Жерге жеке меншік құқығы және оны жүзеге асыру механизмі



Кіріспе

Жерге жеке меншік құқығы және оны жүзеге асыру механизмі

1Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері
2Жерге меншік құқығының обьектілері мен субъектілері
3Жерге меншік құқығы субьектілерінің құқықтары мен міндеттері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нарық жолына түскен ТМД елдерінде, әлемнің дамыған және жақсы дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде жер қатынастары осы модель бойынша жүргізіліп келе жатыр.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясат пен осы саясатты жүзеге асырудың құралы ретінде әрекет ететін Жер Кодексінің мақсаты жерді жеке меншікке беру ғана емес. Негізгі мақсаты жер байлығымызды халықтың игілігі жолында барынша тиімді пайдалана білу, оның күтімі мен қорғалуына қатысты мәселелерді шешу. Ұлттық негізгі байлығымыз ретіндегі құндылығын арттыра отырып, елдің әлеуметтік және экономикалық серпінді дамуына тигізер ықпалын күшейту болып табылады. Ал, жеке меншікке берудің өзі осы мақсатқа қол жеткізудің дүниежүзілік тәжірибеде мойындалған тиімді амалдарының бірі.
Ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар шаруашылық жүргізудің еркіндігі мен меншік түрлерінің дамуын, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, жерге жеке меншік құқығын ғылыми түрде зерттеудің маңызы зор.
Қазіргі таңда жер заңнамаларының кейбір нормаларында өзге мемлекеттердің жер заңнамаларымен салыстырғанда талас тудыратын мәселе көбеюде. Мысалы, жердің жеке меншік иесі ҚР азаматтығынан шықкан жағдайда құқықтарын қайта рәсімдеу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеңілдікті бағамен сату, субьектілер құқықтарын байланысты басқа да шектеулер, т.б.
Нарықтық қатынастар жағдайында мұндай мәселелер нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу арқылы шешімін табуы тиіс.
Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы жерге жеке меншік құқығының реттелу тәжірибесін талдап, қорыту, заңдардағы кемшіліктерді, қайшылықтарды, жетіспеушілікті анықтау, теориялық қорытынды негіздеу және шетел мемлекеттерінің жер заңнамаларымен салыстыра отырып, ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған тәжірибелік ұсыныстар жасау. Аталған мақсаттар төмендегі мәселелерді қарастыруды талап етеді:
-жерге жеке меншік қатынастарын реттеуге байланысты негізгі теориялық мәселелерді қарастыру;
-қазіргі кездегі жер заңнамаларының жағдайын, жерге жеке меншік құқығының іске асырылуының құқықтық реттелуін, нарық пен мемлекет талаптарына сәйкестігін бағалау;
-жерге жеке меншік қатынастарын реттейтін заңдардағы кемшіліктер, жетіспеушіліктер мен қарама-қайшылықтарды анықтап, өзгерту жолдарын қарастыру;
1 Энгельс Ф. Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы
Алматы, 1967-21 б.
2 Иконецкая И.А. Основы земельного права Российской Федерации.
Москва, 1997-11 б.
3 «Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 19978-63 б.
4 Бектүрғанов.Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. Алматы, Жеті жарғы, 1978-240 б.
5 Дембо Л.И. Земельные правоотношения в классово-антоганистическом
обществе. Л., 1945-560 б.
6 Покровский И.А. История римского права. М.,1915.- 110 б.
7 Еренов.А.Е.Очерки по истории феодальных земельных отношений у
казахов.Алма-Ата, 1960,-260 б..
8 Городеков.Н.И. Киргизы и кара-киргизы Сыр-Дарьинской области.Т.1,ТашкентД 889,-450 б.

Жоспар

Кіріспе

Жерге жеке меншік құқығы және оны жүзеге асыру механизмі

1Жерге‭ ‬меншік құқығының‭ ‬түсінігі‭ ‬және түрлері
2Жерге меншік‭ ‬құқығының обьектілері‭ ‬мен субъектілері
3Жерге‭ ‬меншік құқығы субьектілерінің құқықтары мен‭ ‬міндеттері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



КІРІСПЕ
Нарық жолына түскен ТМД елдерінде,‭ ‬әлемнің дамыған және жақсы‭ ‬дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде жер қатынастары осы‭ ‬модель бойынша жүргізіліп келе жатыр.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясат пен осы саясатты‭ ‬жүзеге асырудың құралы ретінде әрекет ететін Жер Кодексінің мақсаты жерді‭ ‬жеке меншікке беру ғана емес.‭ ‬Негізгі мақсаты жер байлығымызды халықтың игілігі жолында барынша тиімді пайдалана білу,‭ ‬оның күтімі мен қорғалуына‭ ‬қатысты мәселелерді шешу.‭ ‬Ұлттық негізгі байлығымыз ретіндегі құндылығын‭ ‬арттыра отырып,‭ ‬елдің‭ ‬әлеуметтік және экономикалық серпінді дамуына‭ ‬тигізер ықпалын күшейту болып табылады.‭ ‬Ал,‭ ‬жеке меншікке берудің өзі‭ ‬осы мақсатқа қол жеткізудің дүниежүзілік тәжірибеде мойындалған тиімді‭ ‬амалдарының бірі.
Ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар шаруашылық жүргізудің еркіндігі мен меншік түрлерінің дамуын,‭ ‬жердің меншік иелері мен‭ ‬жер пайдаланушылардың‭ ‬құқықтары мен бостандықтарын қорғауды талап‭ ‬етеді.‭ ‬Осы тұрғыдан алғанда,‭ ‬жерге жеке меншік құқығын ғылыми түрде‭ ‬зерттеудің маңызы зор.
Қазіргі таңда жер заңнамаларының кейбір нормаларында өзге‭ ‬мемлекеттердің жер заңнамаларымен салыстырғанда талас тудыратын мәселе‭ ‬көбеюде.‭ ‬Мысалы,‭ ‬жердің жеке меншік иесі ҚР азаматтығынан шықкан‭ ‬жағдайда құқықтарын қайта рәсімдеу,‭ ‬ауыл шаруашылығы мақсатындағы‭ ‬жерлерді жеңілдікті бағамен сату,‭ ‬субьектілер құқықтарын байланысты басқа‭ ‬да шектеулер,‭ ‬т.б.
‭ ‬Нарықтық қатынастар жағдайында мұндай мәселелер нормативтік‭ ‬құқықтық‭ ‬актілерге‭ ‬өзгерістер‭ ‬енгізу‭ ‬арқылы‭ ‬шешімін‭ ‬табуы‭ ‬тиіс.
Нарықтық қатынастардың дамуы‭ ‬жағдайындағы жерге жеке меншік құқығының реттелу тәжірибесін талдап,‭ ‬қорыту,‭ ‬заңдардағы кемшіліктерді,‭ ‬қайшылықтарды,‭ ‬жетіспеушілікті анықтау,‭ ‬теориялық қорытынды негіздеу және шетел мемлекеттерінің жер‭ ‬заңнамаларымен салыстыра отырып,‭ ‬ұлттық заңнаманы жетілдіруге‭ ‬бағытталған тәжірибелік ұсыныстар жасау.‭ ‬Аталған мақсаттар төмендегі‭ ‬мәселелерді қарастыруды талап етеді:
-жерге жеке меншік қатынастарын реттеуге байланысты негізгі‭ ‬теориялық мәселелерді қарастыру‭;
-қазіргі кездегі жер заңнамаларының жағдайын,‭ ‬жерге жеке меншік‭ ‬құқығының іске асырылуының құқықтық реттелуін,‭ ‬нарық пен мемлекет‭ ‬талаптарына сәйкестігін бағалау‭;
-жерге жеке меншік қатынастарын реттейтін заңдардағы кемшіліктер,‭ ‬жетіспеушіліктер мен қарама-қайшылықтарды анықтап,‭ ‬өзгерту жолдарын‭ ‬қарастыру‭;
-жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша халықтың жер қатынастары‭ ‬саласындағы сауаттылығын арттыру мен ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар‭ ‬әзірлеу.

ЖЕРГЕ ЖЕКЕ МЕНШІК‭ ‬ҚҰҚЫҒЫ‭ ‬ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ
1.‭ ‬Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңінде жерге жеке меншік құқығын кешенді зерттеу,‭ ‬оның ғылыми жетістігін жаңадан қабылданып жатқан заңдарда қолдану-‭ ‬құқық жүйесіндегі аса‭ ‬маңызды мәселелердің бірі.‭ ‬Мемлекет жер қатынастарын реттеуде,‭ ‬жер‭ ‬ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауда осы айтылған ғылыми‭ ‬жетістіктерге сүйенеді жэне оны алдыңғы катардағы мәселе деп есептейді.
Ғылыми зерттеулер жерге жеке меншік құқығын реттейтін нормалар‭ ‬құқықтық актілердің өрісін жетілдірумен қатар,‭ ‬еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуына ықпал етуі тиіс.
Жер-‭ ‬барлық тірі жан иелерінің мекені,‭ ‬өмір азығының негізі.‭ ‬Ал‭ ‬эволюциялық дамудың барысында азық-түлік өнімдерін өндіру ісіне шексіз‭ ‬дерлік үстем болуға барлық жан иелерінің ішінен адамның ғана қолы жетті.
Жер сияқты сол территорияда тұратын халықтың өмірі мен іс-әрекет,‭ ‬қызметінің негізі болатын басқа табиғи ресурстардың жойылуы және‭ ‬қалпына келтірілуі мүмкін.‭ ‬Жер қойнауларының энергетикалық қорлары‭ ‬қайта қалпына келмейді,‭ ‬бірақ күн,‭ ‬жел,‭ ‬атом энергиясы сияқты‭ ‬альтернативалары бар.‭ ‬Су ресурстарының қорлары бар іс жүзінде‭ ‬сарқылмайды,‭ ‬керек жағдайда ащы суларды тұщыландыруға болады.‭ ‬Бірақ‭ ‬жердің‭ ‬,‭ ‬ең алдымен адамның тіршілік ету орны ретінде орны толмайды.‭ ‬Сондықтан да адамзат тіршілігі үшін жердің алатын орны ерекше.
Жерге меншік катынастарын кұқықтық реттеу проблемасы‭ ‬әруақытта да‭ ‬маңызды болды және маңызды бола бермек.‭ ‬Казакстан Республикасының‭ ‬Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына‭ "‬Қазақстан-2030‭" ‬деп‭ ‬аталатын Жолдауында:‭ "‬Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың,‭ ‬сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын‭ ‬қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады‭" ‬деп атап көрсетті.
Жерге меншіктік қатынастарды құқықтық реттеу экономикалық,‭ ‬саяси,‭ ‬құқықтық сипаттағы өзгерістер жағдайында іске асырылуда.
Қоғамның экономикалық жүйесіндегі өзгерістер бәрінен бұрын көп‭ ‬қырлы экономиканың дамуымен,‭ ‬жерді жекешелендіру процестерімен және‭ ‬қазіргі бар жерге меншік нысандарының негізінде жер нарығын түзеу‭ ‬процестерімен тығыз байланысты.
‭"‬Ғылыми зерттеулер‭ –‬деп‭ ‬жазады профессор Ә.Е.Бектұрғанов жер‭ ‬қатынастарын реттейтін нормалардың өрісін жетілдірумен шектелмей,‭ ‬ол‭ ‬нормалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін де анықтап беруге тиіс‭"‬.
Жерге жеке меншік нысаны рим құқығында‭ ‬қандай болды және оның ерекшелігі неде деген занды сұраққа жауап берместен бұрын,осы мемлекеттің‭ ‬тарихына шолу жасайық.‭ ‬Көне Римдегі жер‭ ‬құрылымының ерекшелігін,‭ ‬"классикалық-антикалық‭" ‬форма ретінде көрсету үшін,‭ ‬алдымен рим‭ ‬қауымдастығы мен оның өзіндік ерекшелігін танып,‭ ‬білу‭ ‬қажет.‭ ‬Мемлекет-‭ ‬қала‭ ‬құру жағдайындағы,‭ ‬рим‭ ‬қауымдастығының өзіндік ерекшелігін,‭ ‬атап айтар‭ ‬болсақ,‭ ‬ол‭ —‬рим‭ ‬қауымдастығы ерекше саяси‭ ‬ұйым ретінде көрінді,‭ ‬яғни,‭ ‬қауымдастық жері,‭ ‬рим жері ретінде екі түрлі формада көрініс тапты:‭ ‬мемлекеттік жер ретінде,‭ ‬сондай-ак,‭ ‬жеке меншік жер ретінде.‭ ‬Өйткені,‭ ‬рим‭ ‬азаматы‭ —‬ақсүйек,‭ ‬мемлекет-қала қауымдастығының мүшесі ретінде,‭ ‬рим‭ ‬азаматы ретінде жеке меншік иесі боп танылды.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның тарих ғылымында көшпелі казақтардың‭ ‬феодализм негізін малға жеке меншік‭ ‬құрады,‭ ‬ал жер ешкімдікі болған емес‭ ‬деген пікір кеңінін орын алады.‭ ‬Бұл салада өткір қадамды отандық ғалым,‭ ‬ҚР‭ ‬ҰҒА-ның академигі А.Е.Еренов жасады.‭ ‬Ғалымның дәлелдеуі бойынша,‭ ‬көшпелі малшылардың өндірістік қатынастар жүйесінде анықтаушы орынды‭ ‬жерге жеке меншік қатынастары анықтайды.
Қоғамдық меншіктен жеке меншікке айналған жердің бірнеше обьектісі,‭ ‬кең мағынада алсақ сол жерде өскен төрт түлік мал болды.‭ ‬Малы көп,‭ ‬бай‭ ‬отбасының пайда болуы,‭ ‬малға жеке меншік иелік етудің бастауы болып,‭ ‬соның негізін қалады.‭ ‬Ғалымдардың көбі малға жеке меншік иелік құкығының белгісі‭ ‬ретінде,‭ ‬халық арасында тараған түрлі аңыздарға сүйеніп,‭ ‬малға соғылатын‭ ‬түрлі таңбаның пайда болуымен байланыстырды.
Қауымдық жер қатынастарының ыдырауына объектінің жеке меншікке‭ ‬айналуы ыкпал етті.‭ ‬Бұл бағдарда,‭ "‬ең бастысы‭ ‬қысқы жайылымға ие болу‭" ‬дейді,‭ ‬көшпенді түркілердің көне тарихын зерттеуші-ғалым.
Кейбір кеңес дәуірі ғалымдарының пікірі бойынша,‭ ‬Қазақстанда көшпелі аудан жағдайында‭ ‬XX‭ ‬ғасырға дейін жерге феодалдық меншіктің қалыптасуы‭ ‬мүмкін емес деп таниды.‭ ‬Бұл көзқараспен,‭ ‬академик С.З.‭ ‬Зиманов келіспейтінін‭ ‬айтады.‭ ‬Оның пікірінше,‭ ‬бұл көзқарас тарихи шындыққа қайшы келеді‭ ‬.
Б.Я.Владимирцев моңғолдардың феодалдық карым катынасының негізін‭ ‬көптеген құқық нормасы мен жазу түрінде қалған қолжазбалар арқылы‭ ‬ашқан.
Социалистік жер қатынастары Ресейде‭ ‬1917‭ ‬жылғы Қазан төңкерісінен‭ ‬кейін орнықты.‭ ‬Болшевиктердің помещиктер жерін конфискациалау және‭ ‬барлық жерді мемлекет мүлкіне айналдыру туралы бағдарламалық талаптары‭ ‬1917‭ ‬жылдың‭ ‬26‭ ‬қарашасында‭ (‬8‭ ‬қазанда‭) ‬кабылданған жер туралы Декретінде‭ ‬нақтылы жүзеге асты
Тағы бір көрнекті ғалым,‭ ‬экономист-аграрник А.В.Чаянов жерді мемлекет‭ ‬мүлкіне айналдырудың негізгі қағидаларын айқындап берді.‭ ‬Жерді мемлекет‭ ‬мүлкіне айналдыру барысында жер меншік ретінде жалғыз меншік иесі‭ ‬-мемлекетке қарайды.‭ ‬Жалпы мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында‭ ‬мемлекет барлық мемлекет жерін басқарып,‭ ‬билік ету‭ ‬құқына ие. Мемлекет өз қүқығына сүйене отырып, барлық жердіеңбек адамдарына, жалға беру түрінде жақын нысанда пайдалануға береді.‭ ‬Сонымен қатар,‭ ‬мемлекет шаруашылықтың‭ ‬ішкі мәселесіне араласпайды.‭ ‬Жерге жоғарғы иелік ету мемлекеттік өкіметтің‭ ‬қолында,‭ ‬ал жергілікті жерді бөлу жүмысымен жергілікті жер ұйымдары‭ ‬айналысады.‭ ‬Олар өзін-өзі баскару принципімен‭ ‬құрылған.
Жер құрылымын реттеудегі одан кейінгі реформалар колхоздарды‭ ‬таратып,‭ ‬оларды біріктіріп мемлекеттік шаруашылық-совхоздарға айналдыру‭) ‬процесі арқылы жүзеге асырылды.‭ ‬Бұл процесс әсіресе Қазақстанда ерекше‭ ‬қарқынмен жүрді,‭ ‬оған дәйекті дәлел ретінде‭ ‬1990‭ ‬жылдың‭ ‬1‭ ‬қаңтарындағы‭ ‬жағдайға сүйенсек,‭ ‬мемлекеттік ауыл шаруашылығы‭ ‬ұйымдарына бекітіліп‭ ‬берілген жер көлемі‭ ‬205‭ ‬млн.‭ ‬гектар болды.‭ ‬Бұл басқаша айтқанда‭ ‬республиканың барлық жерінің‭ ‬92,2%‭ ‬проценті еді.‭ ‬Социалистік дәуірдегі жер‭ ‬қатынастарын реттеудегі мемлекеттік‭ ‬-‭ ‬түрде толық,‭ ‬жан-жақты жазылып‭ ‬бекітілген.‭ ‬Оның өзі одақтас республикалардың‭ ‬әркайсысында жер туралы‭ ‬кодексті дайындау үшін базалық‭ (‬негізгі‭) ‬қызмет атқарды.‭ ‬Осы жер туралы‭ ‬занда ірі мемлекеттік ауыл шаруашылығында жерді пайдалануға басым‭ ‬мүмкіншілік беріп,‭ ‬соны негізгі бағыт деп таныды.‭ ‬Жер қатынастарына сырттағы‭ ‬біреудің араласуы мүмкін болмады.‭ ‬Барлық жер мемлекеттің қолына‭ ‬өткендіктен,‭ ‬жеке адамдарға берілген учаскенің көлемі күлкілі көлемде аз‭ ‬болды.

2‭ ‬Жерге меншік құқығының обьектілері‭ ‬мен‭ ‬субьектілері

Мемлекетіміздегі жүргізіліп жатқан жер реформасы өзінің бастауын‭ ‬жерге жеке меншік құқығын енгізуден емес,‭ ‬жер пайдалану құқығын‭ ‬азаматтық-құқыктық мәмілелердің объектісі,‭ ‬яғни заттық құқықтың объектісі‭ ‬болған күннен алады.‭ ‬Нарықтық экономикаға өту кезеңінде меншік құқығына‭ ‬тәуелді заттық‭ ‬құқықтың рөлі арта түседі.‭ ‬Меншік құқығы мен заттық‭ ‬құқықтың байланысы мен ара‭ ‬қатынасы бір-бірімен тығыз болып келеді.‭ ‬Шектеулі заттық құқықты заңдастырмай жерге меншік құқығын іс жүзіне‭ ‬-толық асыру мүмкін емес.‭ ‬Кеңес дәуірінде жер құқығы ғылымы заттық құқық‭ ‬институтынан алшақ болғандықтан жерге меншік құқығы дұрыс дамымады.
Жер‭ –‬ Қазақстан‭ ‬Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі‭ ‬аумақтық кеңістік,‭ ‬табиғи ресурс,‭ ‬жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез‭ ‬келген еңбек процесінің аумақтық негізі.
Жердің құқықтық қатынас объектісі ретінде,‭ ‬басқа барлық объектілерден‭ ‬өзгешелігі,‭ ‬әрине,‭ ‬жердің өзіне тиселі‭ (‬су,‭ ‬орман,‭ ‬қазба байлық‭) ‬қасиеттерімен‭ ‬жылжымайтын объект категориясына жатады.‭ ‬Алайда,‭ ‬ол мына мәселені‭ ‬ескертіп өтеді,‭ ‬яғни жер туралы оны жылжымайтын объект ретінде‭ ‬қарастырғанда,‭ ‬біз жердің басқа да меншік құқығы объектілерімен салыстыра‭ ‬қарастырып,‭ ‬соның салдарынан құқық нормаларында осыған байланысты‭ ‬көрініс тапқанын айтамыз.‭ "‬Бірақта,‭ ‬біз жерді,‭ ‬-‭ ‬дейді,‭ ‬ол,‭ ‬төңкеріске дейінгі‭ ‬буржуазиялық Ресейде қалыптасқан жылжымайтын мүлік категориясы‭ ‬ұғымында қарастырмаймыз,‭ ‬қазіргі капиталистік мемлекеттердегі істегі‭ ‬буржуазиялық құқық тұрғысынан қарастырамыз‭"‬.
Жер қатынастарының объектісі‭ ‬– Қазақстан‭ ‬Республикасы аумағының‭ ‬шегіндегі бүкіл жер,‭ ‬онда орналасқанына және олардың жекелеген‭ ‬субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекелеген‭ ‬жер учаскелері,‭ ‬сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар.
Сонымен бірге,‭ ‬Қазақстан Республикасында жеке меншікке берілген жер‭ ‬учаскелерінен басқа барлық жерлер мемлекет меншігінде болып табылады.
Мемлекет жерге меншік құқығының субъектісі және территориялық‭ ‬үстемдік құқығының иесі.‭ ‬Территориялық үстемдік құқығы мемлекетіміздің барлық территориясында жүргізіледі.‭ ‬Яғни,‭ ‬республиканың территориялық‭ ‬кеңістігінде жүргізілетін мемлекеттік саяси билігінің таратылуы жердің меншік нысандарына тәуелсіз.‭ ‬Ал жердің меншік құқығының объектілері меншік нысандарына тәуелді болады.
Сонымен,‭ ‬Азаматтық Кодекстің‭ ‬117-бабына сәйкес жер азаматтық‭ ‬құқықтың объектісі ретінде танылып,‭ ‬нақтылап айтсақ,‭ ‬зат ретінде‭ ‬қабылданады.‭ ‬Азаматтық құқықтың объектісі материалдық және рухани‭ ‬игіліктер болып табылады және солар үшін азаматтық құқықтың субъектілері‭ ‬өзара құқықтық қатынасқа түседі.‭ ‬Бұл игіліктер‭ (‬объектілер‭) ‬саласы өте көп‭ ‬және санқырлы.‭ ‬Азаматтық Кодекстің‭ ‬115-бабына сәйкес азаматтық‭ ‬құқықтың объектісіне мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен‭ ‬құқықтар‭ (‬заттар,‭ ‬ақшалар,‭ ‬ерекше‭ ‬құқықтар,‭ ‬т.б.‭) ‬.
Алайда,‭ ‬барлық игілік‭ (‬материалдық және рухани‭) ‬меншік құқығының‭ ‬объектісі бола алмайды.‭ ‬Меншіктік қатынастың экономикалық табиғатына‭ ‬байланысты меншік‭ ‬құқығының объектісі ретінде тауар сияқты алынатын,‭ ‬нарықтық қатынастың пәні бола алатынның бәрін айтуға болар еді.
Бірақ та бұл өте жалпылама көзқарас болар еді,‭ ‬өйткені,‭ ‬нақ осы жағдайда‭ ‬адам қызметінің орбитасына кіретіннің бәрі‭ (‬соның ішінде объектісінің ішінде‭ ‬ерекше орын алатын заттарға мыналар жатады,‭ ‬біріншіден,‭ ‬ең кең таралымға ие‭ ‬болғандар,‭ ‬екіншіден,‭ ‬меншіктік құқықтың қатынастағы затқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың құқықтық проблемалары
Жерге меншік құқығының субъектілері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасында жер құқықтық қатынастарын реттеу тарихы
Меншік түрінің эволюциясы
Қазақстан Республикасының жер және өзге заңдары бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жер нарығының құқықтық табиғатын қарастыру
Жер салығының мәні мен маңызы
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша меншіктің түрлері
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Украинада жер кадастрының жүргізілуі
Пәндер