Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы



1 Антик философиясы
2 Грек философиясы
3 Антик философиясы тарихындағы ерекше орын
4 Софистер
5 Платондық академияның ең қабілетті шәкірті
«Антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек – рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек – рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберіне келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. VII – VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішінде үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика ; классикалық грек философиясы; эллиндік – римдік философия. Ал Дж.Антисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:
1. Б.з.д. VІ жәнеV ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик – плюралистер және физик – электриктер жатады.
2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері – софистер және әсірісе Сократ.
3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Антик философиясы
Антик философиясы деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек – рим
философиясын білдіреді. Антик сөзінің латын тілінен аударғанда көне
деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының
бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик
дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек – рим әлеміне қатысты
айтылады. Ал, хронологиялық шеңберіне келер болсақ, антик философиясы
өзінің бастауын б.з.д. VII – VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529
жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді
ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша
оның ішінде үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының
қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика ; классикалық грек
философиясы; эллиндік – римдік философия. Ал Дж.Антисери антик философиясы
дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:
1. Б.з.д. VІ жәнеV ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос
мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына
иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик – плюралистер және физик –
электриктер жатады.
2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең.
Бұл кезеңнің басты өкілдері – софистер және әсірісе Сократ.
3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді
органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі
кезеңі.
4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен
пұтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикуреизм,
стоицизм, скептицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.
5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі –
неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары
тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптасу кезеңі.
Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы – философияны
қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның
қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған
заңдылықтарға сай жүзеге асырылды. Бірақ эллиндік ақыл – ойдың дүниеге
келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі
ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғышерт болған грек өмірі
формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін,
ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы
жатады.
Грек философиясы физис философтары немесе натурфилософтары болған
милет мектебі өкілдерінен , Гераклиттен және Пифагордан басталды. Олар
дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде
дүниетанымда төңкеріс басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
Түпнегіз – бұл барлық нәеселердің шығу тегін, олардың мәнділік ретінде
өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз.Фалес барлық
нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған
шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит
отты атаса, ал Пифагор – сандық қатынастарға аса мән береді. Бұлардың
арасында Анаксимандр түпнегізді неғұрлым философиялық және абстракциялық
тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа, және от физикалық – химиялық
элементтердің немесе үдерістердің бір бөлігі ғана деген ой туындамауы тиіс,
себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен байланыстырылады.Бұл шексіз
бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және
бұзылмайды. Сократқа дейінгі алғашқы философтар осы тұпнегізді әлемнен
бөліп алмай, керісінше, әлемнің мәні ретінде түсіндіргендіктен
натуралистер деп талады. Сондықтан Гомер және антик дәстүрімен
салыстырғанда бұл ұғым пантеистік типтегі түсінік болып табылады.
Мысалы, Фалес бәрі құдайға толы деп айтқанда барлық нәрсенің өн бойын
тұпнегіз қамтиды дегенге меңзейді. Ал өмір бастапқы болғандықтан, бар
тірі нәрселердің де жаны болады.
Алғашқы грек ойшылдары әлемдегі бір-біріне үстемдік етуге ұмтылған
қарама-қарсылықтарды аңғара білді. Анаксимен барлық өзгерістер мен
тарнсформацияларды түсіндіріудің негізі ретінде өзінің үнемі өзгермелі
табиғатына орай универсалдық стихия түрінде ауаны түпнегіз етіп алғаны
белгілі. Ол сонымен қатар, тығыздылу мен сиректелу үдерістеріне
динамикалық себеп принципін енізгендіктен себептіліктің түпкі бсатауы
мен жетілген үйлесімділігін түсіндіріп бергендіктен милеттік ақыл
–ойдың қатаң және логикалық көрнісін айқышты түрде көрсетеді. Кеінірек,
бұл пардигмаға, иониялық ақыл –ойдың үлгісіне айналып, әсіресе
Гераклитте барлығын басқаратын Логас түріндегі түпнегіз- От ретінде
өзінің заңды жалғасын табады. Гераклит сонымен қатар түпнегізің
универсалды динамизмі тақырыбын одан әрі дамытты. Оның бәрі ағады,
бәрі өзгереді деген атақты тезисі осы ағын образынан туындайды. Осыған
байланысты Гераклит мынадай терң де, батыл тұйіндерге тоқталады: бір
қарама қарсылықтан екіншісіне үнемі алмасу ретіндегі қалыптасу идеясы
олардың тұтастығымен күресе идеясы, оладың үйлесімділікке бірігуі,
ақиқат пен танымның көп қырлылығы. Гераклиттің дәл осы тұжырымдарын
Гегель жоғары бағалап, өз еңбектерінде пайдаланды.
Философия дүниеге келісімен құдіретілік пен ақиқатқа қатысты
ғасырлар бойы қалыптасқан наным – сенімдерді бұзып, өзінің жаңашалық
күш- қуатын байқатты. Элейден шыққан ойшылдардың жаңашалығы бойынша
сипатталады. Космологияны онтологияға өзгерту, өзіндік философиялық
категорияларды ойлап табу, диалектикалық тәсілді енгізу мен пайдалану
арқылы философияға дәлелдеулердің қажеттілігі мен оның тәсілдерін қолдануды
мойындау. Зенонның дәйектері өзіндік заңдылықтың күш – қуатын бекітетін
тәжрибе деректеріне күмән келтіретін логос позициясын күшейтуге
бағытталған.
кіші физиктер немесе физик плюралистер – эмпедокл мен Анаксагордың
көзқарасты элеаттардың осы апорийлистік концепциялары элейліктердің де,
ионниялықтердың да монизміне қарсы бағытталады. Ал бұл үшін Эмпедокл
элемент, немесе төрт түбір ұғымынан өзге біріктіруге және ажыратуға
мүмкіндік беретін Махаббат пен Дұшпандылық деп аталған ғашықтық күштерді
де енгізеді. Анаксагор болса, әлемдегі сан жетпес сапалар мен
өзгерістердің көп құбылмалы себебін, заттардың ұрықьары мен ақыл,
олардың бір тәртіпке келуі арқылы түсіндіреді.
Бұл мәселені түсіндіруге келгенде ең жүйелі немесе мақсатты
талпыныс Левклипп пен Демокрит ұсынған әлемнің атомистік картинкасы
болды. әлемдегі барлық өзгерісері, қоғалысты тұсіндіретін – атом, бос
кеңістік және олардың қоғалыстары. Атомдар формасына, реті мен жағдайына
қарай ерекшеленеді, олар сезіммен қабылдайды, тек ақылмен пайымдалады.
Элеаттардың апориларын игеру мақсатында олар әр түлрі сезімдердің
болуы атомдардың сыртқы әсерінен, ал ақиқатты түсіну атомдардың өмір
сүруін ақылмен ұғыну арқылы іске асады дей отырып, ақиқатты да,
пікірді де сақтап қалады. Демокриттің бүкіл дүнеитенымынан байқалатын
атомизм принципі ғаламның шексіздігі мен ондағы әлемдердің сан
алуандығы, себептілік пен кездейсоқтылық туралы ілімдерінде, мәдениет
тарихына көзқарасында, моральды зерттеулерінде және т.б. данышпан ойларды
дүниеге әкелуіне мүмкіндік береді.
Антик философиясы тарихындағы ерекше орынды софистер алады. Әдетте,
оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың
орнына жеке мүддені ойлаушылар деп және тағы да басқа күнәлармен айыптайды.
Шындығында софистика б.з.д. V ғасырдың екінші жартысындағы Грекия өміріне
объективті әлеуметтік, экономикалық,мәдени дамудың алғышарттарымен келген
феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс ұғып, оған
форма мен дауыс берді. Олар аға ұрпақтың дәстүрлі құндылықтарымен
қанағаттанбаған жастардың арасында үлкен табыс пен қолдауға ие болды.
Оларды Сократпен қоса грек ағартушылары деп те атайды. Софистер дәстүрдің
орнына рух еркіндігін жариялап, бұрынғы әлеуметтік кестені бұзып, оның
орнына тәрбие мәселесін алдыңғы орынға қойды. Бұл мәдениетті бұрынғыдай тек
таңдаулылардың арасында ғана емес, қоғамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі
Антик философиясы туралы
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Антик натурфилософиясы
Антика туралы түсінік
«Антика” туралы ұғым
Дүниетаным, дуниеге көзқарас
Антикалық дәуірдің философиялық ізденістеріндегі ғылыми білімнің жүйеленуі
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Гекатей Милетскийдің картасы
Пәндер