Жер жүзіндегі азаматтарға арналған бақыт табу жөніндегі нұсқаулық


Михаэль Лайтман
Каббаланы ашу
Жер жүзіндегі азаматтарға арналған бақыт табу жөніндегі нұсқаулық
МАЗМҰНЫ
АВТОР ТУРАЛЫ
ихаэль Лайтман (философия PhD, биокибернетика MSc, онтология және таным теориясының профессоры) классикалық каббала саласындағы дүниежүзіне белгілі маман болып табылады. Оның өмірлік жолы белгілі рухани көшбасшы үшін өте ерекше: академиялық білім алып, биокибернетика саласында айтулы жетістіктерге жете отырып, ол бүгінгі күнге дейін оның зерттеулерінің басты нысаны болып отырған ежелгі ғылым- каббаланы зерттеді.
Михаэль Лайтман 1976 жылдан бастап каббаланы зерттеуді бастады. Нағыз ұстаз іздестіру барысында ол 1979 жылы Йегуда Ашлагтың үлкен ұлы және мұрагері каббалистика әлемінде Бааль Сулам деген атпен белгілі каббалист Барух Ашлагқа (1906-1991) кездесті. Бұл атты және даңқты оған «ЗОАР» кітабына жазған «Сулам» (иврит -Баспалдақ) түсініктемесі алып келді.
Осы кезден бастап Михаэль Лайтман он екі жыл бойы Барух Ашлагтың жақын шәкірті әрі жеке көмекшісі болып, оның өмірінің соңына дейін қасында болды.
М. Лайтман өзінің ұстазы қайтыс болған соң каббала ғылымы саласында ғылыми және ағартушылық қызметпен айналысатын тәуелсіз, коммерциялық емес қауымдастықтар - 1991 жылы Халықаралық каббала академиясын, ал содан кейін, 2004 жылы Й. Ашлаг атындағы Зерттеу институтын ( ARI - Ashlag Rеsеarch Institutе ) құрды .
Халықаралық каббала академиясының әлемнің 30 мемлекетінде қашықтан оқыту орталықтары мен филиалдары бар. Академияның сайтын www. kabbalah. info «Британика» энциклопедиясы қатысушыларының саны, материалдарының хабардарлығы бойынша ірі оқу-білім беру интернет- ресурстарының бірі ретінде атап өтті.
Аталған сайт каббалалық мәтіндерге 20 тілде шектеусіз қол жеткізуге мүмкіндік береді және күніне он мыңға жуық адам сайтқа кіреді.
Бүгінгі таңда Михаэль Лайтманның каббала саласындағы көп жылғы зерттеулері қоғамда қолдау тауып отыр. Оның қаламынан 30-дан астам кітап шықты. www. kab. tv интернет-каналы бойынша күн сайын М. Лайтманның дәрістері алты тілдегі (ағылшын, орыс, неміс, испан, француз, түрік) ілеспе аудармамен тікелей көрсетіледі.
2005 жылдан бастап Михаэль Лайтман Қазіргі заманғы өркениеттің ғаламдық проблемаларын шешумен айналысатын алдыңғы қатарлы ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің жиналысы - Дүниежүзілік Даналық Кеңесінің ( World Wisdom Council ) мүшесі болып табылады. Халықаралық зияткерлік қауымдастығының белгілі өкілдері М. Лайтманның ғалымдар мен қалың көпшілікке каббала білімдерін беру жөніндегі жұмсап отырған күш-жігеріне қолдау көрсетуде.
Будапешт клубының ( Club of Budapest) негізін салушы әрі президенті және Дүниежүзілік Даналық Кеңесінің ( World Wisdom Council ) Профессор Эрвин Ласло (Италия/Венгрия) былай деген болатын: «Осынау планетада біздің болашақтағы тіршілік етуіміздің тағдыры шешіліп жатқан уақытта ежелгі каббала ғылымы тағы да маңыздылық пен өзектілікке ие болуда. Классикалық ілімде қамтылған даналық қазіргі пайда болып отырған проблеманы шешу үшін және біздің алдымызда туындаған мүмкіндіктерді ашу үшін пайдаланылуы тиіс. Осы жолдау Израильде, сонымен қатар бүкіл әлемдегі барлық адамдар үшін қол жетімді болуы тиіс. Осы маңызды міндетті шешуге және осы тарихи миссияны орындауға Михаэль Лайтманның ғана қолынан келеді.
Каббала философиясы саласындағы жетекші маман профессор Даниэль Мэтт (АҚШ) «Михаэль Лайтман- бұл сирек кездесетін таң қаларлық тұлға: ғылым мен каббаланың негізделген синтезінің негізін қалаған таланты ғалым» деген болатын.
1-бөлім
К аббаланың өткені мен бүгіні
Жалпы түпкі ой
Каббаланың қазіргі заманғы голливудтық танымал ағымның жемісі емес екені баршаға белгілі. Бұл ғылым мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Ол туындаған кезде қазіргіге қарағанда адамдар табиғатқа етене жақын болған. Олар өздерінің табиғатпен тығыз байланысын сезініп, өздерін қоршаған айналаның барлығына ұқыптылықпен қарады. Ол күндері адамдарда оқшаулану үшін ешқандай себептері болмады, себебі олар бүгінгі күнгі біздер секілді менменшіл және табиғаттан мүлдем алыстамаған еді. Ол кезде адамзат табиғаттың ажырамас бөлігі болып табылатын және өзін қоршаған әлемді тереңірек танып білуге ұмтылатын еді.
Табиғаттың заңдарын білмеушілік адамдарға өздерін сенімді ұстауға мүмкіндік бермеді: олар табиғи апаттың күш-қуатының алдында дәрменсіз болды және оларды жоғарғы күш ретінде қабылдауға мәжбүр болды.
Табиғатпен тығыз байланыста бола отырып, сонымен қатар одан қауіптене отырып, адамдар қоршаған ортаны танып білумен ғана шектелмей, ең маңыздысы, табиғатты кім немесе не басқаратынын анықтауға ұмтылды.
Бұрынғы өткен заманда адамзат табиғат апаттарынан, дәл бүгінгі кездегідей, біздің «жасанды» әлемімізге белгісіз қиыншылықтардан құтыла алмады. (В те далекие времена род человеческий не мог укрыться от буйства стихий, как сегодня, избежать невзгод, неведомых нашему «искусственному» миру. ) Сондықтан табиғатқа етене жақындық пен оның алдындағы қорқыныш көптеген адамдарды олар үшін, яғни біздің барлығымыз үшін табиғат дайындаған қандай да бір ниетті іздестіруге итермеледі. Осы қоршаған ортаға тұңғыш жол салушыларды оның қандай да бір мақсаты бар ма, егер бар болса жаратылыстың жалпы түпкі ойындағы адамзаттың алатын орны қандай екенін білгісі келді. Жаратылыстың түпкі ойын танып білудің ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізгендер «каббалисттер» деп атала бастады.
«Каббалист» термині «алу» деген мағынаны білдіретін иврит тіліндегі «каббала» сөзінен шыққан. Каббаланың түпнұсқа тілі бастапқыда бір-бірімен рухани тақырыптарда қарым-қатынас жасауда көмектесе отырып, каббалистермен және кабалисттер үшін жасалған. Көптеген каббалистік кітаптарбасқа да тілдерде жазылған, алайда негізгі терминдер әрдайым иврит тілінде қолданылады.
Осы тұңғыш жол салушылардың ішінде Авраам есімді ерекше тұлға болған. Ол Жаратылыстың түпкі ойын өзі терең зерттеп қана қоймай, осы білімдерді басқаларға да бергенімен белгілі болы.
Бір күні ол адамдар үшін табиғаттың оларға қатысты ниетін толық түсінгенде ғана қорқыныш пен қайғы-қасіреттен құтылуға болатынын түсінді, және сол себептен үйренгісі келгендердің барлығын күш-жігерін аямай оқыта бастады. Осылайша, Авраам каббала ұстаздары саңлақтарына жол салған тұңғыш каббалист болды. Оның ең қабілетті шәкірттері өз кезегінде оның берген білімін келесі ізбасарларының ұрпағына беретін ұстаз болды.
Каббалистер табиғаттың жалпы бағдарламасының авторын «Жаратушы», ал бағдарламаның өзін «Жаратылыстың түпкі ойы» деп атайды. Басқаша айтқанда, кабалистер табиғат пен оның заңдары туралы айтқанда олар Жаратушы туралы айтады. Жаратушы туралы айтқанда олар табиғат пен оның заңдары жөнінде тұспалдайды. Бұл терминдер синоним болып табылады.
Кабалист үшін «Жаратушы» анықтамасы нақты, табиғаттан тыс мағынаны емес, адам ең жоғары деңгейде білім алып, шығуы тиіс келесі сатыны білдіреді. Иврит тілінде «Жаратушы» «Борэ» деп айтылады және екі сөзден тұрады: «Бо» (кел) және «Рэ» (қара) . Сонымен «Жаратушы» сөзі әрбір адамға арналады және рухани әлемді танып білуге шақырады.
Ғылым бесігі
Тұңғыш кабалисттер алған білімдер оларға айналада болып жатқан құбылыстардың жасырын тетігін білуіне көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге біздің барлығымызға кездесетін табиғи құбылыстарды түсіндіруге мүмкіндік берді. Сондықтан, олардың ұстаз болуы, ал олар келер ұрпаққа қалдырған ғылыми мағлұматтардың ежелгі және қазіргі заманғы ғылымдарға негіз болуы да өте орынды.
Кейбіреулерге каббалистер жартылай қараңғы тар бөлмелерде шырағданның жарығымен құпия манускриптер жазатын тақуалар болып көрінеді. Себебі XX ғасырдың аяғына дейін каббала жасырын болып келді. Осындай мистикалық атмосфера аталған ғылымның айналасында небір аңыздар мен оқиғалардың пайда болуына әкелді, және олардың көпшілігінің жалғандығына қарамастан, олар бүгінгі күнге дейін ең салиқалы ойшылдардың өзін абдыратып, ойын сан саққа жүгіртеді.
Готфрид Лейбниц, ұлы математик және философ, құпиялылықтың каббалаға қалай әсер еткені жөнінде өз ойын былай деп ашық айтады: «Адамдардың білуге деген құштарлығы болса да Құпияға деген дұрыс кілті болмағандықтан, ақыр соңында каббаланың ақиқатынан алыс «тұрпайы каббаланың» пайда болуына әкеп соқтырған көптеген ұсақ-түйектер мен нанымдар, сондай-ақ сиқыршылық деген жалған атпен әртүрлі қиялдар туындады, және осылар туралы көптеген кітаптарда жазылған.
Дегенмен, каббала үнемі құпия болып келген жоқ. . Шындығында, алғашқы каббалистер өз танымдарымен ашық бөлісіп, қоғам өміріне белсенді араласты. Каббалистермен өзара іс-қимыл кейіннен қазіргі заманғы ғылымның іргетасын қалаған, және біз бүгінгі күні «батыс философиясы» деп атайтын ілімнің негізін салуға ықпалын тигізе отырып, олардың замандастары болып табылатын ғалымдарға үлкен әсерін тигізді.
Гуманист, классицизм зерттеушісі, ежелгі тілдер мен әдебиет саласындағы маман Иоганн Рейхлин «Каббала өнері» атты кітабында былай деп жазады: «Философияның атасы, менің ұстазым Пифагор өз ілімін гректерден емес, иудейлерден алды, сондықтан да ол каббалист болып аталуы тиіс… Және ол өзінің замандастарына белгісіз болып келген сөз «каббаланы» грек тіліне «философия» деп аударды…Каббала бізге мүрдемізді сүйретіп өмір сүруге мүмкіндік бермейді, алайда біздің санамызды танымның шыңына шығарады».
Басқа да жолдар
Дегенмен, философтар каббалист болған емес. Олар каббаланы зерделеп оқымағандықтан, осы ежелгі даналықты терең бойлап, толық түйсінбеді. Соның нәтижесінде ол бұрмаланып дамыды және қолданылды, себебі каббаланы білу, дамыту және қолдану ерекше көзқарасты талап етеді. Каббала ғылымы әлемнің басқа да жерлеріне енген кезде едәуір өзгерістерге ұшырады.
Осылайша адамзат бұрма жолға түсті. Батыс философиясы өзіне каббалистика ілімінің бір бөлігін алғанымен, оның дамуы мүлде өзгеше бағытта болды. Батыс философиясынан бес сезім органдары арқылы қабылданатын біздің материалдық әлемімізді зерттейтін ғылымдар туындады. Ал каббала біздің табиғи сенсорларымыздың қабылдауынан тыс болатын құбылыстарды зерделейтін ғылым болып табылады. Басымдылықтардың өзгеруі адамзатты каббалистердің бастапқы білімдерінен басқа, мүлде қарама қарсы бағытқа бастады. Осындай бағыттың ауысуы адамзатты ұзақ та айналма жолмен жүруге мәжбүрледі, бұл фактінің салдарларын біз келесі бөлімде қарастырамыз.
Басты мәселелер
2000 жыл бойы каббала жасырын ғылым болды. Оның мәнісі - оған сұраныс болған жоқ. Сол уақыттан бері адамзат монотеистикалық діндерді қалыптастырумен, одан кейін ғылымды дамытумен айналысты. Дін де ғылым секілді «Әлемдегі, Жер жүзіндегі біздің алатын орнымыз қандай?», «Біздің тіршілігіміздің мәні неде?» Басқа сөздермен айтқанда «Біз не үшін дүниеге келдік?» деген түбегейлі сұрақтарға жауап алу үшін қажет болды.
Дегенмен, бүгінгі таңда көптеген адамдар 2000 жыл бойы өздеріне жарап келген ғылым мен діннің енді олардың қажеттілігіне жауап бермейтінін түсінді. Ғылым мен дін беретін түсініктемелер оларды енді қанағаттандырмады. Өмірдің мәні туралы ең негізгі сұрақтарға жауап іздеу барысында адамдар басқа дереккөздерге жүгінетін болды: біреулер - шығыс ілімдеріне, сәуегейлерге, магия мен мистикаға, ал кейбіреулер каббалаға.
Каббала бастапқыда осы байырғы сұрақтарды түсіндіру үшін жасалғандықтан, оны білу арқылы осы сұрақтарға тікелей жауап алуға болады. Өмірдің мәні туралы сұраққа ежелгі жауаптарды қайта аша отырып, біз философияға ден қойып, каббаладан бас тартқан кезде адамзат пен табиғаттың арасында пайда болған ойықты жабамыз.
Каббаланың пайда болуы
Каббала ең алғаш рет қазіргі Ирактың аумағында орналасқан ежелгі мемлекет Месопотамияда 5000 жыл бұрын пайда болды. Месопотамия тек каббаланың ғана емес, сонымен қатар көптеген ежелгі практика мен мистикалық дәстүрлердің отаны болды. Ол күндері адамдар көптеген ілімдерге сенді, көп жағдайда олардың бірнешеуін бір мезгілде уағыздады. Астрология, болашақты болжау, нумерология, магия, сиқыршылық, дуалау және көз тигізу тәжірибесі - осының бәрі және басқалар ежелгі әлемнің мәдени орталығы Месопотамияда дамыды және өркендеді.
Адамдарға діншілдік пен сенім-наным жеткілікті болған уақытта олар өзгерістер қажеттілігін сезінген жоқ. . Оларды тек өз өмірлерін қалай қауіпсіздендіру және оны қалай жайлы ету мәселелері ғана толғандырды. Адамды өмірдің шығу тегінің проблемалары, оның заңдарын жасаған шығармашылық күш болып табылатын әлде кім немесе әлде не туралы сұрақтар оны мазалаған жоқ. .
Бір қарағанда осы мәселелердің арасындағы айырмашылық зор емес. Көлікті жүргізе білу оны құрастыра білуді талап етпейтіні сияқты өмірдің шығу тегі туралы сұрақ оны басқаратын заңдар туралы сұрақтан мүлдем өзгеше. Бұл білімнің әртүрлі деңгейлері болып табылады.
Өзгерістердің қозғаушы күші
Тілектер ашық күндегі найзағай секілді тосыннан пайда болмайды. Олар біздің санамыздан тыс ішкі дүниемізде қалыптасып, әбден дайын болғанда жарыққа шығады. Осы кезге дейін тілектер мүлде сезілмейді немесе көп жағдайда себепсіз алаңдаушылық секілді білінеді. Белгісіз бір нәрсені көңілің қалайтын кездер бәрімізде де болады. Бұл пісіп жетілмеген тілек.
Бірде Платон: «Жоқшылық - өнертапқыштықтың анасы» деген болатын, - және ол дұрыс айтты. Білудің жалғыз әдісі - ең алдымен оны білгісі келу екенін бізге Каббала үйретеді. Өте қарапайым формула: біз көңіліміз қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін барлық қолдан келетін мүмкіндікті жасаймыз. Ол үшін біз уақыт табамыз, барлық күшімізді жұмылдырамыз және қажетті білімге машықтанамыз. Сонымен, тілектер кез келген өзгерістердің қозғаушы күші болып табылады.
Біздің тілектеріміздің эволюциясы барша адамзат тарихын айқындайды және қалыптастырады. Тілектердің артуы адамдарды жаңа мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін қоршаған ортаны зерделеуге итермеледі. Жансыз табиғаттан, өсімдіктерден және жануарлардан адамдардың артықшылығы, олар ұдайы дамып отырады. Әрбір жаңа ұрпақтың және әрбір тұлғаның тілектері ұлғайып отырады және олар күшейген үстіне күшейе береді.
Жүргізушінің орнын басу
Өзгерістердің қайнар көзі- тілек нольден басталып төртінші деңгейге дейін саналатын бес деңгейден тұрады. Каббалистер оны «ләззат алу тілегі», немесе «алу тілегі» деп атайды. Каббала енді ғана пайда болған кезде (шамамен 5000 жыл бұрын) алу тілегі ноль деңгейінде болды. Ал қазіргі кезде біз оның дамуының ең маңызды, төртінші кезеңінде тұрғанымызды өзіңіз де сезген боларсыз.
Бұрынғы өткен заманда, алу тілегі нольдік деңгейде болған кезде біздің қажеттілігіміз бізді табиғаттан және бір-бірімізден алыстататындай шамадан тыс болған жоқ. Ол кезде қауымдастық, қоршаған ортамен қосылу тіршілік етудің табиғи әдісі болып саналатын, ал қазіргі кезде көптеген адамдар медитация сабақтарында осындай бастапқы күйге қайтадан түсу үшін (шындығын айту керек, үнемі сәтті бола бермейді) көп ақша төлеуге даяр. Адамдар табиғаттан мүлде оқшауланып қалатыны туралы ойланбады.
Адамзат тайпасының ежелгі өкілдері өз бірлігінің арқасында бір-бірімен қарым-қатынас кезінде сөзге деген мұқтаждықты білмеді, және олар телепатиялық жолмен ойларын жеткізе білді. Бұл, шын мәнінде, тұтастық уақыты болды, және барлық адамзат біртұтас халық ретінде өмір сүрді.
Бұл жағдай Месопотамияда өзгере бастаған болатын: адамдардың тілегі арта берді және олар өзімшіл болғаны үстіне бола түсті. Адамдар табиғатқа бейімделудің, оның ортасында өмір сүруге икемделудің орнына өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін өздерінің айналасындағы әлемді өзгерткенді жөн көрді, нәтижесінде өздері одан әрі оқшауланып, жат бола түсті. Бүгінгі таңда, көп ғасыр өткен соң біздер бұл идеяның қисынсыз екеніне көз жеткіздік. Оның еш пайдасы болмады.
Адамдар барлығына және толықтай өздерін қарсы қойып, бір-біріне бір отбасының адамындай, ал табиғатқа өзінің үйіндей қарамағаны түсінікті жәйт. Біріккен халықтың арасына бытыраңқылық сеуіп сүйіспеншіліктің орнына жек көрушілік келді. Ең алдымен шығыс пен батысқа бөлініп жол тартқан екі топ пайда болды. Бөлшектенуді жалғастыра отырып, олар бүгінгі күні тіршілік етіп отырған халықтардың басым көпшілігін құрады.
Вавилон мұнарасының күйреуі ретінде Библияда сипатталған көптеген тілдердің пайда болуы бөлінудің көзге көрінген сипаттарының бірі болды. Әртүрлі тілдер түсінбеушілік пен берекесіздік әкеліп, адамдарды бір-бірінен алыстатты. Иврит тілінде «Тәртіпсіздік» сөзі «бильбуль» деп айтылады. Месопотамия астанасы осы пайда болған берекесіздіктің құрметіне Бавель (Вавилон) атауына ие болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz