Қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Негізгі бөлім
Қорытынды
Қазақстан Республикасы Конституциясында сәйкес біздің мемлекетіміз демократиялық құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюна құқық саласы, құқық қорғау органдарының маңызы ерекше[1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтарда ғы Қазақстан халқына арналған атты Жолдауында: «Барлық мемлекеттік органдар үшін бақылау жүргізудің бірыңғай қағидаты мен тәртібі белгіленді. Меншікті қорғаудың құқықтық тетіктері енгізілді, қоғамдық қауіпсіздікке көп қатер туғызбайтын қылмыс бойынша қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жүргізілді» [2]-деп атап өтті.
Құқықтық мемлекетті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті құру идеясын іске асыру қылмыстылықпен күрес саласында, соның ішінде қылмыстық іс жүргізудегі жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, құқықтарының сақталуын кепілдеуді көздейді.
Қазіргі кезеңде қылмыстылық әлеуметтік факторларды шиеленістіретін құбылыстардың алғашқы орындарын алады. Қоғамда ұйымдасқан қылмыстылық пен жемқорлықтың өсуі жағдайында, құқық қорғау органдары мүдделі тұлғалар тарапынан белгілі бір деңгейде қарсылыққа тап болып отыр.
Осы аталғандарға байланысты қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып, елімізде сот әділдігін жүзеге асыруға үлкен кедергі келтіруде.
Өкінішке орай, ұзақ жылдар бойы қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың мүдделері мемлекет және оның органдары тарапынан қорғауға алынбай келді. Қылмыстық қудалау және сот органдары аталған тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету туралы қолданыстағы заңдардың нормаларын бұрыннан бері дұрыс және тиісті түрде орындамай келеді. Мұндай жағдай қазіргі уақытта да орын алып отыр. Біздің ойымызша, адамдардың құқық қорғау органдарына көмек көрсетуден жалтарудың да басты себебі де осында.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қауіпсіздіктің процессуалдық және де басқа да шараларды жетілдіру қажеттілігіне отандық және Ресей Федерациясының көптеген заң ғалымдары аса мән берген, атап айтсақ, О.А.Зайцев, МЛ.Когамов, Б.М.Нургалиев, Б.Х.Төлеубекова, В.Т.Томин, С.П.Щерба және т.б.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл 30 тамызда қабылданған
2. Назарбаев Н. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»: Егемен Қазақстан, 2011 жылғы 28 қаңтар
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iстер жүргiзу Кодексi. (09.12.1998 ж., 29.03.2000 ж., 05.05.2000 ж., 16.03.2001 ж., 11.07.2001 ж., 16.07.2001 ж., 06.11.2001 ж., 19.02.2002 ж., 22.02.2002 ж., 09.08.2002 ж., 21.12.2002 ж., 25.09.2003 ж. енгiзiлген

ӘӨЖ 343.131(47+57) Қолжазба құқығында
Жалмагамбетов Адильбек Султанович
Қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
6N0301-құқықтану мамандығы
Құқық магистрі дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертациясының
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Астана, 2011
Жұмыс Қазақ гуманитарлық заң университетінің, Қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекші: заң ғылымдарының кандидаты
Меерманова Ж.Б.
Ресми оппонент: заң ғылымдарының кандидаты,
Турниязов Е.Е.
Қорғау 2011 ж. _____ __________ күні сағат _____ Қазақ гуманитарлық заң университеті диссертациялық кенесінің отырысында өтеді. Мекен жайы: Қазақстан республикасы, 010000, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8.
Диссертациямен және авторефератпен Қазақ гуманитарлық зан университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2011 жылы ------ --------------- таратылды.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ұсынылған диссертациялық зерттеу қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған. Диссертациялық зерттеуде қылмыстық іс жүргізу процесіндегі қылмысқа қатысушылардың түсінігі, түрлері және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері толық талданып, ұсыныстар жасалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясында сәйкес біздің мемлекетіміз демократиялық құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюна құқық саласы, құқық қорғау органдарының маңызы ерекше[1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтарда ғы Қазақстан халқына арналған атты Жолдауында: Барлық мемлекеттік органдар үшін бақылау жүргізудің бірыңғай қағидаты мен тәртібі белгіленді. Меншікті қорғаудың құқықтық тетіктері енгізілді, қоғамдық қауіпсіздікке көп қатер туғызбайтын қылмыс бойынша қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жүргізілді [2]-деп атап өтті.
Құқықтық мемлекетті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті құру идеясын іске асыру қылмыстылықпен күрес саласында, соның ішінде қылмыстық іс жүргізудегі жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, құқықтарының сақталуын кепілдеуді көздейді.
Қазіргі кезеңде қылмыстылық әлеуметтік факторларды шиеленістіретін құбылыстардың алғашқы орындарын алады. Қоғамда ұйымдасқан қылмыстылық пен жемқорлықтың өсуі жағдайында, құқық қорғау органдары мүдделі тұлғалар тарапынан белгілі бір деңгейде қарсылыққа тап болып отыр.
Осы аталғандарға байланысты қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып, елімізде сот әділдігін жүзеге асыруға үлкен кедергі келтіруде.
Өкінішке орай, ұзақ жылдар бойы қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың мүдделері мемлекет және оның органдары тарапынан қорғауға алынбай келді. Қылмыстық қудалау және сот органдары аталған тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету туралы қолданыстағы заңдардың нормаларын бұрыннан бері дұрыс және тиісті түрде орындамай келеді. Мұндай жағдай қазіргі уақытта да орын алып отыр. Біздің ойымызша, адамдардың құқық қорғау органдарына көмек көрсетуден жалтарудың да басты себебі де осында.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қауіпсіздіктің процессуалдық және де басқа да шараларды жетілдіру қажеттілігіне отандық және Ресей Федерациясының көптеген заң ғалымдары аса мән берген, атап айтсақ, О.А.Зайцев, МЛ.Когамов, Б.М.Нургалиев, Б.Х.Төлеубекова, В.Т.Томин, С.П.Щерба және т.б.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық және өзге де шараларды жетілдіру туралы мәселеге бірқатар қазақстандақ және ресейлік ғалым-заңгерлер атсалысуда. Олардың ішінде О.А.Зайцевті, М.Ч.Қоғамовты, Б.М.Нұрғалиевті, Б.Х.Төлеубекованы, А.Н.Ахпановты, В.Т.Томинді және С.П.Шербаны ерекше атап өтуге болады.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін, яғни қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен, жұмыстың негізгі мақсаты айқындалды, яғни: Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының заңмен бекітілген құқықтарының мүдделерін қорғауды жүзеге асыру және қылмыстық істі ашу үшін көмек көрсететін тұлғаларға мемлекет тарапынан мүмкіндік тудыру болып табылады.
Құқықтық және процессуалдық кепілдіктер әділеттілікті орнатудың барлық салаларында құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінің тиімділігін айқындайды.
Диссертациялық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда қарастырылған жұмыс мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды анықтау;
қылмыстық процеске қатысушылардың қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауын қарастыру;
қатысушы тұлғалардың мүдделері мемлекет және оның органдары тарапынан қорғалу мәселелерін анықтау;
қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың құқықтық міндеттерін;
қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын т.б. зерттей отырып, жұмыстың мәнін ашу.
Негізгі міндеті - қылмыстық процестегі қатысушы тұлғаларға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын:
1)аталмыш заң нормаларына сәйкес қолдануды уақытылы жүргізу;
2)қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жетілдіру;
3)қорғаудың тиімді әдіс тәсілдерін нығайту;
4)қауіпсіздік шараларын қолданатын және қамтамасыз етуші органды нақтылау.
Зерттеу объектісі - қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылар және олардың қауіпсіздігінің ҚР – ң заңдарымен қамтамасыз етілуі.
Зерттеу пәні ҚР – дағы іс жүргізу процесіне қатысушылардың жай-күйі және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары.
Зерттеудің ақпараттық негіздері. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми конференциялар мен семинарлардың матекриалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені ретейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарпайдаланылды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу мақсаттары мен міндеттері, зерттеу объектісі мен пәні, зерттеудің ақпараттық негіздері қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар және диссертацияның құрылымы туралы мағлұматтар көрсетілген.
Бірінші бөлім Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп аталынып, үш бөлімшеден тұрады.
Бірінші бөлімшеде Қылмыстық процеске қатысушы тұлғалар мен мемлекеттік органдар ұғымы, олардың іс жүргізу дәрежесі диссертант процеске қатысушы тұлғалар мен мемлекеттік органдар ұғымы, іс жүргізу дәрежесі туралы мәліметтер қарастырды.
Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды түсіну керек. Ғылымда процеске қатысушылар мәнінің сыртқы жағын түрліше түсіну байқалып отыр. Атап айтқанда, М. М. Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне белгілі бір дәрежеде қатысатын адамдар процесс субъектілеріне және қатысушыларына бөлінеді деп санайды[6, 231 б.]. Субъектілер - сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана; басқалардың бәрі - процеске қатысушылар. Л. Д. Кокоревтің пікірінше, "субъектілер" және "қатысушылар" терминдері - мән-маңызы бірдей ұғымдар, бірақ қылмыстық процесс үшін "қатысушылар" термині лайықтылау, өйткені "субъектілер" термині жалпылама сипатта[8, 175 б.].
Процеске қатысушылар классификациясының негізі олардың қорғалатын мүддесінің ерекшелігіне, сипатына, құқық көлеміне және рөліне қарай бөлінуі болып табылады.
Екінші бөлімшеде Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық және конституциялық қағидалары анықталды.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық және конституциялық негіздері туралы мәселе келесі себептерге байланысты заңды және логикалық тұрғыдан дәлелденген болып табылады:
зерттеліп отырған саладағы қатынастардың құқықтық реттелу деңгейі осы қатынастардың маңыздылығына, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының тәжірибеде іске асырылуына сәйкес келуі тиіс;
белгілі бір қатынастарды реттейтін құқықтың қайнар көздерінің деңгейіне тәжірибеде қалыптасқан құқықтық әсер етудің дәрежесі тәуелді болып табылады;
құқық қайнар көздерінің деңгейі неғұрлым төмен болса, олардың құқықтық әсер етуінің де деңгейі төмен болады;
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мәселесінің өзектілігі туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылдаған Адам құқықтарының жалпы декларациясының 50 жылдығына арналған Адамның қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету тақырыбындағы ғылыми конференцияда [12]қарастырылған сұрақтар дәлелдейді. Бұл конференция 1999 жылы мамыр айында Москва қаласында Халықаралық тәуелсіз экологиялық-саяси университет қабырғасында өткен болатын. Аталған конференцияның қатысушылары қауіпсіздік шараларын қолдану деп, екі негізгі элементтен (сатыдан) тұратын қызметті түсіну керектігін атап көрсетті. Біріншісі – қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдау; екіншісі – осы шараларды іске асыру. Оларды қолдану, жалпы ереже бойынша, сот әділдігін жүзеге асыратын органдарға көмектесуші тұлғаларға құқыққа қайшы ықпал жасаудың алдын алуды және ізін кесуді қамтамасыз етуі тиіс. Оларды қолдану үшін қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу барысында алынатын фактілік деректерді анықтап алу қажет.
Л.В.Брусницынның пайымдауынша, қылмыс жасаған тұлғаның сот әділдігін іске асыратын органдарға көмектесуші тұлғаларға әсер етуі екі жақты болып табылады. Оның жағымды жағы – адамның қылмыстық қудалаудан қорғануы, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін пайдалануы болып табылады, ал жағымсыз жағы – қылмыстық жауаптылықтан құтылып кету үшін, дәлелдемелік маңызы бар ақпарат бере алатын қылмыстық іске қатысушы тұлғаларға әсер ету[13, с. 45].
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын бекітетін құжаттардың қатарына 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпы декларациясы, 16 желтоқсан 1966 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт[14], 1984 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Азаптауларға және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын жазаларды қолдануға қарсы конвенция[15], 1950 жылы 4 қарашада қабылданған Адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропа конвенциясы[16] жатады.
Аталған құжаттардағы ережелер жалпы жеке тұлғаларға арналған. Адам құқықтарының жалпы декларациясында адамның өміріне, денсаулығына, қадір-қасиетіне, тұрғын үйіне, мүлкіне, жеке және отбасылық өміріне заңсыз қол сұғуға тыйым салынған. Аталған декларацияға сәйкес, әрбір адам мұндай қол сұғушылықтардан заңдармен қорғануға құқылы. Бұл ережелер Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде және Адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропа конвенциясының ережелерінде өз жалғасын табады.
Диссертант үшінші бөлімшеде қылмсытық процеске қатысушылардың құқықтық дәрежесін қарастырды.
Күдікті - қылмыстық іс жасағаны туралы күмән келтірілген, кылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған тұлға (ҚР ҚІЖК 68-бабы).
Қылмыстық процеске қатысушы ретінде күдіктінің іс жүргізу дәрежесіндегі ерекшеліктері мынадай:
- ол алдын ала тергеу кезеңіндегі қылмыстық іс-жүргізу ісіне қатысушы болып танылады;
- күдіктіні ұстау сәтінен үш сағат өтпей тұрып хаттама толтырылады ҚР ҚІЖК 134-бабы);
- ұсталған күдіктіге жеке тінту жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 135-бабы);
- күдікті уақытша ұстау изоляторында ұсталады (ҚР ҚІЖК 137- бабы);
- қылмыстық ізге түсу органы күдікті деп танылған тұлғаны прокурордың санкциясына сәйкес жетпіс екі сағаттан 10 тәулікке дейін ұстауға құқылы, ал қылмысты болдырмау шараларын қолданудан айып тағуға дейінгі кезенде 10 тәуліктен де артық ұстауға құқылы.
Төртінші бөлімшеде Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шетелдердің тәжірибесі анықталды.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы аталған саладағы заңдардың негізгі бағыттарын анықтау, шетелдердің тәжірибесін зерттеуді қажет етеді. Аталған саладағы құқық қорғау органдары қызметінің құқықтық реттелуіне қатысты шетелдік тәжірибе, Қазақстанды өзінің жаңалығымен ғана емес, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік бағдарламаның нақтылығымен де қызықтырады. Бұл тұрғыда біздің зерттеуіміз АҚШ, Италия және ГФР мемлекеттерінің аталған саладағы нормативтік актілерін талдауға арналады.
АҚШ-тың қылмыстық іс жүргізуіндегі куәларды мемлекеттік қорғауды реттейтін негізгі құқықтық акт – 1984 жылы 12 қазанда АҚШ Конгресі қабылдаған Куәлардың қауіпсіздігін күшейту туралы акт болып табылады [25].
ГФР-дың қылмыстық іс жүргізуінде куәлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдаудың құқықтық негізі - қылмыстық полиция тергеушісінің және прокурордың бірігіп қабылдаған қаулысы болып табылады. Бұл қаулы куәларды қорғауды үйлестіру пунктіне жіберілуге жатады.
Куалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлімдерінің қызметкерлері арнайы дайындықтан өтеді, сондай-ақ олар әлеуметтік көмек көрсету және психолог-кеңесші қызметтерін қоса атқарады.
Аталған бөлімдердің жұмысы құпия түрде іске асырылады және кешенді шараларды ұйымдастырудан тұрады.
ГФР-да куәлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жоспарлаудың екі түрі бар:
барлық полициялық әдістермен қамтамасыз етілетін, соның ішінде куәларды сотта қорғау және т.б. кіретін ұзақ мерзімді қорғау;
тергеу және сот талқысы кезінде куәны қол сұғушылықтан қорғауды, оның тұрғылықты жерін құпия түрде сақтауды қамтамасыз ететін шаралар.
Аталған екі жағдайда да қорғалатын тұлғаларға қажетті әлеуметтік көмек көрсетіледі. ГФР-да жоғарыда аталып кеткен нұсқаулардан басқа қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларды қорғауды қамтамасыз етуге арналған нормативтік акт жоқ.
АҚШ, Италия және ГФР мемлекеттерінің қылмыстық іс жүргізуіндегі қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңдарын талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады:
Дамыған елдерде қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйымдасқан қылмыстылық және жемқорлықпен күресудің құрамдас бөлігі болып табылады.
Жоғарыда аталған елдердің қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты тәжірибесінде қалыптасқан тиімді жақтарды атап өтуге болады:
бұл салаға арналған тиісті заңдарының болуы және оларды қолданудың механизмі жасалған;
қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысатын арнайы бөлімдердің болуы;
аталған бөлімдердің қызметтерінің және қауіпсіздік шараларының жеткілікті түрде материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;
аталған бөлімдердің қызметін реттейтін ведомстволық бұйрықтар мен нұсқаулардың болуы;
мұндай бөлімдерге жұмысқа қабылданатын қызметкерлерге жоғары талаптар қойылады;
қылмыстық іс жүргізуге қатысушыларды қорғауға бағытталған жалпы шаралардың болуы;
қылмыстылықпен күресу саласында құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге келіскен қылмыскерлердің және мемлекеттің өзара тиімді қызмет етуі.
қорғалатын тұлғалардың құжаттарын ауыстыру;
тұрғылықты жерін, жұмыс, оқу орнын өзгерту;
қорғалатын тұлғаның бет-әлпетін өзгерту.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әрбір елдің құқықтық жүйелерінің және қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістердің ерекшеліктеріне байланысты шешілуі тиіс.
Екінші бөлім Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері деп аталады.
Екінші бөлімнің бірінші бөлімшесінде қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші органдардың өзара қызметінің ұйымдастырушылық нысандары туралы мәселелер қарастырылды.
Құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру тек олардың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіруді және жедел қызмет ету мүмкіндіктерін арттыруды білдірмейді, сонымен қатар осы органдардың өзара қызметін күшейтуді білдіреді.
Осы уақытқа дейін өзара қызмет етуге байланысты бірқатар маңызды теориялық және тәжірибелік мәселелер бойынша ортақ ой-тұжырымдар жоқ, өзара қызмет етуші субъектілердің құқықтары мен міндеттері арасындағы ведомстволық айырмашылқтар толық анықталмаған.
Тергеу тәжірибесін талдау нәтижесінде анықталғандай, қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың тиімді қызмет етуі үшін, тергеушінің немесе анықтау органының өкілінің, басқа да қылмыстық іске қатысушының мүмкіндіктерінің, құралдарының және дағдысының болуы жеткіліксіз. Қылмыстық іс жүргізудің мақсаттарына тек бірігіп, күштер мен құралдарды кешенді түрде пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдастыру барысында тек тек қылмыстық істің қасиеттері мен ерекшеліктерін және дайындалып жатқан не жасалған құқыққа қайшы әрекеттін ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әрбір құқық қорғау органының қызметінің міндеттерін, ұйымдастырушылық қағидаларын, ерекшеліктерін де ескеру қажет. Себебі, осы саладағы органның мүмкіндіктерін дұрыс анықтау қауіпсіздік шараларын тиімді түрде қолдануды қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытқа дейін қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамсыз ету саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қызмет етуі зерттелмеген, оның нәтижесі аталған өзара қызмет етуді ұйымдастыру мен жүзеге асыруда бірқатар қиындықтарға әкеп соқтырады.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өзара қызмет ету дегеніміз - әрбір органның өзіне тән өкілеттіктерін, тәсілдері мен құралдарын дұрыс үйлестіруді қаматамасыз ететін және қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін тиімді түрде қамтамасыз етуге бағытталған, заңға негізделген және мақсаттары, уақыты, орны бойынша келісілген қызметтердің өзара байланысы[29].
Өзара қызмет етудің ең жиі кездесетін жалпы түрі соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтау органдарының арасындағы өзара байланыс. Өзара қызмет етудің бұл түрі қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы мәселелерін үйлестіру мен шешуге бағытталған. Бұл жағдайдағы өзара қызмет ету ұйымдастырушылық сипатта болады. Оларға төмендегілер жатады:
ведомствоаралық жедел жиналыстар өткізу;
біріккен бұйрықтар мен ұйғарымдар шығару;
ақпарат алмасу;
қылмыстардың жасалуына, іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін тиісті түрде қамтамасыз етілмеуіне әсер ететін себептер мен жағдайларды жою мәселелері бойынша бірігіп ұсыныстар жасау;
аталған салада жеке тапсырмалар беру және олардың орындалуын ұйымдастыру;
қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану саласында қалыптасқан жедел жағдайды зерттеу және талдау;
тәжірибе алмасу, оқу ұйымдастыру және т.б.
Сонымен қатар, жекелеген органдардың арасындағы немесе бір органның лауазымды тұлғалары арасындағы өзара қызмет түрлерін бөліп көрсетуге болады, олар тек процессуалдық емес, сондай-ақ тактикалық сипатта да болады.
Өзара қызмет етудің ең кең таралған және тиімді түрі ретінде тергеуші мен анықтау органының жедел қызметкерлері арасындағы өзара әрекет етуді жатқызуға болады. Мұндай өзара қызмет ету тергеушінің жеке тапсырмаларын орындау, жедел-іздестіру шараларын, тергеу әрекеттерін және өзге де процессуалдық әрекеттерді бірігіп жүргізу түрінде болады.
Аталған өзара қызмет ету нақты жедел жағдайға байланысты әр түрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін:
а) анықтау органының жедел қызметкерінің жедел-іздестіру шарасын жүргізуі;
б) жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тергеушінің тапсырмаларын орындау;
в) қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғаның қауіпсіздігін қаматамсыз етуді бірігіп жоспарлау;
г) қауіпсіздік шарасын қолдануда тергеушіге көмек көрсету.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тергеу тәжірибесін зерттеу көрсеткендей, тергеуші мен анықтау органының жедел-іздестіру мүмкіндіктерін біріктіру, аталған саладағы қызметтің тиімділігін арттырады.
Оған төмендегі мысал дәлел бола алады:
Б. деген азаматқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша, тергеуші жедел-іздестіру қыметкеріне іске қатысты айғақтар бере алатын куәларды анықтау туралы тапсырма береді.
Жедел-ідестіру шаралары жүргізу барысында Б. жасаған қылмысқа куә 10 адам анықталады. Бірақ, бұл тұлғалар айыпкердің қылмыс әлемімен және жемқорлық байланыстары бар екендігін алға тартып, тергеу әрекеттеріне қатысудан бас тартады. Осыған байланысты жедел-іздестіру қызметкері мен тергеуші, қауіпсіздк шараларын қолдануды ұйғарады. Сондай-ақ құпиялылықты қамтамасыз ету үшін осы шараларды қолдануға қатысты құжаттарды хатшылық арқылы емес, тікелей өзара алмасады. Тергеуші куәлардан, оларға қатысты қауіпсіздік шарасын (қорғалатын тұлға туралы мәліметтерді алуды шектеу) қолдану туралы өтініш алып, бұл шараның құқықтық мәнін түсіндіреді. Осыдан кейін ғана, куәлар Б-ның қылмысын әшкерелейтін мәліметтерді береді. Нәтижесінде қылмыс толық ашылып, Б-ның кінәсі дәлелденіп, тиісті жазасын алады.
ҚР Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңында көзделген жағдайларда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсететін азаматтарға қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешімді қылмыстық процесті жүргізетін органмен катар жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар Заңда көзделген тәртіппен қабылдайды[34, 89 б.].
Екінші бөлімшеде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және оларды қолдану тәртібі анықталды.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы нормативтік акті Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады[38]. Аталған заңға сәйкес, анықтау, тергеу немесе сот талқысы барысында қорғалатын тұлғалардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс жүргізуші орган, нақты жағдайларды ескере отырып, келесі қауіпсіздік шараларын қолдана алады:
1) Күш қолданамын деп немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де әрекеттерді істеймін деп қоқан-лоққы көрсеткен тұлғаға, оны қылмыстық жауапқа тарту мүмкіндігі туралы ресми ескерту жасау. Бұл шараны қолдану үшін, қылмыстық іс жүргізудің қатысушысына қатысты күш қолдану, өзге де заңсыз әрекеттер істеу (өрт қою, мүлкін жою және т.б.) туралы қоқан-лоққы көрсету немесе осындай әрекеттер дайындалып жатқаны туралы мәлімет болу тиіс. Мұндай мәліметтер тергеу жолымен де, жедел-іздестіру жолымен де алынуы мүмкін. Мәлімет тергеу жолымен алынған жағдайда, тергеуші жазбаша арыз алуы немесе хаттамамен рәсімделетін ауызша арыз алуы мүмкін. Мәлімет жедел-іздестіру жолымен алынғанда, жедел уәкіл тергеушінің атына рапорт жазады, онда қауіпсіздік шараларын қолдануға жататын тұлғалар және мұндай шараны қолданудың негіздері көрсетіледі. Осыдан кейін, қылмыстық іс жүргізуші орган (анықтаушы, тергеуші) ресми ескерту жасау туралы қаулы шығарады.
Қауіпсіздік шарасын қолдану туралы шешім қабылдауға негіздердің жеткілікті болуы, алынған мәліметтерге негізделе отырып, қылмыстық іс жүргізуші тұлғаның ішкі сеніміне сәйкес анықталады[39].
2) Қорғалатын тұлға туралы мәліметтерді алуға шектеу қою. Бұл қауіпсіздік шарасын қолдану туралы мәселе тергеу әрекеттерін жүргізуге дейін де, жүргізіп болғаннан кейін де туындауы мүмкін.
Мұндай шешім қабылданған жағдайда, қылмыстық іс жүргізуші орган қорғалатын тұлға туралы мәліметтерді алуға шектеу қою туралы қаулы шығарады. Қаулының сипаттама бөлімінде қорғалатын тұлға туралы мәліметтерді алуға шектеу қоюдың себептері туралы көрсетіледі. Қорытынды бөлімде қорғалатын тұлғаға қатысты мәліметтерді алудың келесі шектеулері көрсетіледі:
а) қорғалатын тұлға туралы мәліметті енгізбеу;
б) оның процессуалдық және өзге де құжаттардағы анкеталық мәліметтерін штрихтеу;
в) тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қорғалатын тұлғаға лақап есім қою. Яғни, тергеуші қауіпсіздік шарасын қолдану туралы қаулыда қорғалатын тұлға тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоятын қолының үлгісін көрсетуі тиіс.
Қаулының көшірмесі қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға жіберіледі.
3) Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларға қатысты күш қолдану немесе өзге де қылмыстық әрекеттер жасауды (ұйымдастыруды) болдырмайтын айыпкерге (сезіктіге) қатысты бұлтартпау шарасын таңдау. Мұндай бұлтартпау шараларының түрлері және оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 18 тарауында көрсетілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Аталған кодекстің 140 бабына сәйкес, бұлтартпау шараларының келесі түрлері қарастырылған:
ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат;
жеке кепілдік;
әскери қызметкерді әскери бөлімнің басшылығының бақылауына беру;
кәмелетке толмағанды қарауға беру;
кепіл;
үйде қамап ұстау;
қамау.
4) Жекелеген тұлғаларды сот отырысы залынан шығару. Қылмыстық іс жүргізу кодексімен тікелей көзделген жағдайда, төрағалық етуші сот отырысы залынан жекелеген тұлғаларды шығара алады. Мұндай сот залынан шығару басты сот талқысында тәртіпті қаматамасыз ету үшін қолданылатын шара болып табылмайды. Бұл ретте сот залынан шығару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылатын шара болып табылады. Мысалы, ҚР ҚІЖК-нің 348 бабының 4 бөлімінде тараптардың өтініші немесе соттың бастамасы бойынша бір сотталушыдан басқа сотталушының қатысуынсыз жауап алуға жол беріледі, бұл туралы қаулы шығарылады делінген. Бұл жағдайда сотталушы сот залына қайтып келгеннен кейін, оған сот отырысының хаттамасына енгізілген, оның қатысуынсыз алынған жауаптар оқылады және жауап алынған тұлғаға сұрақтар қоюға мүмкіндік беріледі.
5) Жабық сот отырысын өткізу. Жабық сот отырысы деп – қылмыстық іс бойынша іске тікелей қатысушыларды ғана қатыстырып, дыбыс, бейне және тағы басқа жазуларды қолданбай, іске қатысы жоқ адамдарды залдан шығару арқылы өткізілетін сот отырысын айтамыз Бұл туралы төрағалық етуші дәлелді қаулы шығаруы тиіс. Қаулыда жабық сот отырысын өткізудің себептері және бұл шараның қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылып отырғаны көрсетілуге жатады. Жабық сот отырысын өткізу туралы шешім қабылдауға келесі мән-жайлар негіз бола алады:
іс материалдарында алдын ала тергеуді жүргізген органның қауіпсіздік шарасын қолдану туралы құжаттардың болуы;
қылмыстық іс жүргізуге қатысушының біреуінің (бірнешеуінің) жазбаша немесе ауыша арызының болуы;
қылмыстық қудалау органының жазбаша ақпаратының болуы.
6) Соттың куәдан жауап алуы. Куәнің және оның жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін куәнің, айыптау тарабының өтініші бойынша сот куәдан келесі әдістер арқылы жауап алуға құқылы:
Оның жеке басы туралы мәліметтерді жарияламай, лақап есімді пайдалану арқылы;
Оны танып қоюды болдырмайтын жағдайда;
Оны сот талқысының басқа қатысушылары көзбен тікелей көре алмайтын жағдайда[41].
Танып қоюды болдырмайтын жағдайда жауап алғанда бетперде, маска, грим, қорғалатын тұлғаның дауысын өзгертетін аппаратты қолданылуы мүмкін.
Қолданылған қауіпсіздік шаралары туралы сот дәлелді қаулы шығарады.
7. Жеке күзет, үй-жайды, мүлікті күзету. Қорғалатын тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне қол сұғу қаупі туындаған жағдайда, олардың келісімімен, қауіпсіздікті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz