Мұсылман діні



1 Мұсылман діні, Аллах сөзінің жазылуы
2 Дін саясатта
3 Қазақстан Республикасындағы діни ахуал
4 Мекке
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, ондадіндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектерсаны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды»[1]. Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.
Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі.
Құрбандық не мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі, қалыптасып қалган көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа сөзбен айтар болсақ, ол көзқарас діннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін анықтағысы келетіндігі айғақ.
1. Зиммель Г. К социологии религии//Избранное. Т. 1. — М., 1996. — С. 618.
2. Зиммель Г. Социология религии//Избранное. Т. 1. М., 1996. С. 579.
3. Зиммелъ Г. Социология религии//Избранное. Т. 1. — М., 1996. — С. 579.
4. Общечеловеческие и национальные ценности в изменяющемся обществе. — Алматы, 1997. — С. 182
5. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ,
ондадіндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып
жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол
қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі
болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы
соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын
халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді
сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның
әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде
болса керек. Өйткені тіпті религия, сөзінің этимологиялық бастапқы
мәнінің өзі де біріктіру, байланыстыру, қатынасты қалыптастыру
дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын
қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар
негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп
анықтауға болады.

Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын
қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде
жазылған мақалалар, ғылыми еңбектерсаны некен-саяқ. Дегенмен діннің
бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды[1]. Қорқыныш-
үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни
сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және
бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер религия — (дін) терминіне
келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда байлау, екінші қайта
оралу дегенді білдіретін көрінеді.

Цицерон шығармаларында религия сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы
қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым,
дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік,
тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің
негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-
қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. Мен құдайға сенемін
деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл
жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк
етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да
болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған
дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық
шалу рәсімі.

Құрбандық не мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары деген
көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар
сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі, қалыптасып
қалган көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-сенімдердің қоғамды
реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа сөзбен айтар
болсақ, ол көзқарас діннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін анықтағысы
келетіндігі айғақ.

Мұсылман діні, Аллах сөзінің жазылуы
Адам ұжымдары қақтыгыссыз сүре алмайды. Адамдардың алғашқы бірлестіктері
зорлық-зомбылықсыз, бәрінің бәріне соғысынсыз (Т. Гоббс) болып көрген де
емес. Бастарын біріктіре тұра, бір-бірімен қауымдаса тұра адамдар
бөлінісіп, ыдырасып та үлгереді. Мұндай қиын-қыстау кезеңде адамдардың
жағымсыз қасиеттерін — қанды жауыздық құмарлығын өзіндік бір жолға салып,
оның қарқынын басатын бірден-бір құрал ретінде құрбан шалуқарастырылады.
Яғни діннің бір негізгі көрінісі болып табылатын құрбан шалу әрекеті
қоғамды дезинтеграция, бытыраңқылықтан сақтайтын механизм болып табылды.
Сол сияқты діннің өзінің бойынан да осы қасиеггі кездестіреміз, яғни дін де
адамдар арасындағы қиратушы зорлық-зомбылық құштеріне кері әрекет етіп,
әлемге тыныштық, келісім, жақсылық әкелуді мақсат тұтады.

Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында
өмірден тұрақтылық, өзгерместік, мә ңгілік пен қасиетті іздеп келеді.
Әртүрлі діндер осы ізденістердің жауабы деп түсінсек те болғандай. Дін адам
Жанынан туындайтын дүние, ол өзінің мазмұнын көп түрлі нәрседен жинақтайтын
болғандықтан өз ретінде адам өмірінің көптеген салаларын
тәртіптеуші нормативті құрылым болып табылады.

Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу
нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория
ретінде де қарастырылады.

Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол
жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететінметодологиялық
механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның
әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет
пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар
арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.

Дамыған діндердің ортақ мүддесі — қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір
құдайға табынушы діндердің алғашқысы — иудаизмнің өзінде қауымдастар
арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл
алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік
етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің кепілдііі бола алатын
дәрежеде көрсетілген. Дін — бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы
көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды [2].

Жалпы қандай да болмасын қауымның тұрақты әрі үзіліссіз, ұдайы дамуының
және қызмет етуінің түпкі себебі сол қауым мүшелерінің әлеуметке лайық,
мақсат-мүделлі іс-әрекетіне көп байланысты екендігі кімге де болса
түсінікті нәрсе. Адамның жалған өмірінің шеңберінен тысқары орналасқан
қандай да бір түпнегіздер табу — діннің болмыс етуінің алғы шарты.
Қоғамдағы адамның алдында көптеген өмірлік маңызы бар сұрақтар туары рас,
ал енді оның шешімін құдайға деген сенімсіз, дінсіз табу қиынға соғады,
әлде тіпті де мүмкін емес деуге болады. Ол мәселелер мәңгілік мәселелер
және де ол адам болмыс-бітімінің айрықша ерекшелігін құрастырады да.
Сондықтан да діннің қай кезеңінде болмасын, қандай қоғам типінде болмасын
алар рөлі ерекше.

Дін саясатта

Бастапқыда дін өкіметпен, мемлекетпен тығыз байланыста өмір сүрді. Мысалы,
қола дәуіріндегі көптеген мәдениеттерде саяси және рәсімдік немесе діни
қызметтерді бөліп жару өте қиын болатын. Көне шығыс өркениеттерінде
діни ұйымдар мемлекеттік басқару ісіне тікелей араласатын еді. Бұндай күйді
біз орта ғасырлық Еуропа тарихынан да кездестіреміз. Еуропада тек Жаңа
Дәуірдегі ірі рухани төңкерілістен кейін ғана жағдай мүлдем басқаша болып
өзгереді. Қайта Өрлеу кезеңінен басталған өзгерістер нәтижесінде еуропалық
қоғамдық-мәдени өмір шіркеу қарамағынан, оның қатал бақылауынан бірте-бірте
босана бастайды. Бұл процесс реформация нәтижесінде жылдамдап, қарқын
алады. Мәдениеттің зайырлылық принципіне өтуі саяси-қоғамдық және
экономикалық құндылықтардың пайдалану аясының кеңеюімен, ғылыми зерттеулер
мен техникалық шығармашылықтың қарқынды дамуымен етене байланысты жүріп
отырды. Қоғамның, жеке адамның дін ықпалынан айырылуы шіркеудің өкіметтен,
мемлекеттен шеттеуіне, соның нәтижесінде оның саяси құрылымдар қатарынан
жеке бастың еншілігіне қарай ығысуына, яғни мемлекеттен
азаматтық қоғам аясына ауысуына әкеліп соқты.

Батыс адамзаты өкімет билігінің заңға негізделген легалды түріне көшкен
сәтте Шығыста әлі де болса сакралды (қасиетті) және профанды (қарапайым
күнделікті), діни және зайырлы бастамалардың біте қайнасып жатуы көзге
ұрады. Соның айғағы ретіндеисламдық әлем мен қытайдың ұлы мәдениеттерін
мысал ете кетуге болады.

Христиан және буддизм дінімен салыстырғанда дүние жүзілік діндердің тағы
бірі — ислам адамдардың күнделікті тіршілігіне көп араласады. Сондықтан
болар исламда дін мен саясаттың, діни ұйымдар мен мемлекеттік органдардың
байланысы тамырын тереңге жайған.

Қазақстан Республикасындағы діни ахуал

Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау
Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет
болады. Қазақстан Республикасының ата заңы — Конституциясы бойынша дін
мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы
өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген
сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни,
ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына,Азаматтық
Кодексіне, Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту
еркіндігі туралы Заңдарына негізделеді.

Астанадағы Нұр-Астана мешіті
Қазақстан Республикасында заң жүзінде бекітілген шіркеумешіттің мемлекеттен
бөлінуі діннің мемлекетке ешбір етер ықпалы жоқ дегенді білдірмесе керек.
Қандай да болмасын мемлекет азаматтардан тұрады, ал олардың өзіндік наным-
сенімдері, соның ішінде діни наным-сенімдері бар болатын болса, онда
мемлекет те өзін толығымен діннің ыкдалынан тысқарымьш деп сезіне алмайды.
Діни факторды ескермей маңызды әлеуметтік процестерді қарастыру және
олардың мәселелі тұстарын шешу мүмкін емес екендігін бүгінде елдің бәрі
мойындайды. Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының
мәні мен ерекшелігі туралы сұрақ қояды, адамшылық идеясын алға тартады,
адамгершілікті тұлға, ар-ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол
тек адамның сыртқы қылығы мен іс-әрекетін ғана реттеп, бағыттап қоймайды,
сонымен қатар ішкі дүниесін жасайды, адамның Мейірімділік, Махаббат және
Шындыққа деген сенімі мен үмітін қалыптастырады. Қазіргі таңца әлемде бар
діндердің қайсысымен болсын әлсіз байланысқан адам бүгінгі таңда әбіржу
үстінде — ол не өзінің заң беруші ақыл-ойына, не ұлы пайғамбарлар мен
адамзаттың ұлы ұстаздарына сенуі керек. Біздің замандас жоғарыда
аталғандардың қайсысын таңдап алғанына қарамастан діни қажеггіліктің
өзектілігі азаймайды, кемімейді. Діни қажеттіліктер әсіресе қоғамдық қарым-
қатынастардың күрт өзгеріске ұшыраған, түбегейлі жаңашыл бағыт ұстанған
қиын-қыстау өтпелі кезеңдерінде өте маңызды болары сөзсіз, өйткені дәл
сондай шақтарда жеке тұлғаның өзінің болашағына деген үміті жоғалып, өзіне
деген сенімінің азаятындығы белгілі. Сондықтан болар, КСРО-ның ьщырауы,
яғни алғы шептегі қоғамдық мұрат — коммунистік бақытты болашақтың жүзеге
аспай қалуының нәтижесінде адамдардың көпшілігі эр түрлі діни
конфессияларға, бірлестіктерге бет бұрды.

Қазірде Батыста болсын, Шығыстың көптеген зайырлы мемлекеттерінде болсын,
солардың арасында бізде де дін азаматтық қоғамның біріктіруші-бақылаушы
механизмі ретінде қарастырылады. Азаматтық қоғамдағы діннің негізгі қызметі
оның мәдени-әлеуметтік жүйенің бірлігін сақтап қалушы күш болып
табылатындығында. Көптеген діни бірлестіктер өздерінің діни насихатын
шаруашылық қызметімен қоса ала жүреді, нәтижесінде республика
территориясында кіші жекеменшік ұжымдар мен фирмалар пайда болып,
экономиканың дамуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін
тигізеді. Шіркеулер мен мешіттер қаражаттан тапшылық көретін кемтарларға,
кәрі-құртаңдарға, жалғызіліктілерге және т.е.с. қайырымдылық көрсетуді де
ұмытпайды. Діни ұйымдардың бүкіл қаржы-қайрат, іс-әрекеттері бейбітшілік,
төзімділік және сүйіспеншілік мұраттарын өмірге енгізу үшін бағышталған.

Қосымша

Бәрімізге белгілі бір жай — зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау
басталып кеткен, орын алған зорлық-зомбылықты тоқтатудан гөрі әлдеқайда
оңайға соғады. Себебі зорлық-зомбылық көзі адамның жаратылыс табиғатымен,
инстинктерімен байланысты болғандықтан ол көбінде иррационалдық,
соқырсезімділікке жақын түр. Зорлық-зомбылық жұққыш, оған көп еліктегіш
келеді. Басталып кеткен зомбылық өзінің неден туындағанын, шынайы себебін
ұмыт қалдырып, мүлдем басқа себептерді өзінің қайнар көзі деп табады.
Зорлыққа зорлықты карсы қойып нәтижеге жетем деу сорақылық, сондықтан да
саналы, ақыл-ойы бүтін адам, зорлық көрсе бүкіл болмысымен жиіркеніп,
тыжырынар (Е.Н. Трубецкой). Әлемдегі бар ленде мүмкіншілігі мен бүкіл
негіздеуге қажыр-қайратын күш көрсетпеу принципін салу керек. Оған басты
себеп — күш көрсетпеу принципінің адамдардың бірлесе тіршілік етуі үшін
пайдалы екендігінде. Әлеуметтік өмір түгелдей дерлік қарым-қатынас,
байланыстан тұратын болғандықтан ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман құқығының пайда болуы мен дамуы
Мұсылман құқығының мәтіндері
Ислам шығуының идеялық бастауы
Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
Мұсылмандық құқық
Исламды түркі өркениетінің қабылдауы
Исламның пайда болуы
Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері
Араб халифаты және мұсылман құқығы
Араб халифаты туралы ақпарат
Пәндер