Темекінің – адам денсаулығына қауіптілігі


Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1, 2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгісек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді.
Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.
Темекі - адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт - ораза ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады.
Егер темекіні тастасаңыз:
24 - сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.
2 - күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.
3 - күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.
3 - айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.
1 - жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.
10 - жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі.
15 - жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.
Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында ада-күде арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпау керек. Темекі есіңе түскенде басқа бір істермен айналысқан жөн. Қатты қиналсаңыз, Алла Тағалаға дұға етіңіз. Рас, исламда темекі кіші күнәлардың қатарына жатады. Бірақ, алты кіші күнә қосылып бір үлкен күнәні құрайды екен. Үлкен күнә жасамай, Аллаһтан қорқыңыз. Сол сәт темекі құмарлығыңыз бәсең тартады . . .
1. ЖҚТБ мен дүниежүзілік күрес күні
Жұқпалы аурулардың таралуының негізгі себептерінің бірі мінез-құлықтың қауіпті тәжірибелерден бас тарту қарсылығы болып отыр, (есірткі, қауіпті жыныс қатынасы), сонымен бірге халықтың ЖҚТБ-ның алдын-алу мәселелерінен аз хабардар болды. БҰҰ шешімімен 1988 жылдың 1 желтоқсаны ЖҚТБ-мен дүниежүзілік күрес күні болып жарияланды. Қала халқына түсінікті ақпарат беру үшін қалалық аурухана мен баспасөз қызметінің көмегімен жергілікті теледидардан көрсетуге «Жасырын тексеру кабинетіне» келген азаматтарды емдеуді көрнекі көрсететін бейне көрсетілім түсірілді. Осы арқылы адамның ВИЧ жұқпалы ауруымен анықтаудың жалғыз ғана тәсілі - қанға сараптау жасау керектігін көрсетті.
- Сонымен қатар бас дәрігердің емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары, жұқпалы аурулар дәрігері, жөсөспірімдер дәрігері педагогикалық ұжымдармен біріге отырып мектептерде «Дөңгелек үстелдер» ұйымдастырды, мұнда бозбалалармен және бойжеткендермен «Есірткі және оның адам ағзасына әсері», «Тәртіпсіз», «Жыныстық қатынас», «Контрацепция және оның түрлері», «Жыныс органдарының гигиенасы» тақырыптары қаралды.
- Сондай-ақ 7-11 сынып оқушыларымен, сұрақтар мен жауаптар «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды, қатысушылардың жалпы қатысуы 85 пайызды құрады.
Курчатов қаласы бойынша ВИЧ жұққан тұлғалар мен ЖҚТБ аурулары тіркелмеген.
Жасырын тексеру кабинеті тегін контрацепциялармен және тегін егу инелерімен жарақтандырылды.
Осы насихаттың соңында отырғандар мен қатысушыларға алдын-алу ретінде ұсыныстар берілді, бұл:
Салауатты өмір салты;
Асептиктер мен антисептиктер ережелерін сақтау;
Жезөкшелік пен нашақорлықпен күрес;
Қауіпсіз жыныстық қатынас ережелерін сақтау.
2. Шылым шегуді таста да таңда
19 қарашада нарколог дәрігері қала тұрғындары арасында «Шылым шегуді таста» деген айтуға жеңіл болғанымен, оңай емес екендігін көрсететін шылым шегудің зияны туралы насихаттау жөнінде тазалық-ағартушылық жұмысын ұйымдастырды. Шылым шегуде жастар арасында да, үлкендер арасында да қандай асқынулар болатыны туралы көптеген мысалдар келтірілді.
1. Нарколог дәрігері медицина қызметкерлері арасында «Сіздің ағзаңыз шылым шегуден қандай азап көреді» тақырыбында бейне көрсетілім қойып, тазалық-ағартушылық жұмыстарын жүргізді.
2. Бас дәрігердің орынбасары нарколог дәрігерімен және жасөспірімдер дәрігерімен бірлесе отырып, мектеп ұжымдарына, КТМ-не рейд жүргізіліп, оқушыларымен сұхбат өткізілді, плакаттар, шылым шегудің зияны туралы буклеттер көрсетілді, сондай-ақ лекциялар оқылды, «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Сұхбат үш санат бойынша өткізілді:
1 санат - бозбалалар
2 санат - бойжеткен қыздар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz