуметтік жүйе ретінде жаңа білім беру үрдісінде әрбір азаматың тұлғалық дамуын күшейту көзделеді. Дара тұлғаның еркін, үйлесімді дамуы және креативті ойлай алу қабілетін олардың мүмкіндіктеріне орай дамытуда қазақ тілінің мәртебесі арта түседі. Төткүл дүниедегі кез-келген үлкенді-кішілі ұлттардың ұйытқысы болар тұлғалы азаматтарының барлығы ең алдымен ана тілін ардақтауға, ана тілін сақтауға баса назар аударған. Демек, мемлекетіміздің Ата заңын сыйлайтын әрбір азамат ұлтына, тегіне қарамай, қазақша үйренуге, іс-қағаздарын жүргізуге міндетті. Тілге деген құрметті дамытуда орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиет сабағын беретін мұғалімдерге түсетін жүктің салмағы ауыр. Жас ұрпаққа сапасы білім мен сапалы тәрбие беру тектік қорымызды сақтаудың алғы шарты. Сондықтан бүгінгі күнгі мектебіміздің ең негізгі мақсаты - зерделі, білімді, адамгершілігі мол, туған жері мен тарихының ұлылығын құрметтей білетін, жас ұрпақты тәрбиелеу.

Бұл орайда адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудің ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашан да жалғаса бермек.

Жаңа ғасырдағы адамзат өркениеті өз дамуының жаңа кезеңіне білім беру үрдісінің ең маңызды факторларының біріне саналатын кезеңіне келіп жетті. Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Бұл педагогикалық үрдістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Жаңа ғасырдағы мұғалім алдындағы негізгі міндет - жас ұрпақты дамыта отырып тәрбиелеу. Қоғамдағы жаңалықтар мұғалім біліктілігіне жаңа талаптар қоюда. Біліктілік - білімдегі, тәжірибедегі берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жаңа қабілет, көздеген мақсатқа жетудегі әдіс-тәсілдердің бір-бірімен сәйкес келуі. Мұғалімнің біліктілігіне төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Мұғалімнің өз білімін жетілдіруі, өз бетінше оқып ізденуі.
  2. Ізденушілігі.
  3. Бейімделуі, жаңа шешімдер таба білуі, өзгеріске икемділік танытуы.
  4. Ынтымақтастықта болуы.
  5. Өзіндік жауапкершілік және өз жұмысын ұйымдастыра білуі.

Жеке тұлғалық факторлар;

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі Мұғалімнің қабілеті

Педагогикалық тәжірибесі Мұғалімнің білім деңгейі

Мұғалім біліктілігі Жалпы мәдени деңгейі

Эрудициясы Кәсіби тұрақтылығы

Жұмысқа қатысушылық деңгейі Құндылық бағдарлары,

ұлты, жынысы

Тұлғаның кәсіби бағыттылығы кәсіпке деген оң көзқарас арқылы қызмет нәтижелілігін арттыру болып табылады. Ал мұғалімнің өз пәні мен оқыту әдістемесін меңгеруі, педагогика мен психологияны білуі педагогикалық шеберліктің негізін құрайды. Педагогикалық шеберлік дегеніміз-мұғалімнің дидактикалық, ұйымдастырушылық, эмоцияналдық көңіл-күйі мен сөйлеу техникасын басқара білу дағдысы. Мұғалімнің шығармашылық рейтингі төмендегідей 5 бөлімнен тұрады. 1. Ақпараттық-өндірушілік. Педагогбасқаның тәжірибесін ескере отырып, нәтижеге жету жолындағы педагогикалық міндеттерді шешеді, нақты жағ-дайға талдау жасай біледі.

2. Бейімділік-болжаушылық. Педагог өзіне белгілі ақпараттан оқушылардың мүмкіндіктері мен өз жеке қасиеттерін ескере отырып, өзара әрекет әдістерін, құралдарын, тәсілдерін іріктеп, өзгертіп пайдалана біледі. 3. Ұтымдылық. Педагогтың құрастырушылық-болжаушылық қабілеті байқа-

лады, жаңашылдық, педагогикалық қабілетті ұйымдастыру, педагогикалық міндеттерді шешудің қалыптан тыс түрлерін пайдалана біледі. 4. Зерттеушілік. Педагог өз ісініңтұжырымдамалық негізін анықтай біледі, зерттеу негізінде өз жүйесін жасай біледі. Педагог өз тәжірибесін жинақтай біледі. Мұндай мұғалімнің өз әріптестеріне де тиімді әсері болуы мүмкін. 5. Шығармашылық. Бұл деңгейде педагог қызметінде өзара әрекет жасау әді-сіорын алады. Принцип бойынша бұл әдістерді оқушылары да меңгереді.

Тұлғаны дамытуда қазіргі оқушы келбеті қандай болуы керек: - Сұлулықпен сусындаған эстет, - алған білімін өмірде қолдана алады, - жан-жақты, - логикалық ойы терең - ізденімпаз, - терең қазыналы білімпаз.

Қазақ тілі сабағында алға қойған мақсатымыз:«Білемін», »Үйрендім», »Біл-гім келеді» - стратегиясын басшылыққа алу. Осы стратегия баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуына көп ықпал етеді. Осы мақсатқа орай бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырлан- дыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек си-гналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модулдік технологиялары кеңінен танымал. Осы технология-ларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы-мұғалім. Шығармашылықпен, яғни, ізденімпаздықпен білім беру барысында қалыптасқан жаңа сабақ түрлері мыналар. 1. Оқыту қарым-қатынасының ерекше формаларын ұжымға бөліп, жеке дара білім беруде өз бетінше жұмыс жүргізуге баулу.

2. Ізденіс іс-әрекетіне баулу жолдары арқылы оқу жұмыстарын ұйымдастыру формаларын өңдеу және оқу барысы мен сабақ беру кезінде жаңа әрекеттер-ді ұйымдастыру. Сабақтың барлық бөлімдері мен кезеңдерінің мазмұнын анықтау, ізденіс іс-әрекетіне негізделген сабақтың жаңа түрлерін сипаттайтын сабақтың қойылымы. Сабақ үлгілерін қайталау, нақты тәжірибелік сабақтар өткізу. 3. Қажетті ұстанымдарды ізденіс іс-әрекеті теориясында пайдалану тәртібі оқушылармен сабақ өту барысында жобаланып, сабақ кезінде өңделіп тара-тылуы тиіс. 4. Оқушылардың ізденіс іс-әрекетін қалыптастыру әдісінің ең маңыздысы-же-ке тұлғаның оқу барысы кезінде қалыптасқан дағдыларды меңгерту және пәннің мазмұнын ғана емес, ғылыми өзектілігін, сонымен бірге оқу міндеті жүйесінде қалыптасқан оқу, білім алу іс-әрекеттерінің орындалу мақсатына талап қоя білу. Оқушылар өздері ықылас білдіріп, өз еркімен сөйлеуі үшін олардың өз көзқарастарына, қызығушылығына сай ситуациялық жағдайлар туғыза білуіміз керек . Яғни, өзара әрекет жасау тәсілі оқушыларды сабақтан әлдеқалай бұрын қызықтырып, құштарлығын сабақ үстінде арттырмаса кеміттірмейді. Істеген істерін көрсетіп, баға алу-оқушының негізгі мақсатына айналады. Оқытушыға сабақты алдын ала шешіліп келген мәселе арқылы құру-үлкен жеңілдік береді, ал оқушыларға сабақ жеңіл, қызықты болып көрінеді. Тәжірибенің нәтижесінде сабақ құштарлықпен, қызығушылықпен өтеді деп айта аламыз. Практикада көрсету үшін бір сабақтың мысалдарын ұсынып отырмыз. Алдыңғы сабақта оқушылардың қабілеттеріне қарай тапсырмалар берілген. Оқытушының жаңа сабаққа дайындалуға тапсырмалар бергені оқушылардың өздік бағасын көтереді, ал оқушылардың топтасып дайындалуы оларды сенімділік пен өзара көмектесушілік, ұжымдық сезімге тәрбиелейді. Әр тапсырма міндетті түрде 2-3 балаға беріледі.

Тапсырмалар:

1. Карточкаларда жазылғандай мақал-мәтел, тақпақ дайындау. 2. Сөздермен сөзжұмбақ дайындау. 3. Сөздердің дұрыс аудармасын табу.

Байқап отырсаңыздар, тапсырмалар қиын емес, оқушылар оларды қинал-май орындайтындай. Енді сабақ барысында осы тапсырмаларды қалай орындайтындарын көрейік. 1-ші тапсырманы орындаған оқушыларға талдау жүргізуге кесте берілген. Талдау кестесі түсінікті және жеңіл болуы керек. Талдау кестесі: 1. Тақпақ, мақал-мәтел. а) мәнерлі оқылды, б) мәнерсіз оқылды . . . деген сөзден кейін кідіріс жасалған жоқ, . . . деген сөздің екпіні дұрыс жасал-мады. Дауыстың төмендеуі . . . деген сөзден кейін жасалмады. Дауыстың көтерілуі . . . деген сөзден кейін жасалмады. 2. Дыбысталуы. а) дұрыс, б) дұрыс емес: . . . деген сөздің дыбысы дұрыс айтыл-мады . Оқушылар жасаған карточкаларын таратып, басқалардың оқуларын талдау кестесін негіздей отырып, талдайды. Мысалы:»Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» . . . Талдаудың барысы былай болып шығады:»үзінді мәнерсіз оқылды. »біл» деген сөзден кейін кідіріс жасалған жоқ, »құрметте» деген сөздің «қ» дыбысы дұрыс айтылмады. 2-ші тапсырма сөздерден сөзжұмбақ жасап келу. Оқушылар сұрақтарын қойып, дұрыс айтылған сөздерді шарбақтарға жазады. Бұл тапсырмалар сөздерді жаттықтырады, лексиканы белсенділендіріп, ой-сана, естерін дамытады. Ұжымды жұмыс істей білуге үйретеді. Ойын барысында оқу-шылар шығармашылықпен айналысып, сұрақтарды дұрыс құруға әдеттеніп және сөздердің дұрыс жазылуымен жұмыс істейді. Келесі тапсырманы орындау үшін оқушыларға сөздікпен жұмыс істеу берілген. 3. Оқушылардың дайындап келген ойынының аты- «Үш тіл-тұғырым». Дайындаған карточкаларының бір жағында орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде сөздер жазылған. Мысалы:»Стол, а table». Екінші жағында-қазақша «үстел». Карточканың бірінші жағын оқып, екінші жағындағы аудармасын дұрыс айту керек. Оқушылар екі топқа бөлініп ойнайды. Дұрыс жауап берген топқа»+» белгісі, қате жауап берген топқа»-« белгісі қойылады. Қай топ «+» белгісін көп алса, сол топ жеңеді. Оқушы мен ұстаздың өз-өздерін дамыту дағдысы тұрғысында істелген осы жұмыс нәтижесі:-оқушылар талдау жасап үйренді, өздерінің дыбыстау қателерін бақылап, сөздерді дұрыс жазып сөз байлығын жоғарылатты. Істеріне шығармашылық көзбен қарап, сөздіктермен жұмыс істеп, граммати-калық білімдерін бекітті. Сондай-ақ, оқушылар бір-біріне, өз қоршауына назар аударып, көмек көрсетуге үйренді. Сонымен, дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әреке-тіне тән. Яғни, ізднену іс-әрекетін ұйымдастыру үшін екі шартты орындау керек. 1. Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай шын мәнінде қатынасушы болу керек. 2. Ол оқушылар жүргізіп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек. Қорыта келгенде, білім беру үрдісіне қатысатын мүшелердің әрбіреуінің өзіндік міндеттері мен құқықтары бар. Оқушы міндеті-оқу, сабаққа кешікпей қатысу, тәртіп бұзбау. Ал оның құқығы-білім беру үрдісі мен білім мазмұнына сусындау, қанағаттану. Мұғалім міндеті-оқыту технологиясын таңдай отырып, оқушылардың білімге құштарлығын ояту, өзіндік икемділіктерін ашу, шығармашылықпен жұмыстануын ұйымдастыру негізінде білім беру сапасын көтеру. Білім беру үрдісін ақпараттық технология арқылы басқарудың құрылымдық моделінде мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы бейнеленеді. Бұл модел бойынша, мұғалім-білім беру іс-әрекетін басқарушы субьект, оқушы-оқу іс-әрекетінбасқару субьектісірөлінде көрсеті-леді. Сонымен білім беру үрдісін жүйе деп қарастырсақ, оған оқушының оқу іс-әрекетін дамытуға пайдаланылатын оқу обьектісі мен субьекттер кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Шығармашылық жұмыс
Дәстүрлі оқыту әдістері
Казіргі окыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау, бағалаудың жаңа технологиясы
Информатиканы оқыту әдістері
Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы ретінде интерактивті тақтаны қолдану
Оқушылардың жеке басын қалыптастырудағы ұжымның рөлі..
Оқушыларды шығарма жазуға үйрету, өнер-туындыларын үйрету әдіс-тәсілдері
Инновациялық технологиялардың түрлерін талдау
Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz