Жеке адам жөнінде



1. Жеке адам жөнінде түсінік.
2. Жеке адам мотивтері.
3. Жеке адамның бағыт.бағдары.
Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады,
"Жеке адам" түсінігімен қатар біздің қолданымымызда "адам", "дара адам", "даралық" терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшелікгері мен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - "адам" түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барышның жемісі ері табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік-тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.
Дара адам - "homo sapienis" тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі - нақты адам.
Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.
"Жеке адам" түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.
Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқашан келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологаялық типін анықтап отырады.
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологаялық құрылымының ең жоғары да жетекші деңгейі қажеттік - себеп аймағы - жеке адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес оңың өз қатымас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс-әрекеттік икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көңіл-күй, еріктік және ақыл-ой саналарымен байланысып жатады.
1. Жарықбаев., «Психология» 2001ж.
2. Сәбит Бабаев., «Жалпы психология» 2003ж.
3. Ж. Аймаутов «Психология» 2000ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Жеке адам жөнінде түсінік.
2. Жеке адам мотивтері.
3. Жеке адамның бағыт-бағдары.

Жеке адам жөнінде түсінік
Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің
иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады,
"Жеке адам" түсінігімен қатар біздің қолданымымызда "адам", "дара
адам", "даралық" терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз
ерекшелікгері мен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты.
Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - "адам"
түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі,
қоғамдық еңбек барышның жемісі ері табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын
аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік-тектік мәнге ие болғанмен,
ол жалпы табиғат туындысы ретінде - дара адамдық сипаты жағынан жанды
мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.
Дара адам - "homo sapienis" тектілердің өкілі, адамдық даму
нышандарының иесі - нақты адам.
Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас
ерекшеліктері мен қасиеттері.
"Жеке адам" түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді
сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында
қалыптасады да көрініс береді.
Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқашан келеді.
Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологаялық типін анықтап отырады.
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологаялық
құрылымының ең жоғары да жетекші деңгейі қажеттік - себеп аймағы - жеке
адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан
және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке
адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес оңың өз
қатымас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз
кезегінде адамның іс-әрекеттік икемділігіне, оның қабілеті, білімі және
ептілігіне, көңіл-күй, еріктік және ақыл-ой саналарымен байланысып жатады.
Адам өмірге дайын қабілет, мінез жөне қызығуларымен келмейді, бүлардың
бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам
тәнінің негізі, яғни генотипі оның анатомиялық-физологаялық ерекшеліктерін,
жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі-адам өткен
әулеттердін. білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған
өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі.
Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін
арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға төн болған қарым-
қатынастар аймағымен елшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық
қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңіңен аспайды. Ал даму
деңгейі жоғары болған адам өзінің рухи мәртебелігімен, қоғамдық мәнді
құндылықтарымен ерекшеленеді.
Әрбір дара адам өзінің қоғамдағы өмірлік әдептерін реттеумен
күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық,
кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан,
жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік
міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында үстанған
принциптерін жете білу қажет.
Қоғамдық қатынастарға араласып жөне оларды басшылыққа ала отырып, адам
сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз
дербестігі мен ерекшелігіне ие.
Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы - рухани
дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінін, ең биік керінісі,
оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай
қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі - бұл жоғары дәрежедегі
саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман
ниеттер мен мезеттік шен-шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік-өсектен
өзін аулақ үстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына
дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым
төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да,
ондай қоғам мүшелерінің көбі құндық багану күйінен арыла алмайды.
Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық
дамыту ниетінен ажырап қалады.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі
алеуметгік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді.
Шығарманшыл тұлға тікелей қоршаған әлеумет шеңберіңде қалып қоймай, өзін
ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға үмтылыс жасайды: Мұндай адам
бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті
көрініп, ол өз дәуірінің сапалык деңгейінен көзі ілгері жүреді. Жеке
адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтік топқа бағынышты
еместігін көрсетумен бірге сол адамның жоғарғы деңгейде кемелденгенінің
дәлелі.
Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің
қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.
Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар:
идентифякация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам
талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персонализация - дара
адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі бәрін түсіне білуі,
сонымен бірге, нақгы әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске
асыра алуы.
Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз "Мені" негізінде қатынас
түзеді. Ғылымда "жеке адамдық рефлексия" деп аталған бұл "Мен" ұғымы өзі
ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін
сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағысының
астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.
Адам өмірі нақты тарихи-әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниеліқ
жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның
тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді.
Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын, жеке құндылық бағыттарына
орай тіршілік "жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақын
тәсілдер жүйесін түзіп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның
жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудің бағдарына айналады. Әлеуметтік
құнды салт-бағыттан адамның жоғары инабатгы, жасампаздық өмірі, рухани-
этикалық, рухани-эстетикалық дүниетанымы туындайды. Адам өмірі, осыдан. бір
мезеттік ықпалдар бидігінде қалып қоймай, ішкі зандылықты ниет-себептер
жүйесін арқау етеді, өзінің өлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын
барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады.
Тұрмыс-салт бағыты тұрақтанбаған адам күнделікті күйбеңнен аса
алмайды, осыдан мүмкіндікгерін толық жүзеге асыра алмай, өміршеңдігі
кемиді, рухани-адамгершілік талатары тарылады.
Жеке адамдағы барша өмірлік күйзеліс - ауытқулар оның өзіндік "Менін"
танымаудан, объективті мәнді жеке басының құнды тараптарын сезіне алмаудан
келіп шығады. Жеке адам болмысының ең айқын көрсеткіші - оның өз психикалық
жағдайын басқара алу және әрекет-қылықтарын қоғам қалыптастырған өлшемдерге
икемдестіре білу дәрежесі.
Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланады, тұлғаның барша
ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік-мәдени сапаларының
бірлігінен қалыптасады.

Жеке адам мотивтері
Адамды әрекетке келтіруші күш-қажетсіну. Болмысты бейнелеудің жоғары
формаларына ие адамды әрекетке келтіруші нысандар - саналы түзілген бейне
не елес, ой не түсінік, идея немесе ізгі мүрат күйінде өрнектелуі мүмкін.
Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі: мотив - бұл
адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттілікті қанатағаттандыру үшін
әрекетке итер-мелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде мотив - шыңдыққа сай
зандылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түріңде көрінетін болмыс.
Ал мотивтік әрекет қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі
(Р. Г. Агеева). Қорыта айтқанда, адамның әрқандай қылық - әрекеті оның
мотивтік себеп күштеріне байланысты.
Сонымен, адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекетке
ынталандырушы мотив жатыр. Бірақ адамда туындаушы және оны іс-әрекетке
ойыстырушы қандай да бір мотив көзделген нақты әрекетпен шектелмейді, оның
нәтижесіне жетумен адам келесі әрекетке ұмтылады, іс-әрекет барысында мотив
өзгеруі мүмкін және керісінше, бір тұрақты мотив аясында бірнеше әрекет
бірін-бірі ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталған іс-әрекет
арасында қайшылық та туындайды. Кейде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропалық сот қызметі
Қазақстан Республикасындағы жеке тұлға құқықтарының қорғалуы
Қатынастар психологиясы
Адам аралық қатынастар жөнiнде түсiнiк
Еңбек нарығындағы жастар
Жеке мүліктік емес игіліктер
Катагурийас кітабы немесе Категориялар
Табиғат қорғауды оқыту жүйелері
Теориялық әлеуметтану түсінігі
Халықаралық және ішкі мемлекет құқық нормаларының шетел азаматтарының құқықтық мәртебесін реттеудегі мәселелері
Пәндер