Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты тұжырымдар


Жоспар
Кіріспе
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты тұжырымдар.
1 Дін - қоғамдық құбылыс
2 Дін туралы ғылыми көзқарастар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Осы уақытқа дейін кеңестік қоғамда коммунистік идеологияға сыйыспаса да, ашық түрде орындалып келген бірден- бір идеология дін болып келеді. Ал енді қоғамдық өмірімізде діннің, діндарлардың, сондай ақ діни ұйымдардың қаншалықты дәрежеде толық мәнінде болғандығы осы курстық жұмыстың тақырыбына сәйкес баяндалады.
Яғни бұл курстық жұмыстың бірінші тарауында дін-қоғамдық құбылыс жайында, дін туралы философиялық, идеологиялық көзқарастар жайында баяндалса, екінші тарауында адамзат іліміндегі діннің орны, діни ағымдардың қоғамдағы рөлі және ҚР-ғы діни жағдайлар қарастырылады.
Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық күштерінің ашылуына көп мүмкіндіктер берген ХХ ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді. ХХІ ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекет етуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып келе жатқаны факт болып табылады. Дінде дүниеге көзқарастық басым. дін адамның табиғат және қоғаммен байланысын әдіс тауып шебер айқындап бере алады, осы байланыстардың күрделі бейнесін түзе алады. Діннің қоғамнан алатын орнын түсіну үшін оны шындық дүниенің бір бөлігі ретінде қарап, жердегі негіздерін жалпы методологиялық принципке сүйене отырып айқындау керек. Дін- бұл дүниені рухани игеру процесіндегі тарихи қалыптасқан компонент, қоғамның әлеуметтік ой-санасының, жәдігерінің бір бөлігі.
Тоқырау кезеңіне рухани өміріміздің де жұтаңдалуының бір көрінісі ретінде жалпы адамгершілік құндылықтарымен етене болып кеткен діни құндылықтардан бас тартып, бойымызды аулақ салғанымыз белгілі. Тәлім-тәрбие мәселесін тек қана атеистік негізде жүргізіп, ғасырлар бойы жалпы халық қазынасына айналған, рухани өмірге тұтастай қабысқан дінді, оның жалпы адамгершілік нормаларымен біте қайнасқан құндылықтарын түгелдей теріске шығару, адамдар арасында мейірбандық, қарапайымдылық, кешірімділік, қамқоршылық, ар-ұят, жанашырлық, имандылық, т. б. толып жатқан қасиеттерден қол үзіп қалуға дейін алып келді.
Қоғамда дін, бар ғылым бар. Бұл екеуі бір емес. Қоғам ілгері дамиды. Көптеген ғасыр бойында дін мен ғылым қарама қайшылықта. Қазіргі уақытта ғылым, технологияның жоғарғы қарқынмен дамуына сәйкес, қоғамның барлық өміріне әсер етуде. Біздер мұны әрбір минут сайын түсінеміз.
Дін қоғамдық құбылыс ретінде тек атеистік насихат пен әкімшілік шараларын қолданумен ғана өмірден ығыстырылып шығарылмайды. Ол халықтың тарихында әдет-ғұрыптармен, салт-санамен біте қайнасып, тамырын тереңге жайған. Сол себепті «социализм тұсында жоғалады» деп, тіптен нақтылы мерзімін де көрсетуге талпынған кейбір теорияшылардың әрекеті- қоғам дамуының заңдылығына көз жұмғандық. Дінді ығыстырып шығару тек насихат жұмысын жүргізуге ғана емес, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге де тікелей байланысты.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі дінге, оның дүниедегі алатын орнына, рөліне жаңаша қарап бағалауды қажет етіп отыр. Осы ретте діннің тарихына халықтың рухани мәдениетімен байланыстылығын еске ала отырып, талдау жасау ғылыми зерттеулердің тақырыбы болуы тиіс.
Ұлт-азаттық қозғалысының діни желеумен өтуі, діни ұйымдар мен діндарлардың бейбітшілікті сақтап, нығайту жолындағы қозғалысы немесе ядролық соғысқа қарсы күрес мәселелері де ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. Адамзаттың болашағы көптеген діни қайраткерлерді алаңдатуда. Қазіргі күнде дінге, діндарларға, діни ұйымдарға, кереғар саясат ұстанғаннан гөрі ортақ мақсатқа күш біріктіріп жетудің жолдарын іздеген жөн. Бұл жолда мәселені нақты қарастырып, білгірлік таныту үшін, сөз жоқ, діннің тарихын, теориясын меңгеру қажет. өйткені діни уағыздар мен қағидаларды, әдет-ғұрыптарды жалпы адамгершілік принциптерінен ажырата білу керек.
Егеменді ел болғалы 15 жыл толып мемелекетімізді қалыптастыруда іс-шаралар атқарып жатырмыз. Мақсатымыз ұмытылып кеткен дінімізді қайта жаңғырту арқылы жалпы қоғамдық сананы қалыптастыру. Кешегі атеизм бағытынан шынайы тұрмыстық жолға бағыттау мәселелерін қарастыру. Осы мәселелердің басты бағыты болса Ислам діні. Ислам мойынсұну, бойсұну дегенді білдіреді. Мойынсұну- яғни қабылдау, бағыну және айтқанын орындау деген сөз. Біз- мұсылманбыз, Ислам- бұл ұлы игілік.
Діннің идеологиялық маңызын тереңірек түсіну үшін алдымен діннің адам өміріне қажеттілігін айқындау қажет. Біріншіден, дін қоғам өмірінде адам арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру үшін қажет. Діндердің бірі Исламды зерттеп көрсек, Ислам адам өміріндегі ең жаңа дін және өмірге өскелең көзқараспен қарайтын дін. Оның негізі - болмыстан. Ол тек тұрмыстық өмірді ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен қатар адам сана - сезімін, қоғам идеалогиясын өзгертуге ықпал жасады. Ислам - шынайы еңбек жолы, адам өмірін жаңа жолмен алып баруға бірден бір жол ашушы дін. Адам санасын жаңа ағымға бұруы, яғни діни сезімге бет бұрғызуы- заңдылық. Ислам адамға жаралғаннан бастап оның санасымен, сезімімен, жанымен, биологиялық тұлғасымен беріледі. Биологиялық дене жан арқылы өмір сүреді, сол денеде жан болса ғана адам тірі өмірде тіршілік жасайды. Ал сол жан денені тастап шықса, онда ол дене барлық қасиетінен айрылған түрде қажетсіз затқа айналады, ал адамға Алла тағала жан бергенде өзімен ұштастыра береді. ол байланыс мәңгілік. Бұл фәни өмірден кеткен адам келесі мәңгілік өмірге өткенде Алла алдында өз ісіне есеп береді. байланыс әрі қарай жалғасады да адам келесі өміріндегі жағдайда да Алла тағаламен байланыста болады. Міне осы байланыс, есеп беру заңдылығы адамға тежеу салады, өз өміріне сын көзбен қарап келешек өміріне қызмет жасайды. Шынайы идеологияның өзі осы- адамның жан сезіміне әсер ету. Ал әлемде басқа ешқандай құбылыс адамның жан дүниесін өзгерте алмайды. Әлемде діннен басқа идеология жоқ. Демократия идеология емес. Коммунизм ққоғамында өмір сүретін адамды тәрбиелеу орындалмайтын арман екені, адамзат тарихында тәжірибе сипаттап өтті. Олай болса діннен басқа идеология болуы мүмкін емес.
Біздің жаңа мемлекетімізде осы мәселені тереңірек зерттеп, өзіміздің бабаларымыздың, бүкіл адамзаттың идеологиясына келу, дінімізді үйрену, құрметтеу, амал ету іс-шарасы тұр.
Діннің идеологиялық мәні және діни көзқарастар.
Дін - қоғамдық құбылыс.
Еліміз елеулі экономикалық жетістікке жеткенін атап айтуға болады. Әрбір отбасының қал-жағдайы жақсарып, бас қаламыз Астана, мақтанышымызға айналып келеді. Адамзатқа қажетті тұрмыстық жағдай, яғни экономикамыз даму жолына түсті. Бұл қуанарлық жай. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев басқарған қысқа мерзімде өзіндік даму жолын белгіледі. Адамға керекті екінші қажеттілік руханият болса, бұл салада алдымызда идеологиямызды қалыптастыру мәселесі тұр.
Адамзат тарихында дінге сенбеген бірде бір қоғам болмаған. Дін жолы қандай да күрделі болғанымен материализмнің кең етек алуына қарамастан оның кедергілерінен өтіп бүгінге дейін жетті. Тіпті атеистік қоғамның өзін алып қарасақ та, оларда бұрмаланған діни ойлар, басқару идеологиясы, жеке басқа табыну немесе идеяға құлшылық ету тәрізді ұстанымдар кеңінен қолданылған.
Сонда дін дегеніміз не? Дін өте күрделі ұғым болғандықтан оған анықтама беру қиынға соғады. «религия» деген сөз латынның religes-байланыстыру, қауыштыру деген ұғымды білдіреді. Мұның мәні- адамды Құдай жаратқанмен де, ол жаратушыны ұмытпай дін арқылы онымен өз еркімен қайта қауышуы тиіс дегенді білдіреді.
Дінді не үшін білу керек? Түрлі діндермен танысу арқылы әлемді өзгелердің көзімен көріп, өзгелердің орнында болып, олардың сезімін, тілегін, іс-қимылын, әрекетін түсінуге болады.
Адамзат тарихынан күні бүгінге дейін әлемнің ауқымды бөлігі дінді мойындайды. Сол себепті біз діннің өмірдегі рөлін оқып білуге тиіспіз. Әлемде дін маңызды рол атқарады. Әлемде болып жатқан қайшылықтар мен қақтығыстардың діни негізі бар. Осыған орай әлемдегі оқиғалардың мәні мен себебін білу үшін сол оқиғаға қатысты адамдардың діни тәжірибесіндегі ерекшеліктер мен олардың сенімін түсіне білудің маңызы зор. Халықтың дінін білмей, оның тарихын, мәдениетін сол халықтың тарихи тұлғаларының іс-әрекетін түсіну мүмкін емес.
Дін халық даналығын және тәжірибесін сақтаушы рухани мұра болған және болады ба. Осы жерде Гетенің сөзін келтірген абзал: «Кімде кім өзінің 3000 жылдық тарихына сүйенбесе, ол тек уақытша бүгінімен ғана өмір сүреді. »
Діннің бастаулары қандай? Діннің кеңінен таралуының өзі, оның табиғилығын және адам табиғатымен тығыз байланыста екенін көрсетеді.
Дін күрделі де көп қырлы құбылыс болғанымен, ол адамның рухани ұмтылысының үш бағытын сипаттайды:
өмірдің, қайғы-қасіреттің, өлімнің мәні жайлы мәңгілік сұрақтарға жауап іздейді;
өмірде басшылыққа алатын қағидаларды іздейді;
ұйымшылдық сезімін дамытуды және қауымдастық құруды көздейді.
Осы аталған үш бағытқа сәйкес әр дін үш түрлі рухани өлшемді қолданады.
Дін мен мәдениет тығыз байланысты. Әр дінге тән дүние таным болады. Мәдениеттің қайнар көзінің бір діни таным және оны іске асыратын байланыстыратын діни салт-жоралар. Діни дүниетаным нақылдар және миф түрінде бейнеленеді, оны ертегі деп қабылдауға болмайды, өйткені онда терең ой түйіні мен шындық суреттелген. Діни тақырып ұлы әдеби шығармалар негізгі мазмұнына алынып авторларды шығармашылық іске рухтандырды. Кез келген мәдениеттегі ұлы шығармалардың барлығы діни тақырып желісіне жазылған. Бірқатар ұлы музыкалық шығармалар діни оқиғаға байланысты шығарылған. Діни тақырып көркем өнер негізіне алынған және оның дамуына елеулі ықпал еткен.
Кез келген адамгершілік қағидалары діннен бастау алады. Дін адамдардың өміріндегі ненің жақсы, ненің жаман екенін түсіндіреді. Қоғамның және моральдық құндылықтардың негізін отбасы құрайды. Осыған байланысты барлық әлемдік діндер отбасындағы және өркениеттегі құндылықтарды қолдайды. Ол құндылықтар - адалдық, пәктік және жеке меншікті құрметтеу. Дін адамгершілік құндылықтарды түсініп оны өмірде пайдалана білуге үйретеді. Діннің мақсатының бірі- әр адамды адамгершілік, руханилік тұрғысынан желілдіру арқылы, бүкіл қоғамды дамытуды көздейді.
Әр дін адамның өзін құтқару жолын қалайды. Көпшілік діндер бұл жолды өзін-өзі жетілдіруге және жан дүниесін түсінуге бағыттайды.
Біздің байқауымызша діндер алуан түрлі болғанымен олардың ортақ қасиеті этикалық, яғни әдеп жүйесі ұқсас келеді. Әрине этиканы діннен тыс құруғада болады, бірақ та тәжирбеде ар-ождан, отбасылық және қоғамдық мәселелер дінге негізделіп келген.
Тарихта ешқандай дінді мойындамай-ақ ізгілікті өмір сүріп этикалық қалыптарды ой мен қисынға лайықты жасаған адамдар да болған. Бірақ та осы күнге дейін діннен тыс құрылған бірде бір тұрақты да, ізгілікті қоғам болған емес. Дін қоғамдық сананың бір түрі. Дін жеке адамның ісі емес. Түйіндей келе дін тек дүниетанымды ғана қалыптастырып қоймай, адамдарды эмоционалдық қоғамдастыққа ұйымдастырып, оларға рухани қолдау көрсетеді. Көптеген діндер ең алдымен отбасында діни дәстүрлер арқылы қаланады. Демек, отбасында діни сенімнің негіздерімен дәстүрлері ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Жеке адамдардың немесе отбасы мүшелерінің қауымдастығы исламда умма, будда дінінде сангха, христиандарда - шіркеу деп аталады. Діни қауымдастықтың басында дін қызметкерлері тұрады, олар қарапайым сенімі бар адамдар мен Құдайдың арасында байланысшы қызметін атқарады. Әр діәннің өз ғибадатханасы салынады, онда олар Құдйға ғибадат етеді, қауымдастық үшін ол маңызды орын болып табылады және онда мерекелік шаралар мен салт-дәстүрлер атқарылады. Исламда ондай орынды мешіт, иудаизм дінінде - синагога деп атайды.
Жалпылай, біртұтас қарағанда дін қоғамда ізгілікті өмір қалыптастыруға қызмет етеді. Бүгінде әлемдегі көптеген мемлекеттік емес ізгілікті өмір қалыптастыруға қызмет етеді. Бүгінде әлемдегі көптеген мемлекеттік емес ізгілік акциялардың бастауы діннен басталады, оны ұйымдастырушылар діни сенімдегі адамдар.
Өз ізбасарларына таза сенім мен іс-әрекетке толы өмірді уағыздаған діннің әлеуметтік саладағы шығармашылық жетістігі ғылым мен өнерден кем болмағаны барлық уақытта өмір сүрген халықтардың тарихынан белгілі.
Солай бола тұрса да, діннің күңгірт қырына көзімізді жабуға болмайды. Дін тазалықты, өмірді, қуанышты, жан сабырлығын қамтамассыз етумен бірге мынадай құбылыстармен де байланысты:
-төзімсіздік: басқа сенімдегі адамдарды қуғындау, оларға өшпенділік білдіру, тіпті өлтіруге дейін бару;
- қараңғылық: ақыл-ойды, өнерді және ғылымды дамытуға қарсылық білдіру;
- беделге бас ию: ақыл-ойға, өнерге, әлеуметтік және саяси еркіндікке қарсы тұру;
-догмалық сипат: өзін жоғары қою, өз сенімінің ақиқаттығын ұстанған қиқарлық таныту;
- шектелгендік: бүкіл адамзат қарғысқа ұшырап, тек өзінің қауымдастығы ғана құтқарылады деген сенім;
- екі жүзділік: сөзі мен ісінің алшақ болуы;
Міне қандай да бір қоғамды алатын болсақ, сол қоғамда діннің алатын орны ерекше болады. Американың бұрынғы президенті Д. Кеннеди: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек»- деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен. Бұл салада көптеген мысалдар келтіруге болады. Өйткені адамзат бастауы дінмен тығыз байланыста. Дін атауы қоғамға керек пе? Немесе діннің пайдасы бар ма? Деген сұрақ көптеген адамзаттың көкейінде жүрген сауал.
Дін қоғамға керек пе?- деген сауалға еш ойланбастан Иә деп жауап бере аламыз. Мұны көптеген социологтар дәлелдеуде. Француздың діни социологы Э. Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтік концепцияның атасы деп аталды. Э. Дюркгейм Құдайды әлеуметтік-тұтастық көрініс ретінде қарап, діннің әлеуметтік табиғатын атап көрсетті. Э. Дюркгейм алғашқы қауымдық құрылыстағы діндерге айрықша көңіл бөле отырып, олардың пайда болуы, анағұрлым дамыған діни жүйелердегі идеалогиямен табыну формаларының көріну жайлы біраз сындарлы пікірлер айтты. Бірақ оның тұжырымы кез-келген қоғамның тұтастығын қамтамасыз ететін негіз- қоғамдық сана: жалпы адамгершілік нормаларына сенімге рухани құндылық, сезімге келіп сыйғандықтан оларды қосымша зерттеу қажет. Аллаға сену деген тұжырымын қолдайтын философтар көптеп болды. Ол кез-келген түсініктер мен сенімдер қоғамның барлық мүшелерінің бойынан табылса оның бәрі діни міндеттердің жиынтығы деп санады. Сондықтан Э. Дюркгейм дін кез-келген қоғамға қажет, ол адамдардың мәңгілік серігі деген тұжырымға келді. Ал қазіргі таңда діннің пайдасы бар ма деген сауалға нақты жауап бермеуде. Өйткені соңғы кездегі террористік әрекеттер, діншіл фанатиктер, фундаменталист деген өзекті мәселелер халықты дінмен суытып зиянды екендігіне сендіруде. Сондықтан да елімізде діннің пайдасы жоқ деген түсінік қалыптасқан. Бірақ та барлық діннің пайдасы болмауы мүмкін. Ал біз Ислам дінін алатын болсақ қоғамға өте пайдасы көп. Исламда адамды адам еткен иман деп айтудың өзі де қоғамда атқаратын рөлі мен орнын айрықша көрсетеді. Өйткені Ислам діні Алла тағала тарапынан жіберілген соңғы кәміл дін. Адамзаттың мұқтажтықтарына жауап бере отырып қоғамның тыныштығын, ынтымағын сақтауды қалап, соған орай адамға ауыр келмейтін іс-әрекеттерді орындауды бұйырады. Қоғам тыныштығын бұзатын іс-әрекеттер мен осыны істеген адамның ахыреттегі өмірінің тұңғиық екендігін білдіреді.
Ислам діні адамзат өміріне ешқандай кедергі келтірмейді. Екі дүние бақытына кенелу үшін алдымен өзін, жанұясын және қоғамын ретке келтіруге бұйырады. Соның ішінде қоғам өмірін түзелту жолдарын әмір ете отырып, қоғамға тек бір бағыттан емес көптеген бағыттан әсер етеді. Қоғамда әрбір адамның өз міндетін толық орындауды, еңбек етуді, басқаларға тәуелді болмауды түсіндіреді.
Дін туралы ғылыми көзқарастар
Дін туралы философиялық көзқарастар және діннің идеологиялық мәні. Қоғамдық сана мен идеология адамзат тарихында ең күрделі мәселе Қандай қоғам болмасын белгілі бір даму бағытын таңдайды. Уақыт кезеңіне, әлемнің даму барысына сәйкес және өркениетті елдердің тәжірибесін сараптап барып өзінің ұлттық дәстүріне, ұлттық менталитетіне негізделе отырып даму бағытын белгілейді. Мұнда әрине ғылыми негіздемелер, дәлелдемелер ортаға түсері хақ.
Кейбір деректерден адамзаттың өмірі 3 миллион жыл деп алынады. Ал, философиялық көзқарасста діннің пайда болғанына небәрі 40 мың жол болыпты. Сонда адамзат пайда болып, оның сана сезімі жетіліп барып дінді өзінің қажеттілігіне сай ойлап тапты, дінді адамның қабылдауына да, қабылдамауына да болады деген тұжырымдаманы ортаға тартады.
Дін туралы философиялық пікірталасқа келсек, 3000 жылдың төңірегінде екі түрлі көзқарастың пайда болғаны тарихтан белгілі. Алғашқы материалистік көзқарастағы философтар нақты әлеуметтік процесстер, адамдардың санасында мистификацияланып, яғни елестердің жиынтығы есебінде, жерден тыс бейнеге, тылсым күшке, яғни құдіретке айналды., - деп түсіндірді. Бұдан, адам Алланы өзі ойлап тауып, оған сыйынды деген түсінік пайда болды.
Белгілі философ Гегель діннің тарихын жүйелі прогрес деп дәлелдеуге тырысты. Ол алғашқы діндердің эволюциялық дамуын пұтқа табынушылықтан діннің дамуының соңғы нүктесіне әкеледі деп зерттеді.
Ғылыми тәртіп сияқты діндердің тарихында жалғастық, сабақтастық бар, оның жаңа түрлері бұрынғылардың негізінде пайда болады деген түсініктеме беріледі.
Құл иеленушілік қоғамда философтардың арасындағы көзқарас шиеленісе келе дінді үстем таптың идеологиясы ретінде пайда болды деп түсіндірмек болды. Философиялық ой әсіресе, ежелгі Грецияда күшті дамыды. Грецияның алғашқы философтары стихиялы жолмен пайда болған материалистер еді. Олар бүкіл дүние мен әлемді тұтас күйінде түсінуге барлық табиғат заттарына түпнегізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Ертедегі грек материлизмінің негізін салушы Фалес (б. з. д. 624-547) дүниедегі барлық нәрселердің негізіне суды алса, Анаксимандр (б. з. д. 610-546) бастапқы дүниенің жаратылыс негізі деп, белгісіз бір ортаны, апейронды алып, материалық бастапқы негіз мәңгілік, үздіксіз қозғалыста болады деп көрсетті. Оның ойынша апейроннан қарама-қарсы күштегі нәрселер бөлініп шығып, олар бір-бірімен қосылып әр түрлі заттарды құрайды. Анаксимон (б. з. д. 588-525) дүниедегі барлық нәрсенің бастапқы негізін ауа деп есептейді. Оның ойынша ауа сирей келе отқа айналады, қоюлана келе, тығыздала келе суға, тасқа айналады. Тірі жәндіктердің шығуын түсіндірмек болып, өмір күн сәулесінің жылуы мен ылғалдан пайда болды дейді.
Ал, Гераклит (б. з. д. 544-583) бүкіл нәрсенің бастамасына отты алды. Демокрит (б. з. д. 460-370) барлық нәрсенің негізіне «бөлінбейтін атомдарды» алды.
Міне, осылайша материалистік көзқарастағы философтардың бірі өздерінің қияли тұжырымдамаларын дәлелдемек болып, түрлі түсініктерімен табиғи заңдылықты бұрмалап, басы жоқ, аяғы жоқ теорияларын ортаға салды. Бірақ олардың айтқан бастама негіздерінің өзінің де бастама негізі болуының шарттылығын ешқандай дәлелдемеге қосқылары келмеді. Өздері де түбіне жетіп түсіне алмайтын теорияларын ортаға салып, әлемде өздеріне пікірлестер тауып, әлемдегі табиғи заңдылықты бұрмалап әкетті. Олардың пікірлестері кешегі ең тұрпайы материалистердің ізін қуушы- атеистер, марксистік-лениндік идеологияны құрушылар еді.
Философиялық бұл- материалистік көзқарастарына ежелден қарама қарсы күш идеалистер, материалистердің дәлелсіз тұжырымдамаларына тойтарыс беріп отырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz