Қазақстан Республикасында банк қызметтерін ұйымдастыру


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МазмҰны

КlРlСПЕ . . . 5

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Қазақстанның банк жүйесiндегi банк өнiмiнiң және қызметiнiң

қажеттiлiгi және мәнi . . . 7

  1. Қазақстандың банктердiң сыртқы экономикалың қызметiнiң

негiзгi бағыттары18

  1. ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ

ДАМУЫН ТАЛДАУ

  1. Қазақстан Республикасының банктерiнiң көрсететiн қызмет нарығының

дамуы . . . 22

2. 2 Оңтүстiк Қазақстан облысында жаңа банк қызметтерiн

ендiру тәжiрибесiн талдау …… . . . 32

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl… . . . 42

КІРІСПЕ

Зерттеу жүргiзудiң өзектiлiлiгi. Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баÿғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.

Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н. Назарбаев банк жүйесiн реôормалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын.

Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк ''ЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда.

1990 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.

Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi.

Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банк жүйесiнiң қалыпты қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылдың наурыз айында ''Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы''; 1998 жылдың 28 сәуiрiнде ''Қазақстан Республикасында вексель айналысы туралы''; 1997 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдары қабылданды.

1995 ж. Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудың бағдарламасын жүзеге асыру, осы жүйедегi орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның мақсаты мен мiндетi тұтастай алғанда 1990 жылы жасалған бағдарламамен бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банкi ретiнде атқарған қызметi барысында жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша-несие саясатының құралдарын пайдалануға көшу мiндеттерiн жүктедi.

Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа ұшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондықтан да бiз бүгiнгi таңдағы әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк iсiнiң дамуындағы қызметтердiң әдiстемелерiн оқып бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң практикасында қолданғанымыз абзал.

Тақырыптың тағы бiр маңыздылығы, қарастырылып отырған банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi, оны басқару әдiстерi Қазақстанның банк жүйесiн дамуымен және қалыптасуымен байланысты сҮрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады.

Факторлың талдау негiзiнде банк қызметiне әсер ету үшiн бiз әлемдiк тәжiрибеден үлкен көңiл аударып отырмыз және соның көмегi арқылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиiмдi де пайдалы банк iсiндегi қызметтердi аныңтау, оны дамыту үшiн әдiстердi саралап отырмыз. Сонымен, коммерциялың банктердiң iс-әрекетi саласы кебеюде. Бiрақ отандың банктер әлемдiк тәжiрибеде белгiлi барлың қызмет түрлерiн енгiздi деуге болмайды. Бұл проблема Қазақстанның банк жүйсi үшiн жақа бағыт болып табылады, сондыңтан да банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларында қандай да бiр түпкiлiктi зерттеулер жүргiзiлген жоқ. Осы орайда әлемдiк банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi Қазақстан тәжiрибесiнде енгiзу банк жүйесiн реформалаудағы ең өзектi мәселе болып отыр. Барлың аталған себептер осы диплом жүмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсатары мен негiзгi мiндеттерiн белгiлеуге өз әсерiн тигiздi.

Жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi : Жұмыстың мақсаты банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi анықтап, әлемдiк банк тәжiрибесiн оқып бiлу және оның жергiлiктi жағдайда бейiмделуi болып табылады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қазақстанның банк жүйесiндегi банк өнiмiнiң және қызметiнiң

қажеттiлiгi және мәні

Қазiргi таңдағы экономиканық құрамдас элементтерi өзара тығыз байланысты өте күрделi жүйе ретiнде сипатталады және өте маңызды рөл атқарады. Соның iшiнде бүкiл экономиканық дұрыс және тиiмдi жұмыс атқаруын қамтамасыз ететiн банк жүйесi ерекше орын алады. Кез-келген дамыған мемлекеттi бүгiнгi күнi тармақталған банк жүйесiнсiз елестете алмаймыз. Банктер қазiргi таңдағы экономиканық дамуына ыңпал ететiн мемлекеттiң экономикалың құралдарының бiрi болып табылады.

Банк жүйесi - бұл салым қабылдау және несие беру қызметтерiн орындайтын банктер мен банк институттарының әр алуан тұрлерiнiң жиынтығы.

Кез келген мемлекеттiң банк жүйесi жалпы алып қарағанда экономиканық үлгiсiне байланысты болады. Орталыңтандырылған экономикадағы банк жүйесi нарыңтың экономикасы дамыған банк жүйесiнен ерекшеленедi. Экономикадағы банк жүйесiнiң маңызын дәлелдеп жатудың өзi артың. Банк жүйесi арқылы мемлекет экономиканық салалық және аумақтың даму саясатын жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында жүргiзiлген реформалар барысында елiмiзде классикалық екi деңгейлi банктер жүйесiне өту кезеңi аяқталды. Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Ұлттық банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. Өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Қазақстан Республикасының орталық (ұлттық) банкi мемлекеттiң негiзгi банкi болып табылады. Олардың қызметi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарынан тәуелсiз. Қазақстан Республикасының орталық банкi - экономикалық дербес мекеме. Ол өзiнiң қызметiн меншiктi табыстары есебiнен жүзеге асырады.

Орталық банк көптеген қызметтер атқарады. Оның iшiнде негiзгiлерi:

  • ақша эмиссиясы (айналымға ақша шығару)
  • мемлекеттiң алтын валюта қорын сақтау
  • басқа несие беретiн мекемелердiң резервтiк қорларын сақтау
  • экономиканы ақша-несие арқылы реттеу
  • коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттiк мекемелерге кассалық қызмет көрсету

банктердiң сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдастыру қызметiн реттеу және қадағалау т. б.

Қазақстан Республикасы орталық банкiнiң ақша-несие саясатын жүргiзудегi негiзгi құралдары мен әдiстерiне: Қазақстан ұлттық банкiнiң сыйақы ставкалары, резервтiк талаптар, оның нарыңтағы операциялары, валюталық реттеу, тiкелей сандың шектеулер жатады.

Коммерциялық банктер банк жүйесiнiң аса маңызды буыны болып есептеледi. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы-несие мекемелерiнiң әмбебап сипаттағы тұрi. Коммерциялық банктер қызметiнiң мәселелерi оқу құралының кейiнгi тарауында кеңiрек қарастырылады.

Нарықтың экономикада банктермен қатар банк жүйесiне сақтандыру компаниялары, инвестициялық банктер, қарыз сақтау ассоцациялары, зейнетақы қорлары және т. б. осы сияқты арнаулы қаржы-несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландыратын бұл институттар капиталды тиiмдi орналастыру және қорлану процесiне белсендi қатысады.

Банк жүйесiн жоғарғы дәрежедегi макроэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыратын маңызды құрал ретiнде қарастыруға болады.

Банктердiң маңызды мiндеттерiне ақша айналымын және капитал айналымын үздiксiз қамтамасыз ету, халық шаруашылықтың жинақтарын жинақтау мақсатында ақшалай қаражаттарды тиiмдi жұмсаудың мүмкiншiлiктерiн кеңейту жатады.

Бүгiнгi таңда Қазақстандағы банк жүйесi 1987 жылдан бастап жүргiзiлiп келе жатқан тұрлi өзгерiстердiң нәтижесiнде қалыптасқан құрылым. Ескi және жаңа банк құрылымдарының бiрiгуi нәтижесiнде республикада екi деңгейлi банк жүйесi қалыптасты: бiрiншi деңгей -ұлттық банк тұрiнде, ал екiншi немесе төменгi деңгей - мемлекеттiк, коммерциялық, бiрлескен және шетел банктерi тұрiнде келтiрiлген. ұлттық банк Қазақстанның басты банкi болып саналады және мемлекеттiң меншiгiне жатады. Бiр жағынан, ол белгiлi бiр коммерциялық банктер мен мемлекетпен азаматтың - құқықтың келiсiмдер жүргiзетiн заңды тұлға болып табылады. Екiншi жағынан, Қазақстан Республикасыны ұлттық банкi туралы Заңында көрiнiс алған Республиканық ақша-несие жүйесiн басқару бойынша билiк ету өкiлеттiлiгiмен берiлген. Қазақстан Республикасы ұлттық Банкiнiң басты мақсаты ҚР-ның Ұлттық ақша-несие саясатын жүргiзу, ақша айналымын реттеу, банктiк есеп-айырысуларды және валюталық қатынастарды ұйымдастыру, ақша, несие және банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету және жағдай жасау, банктiң қарыз алушыларымен салымшыларының құқықтарын қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасы ұлттық Банкi мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмитентi ретiнде қызмет етедi, Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады. Ұлттық банк шетел валюталарын сату, сатып алу және айырбас операцияларын жүргiзетiн коммерциалық банктер мен ұйымдардың қызметiн бақылап, банктердiң қызметiн реттейтiн пруденциалдың нормативтердi бекiтедi, яғни ұлттық банк ақша-несие саласының жұмыс iстеуiне толығымен жауапты және Қазақстан Республикасының Орталық банктерiне және басқа да елдердiң қаржы-несие мекемелерiне қатысты мiндеттемелерiн сипаттайды.

Екi деңгейлi банк жүйесi банктер арасындағы екi кеңiстiктегi қарым-қатынастарын құруға негiзделген: тiгiнен және көлденең. Көлденең байланыс бойынша - ұлттық банк басқару орталығы ретiнде, ал төменгi буындары бағынушы қатынастарымен - коммерциялық және мамандандырылған банктермен - сиппатталады; тiгiнен байланыс бойынша - тұрлi төменгi буындарының арасындағы тең құқықты қатынастармен сипатталады. Мүнда әкiмшiлiк функциялары және шаруашылыққа қызмет көрсетумен байланысты операциялық қызметтерi бөлiнедi. ұлттық банк тек клиенттердiң екi категориясы үшiн ғана банктердiң банкi болып есептеледi - коммерциялық, мамандандырылған банктер және үкiмет құрылымдары үшiн, қаржы-несие қызмет нарығының жұмыс iстеуiн реттеу және бақылау мақсатында банк мекемелердiң қызметiн басқару қызметiн атқарады.

Нарық жағдайында банк секторын қалыптастыру үшiн, бiздiң пiкiрiмiзше, тек банк секторының iшiндегi ғана емес, сонымен қатар, макроэкономикалық деқгейдегi процестермен өзара әрекеттесуi, өзара байланысы да аса маңызды.

Елiмiзде банк жүйесiн қайта құру және дамыту үшiн бiр-бiрiмен байланысты iс-шараларды жүргiзу, күрделi ақша-несие саясатын жүзеге асыру инфляцияны төмендетуге, теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге және пайыздың ставкiлердiң деңгейiн төмендетуге мүмкiндiк бердi.

ҚР-ның ұлттық банкi классикалық ақша-несие құралдарын қолданады: қаржыландыру барысында банктер беретiн несие көлемiн реттеу, қайта қаржыландырудың жарияланған мөлшерлемесiн анықтау, мiндеттi қорлардың нормаларын (мөлшерiн) бекiту және т. б. бағалы қағаздары бойынша операцияларды жүргiзу операцияларын пайдаланады.

Үкiмет пен ұлттық банктiң инфляцияға қарсы қатаң саясатымен қатар инфляцияның жоғарылауына макроэкономикалық деңгейдегi құрылымдың-институционалды қайта құру қарқынының баяулауы әсерiн тигiздi. ґндiрiстiң құлдырау қарқынын төмендету шаруашылық етушi субъектiлердiң тарапынан ақшаға деген сұраныстың өсуiне әкелiп соқты. Өткен жылғы ақша-несиелiк реттеудiң жетекшi стратегиясы қол жеткен макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұру, экономикалық өсу мақсатына өтудi қамтамасыз ету және жаңа экономикалық субъектiлердiң қызметiне қолдау көрсетуге бағытталған болатын.

Қазақстан Республикасының ''Банктер және банк қызметi'' туралы Заңымен анықталғандай, екiншi деңгейлi банктер акцияларын шығаруға құқығы жоқ акционерлiк қоғамдар формасында құрылады.

Банктер, мемелекеттiк банктердi есепке алмағанда, меншiктiң кез-келген формасының негiзiнде құрыла алады. Банктердiң құрылтайшылары мен акционерлерi ҚР-ның резидентерi емес-банктермен, банк бөлiмшелерiн құру ерекшелiктерiн ескере отырып, заңға қайшы келмейтiн, Қазақстанның заңды және жеке резидент емес тұлғалардан ақша қаражаттарын тарту, банктердiң және банк емес қаржы мекемелерiнiң корреспонденттiк есеп шоттарын, сонымен қатар банктердiң металлдың есеп шоттарын ашу және жүргiзу; кассалық аудару, есепке алу; ссудалық, трасттың, клирингтiк, сейфтiк, ломбардты операцияларды жүзеге асыру; күрделi салымдарды қаржыландыру; шетел валютасымен операцияларды жүргiзу сияқты операцияларды жүргiзуге құқықты.

Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң құрылымы

Сурет 1

Бүгiнгi күнi коммерциялық банк клиентке 200 астам банк өнiм мен қызмет тұрiн Үсына алады. Көрсетiлген функциялардың жүйеленген тұрде орындалуы банктiң негiзiн құрайды. Операциялардың жеке тұрлерi банктiң арнайы бөлiмдерiнде, қызметкерлер тобымен жүзеге асырылады және өзара тығыз байланысты. Осылайша банктер тауар айналымен және есеп - айырысуларын Үйымдастыру үшiн шаруашылықта қолданылатын төлем қаражаттарын қалыптастыру қабiлетiмен бөленген. Кез-келген тұрақты және дамыған шаруашылық қызметi реттелген ақшалай есеп-айырысу жүйесiнсiз күн көре алмайды.

Нарықтың экономиканық ерекшелiгi банк жүйесiнiң түрлi деңгейдегi банктердiң банк емес мекемелерiмен үйлесiмдi жұмыс iстеуiн, делдал қызметiн жүргiзудi, ұлттық банк пен ҚР басқа банктерiнiң арасында функцияларды заңды тұрде бөлудi талап етедi.

Банктердiң бүкiл қызметi ҚР Президентiнiң қаулыларымен қатаң реттелген, ҚР ұлттық банкi жөнiнде, ҚР банктерi және банк қызметi жөнiнде заңдардың күшiне негiзделген, осы екi банк құрылымдарының арасындағы өзара қарым-қатынасы нақтыланған.

Нарықтың экономика жағдайында елiмiздегi банк жүйесiнiң жағдайынан мемлекетiң беделi және жүргiзiлген экономикалық қайта-құрулардың табыстылығы байланысты болады. Бүгiнгi күнде банк жүйесiнiң жағдайының түзелуi ҚР саяси тұрақтылығының негiзi болып табылады.

Соңғы жылдары ҚР банктер елеулi экономикалық өзгерiстерге үшырады. Қазақстан жас ел бола тұра дамыған елдерге тән экономикалық тұрғыдан дамыған банк жүйесiне жеттi деуге болады. Нәтижесiнде Қазақстанда банк қызметi тәуекелдiктерге тәуелдi болып келедi. Нарықтың қайта құрулардың өзгермелiлiгi банктердi ағымды жұмысындағы өзгерiстерге әкелiп соқтыруы мүмкiн. Саяси, заң, салық және реттеушi орталардың ауытқып тұруы, кез-келген факторлардың керi өзгерiстерi банктiң коммерциялық банктердiңң қызметiне елеулi ықпал етуi мүмкiн. Банк жүйесiнiң тұрақсыздығы бiздiң елiмiздiң экономикалық және саяси жағдайына әсерiн тигiзедi: Ұлттық валютанық девальвациясы, мемлекеттiң бюджет тапшылығын қаржыландыруы тоқтату, жалпы дефолт, сыртқы қарызды өтеу үшiн қаражат тапшылығы, пайыздың ставкiлердiң жоғарылуы, салық жинақтары деңгейiнiң төмендеуi, өтiмдi қаржылардың жетiспеуi және бағалы қағаздар нарығының тұрақсыздығы. Мүндай күрделi экономикалық қиыншылықтар банктiң келешектегi қызметiне орасан зор әсерiн тигiзедi.

Бантер-нарықтың құрылым жүйесiнiң орталық звеносының бiрi. Олардың қызметiнiң дамуы-нарықтың механизмдi нақты құрудың қажеттi шарты. Экономикалық қайта бiлiм-беру процесi банктiк жүйенi реформалаудан басталды. Бұл сфера бүгiнде динмикалық өсуде.

Ұзақ уақыт банктер мемлекеттiк органдар болған және экономиканы басқарудың әкiмшiлiк бұйрықтың жүйесiнiң «конструкция жүргiзушiлерiнiңң бiрi болып көрiнген. Нәтижесiнде елдегi банк iсiн үйымдастыру дәстұрлерiн және ресейлiк банктердiң тәжiрибесiн жоғалтты. Бүгiн, нарықтық экономиканы құра отырып, бiз өтiп кеткендi қолға алуға мәжбүрлiмiз. Қысқа мерзiмде банк iсiн үйымдастырудың Қазiргi заманғы әлемдiк деңгейiне шығу қажет.

Банк сепцификасы оның қызметiнiң ерекшелiктерiмен анықталады. Бұл қызметтiң нәтижесi банктiк өнiм шығару болып табылады. Банктiк өнiм болып мыналар табылады: төлем құралдарын шығару және қызмет көрсету.

Төлем құралдарын шығару өзiн жалпы экономика деңгейiнде көрсетедi (немесе макродеңгейде дегендей) . Еңбек өнiмiн айырбастау бастау, бiр өнiмдi екiншi өнiмге айырбастау формасында емес, сату-сатып-алу формасында жүргiзiлетiнi белгiлi. Товар өндiрушi нарыққа өз товарын ұсынады. Сатып алушы өз кезегiнде, өзiне қажеттi тауарды тек өзiнiң меншiктi өнiмiн сатқан жағдайда ғана ала алады. Нарықтық шаруашылықта сату-сатып-алу актiсi орындалу үшiн жалпылама төлем құралы ретiнде ақша қажет. Олардың көмегiнсiз еңбек өнiмiн айырбастау товар өндiрушiлер арасында болмай қалуы мүмкiн.

Орталық банк ретiндегi банк айналымға қажет, ақшаларды материалдың игiлiктердi алу және тұтыну жалғастыру үшiн қажет ақшаларды шығарады.

Банк өнiмнiң екiншi құрылымдың бөлiмi олармен ұсынылатын қызметтер болып табылады. Оларды келесiдей түрде жiктеуге болады:

Банктiк қызметтердi ең алдымен спецификалық және спецификалық емес қызметтер деп ажыратуға болады. Ерекше кәсiпорын ретiнде, банк iс-әрекетiнiң спецификасынан шығатынның барлығы спецификалық қызметтерi болып табылады. Спецификалық қызметтерге олармен жасалатын операциялардың үш тұрi жатады: депозиттiк операциялар, несиелiк операциялар, есеп айырысу операциялар.

Депозиттiк операциялар клиенттердiң банкке ақша қаражаттарын салым ретiнде орналастырумен байланысты (депозиттер) . Берiлген операцияның тарихи тұрi сақтау операциясы болған, ол кезде адамдар өздерiнiң бағалылықтарын банктерге сақтайтын, олар жинақтардың қауiпсiздiгiн және сенiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн. Соңынан ақша құралдарын сақтау, құнсызданудан сақтауға өсе бастады. Адамдар өздерiнiң ақша ресурстарын банкке тек өте қолайлы, қауiпсiз орынға орналыстыруға ғана емес, сонымен қатар табыс алу, оларды құнсызданудан, инфляциядан сақтау мақсатымен де қоя бастады. Банк клиенттерi депозитке ақша салғаны үшiн ссудалық процент алады.

Несиелiк операция банктiң негiзгi операциясы болып табылады. Кейде банктi iрi несиелiк мекеме деп атауы бекерден емес қой. Және бұл шын мәнiнде салай: банк активтерiнiң жалпы сомасынан негiзгi бөлiгiн несиелiк операциялар құрайды. Көбiнесе клиенттердi несиелеу есебiнен банк табыстың үлкен бөлiгiн де алады. Бiрақ қазiргi заманғы банктiк операциялар құрылымында несиелiк операция негiзгi болып табылмайды. Инфляция, экономикалық тоқырау және өте жоғары тәуекелге байланысты коммерциялық банктер тек несиелеумен ғана емес, сонымен қатар басқа да табысты өте көп әкелетiн және тәуекелi аз операциялармен жұмыс жасау ұйғарады (мысалы, валюталық операциялармен) .

Жiктелу белгiлерi: Жiктелу белгiлерi
Ұсынылатын қызметтер түрлерi: Ұсынылатын қызметтер түрлерi
Жiктелу белгiлерi: Банктiк қызмет ерекшелiгiне сәйкес болуына байланысты
Ұсынылатын қызметтер түрлерi:

Банктердiң өздерiне ғана тән ерекше қызметтер

Дәстұрлi қызметтер

Жiктелу белгiлерi: Қызметтердi алу субъектiлерiне тәуелдi
Ұсынылатын қызметтер түрлерi:

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар

Жiктелу белгiлерi: Банк ресурстарын құру және орналастыру әдiсiне байланысты
Ұсынылатын қызметтер түрлерi:

Активтi операциялар

Пассивтi операциялар

Жiктелу белгiлерi: Ұсынғаны үшiн байланысты төлемiне
Ұсынылатын қызметтер түрлерi: Ақылы қызметтер Ақысыз қызметтер
Жiктелу белгiлерi: Материалдың өнiмнiң байланысы тәуелдi қозғалыс
Ұсынылатын қызметтер түрлерi:

Материалдың өнiм қозғалысымен байланысты қызметтер

Таза қызметтер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысын басқару
Екінші деңгейлі банктерінің экономикадағы рөлі
Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың түрлері
Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту
Қазақстан Республикадағы Орталық Ұлттық банк
Банктердің қызметтері мен операциялары
Ақша жүйесі: экономикадағы маңызы
Коммерциялық банктердің актив және пассив операцияларының дамуы
Орталық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz