Нәрестелік кезеңдегі баланың психикасын дамыту


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
І Бала өмірінің алғашқы жылындағы психикалық дамуының теориялық мәселелері
- Бала өмірінің алғашқы жылындағы психикалық және анатомия-физиологиялық дамуының психологиялық негіздері. ……. 6
- Бала психикасы дамуының мүмкіндіктері . . . ……8
ІІ Бала өмірінің алғашқы жылындағы психикалық дамуын анықтаудың тәжірибелік әдістемесі
2. 1. Бала өмірінің алғашқы жылындағы психикалық дамуын анықтаудың әдістері . . . 12
2. 2. Бала өмірінің алғашқы жылындағы психикалық дамуын жетілдірудің жолдары . . . 19
2. 3. Бала өмірінің алғашқы жылындағы психикалық дамуының әдістемесі . . . 25
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі : Жанұяға қосылған сәби - қай ата-ананың да ең үлкен қуанышы. Сол қуаныш әкелген сәбиге жеткілікті көңіл бөліп, оның тәрбиесімен айналысу - әке-шешенің негізгі міндеті. Ол үшін жас мөлшеріне қарай сәбидегі ерекшеліктерді білген жөн. Мәселен, туылғаннан үш жасқа дейінгі аралыққа тоқталайық.
Жаңа туған сәби алғашқы жылы өте жылдам өседі. Бұл кездің ең басты ерекшелігі - нәрестенің өздігінен өмір сүруге толықтай қауқарсыздығы. Бұл жаста сәби үшін тамақтану, тазалық, ұйқы қаншалықты маңызды болса, оны айналып-толғанып өбектеу де соншалықты маңызды.
Жүргізілген зерттеулер сәби кезінде ата-анасынан жылылық көрмей өскендердің есейгенде рухани жағынан кемшін тартатындығын дәлелдеген. Осы орайда француздың атақты оқымыстысы, ойшылы Блез Паскальдің өмірін тілге тиек ете кетсек. Әкесі оны өте қатал тәрбиеледі. Баласының болашағына үлкен үміт артқаны сонша, оған толықтай көңіл бөлу үшін мемлекеттік қызметін де тастады. Балаға жағрапия, тарих, пәлсапа, шет тілі мен математиканы да өзі үйреткен әкесі оның сана-сезімін жан-жақты дамытуға барын салды. Паскаль әке үмітін ақтады. Атақты математик, физик тіпті, ірі діни ойшыл дәрежесіне көтерілді. Алайда, оның: «өмірім іштей өксікпен өтті, ел секілді бала болып ойнаудың, қуанудың не екенін білген емеспін» деп күйзелгенін көпшілік біле бермейді. Өйткені, үш жасында шешесінен айырылды. Паскаль бар-жоғы 39-ақ (1623-1662) жыл өмір сүрді. Бала кезінде өз қатарластарымен ойнау оған мұң болды. Есесіне дікеңдеп етіп үнемі қасынан бір елі қалмайтын қатал әкесін ғана көрді. Бұл әрине, оның денсаулығы мен жүйкесіне да кері әсер еткені сөзсіз. Әке баланы ғалым етіп, тәрбиелеп шығаруы мүмкін. Алайда, баланы рухани әрі физикалық жағынан кемелденген жақсы азамат етіп өсіру тікелей шешеге байланысты. Баланың ерте жаста ана махаббатына қатты зәру болатын себептерінің бірі міне осы.
Сәбилердің қимыл-қозғалыстары дамыған сайын олардың айналаны танып-білуге деген қызығушылықтары да арта түседі. Осының нәтижесінде олардың қоршаған ортамен араласу мүмкіндіктері көбейеді. Әсіресе, жүре бастаған 1 жас шамасында денесіне зияны тиетін нәрселерден қорғану мақсатында қимыл жасауына, айналаны тануына мүмкіндік беру оның әлеуметтік сана-сезімін жетілдіре түседі. Бұл кезеңде баланы не болса содан қақпайлап, заттарды ұстап-көруіне, бойындағы өз қабілетін байқауына мүмкіндік бермеу - баланың өз-өзіне деген сенімсіздік пен бар қабілетін шектеуіне әкеліп, содан өз бетінше әрекет ете алмайтындай күйге түсіреді.
Бала екі жасқа аяқ басқанда қимыл-қозғалыстары анағұрлым көбейе түседі. Көп нәрсені өздігінен жасап көруге құмартады. Бұл кезеңде сырттай бақылай отырып, әрекетіне қолдау білдіру керек. Өз қолымен ұстап көру арқылы үйренуі - баланың сана-сезімін өсіріп, әрі өз-өзіне деген сенімін күшейтеді. Бұл жастағы балаға үйдегі заттарды, айналасындағы нәрселерді тану аса қажет. Ойын ойнауда әлі де басқалардың қолдауына зәру кезі. Көбіне қимылдайтын ойыншықтарды қалайды. [1]
Әлеуметтік тұрғыдан, әлі де толық жетіліп үлгірмегендіктен өз қатарластарымен бірге ойнай алмайды. Сол себепті, ата-ананың баламен ойнауы тек қана баланың ойын қажеттілігін өтегендік емес. Ол сондай-ақ, ата-ананың баламен қарым-қатынасты дамыту, баланы анағұрлым жақыннан тани түсу, оның сана-сезімінің қаншалықты даму үстінде екенін біліп отыру тұрғысынан керек. Оған қоса, баланы ойын кезінде бақылау әрі онымен бірге ойнау - баланы тану үшін ең оңай әрі ең тиімді тәсіл.
Бұл кезеңде баланың қалыпты өсу үстінде екендігін, үлкендерге жақындық танытып әрі олармен тартыншақтамай дереу ойнап кетуінен көруге болады. Екі жасар бала айтқанын орындамай қойсаңыз, бұртиып немесе т. б. қарсы реакция көрсетуі мүмкін. Алайда, анасы баланың көңілін басқа жаққа бұра алуы тиіс. Мысалы, ыдыстағы ыстық шайды ішем деп жармасқанда, басқа бір ыдысқа суық шай немесе басқа сусын құйып ұсыну секілді т. с. с. Бұл баланың табандап тұрып алуына қарсы жасалады. Бір нәрсені сұрап жылаған сайын баланы жазалай беру немесе барлық айтқандарын істей беру кейінгі жылдарда да жалғасын табатын оның қырсықтығы мен табандап тұрып алуды мінезге айналдыруына әкеп соғуы мүмкін.
1. 2010 жылы Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасын (бұдан әрі - «Балапан» бағдарламасы) іске асыруға қатысты.
«Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында өңірлерде 35 балабақша салынып, 1534 мектепке дейінгі шағын орталық құрылды, 137 жекеменшік балабақша ашылды.
Сонымен қатар, бұрын жекешелендірілген мектепке дейінгі ұйымдарды қайтару, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында ашу, жалға берілген коммуналдық меншіктегі жеке тұрған ғимараттарды босату, мектепке дейінгі ұйым ашуға жарамды басқа да ғимараттар мен үй-жайларды беру есебінен 172 балабақша ашылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы №488 қаулысына сәйкес 2010-2014 жылдары «Балапан» бағдарламасын қаржыландыру үшін 216, 3 млрд. теңге , оның ішінде республикалық бюджет есебінен 213 млрд. теңге және жергілікті бюджет есебінен 3, 2 млрд. теңге қарастырылған. Осы ретте 2010 жылы 21, 5 млрд. теңге бөлініп, игерілді.
Қабылданған шаралар негізінде 2011 жылдың басында 6446 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 2261 балабақша мен 4185 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді. Балабақшалар мен шағын орталықтардың қызметтері 446, 4 мың балаға ұсынылады.
2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы мектепке дейінгі ұйымдарды дамытуға қатысты. 1991 жылы 8881 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді. Дұрыс ойластырылмаған оңтайландыру нәтижесінде балабақшалар желісі 2000 жылдың басына дейін 1 144 бірлікке қысқартылды.
Елдегі мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесі 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі №448 Жарлығымен бекітілген 2000-2005 жылдарға арналған «Білім» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты қайта жаңғыра бастады.
Бұл ретте мектепке дейінгі ұйымдардың даму белсенділігі «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етіледі.
Осылайша, 2000 жылдан бастап елімізде 5 302 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 1117 балабақша (құрылыс пен қайта құру есебінен - 165 балабақша) және 4185 мектепке дейінгі шағын орталық ашылды. Осы ретте 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 2011 жылдың басында 55% -ды (2000 жылы - 13, 5% және 2009 жылы - 36% ) құрады. [2]
Зерттеудің нысаны : Нәрестелік кезеңдегі баланың психикасын дамыту.
Зерттеудің пәні : Нәрестелік кезеңдегі бала психикасының дамуы.
Зерттеу мақсаты : Нәрестелік кезеңдегі баланың психикасын дамыту.
Зерттеу жұмысының міндеттері :
- Бала өмірінің алғашқы жылындағы психикалық және анатомия-физиологиялық дамуының психологиялық негіздерін зерттеу;
- Бала психикасы дамуының мүмкіндіктерін анықтау;
- Бала өмірінің алғашқы жылындағы психикалық дамуын анықтаудың әдіс-тәсілдерін қарастыру;
- Бала өмірінің алғашқы жылындағы психикалық дамуын жетілдірудің жолдары;
- Бала өмірінің алғашқы жылындағы психикалық дамуының әдістемесін зерттеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы : Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І Бала өмірінің алғашқы жылындағы психикалық дамуының теориялық мәселелері
- Бала өмірінің алғашқы жылындағы психикалық және анатомия-физиологиялық дамуының психологиялық негіздері
Өмірдің ол үшін белгісіз жаңа шарттарына бейімделе бастайтын, бірінші айы сәби дамуының жауапты кезеңі болып табылады.
Қалыпты жүктілік барысында туылған сәбидің туылғандағы салмағы 3000-3500г, ал бойының ұзындығы шамамен 48-52 см құрайды.
Жаңа туылған кезеңде сәбидің барлық органдарының қызметі жетілмеген, ағзаның негізгі қызметі қолайсыз жағдайларда әртүрлі органдар жұмысының бұзылуына әкеліп соғатын, әлі орнықпаған тепе-теңдік жағдайда.
Жас сәбидің терісі өте нәзік, жұп-жұқа, лезде жарақаттанады. Сүйек ұлпасында кальций тұзы аз мөлшерде, сүйек жүйесінің кейбір бөліктері шеміршек ұлпасымен берілген.
Ми сауытының сүйегі икемді, туу кезінде сәби басының әйел жыныс жолдары арқылы жеңіл өтуін қамтамасыз ететін және өмірдің бірінші жылында ми сауыты мен мидың пара-пар дамуына ықпал ететін үлкен және кіші "еңбегі" болады. Үлкен "еңбектің" мөлшер шамамен 3*3 см-ден 1, 5-2 см дейін және қалыпты жағдайда бір жасқа дейін жабылуға тиіс.
Жас сәбидің ас қорыту жүйесінің қызметі жетілмеген. Ішек қабырғалары жұқа, микробтар және улы заттар өтуіне қолайлы тамақтандыру кезіндегі бұзылыстар кезіндегі бұзылыстар негізінде көптеп түзілетін газдармен жеңіл созылады. Бұл жиі жағдайда іш ауыруының себебі болады. Туғаннан кейін бірінші күндері сәби ағзасынан алғашқы қоңырқай - жасыл, созылмалы, ас қорыту жолдары бөлінділерінен, эпителиден және ішілген ұрық жаны суларынан құралатын иіссіз масса - меконий бөлінеді. Содан кейін қоймалжын текті ауыспалы деп аталатын қоңыр-жасыл нәжіс, ал тағы 1-2 күннен кейін сарғыш түсті қалыпты дәрет пайда болады. [3]
Жас нәресте адамның бетін немесе затты 20 см аспайтын қашықтыққа көреді, ол бір затқа ұзақ уақыт қарай алмайды, өйткені оның көру органдарының қызметі әрі даму үстінде. Сәби жарық пен қараңғылықты айыра біледі: жап-жарықта ол көзін жұмады, ал көмескі жарықта ашады. Түстерді ол кейінірек айыра бастайды, алайда туғаннан бастап оның назарын ашық, қызыл, жылтыр түстер аударады. Иіс сезу, есту, терімен қабылдаушылық сезімдері едәуір тез дамиды. Мысалы, сәби туғаннан кейін 3 күн өткен соң өз анасын иісі арқылы таниды.
Жас нәресте жақсы естиді, туудан бұрын ол дыбыстарды айыра алады. Сәби жанасуларға өте сезімтал: кейбіреулері оның жанын жайландырады, басқалары, керісінше, қоздырады. Сөйтіп, нәрестенің қабылдауында бәрі соншалықты шатасады, жанасуларды бір-бірінен бөлу өте қиынға соғады.
Нәресте бір қатар шартты рефлекстермен туады. Егер туғаннан кейін сәбиге емшек емізсе, ол белсенді түрде еме бастайды. Сондай-ақ нәрестенің басқа да рефлекстері бар, мысалы, жұту, көз жұму, қорғану, адымдау, еңбектеу, сүйену және т. б.
Өмірдің жаңа шарттарына бейімделу нәтижесінде, жас сәбидің ағзасында көптеген өзгерістер болады. Олра ауруға ұқсас жағдайламен қабаттасады, алайда, уақытша қылық танытады және емдеуді керек етпейді. Мысалы, бірінші күндері дене салмағының физиологиялық жоғалту деп аталатын, 5-7% азаюы белгіленеді. Дене салмағының азаюы негізінде тері және өкпе арқылы тыныс алғанда суды жоғалту себебінен, кіндік қалдығының құрғауының, меконидің, зәрдің бөлінуінен болады. Сәбиді дұрыс тамақтандыру барысында 8-10-шы күнге қарай оның дене салмағы қалыпқа түседі.
Физиологиялық сарғышытық - сәбилердің көбінде өмірінің 3-4-ші күндері пайда болатын терінің, шырыншы қабаттарының сары түске боялуы. Бұл кезде қанда билирубиннің көптігі, ал нәжіс пен зәр түсі дағдылы қалыпта екені байқалады, сәбилердің физиологилық сарғыштығы ешқандай емдеуді талап етпейді және жеті күн ішінде өз өзінен кетеді.
Кей кезде нәрестенің жиі жағдайда жая, құйымшақ, бөксе тұстарының терімһсінде орналасқан көкшілсұр пигменттік дақтарбайқалады. Дақтар нәресте өмірінің бірінші жылы ішнде жоғалады.
Сәбидің желкесінде, маңдайында, жоғарғы қабақтарында эмбрион қантамырларының қалдықтарымен берілген терікапиллярладың кеңейюі байқалуы мүмкін. Жасы есейе келе бұл кетеді, кейде сәби айқайлағанда және мазасызданғанда ғана білінуі мүмкін.
Сәби кезеңінде жыныстық криздер деп аталатын көрінстер жиі байқалады, бұл сүт бездерінің ұлғаюымен, қаздардаң жыныс органдарының бөлінетін шырышты және қанды бөлінділермен және ұлдардың жыныс органдарының өсуімен білінеді. Сүт бездерінің ұлғаюы сәби өмірінің алғашқы күндері байқалады және 8-10-шы күндерде ең көп мөлшерге жетеді. Қыздардың жыныс органдарынан бөлінетін бөлінділер және ұлдардың жыныс органдарының ісігі 3-7-ші күндері пайда болады және бірнеше кен сақталады. Жыныстық криздерге “айыпты” сәби ағзасына түскен ананың гормондары.
Сүт бездерінің ұлғаюында дәрігер кеңесімен құрғақ жылуды пайдаланады(дәкелі - мақта таңғыш) . Қыздардың қынабынан бөлінділер бөлінгенде, жылы сумен ашық -қызыл калий-марганец қышқылы ерітіндісін қосып жыныс органдарын жуады. [4]
Сәбиге екі ай толғанда дененің салмағы шамамен 800г, бойы 3 см өседі.
Сәби бұл кезеңде ішінде жатып, басын көтере, аз уақыт ұстап және оны әр жаққа бұра алады. Ағзаның қызметі көбірек жетіледі, сәби көбінесе ояу болады, қосымша машықтар үйренеді. Нәресте үстінде ілулі тұрған ойыншықтарды қарастыра бастайды. Егер онымен еркелете сөйлессе, ол қуаныш күлкімен жауап береді және қолдары, аяқтарымен күшті қозғайды.
Үшінші ай - сәби дамуындағы өзгерістердің біліну уақыты. Бұл жағдай әсіресе нәрестемен тілдескенде, оны қолға ұстағанда білінеді. Анасының таң қалуына және қуанышына қарай, нәресте оған саналы түрде қарайды. Нәрестенің жауабы жымиыспен, қолдарын белсенді түрде қозғаумен, әлі белгісіз дыбыстармен білінеді. Ояу кезінде ол ойыншықтарға қарайды, қозғалған затты көзқарасымен бақылайды, оған қолын тигізуге талпынады. Сәби жақсы және ұзақ уақыт бойы басын ұстайды, басын қатты дыбыс шыққан, ашық түсті ойыншық жағына қарай бұрады.
Үшінші айдағы дене салмағының артуы орташа 800г, бойының өсуі 3 см құрайды.
Төрт ай толғанда нәресте арқасында жатқан жағдайда басын көтере алады. Ішінде жатып, ол шынтағы мен білегіне сүйеніп көтеріледі. Бұлшықеттер қозғалыстары анығырақ жетілген: сәби денесінің жағдайын өзгертуге, арқасынан қырына бұрылуға талпынады.
Нәресте көбірек ойыншықтармен айналысады, ол тек қарап қана қоймай, сонымен қатар қызығушылықпен оларды қозгайды және ұстайды. Ойыншықтарын баланың қолдарын созғандағы қашықтықтықта іліп қою керек.
Бұл жаста сәби заттардың түстерін және түрлерін айыра бастайды. Сондықтан, сәбидің қолына ұстауға және ойнауға қолайлы ашық түсті, дыбысты, көлемі кішігірім оыншықтарды беру абзал.
Төртінші айда сәби денесінің салмағы 750г орташа, бойы 2, 5 см өседі.
Бесінші айда сәбидің қозғалыс машықтарының жетілуі жалғасады. Ол тек басын ғана емес, сонымен қатар алақандарына сүйеніп, денесін де көтере алады, арқасынан ішіне еркін бұрылады, егер оған азырақ көмектессе, отырады. Денесін шамалы демесе, түзу және нық тұра алды, аяқтарын басады.
- Бала психикасы дамуының мүмкіндіктері
Психикалық дамуы жедел жағдайда өтеді. Сәбидің ересектермен қарым-қатынады. Әрбір ай сайын өзгереді, едәуір саналы бола бастайды. Егер 3-4 айлық сәби кез келген адамның мейірімді тілдесуіне жымия жауап берсе, ал 5-6 айында ол алдымен сөйлескен адамды анықтап қарап алады, содан кейін ғана жауап береді. Бұл жаста сәби өз анасын, әкесін басқа да жақын адамдарды жақсы таниды, дауыстарына анық жауап береді. Ұзақ уақыт әуезді гулейді, сазды әуенді рахаттана тындайды. [5]
Бесінші айдағы дене салмағының артуы 700г, бойының өсуі 2, 5 см құрайды. Бесінші ай - тәндік дамудың алғашқы шебі, бұл кезеңде дені сау сәбидің дене салмағы туғандағымен салыстырғанда екі есе артық.
Алтыншы айда нәресте қозғалыстарының үйлесімділігі анығырақ бола бастайды, ол ойыншықтарды еркін алады және ұзақ уақыт олармен ойнайды, манежде жылжи алады, тіпті өзін кейде қызықтырағн затқа еңбектеп барады. Алты айлық сәби тек арқасынан ішіне ғана емес, сондай-ақ ішінен арқасына аударыла алады, буындарға ұқсас дыбыстар шығарады, анасының қалында тұрақты отырады. Әйтседе сәби өз бетімен әлі отыра алмайды. Жастықтармен қаршап, она отырғызуға болмайды, өйткені бұл омыртқаның қисаюына әкеліп соғады. Сондықтан, сәби өзі отырмайынша, оны отырғызу керегі жоқ.
Баланың алты айға толғанынң маңызды ерекшелігі сүт тістерінің шығуы. Алдымен төменгі орталық күрек тістер шығады, содан соң жоғарғы орталық, әрі қарай төменгі бүйірдегі және жоғарғы бүйірдегі күрек тістер. Бір жасқа толу қарсаңында баланың 8 тісі болады. Алты айлық нәресте қасықтан жақсы тамақ ішеді, тамақ көргенде аузын ашады. Алты ай ішінде нәресте 2, 5 см өседі, дене салмағы 650г артады.
Жетінші айда нәрестенің қозғалу үйлесімділігінің дмуы жалғасады. Сылдырмақ ойыншықты сермеу оны қанағаттандырмайды, нәресте оны жан-жақтағы заттарға ұрғылауға талпынады. Егер ол бұрын ойыншықтарды түсіріпалатын болса, енді ол ойыншықты жиірек лақтырады. Әр күн откен сайын нәресте ептірек бола бастайды. Ол енді жақсы еңбектейді, екі қолынан демесе тік түрады.
Бұл кезеңде нәресте белгілі бір буындарды қайталап, ұзақ уаұыт бойына былдырлайд, ересектердің өтініші бойынша таныс заттарды табады. Ол кеседен жақсы ішеді, бірақ оны өз бетімен қолында ұстай алмайды.
Жеті айда нәресте шамамен 2 см өседі және салмағына 600г қосады.
Сегізінші айда нәресте ересектермен рахаттана тілдеседі, өз отбасының мүшелерін таныс емес адамдардан айыра алады, үлкендердің өтініші бойынша әртүрлі әрекет-қимылдар орындайды: отыру, жату, қолын беру, қоштасарда қолын бұлғау және т. б. көптеген дыбыстар ішінен ол қағаз жырту дыбысын жақсы көреді және бұл «жұмыспен» рахаттана айналысады.
Бұл жастағы сәби сенімді түрде, өз бетімен отырады, жатады, манеждің қабырғасынан ұстап тұруға талпынады және ұзақ уақыт бойы еңбектейді. Сегіз айда нәресте 18-20 см қосады, ал салмағы 9 кг таяу
Тоғызыншы айда бірдеңеге сүйеніп жақсы тұрады, екі қолынан, ал кейде бір қолынан адам ұстаса адымдайды. Тегіс жермен еркін еңбектеп, бір затқа мысалы жастыққа немесе кітапқа шыға алады. Кез келген жағдайда ол тұрып, отыра алыд. Оның ептілігі артады, қолдарын еркін қозғауға, денесін бұруға мүмкіндік беретін, отырып ойнауды жақсы көреді.
Бұл жастағы нәресте заттардың түсін, түрін ғана айырып қана қоймай, олардың көлемін де айырады. Ол өз атын шақырған адамға бұрылады, дауыс ырғағын сондай-ақ кейбір сөздердің мағынасын сезе бастайды. Нәресте «кис-кис» мысық, «ав-ав» ит, «би-би» машина сияқты белгі сөздерді түсінеді, игереді, ал кезде айтады. [6]
Оның дене салмағы 500г артады, ал бойы 2 см өседі.
Оныншы айда нәрестенің салмағы орта есеппен 450г өседі, ал бойы шамамен 1, 5 см. Бұл кезеңде дененің салмағы мен бойының өсуі бәсеңдейді, сонымен қатар, сәбидің дене машықтары мен психикасының жедел дамуы белгілінеді. Ойнаған кезде сәби тізелеріне тұруға, бір қолымен ұстап еңкеюге, қолынан ұстаса жіберуге қабілеті бар. Ол қарапайым сөйлескенді түсінеді, басқа балаларға үйір, ересектердің «тиісуін» ықыласпен қабылдайды.
Сәби тіршілігінің он бірінші айы - бұл дене дамуының екінші шебі. Бұл уақытта нәресте денесінің салмағы туғандағымен салыстырғанда шамамен 3 есеге артық.
Бұл кезеңде сәби өз бетімен ұзақ уақыт тұрады және бірдеңеге сүйеніп жүруге талпынады. Сәби диваннан ішімен, көлбеу жазықтықпен түсуге талпынады.
Он бірінші айда қолдарының саусақтары қимылдарының үйлесімділігі анығырақ білінеді. Сәби күрделі әрекеттер жасайды: пирамидкалардан шеңберлерді алады және қайтадан кіргізеді, қорапшаларды ашуды және жабуды, оларға зат салуды, бар затты шағаруды, қағазды жұмырлауды және жыртуды ұнатады. Он бір айлық нәресте жақын адамдардың аттарын жақсы біледі, бірінші екі буынды сөздерді “ма-маң”, ”па-паң” айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz