Адвокат-қорғаушының сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсетуі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 119 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті

ӘОЖ 343. 139(574) Қолжазба құқығында

Садыков Алмас Жасенулы

Адвокат-қорғаушының

сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсетуі

12. 00. 09 - қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және

сот сараптамасы; жедел іздестіру қызметі

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі

заң ғылымдарының докторы,

профессор Е. О. Алауханов

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Мазмұны

Белгілеулер мен қысқартулар тізімі . . . 3

Кіріспе . . . 4

1 Сезіктінің Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу

құқығы бойынша құқықтық мәртебесі, оның қорғануға құқығы . . . 9

  1. Қылмыстық іс жүргізудегі «сезікті» ұғымы және оның алдын ала

тергеу сатысында іс жүргізу кезіндегі жағдайы . . . 9

  1. Сезіктінің адвокаттан білікті заң көмегін алу құқығы . . . 27
  1. Айыпталушы және оны алдын ала тергеу кезінде қорғау . . . 36Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету (құқықтық

және психологиялық аспектілер) . . . 36

  1. Айыпталушының адвокаттың білікті заң көмегіне құқығы . . . 65
  2. Айыпталушыны алдын ала тергеу кезінде қорғауды адвокаттың

жүзеге асыруы . . . 71

  1. Сотталушының қорғануға құқығы және оның қорғаушымен өзара

қатынастарының құқықтық сипаты . . . 82

  1. Сотталушының сотта қорғану құқығы . . . 82
  2. Қорғаушы мен сотталушының қорғауды жүзеге асыру процесіндегі өзара қатынасы және қорғаушының қылмыстық іс бойынша позиция қалыптастыруы . . . 91

Қорытынды . . . 105

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 110

Қосымша А Сызба №1. Адвокатураның жалпы мақсаты . . . 117

Қосымша Б Сызба №2. Адвокаттармен Заңдылық көмек көрсету түрлері . . . 118

Қосымша В Сызба №3. Адвокаттың қылмыстық сот өндірісіне қатысуы . . . 119

Қосымша Г Сызба №4. Айыпталушыға, сезіктіге қорғануға құқығын қамтамасыз ету (Конституцияның 13 б. ҚР ҚІЖК 26 б. ) . . . 120

Белгілеулер мен қысқартулар тізімі

БҒМ - Білім және ғылым министрлігі

БСТ - Басты сот талқысы

ГФР - Германия Федеративтік Республикасы

ЖІҚ - Жедел іздестіру қызметі

КІІД - Көліктегі ішкі істер департаменті

ҚСжАЕК - Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті

ҚІЖК - Қылмыстық іс жүргізу кодексі

ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы

СИЗО - Тергеу изоляторы

ТБ - тергеу бөлімі (басқармасы)

ТК - Тергеу комитеті

ТҚД - Техникалық қызмет департаменті

ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті

УҰИ - Уақытша ұстау изоляторы

ІІБ - Ішкі істер басқармасы

ІІД - Ішкі істер департаменті

ІІМ - Ішкі істер министрлігі

ЭСҚКА - Экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес агенттігі

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл диссертациялық зерттеу сезіктінің, айыпталушының және сотталушының Қазақстан Республикасының қылмыстық процестегі құқықтық мәртебесін (олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқығы және т. б. ) және аталған субъектілердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудегі адвокат-қорғаушының рөлін анықтауға арналған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет орнату үшін азаматтардың құқықтарына, бостандығына және заңды мүдделеріне кепілдіктерді күшейту керек. Айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету және тараптардың бәсекелестігі және тең құқылығы қағидасын дамыту қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында күшті кәсіби қорғаудың болуын талап етеді. Қазіргі кезде адвокат-қорғаушының қылмыстық процеске қатысу мүмкіндігі көбейді.

Бұл зерттеу жұмысындағы адвокат-қорғаушы мен қорғалушы арасындағы өзара қатынастарды зерделеудің маңыздылығы сонда, біз сезіктінің, айыпталушының, сотталушының құқықтары мен заңды мүдделерін ойдағыдай қорғаудың, адвокаттың қорғалушымен психологиялық байланыс орнатып, өзара әрекеттің дұрыс стратегиясын таңдай алу қабілетіне, қылмыстық іс бойынша ортақ позиция ұстанып, оны іске асыруда мақсатты әрекеттер істей алу шеберлігіне байланысты екендігін дәлелдейміз.

Зерттеу тақырыбын таңдағанда Қазақстан Республикасының қылмыстық процесс заңдарына енгізілген өзгертулердің сезіктінің, айыпталушының, сотталушының қылмыстық сот ісін жүргізудің өне бойында қорғануға құқын және атап айтқанда, білікті заң көмегін алуға құқын қамтамасыз етуге және ол құқықты пайдалану проблемасына қатысты мәселелерді қарастырдық.

Бұл айтылғандар диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдап, оның теориялық және практикалық тұрғыдан қаншалықты өзекті екендігін анықтауға көмегін тигізді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диссертациялық зерттеу кезінде С. Л. Ария, К. К. Арсеньев, М. О. Баев, Б. Т. Безлепкин, А. Д. Бойков,
Е. В. Васьковский, Д. П. Ватман, Л. В. Владимиров, А. А Власов, Е. П. Данилов, Н. И. Капинус, Е. Г. Тарло, Н. М. Кипнис, А. Ф. Кони, В. Л. Кудрявцев,
В. Ю. Львова, П. А. Лупинская, Е. А. Матвиенко, В. В. Мельник, Г. М. Резник, В. П. Рыжаков, А. Ф. Романенков, И. Д. Перлов, И. Л. Петрухин, Н. Н. Полянский, Е. В. Семеняко, Б. Саломов, И. Л. Трунов және тағы басқа революцияға дейінгі, Кеңестік кезеңдегі және бүгінгі Ресей ғалымдарының еңбектері зерделенді. .

Қазақстанда мұндай тақырып А. Н. Ахпанов, Е. О. Алауханов,
Т. К. Айтмұхамбетов, К. Беков, Л. Ш. Берсүгірова, Т. К. Биятов, М. А. Джанабаев, А. А. Исаев, К. Ж. Капсалямов, М. Ч. Қоғамов, Д. Н. Канафин, Ш. К. Құсайынов, Е. Я. Лопушной, С. С. Молдабаев, Г. М. Нам, К. И. Нұржаубаева, А. С. Нұралиева, С. Д. Оспанов, Т. Е. Сәрсенбаев, Б. Х. Төлеубекова, А. К. Түгел, А. Ж. Тукеев,
С. Т. Тыныбеков, Ш. М. Шарипов, Б. К. Шынарбаев, Р. Н. Юрченко және тағы басқа ғалымдардың еңбегінен көрініс тапқан.

Бұл ғалымдардың еңбектері қылмыстық процеске білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету проблемасын шешуге тиянақты теориялық негіз болады. Бірақ бұл тақырыптың едәуір зерделенгендігіне қарамастан, сезіктінің, айыпталушының, сотталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету мен олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық процес кезінде қорғауға байланысты мәселелер жөнінде ортақ пікір жоқ, ол жағдай қылмыстық процесс заңнамасының нормаларын қолдану кезінде байқалмай қалмайды.

Қорғаушы мен сезікті, айыпталушы, сотталушы арасындағы өзара қатынастар, негізінен, қылмыстық процесс заңдарының нормаларымен реттеледі, олардың әрқайсысының іс жүргізудегі жағдайымен анықталады, қорғау әрекетін жүзеге асыру мақсатына арналады.

Қылмыстық процеске қатысушы бұл адамдар арасындағы қатынастардың психологиялық жағы да осылармен анықталады және олардың психологиялық қасиеттеріне үлкен мән беріледі.

Заң психологиясының едәуір дамығанына қарамастан, қылмыстық қорғау психологиясы мен адвокат-қорғаушы қызметінің психологиясы бойынша жұмыстар өте аз.

Қорғаушы қызметінің құқықтық және этикалық қана емес, психологиялық мәселелермен де байланысты екендігін ескерсек, адвокат-қорғаушы мен сезікті, айыпталушы, сотталушы арасындағы қатынастардың құқықтық және психологиялық аспектілерін нақтылап қарау қажеттігі туындайды.

Зерттеудің мақсаты. Бұл диссертациялық зерттеуді жүргізудегі мақсат - сезіктінің, айыпталушының және сотталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету, құқықтық институтын зерттеу және соның нәтижесінде осы институтты жетілдіруге және аталған тұлғаларды қорғауда пайдаланатын құралдар
мен тәсілдерді жетілдіруге бағытталған ғылыми негізі бар ұсыныстар даярлау.

Зерттеудің міндеті. Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін төмендегідей міндеттерді орындау қажет:

  • адвокат-қорғаушының қылмыстық процестегі құқықтық мәртебесін зерделеу;
  • сезіктінің, айыпталушының және сотталушының құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғаудағы адвокат-қорғаушының атқаратын рөлін анықтау;
  • адвокат-қорғаушының қылмыстық процестегі сезіктінің, айыпталушының және сотталушының құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауға бағытталған қызметін арттыруға бағытталған ұсыныстар даярлау;
  • сезіктінің, айыпталушының және сотталушының құқықтық мәртебелерін зерделеу;
  • қорғаушы мен қорғалушы арасындағы өзара қатынастардың құқықтық сипатын анықтау.

Зерттеу объектісі. Адвокат-қорғаушының сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсету барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар диссертациялық зерттеудің объектісі болып табылады.

Зерттеу пәні. Сезіктінің, айыпталушының және сотталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету жөніндегі қылмыстық процесс қызметінің мәні мен мазмұны және де сезіктіні, айыпталушыны және сотталушыны қорғау жөніндегі адвокат-қорғаушының қылмыстық процесс қызметінің мәні мен мазмұны, сол қызметті реттейтін конституциялық және қылмыстық процесс нормаларының жиынтығы диссертациялық зерттеудің пәні болады.

Зерттеудің әдістемелік негіздерін танымның қазіргі әдістері, оның ішінде жалпы ғылыми да (диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, институционалдық өлшеу, құрылымдық-функционалдық, социологиялық және т. б. ), арнайы да (тарихи-заңдық, формальды-заңдық) әдістер құрады.

Автор жүйелік тәсілдің, сондай-ақ талдау мен синтездің, индукция мен дедукция, статистикалық және салыстырмалы-құқықтық әдістердің мүмкіндігіне сүйенді. Диссертациялық зерттеудің эмпирикалық негізін құраған материалдарды зерделеу үшін автор талдау, сұрау және сараптық баға беру түріндегі нақты-социологиялық әдістерді пайдаланды.

Зерттеудің нормативтік базасын Халықаралық-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, сонымен қатар бірқатар шет елдердің (АҚШ, Англия, Италия және т. б. ) заңдары құрады.

Зерттеудің эмпирикалық базасын: Астана қаласының (Сарыарқа және Алматы аудандарының), Алматы қаласы (Алмалы және Әуезов аудандарының) аудандық соттары және Шымкент қалалық сотының 2007-2009 жылдары қараған 500 қылмыстық істің материалдары; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 200 қызметкерінен алынған сауалнама жауаптары; ІІМ-нің ТҚД мен Бас прокуратураның ҚСжАЕ Комитетінің Қазақстан Республикасындағы тергеу практикасының жайы туралы статистикалық мәліметтері (1997-2009 жылдарғы) құрады.

Сонымен қатар, басқа авторлар жүргізген осыған ұқсас зерттеулердің нәтижелері де зерделенді, олар бойынша тұжырымдар өз зерттеуіміздің нәтижелерімен салыстыру үшін ғана пайдаланылды.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығына осы проблеманы зерттеудегі тәсілдің өзін жатқызуға болады. Сезіктінің, айыпталушының, сотталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету проблемасының ғылыми негізінде адам құқығының, бостандығының және заңды мүдделерінің басымдығы, әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығы, олардың мемлекеттік және қоғамдық құндылықтармен арақатынасы жатыр, бұлар Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан.

Диссертацияда адвокат-қорғаушы мен сезікті, айыпталушы, сотталушы арасындағы өзара қатынасты ескере отырып, олардың әрқайсысының іс жүргізудегі жағдайына және оларға берілген құқықтар мен міндеттерге сүйеніп, соттағы қылмыстық процеске қатысушы бұл адамдардың психологиялық ерекшеліктері мен күйін қылмыстық процесс тұрғысынан зерттеуге талпыныс жасалды.

Қылмыстық процеске тартылған адамның сезікті деп танылған, айып тағылған кезден бастап барлық алдын-ала тергеу, басты сот талқысын тағайындау және соттың үкім шығару кезеңдеріндегі жағдайы дәйекті түрде қаралып, кешенді зерттеу жүргізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы қорғауға шығарылатын мынадай негізгі тұжырымдардан нақты көрініс тапқан:

1. Қылмыстық қудалау органдарының (осы органдардың лауазымды тұлғаларының) кінәсімен ақтау, дәлелдемелерді жинау барысында қылмыстық процесс заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда, қорғаушы жақ мұндай дәлелдемелерді пайдалана алмайды («дәлелдемелер ретінде рұқсат ету ережелерінің асиметрияланғаны»), себебі заң талаптары бұзылып алынған дәлелдемелердің заңи күші болмайды, бұл жағдайда процессуалды нысан бұзылады, ал ҚІЖК 116-бабына сәйкес ондай деректер дәлелдемелер ретінде рұқсат етілмейді.

2. Қылмыстық процестегі тараптардың бәсекелестігі мен тең құқылығы қағидасы бұзылмас үшін және күдікті мен айыпталушының құқықтарының шектелуіне және бұзылуына жол бермеу үшін ҚІЖК 102-бабы 4-бөлімінің редакциясын келесідей етіп ауыстыру керек:

«Өтініш мәлімделгеннен кейін оның қабылдануы, қаралуы және тікелей шешілуі міндетті болып табылады»

3. Қылмыстық процесте адвокат-қорғаушы дәлелдемелерді жинау субъектісіне жатпайды. Адвокат-қорғаушының жинаған материалдары тек қылмыстық процесс органдарының лауазымды тұлғаларынан тиісті бағасын алғаннан кейін ғана дәлелдемелер бола алады. Яғни, ол материалдар тергеушімен, анықтаушымен, прокурормен іс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін пайдасы бар деп танылса, онда аталған лауазымды тұлғалар адвокат-қорғаушымен жиналған материалдарды қылмыстық іске дәлелдемелер ретінде қосу туралы қаулы шығаруы тиіс.

4. Алдын-ала тергеу біткеннен кейін адвокат-қорғаушы өзінің қорғау қорытындысын дайындау керектігін ұсынады. Қорғау қорытындысында адвокат-қорғаушының қылмыстық іс бойынша сезіктіні, айыпталушыны және сотталушыны қорғауға бағытталған барлық материалдары бекітілуі тиіс.

5. Сезіктінің, айыпталушының, сотталушының мүліктік жағынан дәрменсіздігі себебінен адвокат жалдауға мүмкіндіктері болмаған жағдайда тергеуші, анықтаушы, прокурор оларға адвокатты тағайындайды (әрине, егер де заң бойынша адвокаттың қатысуы міндетті болса (ҚІЖК 71-бабы) ) . Біз сезіктінің, айыпталушының, сотталушының отбасының орта жан басына шаққандағы адвокаттың тағайындалғанға дейін соңғы үш айдың табысы туралы анықтамамен қылмыстық істі тергеу барысында расталуы тиіс деп есептейміз. Бұл шара тағайындалған адвокаттардың еңбек ақысын мемлекет есебінен негізсіз төленуіне жол бермейді.

6. Қылмыстық процеске тағайындау тәртібімен қатысатын адвокат-қорғаушылардың тәжірибесінде, өз еңбектеріне тиісті ақысын уақытында алу үшін арнайы қорлардың жұмыс жасау қажеттігін ұсынамыз.

Диссертациялық зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы диссертациялық зерттеудің ережелері мен нәтижелерін: Қазақстан Республикасының қылмыстық процесс заңнамасының нормаларын жетілдіру мақсатында заң шығарушылық қызметте; адвокат-қорғаушылардың тәжірибелік қызметінде; «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» курсын, «Адвокатура және адвокаттық қызмет» пәні бойынша арнайы курсты оқу процесінде; қылмыстық істер бойынша адвокат-қорғаушылардың кәсіби дағдылары мен шеберлігін көтеру процесінде пайдалану мүмкіндігімен анықталады.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Жүргізілген зерттеудің негізгі нәтижелері, теориялық қағидалар, оларға негізделген тұжырымдар, ұсыныстар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасында талқыланды.

Негізгі теориялық ережелер, зерттеу нәтижелері бойынша жасалған тұжырымдар мен ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар халықаралық және ведомствоаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды, Білім және ғылым министрлігі ұсынған басылымдарда жарық көрді.

Сонымен қатар, диссертациялық зерттеудің нәтижелері, ол бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар ішкі істер органдары мен прокуратураның аумақтық бөлімшелерінің (Астана, Алматы қалаларының Тергеу басқармалары мен прокуратураларының) практикалық қызметіне, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетіндегі оқу процестеріне енгізілді.

Диссертация Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тиісті Нұсқауында белгіленген көлемде орындалды. Жұмыс құрылымы белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден, жеті бөлімшені біріктіретін үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Сезіктінің Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша құқықтық мәртебесі, оның қорғануға құқығы

  1. Қылмыстық іс жүргізудегі «сезікті» ұғымы және оның алдын ала тергеу сатысында іс жүргізу кезіндегі жағдайы

Қазақстанда адвокатура саласы бойынша ғылыми еңбектер өте аз. Олар
Е. О. Алауханов, Б. Х. Төлеубекова, Л. Ш. Берсугурова, Е. И. Каиржанов, М. Ч. Қоғамов, С. Д. Оспанов, Т. Е. Сәрсенбаев, С. Т. Тыныбеков және басқалары қылмыстық іс жүргізу оқулықтары республика ғылымында негізгі орын алады, сонымен қатар арнайы жазылған еңбектер және қорғалған диссертациялар да бар:

1) Тыныбеков С. Т. Организация и деятельность адвокатуры (вопросы и ответы) . - Алматы: Данекер. 2000; 2) Тыныбеков С. Адвокатура и адвокатская деятельность Республике Казахстан. Учебник. - Алматы: Данекер. 2004; 3) Жалыбин С. М. Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве. - Алматы, 1998; 4) Жалыбин С. М. Теоретические и методологические проблемы обеспечения прав человека при уголовном преследовании. Дисс. на соиск. д. ю. н. - Алматы. 2003; 5) Жамиева Р. М. Тактика профессиональной защиты по уголовным делам: Дисс. … канд. юрид. наук. - Алматы. 1999; 6) Жамиева Р. Н., Каиржанов Е. И. Тактика адвокатской защиты по уголовным делам: Учебное пособие. - Алматы: Өркениет, 2000. - 228 с. ; 7) Сулейменова Г. Ж., Воронина Л. В. Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике Казахстан. Учебное пособие // Под ред. Сулейменовой Г. Ж. - Алматы: Алем, 2002;
8) Балабиев Қ., Үтенов Ж. Қазақстан Республикасының адвокатурасы: Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2003; 9) Мейірбекова Г. Б. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. - Алматы, 2007. - 184 б. ; 10) Тугел А. К. Участие адвоката-защитника в процессуальном доказывании по уголовным делам: Дисс . . . канд. юрид. наук: 12. 00. 09. - Алматы, 2008. - 25 с. ; 11) Сериев Б. А. Еңбек заңдарының бұзылуына байланысты қылмыстық іс жүргізуге жәбірленушінің өкілі ретінде адвокаттың қатысуы: Заң ғыл. канд . . . дисс. : 12. 00. 09. - Алматы, 2008. - 24 б. ; 12) Алауханов Е. О., Садыков А. Ж. Адвокат-қорғаушының сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегің көрсетуі. Монография. - Алматы: ТОП, 2009; 13) Алауханов Е. О., Садыков А. Ж. Право подозреваемого (обвиняемого) и подсудимого на профессиональную юридическую защиту. Монография. - Алматы: ТОП. 2009; 14) Шагимуратов А. Я. Использование адвокатами средств защиты в стадии предварительного следствия: Автореф. дисс . . . канд. юрид. наук. - Ташкент, 1989; 15) Жетписбаев Б. А. Административная ответственность в РК: Учебное пособие / Под. общ. ред. проф.
С. С. Сартаева. - Алматы: Дәнекер, 2000.

Проф. Б. Х. Төлеубекованың пікірінше, қылмысты тергеу процесінде мынадай жағдай жиі кездеседі: адамды айыпталушы деп танығанға дейін тергеуші жинақтаған нақты мәліметтер белгілі бір адамды қылмысқа кінәлі деп болжауға алып келеді, яғни тергеуші сол адамды қылмыс жасады деген тұжырымға келеді [4, 56-б. ] .

Бұл ретте тек болжамды негізге алып, адамды айыпты деп тану заңға қайшы келеді және оны құқық қорғау органдарының қылмыстық сот ісін жүргізу саласына тартуы оның құқығын бұзады, себебі ҚІЖК-нің 206-бабында «қылмыс жасады деп айып тағуға жеткілікті дәлелдемелер болса ғана тергеуші адамды айыпталушы деп тану туралы дәлелді қаулы шығарады» делінген [5, 94-б. ] .

Бірақ сонымен қатар, ондай адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартпау, оларға әділ соттан жалтармауды және дәлелдемелер жинастыруды қамтамасыз ететін қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолданбау тергеушінің қылмысты тез және толық ашу, айыптыны қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі міндеттерді орындауына қауіп төндіреді (ҚІЖК-нің 8-бабы) .

Сонымен, қылмыстық қудалау органдарының міндеттері мен олар қылмыстық іс жүргізуге тартқан адамның құқықтары арасында қайшылық туындайды.

«Осындай жағдайларда туындайтын қайшылықтарды жою үшін сезіктінің уақытша тұлғасын процеске енгізу керек болады», - дейді С. П. Божко мен
Е. А. Матвиенко [6, 13-б. ] .

Қылмыстық іс жүргізу әдебиетінде қылмыс жасауда сезікті деп кімді санау керек, бұл субъектінің қылмыстық сот ісін жүргізуде пайда болуының тәртібі мен шарты қандай деген мәселеге қатысты әр түрлі пікірлер айтылуда. Кейбір авторлар қылмыс құрбанының құқықтары мен заңды мүдделері міндетті түрде мүлтіксіз қорғалуы тиіс, әсіресе ол құқық қорғау органдарына байланысты дейді [7, 3-б. ] . Мұндай пікірді қолдауға болмайды, себебі олар сезіктіге түсініктеме бергенде оның іс жүргізудегі мағынасына емес, сөздің лингвистикалық мәніне сүйенген.

Қылмысты тергеу процесінде тергеуші күдік тудыратын көптеген адамдарға қатысты болжамдарды тексереді, бірақ олардың қылмыстық іс бойынша сезікті деп санасақ, ол тергеу процесін күрделендіреді, дәлелсіз қылмыстық жауапқа тартылғандардың құқықтарының бұзылуына алып келеді.

Л. М. Карнееваның пікірінше, адамға қатысты оны сезікті деп тануға негіз болатындай мәліметтер жинақталып, бірақ олар адамды айыпталушы деп тануға жеткіліксіз болса, онда ол сезікті болып қалады және оның істегі бұл жағдайы мына құжаттардан көрініс табады:

- нақты адамға қарсы қылмыстық іс қозғау туралы қаулыда;

- айып тағылғанға дейін сезіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулыда (ҚІЖК-нің 142-бабы) ;

- сезіктіні ұстау хаттамасында;

- тергеудегі қылмысқа байланысты оның жеке өмірінен деректер алу мақсатында сезіктіге сұрақтар қойылғандығы көрінетін хаттамада [8, 26-б. ] .

Қылмыс жасады деп күдік тудырғанмен, ешқандай іс жүргізу әрекеттерін жасауға алып келмеген, тергеушінің күдігі өзіне кейін мәлім болған адамға ешқандай зардап болмайды, ол қылмыстық іс бойынша сезікті деп танылмайды [9, 65-б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi
Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУ ҚАУЛЫЛАРЫ
Адвокатура қызметінің құқықтық мәртебесі
Адвокаттың қорғау мақсатының маңызы мынада
Сезікті мен айыпталушының алдын-ала тергеу стадиясындағы конституциялық құқықтарының іс жүргізу кепілдіктері
Кінәсіздік презумпциясы және алдын ала тергеудегі дәлелдеу міндеті
Күдіктінің құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау механизміндегі прокурорлық қадағалау және соттық бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz