Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы ақын-жыраулар



Кіріспе
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы ақын.жыраулар
1.1 Шалкиіз жырау мен Ақтамбердінің дүниетаным мәселелері
1.2 Бұқар жыраудың рухани мұрасы
1.3 Тәтіқара мен Шал ақынның поэзиясының мәні
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
XVIII ғасырда қазақ ақын-жыралура толысып, ілгерілеп өсті, осы мезгілдегі ақындардың жалынды өлең, толғау, жырлары кілең ерлік сарынға құрылған еді. Өйткені, халықтың бәрі көшпелі тұрмыш кешкендіктен және жоңғарлармен қысқа күнде қырық табысып, жан алысып, жан берісіп, аттың жалы, түйенің қомында қиын ғұмыр кешкендіктен, ерлеріміздің бәрі жауынгер, қыздарымыздың бәрі қырағы болыпты. Міне, осы себепті сол кездің жыраулары мен ақындары ел-жұртты бірауызды ынтымақтыққа бірлесе отырып, ата жауы жоңғарға қарсы күреске шақырады. Тіпті, қолына қару ұстап, атойлап атқа мінетін азаматтардың бәріне елін қорғау, жерін азат ету керек деген айбынды ұран тастады. Бұл кездегі ақындардың толғаулары қара тасты қақ жаратындай өткір, қалың қолды қақ айрытындай кескір еді. Жалпыға ортақ бір түйін- жоңғарларға бірлесіп соққы беру арқылы елін қорғау, өсіру, жерін гүлдендіру, тұрмысын, салт-санасын жақсарту болатын. «Бес ғасыр жырлайдыда» бұл жағдай жан-жақты айтылған: «XVIII ғасырда әдеби өмір жандана түседі, ғасырдың алғашқы ширегінде топандай басқан жоңғар шапқыншылығы... саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер бұл кездегі қазақ поэзиясының идеялық бағыт-бағдарына, тақырып аясына айрықша ықпал етті. Ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығы да ақын-жыраулар өнернамасында өзінің көркемдік шешімін табады.
XVIII ғасырда халыққа да, жауынгерлерге де айғайлап ұран тастаған аса талантты ақын Ақтамберді жан дауысымен жоңғар шапқыншылығына қарсы көптеген өлеңдер толғады, ол ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен белсеніп, жауға шапқан батыр да еді, жүрегімен ақтарыла жыр жазған ақын да еді, біз жыраудың:
Құлаты таға қол аслып,
Садақтың оғын мол салып.
Бетпақтың ең бір шөлінен,
Төтелеп жүріп салып,
Қолды бір бастар ма екенбіз?!
Майданда дабыл қақтырып, Ерлердің жолын аштырып,
Атасы басқа қалмақты,
Жұртынан шауып бостырып,
Түйедегі наршасын,
Әлпештеген ханшасын,
Ар атына мінгізіп,
Тегін олжа қылар ма екенбіз –
дейтін бұл толғауы 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейін айтылды ма екен деп те ойлаймыз, Өйткені, осы өлеңде арындаған айбын жоқ, жыр тек тілек пен арманнан тұрады. Дегенмен де, аса дарынды ақынның аузынан шыққан әрбір сөз, әрбір сөйлем бейне бір теңіздің түбінен табылған мөлдір меруерттей таза, кіршіксіз аппақ.
1. Ә.Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы 1994ж, 55-56бб.
2. «ХІХ ғасыр әдебиеті» Алматы 1992ж, 114-116бб,
3. Қ.Сыдықұлы «Біртума жыр саңылақтары» Алматы 2001ж, 45-49, 98.
4. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» Алматы 1993ж, 256-266.
5. Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәлі «Философия тарихы», Алматы 1999ж, 101-103бб.
6. «Ай заман-ай , заман-ай» Алматы 1991ж, 46-49бб,
7. «Қазақ әдебиетінің хрестоматиясы» Алматы 2000ж, 289-291бб.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы ақын-жыраулар
1.1 Шалкиіз жырау мен Ақтамбердінің дүниетаным мәселелері
1.2 Бұқар жыраудың рухани мұрасы
1.3 Тәтіқара мен Шал ақынның поэзиясының мәні
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
XVIII ғасырда қазақ ақын-жыралура толысып, ілгерілеп өсті, осы
мезгілдегі ақындардың жалынды өлең, толғау, жырлары кілең ерлік сарынға
құрылған еді. Өйткені, халықтың бәрі көшпелі тұрмыш кешкендіктен және
жоңғарлармен қысқа күнде қырық табысып, жан алысып, жан берісіп, аттың
жалы, түйенің қомында қиын ғұмыр кешкендіктен, ерлеріміздің бәрі жауынгер,
қыздарымыздың бәрі қырағы болыпты. Міне, осы себепті сол кездің жыраулары
мен ақындары ел-жұртты бірауызды ынтымақтыққа бірлесе отырып, ата жауы
жоңғарға қарсы күреске шақырады. Тіпті, қолына қару ұстап, атойлап атқа
мінетін азаматтардың бәріне елін қорғау, жерін азат ету керек деген айбынды
ұран тастады. Бұл кездегі ақындардың толғаулары қара тасты қақ жаратындай
өткір, қалың қолды қақ айрытындай кескір еді. Жалпыға ортақ бір түйін-
жоңғарларға бірлесіп соққы беру арқылы елін қорғау, өсіру, жерін
гүлдендіру, тұрмысын, салт-санасын жақсарту болатын. Бес ғасыр жырлайдыда
бұл жағдай жан-жақты айтылған: XVIII ғасырда әдеби өмір жандана түседі,
ғасырдың алғашқы ширегінде топандай басқан жоңғар шапқыншылығы... саяси
және қоғамдық өмірдегі өзгерістер бұл кездегі қазақ поэзиясының идеялық
бағыт-бағдарына, тақырып аясына айрықша ықпал етті. Ел өміріндегі елеулі
оқиғалардың барлығы да ақын-жыраулар өнернамасында өзінің көркемдік шешімін
табады.
XVIII ғасырда халыққа да, жауынгерлерге де айғайлап ұран тастаған
аса талантты ақын Ақтамберді жан дауысымен жоңғар шапқыншылығына қарсы
көптеген өлеңдер толғады, ол ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен
белсеніп, жауға шапқан батыр да еді, жүрегімен ақтарыла жыр жазған ақын да
еді, біз жыраудың:
Құлаты таға қол аслып,
Садақтың оғын мол салып.
Бетпақтың ең бір шөлінен,
Төтелеп жүріп салып,
Қолды бір бастар ма екенбіз?!
Майданда дабыл қақтырып, Ерлердің жолын аштырып,
Атасы басқа қалмақты,
Жұртынан шауып бостырып,
Түйедегі наршасын,
Әлпештеген ханшасын,
Ар атына мінгізіп,
Тегін олжа қылар ма екенбіз –
дейтін бұл толғауы 1723 жылғы Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін
айтылды ма екен деп те ойлаймыз, Өйткені, осы өлеңде арындаған айбын жоқ,
жыр тек тілек пен арманнан тұрады. Дегенмен де, аса дарынды ақынның аузынан
шыққан әрбір сөз, әрбір сөйлем бейне бір теңіздің түбінен табылған мөлдір
меруерттей таза, кіршіксіз аппақ.

Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы ақын-жыраулар
1 Шалкиіз жырау мен Ақтамбердінің дүниетаным мәселелері
Қазақ ақын-жырауларының дүиетанымы, философиялық даналық ойлары
төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады.
Олардың шығармаларынан дәстүрлі философиялық тарихи сабақтастық
принциптері анық байқалады. Әсіресе, қазақ поэзиясындағы философиялық
бағыттың негізін салушылардың бірі Шалкиіз жырау Тіленшіұлының (1465-1560)
шығармашылығы, философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Ел аузынан
жазылып алынған тарихи әңгімелерге қарағанда, Шалкиіз Батыс Қазақстанда,
Ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызынан туыпты. Әкесі Тіленші – қазақ арасындағы
көп шонжардың бірі болса керек.
Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшелігі – ондағы философиялық
толғаныстардың молдығы. Көркем шығарма қашан да сол заманның, сол кездің ой-
өрісі мен салыстырыла бағаланбақ. Шалкиіздің философиялық ойлары ұзақ
толғанып, өз заманын нәзік түсіне білуінің жемісі. Бұл ерекшеліктер
жыраудың шалқар даналықтың, терең ақылдың иесі болғандығын көрсетеді.
Осыдан келіп біздер Шалкиіз ойларының, шығармаларының өміршеңдігін, арада 4
жарым ғасыр өтсе де ұрпақ жадында ұмытылмай сақталуының сырын ұғамыз.
Белгілі ғалым әрі жазушы Мұхтар Мағауин: Шалкиіз – новатор еді –
дейді. – Ол қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Бұл
тұрғыдан алғанда Шалкиізді қазақтың барлық жырауының атасы деуге болады.
Өзінің философиялық афористік поэзиясы – толғауларында Шалкиіз ойлылықтың,
көркемдіктің шыңына шықты. Қиыннан қиыстыру, нақтылық, ықшамдылық,
ойнақылық, сонымен қатар тереңдік – Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі. Бұл
жағынан алғанда қазақ жырауларының ешқайсысы да онымен белдесе алмайды.
Қазақ ақын-жырауларының шығармалары негізінен, көшпелілер болмысы,
ата – қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеуметтік жағдайларға, батырлық,
көркемдік, адамгершілік, өмір мәселеріне байланысты болып келді.
Дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ дейді жырау. Өмір қысқа
екен, бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек, осы аз
ғұмырды дүиедегі бар қызықты тегіс көріп, думандатып өткізу керек деп,
жырау өмір мен қлім мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды.
Жырау өмірдің бар қызығы, бақыты, қуанышы о дүиеде емес, адамның бар бақыты
бұл дүниеде екендігін айтып өтеді.
Шалкиіз жырау көп түкірсе – көл деп елді ұйымшылдыққа, бірлікке
шақырады. Оның пікірінше, көптің, елдің қолынан бәрі келеді. Ол жауға
айбар, елге қорған дейді. Сондықтан да Шалкиіз жырау: Жалғыздың жағы
жоғалса табылмас, рулының оғы қалса табылар, Жағаға дұшпан қолы тимеске,
артында туысқаннның көбі игі, Белуардан саз кешсең тобығыңнан
келтірмейтін, Қамалаған қалың туғанның арқасы, - деп ағайынның, туғанның
көп болғанын қалайды.
Шалкиіз жырау жамандық пен жақсылық жөнінде де айта келіп
көрінгеннің бәрі бірдей емес, қырға шықпас жаманның барынан да жоғы
жақсы деп, адам бойыннан үлкен адамгершілік, игілік, тереңдік іздейді.
Жауынды күні көп жүрме
Жар жағасы тайғақ – ты,
Жаманға жақыным деп сыр айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!

В.Радловтың жазуы бойынша нәзік жанды ақындығымен қатар Шалкиіз
батыр, жауынгер де болған көрінеді. Мұның дәлелін мына бір жыл жолдары
көрсетеді:
Қатты бір тартып бек атса,
Қайрылып барып тез сынар
Қайың оқтың жаңқасы, -

болмаса:
Көктеп мінген еріңнің
Астында көп жүгірер көлік бар,
Көп садақтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар, -
деген сияқты жолдар көп кездеседі. Бұдан біздің байқағанымыз Шалкиіз
толғауларының рухы – батырлық, ерлік, өз Отанын сүю, оған қызмет ету.
Қорыта айтқанда, Шалкиіз мұралары бізге әлі толық жетпегенімен,
оның рухани мұрасы өте бай. Оның сөз өнері, дүниеге деген көзқарасы төл
ойлау мәдениетіміздің қалыптасуына, сөз жоқ, айтарлықтай ықпал етті.
Шалкиізден кейінгі алып жыраулардың бірі – Ақтамберді жырау
Сарыұлы (1675-1768жж). Халидидің айтуынша, Ақтамберді – ойраттармен күрес
дәуірінде қазақ қолының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Ақтамберді
шығармалары нақыл сөздерге, афоризмдік толғауларға толы. Қазақ халқының
болмысы, тіршілік тынысы, ерекшеліктері, сол кездегі тарихи оқиғалар оның
толғауларынан ерекше айқын көрінеді.
Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру, ата намысы емес, иісі қазақтың
намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады.
Дұшпаннан көрген, қорлығым
Сары су болды жүрекке,
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке,
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп, құдай тілекке!

Ақтамберді, өзінен бұрын өткен Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерін әрі
қарай жалғастырушы болып табылады.
Ақтамберді жырларында көшпелі қазақтардың ой арманы, мақсат
мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы
аңғарылады.
Бұған жыраудың Күлдір-күлдір кісінетіп деп басталатын ұзақ
толғауы дәлел бола алады.
Ақтамберді жыраудың айтуынша, қазақ үшін байлық – малда. Ол
Алғайдың құба жонына сыймас ақтылы қой, Көлге түссе көз жетпес көк
алалы көп жылқы, боздаған дауысы күй болып төгілетін сансыз түйе жайлы
армандайды, елдің төрт құбыласы тең үлкен байлыққа кенелуін қалайды.
Қазақтар үшін мал асылы – жылқы екені белгілі. Жылқыны көшпелілер
өміріндегі алатын орны жайлы Ақтамберді жыраудай толғаған қазақ ақыны жоқ.
Ол – еліміздің ұлттық қасиеттерін, қонақжайлылығын, үлкенді құрметтеу,
кішіні сыйлау, әсіресе, отбасының сыйлығын, берекесін дәріптеп өткен ақын.
Ақын өзінің замандас жас ұрпағын табандылыққа, ерлікке шақырады.
Ақтамбердінің бүкіл шығармасынан жауынгерлікке, ерлікке үндеу, жауға батыл
аттану және оның алдында тізе бүкпеуге үндеу сарыны ерекше естіледі.
Жыра ужырлары қарапайым қауымның ой, арманын, мінезін, өрісін
айқындайды. Әзілмен, айтыспен, сынау-мәнеумен, келелі кеңеспен жыралуар ел,
жер, күн дауын шешуде зор рол атқарған. Мәселен, ірілеу болып келсе
толғауға түсіп кетіп, дала заңын өздерінше жасауға тырысқан.
Ақтамберді творчествосында басқа тұстарына қарағанда меннің
көріне бастауы анықтау секілді. Ол өзінің ғұмырнамасын жырларына толық
түрінде болмаса да ептеп түсіре берген. Жалған айтып, жағымпазданып, тәуір
көрінемін деу онда жоқ, күйінгенін, көңілі қалғаныны, алыс арманын айтады.
Ал тап берген жауға қарсы жігерлендіруге, алға ұмтылдыруға келгенде одан
өткір үгітші, трибун кездеспейді. Бала-шағасын ұмытуға, ат үсінде түн
қатуға әзір. Иісі қазақтың тұтастығын, іргесінің ыдырамауын ойлаған көсем
шешендердің бірі.
Ақтамберді сияқты көреген жырау атамекенді тар мағынада түсінбесе
керек, отырықшылдықты ойлауына қарағанда, біраз алысты қиялмен болжаған
адам. Тақпақ-термелерінде ішіне сыймаған ойлары жатыр, соны сыртқа
шығарған. Қынжыла толғанып шығарғандары ошақ басы емес ерлікті, елдікті
аңсаған зиялы зергердің келбетін танытады.
Ақтамберді жырау өзінің жырларында батырлардың ересен ерліктерін
асқақ береді.
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз,
Күрек тісін ақситып,
Сұлуды сүйер ме екенбіз.
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке тон киер ме екенбіз.
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екнбіз.
Сырттан сауыт киген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол қашырар ма екенбіз.

Ақтамберді жырау табиғатқа, адамдарға біртабан жақын. Шарықтап
аспанға да шығып кетпейді, жерден, елден қуат алады, мұңын да, сырын да
тыңдаушысынан жасырмайды, бастан кешкен ғұмырлық тәжірибесін қорытады,
қиындық пен ауыртпалықтың момын халықтың иығына түскеніне күйінеді, ерлік
пен өжеттігін жасырмайды.
Ақтамберді жырау 93 жасында дүние салыпты. Туған жердің топырағын
жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік мақсаты
орындалғандығына ризашылығын білдіре келіп Батырларша оққа ұшпай, төсекте
жатып тек өлгендігіне өкінеді.

2 Бұқар жыраудың рухани мұрасы
Қазақ тарихындағы алып тұлғалардың бірі – Бұқар жырау.
XVIII жыраулары ішіндегі ең көрнекті кесек тұлға – Бұқар жырау
Қалқаманұлы шамамен 1668 жылы дүиеге келді.
Заманының бізге бір табан жақын тұрғанына, өмір сүрген
дәуіріндегі көптеген тарихи оқиғалар халық жадында жақсы сақталғандығына
қарамастан, қазақтың ескі де өткен басқа ақын-жыраулары сияқты, Бұқар өмірі
қақында да біздің білеріміз тым тапшы. Жыраудың туған, өлген жылдары
жайында нақты деректер жоқ. Қолда бар бірден-бір нақты мәлімет жыраудың
Абылайдан бұрын туып, соң өлгендігі.
Біз тек оның тым ерте көтеріліп, Тәуке тұсында-ақ хан
төңірегіндегі ықпалды билердің бірі болғандығын білеміз. Алайда, Бұқардың
Тәукеден соңғы әміршілермен тіл табыса алмағандығы аңғарылады.
Бұқар өмірін тұңғыш зерттеуші Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда
және өз шығармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың, тіпті, сауып ішер малы,
мініп-түсер аты да болмайды. Жырау 60-тан асқанша осы жарлы, кембағал халде
күн шешеді. Алайда, өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау,
ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп, қабырғалы биге, өз
заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам жасап, 1781 жыл
шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Далба талының етегінде. Мәшһүр
Жүсіптің айтуынша, Бұқар атанған қария 93 жасында Абылай ханның алдында жыр
толғаған. Сонда Абылай ханға: Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, еңсегей
бойлы Ер Есім ханға да жолдас болдым. Сен оның түстігіне де жарамайсың -
деген екен. Абылай хан жорыққа аттанбақшы болса Бұқар жырауды алдырып,
жұлдызым оң ба? деп айдың, күннің сәтін сұрайды. Сары бура келіп, сенің
тауыңның түбінде тұрып пәлен жаққа қарай шабынды десе, сол айтқан жағына
бет алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ пәлсапасы
Қазақ философиясының даму ерекшеліктері
ХІХ ғасыр ақындары туындыларындағы заман бейнесі
Қазақ философиясында
Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын- жыраулар шығармашылығындағы философиялық даналық
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Міржақып Дулатұлының Абай шығармашылығын зерттеуі
Бірлік философиясы
Қазақ философиясы тарихын логикалық-құрылымды кестелер арқылы оқыту әдістемесі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер