Бала тілін дамыту



1 Баланың мектепке дейінгі кезі
2 Мектеп жасына дейінгі баланың ерекшелігі
3 Баланы ауызша сөйлеуге үйрету
4 Көркем шығармалардың тіл дамытудағы ролі
5 Сурет арқылы бала тілін дамыту
6 Ойындар мен ойыншықтардың тіл дамытудағы маңызы
7 Сауат ашу жұмыстары жайында
Тіл – қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы, қоғамдағы өндірістің, ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің шарықтап өсіп , кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім.
Тілдің қоғамдағы алатын орны туралы Жүсіпбек Аймауытов «... ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы , өсіп-өніп түрлене беретін , мәңгі құламайтын бәйтерегі десе , Ахмет Байтұрсынов : « ... өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке , оқуға ұмтылу керек ... Өз алдына ел болмаққа , өзінің тілі , әдебиеті бай ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» дейді.


Сүйемін туған тілді , ана тілім
Бесікте жатқанда- ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім , -

деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай бесік жырымен басталатын әуезді ана тілі – ана әлдилеуімен нәрестенің рухани жан дүниесін байытып , сырлы сөз маржанына құлағын үйретіп , құйма құлақ тыңдармандыққа баулитыны ешбір дәлелдеуді қажет етпесе керек.
Ананың алғашқы әлдиімен емірене өсіретін мейірбан сүйіспеншілігі сәбидің ойына сәуле түсіріп сезімін оятады. Ана мен бала арасында ыстық ықылас қалыптасып, ол сәбиімен тілдесу арқылы өрістей береді. Алайда , ана сүтімен келетін тілдік қуаныш баланың ата-анасы халық тілінің қыры мен сырына , оның тарихи бай мұрасына қанық болса ғана табысты болмақ.
Баланы осылайша сөз өнеріне сөйлесе білуге үйрету – күнделікті үй – ішілік тәлім- тәрбие арқылы іске асырылады. Сондықтан да отбасында әбір ата-ана баланың ақыл- ойын, ауызша сөйлеу тілін дамытуға мүмкіндігінше көңіл бөлуге тиісті.
Ертеде білім беретін мектеп өте аз , ал мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін бақшалар болмады. Өмірінің қызығы да , бақыты бала деп қараған ата-аналар қауымы сол кезде балаларын тәрбиелеуге шама шарқынша көңіл бөлгені мәлім. Ол кездегі тәрбие құралы- ауыз әдебиеті нұсқалары, халық қазынасы- ертегі жұмбақ, мақал- мәтелдер, өлең тақпақтар ауызша жатталып, балаға жетіп, оның ой- өрісін кеңейтіп, тілін ширату, айаладағы қоғамдық өмір шындығын таныту ісіне үлес қосты, қосып та келеді. Бұл жөнінде заманымыздың кемеңгер ойшылы, жвзушы академик Мұхтар Әуезов Абайдың тіл байлығы жөнінде: «Ең алғашқы өлкң жайын баяндаған жырынды Абай Шортанбайды, Бұқар жырауды ауызға алса, солардың сөзін бала күнінен естіп, танып, жаттап өскенін сезуге болады. Әрине, осындай ақындық мұралармен қатар, мақал, аңыз, дастан, айтыс сияқты сан қазынаны әжеден, анадан, қонақ- жолаушылардан көп естіді...Осындай мұраларды сүю Абайды қатал, суық билер арасында қалдырмай, халық мұрасына жақын етіп жүрді. ...Абай тілінің аса бір мол, бай тіл екенін тану қиын емес, сол байлық Абайда бала, жігіт күнінен құралып өсіп келген байлық» деген болатын.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ

Тіл – қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас
жасайтын құралы, қоғамдағы өндірістің, ғылым мен техниканың, әдебиет пен
мәдениеттің шарықтап өсіп , кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім.
Тілдің қоғамдағы алатын орны туралы Жүсіпбек Аймауытов ... ана
тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы , өсіп-өніп түрлене
беретін , мәңгі құламайтын бәйтерегі десе , Ахмет Байтұрсынов : ...
өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке , оқуға ұмтылу керек ...
Өз алдына ел болмаққа , өзінің тілі , әдебиеті бай ел ғана жарай
алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз дейді.

Сүйемін туған тілді , ана тілім
Бесікте жатқанда- ақ берген
білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім , -

деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай бесік жырымен басталатын әуезді ана
тілі – ана әлдилеуімен нәрестенің рухани жан дүниесін байытып , сырлы сөз
маржанына құлағын үйретіп , құйма құлақ тыңдармандыққа баулитыны ешбір
дәлелдеуді қажет етпесе керек.
Ананың алғашқы әлдиімен емірене өсіретін мейірбан сүйіспеншілігі сәбидің
ойына сәуле түсіріп сезімін оятады. Ана мен бала арасында ыстық ықылас
қалыптасып, ол сәбиімен тілдесу арқылы өрістей береді. Алайда , ана сүтімен
келетін тілдік қуаныш баланың ата-анасы халық тілінің қыры мен сырына ,
оның тарихи бай мұрасына қанық болса ғана табысты болмақ.
Баланы осылайша сөз өнеріне сөйлесе білуге үйрету – күнделікті
үй – ішілік тәлім- тәрбие арқылы іске асырылады. Сондықтан да отбасында
әбір ата-ана баланың ақыл- ойын, ауызша сөйлеу тілін дамытуға мүмкіндігінше
көңіл бөлуге тиісті.
Ертеде білім беретін мектеп өте аз , ал мектепке дейінгі
балаларды тәрбиелейтін бақшалар болмады. Өмірінің қызығы да , бақыты бала
деп қараған ата-аналар қауымы сол кезде балаларын тәрбиелеуге шама шарқынша
көңіл бөлгені мәлім. Ол кездегі тәрбие құралы- ауыз әдебиеті нұсқалары,
халық қазынасы- ертегі жұмбақ, мақал- мәтелдер, өлең тақпақтар ауызша
жатталып, балаға жетіп, оның ой- өрісін кеңейтіп, тілін ширату, айаладағы
қоғамдық өмір шындығын таныту ісіне үлес қосты, қосып та келеді. Бұл
жөнінде заманымыздың кемеңгер ойшылы, жвзушы академик Мұхтар Әуезов Абайдың
тіл байлығы жөнінде: Ең алғашқы өлкң жайын баяндаған жырынды Абай
Шортанбайды, Бұқар жырауды ауызға алса, солардың сөзін бала күнінен естіп,
танып, жаттап өскенін сезуге болады. Әрине, осындай ақындық мұралармен
қатар, мақал, аңыз, дастан, айтыс сияқты сан қазынаны әжеден, анадан,
қонақ- жолаушылардан көп естіді...Осындай мұраларды сүю Абайды қатал, суық
билер арасында қалдырмай, халық мұрасына жақын етіп жүрді. ...Абай тілінің
аса бір мол, бай тіл екенін тану қиын емес, сол байлық Абайда бала, жігіт
күнінен құралып өсіп келген байлық деген болатын.
Ұлы ағартушы педагог Ы. Алтынсарин: Баланы ауызекі сөйлейтін
практикалық сөзге үйретпейінше, қай- қай тіл болса да еркін де жүйелі
сөйлеу мүмкін емес,- дейді.
Ана тілін үйретудің тәрбиелік, білімді жағын қадір тұтып, зор
ілтипетпен бағалайтын академик- жазушы Сәбит Мұқанов:

Бар асылын халықтың
Құйған сана ойыңа.
Туған тілім өркенде,
Бола бер күшті, көркем де!

деп жырласа, ақын Қадыр Мырзалиев:

Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,-

дейді. Ана тілінің қоғамдық, әлеуметтік, тәрбиелік мәін ақын- жазушыларымыз
осындай асқан шабытпен толғана жырлайды.
Баланың мектепке дейінгі кезі- оның жеке қасиеттерінің қалыптасып,
дамитын кезеңі, сондықтан да бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет. Бұған ата-
аналар да ерте бастан көңіл бөлуі қажет. Баланың жағымды мінез- құлық
әрекеттері 3-4 жасқа дейін- ақ қалыптасып, тұрақтала бастайды. Сондай- ақ
оның физиологиялық, психологиялық жақтары да жедел дамып жетіледі. Осыған
орай түрлі қимыл- әрекеті күрделене түседі. Күнделікті өмірде өзіне қажетті
заттарды білуге деген баланың ынтасы артады.
Ата- аналар балаларын әр түрлі іске үйрету арқылы олардың өз
бетінше іс тындыруын да қалыс қалдырмайды. Бұл болашақ шәкірттердің оқуға
зерек, ой еңбегіне белсенді болуға, өз ісін жақсы ұйымдастыра білуге
тәрбиелеу үшін қажет.
Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі оларда
еліктеу, қиялдау басым болады. Сол себепті айналадағы құбылыстар мен
ересектердің іс- әрекеті беріп отырулары қажет.
Кейде баламен көшеге, арнайы серуенге шыққанда кезіккен
нәрселерді түсіндіріп айтып беру, үйге келген соң сол көрген- білгенін
есіне сақтауға үйрету пайдалы. Бұлай ету баламен ата- ана арасындағы
мейірбандықты нығайтады. Бала қорықпай еркін сөйлейтін болады. Байқаусызда
бір теріс әрекет жасай қалса, жасырмай айтуға әдеттенеді.
Жалпы сезім мүшелерінің, ақыл- ойдың, сөздің дамуы бір- бірімен
тығыз байланысты екендігін психологтар әлдеқашан дәлелдеген.
Баланың өз қорының молайып жетілуі, оның физиологиялық дамуына
(есту, сөйлеу мүшелерінің) байланысты психологиялық процестері де ( ой
қызметі, сезім, қабылдау, зейін, қиял, еліктеу т.б.) жақтарының дамуына
әсер етеді.
1,5-2 жастағы бала таныс адамдармен тіл арқылы қарым-
қатынас жасайды. Естіген- білген сөзді сол күйінде қайталап айтуға
тырысады. Өз ойын сөзбен білдірудің алғашқы қадамы басталады. Өйткені,
күнделікті ойын, тамақтану, киіну- шешіну, қимыл- әрекеттері кезінде ол
да қажетті жайттарды сөзбен ұғындыруға мәжбүр болады.
Баланың тілін дамыту әдістері: баламен әңгімелесу; күнделікті
өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттың өзін
немесе суретін көрсетіп сөйлесу, көрген- білген туралы әңгімелеп беруге
үйретіп отыру, сөздік тапсырмалар орындату, түсінгені бойынша оқиғаны
суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.
Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге негізінен үш түрлі тәсіл
арқылы іске асырылады: 1. Затты бақылатып көрсету; 2. Балалардың түсінігін
байқау, сұрақ қойып жауап алу; 3. Сол бақылаған оқиғалар туралы дербес
жаттығулар орындатып, көрген- білгенін тереңдете тиянақтап отыру. Мысалы,
балаға үй жануарларын бақылатсаңыз қозылы қой, бұзаулы сиыр немесе балалы
мысық. Осылардың әрекеті, адамға келтірер пайдасы, бір- бірінен
айырмашылығы, ұқсаса жақтары туралы бала салыстыра айтуға тиісті. Соңынан
мақал- мәтел айтып, жұмбақ шештіру, сөз мәнісін сұрап, түсініп айтуға
үйрету. Сол жануарларды суреттен танып көрсету, мүсіндеу, жануарлар айтысы
т.б. ойындар ойнату тәріздес жұмыс жүргізу.
Осы жастағы балалардың байқалатын ерекшелік- оның сөйлеу тілінің,
заттану процесінің баяу дамитындығы. Әдетте 20-30 заттың түр- түсін танитын
бала сол заттың 10-15 -ін ғана сөзбен айтады. Көпшілік затты ыммен, түрлі
қимыл арқылы көрсетеді. Мысалы, 2 жас 7 ай шамасындағы Айнұрға түрлі
суреттерді көрсетіп сөйлескенде тіс щеткасын- ол тісін көрсетіп саусағымен
тісін ысады. Қайшыны ол қағазды алып былай етеді деп, екі саусағымен
қағазды қиып көрсетеді, ұршық туралы да әжем жіпті битедің деп, жауап
береді.
Кейде бала белгілі заттың атына байланысты сөздің жеке буынын
айтады немесе жақын мағынадағы сөзбен еліктеу дыбыстарымен білдіреді.
Мысалы Ақмаралға (2 жас 9 ай) бірнеше ойыншық және сурет беріп ойната
отырып, сөйлескенде міне төмпик- кәмпит, мынау тын- шыны, ол мәу-
мысық, ол қон, әне дө-ө-ө-дет деген сөздермен жауап берді.
