Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық жаза тағайындаудың жүйесінің түсінігі мен маңызы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

1. Жазаның түсінігі жӘне мақсаттары4

1. 1. Жазаның түсінігі4

1. 2. Жазаның мақсаттары6

1. 3. Жазаның жүйелері мен түрлерінің жалпы сипаттамасы7

2. Жаза тағайындаудың бастамасы22

2. 1. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар22

2. 2 Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау27

3. Қылмыстардың көптілігі жағдайында жаза тағайындау32

3. 1 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау32

3. 2. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау34

Қорытынды35

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР36

Кіріспе

Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс - жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан кешенді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтың мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар заңдар: конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т. б. қабылданды.

Қазіргі таңда Қылмыстық құқықтарға жаза дайындау жүйесінің түсінігі мен маңызы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерістермен толықтыруларға ұшырады. Бұл дегеніміз өмірдің жаңа ағымына қарай қылмыстық жаза түрлерінің өзгеруі мен байланыстырамыз.

Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық жаза тағайындаудың жүйесінің түсінігі мен маңызын ашып көрсету. Осыдан біз жазаның ауырлығын және жеңілдіктерін толығымен біліп көре аламыз.

Осы жаза тағайындау жүйесінің түсінігін және маңызын толық көлемде түсіну үшін жаза тағайындау түрлерін курстық жұмысқа енгізіп отырмыз.

Осы жұмыстың әдебиет тапшылықтарына келетін болсақ соңғы шығарылып жатқан ғалымдардың, профессорлардың жұмыстарының жоқ болуы, осы жұмысқа ауыртпалығын тигізді. Бірақ «Қолда барды қадыр тұт» - демекші бар әдебиет информативтік актілер, түрлі әдебиеттер қолдана келе осы жұмыстың ауқымды жерлерін аша түстік деп ойлаймыз.

осы курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.

1. Жазаның түсінігі жӘне мақсаттары

1. 1. Жазаның түсінігі

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекеттік қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттік атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық - құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктеріне оқшауланады.

Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндеті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған1. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмысты заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілдік жаза тағайындауға құқылы.

Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтартпаушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімщілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті.

Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаның жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді.

Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрінде ашықтан-ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаны нақты түрі мен бөлімін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.

Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда «Адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті», - делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінің істеген қылмысының қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмысты жауаптылықтан босатуға (68-бап) болады.

Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тарту мен де ұштастыруы мүмкін.

Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмыстық іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстық ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.

Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыру немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тиым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда көрсетілген негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмысты жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.

Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандақтың кінәлі үшін белгілі бір құқылы зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларды қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.

Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынандай: біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.

Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның ерекшелігі сол сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді, ол әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндайда құқылық зардап болмайды.

1. 2. Жазаның мақсаттары

Қазақстан Республикасы Қылмыс кодекстің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты - әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.

Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.

Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2 - бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады, қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазамен өзгеде қылмыстық - құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді2.

Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеу болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінің құралы - сотталғандарды түзеу арқылы, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаны әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты құылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады.

Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморальдық күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады.

Сол сияқты жаза - қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік принципі болып табылады. осы жерде жазаның мақсаттары туралы Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па деген заңды сұрақ туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек қою арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына заңда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын ал арнаулы және жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазасының мақсатына жету құралын құрайды. Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады.

1. 3. Жазаның жүйелері мен түрлерінің жалпы сипаттамасы

Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.

Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынаедай топтарға бөлінеді:

1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру.

2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығын айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.

3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары айыппұл, мүлікті тәркілеу;

4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлерін негізінен үш топқа бөлінеді: Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.

Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынандай негізі жазалар:

а) айыппұл салу;

б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарату;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызмет бойынша шектеу;

е) бас бостандығынан шектеу;

ж) қамау;

з) тәртіптік әскери бөлмеде ұстау;

и) бас бостандығына айыру;

к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін

(39-бап, 1- бөлігі)

Екінші топқа қосымша жазалар жатады:

Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы жоғарғы соты Пленумының «Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы» 24 маусым 1993 жылғы №3 қаулысының 16-тармағында «соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне баса назар аударған жөн, өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына көмектеседі», - делінеген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкінділігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімінің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуі тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолданбау мүмкін3.

Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады.

Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынандай қосымша жазалар:

а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;

б) мүлік тәркілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2 бөлігі) .

Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. Оларға жататында: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. Осы көзделген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерге қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны немесе мәні әртүрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазалады дұрыс қолдану - қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Енді осы жазаның жекеленген түрлеріне сипаттама береміз.

Айыппұл

Қылмыстық кодектің 40-бабы бойынша: «Айыппұл- осы Кодексте көрсетілген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу (40-бап, 1-бөлігі) 4.

Қылмыстық кодекстің 40-бабында көрсетілгедей айыппұл негізі немес қосымша жаза қатарында қолданылуы мүмкін. Қылмыстық жаза шарасы ретінде айыппұл төлеуге сотталған адам белгілі бір материалдық қиындаққа тап болады. Айыппұлдың жазалау қасиеті дәл осындай жағдайда көрініс табады. Кінәлі адамнан үкім бойынша ақшалай өндіру сотталған адам және басқалар үшін тәрбиелік мәні зор және мұның өзі қылмыстан сақтандыруда ерекше роль атқарады. Айыппұл негізгі және қосымша жаза ретінде тек қана заңда көрсетілген ретте соның ішіде ғана қолданылады.

Егер айыппұл қылмыс сараланған баптың санкциясында көрсетілмеген болса, онда ол негізгі немесе қосымша жаза ретінде қолдануға жатпайды. Тек қана мұндай жағдайда айыппұлды Қылмыстық кодекстің 55-бабы бойынша заңда көрсетілгенне гөрі жеңілірек жаза тағайындауға негіз болғанда ғана қолданады.

Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезегі өзгеде табыстың мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығымен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді. Айыппұлдың нақты мөлшері істелген қылмыстың ауырлығына, кінәлінің материалдық, отбасылық жағдайларына, істің нақты жағдайларына байланысты сот арқылы жеке-дара анықталады. Заңда айыппұлдың төменгі және жоғарғы шегі көрсетілген. Егер сот айыппұл төлеудің айлық есептік көрсеткішті алса, онда ол жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шекте тағайындалады. Егер сот айыппұлды төлеудің негізіне сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге табыстың мөлшерінде: екі аптадан бір жылға дейін тағайындалады. Заңда айтылған өзге де табыстар деген ұғымға жалақыдан басқа алатын жеке еңбек қызметі, авторлық қаламақы, мүлікті жалға беруден табатын табыстары жатады. Қылмыстық атқару құқығы бойынша айыппұлды орындау сотқа жүктеледі. Сот үкім күшіне енгеннен кейін бір ай мерзім ішінде сотталған адамға айыппұлды төлеуді міндеттейді. Егер сотталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге мұршасы жоқө болса, онда сот сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді немесе төлеудің заңда белгіленген мерзімге кейінге қалдыруға құқылы. Егер сотталған адам айыппұлды дер кезінде төлемесе, жазаның бұл түрі сот арқылы күшпен орындауға жатады. Заңда айыппұлды төлеуден әдейі жалтырағаны үшін жауаптылық белгіленген. Әдейі жалтырау деп сотталған адамның өзінің ақша қарааттары басқа да мүкіндіктерін төлеуден әдейі жасырып оны төлеуден оны ашық бас тарту болып табылады.

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысы құқығынан айыру

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзгеде қызметпен айналысуға тиым салуға тұрады (41-бап) 5.

Қылмыстық кодексінің осы бабында екі түрлі әр түрлі жаза бекітілген: белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу құқығынан айыру.

Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстық мәніне қарай сотталған адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен шұғв-ылдану мүмкін болмайтын жағдайда тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (296-бап), тұтынушыларды алдаған адамдарға (223-бап), қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденген немесе ысырап еткен лауазым адамдарына (176-бап) қолданылуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары
Жазаны тағайындаудың жалпы негіздері
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРI МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
«Жаза ұғымы және оның мақсаттарының тиімділігі»
Қылмыстық жаза
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫН ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Бас бостандығынан айыру
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласуы
Қылмыстың ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz