Азаматтық қатынастардың негізгі қатысушыларына қойылатын құқықтық талаптарға саралау жүргізу


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Азаматтар-азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде

1. 1 Азаматтық құқық қатынастарының субъектілеріне жалпы сипаттама . . . 5

1. 2 ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы . . . 9

1. 3 Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі . . . 12

1. 4 Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері . . . 20

1. 5 Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері . . . 23

1. 6 Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану . . . 26

1. 7 Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары . . . 28

1. 8 Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық

жағдайы . . . 30

2 Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастарының

субъектілері ретінде

2. 1 Заңды тұлға туралы ұғым . . . 33

2. 2 Заңды тұлғаларды құру тәртіптері . . . 37

2. 3 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу . . . 39

2. 4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі . . . 43

2. 5 Заңлы тұлғаларды қайта құру және тарату . . . 49

2. 6 Заңды тұлғаның негізгі түрлері . . . 54

3 Мемлекет және әкімшілік аумақтық бөлініс - азаматтық құқықтың субъектілері

3. 1 Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі рекшеліктері . . . 65

3. 2 Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөліністің алған міндеттемелері бойынша жауапкершілік . . . 67

3. 3 Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың

субъектісі . . . 70

Қорытыныды. . . . 71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 73

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Қазіргі көптеген елдерде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар құқық субъектісі ретінде қарастырылады. Өйткені құқық жалпы жеке және заңды тұлғалардың өзара қарым-қатынасын реттейтін тетік болғандықтан, өзара қарым-қатынастардың барысына, қалыптасуына, дамуына және сәйкесінше дұрыс реттелуіне ерекше көңіл бөлінген.

Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе «тұлға» деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады.

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.

Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтақ құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті.

Азаматтық құқық субъектісі ретіндегі азаматтардың жалпы дүниенің және Қазақстанның экономикалық және техникалық дамуына ықпал тигізері сөзсіз. Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттіктерінің осы заманға сай толықтырылып заң құжаттарымен анықталуы, олардың құқықтарының тиісінше қорғалуы болашақ ұрпақ үшін бүгінгі күннің парызы.

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқыктың дербес субъектісі ретінде қатысу жеке тұлғаға ғана емес, занды тұлғаларға да тән. Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірінғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі.

Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.

Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс заңды тұлға болып табылғанымен азаматтық айналымда азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары ретінде көрінеді. Демек, бұл субъектілер құқық және әрекет қабілеттілігіне ие болады, бірақ олар сипаты жағынан азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының өзге құқық субъектілерімен ерекшелінеді.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты - бүгінгі таңдағы азаматтық қатынастардың негізгі қатысушыларына қойылатын құқықтық талаптарға саралау жүргізу, талдау, қолданыстағы заңнамалар бойынша тұжырым жасау.

Диплом жұмысының негізгі міндеттері - жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтық жағдайын айқындау.

Зерттеудің объектісі - жеке, заңды тұлғаларға және мемлекетке байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар.

Диплом жұмысын жазу барысында ғылымдық танымның жалпы әдістері және салыстырмалы-құқықтық талдау, функционалды-құрылымдық талдау, жүйелі және тарихи амалдар сияқты арнайы ғылыми әдістер және т. б. әдістер қолданылған.

Заңдар қажеттілікке қаншалықты жауап беретіндігі құқықтың субъектісі ретіндегі азаматтардың және заңды тұлғалардың, сонымен қатар мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс қарым-қатынастары заң негізінде жүзеге асырылуы, олардың жалпы құқықтық ерекшеліктерімен бірге заңдардың қоғам қажеттілігіне жауап беруі дипломдық жұмысымның негізгі бағыты болып табылады.

I-тарау Азаматтар-азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде

1. 1 Азаматтық құқық қатынастарының субъектілеріне жалпы сипаттама

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады [1] .

Құқық қатынастарына қатысушылардын азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық кодексінің 1-бабында азаматтық зандармен реттелетін қатынастардын қатысушылары азаматтар, занды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік -аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген [2] .

Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінің туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақща төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне бруге, немесе затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т. с. с.

Заңды тұлғалардың барлық істерді де нақ, жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру - осылардың бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілірі салдары болады.

Құқықтық қатынастар түсінігі жалпы құқық теориясының ең маңызды категориялардың бірі. Өйткені, құқықтық қатынастардың өзі құқықтық тетіктің сондай бөлігі болып табылады, онда құқық өзі реттейтін объектімен қосылады - әлеуметтік аямен. Құқықтық қатынастар нәтижесінде өте қыйын құқықтық құрылым пайда болады [3] .

Құқықтық қатынастардың белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. Құқықтық қатынас - бұл қоғамдық қатынас, яғни адамдардың өз арасындағы қатынас. Құқықтық қатынастар адам мен заттың адам мен жануардың арасында болуы мүмкін емес (тiпті ол сол адамның меншігі болса да) . Құқықтық қатынас тек осы объектілер арқылы пайда болуы мүмкін.
  2. Құқықтық қатынастар заңды нормалармен тығыз байланыста өмір сүреді, олардың пайда болуындағы (соған қоса өзгертуге және тоқтатуға) нормативтік негіз (база) ретінде көрінеді. Сондықтан - құқықтық қатынастардың маңызды, бір алғы шарт есебінде болады (құқықтық субъектілерімен және заңды факторлармен қатар) .
  3. Құқықтық қатынастардың қатнасушылары бір-бірімен заңды құқықпен және міндеттілікпен байланыста болады және құқық субъектілерінде белгілі заңды фактілер негізінде пайда болады.
  4. Тұтасымен алсақ құқықтық қасиеттерге мынандай сапа тән болады: белгілілік және жекеленушілік. Құқықтық қатынастарда оның қатынасушылары және олардың нақты тәртіптері белгіленген. Жекешеленушілік екіжақты болуы да мүмкін, екі жағы аттарымен белгілі болғанда (азаматтық құқықтағы міндеттілік қатынастары), сол сияқты біржақты болуы да мүмкін (меншіктік құқықтық қатынас) .
  5. Құқықтық қатынастар ерікті сипатта болады. Біріншіден, олар мемлекеттік ерікпен құқықта көрсетілгендей байланыста болады; екіншіден - жекешеленген ерікпен, себебі құқықтық қатынас оның қатынасушыларының санасы арқылы іске асырылады (құқықтың әрекетіндегі психологиялық тетік (механизм) . Сонымен қатар, құқықтық қатынастардың көбісі пайда болады, өзгереді және субъектілердің еркіне қарай тоқтатылады.
  6. Құқықтық қатынастар, құқықта көрсетілгендей мемлекеттің еркі, онымен және күзетіледі.

Айтылған сапаны есептесек, құқықтық қатынасты мемлекетпен күзетілетін ерікті жекешеленген қоғамдық қатынас ретінде анықтауға болады, олардың қатынасушылары бір-бірімен заңды құқықтар мен және міндеттілікпен байланысты.

Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып таблады.

Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол сtбепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.

Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элеметтер тән болады: субъектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және объектілер (құқықтар мен міндеттердің қатыса бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер) .

Әрбір құқық саласында арнайы нормалдар бар, олардың мақсаты - осы саладағы нормалардың әрекетіне кіретін адамдардың ортасын белгілеу. Бұл, белгілерін санаумен, сапасына қараумен шешілген, яғни сала нормаларына жатқызуға субъектілер жоғарыдағы көрсетелген белгілі талаптарға сай болуы қажет. Құқық нормаларымен белгіленген сапа жиынтығы субъектіге, яғни заңды құқығы мен міндеттері бар адамды құқықтық субъектілігі бар деп есептейді.

Құқықтық субъектілік - адамдардың қоғамдық - заңды қасиеттері: оның екі жағы бар - қоғамдық және заңдылық. Қоғамдық - құқықтық субъектілік жағы мынадан көрінеді, яғни субъектінің құқығын заң шығарушы қалай болса солай белгілей алмайды - олар өмірдің өзімен, қоғам дамуының заңдылықтарына сәйкес қажеттілікке сай талап етіледі.

Заңдылық жағы сонда, құқық субъектілерінің белгілері міндетті түрде заң нормаларында бекітілуі керек.

Құқық теориясында жеткілікті түрде негізделген көзқарастар бойынша, құқықтық субъектілікті , субъективтік заңды құқық ретінде қарауға болады - «құқық құқыққа» мемлекеттік құқық нормаларының жолындағы жалпы (жалпы-реттеушілік) құқықтық қатынастардың қалпында болады.

Шын мәнісінде, субъективтік құқықпен жалпылық құқықтық субъективтік табиғаты мұнда көрініп тұр - құқықтық субъектілікте де белгілі. Заңды мүмкіндіктің барлығын көрсетеді. Мұнда былайша айтсақ, құқық субъектілерінің тәртіптеріне реттеушілік ықпал жасалады.

Құқықтық субъектіліктің құрамынан құқықтық қаблеттілік және әрекеттілікті бөліп айтады.

Құқықтық қабілеттілік - құқықпен қамтамасыз етілген адамның субъективтік заңды құқық пен міндеттілікті қабылдау қабылеттілігі, яғни құқықтық қатнастардың қатнасушысы болу. Сонымен, бір ғана құқықтық қабілеттілік құқықтық қатнастардың бір жағы ретінде көріну қабілеттілігі. Жалпы азаматтық құқықтық қабілеттілік оның түған кезінен пайда болады, яғни жас нәресте де азаматтық-құқықтық қатнастардың мүшесі болады (мысалы, мұрагерлік құқықтық қатнастар) .

Әрекеттілік - бұл құқықпен қамтамасыз етілген, өзінің әрекетімен (әрекетсіздігемен) субъективтік заңды құқыққа және міндеттілікке иелену және оны іске асыру не оларды тоқтату.

Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік - құқықтық субъектілік, өзінің табиғатына қарай біртұтас құқықтық әрекеттілік. Шын мәнісіндегі құқықтық субъективтілікті - құқықтық қабілеттілікке және әрекеттілікке бөліп зерттеу негізінен азаматтық құқықта болады және ол барлық субъектілерге бірдей емес (азаматтық құқықтық субъективтік ұйымдар бірлікте) .

Әрекеттіліктің басқа бір түріне деликтоқабілеттілік жатады, ол құқықты бұзғандығы үшін (деликтіні) заңды жаупкершілікті мойындау қабілеттілігі (соған сай заңды міндеттілікті орындау) .

Құқықтық субъектілік жалпылама (жалпы құқық субъектісі болу қабілеттілігі), салалық және арнайы болуы мүмкін (мысалы, заңды адамдардың құқықтық субъективтігі) .

Субъектілердің құқықтық жағдайы (құқықтық статустың) түсінігімен сипатталады. Кәбінес, ол азаматтарда құқықтық субъектілік пен конституциялық құқық пен міндеттерден құралады. Мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адамдардың құқықтық статусының негізі болып табылады.

Сөз «status» латын тілінен аударсақ «жағдай», «ереже» деген сөздердің мағнасын көрсетеді. Дегенмен әдебиетте сонымен қоса «құқықтық ереже» түсінігін ұсынады. Мұндай қосымша ұсынушылықтың сонда ғана мәні болады егер «құқықтық ереже» бойынша нақтылы субъектінің құқықтық жағдайын түсінсек, яғни оның құқықтық статусымен бекітілген болса, өзі тұрған нақтылы құқықтық байланыстың жиынтығына сайлылық болу қажет.

Адамда сондай қоғамдық-заңды қасиеттің болуы, құқықтық субъективтік ретінде, оған құқықтық қатнасқа түсуге заңды мүмкіндік береді, нақтылы заңды құқық пен міндетті алып жүруші болады. Сондай адамдар, заң бойынша құқықтық қатнастардың қатнасушысы болады, оларды құқықтың субъектілері деп атайды.

Құқықтың әрекетінің тетігін түсіну әртүрлі түсініктерді болжайды «құқық субъектісін» және «құқықтық қатнастың субъектісін». Құқық субъектісі - бұл құқықтық қатынастардың «потенциалды» (қабылеті бар) мүшелері, бұл адамдар заңды құқық пен міндеттерді ғана алып жүруші бола алады. Құқықтық қатнастар субъектісіне - бұл құқық субъектісі өзінің құқықтық субъективтігін іске асырып нақтылы құқықтық қатынастардың қатнасушысы болғандар. Әрбір құқықтық қатнастар субъектісі - бұл әр уақытта құқық субъектісі (онсыз ол жәй ғана сондай бола алмас еді), көрінген құқық субъектісі - соның не басқа нақты құқықтық қатынастардың субъектісі бола бермейді.

Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де әлдебіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.

Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе «тұлға» деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандығы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әртүрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек.

Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері - ең алдымен адамдар (жеке тұлға) . Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т, б да құқық пен міндеттелердің иелері болып табылады.

Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және заңды тұлғалар деп бөледі.

Сонымен, құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элеметтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.

1. 2 ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы

Қазақстан Республикасында Азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан тұжырымдамасына сәйкес: «Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншіктің алуан түрлі нысаны кезінде азаматтарды экономикалық дербестіктің пайда болуы мен адами жеке тұлға мәртебесінің артуы болып табылады [4] .

Жеке тұлға дегеніміз - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.

Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Республикасының азаматтарың, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды атаймыз.

Жеке тұлға түсінігі Қазақстан Республикасының әртүрлі құқық салаларында қолданылады. Азаматтық заң шығармашылықта азаматтық құқық субъектісі ретінде қолданылады.

Жеке тұлға түсінігі - Қазақстан Республикасының азаматы, шет ел азаматы және азаматтығы жоқ адамдар түсініктерінің барлығын қамтитын түсінік. Сондықтан бұлардың барлығы азаматтық құқық бойынша жеке тұлға болып табылады.

Азаматтық кодексте әдетте “жеке тұлға” емес “азамат” термині қолданылады. Бірақ онда азаматтар туралы айтылғанда тек қана Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, егер Азаматтық кодексте басқаша көрсетілмесе, сонымен қатар басқа да жеке тұлғалар қарастырылады.

Валюталық реттеу туралы заң шығармашылық және салық заң шығармашылығы жеке тұлғаларды олардың тұрғылықты жеріне байланысты екіге бөлінеді:

  1. резидент;
  2. резидент емес.

Осылайша жеке тұлғаларды екіге бөлу олардың шет елдік валютамен валюталық операция жасау құқықтарының айырмашылығы және жеке тұлғаларға салық салу ерекшеліктерімен байланысты. Валюталық реттеу туралы заң бойынша резидент дегеніміз - Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын жеке тұлғалар оның ішінде уақытша шет елде жүрген немесе Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметінде шет елде жүрген тұлғалар да кіреді [5] .

Ал резидент еместер дегеніміз ол резидентке жатпайтын барлық жеке тұлғалар.

Құқық субъектісі болу адам және азаматқа тән аса маңызды қасиеттің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында айтылғандай мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде - адам және өмірі оның құқықтары мен бостандықтары көрсетілген [6] .

Азаматтық құқық саласымен реттелетін мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарға қатысушы ретінде болатын тұлғалар яғни құқық субъектісі түсінігі азаматтық құқық және азаматтық заң шығармашылық ғылымында аса маңызды түсініктердің бірі болып табылады.

Біздің заң шығармашылық бойынша азаматтық құқықтық қатынас субъектісі ретінде бірінші кезекте адамдар - қоғам мүшелері болады. Сонымен қатар дара тұлғаның азаматтық-құқықтық жағдайы туралы, адам және азамат құқықтары туралы жиі айтылады.

Жеке тұлға атауын отандық ғалымдар “жеке адам”, “дара тұлға”, “даралық”, ”жеке тұлға”, “адам”, ”кісі” тағы басқа ұғым ретінде қарастырады. “жеке тұлға” ұғымы көп мағыналы, біріншіден даралық қасиеттердің бірлігі және әлеуметтік рольдегі іс-әрекеттің субъектісі, екіншіден басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісінде еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі ретінде сипатталады.

Белгілі психолог Б. Г. Ананьевтің еңбегінде “Адам -физиологиялық, психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, тілдің көмегімен бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екендігінен көрінеді”-деп қарастырады [7] .

Тұлғаның дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның тарихы болашағы туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.

Республикамызға танымал ғалымдарымыздың бірі Қ. Б. Жарықбаев: “жеке тұлға - тек адамзатқа арналған. Жеке тұлға - жеке даралық, психикалық қасиеті және әлеуметтік қызметі бар нақты қоғамның мүшесі” [8] .

Бұл жөнінде, А. Н. Тугаринов: “Жеке тұлғаны жауапкершілік пен саналылықты ішкі қасиеттерімен сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданған адам”, - деп көрсетеді [9] .

“Адам” түсінігі құқық субъектісі мағынасында әртүрлі халықаралық құжаттар мен заң шығармашылықта кеңінен қолданылады. БҰҰ-ның 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған адам құқығы жөнінде жалпы декларацияның 6-бабында көрсетілгендей - “Әрбір адам қай жерде болмасын өзінің құқықтық субъектісі екендігінің танылуына құқығы бар”[10] . Азамат азаматтық құқық субъектісі. Соның ішінде азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие. Бірақ азаматтық құқық саласы адамды азаматтық құқықтар мен міндеттер субъектісі ретінде белгілеу үшін басқа түсінікті қолданады, ол - “азамат” түсінігі, яғни бұл түсінік адамды тек адамзат жанұясының мүшесі ретінде емес, оны мемлекет пен белгілі бір байланыста болатын тұлға мағынасында екендігін көрсетеді. Осыған сәйкес азамат түсінігі заң құқықтық түсінік болып табылады.

Азаматтық мемлекет пен тұлғаның арасында саяси-құқықтық байланысты айқындайды. Ал бұл байланыс өзара құқықтар мен міндеттер көрінісін табады. Осыдан мынадай мәселе келіп шығады. Яғни азаматты құқық, азамат түсінігін қолдана отырып берілген мемлекеттің азаматтарын қарастырады.

Басқа мемлекеттерде шығарылған осындай заңдар сәйкесінше сол мемлекеттің азаматтарына байланысты қарастырылады. Азаматтық құқық қатынастарға шет елдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың қатысуы бөлек реттеледі.

Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу ҚР "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңымен реттеленеді [11] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық лизинг
Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні
Экология құқығының дәрістері
Азаматтық талап қою мерзімі
Қазақстан Республикасының азаматтық іске қатысушылар
Банктік қызмет аясындағы банктік құқықтық қатынастар: жалпы сипаттамасы, теориялық мәселелері
Кәсіпкерлік құқықтың әдістері
Тұрғын үй құқығының пәні, жүйесі, әдісі, қағидалары, қайнар көздері
Қылмыстық зардаптар
Құқықты реттеу механизмінің түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz