Макроэкономикаға кіріспе.Макроэкономиканың пәні және әдістемесі



Макроэкономика курсын оқуды бастамастан, бірінші кезекте оның зерттеу затын және негізгі өзекті мәселелерін анықтау қажет, сонымен қоса оның басқа да экономикалық ғылымдармен байланыстарын қарастыру керек. Экономиканың зерттеу объектілерін белгілеу үшін, олардың ғылыми және қолданбалы талдауының әдістемесін анық көрсету үшін микро – және макроэкономикаға бөлу батыс экономикалық әдебиеттерде ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан тарала бастады. Көбінесе бұл үрдіс 1936 жылда Джон Мейнард Кейнстің «Жұмысбастылық, пайызақы және ақшаның жалпы теориясы» атты еңбегі шығарылуымен байланыстырылады. Осы ғалым макроэкономика ғылымының негізін қалаушы деп есептеледі, бірақ оның бөлек элементтері әртүрлі мемлекеттердің ғалымдарымен бұдан да бұрын ХVІІІ – ХІХ ғасырларда зерттелгентін. Кейнстің қосқан үлесі – макроэкономикалық талдаудың негізгі зерттеу объектілерін бекітті және арнайы әдістемесін белгілей бастады.
Макроэкономика ұғымы «макро»( грек тілінен макрос – үлкен, ірі, ұзын) және «зкономика» ( грек тілінде ойкономос – шаруашылықты басқару ғылымы, ілімі) деген екі сөзден тұрады, яғни оның тура аудармасы «үлкен, ірі шаруашылықты басқару, жүргізу туралы ілім».
Макроэкономика қазіргі түсінікте ірі экономикалық мөлшерлермен, объектілермен және жоғары деңгейдегі мәселелермен жұмыс істейді, олардың ішінде:
- ұлттық экономиканың көлемін анықтау (потенциалды, нақты, жоспарлы), оның құрылымын талдау,
- ұлттық экономиканың статикалық (макроэкономикалық тепе-теңдік) және динамикалық (экономикалық өсу мен циклдар) жағдайын зерттеу
- ұлттық экономикадағы тұрақтылық мәселелері: жұмыссыздық пен жұмысбастылық, мәселелерін, ақша айналымы мен инфляция.
- мемлекеттің экономикаға араласу сұрақтары: шегі, жолдары, әдістері, реттеу саясаты(фискалдық және монетарлық).
- ұлттық экономиканың сыртқы қатынастарының тұрақтылығы сұрақтары: төлем балансы, валюталық айналым, капиталдың дүниежүзілік қозғалысы.
Сөйтіп, макроэкономиканың пәні (мазмұны) ішіне шаруашылықты жүргізудің ірі масштабтағы сұрақтары кіргізіледі, олар халық шаруашылығының дамуының жалпы тенденцияларын, оның ірі агрегаттарының, жиынтықтарының тіртібін зерттеуге бағытталған.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі әдебиеттер:
1. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. – М,1999
2. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. – МГУ, 1997.
3. Макроэкономика. Учебник/ под ред. Яковлевой Е. Б. – С-Пб., 1997.
4. Максимова В. Ф., Шишов А. Л. Макроэкономика. – М., 1992.
5. Матвеева Т.Ю. Курс лекций по макроэкономике для экономистов – http://hsemacro.narod.ru
6. Мэнкью Н. Макроэкономика. – М., 1994.
7. Сакс Дж.Макроэкономика Глобальный подход.- М.: Дело, 1999.
8. Селищев А.С. Макроэкономика.- СПб., 2002
9. Тарасевич С.Л., Гальперин В.М. Макроэкономика – СПб,1999

Қосымша әдебиеттер:
1. Доллан Э. Дж., Д. Линдсей. Макроэкономика. – С–Пб.,1994.
2. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. – М., 1993.
3. Кэмпбэл М., Стенли Р. Экономика: проблемы и политика. – М., 1993.
4. Курс экономической теории: Общие основы экономической теории. Микроэкономика. Макроэкономика. Основы национальной экономики.: Учебное пособие / Под ред.д.э.н.,проф. А.В.Сидоровича; МГУ им.М.В.Ломоносова- М.;Изд., «Дело и Сервис», 2001
5. Микро-, макроэкономика.Практикум/ Под общ. ред.Ю.А.Огибина.-С-Пб., 1994
6. Овчинников Г.П. Микроэкономика. Макроэкономика. – СПб. Изд. Михайлова В.А., 1997.
7. Пезенти А. Очерки политической экономики капитализма. – М., 1970.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 170 бет
Таңдаулыға:   
МАКРОЭКОНОМИКАДАН ДӘРІС КУРСЫ

1-ТАҚЫРЫП. МАКРОЭКОНОМИКАҒА КІРІСПЕ. МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1.Макроэкономика пәні, зерттеу мәселелері, объектілері мен субъектілері.
1.2.Макроэкономиклық теорияның даму сатылары.
1.3. Макроэкономикалық талдаудың құралдары. Агрегаттау әдісі.
1.4.Макроэкономикалық үлгілер, олардың эндогенді және экзогенді шамалары.
Макроэкономикалық айналым моделі.

1.1. Макроэкономика пәні, зерттеу мәселелері, объектілері мен
субъектілері.
Макроэкономика курсын оқуды бастамастан, бірінші кезекте оның зерттеу
затын және негізгі өзекті мәселелерін анықтау қажет, сонымен қоса оның
басқа да экономикалық ғылымдармен байланыстарын қарастыру керек.
Экономиканың зерттеу объектілерін белгілеу үшін, олардың ғылыми және
қолданбалы талдауының әдістемесін анық көрсету үшін микро – және
макроэкономикаға бөлу батыс экономикалық әдебиеттерде ХХ ғасырдың 30-шы
жылдарынан тарала бастады. Көбінесе бұл үрдіс 1936 жылда Джон Мейнард
Кейнстің Жұмысбастылық, пайызақы және ақшаның жалпы теориясы атты еңбегі
шығарылуымен байланыстырылады. Осы ғалым макроэкономика ғылымының
негізін қалаушы деп есептеледі, бірақ оның бөлек элементтері әртүрлі
мемлекеттердің ғалымдарымен бұдан да бұрын ХVІІІ – ХІХ ғасырларда
зерттелгентін. Кейнстің қосқан үлесі – макроэкономикалық талдаудың
негізгі зерттеу объектілерін бекітті және арнайы әдістемесін белгілей
бастады.
Макроэкономика ұғымы макро( грек тілінен макрос – үлкен, ірі, ұзын)
және зкономика ( грек тілінде ойкономос – шаруашылықты басқару ғылымы,
ілімі) деген екі сөзден тұрады, яғни оның тура аудармасы үлкен, ірі
шаруашылықты басқару, жүргізу туралы ілім.
Макроэкономика қазіргі түсінікте ірі экономикалық мөлшерлермен,
объектілермен және жоғары деңгейдегі мәселелермен жұмыс істейді, олардың
ішінде:
- ұлттық экономиканың көлемін анықтау (потенциалды, нақты, жоспарлы),
оның құрылымын талдау,
- ұлттық экономиканың статикалық (макроэкономикалық тепе-теңдік) және
динамикалық (экономикалық өсу мен циклдар) жағдайын зерттеу
- ұлттық экономикадағы тұрақтылық мәселелері: жұмыссыздық пен
жұмысбастылық, мәселелерін, ақша айналымы мен инфляция.
- мемлекеттің экономикаға араласу сұрақтары: шегі, жолдары, әдістері,
реттеу саясаты(фискалдық және монетарлық).
- ұлттық экономиканың сыртқы қатынастарының тұрақтылығы сұрақтары:
төлем балансы, валюталық айналым, капиталдың дүниежүзілік қозғалысы.
Сөйтіп, макроэкономиканың пәні (мазмұны) ішіне шаруашылықты жүргізудің
ірі масштабтағы сұрақтары кіргізіледі, олар халық шаруашылығының дамуының
жалпы тенденцияларын, оның ірі агрегаттарының, жиынтықтарының тіртібін
зерттеуге бағытталған.
Макроэкономика - ұлттық экономиканың әрекетін біртұтас бірліктің
тәртібі ретінде зерттейтін экономикалық ғылымның саласы, ол тұрақты
экономикалық өсу, ресурстардың толық жұмысбастылығы, инфляция қарқынын
төмендету және төлем балансының теңдігін сақтау жағдайларын қамту жағын
қарастырады.
Негізгі макроэкономикалық субъектілер - бұл ұй шаруашылығы (ұлттық
тұтынушылар жиынтығы біртұтас субъект ретінде), кәсіпкерлік сектор немесе
фирма (ұлттық тұтынушылар жиынтығы біртұтас шаруашылық субъект ретінде),
мемлекет (үкімет, мемлекеттік сектор), шетел (шет елдік тұтынушылар,
өндірушілер, басқа ел үкіметтері).

1.2. Макроэкономиклық теорияның даму сатылары

Экономикалық ойдың даму тарихында бірінші макроэкономикалық үлгі ретінде
Кенэ кестесі белгілі. 1758 жылда Людовик XV француз королінің
дәрігері Франсуа Кенэ ЖІӨ-нің ұдайы өндірісін ақша ағымдарының
айналымы ретінде қарастырған, оны және адам организміндегі қан айналымы
жүрісіне ұқсатқан. Кенэ бірінші болып ұлттық шаруашылықтың жүргізілуінің
тәртібін реттейтін заңдардың объективтік табиғатын дәлелдеген. Кенэ
ұлттық экономиканы үш негізгі макроэкономикалық субъектілер – үш таптардың
(ауылшаруашылық өнімін шығарушы шаруалар, әртүрлі құралдар мен бұйымдар
шығаратын ұсталар және жер иелері табы) қарым-қатынастары жүйесі ретінде
қарастырған.
Келесі тарихтағы макроэкономикаплық үлгі - К.Маркстің Капитал
еңбегінің 2 томында (1885 жыл) жарық көрген. Онда халық шаруашылығының
екісекторлы моделі шеңберінде жалпы қоғамдық өнімнің (ЖҚӨ) жәй және
кеңейтілген түрдегі ұдайы өндірісі берілген. Маркс ЖҚӨ-нің құрылымында
ақшалай құнды және натуралды-заттық қалыптары арасындағы сәйкестігі
қажеттілігі туралы айтқан.
Қоғамдық өнімнің құндық(ақшалай) қалпын Маркс келесі формурамен
көрсеткен:
W= c+v+m, мұнда W- ЖҚӨ құны, c- материалдық шығындар (өндіріс
құралдарының ұсталған бөлігінің құны), v - еңбек табыстары (жұмыс
күшінің құны), m- капитал табыстары (қосылған құн).
Жәй ұдайы өндірістің жүргізілуі шарты ретінде Маркс келесі теңдіктің
орындалуын қажет дейді: өндіріс құралдарын шығарғаннан түскен еңбек пен
капиаталдың табыстарының сомасы жеке тұтыну заттарына кететін шығындар
сомасына тең болуы қажет. Мұндайда өндірілген тұтыну заттарының құны
оларды сатып алуға қажетті факторлық табыстардың сомасына тең болады.
Халық шаруашылығының ұдайы өндірісінің құрылымдық шарттарының
талдауының әрі қарай дамуының көрінісі – В. Леонтьевтің өткен ғасырлың
30-шы жылдарында шығарған салааралық баланстың моделі.

Кейнсиандық бағыттың өкілдері жалпы шығындардың тұрақтандыруын
мемлекеттің шығындардың, салықтардың және ақша ұсынымының мөлшерлерін
өзгерту көмегімен жетілдіру керек деп табады. Монетаристер ақша массасының
өзгеруін экономиканы тұрақтандырудың универсалды құралы деп ұсынады.
Неокейнсиандық бағытта макроэкономикалық деңгейде еңбек ақы мен бағалар
ақырын өзгеретін жағдайда экономикалық агенттердің күтулері концепциялары
қалыптастырылды. Рационалды күтімдердің неоклассикалық моделінде бағалар
мен еңбек ақы нарық коньюктурасы өзгеруіне тез жауап береді, соның
нәтижесінде үкімет пен Орталық Банктің саясатына экономикалық агенттердің
сенімі болған жағдайда экономика тез тұрақтанған қалыпына келеді. Қазіргі
уақытта макроэкономикалық теория – жас ғылым, оның кейбір мәселелері әлі де
жетіксіз зерттелген. Ондай мәселеге, мысалы, экономикалық құбылыстардың
психологиялық жағы жатады, жекелеп айтқанда адамдардың күтулерінің (оның
ішінде тұтынушылар, инвесторлар, қаржылық дел-далдар және тағы басқа
экономикалық агенттердің күтулері) қалыптасуы механизмі. Күтулер – бұл
көптеген бизнестің тәртібіне және мемлекеттің экономикалық саясатына
байланысты шамаларға тәуелді емес иррационалды фактор.
Бұл категорияны қарастыру барысында аса маңызды сұрақ – күтулердің
рационалдылығы сипаты, яғни шаруашылық субъектілердің ақпараттан мәлім
болуы, экономикалық сауаттылығы, тәжірибелігі дәрежесі. Осыған байланысты
үкіметтің әрекеттерін болжау мүмкіндігі туындайды (салықтар, табыстар,
кеден салымдары, еңбек ақы реттеу, ақша айналымын реттеу салаларында),
осыдан олардың әсерін жоққа шығаруға да біліктілік пайда болады. Саяси
әрекетердің микродеңгейдегі жоққа шығарылуы туралы өзінің аты шулы
Әлеуметтік ортадағы оқиғаларды алдын-ала көру мүмкіндігі туралы
мақаласында американдық экономист-ғалым Ф. Модильяни жазған (1957 жыл).
Осыдан қортатынымыз, психологиялық фактор, адамдардың тәртібінің ішкі
мотивтері саясат пен экономика өзара әрекеттенуін жүргізетін ортаны
қалыптастырады. Экономикалық саясат пен шартты түрде күтулер факторы деп
аталатын психологиялық фактордың өзара байланысы екі жақты болады.
Күтулер ішінде инфляциялық күтімдер жеке орын алады, олар адамдардың
болашақта бағалардың деңгейінің өзгеруін тосумен байланысты тұтыну,
инвестициялау немесе жинақтау туралы шешімдерді қабылдауын белгілейді.
Күтулерді статикалық, адаптивтік (бейімделген), рационалды түрлері.

1.3. Макроэкономикалық талдаудың құралдары.

Агрегаттау әдісі. Макроэкономикада агрегатталған (жиынтық) шамалар
қолданылады: олар - субъектілердің жиынтығы және олардың жиынтық
көрсеткіштері. Мысалы, агрегатталған субъекті ретінде үйшаруашылықтар –
бұл нақты ұлттық экономикадағы тұтынушылардың жиынтығы, ал агрегатталған
шамалар - олардың жиынтық көрсеткіштері: жеке табыстар, қолдағы табыстар,
жинақтар, жеке тұтыну шығындары. Агрегаттау объектісі ретінде нарықтар да
қарастырылады, макроэкономикада негізгі экономикалық субъектілер жеке
нарықтарда емес ұлттық нарықтарда – жеке нарықтардың жиынтығында бір-
бірімен әрекеттеседі. Көптеген нақты игіліктер бір макроэкономикалық
жиынтық объектіге айналғандықтан, бағаның микроэкономикалық ұғымы
(айырбас пропорциясы көрінісі ретінде) қолданылмайды. Зерттеу объектісі
ретінде бағалардың абсолютті және салыстырмалы деңгейі қарастырылады.
Макроэкономикалық агрегаттау агрегатталатын элементтердің қасиеттерін
сомалау ғана емес, өйткені макроэкономика күрделі ұйымдасқан жүйе бола
тұра, эмердженттік сипатқа ие. Сондықтан бір микроэкономикалық
субъектінің әрекеттінің салдары макроэкономикалық субъектінің тура
сондай әрекетінің салдарымен сәйкес келмейді. Мысалы, дағдарыс кезеңінде
бір фирма нақты инвестициялардан бас тартса, онда ол әрекет оның
капиталының сақталып қалуына әкеледі, бірақ бүкіл ұлттық фирмалар осындай
әрекет етсе, онда олардың жиынтық капиталының және әрқайсысының жеке
капиталдарының құндылығы түсіп қалады.
Макроэкономикалық агрегаттаудың кемшілігі келесіде: ақпарат жағдайды
толық емес өрнектейді, экономикалық зерттеулердің абстракциялау (нақты
жағдайдан алшақтау) деңгейі өсе бастайды. Сонымен қоса агрегаттау арқылы
ұлттық экономика тұрғысындағы күрделі үрдістердің мәні анықталады.
Агрегатталған көрсеткіштер өзінің экономикалық маңыздылыған және ғылыми
құндылығын жоғалтпауы үшін агрегаттаудың өзіндік ережелерін сақтау қажет.
Бұл ережелер эконометриканың арнайы бөлімінде көрсетіледі.
Функционалдық талдау. Макроэкономикалық агрегаттау нәтижесінде ұлттық
экономиканың әрекеттенуі төрт негізгі макроэкономикалық субъектілердің
агрегатталған нарықтардағы бір- бірімен шаруашылық әрекеттесуімен көрініс
табады. Экономикалық нақты жағдайжы жеңілдетілген түрде көрсету үшін
макроэкономикалық байланыстар азайтылып негізгілері ғана жиылып
қарастырылады. Осындай байланыстардың формальды қалыптары
макроэкономикалық үлгідердің негізін құрайды, бұл үлгідер макро талдаудың
негізгі құралы болып табылады.

1.4. Макроэкономикалық үлгідер, олардың эндогенді және экзогенді шамалары.
Макроэкономикалық айналым моделі.

Үлгідер өздеріне екі түрлі шамаларды кіргізеді: ішкі(эндогенді) және
сыртқы(экзогенді). Біріншілер үлгі құрастырар алдында белгісіз болады
және үлгідің ішінен табылады, екіншілер үлгі құрастырар алдында белгілі
болады, сырттан беріледі. Жүйенің әрекеттенуінің моделін құру - үлгідің
белгілі және белгісіз шамаларын байланыстыратын операторды (функцияны)
тауып белгілеу деп анықталады. Макроэкномикалық үлгідерді құру
барысында әдетте төрт түрлі функционалдық байланыстарды қолданады:
1. Тәртіп белгілейтін функциялар – олар қоғамда қалыптасқан ұнатуларды
белгілейді. Мысалы, үй шаруашылықтардың өз табысын тұтыну мен
жинақтары арасында бөлуі заңдылығын тұтыну функциясы(С=С(y)) немесе
жинақ функциясы (S=S(Y) қалпында көрсетуге болады.
2. Өндірістің технологиялық жағдайларын сипаттайтын функциялар.
Мысалы, микроэкономикадан белгілі өндірістік функция.
3. Интституционалды функциялар, олар үлгідің шамалары арасындағы
бекіген байланыстарын көрсетеді. Мысалы, салық түсімдерінің сомасы (Т)
табыстың (у) функциясы және тиісті институт белгілеген салық
ставкасы (t) мөлшеріне функционалды байланыста: Т= ty
4. Дефинициялық функциялар, олар экономикалық құбылыстардың сөздік
анықтамасынан шығатын байланыстарды көрсетеді. Мысалы, игіліктер
нарығында жиынтық сұраным(Yd) ретінде үйшаруашылықтардың жеке
тұтыну сұранымы (С), кәсіпкерлік сектордың инвестициялық сұранымы
(І), мемлекеттің сұранымы(G), шетелдің сұранымы (Xn) мөлшерлерінің
сомасы: Yd = C+I+G+Xn.
Әдетте макроэкономикалық үлгідерде экзогендік параметрлер ретінде
өндірістік функция ретінде өндіріс технологиясы және сұраным мен ұсынымның
функциялары ретінде экономикалық субъектілердің тәртібінің сипаты
беріледі. Эндогенді, үлгіден шығарылатын көрсеткіштер болып нақты ұлттық
табыс мөлшері, жұмысбастылық деңгейі, нақты еңбек ақы мөлшері, нақты
пайызақы ставкасы және бағалар деңгейі табылады.

1.4 сурет Жабық ұлттық экономикадағы айналым үлгісі
Қазіргі батыстың экономикалық әдебиетінде қоғамдық ұдайы өндірістің
үздіксіздігі ашық экономикалық айналым моделінде қарастырылады: мұнда
экономикалық субъектілер болып үй шаруашылықтары, мемлекет, фирмалар, шетел
секторы қарастырылады.

Өз білетініңізді тексеру үшін төмендегі мынадай сұраққа жауап беріңіз:
• Макроэкономика пәні неге 20 ғасырдың 30 жылдарында пайда болды?
20 ғасырдың 30 жылдарында болған қандай құбылыс макроэкономика
қалыптасуына әсерін тигізді?
• Макроэкономикалық талдаудың негізгі объектілерін көрсетіңіз?
• Қазіргі кезеңде қандай макроэкономикалық мектептер кең көлемде
тараған?
• Макроэкономикалық мектептердің арасында негізгі қарама-
қарсылықтарды құрайтын сұрақтарды көрсетіңіз?
• Табыстар мен шығындар, өнімдер мен ресурстардың айналым
үлгісіндегі нақты және номиналды ағымдарын атаңыз?
• Табыстар және шығындар айналымы үлгісі бойынша экономикалық жүйе
тепе-теңдікте болатын шартты көрсетіңіз?
• Макроэкономика қандай болжамдармен жұмыс істейді?

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. – М,1999
2. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. – МГУ, 1997.
3. Макроэкономика. Учебник под ред. Яковлевой Е. Б. – С-Пб., 1997.
4. Максимова В. Ф., Шишов А. Л. Макроэкономика. – М., 1992.
5. Матвеева Т.Ю. Курс лекций по макроэкономике для экономистов –
http:hsemacro.narod.ru
6. Мэнкью Н. Макроэкономика. – М., 1994.
7. Сакс Дж.Макроэкономика Глобальный подход.- М.: Дело, 1999.
8. Селищев А.С. Макроэкономика.- СПб., 2002
9. Тарасевич С.Л., Гальперин В.М. Макроэкономика – СПб,1999

Қосымша әдебиеттер:

1. Доллан Э. Дж., Д. Линдсей. Макроэкономика. – С–Пб.,1994.
2. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. – М., 1993.
3. Кэмпбэл М., Стенли Р. Экономика: проблемы и политика. – М., 1993.
4. Курс экономической теории: Общие основы экономической теории.
Микроэкономика. Макроэкономика. Основы национальной экономики.: Учебное
пособие Под ред.д.э.н.,проф. А.В.Сидоровича; МГУ им.М.В.Ломоносова-
М.;Изд., Дело и Сервис, 2001
5. Микро-, макроэкономика.Практикум Под общ. ред.Ю.А.Огибина.-С-Пб., 1994
6. Овчинников Г.П. Микроэкономика. Макроэкономика. – СПб. Изд. Михайлова
В.А., 1997.
7. Пезенти А. Очерки политической экономики капитализма. – М., 1970.
8. Самуэльсон П.Экономика. Т.1,2. - М.: Финансы и статистика, 1992.
9. Шишов А. Л. Макроэкономика. – М., 1997.
10. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р.Экономика.- М., 1993.

ТАҚЫРЫП 2. НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР.

2.1 Ұлттық есеп шоты құрылымы және оның мәні. Экономикалық қызметтердің
өлшеу нәтижесі. ЖҰӨ есептеу тәсілі.
2.2 Нақты және номинальді ЖҰӨ. Баға индексі. Тұтынушы баға индексі.
Өндіруші баға индексі. Ласпейрес және Пааше индекстері. ЖҰӨ-нің дефляторы.
2.3 ЖҰӨ және жеке табыстар. ЖҰӨ және жиынтық шығындар. ЖҰӨ және ҰЕЖ
көрсеткіштері (ТҰО, ҰТ, ЖТ, БЖТ). Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.
Оларды анықтайтын факторлар.

1. Ұлттық есеп шоты құрылымы және оның мәні. Экономикалық қызметтердің
өлшеу нәтижесі. ЖҰӨ есептеу тәсілі..

Макроэкономикалық үрдістер үшін олардың өзіндік параметрлерінің
(көрсеткіштеріннің) болуы тән сипат. Макроэкономикалық талдау жүргізу
барысында көптеген болжамдарды жасау сол макроэкономикалық
көрсеткіштердің мәнін анықтау, олардың дұрысты, ғылыми дәлелденген
ұғымдарын қалыптастыру, араларындағы қатынастардың сипатын ашусұрақтарының
шешілуіне байланысты. Бұл параметрлерді нақты экономикалық үрдістерде
практикалық мақсатта қолдануға болады. Макроэкономикалық
көрсеткіштердің көптеген үлгілері бар, нарықтық жағдайларда олар құндық,
ақшалық көріністе (өлшемде) болады. Сондықтан оларды салыстыруға,
байланыстыруға мүмкіндік болады. Бірақ макролэкономикалықұ көрсеткіштерді
сандық, натуралдық шамалар арқылы да белгілеуге болады, егер, мысалы,
дағдарыстың өнім шығаруды натуралды көрсеткіштеріне әсерін анықтау керек
болғанда. Бірақ мұндай натуралдық қалыптағы бағалау сирек қолданылады,
өйткені ол көрсеткіштеді өзара байланыстары арқылы зерттеу үрдісін
қиындатады. Макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы байланыстар
макроэкономикалық пропорциялар арқылы сипатталады.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ұлттық деңгейдегі қоғамдық
өндірістің нәтижелерін анықтауға жәрдемдеседі. Бұл нәтижелерді бағалау
барысында үш категорияға назар аударылады - ұлттық байлық, ұлттық өнім,
ұлттық табыс. Ұлттық байлық – қор ұғымына жатады, ол бір мемлекет
шеңберіндегі бар экономикалық игіліктердің жиынтығын көрсетеді. Ұлттық
байлық мөлшері ұлттық өндірістің мүмкіндіктерін сипаттайды және халықтың
хал-ауқатын көтермелеудің көзі болады. Ұлттық байлық екі қалыпта болады
- қоғамның материалдық байлығы және материалдық емес байлығы- адам
капиталы.
Ұлттық өнім – бұл ұлттық экономикада жасалынып шығарылған өнімдер мен
қызметтердің жиынтық нарықтық құны, ол ағымдар категориясына жатады. Ұлттық
табыс – бұл ұлттық өнімді өндіруге жұмсалған өндіріс факторлары иелерінің
жиынтық таза табыстарының жиынтығы. Ұлттық табыс та ағымдар категориясы, ол

Ұлттық өнім бір жыл ішіндегі ұлттық байлықтың өзгеруін көрсететін
шама. Ол екі негізгі көрсетктіштер – ЖІӨ (жалпы ұлттық өнім) және ІІӨ (ішкі
ұлттық өнім)- арқылы сипатталады.
Жалпы ұлттық өнім – бұл ұлттық экономикада белгілі бір уақыт
шеңберінде (әлетте бір жыл ішінде) өндірілген соңғы тауарлар мен
қызметтердің жиынтық нарықтық құны. ЖІӨ берілген мемлекеттің
азаматтарының (резиденттердің) меншігіндегі өндіріс факторлары арқылы
шығарылған, оның ішінде басқа мемлекеттің жерінде де өндірілген соңғы
өнімдердің құнын өлшейді.
Жалры ішкі өнім - берілген мемлекет жерінде мемлекеттің өз
азаматтары және шетел азаматтары меншігіндегі өндіріс факторлары арқылы
шығарған соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны.
Соңғы тауарлар мен қызметтер деп соңғы тұтыну үшін сатып алынатын
және аралық тұтыну (яғни басқа тауарлар мен қызметтерді шығару)
мақсатында қолданылмайтын игіліктерді айтады.
ЖІӨ (ІІӨ) өлшеп анықтаудың үш тәсілі бар:
- шығындар бойынша(соңғы қолдану тәсілі);
- табыс бойынша(бөлу бағыттары тәсілі);
- қосымша құн бойынша (өндірістік тәсіл).
ЖІӨ-ді шығындар бойынша есептегенде бүкіл экономикалық агенттердің
оны қолдануына кететін шығындары еспетеледі:
ЖІӨшығ= C + I + G + Xn
(2.1)
Бұл теңдікте:
С – жеке тұтыну шығындары, оларға үй шаруашылықтардың ұзақ мерзім
қолданылатын тауарларға және ағымдағы тұтыну тауарлары мен қызметтеріне
кететін шығындар енгізіледі, бірақ тұрғын үй сатып алу шығындары ғана
кіргізілмейді;
I - жалпы ішкі инвестициялар, оларға өндірістік капиталды салымдар,
негізгі қорларға инвестициялар, тұрғын үй салуға инвестициялар,
запастарға (қорларға) инвестициялар (+ - қорлардың өсуін, – деген
қорлардың азаюын көрсетеді) жиынтық саны жатқызылады;
G - тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары, оларға,
мысалы, мектептер мен емханалар салу шығындары, жолдарды салу және әскер
мен мемлекеттік басқару қызметкерлерін ұстау шығындары жатқызылады. Бұлар
толық мемлекеттік шығындар емес, өйткені, мысалы, олардың санына
трансферттік төлемдерге кететін шығындар енгізілмейді;
Xn - тауарлар мен қызметтердің таза экспорты, ол экспорт пен импорт
арасындағы айырма ретінде есептеліп анықталады.
2.1- ші теңдікті әдетте негізгі макроэкономикалық теңдік деп атайды.

ЖІӨ -ге кіргізілмейтін шығындар: өткен жылдарда өндірілген тауарларды
сатып алуға кететін шығындар (мысалы, 5 жыл бұрын салынған үйді сатып алу),
сонымен қоса аралық тұтыну өнімдеріне кететін шығындар. Осының арқасында
екі рет санау қатесін жібермеуге мүмкіндік туады.
ЖІӨ компоненттері ішінде ең көп үлес алатындар көбінесе жеке тұтыну
шығындары (С), ал ең құбылмалылары – инвестициялық шығындар (I). Мысалы,
2003 жылда Қазақстан Республикасында үй шаруашылықтардың соңғы тұтынуға
шығындары ЖІӨ-нің құнының 53,2 % -ға тең үлесін құрады, ал инвестициялық
шығындар үлесі 25,7 %-ға тең болды, мемлекеттік сектордың соңғы тұтыну
шығындары 11,1 %-дық үлесте болды.
ЖІӨ-ді табыстар бойынша есептегенде факторлық табыстардың бүкіл
түрлері (еңбек ақы, қозғалмайтын мүліктен рента, пайызақы, тағы басқалар)
және табыс болып саналмайтын екі компонент: амортизациялық шығындар мен
бизнеске салынатын таза жанама салықтар, яғни салықтар мен субсидиялардың
айырмасы сомаланады.
ЖІӨ құрамына енетін факторлық табыстарға әдетте келесілерді жатқызады:
- жалдамалы еңбек күшінің алатын ақылары (еңбек ақы, сыйақылар, басқа
да қосымша төлемдер);
- мүлік иелерінің табыстары – корпоративтік емес кәсіпорындардың
табыстары, ұсақ дүкен, фермерлер, кәсіпкерлер табысы;
- ренталық төлемдер, оның ішінде қозғалмайтын мүлік иелерінің алатын
жал төлемдері;
- корпорациялар пайдасы, оның ішінде акционерлерге төленетін
дивидендтер, бөлінбеген пайда, мемлекетке түсетін корпорация
пайдасына салықтар;
- таза пайызақы, бұл фирмалардың басқа экономикалық агенттерге
төлеген пайыздық төлемдері мен фирмалар басқа секторлардан алған
пайызақысы арасындағы айырма (оның ішіне мемлекеттік қарыздар
бойынша төленетін пайыздар есептелмейді).

ЖІӨ мен ІІӨ арасындағы байланыс келесідей белгіленеді:

ЖІӨ = ІІӨ + шетелден келген таза факторлық табыстар

Шетелден келген таза табыстар берілген мемлекеттің азаматтарының
шетелде тапқан табыстары мен шетел азаматтарының осы мемлекеттің ішінде
тапқан табыстары арасындағы айырмаға тең.
ЖІӨ-ді есептеудің өндірістік тәсілі бойынша соңғы өнім өндірісінің
әр сатысында қосылған құндар жиындалады. Қосымша құн – бұл фирма шығарған
өнімі құны мен шикізат, материалдар, басқа да аралық өнімдерді сатып
алүға жұмсалған сома арасындағы айырма. ЖІӨ мөлшері бүкіл өндірістік
фирмалардың қосымша құндарының жиынтығымен анықталады. Бұл әдіс фирмалар
мен салалардың ЖІӨ құнын жасауға салған үлестерін есепке алуға мүмкіндік
береді. Аралық өнімнің құнын есептен шығару екі рет санау мәселесін
шешуге мүмкіндік береді.

2.2 Нақты және номинальді ЖҰӨ. Баға индексі. Тұтынушы баға индексі.
Өндіруші баға индексі. Ласпейрестің және Пааше индексі. ЖҰӨ-нің дефляторы.

ЖІӨ бір жылдық өндірістің нарықтық құнын өлшейді, сондықтан ол ақшалық
көрсеткіш болып табылады. Мұндай қалыпта болуы келесі қажеттілікпен
байланысты: өндірілген әртүрлі заттық қалыптағы тауарларды біріктіріп
санау үшін, олардың ортақ бір қасиетін қолдану керек, бұл қасиет –
тауардың нарықтық құнының болуы. Сонымен қоса, натуралды көрсеткіштерге
қарағанда, ақшалай көрсеткіштер оңай салыстырылады.
Мысалы, бір гипотетикалық экономикада бір жылы 500 дана автокөлік және
30 мың тонна бидай, екінші жылда – 300 дана автокөлік және 50 мың тонна
бидай өндірілді делік. Қай жылы өндіріс көлемі көп болды? Бұл сұраққа
жауап беру үшін біз натуралды көрсеткіштерді – тауарлардың санын ақшалай
көрсеткішке айналдыруымыз қажет, өйткені бір өнім даналар санымен
көрсетілген, екіншісі – мың тонна бірліктерінде берілген, сондықтан оларды
құры қосу мүмкін емес. Егер 1 дана автокөліктің нарықтық бағасы 8 000 $
болса, ал 1 мың тонна бидай бағасы 150 000 $ болса, онда ЖІӨ бірінші
жылда = 8 000$ * 500 + 150 000$ * 30 = 8 500 000$, ал ЖІӨ екінші жылда =
8000$ * 300 + 150 000$ * 50 = 9 900 000$.
Енді есептелген ақшалық қалыптағы екі жылға өндіріс көлемдер
мөлшерлерін бір-бірімен салыстыру мүмкін: екінші жылда бірінші жылға
қарағанда 1млн 400 мың $-ға (9 900 000$ – 8 500 000$) көп өнім өндірілді.

Сонымен ЖІӨ ақшалай көрсеткіш деп анықтадық, және оның бұл қалыпта
болуы қажеттілігін дәлілдедік. Бірақ осы ЖІӨ-нің ақшалай қалыпта болуының
өз кемшіліктері де бар, өйткені оның жылдар бойғы мөлшерінің өзгерулері
тек нақты өндіріс көлдемінің ғана өзгерісін көрсетпейді, сонымен қоса ақша
бірлігінің өзіндік құнының (төлем қабілеттілігінің) өзгеруін де
көрсетеді. Сондықтан өндірістің физикалық көлемінің өзгерісін толық аңғару
үшін номиналды және нақты ЖІӨ көрсеткіштерін бөлек талдап қарастырады.
Номиналды (атаулы) ЖІӨ - бұл ағымдағы бағаларда есептеліп өлшенген
ағымды жылда өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық
құны.
Нақты ЖІӨ - бұл салыстыруға мүмкіндік беретін базалық жылғы
бағалармен көрсетілген ағымды жылда өндірілген соңғы тауарлар мен
қызметтердің жиынтық нарықтық құны. Яғни нақты ЖІӨ бағалар деңгейінің
өзгеруін ескеріп нақты өндіріс көлемін көрсетеді.
Нақты ЖІӨ мөлшерін табу үшін номиналды ЖІӨ-нің мөлшерін бағалар
индексіне байланысты тұзейді:
Бағалар индексі - бұл тауарлар мен қызметтердің белгілі бір
үйлесімді жиынтығы (нарықтық қоржын) құнының ағымды бағамен және базалық
жылғы бағамен өлшенген мөлшерлерінің бір-біріне қатынасы.

Егер бағалар индексінің мөлшері бірден төмен болса ( 1), онда номиналды
ЖІӨ өсу жағына қарай тұзетіледі, мұндай тұзету инфляциялау деп аталады.
Егер бағалар инлексінің мөлшері бірден жоғары (1) болса, онда дефляциялау
жүргізіледі – нақты ЖІӨ мөлшері төмендетілу жағына қарай түзетіледі.
Бағалар индексі инфляция қарқынын өлшеу үшін және өмір сүру құнының
динамикасын бағалау мақсатында қолданылады.
Бағалар индекстерінің бірнеше түрлері бар, олар есептелуі тәртіптері
бойынша ерекшеленеді: а) жеке тұтыну бағалары индексі; ә) Ласпейрас
индексі; б) Пааше индексі немесе ЖІӨ дефляторы; в) Фишер индексі.
Тұтыну бағалар индексі (ТБИ) орта статистикалық үй шаруашылық
әдетте тұтынатын тауарлар мен қызметтердің қоржынының құнын ағымды және
базалық жылғы бағалармен өлшеп салыстыру арқылы табылады.
ТБИ-дің есептелуі көбінде Ласпейрас индексін есептеу тәртібімен
жүргізіледі. Ласпейрас индексі – базалық жылдағы игіліктердің жиынын
(қоржынын) ағымдағы және базалық бағалар таразыларына өлшеп, құнын
салыстыру негізінде қалыптасатын көрсеткіш.

Бұл формулада Pi0 және Pit - і-ші игіліктің базалық (0) және ағымды
жылдағы (t) бағалары, Qi0 - і-ші игіліктің базалық жылдағы саны.
Ласпейрас индексі ағымдағы жылдағы игіліктер жиынының немесе тұтынушы
қоржыны құрылымындағы өзгерістерді ескермейді, базалық кезеңдегңі қалпымен
тұрақты ұстайды. Сондықтан өлшеу нәтижелері көбінде нақтыдан жоғарылау
болады.
Кеңінен макроэкономикалық талдауда қолданылатын ЖІӨ дефляторы Пааше
индексі есептелуі жолымен табылады, мұнда ағымдағы және базалық бағалар
таразыларына ағымдағы жылдағы игіліктердің жиыны салынады.

Егер Пааше индексінде Q орнына ЖІӨ құрамындағы бүкіл игіліктер жиынын
, ал Р орнына олардың бағасын қойсақ, онда ЖІӨ дефляторын табамыз.
Дефлятор номиналды (атаулы) ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасын көрсетеді:

Ласпейрас индексіне қарағанда Пааше индексі экономикадағы бағалар
деңгейнің өсу қарқынын сәл азайтып көрсетеді, өйткені ол да игіліктер
жиынының құрылымындағы динамикалық өзгерістерді аңғармайды, оны ағымды
кезеңде тұрақты ұстайды. Егер оның көмегімен өмір сұру құнын бағаласа,
онда базалық жылда болған, бірақ ағымдағы жылдағы қоржында жоқ
игіліктердің тұтынуына бағалар өзгерісінің әсері ескерілмейді.
Фишер индексі Ласпейрас пен Пааше индекстерінің кемшіліктерін жояюға
бағытталған, ол аталған көрсеткіштердің орташа шамасы болып табылады: Ip
Фишер = √ Ipласпейрас × Ip Пааше .

2.3. ЖҰӨ және ҰЕЖ көрсеткіштері (ТҰӨ, ҰТ, ЖТ, БЖТ). ЖҰӨ және жеке табыстар.
ЖҰӨ және жиынтық шығындар Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Оларды
анықтаудағы факторлар.

ЖІӨ мен ЖҰӨ-нен басқа да ұлттық табыс пен ұлттық өнімді сипаттайтын
макроэкономикалық көрсеткіштер бар. Олар таза ұлттық өнім (ТҰӨ), ұлттық
табыс (ҰТ), жеке табыс(ЖТ), қолдағы жеке табыс (ҚЖТ). Бұл көрсеткіштер
арасындағы байланыс келесідей болады:

ТІӨ = ЖІӨ - амортизация

ҰТ = ТІӨ - таза жанама салықтар
ЖТ = ҰТ - әлеуметтік сақтандыруға төлемдер – корпорациялардың бөлінбеген
пайдасы - корпорациялар пайдасына салынатын салық + трансферттік
төлемдер
ҚЖТ = ЖТ – жеке салықтар

Қолдағы жеке табыс (DI деп белгілеуге болады) үйшаруашылықтардың
ағымдағы тұтынуына (C) немесе жинақтарға(S) жұмсалынады: DI =C + S.
Аталған көрсеткіштерге (ЖІӨ, ТІӨ, ҰТ, ЖТ және ҚЖТ) негізделген Ұлттық
есеп-шоттар жүйесі(ҰЕЖ) қазіргі кезеңде көптеген нарықтық экономика дамыған
мемлекеттерде қолданылады, оның негізгі мақсаты - ұлттық табысты
қалыптастыру, бөлу және жұмсау үрдістері туралы сандық өлшемде ақпарат
беру.
Ұлттық есеп-шоттар жүйесі Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық
комиссиясы ұсынысы бойынша 1953 жылдан бастап дамыған капиталистік елдерде
қолданыла бастады. ҰЕЖ-ны дайындау ісіне ғалым-экономисттер Саймон
Кузнец (1901-1985) және Ричард Стоун (1913 жылы туған) ең маңызды үлес
қосты. 1993 жылы БІІ жаңа стандарттағы ҰЕЖ-сін дайындап рәсімдеді.
Қазақстан Республикасында ҰЕЖ-ге көшу 1996 жылдан басталды.
ҰЕЖ құрылуы келесі принциптерге сүйенеді:
- бұл жүйе макродеңейдегі экономикалық дамуды сипаттайтын бір-біріне
тәуелді көрсеткіштерінің жиынтығы;
- оның негізінде мемлекет ішіндегі ресурстардың ұсталыну бағыттарын
анықтау мүмкін және кейіннен кешенді түрде олардың тиімді ұсталыну
бағытында нұсқаулар қалыптастыруға болады;
- бұл жүйе арқылы бір мемлекеттің экономикасының бүкіл меншік түрлері
мен қалыптарындағы секторларындағы ұлттық өнім құнының жылжуы
көрсетіледі;
- жүйе әрқашанда өзіндік жетілдіру және дамыту бағытында жүріп
отырады, әр мемлекет пен экономикалық аймақ ерешеліктерін ескеріп,
оған қалыптасуға тырысады;
- осы жүйе халық шаруашылығын дамыту үлгілерін қалыптастыруға
мүмкіндік береді, ол бойынша экономикалық өсу қарқынын мемлекеттік
бюджеттің артықшылығын немесе тапшылығын, инфляция жүрісін болжауға
болады.
ЖІӨ шығындар ағындары арқылы есептелгенде, бүкіл экономикалық агенттердің
– үй шаруашылықтар, фирмалар, мемлекет және шетел субъеткілерінің ұлттық
өндірісте шығарылған өнімді сатып алуына жиынтық шығындарын, басқаша
айтқанда жиынтық сұранымын (AD) анықтайды.
Яғни, AD = ЖІӨшығындар бойынша =C+I+G+Xn .

ЖІӨ табыстар бойынша есептелгенде ұлттық өндіріс факторлары иелерінің
өз өнімдерін өткізуден табастын жиынтық табысын, яғни жиынтық ұсыным (AS)
көрсеткішін сан жағынан анықтайды.
Жиынтық ұсыным мен жиынтық сұраным арасындағы байланыс шығындар мен
табыстар айналымы арқылы көрсетіледі. Жиынтық ұсыным білдірген
макроэкономикалық субъектілер тапқан табыстарын әрі қарай өз шаруашылық
әрекетін жүргізу үшін жұмсайды, яғни шығындар жасайды, сол арқылы жиынтық
сұранымын белгілейді. Екінші жақтан біреулердің игіліктерді сатып алуға
жасаған шығындары, сол игіліктерді ұсынған субъектідлердің табысына
айналады. Осылайша, табыстар мен шығындар бірі-біріне айналып, байланысқа
түседі. Сондықтан, ЖІӨ табыстар мен шығындар бойынша өлшеп анықтау бір
үрдістің - ұлттық өндірісте жасалған өнімнің айналуының екі жақты көрінісі
болады. Осыған байланысты. ЖІӨ-нің табыстар бойынша және шығындар бойынша
бір жылда есептелген мөлшерлері бір біріне тең болуы керек. Бұл алғы
шарт ұлттық есеп-шоттар жүйесінде екі рет корреспонденттік шоттарда жазылу
тәсілі арқылы халық шаруашылығы балансы арқылы іске асады.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. – М,1999
2. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. – МГУ, 1997.
3. Макроэкономика. Учебник под ред. Яковлевой Е. Б. – С-Пб., 1997.
4. Максимова В. Ф., Шишов А. Л. Макроэкономика. – М., 1992.
5. Матвеева Т.Ю. Курс лекций по макроэкономике для экономистов –
http:hsemacro.narod.ru
6. Мэнкью Н. Макроэкономика. – М., 1994.
7. Сакс Дж.Макроэкономика Глобальный подход.- М.: Дело, 1999.
8. Селищев А.С. Макроэкономика.- СПб., 2002
9. Тарасевич С.Л., Гальперин В.М. Макроэкономика – СПб,1999

Қосымша әдебиеттер:

1. Доллан Э. Дж., Д. Линдсей. Макроэкономика. – С–Пб.,1994.
2. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. – М., 1993.
3. Кэмпбэл М., Стенли Р. Экономика: проблемы и политика. – М., 1993.
4. Курс экономической теории: Общие основы экономической теории.
Микроэкономика. Макроэкономика. Основы национальной экономики.:
Учебное пособие Под ред.д.э.н.,проф. А.В.Сидоровича; МГУ
им.М.В.Ломоносова- М.;Изд., Дело и Сервис, 2001
5. Микро-, макроэкономика.Практикум Под общ. ред.Ю.А.Огибина.-С-Пб.,
1994
6. Овчинников Г.П. Микроэкономика. Макроэкономика. – СПб. Изд. Михайлова
В.А., 1997.
7. Пезенти А. Очерки политической экономики капитализма. – М., 1970.
8. Самуэльсон П.Экономика. Т.1,2. - М.: Финансы и статистика, 1992.
9. Шишов А. Л. Макроэкономика. – М., 1997.
10. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р.Экономика.- М., 1993.

ТАҚЫРЫП 3. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАР.

1. Ұлттық тұтыну мен жинақтар, олардың факторлары. Тұтыну мен жинақтардың
классикалық концепциясы.
2. Кейнсиандық теориядағы тұтыну мен жинақтардың функциялары.
Кейнсиандық крест моделіндегі тұтыну мен жинақтың графикалық
көрінісі.
3. Тұтынудың кейнстық қызметін сынау.
3.3.1 Саймон Кузнецтің жұмбағы.
2. Дж. Дьюзенберридің салыстырмалы табыс теориясы.
3.3.3 Ф. Модильянидің өмірлік цикл бойынша тұтыну теориясы
3.3.4 М Фридменның перманентті табыс теориясы.

3.1. Ұлттық тұтыну мен жинақтар, олардың факторлары. Тұтыну мен жинақтардың
классикалық концепциясы.

Кейнс өзінің тиімді сұраным теориясында макроэкономикалық зерттеудің
орталық категориясы ретінде жиынтық сұранымды(AD) қарастырды, осыдан
бастап сол AD-ны құрайтын бөлшектерді талдауға ерекше назар бөліне
бастады. Қоғамдағы жиынтық сұраным үйшаруашылықтардың жеке тұтыну
сұранымынан (С), фирмалардың инвестициялық сұранымынан (І), мемлекеттік
сектордың тауарлар мен қызметтерге сұранымынан (G) және шетел секторының
ұлттық өнімдерге сұранымынан (Xn) тұрады. Осы тақырыпта ұлттық
нарықтарда жеке тұтыну сұранымы қалай қалыптасатыны, ол қандай
фактордларға тәуелді екендігі қарастырылады.
Тұтыну қызметін зерттеу жинақ қызметін қарастырумен қатар жүреді,
өйткені олар бір үрдістің – жеке табыстың бөлінуінің екі бір-біріне тығыз
байланысты жағы болып табылады.
Классикалық теорияда жинақтар ақша нарығындағы бос ақша ресурстарының
ұсынымы ретінде жинақтармен қатар қарастырлады және олардың мөлшеріне
негізгі әсер ететін фактор болып нарықтық баға - пайызақы табылады.
Пайызақы ставкасы R мен жинақтар көлемі S арасында тура байланыс болады: R
өссе, жинақтар көбейеді; R төмендесе, жинаөтар азаяды. Осы байланысты
алгебралық түрде келесідей жазуға болады:
S= f(R)
Графикалық түрде оның көрінісі 3.1 суретінде көрсетілген.

Табыс ағымдағы тұтыну мен жинақтарға бөлінетіндігінен шығатыны: табыс
көлемі өзгермеген жағдайда пайызақы ставкасының жоғарлауы жеке
адамдардың жинақтауға беймділігін жоғарлатады да, тұтыну шығындарын
азайтуына әкеледі. Яғни тұтынуға пайызақы әсер етеді, яғни С= f (R).

3.2. Кейнсиандық теориядағы тұтыну мен жинақтың функциялары. Кейнсиандық
крест моделіндегі тұтыну мен жинақтың графикалық көрінісі.

Кейнс тұтыну мен жинақ қызметтерін қарастыра отырып, үш негізгі
тұжырым жасаған:
1. Тұтыну шығындарының мөлшері бірінші кезекте адамдардың табыстарының
деңгейімен белгіленеді. Кейнстің бірінші психологиялық заңы
бойынша: табыстар өскен сайын тұтынуға орташа бейімділік (аpc)
төмендейді, ал жинақтауға орташа бейімділік (аps) өседі. Кейнс айтуы
бойынша адам үшін ең үлкен салтанат, молшылық белгісі – жинақтар
барлығы, өйткені оларды тек бай адамдар ғана жасай алады. Кедей
адамдардың табысы күнделікті тұтыну шығындарынан артылмайды.
2. Тұтынуға шекті бейімділік ноль мен бірдің арасында құбылады (0mpc1)
және тұтынуға және жинақтауға шекті беймділіктер келесідей байланысты:
mpc +mps=1
3. Тұтынуға шекті беймділік макроэкуономикалық деңгейде қысқа мерзімде
біркелкі тұрақты мөлшерде болады.
Кейнс классиктердің моделінің келесі алғы шарттарына қарсы шықты:
пайыз ақы ставкасы жинақтар мөлшеріне маңызды негізгі әсер ететіндігі
туралы және жеке адамдар жоғары пайызақы жағдайында тұтынуды азайта
отырып, жинақтауға бейімделетіні туралы.
Кейнстің тұтыну қызметін келесі математикалық түрде көрсетуге болады:

С= Cавт + mpc * ү
, мұнда Cавт – автономды тұтыну шығындары, олар ағымдағы табысқа
тәуелді өзгермейді, mpc – тұтынуға шекті бейімділік, ү – жеке қолдағы табыс
мөлшері.
Тұтынуға орташа бейімділік aps - бұл үйшаруашылықтардың қолдағы
табыстарының ішіндегі жеке тұтыну тауарлары мен қызметтеріне шығындарының
үлесі.
Тұтынуға шекті бейімділік mpc – бұл қолдағы бар табыстың қандай
болсын өзгеруі жағдайындағы жеке тұтыну тауарлары мен қызметтеріне
шығындардың өсуі мөлшері.
Жинақтауға орташа бейімділік aps - бұл үйшаруашылықтардың қолдағы
табыстарының ішіндегі жинақтайтын бөлігінің үлесі.
Жинақтауға шекті бейімділік mpc – бұл қолдағы бар табыстың қандай
болсын өзгеруі жағдайындағы жинақтардың өсуі мөлшері.
Олардың формулалары формулалары келесідей;

С ∆C S ∆ S
apc = — ; mpc = —— ; aps = — ; mps = ——
ү ∆ү ү ∆ ү
mpc + mps = 1

Графикалық түрде табыс пен тұтыну арасындағы байланыстар mpc мен mps
арқылы келесідей бейнеленеді (3.2 суреті).

Кейнстің тұтыну қызметі келесі түрде де жазылады:
С= a+b·(Y-T) , мұнда
C – жеке тұтыну шығындары;
a - автономды тұтыну;
b – тұтынуға шекті бейімділік(mpc);
Y- табыс; T- салықтық төлемдер;
(Y-T) – қолдағы қалатын табыс, бұл көрсеткіш макроэкономикалық үлгідерде
кейде ‡d немесе DI деп те белгіленеді.

Ал кейнстік жинақтау қызметі жәй түрде келесі түрде болады:
S = - a + (1-b) · (Y-T), мұнда
1- b) – жинақтауға шекті бейімділік.

Кейнс тұтыну қызметін зерттей отырып келесі тұжырымға келді: тұтынуға
деген шекті бейімділік(mpc) 0 мен 1 арасында құбылады, ал тұтынуға орташа
бейімділік(apc) табыс өскен сайын төмендейді.

3 .3. Тұтынудың кейнстық қызметін сынау.

3.3.1 Саймон Кузнецтің жұмбағы.
Кейнстің тұтыну қызметін қысқа мерзімде қолдану болжауда жақсы нәтиже
бергентін, бірақ оның көмегімен ұзақ мерзімге болжау жасау табысты
болмады. Мысалы, Кейнстің тұтыну функциясын қолдана отырып, ғалым-
экономистер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканың ұзақ мерзімді
құлдырауын болжаған. Ол болжаулар іс жүзінде расталмады. 1946 жылы Саймон
Кузнецтің 1869 жылдан кейінгі ұлттық өнім атты еңбегі жарық көрді, онда
1869-1930 жылдардағы статистикалық материалдар негізінде тұтынудың ұзақ
мерзімді функциясы шығарылған. Оның түрі келесідей:
С= mpc * ү

Кейнстің тұтыну қызметіне қарағанда бұл функция Савт – автономды
тұтыну шығындарын енгізбейтін, тұтынуға шекті бейімділік тұрақты шама
болды және тұтынуға шекті бейімділікке тең болды, яғни аpc=mpc (3.3.1
суреті).

Саймон Кузнецтің американдық экономика бойынша нақты мәліметтер
негізінде есептегенінде формуласы келесі түрде болады:
С= 0,86 * ү

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 40-50-ші жыдарда тұтыну функциясы
бойынша бірнеше теориялар қалыптасты. 1949 жылда Джордж Дьюзенберридің
теорияы шықты, 1955 жылда - Милтон Фридменнің перманентті табыс
теориясы. 50-ші жылдарғыларға Ирвинг Фишердің уақытаралық таңдау теориясы
мен Франко Модильянидің өмір циклы гипотезасы да жатқызылады.

2. Дж. Дьюзенберридің салыстырмалы табыс теориясы
Дьюзенберри тұтынушының тәуелсіздігі аксиомасынан бас тартты, оның ойы
бойынша жеке адам өз әлеуметтік статусын (қоғамдағы орнын) сақтап қалуға
ұмтылады және оны сәйкесті тұтыну деңгейімен бекітеді. Мұндай тұтыну
абсолютті табысқа байланысты емес, ол салыстырмалы табыспен белгіленеді.
Салыстырмалы табыс ұзақ мерзімдік кезеңде анықталады және адам үйренген
(әдеттеніп алған) тұтыну деңгейіне келеді.
Егер табыс ү0-ден ү1-ге дейін (3.3.2 суреті) төмендесе, онда
адамдар, өз әлеуметтік статусын сақтап қалу үшін С`1 деңгейінде тұтынып
отырады, тек табыс төмендеуі ұзаққа созылса ғана олар өз тұтыну деңгейін С1-
ге дейін төмендетеді.
Егер табыс ү0-ден ү2-ге дейін жоғарласа, онда жеке адамдар біраз
уақыт С`2 деңгейінде тұтынады, сонымен қоса е2Е2 мөлшерде қосымша жинақ
жасайды. Қашан жоғарлаған табыс ү2 бекиді (кездейсоқтық сипатынан
арылады), сонда ғана олар өз тұтыну деңгейін С2-ге дейін көтереді.
Осыдан Дьюзенберри келесі тұжырымға келді: әлеуметтік сатының әртүрлі
биігінде тұрған адамдардың белгілі бір топтары өз әлеуметтік статусын
сақтап қалуға тырысады. Осындай тәртіпті ол демонстрациялық әсер деп атады,
оның арқасында адамдар жинақтарын қоғамдағы орны мен құрметін сақтауға
және көтермелеуге қолданады. Аталған әсер қысқамерзімді СS тұтыну
функциясының ұзақмерзімді CL қалпына өтуіне әкеледі.
М. Фридмен мен Ф. Модильянидің теориялары И. Фишердің тұтыну
теориясына негізделеді. Ол экономикалық теория айналымына уақытаралық
бюджеттік шектеу ұғымын енгізді. Бұл терминнің мәні келесіде: тұтынушы өз
табысының біраз бөлігін белгілі бір пайызақы өсімімен қаралы күнге
сақтайды, онымен ол өзінің ағымдағы тұтынуын азайтады. Екінші жағынан,
табыс жетпегенінде, жеке тұлға несие алуына мүмкіндігі бар, бұл оның
қазіргі тұтынуын көбейтеді де, бірақ болашақтағы тұтынуын азайтады. Бұл
сұраққа жекелеп тоқтасақ, бірінші кезеңдегі тұлғаның табысын ү1 ,тұтынуы –
С1, жинақтары – S1 деп алайық. Екінші (келешек) кезеңдегі сол сияқты
шамаларды ү2, С2, S2 деп алайық және жинақтар бойынша пайызақы ставкасы r-
ды енгізейік. Сонда бірінші кезеңге қарасты жаза аламыз:
ү1= С1 + S1 , осыдан S1 = ү1 - С1
(1)

Екінші кезеңдегі тұтыну осы уақыттағы табыс ү2 –ден және пайызақы
ставкасына көбейтілген бірінші кезеңдегі жинақтардан тұрады:
С2= (1+r) * S1 + ү2
(2)

(2)- ші формулаға (1) формуладағы S1 –ді енгізейік:
С2= (1+r) · (ү1 - С1) + ү2 = ү1 + r ·
ү1 - С1 – r · С1 + ү2
Теңдіктің сол жағына С1 және С2 мәндерін жинайық.
С2 + С1 + r · С1 = ү1 + r · ү1 + ү2
С2 + С1 · (1+r) = (1+r) · ү1 + ү2 (3)
Енді (3)–ші теңдіктің екі жағын да (1+r)-ке бөлеміз, теңдігіміз келесі
қалыпқа келеді:
С2 ү2
С1 + ­­­ = ү1 + ­­­
(4)
1+r 1+r
(4) теңдіктен қортатынымыз: екі кезеңнің ағымдағы тұтынуы осы берілген
уақыттың ағымды табысы мен болашақтағы табысының дисконтталған құнынан
тұрады.
Ирвинг Фишер мұндай қорытындысы Кейнстің табыс ставкасы тұтыну
көлеміне ешқандай әсер етпейді деген тұжырымына қарсы келді. Фишер ойы
бойынша тұтыну деңгейі жеке адам кәзіргі кезеңде қанша табыс табатынына
ғана байланысты емес, сонымен қоса болашақта ол қанша табысқа жетем
дегеніне де байланысты

3.3.3. Ф. Модильянидің өмірлік цикл бойынша тұтыну теориясы

Фишердің қорытындысы Модильянидің өмір циклы теориясының негізіне
алынғантын. Негізгі гипотеза ретінде келесі жағдай қарастырлады: өз аяғына
тік тұрған адам өмір бойы жұмыс істеп шығып, ертелі ме кеш пе
зейнеткерлікке шығады. Мұндайда адамның табысы төмендеп қалады, бірақ ол
өзінің бұрынғы тұтыну деңгейін сақтап қалуға тырысады. Осыған байланысты
адамдар өздері тәуелсіз өмір сүрген уақытында табысының біраз бөлігін
өмірінің соңында ұстау үшін жинақтауға ұмтылады. Жеке адам өмір бойы
салыстырмалы бірдей тұтыну деңгейін сақтап отыру үшін қандай тәртіпті
ұстану керек?
Адамның өмір бойындағы тұтынуы деңгейі екі негізгі бөліктерден
тұратын факторға байланысты болады: қолағы бар байлық мөлшерімен (W) және
табатын табысымен (ү). Мысалы, жеке тұлға Т уақыт өмір сүруін болжайды
дейік, оның ішінде R уақыт бойы ол тұрақты табыс тауып отырам деп
жоспарлайды деп санайық. Онда оның жалпы табысы (W+R ·y) мөлшеріне тең
болады. Бұл табысты тұлға жылдар бойы бір қалыпты тұтынуға ұмытылады, онда
оның тұтынуы келесі формуламен белгілінеді:
(W+R·y)
С = ­­­­­­­ , мұнда С- тұлғаның орташа жылдық тұтынуы деңгейі,
Т Т- тұлғаның өмір сүру жылдары

Осы қызметті өңдесек, келесі қалыпқа келтіреміз:
W R·y 1 R
С = ­­­ + ­­­­ = ­­ W · ­­ ·y (5)
T Т T T

Бұл (5) формулада Т – тұрақты шама емес, ол ауыспалы және тұтыну
тұлғаның қай өмір сүру кезеңіне байланысты табылатынына тәуелді. Мұнда 1Т
= α – бұл тұтынудың жинақталған байлыққа деген шекті бейімділігін, ал RТ=
β – тұтынудың ағымдағы табысқа деген шекті бейімділігін анықтайтын
коэффициенттер.
С= α· W + β· y
(6)

Бұл формула өмірлік цикл теориясының бастапқы бөлігі болды. Мұндағы β
коэффициеті өзінің экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық факторлар және мемлекеттің төлем балансы
Макроэкономикалық өлшемдер
Жиынтық сұраныс
Макроэкономикалық саясат жайында
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу
Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
Өнеркәсіптік революция және индустриялық дамудың басы
Индустриялық даму сатысы
Экономика негіздері
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Пәндер