Баланың ерекшелігі оның сөйлеу, таныған заттың атына байланысты
сөздік ұғымды толық түсініп айтуға төселмегендігінен деуге болады.
Сондықтан, ата- аналар баланың алғашқы сөзіне көңіл бөліп, ыдыс-
аяқ, киім- кешек, ойыншық аттарына байланысты сөздерді толық атап айтып,
баланың қате айтқан сөзін түзетіп, қайта айтқызып, оның сөйлеу тілінің
дұрыс дамуына бағыт беріп отырулары керек.
Бұл жұмыстар баланы ойнату, киіндіру, тамақ беру кезінде сөздік
қатынас жасау арқылы іске асады. Балалардың сөздік қорының дамуын жүйелі
бақылап, оны дұрыс сөйлеуге үйретуде кейбір ата-аналар үшін күнделік
жүргізген пайдалы.
Мысалы, Данара деген баланың әкесі баласы бір жастан аса
бастаған кезінен күнделік жүргізген. менің күнделік жасауыма баланың
алғашқы сөздері ерекше әсер етті дейді ол. Сол күнделіктен үзінді
келтірейік.
Бүгін 10- маусым. Данараға 1 жас 10 ай. Ол өте ширақ. Тынымсыз.
Ойыншыл. Өздігінен киінуге құмар. Біздің тапсырмамызды орындауға ынталы.
Қажет заттарын нұсқап көрсетеді. Әсіресе, өлең айтып беруді ұнатады.
Радиодан ән айтылса, өзінше қосылып әндетеді...
20-маусым.Шомылдыру кезінде шәп- шәп деген сөзді айтты.
Онысы шомыламын дегені. Ол сөзді дұрыс үйрету үшін Данара шомылады
деген сөзді үнемі қайталап жүрдік. Кейін осы сөзді дұрыс айта бастады. Біз
қатты қуандық...
6-шілде. Біз тамақ ішіп отырғанда Данара нәм- нәм деп,
үстелдегі тағамға қолын созды. Бұл біз үшін үлкен жаңалық. Бұдан былай оған
тамақ берерде Данара, сүт іш, нан жейсің бе, міне алма деген сөздерді яғни
тамақ аттарын анық айтып беретін болдық,- дейді.
Екінші кезең- баланың 2-3 жастағы кезеңі. Бұл жастағы бала
алғашқы жеке буындар мен сөздерден шағын сөйлем құрап айта бастайды. өз
ойын басқаларға толық айтуға әрекеттенеді.
Бала есейе бастаған сайын оның ақыл- ойы жетіле түседі. Түрлі
білім дағдылары қалыптасады. Айналасындағы заттар мен құбылыстарды
бағдарлап тану нәтижесінде сөздік қоры жедел дами түседі, грамматикалық
түрде жүйелі сөйлейтін болады.
Әйгілі психологтар, әдіскер ғалымдар 3-4 жастағы балалардың
сөздігі 1000-1200, ал 6-7 жастағы балаларда 3000-4000 –нан астам сөздік
қоры болады дегенді айтады. Бұл пікірдің дәлдігін біздің зерттеу нәтижеміз
де дәлеледей түсті.
Сөйлеу тілі мен сөздік өордың жетілуіне байланысты бұл
жастағы балалар айналасындағы адамдармен тікелей қарым- қатынасқа түседі.
Төңіректегі өмір құбылыстарына назар аударып, оны танып білуге әрекеттену
нышаны басталады. Ата- анасымен серуенге шықса, дүкенге не киноға барса,
көзі шалған заттың бәрін сұрағыштап, ол не, бұл не? деп тақылдайды. Бала
табиғатына тән осы ерекшеліктер туралы ұлы ақын Абай былай дейді: Жас
бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі- ішсем, жесем,
ұйықтасам деп тұрады. Бұлар- тәннің құмары...Біреуі білсем екен деп, не
көрсе соған талпынып, жалт- жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып
дәмін татып көріп, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай- керней болса,
даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра
жүгіріп, біреу күлсе де, біреу жыласа да, тұра жүгіріп, ол немене?, бұл
немене? деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.
Мұның бәрі- жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегендік.
Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі- оларда
еліктеу, қиялдау басым болады. Сол себепті айналадағы құбылыс пен
ересектердің іс- әрекеті балалардың бақылауынан мүлт кетпейді. Бақылаған
заттардың елеусіз ерекшелігіне дейін бірден байқап, тез қабылдайды. Олай
болса, әрбір ата- ана баланың осындай даму ерекшелігін ескеруге тиісті.
Оның заңды сұрақтарына қүлақ асып, үнемі жауап беріп отырулары керек.
Ойымыз дәлелді болуы үшін мысал келтірейік: Алма 3 жаста. Ол бала
бақшасында тәрбиеленеді. Күн сайын бақшадан қайтқанда анасы онда не
істегенін, қандай ойын ойнағанын сұрайды. Анасы: Бүгін бақшада не
істедіңдер№- деп сұрағанда, Алма: Біз қуыршақпен ойнадық. Тұраш тәте
үлкен ойыншық әкелді. Мама, ол ұйықтайды, жылайды. Оның көйлегі өте жақсы.
Көк лентасы бар. Сандалы көк- деп жауап берді.

Баланы ауызша сөйлеуге үйрету мына түрде болмақ:

1. Сөз қорын дамыту;
2. Ауызша сөйлегенде сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйретіп отыру;
3. Грамматикалық тәсілдерді үйрету. Үйренген сөздерін жекеше, көпше,
меншіктей айтуды меңгерту. Яғни заттың атына байланысты сөйлескенде
септеп, жіктеп, тәуелдеп айтудың қарапайым тәсілдеріне төселдіру.
4. Байланыстырып сөйлеуді меңгерту. Айналадағы дүниеден, күнделікті
өмірден көрген- түйгені туралы әңгімелету.
5. Сауат ашудың қарапайым негіздерін үйрету.
Көп балалы отбасында мектеп жасына толмағандар ересек балалардың
оқып бергенін тыңдау, ойнау, серуендеу кезінде сөзге белсенді араласатын
болады. Мұндайда оның сөздік қоры дамып, дұрыс сөйлеу дағдыларына
үйренеді. Мысалы Н. Деген кісінің 6 баласы бар. Әке- шешесі жұмысшы. Осы
отбасындағы 5- бала Әлия 6 жаста. Ол еркін сөйлейді. Сөз ішінде дыбыстарды
дұрыс айтады. әріп танитыны, өздігінен оқи білетіні де байқалады. Бұл
мектепте оқитын балалардың әсері екенін аңғару қиын емес.
Осы мысалдан ересек балалардың кішкене баланы ойнатып, қамқорлық
жасай білуге әдеттендіру керектігін көруге болады.
Баланың ой- өрісінің дамуы, көңілді, сергек болуы оның денінің
саулығына да байланысты. Жас балаларды жиі кездесетін аурулардың бірі-
тамақ баспасы, құлақ, тіс аурулары. Бұл ауруға дер кезінде көңіл бөліп,
емдетіп отырған жөн. Дегенмен кейбір отбасында бұған көңіл бөлінбейтіндігі
байқалады.
Ақмарал деген бала 5 жаста. Әкесі- оқытушы, шешесі- орта білімді
адам. Отбасында үш бала бар. Оларда кітап, ойыншық деген жеткілікті. Соған
қарамай, Ақмарал оқшауланып, жеке ойнауға тырысады. Баланы жекелей бақылап,
үй ішіндегі заттар туралы сұрап, әңгімелескенде ұялшақтығы, сөйлеу тілі
жақсы дамымағаны, берілген сұраққа бір сөзбен ғана жауап беретіндігі
анықталды. Атан- анасымен әңгімелескенде, баланың құлағы ауыратыны белгілі
болды. Оны дер кезінде дәрігерге қаратпаған. Екінші бір үйде- 5 бала бар.
Үшеуі мектепте оқиды. Ең кішісіне 3 жас 6 ай. Үлкені біздің сұрағымызға бір
сөзбен ғана жауап берді. Айналадағы заттардың атын, тіпті күнде пайдаланып
жүрегн жеміс, көкөніс, тағам аттарын да айта алмады. Бәріне де жейтін
нәрсе деген жауап алдық. Оқылған әңгіменің мазмұнын айтып бере алмады.
Керісінше одан кіші Әсем ширақ, үй ішіндегі заттардың атын айта біледі. Біз
бір жеті сөйлесіп, бақылағанда, Жақсылықтың тез шаршап, демігіп қалатыны
байқалды. Әжесімен бала туралы сөйлескенде: Қарағым, бұл баланың тамағы
ауырады. Аяғы да ауыратын сияқты дейді. Дәрігерге қаратқанда, баланың
ревматизмге шалдыққаны, одан жүрегі ауыратыны анықталды.
Баланың есту мүшесінің зақымдануынан мұғалімнің сөзін толық
ести алмағандықтан, сабақ үлгерімі нашарлайды. Жолдастарымен сөйлесуге
ұялып, үнемі жеке жүруге тырысады. Осының бәрі оның жалпы дамуына кедергі
болатыны сөзсіз.
6 жастағы балалардың көпшілігі сөз ішіндегі дыбыстарды айта
алмайтын жағдай да жиі кездеседі. Түрліше жүргізілген зерттеулер кезінде
отбасынан алынған 40 баладан 25 бала с, ш, з, и, ф, б, в дыбыстарын
ауыстырып айтатыны не сөз ішінде мүлдем қалдырып кететіндері байқалды. Бұл
жай логопедтердің жеке балаларды бақылап, зерттеуі кезінде де дәлеледеніп
жүр. Р. Аязбекованың Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс деген еңбегінде
Алматы қаласындағы бірнеше мектептердің 2-3 сыныптағы 600 оқушының 91-інің
тілінде кемістігі бар екені анықталғаны айтылды. Олай болса, мектеп жасына
дейінгі балалардың сөйлеу тілінде кездесетін кемшіліктерді ерте бастан
түзету қажет. Бала тілін дамытуда мынадай жұмыстар жүргізіп отыруға болады:
1. Айналада бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім-
кешек, ыдыс- аяқ, тағам, үй мүліктері) көрсету, баланың қолына беріп, атын
сұрап, айтқызу. Осы заттарды қайда, неден жасалатынын, кімге, неге, не үшін
керек екенін білдіру.
2. Баланы белгілі заттардың атына байланысты сөздерден сөйлем құрап
айтуға үйрету.Мұндайда Суретті сөздік атты кітапшаны пайдалану керек.Ол
кітапшада жеке заттар мен соларға байланысты іс- әрекеттер көрсетілген.
Бала суретін үйдегі затты көрсетіп, бірде атын атаса, екіншіде сол
заттардың көмегімен жасалатын іс- әрекет, оны ерекшелігі туралы сипаттама
айтуға жаттыға бастайды.
3. Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйрене бастаған соң шағын
әңгіме құрастырып айтуға үйрету керек.
а) Баланың бақылау кезінде көргендері жайлы өзіне айтқызу,
жетекші сұрақ беріп
әңгімелесу.

ә) Ойыншықтары, жақсы көретін кітабы жайлы әңгіме айтқызу.

б) Оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын сұрап, әңгіме желісін бұзбай
айта білуге
үйрету.
в) Сюжетті көркем картиналарды көрсетіп, оның мазмұнын
әңгімелеп беруге
баулу.
г) Жеке заттық атауларды білдірумен қатар, киім, мал, төл,
ағаш, тамақ, жеміс,
көкөніс жалпы ұғымды білдіретін сөздерді түсіндіру.
ғ) Белгілі грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, сөйлей білуге
үйрету: ішінде, үстінде, қасында, астында, жанында, артында, ортасында,
шетінде деген сөздерді сөйлем ішінде айтқызып отыру. Ол үшін балаға сурет
көрсетіп әңгімелескенде, нақтылы бір жұмыс түрін орындатқанда, ойын кезінде
сұрақтар беруді ұмытпаған жөн. 6-7 жастағы бала ата- анасымен демалыс
күндері киноға барғанда, не арнайы серуенге шыққанда талай сұрақтар беріп
мазалайды. Мұндай жағдайда оларға ұрыспай, байсалды жауап берген жөн.
Оқушыларға ауылдағы, қаладағы көрнекті орындарды таныстыру, серуендеп
қайту, киім тігетін орынға, шеберханаға, асханаға, баққа, фермаға, өзен
бойына экскурсия жасалса, балаға айналада болып жатқан құбылыстармен
танысуға мүмкіншілік бар.
Ата- аналар балаларын әр түрлі іске қатыстыруы арқылы оларды
өз бетінше жұмыс істей білуге талаптандырып отырғандары жөн.
Жыл мезгілдеріне қарай табиғат құбылыстарын бақылатқанда
кебір өлең шумақтарын, не жұмбақтарды жатқа айтып берген жөн. Мысалы бала
ауладағы ағаш жапырақтарымен ойнап жүрсе, оған жапырақтардың түсін байқату
үшін Ә. Дүйсенбиевтің төменде берілген өлеңін немесе жыл мезгілдері туралы
өлең тақпақтарды оқып, жаттатуға болады.

Шашу болған алтындай,
Сап- сары ала жапырақ.
Күндіз- түні бір тынбай,
Жауып жатыр жапырлап.

Шыршаның ерекшелігін аңғарту үшін мына жұмбақты есте сақтаған жөн.

Жапырақсыз сыйдиып,
Жабырқаулы бар ағаш.
Жасыл шапан жамылып,
Құлпырады қай ағаш? (Шырша)

Немесе, жеміс, көкөніс туралы әңгімелесу, балаға тағам жасау кезінде
төмендегідей жұмбақты оқып беруге болады.

Ызақор бұғып жатыр,
Сақалы шығып жатыр. (Пияз)

Баламен сөйлесу кезінде сөз дыбыстарын айту, дұрыс айту, таза
сөйлеуге үйреткен жөн. Мектеп оқушыларында, әсіресе қазақ балаларының
сөйлеу тілінде сосын, әлгі, сөййтіп, содан кейін деген сияқты сөздерді
көбірек қолдану жиі кездеседі. Бала тіліндегі осындай сөз шұбарлығын
болдырмау үшін мұғалімнің үздіксіз жұмыс жүргізуіне тура келеді. Олай
болса бала таза сөйлеу үлгілеріне мектепке дейін жаттығуы тиіс.

Көркем шығармалардың тіл дамытудағы ролі

Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын
өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны
епекше. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, хлық
қазынасының музыкалық үнінен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен
басталады.
Балаларға оқылатын шығармалар олардың ой- өрісіне, дүшниетанымына
әсер етерліктей болу үшін мына мәселелерді мұқият ескеру керек:
1. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдатуға, жаттап айтуға таңдалған
материалдартың олардың даму деңгейіне жас шамасына лайықты болуы.
Отбасында тәрбиеленуші әрбәр бөбектің күнделікті іс - әрекеті, оның неге
қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы ата- анаға белгілі.
2. Арнайы жинақталған суретті кітапшалар, әңгіме- ертегілердің, мақл-
мәтелдердің баланың өмірден алған әсерін, білім дағдыларын, түрлі әдет-
дағдыларын айқындай түсіндіріп, тереңдете, кеңейте түсерлік дәрежеде болуы.
Шығарманың баланы Отан сүйгіштікке, достық, жолдастыққа, ата- анаға,
айналасындағы үлкен- кішіге, ата- әжесіне сүйіспеншілікке, мейірімділікке,
бауырмалдыққа, адамгершілікке, мінез- құлқына тәрбиелейтін дәрежеде
болғаны жөн. Яғни шығарманың тәрбиелік жағына баса назар аудару. Мұндайда
ата- баба мұрасынан, билерден бізге жеткен тілек- бата, өнеге- өсиет
сөздерден төмендегідей мазмұнда айтылған ақыл- өсиеттерді оқып беруге
болады:

Таза, мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз ,
Шер толқытса шығады.

Асан қайғы.
Алтын ұяң- Отан қымбат,
Құт- береке атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат.

Қаз дауысты Қазыбек.
Бір бала бар,
Атаға жете туады.
Бір бала бар,
Атадан өте туады.
Бір бала бар,
Кері кете туады.

Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма.
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма.
Өскеніңді өшірерсің.

3. Оқылатын шығарманың суреттермен көрнекі бейнеленуі, шығарма
кейіпкерлерінің мінез- әрекетін, көркем образда бейнелеу айқындылығы,
нанымдылығы, шынайылылығы. Психологтардың дәлелдеуінше балалар оқиғаның
басталу, даму процесіне, оның шиеленісіне, оқиғаның- оқиғадан өрістеуіне,
өзгерістер мен оның болу себептеріне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әр
түрлі іс- әрекет үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударады.
Оқиғаның негізгі себептері туралы ой жүгіртіп, қорытынды жасауға
ынталанады. Оқиғасы бала түсінігіне дөп келетін, оған айрықша әсер туғызған
шығарманы тыңдап отырғанда, бала сол оқиғаға өзі араласып кеткендей
әсерленетін болады.
4. Айналадағы балаға танымал дүние, табиғаттың тамаша көріністерін,
жыл маусымдарына қарай құбыла түрленетін ғажайып өзгерістерін, пейзаждың
суреттерін, оның себептерін, оның табиғат пен алам арасындағы заңды
байланыстарды айқара ашып, көркем де түсінікті түрде суреттеп беретін,
баланы сезімталдыққа, эстетикалық талғампаздыққа баулитын, оның зейін,
қабылдау, таным әрекетін қалыптастыратындай болу қажет.
5. Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті,
олардың сөз қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы.
Туғанда дүние есігін ашады өлең- деп, ұлы Абай айтқандай, өмірдегі
бар асылын ұрпағына арнаған, оның келешегін әріден ойлап, толғанған
қапысыз ұстаз халық нәрестенің дүниеге келген сәтінен- ақ шілдехана, бесік
тойы, тұсау кесу, тілашар рәсімдерін жасауды әдейі ойлап тапқан өлең-
жырмен кестелеп, баланың құлағына әуен үнін жеткізе білген. Балаға арналған
өлең, өсиеттер, бат- ьілектер баланың өсу, есею кезеңдеріне қарай
баспалдақтап, күрделеніп отыратынына фольклорық мұралардың өзі куәгер.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортасынан қус игі.

Қабырғадан қар жауса,
Атанменен нарға күш.
Ел шетіне жау келсе,
Батыр менен ерге күш.

Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.

Үй баласы ма деп едім,
Ел баласы екенсің.
Ай маңдайлы арысым,
Талабың алдан өтелсін.
Ауылыңның таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол.
Төле би.

Бар жақсысын баласынан аямаған халық- баланы сыйлаумен өсіре отырып,
құлағына бесік жыры әуенін құя берген. Бала есейген сайын ана сүтімен
даритын сөйлеу тілін дамытып, тазалыққа, имандылыққа баулап, ізеттілікке,
жомарттыққа, сезімталдыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке үйретіп,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу- әрбір отбасы, ауыл- аймақ арманы болған. Оған
дәлел- халық даналығы: санамақтар, мақал- мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаштар,
ертегі, аңыз әңгімелер. Осылардың қай- қайсысы болмасын баланың сезімін
селт еткізіп, ойына орала қалады. Тіліне үйіріліп, еріксіз сөзге
еліктіреді. Өйткені ауыз әдебиеті халықтың ұрпағына деген
сүйіспеншілігінен, арман- мүддесінен туындаған. Тіл жеңіл, мазмұны
түсінікті, ойната сөйлететін шығармаларды тыңдату, сөйлесу кезінде- ақ
бала қиналмай жаттап айта береді.

Әлди- әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Қонақ келсе қой бөпем.
Қой тоқтысын сой бөпем.
Құрығына той бөпем!-
деп, айтылатын бесік жыры,
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма
екенсің,
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз
бермей,
Шешен болар ма екенсің?-

деп, сәбидің сегіз қырлы, бір сырлы азамат болуын көздейтін өлеңдер,
малсақтыққа, үй жануарларына қамқорлыққа баулитын тілек- бата іспеттес
шығармалар:
Тоқтышағым тоғыз
тап,
Саулық қойым сегіз
тап.
Сегізін де семіз
тап,
Құлан бием құлын тап,
Құлын таппа, құнан тап,-
деп, тақпақтап айтылатын тіркестер жануарларды таныстырумен қатар, мал
төлден көбейетініне баланың зейінін аударып, малсақтыққа баули, тілек-
бата беруді үйретеді, төлдердің қалай аталатынын аңғартып, төлдердің өсу
кезеңіне бала зейінін аударады. Осылайша ойнақты иіріммен тақпақтап айтып,
өлең шумақтарын жаттап алуға, баланы сөзге тартып, тіл ұстартуға, құлын,
құнан, саулық сөздерінің мәнісін түсініп айтуға меңзеп, сынауға үйретеді.
Көшпелі елдің, күш көлігі де , ішер тамағы мен киер киімі де болған төрт
түлік жайында сан алуан өлең , жыр шумақтарын жасаған дана халық өздерінің
арман тілегіне , жыл маусымдарымен үндестіре өлеңдетіп , табиғат , адам,
қоғам арасындағы байланысты балаға түсінікті түрде өлең жырмен,мақал-
мәтелмен, жұмбақтармен , ертегі аңыз әңгімелермен сабақтастыра ұғындырып
отырғанын халық фольклорынан аңғаруға болады.
Қоғам мен табиғат өмірінің ғажайыптарынан сыр тартып, айналадағы
дүниеден, адамдардың тіршілік тылсымынан мағлұмат берерлік, жануарлар
дүниесінің қыры мен сырын түсіндіретін, балалардың ойын өрістетіп,қиялын
шарықтататын, бейнелі көркем сөздің құдірет күшін танытып, эстетикалық
сезімталдыққа баулитын көркем сөз зергерлері сомдаған шығармалар баршылық.
Тек осындай рухани байлықты тәрбие тетігіне үйлестіре таңдай білу қажет.
Осыған орай , ауыз әдебиетімен қатар заманауи балалар әдебиетінің де
таңдаулыларына баса назар аударылады.
Классикалық әдебиетті ең алдымен балалар жазба әдебиетінің
атасы, педагог жазушы Ы. Алтынсариннің балаларға арналған шығармаларының
алатын орны ерекше. Баланы тәрбиелеу, білім беру мәселесін жан-жақты
қамтитын ұлы педагог қаламынан туындаған қысқа әңгімелер, мысалдарының
мектепке дейінгі тәрбиеде де маңызы зор.
Ы. Алтынсариннің шығармаларының қай-қайсысы да баланы ой-
еңбегіне бағыттап, дербес әрекет жасауға үйретуді көздейді.
Бала өзі тыңдаған шығарма мазмұны бойынша неліктен?, не
себепті?, неге?, қалай? деген сұрақтарға жауап іздестіру арқылы
қарапайым ой қорытындыларын жасауға үйренеді. Өмірге қажеттігінің бәрі
қоғам байлығы, адам еңбегімен жасалынатына көз жеткізіп , табиғат пен адам,
адам мен жан-жануарлар тіршілігі арасындағы байланысты ұғынатын болады.
Келесі кезекте қазақ жазба әдебиетінің негізін салған дана да
дара Абайдың өнеге-өсиеттерін мектепке дейінгі кезеңде –ақ бала құлағына
құйып , зердесіне жеткізу – бүгінгі отбасы, балабақша, барша жұртшылықтың
міндеті.
Осыған орай ұлы Абайдың аса бай мұрасынан баланы адалдыққа,
адамдыққа, өнер-білімге, эстетикалық талғампаздыққа баулитын Интернатта
оқып жүр, Әсемпаз болма әрнеге , Білімдіден шыққан сөз , Жасымда
ғылым бар деп ескермедім , Желсіз түнде жарық ай , Жыл мезгілдері
т.б. шығармаларынан үзінділер оқып беріп,тыңдату – көркем тіл өнерін үйету
болмақ.
Қазақтың классикалық эдебиетінің шаңырағын көтеріп, уығын
тігіскен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров шығармалары да, бала тәрбиесінде
маңызды орын алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тілін дамытудағы ана тілінің рөлі
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)
Мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекілік арқылы тілін дамытудың теориялық негіздері
Ересектер тобындағы балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамытуды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Оқыту үдерісінде кіші мектеп жаcындағы оқушылардың тілін дамыту тәсілдері
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдалану жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалар
Әр түрлі жастағы топтарда тіл дамыту оқу іс-әрекетінің құрылымын өткізу ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері
Пәндер