Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды тергеудің өзекті мәселелері


ӘОЖ 343. 985:343. 37 (574 Қолжазба құқығында
Айтбаев Қуаныш Сейтжаппарұлы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды тергеудің өзекті мәселелері
6N0301-құқықтану мамандығы
Құқық магистрі дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертациясының
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Астана, 2011
Жұмыс Қазақ гуманитарлық заң университетінің, Қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекші: заң ғылымдарының кандидаты
Копбаев Д. З.
Ресми оппонент: заң ғылымдарының докторы, профессор
Ахпанов А. Н.
Қорғау 2011 ж. «» күні сағат Қазақ гуманитарлық заң университеті диссертациялық кенесінің отырысында өтеді. Мекен жайы: Қазақстан республикасы, 01, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8.
Диссертациямен және авторефератпен Қазақ гуманитарлық зан университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2011 жылы «» таратылды.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасындағы экономика саласындағы қылмыстардың құқықтық сипаттамасына және оларды саралау мен тергеудің теориялық және тәжірибелік негізін қалыптастыруға бағытталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа жолдауында экономика саласында бірқатар маңызды мемлекеттік кешенді іс шараларды жүзеге асыру сұрақтары қарастырылып, сонымен қатар, қаржы тәртібін бұзушыларға дағдарыс уақытының заңы бойынша қатал сұраныс қойылуы қажеттігі аталып өтті [1, 2] .
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыруда экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылықпен күрес шын мәнінде өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Қазіргі уақытта тәжірибеде орныққан проблемаларды шешуге бағытталған отандық заңнаманы өңдеу өзекті мәселе. Яғни экономикалық саласындағы қылмыстар мен сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың шеңберін қамтитын, еліміздің тұрғындары тарапынан болатын құқықбұзушылықты барынша құқықтық құралдар арқылы және әртүрлі әдістерді қолданып ескерту және алдын алу өте қажетті, кейінге қалдырылмайтын мәселе.
Өкінішке орай қазіргі таңда сот-тергеу тәжірибесінде қиындықтар кездесуде, оның бір себебі құқықшығармашылық және құқыққолдану негіздерін жеткіліксіз пайдалану. Одан заң жобасын дайындау дәрежесінің төмендігі және заңнаманың қателіктері бастау алады. Әлі күнге дейін заңнаманың жүйелігі бұзылуда. Заң жобасын өңдеу, қабылдау және оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу, заңнаманың дамуы мен жүзеге асырылуының әлсіз тұстарының бірі болып қала береді.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап, мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын қабылдаған сәттен бастап дербес экономикалық және әлеуметтік саясатын анықтап жүзеге асыруда. Осы жағдайларда экономикалық саласындағы қылмыстармен күреске бағытталған іс шаралардың ерекше теориялық және практикалық маңызы бар. Өйткені, экономикалық саласындағы қылмыстар құқықтық мемлекетті құру мен жеке тұлға, қоғам мүдделерін қорғаудың экономикалық және әлеуметтік, адамгершіліктік аспектілерімен тығыз байланыста екені бәрімізге белгілі. Жалпы елімізде бүгінгі күні өзекті болып отырған экономикалық саласындағы қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiн мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігіне тікелей нұқсан келтіруінен көруімізге болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Қылмыстық іс жүргізу және криминалистикалық арнайы әдебиеттерді талдау экономикалық саласындағы қылмыстармен күресудің кейбір мәселелері теория мен тәжірибе арасындағы кейбір алшақтықтарды көрсетіп отыр. Экономикалық саласындағы қылмыстардың құқықтық және криминалистикалық мәселелерiмен еліміздің құқық ғылымында санаулы ғалымдар ғана айналысады, оның өзiнде арнайы монографиялар жазылмаған, тек ғылыми мақалаларды кездестiруге болады. Олардың қатарынан Б. Ә. Абдрахманов, А. Н. Ахпанов, Т. Қ. Айтмухамбетов, Е. О. Алауханов, З. О. Ашитов, Н. М. Әбдіров, Қ. Ж. Балтабаев, Р. С. Белкин, Б. М. Бишманов, И. Ш. Борчашвили, С. Ж. Галиев, Е. I. Қайыржанов, С. Е. Еркінов, М. Ш. Қоғамов, Қ. Капсалямов, С. С. Молдабаев, Қ. А. Мәми, Ғ. С. Мәуленов, Ә. Х. Меңдіғұлов, М. С. Нәрiкбаев, Б. М. Нұрғалиев, Р. Т. Нұртаев, Е. А. Оңғарбаев, С. М. Рахметов, И. И. Рогов, Г. Р. Рүстемова, Т. С. Сәрсенбаев, А. А. Смағұлов, Т. А. Ханов, Б. Х. Төлеубекова, Д. С. Шуақмаитов сынды ғалымдарды көруге болады.
Экономикалық саласындағы қылмыстарды ашу және тергеумен байланысты теориялық және тәжірибелік мәселелер бұрынғы КСРО елiнде де, Қазақстан Республикасында да ешқашан арнайы және жан-жақты зерттелмеген. Демек, экономикалық саласындағы қылмыстарға қарсы күрес қазiргi таңда өткiр тұрған мәселе, яғни жан-жақты зерттеудi, әсiресе теориялық тұрғыдан iргелi зерттеудi талап етедi.
Диссертациялық зерттеуде ресейлiк ғалымдардың еңбектерi қолданылды. Олардың қатарында А. В. Банин, Н. В. Жогин, А. Ф. Дубин, В. Д. Грабовский, К. А. Пирцхалава, В. И Куликов, Н. А. Малкин, Ю. А. Лебедев, О. В. Челышева, М. В. Феськов тағы басқа сынды ғалымдар бар.
Диссертацияның мақсаты. Экономикалық саласындағы қылмыстарға қатысты заңдылықтарды анықтап, оларды талдау арқылы аталмыш қылмыстармен күрестің теориялық мәселелерін кеңінен ашып, тәжірибелік тұрғыдан оларды анықтауға, ашуға, тергеуге және алдын алуға қатысты тиімді ұсыныстар жасау.
Диссертацияның міндеттері. Жоғарыда келтірілген мақсатқа жету үшін диссертант келесідей міндеттер ұсынып, олардың шешілу жолдарын қарастырады:
- экономикалық саласындағы қылмыстардың ерекшелігін ескере отырып, қолданыстағы қылмыстық істер жүргізу заңнамасы мен тәжірибедегі кездесетін қайшылықтарға талдау жасау;
- экономикалық саласындағы қылмыстар үшін бұлтартпау шараларын тиімді қолдануын қарастыру;
- экономикалық саласындағы қылмыстар бойынша қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау мерзімін талдау;
- экономикалық саласындағы қылмыстар бойынша іс үшін маңызы бар жағдайларды жан-жақты және тез анықтауды қамтамасыз етуін қарастыру;
- экономикалық саласындағы қылмыстар бойынша сараптама тағайындаудың ерекше қажеттілігін ескеру және оны заңдастыру мақсатын толықтыру;
- экономикалық саласындағы қылмыстарды анықтауға, ашуға және тергеуге арналған сұрақтар бойынша құқық қорғау органдарына әдістемелік ұсыныстар жасау;
- шетелдік және еліміздің құқық қорғау органдары арасындағы өзара тығыз байланысты қарастыру;
- осы проблемаға қатысты терең ғылыми зерттеу жүргізу және олардың нәтижелерін тәжірибеге енгізу.
Зерттеудің обьектісі - экономикалық саласындағы қылмыстарды анықтау, ашу және тергеудегі ерекшеліктерінің теориялық және тәжірибелік проблемаларының кешені болып табылады.
Зерттеудің нақты пәні ретінде құқық қорғау органдары тергеу аппараттарының тәжірибеде экономикалық саласындағы қылмыстарды тергеу барысының әдістемелік өңделуі қарастырылады.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы экономикалық саласындағы қылмыстарды ашу мен тергеудегі теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңының негізінде алғашқы рет кешенді зерттеу болып табылады. Аталмыш қылмыстарды ашу мен тергеуге байланысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстар да еңбектің жаңалығын құрай алады. Сонымен бірге, өзге қылмыстық іс жүргізу болып табылмайтын заңдарға да өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар еңбектің ғылыми жаңалыған құрайды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Экономикалық саласындағы қылмыстардың ерекшелігін ескере отырып, қолданыстағы қылмыстық істер жүргізу заңнамасы мен тәжірибедегі кездесетін қайшылықтарға талдау жасау арқылы ҚР ҚІЖК 84 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, яғни экономикалық саласындағы қылмыстар бойынша мамандар заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен сарапшы ретінде таныла алады.
2. Экономикалық саласындағы қылмыстар үшін бұлтартпау шараларын тиімді қолдану мақсатында толықтырулар енгізу:
148-бап. Кепіл
3-1. Экономикалық саласындағы қылмыстар бойынша кепілдің мөлшері келтірілген залалдың мөлшерінен кем болмауы керек.
Кепіл сезіктіге немесе айыпталушыға оның әрекетімен келтірілген залалдың орны толтырылмағанша қайтарылмайды.
Келтірілген залалдың орны кепіл арқылы толтырыла алады.
3. Экономикалық саласындағы қылмыстар бойынша ҚР ҚІЖК 184 бабына қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау мерзімдеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
184-бап.
2. Экономикалық саласындағы қылмыстар туралы қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға болған жерді қарау, тексеріс пен сараптама жүргізу үшін қажет болған жағдайда бұл мерзімді анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы төрт айға дейін ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға хабарлануы тиіс.
4. Экономикалық саласындағы қылмыстар бойынша іс үшін маңызы бар жағдайларды жан-жақты және тез анықтауды қамтамасыз ету үшін толықтырулар енгізу:
а) 230-бап. Тінту
Экономикалық саласындағы қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім шығару тінту жүргізбейінше мүмкін болмайтын жағдайларда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
ә) 231-бап. Алу
Экономикалық саласындағы қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім шығару алу жүргізбейінше мүмкін болмайтын жағдайларда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
5. Экономикалық саласындағы қылмыстар бойынша сараптама тағайындаудың ерекше қажеттілігін ескеріп және оны заңдастыру мақсатында толықтырулар енгізу:
241- бап. Сараптаманы міндетті түрде тағайындау
4-1) экономикалық саласындағы қылмыстар бойынша;
6. Экономикалық саласындағы қылмыстар бойынша сараптама объектісі ретінде белгілі бір заттар болатынын ескере отырып толықтырулар енгізу:
284-бап. Сараптама объектілері
1. Заттай дәлелдер белгілі бір заттар мен құжаттар, адамның денесі мен психикалық ахуалы, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарындағы сараптама нысанасына жататын мәліметтер сараптама объектілері болып табылады.
7. Экономикалық саласындағы қылмыстарды жасаған тұлғаларға қатысты жедел іздестіру қызметін жетілдіру шараларын жандандыруға байланысты ҚІЖК 237-ші бабына «Сезіктінің, айыпталушының және экономикалық саласындағы қылмыстар туралы істер жөнінде мәліметтерді білуі мүмкін басқа да адамдардың бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы әңгімелесулерін жасырын тыңдау мен жазу, сондай-ақ телефондар мен басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы сөйлескен сөздерін тыңдау мне жазу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мәліметтер алынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде прокурор санкция берген тергеуші қаулысының негізінде жүргізіле алады» деген толықтырулар енгізу.
8. Алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау тәртібі мен мерзімдері бойынша ҚІЖК 285 бабының 3 бөліміне «Қаржы полициясының органдарымен жүргізілетін анықтаудың қатарына ҚР Қылмыстық кодексінің 209 (1 бөлімі) , 213, 214, 219, 220, 222-1 баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді жүргізуді» қосу қажет.
9. Экономикалық саласында жасалатын құқықбұзушылықтар бойынша тез арада жан жақты толық мәліметтер алу мүмкіндігін тудыру мақсатында «Банктік қызмет туралы» ҚР Заңының 50 бабының 6 шы тармағына өзгеріс енгізу қажет: Яғни заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлiмшесiнiң банк шоттарына, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жеке нотариустың, адвокаттың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мынадай жағдайда берiледi:
а) анықтау және алдын ала тергеу органдарына прокурордың санкциясымен: тіркелген қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешiм қабылдау үшін; олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
10. Экономикалық саласындағы қылмыстарды анықтау, ашу, тергеуді жетілдіру мен жеңілдету үшін ақпараттық қамтамасыз етуді күшейту;
11. Осы саладағы шетел мамандарын тарту арқылы қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейін көтеру;
12. Шетелдік және еліміздің құқық қорғау органдары арасындағы өзара тығыз байланысты одан әрі жақсарту;
13. Осы проблемаға қатысты терең ғылыми зерттеу жүргізу және олардың нәтижелерін тәжірибеге енгізу.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы . Экономикалық саласындағы қылмыстардың құқықтық сипаттамасы, оларды анықтау, ашу және тергеу мәселелері туралы ғылыми зерттеу нәтижесінде қол жеткен тұжырымдар ғалымдар мен оқырмандардың теориялық білімін толықтыруға өз септігін тигізеді. Ал экономикалық саласындағы қылмыстардың алдын алу мен тергеу барысында туындайтын сұрақтарды жетілдіру туралы ұсыныстар қолданыс тауып, тәжірибелік маңызға ие болатыны сөзсіз. Сонымен қатар экономикалық саласындағы қылмыстардың алдын алуға әсерін тигізе алатын бірқатар заңдар мен ережелерді жетілдіруге байланысты ұсыныстар жөнінде де айтуға болады. Автордың экономикалық саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамаларды жетілдіруге қатысты айтылған ұсыныстары аталмыш қылмыстарға қарсы күрестің тиімділігін арттыратыны сөзсіз.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертациялық зерттеудің нәтижелері автордың жарияланған мақалалары мен оқу құралдарында көрініс тапқан. Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарының құқық қолданудағы тәжірибесіне әдістемелік ұсынымдар беріліп. Сонымен бірге, жұмыс нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына, Бас Прокуратурасына, Экономикалық қылмыстылыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) бірқатар заңдарды жетілдіру мақсатында ұсыныстар жіберілді.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі . Диссертациялық жұмыс кіріспе, он екі бөлімшеден құралатын үш бөлімнен, қорытындыдан, сол сияқты әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Диссертация қойылатын талаптарға сәйкес толық көлемде орындалды.
Басылымдар туралы мәлімет
Автордың жұмыс бойынша негізгі ұсыныстары келесі ғылыми мақалаларында жарық көрді:
1. Расследовнаие //Материалы республиканской научно-практической конференции молодых учёных (докторантов, магистрантов и соискателей) «Казахстанский путь развития:20 лет независимости» 26 марта 2011 года. - Астана, 2011. - С. 175-177.
2. Расследование преступлений по уклонению от уплаты налогов с организаций// Материалы республиканской научно-практической конференции молодых учёных (докторантов, магистрантов и соискателей) «Казахстанский путь развития:20 лет независимости» 26 марта 2011 года. - Астана, КазГЮУ, 2011. - С. 177-181.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттеу бағытының таңдалуы.
Бірінші тарау «Қазақстан Республикасының экономикалық саласындағы жасалатын қылмыстардың тарихи, заманауи түсінігі және ахуалы» деп аталып, ол төрт бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде «Экономикалық саласындағы жасалған қылмыстардың криминалистикалық жіктелуі және олардың криминалистикалық сипаттамасы» қарастырылды. Автордың пайымдауынша бүгінгі күні банк саласы меншік нысандарының өзгеруі мен олардың әкімшілік басқарылатын мемлекеттік банктік жүйеден қарқынды түрде дамитын жеке немесе ұйымдық меншікке негізделген несиелік мекеме жүйесіне өту кезеңінде құрылымдық өзгеру жағдайында.
Кез келген қылмысты тергеуде тергеушінің белгілі бір нәтижеге жетуі әрекеттің тек қылмыстық-құқықтық мәнін ғана емес, сонымен қатар криминалистикалық мәнін де ашып, криминалистикалық сипаттамасын анықтау қабілетімен тікелей байланысты болуында.
«Экономикалықлық қылмыстар» түсінігі криминалистикалық түсінік ретінде криминалистикалық сипаттамасы бойынша, соның ішінде қылмыстық қолсұғу пәнінің ерекшелігі, қылмысты жасаудың тәсілі мен жағдайы, құқықбұзушының тұлғалық типологиясының ерекшелігінде ұқсастығы бар бірнеше қылмыстар тобын біріктіреді.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды жасау тәсілдері алуан түрлі. Заңсыз қаржылық операцияларды шартты түрде келесідей топтастыруға болады:
а) контрагенттер арасындағы есеп айырысу механизмін құқықтық реттеудің немесе оның қызмет етуіне бақылаудың жетілмегендігін қолданатын, ақша айналымы кезіндегі (соның ішінде валюталық) есеп айырысу механизмі саласындағы операциялар;
б) төлем құжаттарын немесе бағалы қағаздарды қорғаудың ұйымдық, құқықтық және техникалық әдістерінің жетілмегендігіне негізделген қаржылық құралдардың айналым саласындағы операциялар;
в) қарыздық ресурстар түрімен ақша-қаражаттарын заңсыз алуға, оларды мақсатқа сай қолданбауға немесе иемденуге негізделген қарыздық ресурстар саласындағы операциялар;
г) қаржылық мекемелердің ақпараттық жүйелерін сырттан ақпаратқа немесе оның басқаруына заңсыз қол жеткізуден қорғау механизмдерінің жетілмегендігіне негізделген ақпараттық қаржылық технологиялар саласындағы операциялар.
Экономикалық қылмыстар бойынша анықтауға жататын ең негізгі мән-жайлардың алғашқы тобы ретінде қылмыстық қолсұғудың заты (бағалы қағаздар, ұлттық теңге немесе шетел валютасындағы ақша-қаражаттар), қылмыстық әрекетті жасау тәсілі мен механизмі (барлық кезеңдерін көрсете отырып), оны жасау жағдайы (әрекетті жасау орны, уақыты, экономикалық операциялардың ерекшелігі), жасалған әрекеттің ниетіне әсер ететін логикалық және мінез-құлықтық жағдайлар, келтірілген зардап сипаты мен мөлшері, сезіктілердің тұлғалық ерекшеліктері, әрекетте ұйымдасқан қылмыстық топтардың іс-әрекеті белгілерінің болуы немесе болмауы, ұйымдасқан қылмыстық топтардағы қатысушылар арасында рольдердің бөлінуін анықтау болып табылады. Оған қоса жасалған қылмыстық әрекет бірнеше эпизодты болса, қылмыстық әрекетті жасаудың барлық кезеңі мен оны жасаудың барлық жағдайлары анықталуы қажет. Аталған жағдайларды анықтау айып тағудың негізін қалыптастырады.
Анықтауға жататын мән-жайлардың екінші тобын тұлғаның кінәсін айқын көрсететін фактілер, жеңілдететін немесе ауырлатын жағдайлардың дәрежесі мен сипатын анықтайтын қылмыс жасаудың ниеті құрайды.
Қылмыстық әрекеттің жасалуына әсер ететін жағдайлар (қаржылық операциялардың, ақша-несиелік есептерді құқықтық тұрғыдан қадағалау деңгейінің төмендігі, операцияларды жасау ережелерінің жетіспеушілігі, есептік операциялардың толық автоматтандырылмауы және т. б. ) анықтауға жататын мән-жайлардың үшінші тобы болып табылады.
Жоғарыда келтірілген экономикалық қызмет саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының негізгі белгілері осы салада жасалатын қылмыстар үшін жалпы болып табылады.
Автор осы айтылған көзқарастарды бөлісе отырып, экономикалық саласындағы жасалған қылмыстың криминалистік сипаттамасын анықтау және оларды тергеуді оңтайландырудың әдісітерін қолдануды міндетті түрде анықтап алу керектігіне тоқталған.
Екінші тарау «Экономикалық саласындағы қылмыстарды тергеу ерекшеліктері» деп аталып ол төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде «Экономикалық саласындағы қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қозғау ерекшеліктері» қарастырылған.
Тергеуші экономикалық қылмыс бойынша істерге соттық-бухгалтерлік немесе соттық-экономикалық сараптаманы тағайындау үшін, ал сараптамашы қойылған сұрақтарға толықтай және шынайы жауаптар беру үшін қаржылық-шаруашылық құжаттардың, яғни, аударымдардың толық сипатын бере алатын және иелік етуші субъектінің салықты уақытылы төлеп отырғандығын көрсете алатын құжаттардың айтарлықтай кең тізіміне ие болуы керек. Әдетте, тергеуге дейінгі тексеріс барысында келіп түсетін алғашқы құжаттар кейін олардың негізінде айыптауға негіз болып табылатын сараптама жасау және қандай да бір сараптамалық қорытынды жасау үшін жеткіліксіз болып табылады. Сонымен қатар, жекелеген жағдайларда қылмыстық іс қозғамас бұрын экономикалық қылмыстар туралы арыз, мәліметтерді тексеру барысында сараптама тағайындау мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды (экономикалық құқық бұзушылық фактісі бойынша алғашқы ақпараттардың жеткілікті көлемі болған жағдайда) . Дегенмен, экономикалық қылмыстық істер бойынша мәліметтерді алудың процессуалды мүмкіндігі туындайтын кезде барлық жүргізілетін тыңғылықты соттық-бухгалтерлік сараптама сараптамашыға керек, бұл тек қана тергеу кезінде жүргізілуі қажет.
Қылмыстық істі қозғау кезеңінде әрекеттің қандай ниетпен жасалған екендігін анықтау кезінде туындайтын күмәндарға байланысты келіспеушіліктердің алдын ала отырып, осы орайда экономикалық қылмыстардың ерекшелігі көрініс алатынын айта кетейік. Шынымен де, жалпы қылмыстық бағыттағы көптеген істер бойынша қылмыстық іс қозғау кезеңі барысында қылмыс фактісін тапса жеткілікті болып есептеледі (объект және объективтік жағын) . Әдетте, экономикалық қылмыс бойынша қылмыстық істер анықталу фактісі бойынша емес, нақты тұлғаға қарсы қозғалады, өйткені жоғарыда айтылған экономикалық қылмыс құрамының құрамдас бөлігін тексеріс кезінде анықталған үлкен көлемде төленбеген салықтар құрайды (ҚР ҚК 221, 222-баптарында бекітілген) . Бұдан үлкен көлемде төленбеген салықтардың соммасы көрсетілген әр экономикалық қылмыс туралы келіп түскен барлық арыздар бойынша іс қозғау қажет деген қорытынды шығады. Ал, үлкен сомманың абайсыздан кеткен бухгалтерлік қателік нәтижесінде де бола алатындығын ескерсек, жоғарыда жасалған қорытындының орынсыз екендігі көрінеді.
Экономикалық қылмыс бойынша қылмыстық істі қозғауға шешім қабылдауы кезінде орын алатын жағдайларды сараптай келе, салық төлеушінің тергеуге дейінгі тексеріс кезінде төленбеген салықтарды төлеу жағдайын да ескерген жөн. Зерттелген қылмыстық істердің 62% жоғарыда айтылған жағдай орын алған. Яғни, салық төлеуші оған байланысты қылмыстық істі қозғау жайында шешім қабылданған уақытқа дейін мемлекетке келтірген зиян мөлшерін бюджетке қайтарған. Дегенмен, тіпті осыдан кейін де қылмыстық іс қозғалатын болған, және бұндай жағдайлардың 94% тергеуге дейінгі тексеріс кезеңінде жағдайдың өзгеруіне сәйкес немесе әрекет етушінің кінәсін мойындауына сәйкес олар тоқтатылған.
Экономикалық саласы бойынша қылмыстық істі анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші және прокурор да қозғай алады (ҚР ҚІЖК 186-бап) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz