Денені қорғау әдістері



1 Денені қорғау әдістері
2 Теріні қорғау
3 Қорғанысты қыстық киімдер
Денені қорғау принциптері бойынша киім оқшаулағыш және сүзгіш болып бөлінеді. Теріні оқшаулағыш қорғау әдісі бойынша костюм ауа өткізбейтін материалдан (мтгериалдан), созылмалы және суыққа төзімді резіңке тәрізді жасалады. Олар герметикалық және герметикалық емес болады. Герметикалық қорғау құралдары уландырғыш заттардың буынан және тамшысынан бүкіл денені қорғаса, герметикалық емес тек уландырғыш заттардың тамшысынан қорғап тұрады. Сонымен қатар олар тері мен киім кешекті радиациялық, бактериологиялық заттармен зарарлануына жол бермейді. Қорғаудың оқшаулағыш түріне мыналар жатады: қорғағыш комби-незон мен жеңіл қорғағыш костюмі, жалпы әскери қорғаныс жиынтығы.
Қорғағыш комбинезон біртұтас тігілген күрте, шалбар мен күлпарадан тұрады. Костюмнің комбинезоннан айырмашылығы: күлпара мен күрте, шалбар бөлек дайындалған. Комбинезон мен костюм жиынтығына сондай-ақ касканың ішінен киетін жұмсақ бас киім, резіңке етік, қоғап кіреді.
Қорғау комбинезоны мен костюмдер адамның биіктігіне қарай үш мөлшерде дайындалады: 1-165см-ге дейінгі, 2-165-тен 172см-ге дейін, 3-172см-ден жоғары.
Жеңіл корғаныс костюмі копюшоны бар жейдеден, шұлықпен бірге тігілген шалбар, екі саусақты қолғаптан, касканың астынан киетін жылы бас киімнен тұрады. Костюмнің мөлшері комбинезон мөлшерімен сәйкес келеді. Азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде барлау жұмыстары кезінде қолданылады. Жалпы әскери қорғаныс жиынтығы шапаннан, шұлық, қоғаптан тұрады. Жазғы қорғаныс қолғабы-бес саусақты, ал қысқы екі саусақты. Қорғаныс шапанында жең мен күлпара болады. Шапан бес мөлшерде дайындалады: 1-165см-ге дейін, 2-165см-ден 170см-ге дейін, 3-171см-ден 175см-ге дейін, 4-176см-ден 180см-ге дейін, 5-180см-ден жоғары.
1.ШакировБ.С.
2.Маханов Б.Б.
3.Сатаев М.И.
4.Өсербасв М.Т
5.Сатаева Л.М.

Денені қорғау әдістері
Денені қорғау принциптері бойынша киім оқшаулағыш және сүзгіш болып
бөлінеді. Теріні оқшаулағыш қорғау әдісі бойынша костюм ауа өткізбейтін
материалдан (мтгериалдан), созылмалы және суыққа төзімді резіңке тәрізді
жасалады. Олар герметикалық және герметикалық емес болады. Герметикалық
қорғау құралдары уландырғыш заттардың буынан және тамшысынан бүкіл денені
қорғаса, герметикалық емес тек уландырғыш заттардың тамшысынан қорғап
тұрады. Сонымен қатар олар тері мен киім кешекті радиациялық,
бактериологиялық заттармен зарарлануына жол бермейді. Қорғаудың оқшаулағыш
түріне мыналар жатады: қорғағыш комби-незон мен жеңіл қорғағыш костюмі,
жалпы әскери қорғаныс жиынтығы.
Қорғағыш комбинезон біртұтас тігілген күрте, шалбар мен күлпарадан тұрады.
Костюмнің комбинезоннан айырмашылығы: күлпара мен күрте, шалбар бөлек
дайындалған. Комбинезон мен костюм жиынтығына сондай-ақ касканың ішінен
киетін жұмсақ бас киім, резіңке етік, қоғап кіреді.
Қорғау комбинезоны мен костюмдер адамның биіктігіне қарай үш мөлшерде
дайындалады: 1-165см-ге дейінгі, 2-165-тен 172см-ге дейін, 3-172см-ден
жоғары.
Жеңіл корғаныс костюмі копюшоны бар жейдеден, шұлықпен бірге тігілген
шалбар, екі саусақты қолғаптан, касканың астынан киетін жылы бас киімнен
тұрады. Костюмнің мөлшері комбинезон мөлшерімен сәйкес келеді. Азаматтық
қорғаныс бөлімшелерінде барлау жұмыстары кезінде қолданылады. Жалпы әскери
қорғаныс жиынтығы шапаннан, шұлық, қоғаптан тұрады. Жазғы қорғаныс қолғабы-
бес саусақты, ал қысқы екі саусақты. Қорғаныс шапанында жең мен күлпара
болады. Шапан бес мөлшерде дайындалады: 1-165см-ге дейін, 2-165см-ден 170см-
ге дейін, 3-171см-ден 175см-ге дейін, 4-176см-ден 180см-
ге дейін, 5-180см-ден жоғары. Қорғаныс шұлығының табаны резіңке негізде
жасалған. Шұлық кәдімгі аяқ киімнің сыртынан киіліп, қыстырғыштың көмегімен
қысылады, ал белге белбеумен бекітіледі. Шұлық үш түрлі мөлшерде
дайындалады. Қолғаптар екі мөлшеде болады. Жалпы әскери қорғаныс жиынтығы
қолдану мақсатына қарай жамылғыш күйінде, жеңі қосылған жайда, комбинезон
түрінде жұмсалады.
Теріні қорғаудағы сүзгіш құралдарына арнайы химиялық затпен сіңірілген
шыт матадан тігілген киім жатады. Бұл күйінде матаның ауа өткізгіш
қасиеті сақталып, уландырғыш заттардың буы арнайы сіңіргіштің бойына сіңіп
кетеді.
Сүзгіш құралдардың жиынтығы комбинезон, ер адамға арналған денеге
киетін іш киім мен касканың ішінен киетін жұмсақ бас киімнен тұрады. Сондай-
ақ жинаққа аяқтың қабынуынан сақтайтын шұлғау да кіреді. Противогаз,
резіңке етік, қолғаппен бірге жинақ та қолданылады. Комбинезоя үш мөлшерде:
1-160см-ге дейінгі ұзындық үшін, 2-161см-ден 170см-ге дейін, 3-171см-ден
жоғары.
Теріні қорғаудың жаңа құралдары: обаға қарсы, қышқылдар мен сілтілерге
қарсы тұрақты, химиялық оқшаулағыш КИХ-4, КИХ-5, костюмдер, қорғаныс
шұлықтары, резіңкеленген алжапқыштар, мас-ка НБТ-1, қолғаптар-
бутилкаучукты, диэлектрді, қышқылға, сілтілеге төзімді, хирургиялық, шыт
матадан, полимерлі қабат пен шыт матадан тігілген.
Теріні қорғау мақсатында қолда бар су өткізбейтін қарапайым
жамылғыштар мен плащтар, сондай-ақ қалың материалдан тігілген пальто, мақта
күртелер т.б қолданылады. Аяқты сақтандыру үшін резіңке етік, ботылар,
кебістер қолданылады. Ондай жағдай болмаса аяқ киімнің сыртынан тығыз
қағаз, адан кейін мата ораған жөн. Қолды қорғау үшін резіңке және теріден
жасалған қолғапты қолдануға болады. Трикотаж, жүн жене шыт матадан тігілген
қолғаптар тнк бактериологиялық құралдардан және радиобелсенді шаң-тозаңнан
сақтайды.
Теріні қорғау құралдарының қарапайым түрлеріне: өнеркәсіптік киімдер,
күрте мен шалбар, комбинезон, копюшоны бар халаттар, брезенттен, өрттен
қорғайтын резіңке тәріздес матадан тігілген киімдер жатуы мүмкін. Бұл
киімдер тері беттерін радиобелсенді заттар мен бактериологиялық құралдардан
ғана емес, сондай-ақ бірнеше ұзақ уақытқа дейін олар улы заттардың
тамшыларының денеге енуінен қорғайды. Брезент киімдер, мысалы қыста сұйық
тамшы улы заттардан шамамен 10 минутқа дейін қорғап тұрады.
Күнделікті қолданып жүретін киімдердің арасында, теріні қорғау
мақсатында резіңке тәріздес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КҮШТЕР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІПТІК ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ДАЯРЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ КҮРЕСТІҢ РӨЛІ
Самбо күресі туралы дерек сөз
Баскетбол ойынының техникасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Дене тәрбиесінің әдіс-тәсілдері туралы
Денені не үшін шынықтыру керек
Тамақ өнімдерін кептіру
Дене тәрбиесі міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы
ОМЫРТҚААРАЛЫҚ ДИСКІНІҢ ЖАРЫҒЫ
Пәндер