Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . .
8
: I - тарау
КІРІСПЕ . . .: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
8: 11
: 1. 1.
КІРІСПЕ . . .: Кәсіпкерліктің мәні және экономикалық негізі . . .
8: 11
: 1. 2.
КІРІСПЕ . . .: Кәсіпкерлік істің түрлері . . .
8: 13
: 1. 3.
КІРІСПЕ . . .: Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар . . .
8: 23
: II - тарау
КІРІСПЕ . . .: ОҚО-дағы КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ . . .
8: 28
: 2. 1.
КІРІСПЕ . . .: Шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен дамуын талдау . . .
8: 28
: 2. 2.
КІРІСПЕ . . .: ОҚО-сы бойынша кәсіпкерлік қызметтің 2004-2006ж. ж. дамуын талдау . . .
8: 30
: III -тарау
КІРІСПЕ . . .: ОҚО-дағы КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН БОЛЖАУ . . .
8: 52
: 3. 1.
КІРІСПЕ . . .: ОҚО облысында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауды болжау . . .
8: 52
: 3. 2.
КІРІСПЕ . . .: Қызмет көрсетудің жаңа түрлері бойынша бизнес-жоспар
8: 59
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
8: 70
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
8: 72

К І Р І С П Е

Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз он басты міндетті шешуге тиіспіз.

Бірінші міндет - экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару.

Бізге экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің тұрлаулы сипатын қамтамасыз ету үшін толымды стратегия әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ оның орындалуына қатаң бақылау қажет болады.

Бұл стратегия біздің экономикамыздың жекелеген секторлары мен өндірістерінің нақтылы бәсекелестік артықшылықтарын негізге алып, әлемдік даму үрдістері мен сыртқы рыноктардағы сұранысты ескеруге тиіс.

Бізге ендігі жерде “жинақталған” экономикалық өсуді жай пайдалану емес, осы өсуді нақты басқаруды үйрену, сөйтіп оны сапалық жаңа деңгейдегі экономикалық дамуға ұластыру керек.

Екінші міндет - өңірлік экономикада сапалық жаңа табыстарға жету және жаһандық экономикаға толыққанды қатысуды қамтамасыз ету.

Біз Қазақстанды экономикалық дамудың “өңірлік локомотивіне” - ал еліміз қазірдің өзінде көп мәселеде осындай болып табылады - және оны әлемдік экономиканың табысты “ойыншысына” айналдыра аламыз.

Үшінші міндет - өндіруші сектордың тиімділігін арттыру.

Төртінші міндет - өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету өте-мөте маңызды, деді Президент.

Бұл - шағын және орта бизнестің белсенді қатысуы жағдайында Үкіметтің, әкімдердің, мемхолдингтердің жауапкершілігі.

Біздің Үкімет пен әкімдерден экономиканы әртараптандыру жөнінде міне үш жылдан бері жүргізіп келе жатқан жұмысымыздың қайтарымы туралы сұрайтын мезгіл жетті. Мемлекет бұған қаражат жұмсап отыр, бізге бүгінде жұмыс істеліп жатқан 204 нысан туралы айтады. Ал біз осы жылдары не істелінгенін түсінуіміз керек.

Бесінші міндет - өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа рөлімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту [1] .

Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан елімізде шағын кәсiпкерлiктiң дамуына үлкен мән берiледi.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезiнде әсiресе шағын кәсiпкерлiк мемлекеттiк қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдiк тәжiрибе куә. Бұл ретте, тiреледi бизнестi бәсекеден қорғауға немесе ол үшiн ерекше "жұмсақ" жағдайлар құруға емес технологиялық жетілдірудiң генерациясы фирмаiшiлiк процестi үнемi ынталандыратын және фирманың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшiн оқытатын жағдайларды қамтамасыз етушi шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың нысаны мен мақсаты шешушi мәнге ие.

Қазақстан 2030 даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы басымдықтары тұрғысынан жұмыстың басты мақсаты шағын және орта кәсiпкерлік субъектiлерi қызметiн барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетiлдiру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру болып табылады [18] .

Шағын және орта кәсiпкерлiктің қазiргi жағдайы мен дамуының талдамасының нәтижелерiн және шетелдiк тәжiрибенi ескере отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшiн аталған бағытта мынадай мiндеттердi iске асыру көзделуде:

Шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн заңнамалық негіздің барынша ашықтығын құру;

экономиканы бюрократиясыздандыру және әкiмшiлiк кедергiлердi жою;

шағын және орта кәсiпкерлiкте көлеңкелi айналымды қысқарту;

мемлекетке бейiндi емес функцияларды рыноктiк ортаға, бiрiншi кезекте шағын және орта кәсiпкерлiкке беру;

кластерлiк-желілік ұстаным негiзiнде тiршiлiкке қабiлетті инфрақұрылымдық жүйелердi құру және қамтамасыз ету;

инновациялық экономикаға кәсiпкерлiктiң қатысуы.

Дипломдық жұмыста кәсіпкерліктің теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып, оларға талдау жасап, зерттеудегі дағдылар ашылған.

Жұмыстың мақсаты шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесуге және қолдауға, шағын бизнесті дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуге, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын ұйымдастыру үшін мүмкіндіктерді толық пайдалануға, жұмыс орнының санын арттыруға, ресми және жасырын жұмыссыздықты азайтуға, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, сонымен қатар облыстық және жергілікті деңгейдегі қолдау шараларының сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Нарықтық экономика тереңдету қоғамдық өмірімізге әр қилы жаңаша өзгерістерді енгізу отырып өзінің талабын қойып келеді. Нарықтық экономикалық қатынастардың дамуы жағдайында экономикалық реформалардың басты мәселелерінің бірі - жалпы барлық экономиканы және жеке шаруашылық жүргізуші субъектердің қарқынды дамуына жол беретін, сонымен қатар әр түрлі деңгейдегі бюджет табыстарын ұлғайту проблемасын шешуге жағдай жасайтын нарықтық экономика шарттының бірі бәсекелестерді жеңе отырып, сапалық өнім шығару. Қазіргі жағдайда тек осы ғана мақсат нарықтан тығырықтан алып өтіп, нарыққа белсендік тануымызға, нарықтау орнығуымызға алып барады. Жаңа экономикалық дамуда бәсекелестерді жеңу мақсатындағы стратегиялық талаптарды еліміздегі кәсіпорындар мен халқымызға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялап отыр. Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына (ДСҰ) кіру мақсаттары көзделіп отыр және мұнда қазақстандықтардың өмір сапасының жылдан жылға артуы 2000 жылға қарағанда ІЖӨ - ні несиелеу жөніндегі біздің міндетіміздің орындалу жөніндегі баяндалып Президентіміз Үкіметке халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын өтеп өтті.

I - тарау. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Кәсіпкерліктің мәні және экономикалық негізі

«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкер табы қанаушы тап болады.

Экономикалық бенсенділік - бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін (іскерлігін) талап етеді. Сондықта экоомикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы қажет.

Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660ж. Ост-Индия сауда компаниясы. XVII ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды [3] .

Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр I патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.

Кәсіпкерліктің субъектісі - жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер (партнерлер) : арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер (корпорациялар) .

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

  • дербестік және тәуелсіздік;
  • экономикалық ынталылық;
  • шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
  • жаңашылдық.

Кәсіпкерліктің экономикалық негізі:

Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды және олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.

Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.

Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.

Экономикалық ресурстар дегеніміз не? Бұл - тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік туарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлақты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:

  1. Материалдық ресурстар - жер оның табиғи байлығы және капитал;
  2. Адамдар ресурсы - еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.

Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек [3] .

Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынның) іс бағытын айқындайды.

Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізге жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді) . Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкер істің қозғаушы күші - мол пайда табу.

Праволық жағдай. Ең бастысы кәсіпкерлік істерді реттейтін заңдар болуы шарт. Оған мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, салық туралы заңдар кәсіпкерлікті бюрократтардан қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке праволық заңдар т. б [3] .

  1. Кәсіпкерліктің істің түрлері

Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциялық, финанс және консультациялық.

Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжамның) құрамы болуы керек.

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық - құқықтық және 2) ұжымдық - экономикалық.

Ұжамдық-құқықтық кәсіпкерліктер: 1. Серіктестіктер - адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар: 1) шексіз жауапкершілікті серіктестер, 2) командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктерімен [3] .

Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады:

Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.

  1. Концерн - көпсалалыв акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау апкеттерін сатып алады.
  2. Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
  3. Консорциум - бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
  4. Синдикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
  5. Финанс - өнеркәсіп тобы - банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі [4] .

Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-праволық формалы кәсіпкерліктер құрылуда.

Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.

Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.

Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.

Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.

Ашық және жабық акционерлік қоғам.

Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар.

Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік правосы (құқығы) жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі [4] .

Төмендегі кестеге баса көңіл аударып көрсеңіз және кәсіпкерлікпен айналысуға ойыңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады.

Схема 1

Кәсіпкерлік істің элементтері

Бизнес мүмкіндігін анықтау және бағалау (1)

Бизнес-жоспарды жасақтау (2)

I-ші бөлім кіріспе

Ресурстың керектігін анықтау (3)
Кәсіпорынды басқару (4)
Бизнес мүмкіндігін анықтау және бағалау (1): 1. Бизнес мүмкіндігінің ұзақтығы
Бизнес-жоспарды жасақтау (2)I-ші бөлім кіріспе:

Бизнесті сипаттау, жоспардың мазмұны

II-ші бөлім

Ресурстың керектігін анықтау (3): 1. Керекті ресурстарды анықтау
Кәсіпорынды басқару (4): 1. Басқару стилін жасақтау
Бизнес мүмкіндігін анықтау және бағалау (1): 2. Бизнес мүмкіндігін іске асыру нарығы
Бизнес-жоспарды жасақтау (2)I-ші бөлім кіріспе: 1. Кәсіпорынды сипаттау (қортынды)
Ресурстың керектігін анықтау (3): 2. Қолда бар ресурстарды анықтау
Кәсіпорынды басқару (4): 2. Басқару жүйесін енгізу
Бизнес мүмкіндігін анықтау және бағалау (1): 3. Бәсекелестікті талдау
Бизнес-жоспарды жасақтау (2)I-ші бөлім кіріспе: 2. Саланы талдау
Ресурстың керектігін анықтау (3): 3. Ресурстың керектігін теңестіру
Кәсіпорынды басқару (4): 3. Ұйымдастыру процедурасын зерттеу
Бизнес мүмкіндігін анықтау және бағалау (1): 4. Бизнес-мүмкіндігін нарыққа кәсіпорынға бағалылығы
Бизнес-жоспарды жасақтау (2)I-ші бөлім кіріспе:

3. Өндіріс жоспары.

4. Маркетинг жоспары

Ресурстың керектігін анықтау (3): 4. Керекті ресурстармен жабдықтаушыларды анықтау
Кәсіпорынды басқару (4): 4. Жүйелі түрде талдау жүргізу (күшті және осал жерлері, болашақ қауіптер)
Бизнес мүмкіндігін анықтау және бағалау (1): 5. Бизнес мүмкіндігіндегі тәуекел мен пайда
Бизнес-жоспарды жасақтау (2)I-ші бөлім кіріспе:

5. Қаржы жоспары.

6. Ұйымдастыру жоспары.

7. Оперативті жоспар.

Ресурстың керектігін анықтау (3): 5. Жабыдқтаушыларға жақындау қатынастарын жасақтау
Кәсіпорынды басқару (4): 5. Табыс факторларын анықтау.
Бизнес мүмкіндігін анықтау және бағалау (1): 6. Мүмкіндіктерді кәсіпкерлік біліммен, дағдымен, тілекпен ұштастыру
Бизнес-жоспарды жасақтау (2)I-ші бөлім кіріспе: 8. Тиімділік есебі.
Ресурстың керектігін анықтау (3):
Кәсіпорынды басқару (4):

Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму тенденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.

Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі [5] .

Кәсіпкерлік істің түрлері:

  1. Өндірістік кәсіпкерлік
  2. Коммерциялық кәсіпкерлік
  3. Финанстық кәсіпкерлік
  4. Консультациялық кәсіпкерлік

Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.

  1. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
  2. Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен байланысу, сонымен бірге, шикізат материалдар, энергия т. б. жабдықтаушылармен ара қатынасты орнату.
  3. Келесі кезең өндіріс факторлары. а) Негізгі өндірістік қорлар: ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу. б) Өндірістік айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары, жөндеу жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері, полуфабрикаттар, келекшекке керекті шығындарды жабу көзі. Инструменттер мен инвентарлар айналым қорына екі белгісімен: бағасымен және пайдалану мерзімімен бөлінеді.
  4. Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз - бірінші кезеңдегі тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне тікелей қатынасады.
  5. Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы, немесе құлақтандыру арқылы жалдап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы, тәжірибелілігі жеке қасиеттері т. б. ескерілуі керек.
  6. Қажетті информация - ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді ойластырып, алдын ала есептеу.
  7. Финанс қаржыларының керек мөлшерін анықтау [5] .

Жалпы ақшаның қажеттілік көлемін мынандай формуламен шығаруға болады:

А ж = А 1 + А 2 + А 3 + А 4 + …+А n (2. 1)

А ж - жалпы керекті қаражаттар;

А 1 - жалақы қоры; А 2 - айналым қоры;

А 3 - ақпаратқа жабдықтар; (2. 1)

А 3 - ақпаратқа, т. б. интеллектуалды қызметке төлем;

А 4 - басқа мекемелердің атқарған жұмысына төлем т. б.

  1. Бастапқы капитал: 1) жиналған қор;

2) несиеге ақша алу

  1. Өндірістік істің қорытындысы

Сатудан түскен түсімнен өндірістік және коммерциялық шығындардың, яғни толық шығындардың айырмасы жалпы пайда болады.

Жалпы пайда = жалпы түсім алу және коммерциялық шығындар яғни,

Ж пайда = Ж түсім - толық шығын (2. 2)

Жалпы пайда бұл салық төленгенге дейін пайда

  1. Барлық салықтарды, айыптар мен баждарды, төлегеннен кейін қалған пайда - таза пайда деп аталады.
  2. Кәсіпкерліктің финанс жағдайын бағалау үшін рентабельдік деңгейін шығарады.

Рентабельдік деңгей = таза пайда / шығындар + төлемдер х 100% (2. 3)

Венчурлік бизнес деген болады. Бұл инновациялық кәсіпкерлік - тәуекелділік бизнес. Ол технологиялық жаңалықтардың бір түрі. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысын коммерцияландыруға, әсіресе ғылым сыйымдылығы көп өндіріс салаларында, бірінші кезекте жоғарғы технологиялық өндірістерде қолданылады, онда тәуекелділік, тиімділікке кепілдік болмауы мүмкін.

Коммерциялық кәсіпкерлік.

Коммерциялық кәсіпкерліктің іс-өрісі тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты жұмыс істейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдері жасалады. Мұндай шарттар бойынша төлемді мерзімді уақыт өткеннен кейін келісілген бағамен сатады. Мысалы, диханшылардың егін оруға қаражаты жоқ. Оған банкир ақша берем, сен 4-5 айдан кейін астығыңды мынандай бағамен сатасың деп келісім шарт жасайды. Ол көпшілік жағдайда нарық бағасынан төмен болады.

Тауар биржалары мынандай қызмет атқарады:

  • сауда-саттық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады;
  • тауар сатуды тәртіпке келтіреді, сауда операцияларын реттейді;
  • баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін факторлар жөнінде мәліметтер жинап жариялайды.

Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес, тауарды келісім бойынша сату, болашақта тауарлармен тұтынушыларды жабдықтау туралы шарттар жасаудан тұрады.

Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу - сату операцияларымен байланысты. Өндірістік кәсіпкерліктен коммерциялық кәсіпкерліктің айырмашылығы, біріншісі тауар өндірсе, екіншісі сатып алып сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады [5] .

Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында нарықты маркетингалық талдау жасау керек. Жалпы алғанда маркетинг барлық шаруашылық істерді ұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады.

Схема 2

Сауда фирмасында маркетингалық жұмыстың бағдарлама - моделі

  1. Маркетинг ақпаратын жинау және мәліметтер банкасын жасақтау
  2. Ішкі және сыртқы факторларды зерттеу
  3. Тауардың өтімділігін және оның даму тенденцияларын зерттеу
  4. Ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін мәліметтер жинау және оны талдау
  5. Тауардың сапасы бойынша қойылған талапқа сай тауарлар түрін анықтау
  6. Тауар жабдықтаушыларымен іскер және тұрақты байланыстар жасау
  7. Сауда-технологиялық процесстерді ұйымдастыру
  8. Жарнамалық қамту
  9. Фирманың имиджін жасау

Қорытынды:

Маркетингалық басқару шешімдерін қабылдау

Өзіңнің реалды мүмкіндігіңді бағалай білу, елестету

Тауар (Қандай тауар) өндіру жөнінде шешім қабылдау

Өткізу және баға саясатын жасақтау

Тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру

Тауармен жабдықтаудың транзиттік және қойма түрлерін ұйымдастыру

Тауардың тұрақты өндірілуін қамтамасыз ету

Сатылатын тауарларға назар аударту

Дүкендерге жеке сыртқы бейне беру

Коммерциялық келісімдер бағдарламасы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы мәлімет
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Кәсіпкерлік құқықтың принциптері
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық дамыту басқармасы
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz