«Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» пәні бойынша практикалық сабақ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау


Тақырып 1. Ауыл шаруашылығы өндірісінің өзгешеліктерімен анықталатын бух. есептің ерекшеліктері
Тақырып 2. Ауыл шаруашылық құрылымдарындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі принциптері.
Тақырып 3.Ауыл шаруашылығындағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу ерекшкліктері
Тақырып 4.Тұқым,мал азығы мен басқа да материалдар есебі. Өсім мен бордақыдығы малдың есебі
Тақырып 5.Ауыл шаруашылық өндірісінің өнімі мен оны сатудың есебі.
Ауыл щаруашылығындағы инвестиция есебінің ерекшеліктері.
Тақырып 6. Ауыл шаруашылық кәсіпорынның мүлкін міндетті сақтандырудың есебі.
Тақырып 7. Ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс шығындарының есебі.
Ауыл шаруашылығы өндірісіне тән өнімді өндіру, оны сақтау мен өңдеу, өткізудегі ерекшеліктер, ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы есеп жұмысын басқаша тәсілмен ұйымдастыруды қажет етеді.
Ауыл шаруашылығындағы есептің ерекшелігі ең алдымен өндіріс процессіне тірі табиғатпен, жермен және тірі организмдердің еңбек құралы ретінде әрекет етуінде.Жер негізгі өндіріс құралы болғандықтан оның толық есебі мен бағалануын қамтамасыз ету маңызды болып саналады.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары негізгі өнімнің біршама бөлігін өздері өндіреді. Өсірілген өнім беретін және жұмыс малдары негізгі құрал ретінде есепке алынуы тиіс.Бухгалтерлік есеп негізгі табын мен төлдер есебін бөлек шоттар мен суб шоттарда жүргізуін қамтамасыз етуі тиіс.
Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
- ауыл шаруашылығындағы есеп процестерін ұйымдастыру тәртіптерін оқып білу;
- ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің әдістемесін меңгеру болып табылады.
Пәнді игеру үшін студент бухгалтерлік есеп әдістерін, бухгалтерлік есеп шоттарын, бухгалтерлік құжаттарды толтыра білуі қажет.
Пәнді оқып аяқтаған соң студент егін және мал шаруашылығындағы есепті жүргізуге мүмкіндік алады
1. ҚР 26.12.95 ж. № 2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар жарлығы.
2. 20.11.1998ж . «Аудиторлық қызмет» ҚР Заңы
3. 15.01.2001 ж. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, ҚР Заңы.
4.Казахстанские стандарты по аудиту. Алматы «Қаржы қаражат»1995 ж.
5. Кодекс этики аудиторов РК. Алматы «Қаржы қаражат»1995 ж.
6. Закон РК «О крестьянском хозяйстве» Караван 1998 17.04
7. БычковМ.Ф. Учет в крестьянских хозяйствах . Алматы 1990
Васькин Ф.И. Бухгалтерия фермера. Бухгалтерский учет-1993--стр 22
8. Ержанова С.Ж., Нурумов А.А., Чернова Н.М. Бухгалтерский учет в крестьянских хозяйствах Алматы 1992
9. Кеулімжаев К.К., Радостовец В.К., Төлегенов Е.Т.,Продан Л.Т. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп. Алматы. Қайнар 1994
10. Радостовец В.В., Шмидт О.И., Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы, 2000

Қосымшалары:
1.Махмутова Г.М. Учет и налогобложение в крестьянских хозяйствах . Библиотека бухгалтера и предпринимателя 1995 Ν12
2. Евсеев М.Н. Опыт организаций учета в крестьянских хозяйствах. Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий 1993 стр.37.
3.Радостовец В.К. «Финансовый и управленческий учет» Алматы, 2000г.
4.Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт И.О. «Бухгалтерский учет на предприятии» А.: «Центр-Аудит», 2002г.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Көлемі: 29 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Ф.4.7.-008-03

С.С. Ахметова, Қ.Б. Сатымбекова

522530 Бухгалтерлік есеп және аудит
мамандығының күндізгі оқу бөлімі студенттеріне Ауыл шаруашылығындағы
бухгалтерлік есеп пәні бойынша практикалық сабақ жүргізуге арналған
әдістемелік нұсқау.

ШЫМКЕНТ, 2006 ж.

Ф.4.7.-008-03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

С.С. Ахметова, Қ.Б. Сатымбекова

522530 Бухгалтерлік есеп және аудит
мамандығының күндізгі оқу бөлімі студенттеріне Ауыл шаруашылығындағы
бухгалтерлік есеп пәні бойынша практикалық сабақ жүргізуге арналған
әдістемелік нұсқау.

УДК 657
Ф.4.7.-008-03

Құрастырғандар: оқытушылар С.С. Ахметова, Қ.Б.Сатымбекова

522530 Бухгалтерлік есеп және аудит
мамандығының күндізгі оқу бөлімі студенттеріне Ауыл шаруашылығындағы
бухгалтерлік есеп пәні бойынша практикалық сабақ жүргізуге арналған
әдістемелік нұсқау.
Шымкент М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2006ж.

Практикалық сабақ тапсырмаларын орындау үшін студенттерге бұл пән бойынша
теориялық сұрақтар мен есептер берiлген. Талқылауға арналған сұрақтарға
жауап бере отырып стедент тақырыпты толығымен меңгеріп, есептерді шешу
арқылы кәсіби дағдыны игеру мүмкiндiгін алады.

Рецензент: э.ғ.к., доцент қ.а. Сатенов Б.И.

Хаттама №__ ___________2006ж.кафедра мәжілісінде, факультеттің
әдістемелік бюросында хаттама №__ ___________2006ж қарастырылып,баспаға
ұсынылды

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның ғылыми-әдістемелік Кеңесімен баспаға
ұсынылды (хаттама №__ ___________2006ж.)
© М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ. Шымкент - 2006ж

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы өндірісіне тән өнімді өндіру, оны сақтау мен өңдеу,
өткізудегі ерекшеліктер, ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы есеп жұмысын
басқаша тәсілмен ұйымдастыруды қажет етеді.
Ауыл шаруашылығындағы есептің ерекшелігі ең алдымен өндіріс процессіне
тірі табиғатпен, жермен және тірі организмдердің еңбек құралы ретінде
әрекет етуінде.Жер негізгі өндіріс құралы болғандықтан оның толық есебі
мен бағалануын қамтамасыз ету маңызды болып саналады.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары негізгі өнімнің біршама бөлігін өздері
өндіреді. Өсірілген өнім беретін және жұмыс малдары негізгі құрал ретінде
есепке алынуы тиіс.Бухгалтерлік есеп негізгі табын мен төлдер есебін
бөлек шоттар мен суб шоттарда жүргізуін қамтамасыз етуі тиіс.
Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп пәнін оқытудың негізгі
міндеттері:
- ауыл шаруашылығындағы есеп процестерін ұйымдастыру тәртіптерін оқып
білу;
- ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің әдістемесін меңгеру болып
табылады.
Пәнді игеру үшін студент бухгалтерлік есеп әдістерін,
бухгалтерлік есеп шоттарын, бухгалтерлік құжаттарды толтыра білуі
қажет.
Пәнді оқып аяқтаған соң студент егін және мал шаруашылығындағы есепті
жүргізуге мүмкіндік алады

Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп пәні бойынша кіріспе бақылауға
арналған сұрақтар:

1 вариант
1. Негізгі құралдар есебі: есепке алу мен бағалау.
2. Бюджеттік төлемдер бойынша есеп айырысулар.
3. Негізгі құралдар қозғалысын талдау.

2 вариант
1. Негізгі құралдар есебі: амортизация есептеу.
2. Жұмысшылармен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар есебі.
3. Материалдар қозғалысын талдау.

3 вариант
1. Тауарлы материалдық қорлар есебі.
2. Капитал есебі.
3. Басқармалық талдау: түрлері мен әдістері.

4 вариант
1. Ақша қаражаттарының есебі.
2. Банк несиелері бойынша есеп айырысулар есебі.
3. Еңбек ақы қорын талдау.

1-БӨЛІМ. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН БӨЛІМ.

Модуль 1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің негіздері

Тақырып 1. Ауыл шаруашылығы өндірісінің өзгешеліктерімен анықталатын бух.
есептің ерекшеліктері

Талқыланатын сұрақтар:

1. Ауыл шаруашылығы туралы түсінік.
2. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктері.
3. Мал және егін шаруашылығының ерекшеліктері
4. Бухгалтерлік . есептің ерекшеліктері

5. Ауыл шаруашылығындағы тірі организмдер есебін ұйымдастыру
ерекшеліктері.
6. Ауыл шаруашылығындағы өндірістің маусымдылықтың ерекшеліктері.
7. Өндіріс процессіндегі еңбек құралдары.
8. Шығындар есебі обьектісі.
9. Өзіндік құнды есептеу обьектісі.
10. Ауыл шаруашылығы өнімінің ерекшелігі мен мақсаты.

Пайдаланылытын әдебиеттер тізімі:
1. Закон РК О крестьянском хозяйстве Караван 1998 17.04
2. БычковМ.Ф. Учет в крестьянских хозяйствах . Алматы 1990
3. Васькин Ф.И. Бухгалтерия фермера. Бухгалтерский учет-1993-6-стр
22
4. Ержанова С.Ж., Нурумов А.А., Чернова Н.М. Бухгалтерский учет в
крестьянских хозяйствах Алматы 1992
5. Кеулімжпев К.К., Радостовец В.К., Төлегенов Е.Т.,Продан Л.Т.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп. Алматы.
Қайнар 1994
6. Радостовец В.В., Шмидт О.И., Теория и отраслевые особенности
бухгалтерского учета. Алматы, 2000
7. Махмутова Г.М. Учет и налогобложение в крестьянских
хозяйствах . Библиотека бухгалтера и предпринимателя 1995 Ν12

8. Евсеев М.Н. Опыт организаций учета в крестьянских
хозяйствах. Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих
предприятий 1993 стр.37.
9.Радостовец В.К. Финансовый и управленческий учет Алматы,
2000г.
10. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт И.О. Бухгалтерский
учет на предприятии А.: Центр-Аудит, 2002г.

Тақырып 2. Ауыл шаруашылық құрылымдарындағы бухгалтерлік есепті
ұйымдастырудың негізгі принциптері.
Талқыланатын сұрақтар:

1. Ауыл шаруашылық құрылымдарының түрлері, олардың басқару құрылымы
2. Ауыл шаруашылық құрылымдарындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
негізгі принциптері.
3. Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есепті жүргізуде қолданылатын есеп
регистрлері.
4. Ауыл шаруашылығы өндірісінде оңайлатылған қаржылық есеп беруді
ұйымдстыру.
5. Салық салу тәртібі.
6. Шаруа қожалықтарында есеп жүргізу ерекшеліктері.
7. Ауыл шаруашылығындағы табиғи факторлардың бухгалтерлік есепті
ұйымдастыруға әсері.
8. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы есептің міндеттері.

Ситуациялық жағдай: Алтын бұзау мал шаруашылығымен айналысатын
өндірістік кооператив құрылды. Осы шаруашылық субьектісіне бухгалтерлік
есепті жүргізуге көмектесіңіз. Есеп саясатын қалай етіп қалыптастырғаны
қолайлы. Қандай есеп регистрлерін пайдалынуы қажет. Жеңілдетілген қаржылық
есеп беру формасын таңдауына болады ма? Қаржылық есеп беруді ұсыну
формаларын сипаттаңыздар. ХЕБС қандай стандартын пайдаланғаны дұрыс.

Пайдаланылытын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР 26.12.95 ж. № 2732 Бухгалтерлік есеп туралы Заң күші бар
жарлығы.
2. 20.11.1998ж . Аудиторлық қызмет ҚР Заңы
3. 15.01.2001 ж. Аудиторлық қызмет туралы ҚР Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы, ҚР Заңы.
4. Казахстанские стандарты по аудиту.
Алматы Қаржы қаражат1995 ж.
5. Кодекс этики аудиторов РК. Алматы Қаржы қаражат1995 ж.
6. Закон РК О крестьянском хозяйстве Караван 1998 17.04
7. БычковМ.Ф. Учет в крестьянских хозяйствах . Алматы 1990
8. Ержанова С.Ж., Нурумов А.А., Чернова Н.М. Бухгалтерский учет в
крестьянских хозяйствах Алматы 1992
9. Кеулімжпев К.К., Радостовец В.К., Төлегенов Е.Т.,Продан Л.Т. Ауыл
шаруашылық кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп. Алматы. Қайнар 1994
10. Радостовец В.В., Шмидт О.И., Теория и отраслевые особенности
бухгалтерского учета. Алматы, 2000

Модуль 2. Ауыл шаруашылығындағы активтерді есепке алу ерекшеліктері мен
сақтандыру есебі

Тақырып 3.Ауыл шаруашылығындағы негізгі құралдар мен материалдық емес
активтерді есепке алу ерекшкліктері

Талқыланатын сұрақтар:

1.Ауыл шаруашылығындағы негізгі құралдар құрамы.
2. Негізгі құралдарды есепке алу ерекшеліктері.
3. Материалдық емес активтерді есепке алу ерекшеліктері.
4. Олардың есебін жүргізуде пайдаланылатын құжаттар.
5. Жердің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыру.
6. Көпжылдық өсімдіктер есебін ұйымдастыру.
7. Негізгі табын есебін ұйымдастыру.
8. Ауыл шаруашылығындағы негізгі құралдарды жөндеу есебін ұйымдастыру.
9. Ауыл шаруашылығындағы негізгі құралдарды түгендеу мен қайта бағалау
ерекшеліктері, оның нәтижелерін есепте көрсету.

Есептер.
Есеп 1. Тапсырма шарты:
Фермаға шөп ұсақтағыш станок сатып алынды. Станоктың бастапқы құнын
анықтаңыз және қажетті бухгалтерлік жазуларды жасаңыз.
Берілген мәліметтер:Станокты сатып алу құны ҚҚС-сыз 1025000 тенге, ҚҚС
-15%, жеткізу бойынша транспорттық шығындар 23000 тенге, монтаж бойынша
шығыстар- 12980 тенге.

Есеп 2. Тапсырма шарты:Ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жүк
машинасының бастапқы құнын анықтаңыз.
Берілген мәліметтер: Жүк машинасының бағасы 60000 тенге. Шоферға офис
тұрақжайына жеткізіп бергені үшін қызмет құны – 400 тенге. Тасымалдау
кезіндегі бензин құны – 150 тенге, жыл бойындағы май ауыстыруға - 600
тенге.
Есеп 3.(НҚ есептен шығуы.) Тапсырма шарты: Қажетті есептеулер мен
бухгалтерлік жазбаларды жасаңыз:
1. Берілген жүк көтергіш машинаның баланстық құнын есептен
шығаруға.
2. Жинақталған тозу сомасын есептен шығаруға.
3. берілетін жүк көтергіш машинаның келісілген құнын көрсету.
4. Есепті кезең соңында жүк көткргіш машинаны беруден алынған
табыс пен зиян.

Берілген мәліметтер: Астық кәсіпорынына 2005 ж 1 тамызынан бастап
басқа кәсіпорынға жарғылық капиталға салым ретінде беріледі. Жүк көтергіш
машинаның бастапқы құны 700000 тенге, ал пайдалану мерзімі – 3 жыл,
нормативті қызмет ету мерзімі – 6 жыл. Амортизация кумулятивті әдіс
бойынша есептелген. Берілген жүк көтергіш машинаның келісілген құны 500000
тнегені құрайды.

Есеп 4. (Амортизация есептеу) Тапсырма шарты:
1. Жыл сайынғы амортизация сомасын анықтаңыз.
2. Аталған жазбаларды бухгалтерлік проводкалармен көрсетіңіз.
Берілген мәліметтер:
1. Алынған станок құны – 200000 тенге, пайдалану мерзімі – 10
жыл
2. Офистік құрылғының амортизация сомасы – 2800 тенге

Есеп 5. Тапсырма шарты: Өндірістік әдіспен тозу сомасын есептеңіздер.
Берілген мәліметтер: Сүт сауатын электро аппарат 5000 литр сауа алады.
Оның бастапқы құны 12000 тенге, жойылу құны 1000 тенге. Тамызда – 750 литр,
қыркүйекте - 820 литр сауылды.

Есеп 6. Тапсырма шарты: Кумулятивті әдіспен тозу сомасын есептеңіздер.
Берілген мәліметтер:станоктың бастапқы құны 220000 тенге, жойылу құны
75000 тенге, қызмет ету мерзімі – 5 жыл.

Есеп 7. Тапсырма шарты: Азайып отыратын қалдық әдісі бойынша тозу сомасын
есептеңіз.
Берілген мәліметтер:Станоктың бастапқы құны – 2400000 тенге, жойылу
құны – 700000 тенге, пайдалану мерзімі – 5жыл, амортизация нормасы - 20%

Есеп 8. Тапсырма шарты: Авторлық құқықтың жыл сайынғы амортизация нормасын
есептеңіздер
Берілген мәліметтер: Астық корпорациясы компьютер негіздері бойынша
оқулық сатып алды.Пайдалы қызмет ету мерзімі – 4 жыл. Дегенмен авторлық
құқық 50 жыл ішінде өз күшінде қалады.

Есеп 9. Тапсырма шарты: Есептелінуге тиіс амортизация сомасын анықтаңыз.

Берілген мәліметтер: АҚ мол компаниясы әйгілі супермаркеттің әлемге
танымал сауда маркасын сатып алды – 160000тенге. Компания басшылығы сауда
маркасы құнының өзгеріссіз болмайтынына күмәнданып, қажет болса ол көбейеді
деп тауып, амортизация есептемеуді қажет деп тапты.

Есеп 10. Тапсырма шарты: Патент амортизациясын патент шоттарында
көрсетіңіз.
Берілген мәліметтер: Алтын дән компаниясы Цесна компаниясынан 3
жылға патент сатып алып, 600000 тенге төледі. Патентке 3 жылда бірдей
бөлу әдісімен амортизация есептелінеді.

Пайдаланылытын әдебиеттер тізімі:
1. Закон РК О крестьянском хозяйстве Караван 1998 17.04
2. БычковМ.Ф. Учет в крестьянских хозяйствах . Алматы 1990
3. Васькин Ф.И. Бухгалтерия фермера. Бухгалтерский учет-1993-6-стр 22
4. Ержанова С.Ж., Нурумов А.А., Чернова Н.М. Бухгалтерский учет в
крестьянских хозяйствах Алматы 1992
5. Кеулімжпев К.К., Радостовец В.К., Төлегенов Е.Т.,Продан Л.Т. Ауыл
шаруашылық кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп. Алматы. Қайнар 1994
6. Радостовец В.В., Шмидт О.И., Теория и отраслевые особенности
бухгалтерского учета. Алматы, 2000

Тақырып 4.Тұқым,мал азығы мен басқа да материалдар есебі. Өсім мен
бордақыдығы малдың есебі

Талқыланатын сұрақтар:

1. Ауыл шаруашылығындағы тауарлы материалдық құндылықтар түрлері.
2. Мал азығы,тұқымды бағалау түрлері.
3. Мал азығы,тұқымды түгендеу тәртібі мен ерекшеліктері..
4. Өсім мен бордақыдағы малдың есебі.
5. Өсім мен бордақыдағы малды бағалау.
6. Өсім мен бордақыдағы малдың қозғалысы бойынша құжаттар.
7. Ауыл шаруашылығында материлдар қозғалысын рәсімдеуде қолданылатын
құжаттар.
8. Ауыл шаруашылығында материлдар қозғалысын сипаттайтын проводкалар.

Есеп 1. Тапсырма шарты:ТМҚ бойынша қаржылық есепті ашуға қажеттілерді
жазыңыз. Ν 5 ХЕБС на сүйеніңіз.
Берілген мәліметтер: 31 желтоқсан 2005 жылы Армат кәсіпорыны
терезе өнімін өндіреді. ТМҚ сомасы 704500 тенге. ТМҚ құнын анықтау үшін
ФИФО әдісін және үздіксіз есептеу жүйесін пайдаланады.ТМҚ бойынша келесідей
мәліметтер бар:
- ағаш 120000 тенге
- әйнек 240000 тенге
- сыр 73000 тенге
- шеге 15000 тенге
- дайын терезе 1140 дана әрқайсысы 225 тенге
Түгендеу жүргізу аяқталған соң ТМҚ нақты анықталғаны есеп мәліметтерімен
сацй келмейді:
- 31 март 2005 жыл -520
- 30 маусым 2005 ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жалпы жер тану пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша әдістемелік нұсқау
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәні бойынша СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
«МАКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІ КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь