Денсаулыққа қарсы қылмыстар


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . …3
1 Тарау. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы ………. . 6
1. 1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы . . . 6
2 Тарау. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері . . . 11
2. 1 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру . . . 11
2. 2 Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру . . . 19
2. 3 Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру . . . 20
2. 4 Азаптау . . . 28
2. 5 Денсаулыққа жан күйзелісі ( аффект ) жағдайында зиян келтіру . . . 29
2. 6 Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде және қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру . . . 30
2. 7 Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру және қорқыту . . . 30
2. 8 Қорқыту . . . 31
2. 9 Соз ауруын жұқтыру . . . 32
2. 10 Заңсыз аборт жасау . . . 33
2. 11 Науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру . . . 35
2. 12 Қауіпті жағдайда қалдыру . . . 36
3. Денсаулыққа қасақана зардап келтіруді тергеу ерекшелігі . . . 37
3. 1 Денсаулыққа қасақана зардап келтірудің қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы . . . 37
3. 2 Бастапқы тергеу әрекеттері . . . 41
3. 3 Кейінгі тергеу әрекеттері . . . 44
Қорытынды . . . 46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 47
КІРІСПЕ
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына биылғы Жолдауында біздің Конституцияның әлемде демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отырғандығын, егер атына сын айтылып жұрсе, оның ережелерінің орындалуына ғана қатысты болып жүргендігін, онда берілген құқықтар мен мүмкіндіктер әлі де болса толығымен игерілмей келе жатқандыгын айта келе, ең әуелі қолданылып жүрген Конституциямыздың әлеуетін барынша пайдалануымыз қажет екендігін басып көрсетті.
Расында да, 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Ата Заңымыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының мағынасы мен мәніне тереңінен жугінсек, оның Қазақстандағы азаматтарды құқықтық қорғау, олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту женіндегі негізгі заң екендігін аңғару қиын емес. Конституцияның 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарың /1/ деп айқыннан-айқын көрсетілуі осы пікірдің нақты дәлелі болса керек.
Құндылық салыстырмалы түрде айқындалады демекші, біздің олданыстағы Конституциямыздың, казақ жерінде мұнан бұрын қолданылған конституцияларды былай қойғанда, әлемдік деңгейдегі мамандардың оң бағасын алғандығын ақпарат кұрадаарынан оқып, біліп жүрміз. Демократия үстемдік құрған әлемдік мемлекет - Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы сол кездегі елшісінің өз мемлекетінің басшыларына жаңадан қабылданған біздің Конституция туралы жағымды баяндама жолдағанымен де таныспыз.
Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында адамның құқықтары мен бостандықтарынын табиғилығын тану қазақстандық коғамның демократиялануға талпынғандығының айғағы. «Табиғи бөлінбейтін, айырылмайтын кұқықтарң деген сияқты ұғымдар бұрынғы кеңестік конституцияларға тән емес еді, ал ғылымда негізінен мемлекет пен қ. ұкықтың, я болмаса шет елдердін, конституциялык, құрылымдарының тарихын зерттеумен ғана байланыстырылатын. Сондықтан бұл турғыдан алғанда жаңа Конституция - адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жағынан біздің кезекті алға жылжуымыз.
Адамның табиғи айыруға жатпайтын құқықтарын мойындап, оларды негізгі конституциялык құқықтар мен бостандықтарда бекіте отырып, Негізгі заң оларды қорғау механизмдерімен қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасының Конституциясымен құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың екі маңызды - соттық және әкімшілік құралдары бекітілген.
1997 жылы қабылданған Қазакстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде (оның ерекше бөліміндегі нормалар 16-тараудан тұрады) біз карастырып отырған тақырып, яғни денсаулыққа қарсы қылмыстар бірінші тарауда жеке адамға қарсы қылмыстар деп аталатын тарауда көрсетілген және соның ішінде бап-баппен тізіліп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «ең басты құндылық адам және адамның өмірі, кұқықтары мен бостандыктарың - деп жарияланған.
Қазакстан Республикасының Қылмыстық Кодексінін, 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, мен заңды мүдделерін корғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазакстан Республикасының барлык заңдары адамды, оның құқықтары мен бостандыктарын қорғауға әр уакытта артықшылықтар береді. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады, соның ішінде жеке адамның бостандығына кол сұғатын әрекеттерге карсы күрес жүргізуде қылмыстық заңның маңызы зор. Жеке адамның денсаулығына қарсы кылмыстардың жеке кұрамдары Қылмыстық Кодекстің 103-119-баптарында тікелей көрсетілген. Қазіргі танда 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес адамның денсаулығына зиян келтіру құқықка карсы әрекеттердің жиынтығын кұрайды, бұл түрлі қылмыстар мен қылмыс кұрамдарында көрініс табады.
Қазақстан Республикасында сотталғандар жөніндегі мағұлматқа көз жүгіртер болсақ, қазіргі қолданыстағы кодекс бойынша сотталғандар саны мынадай. Елімізде 1998-ші жылы 58 394 қылмыскер сотталса, 1999-шы жылы 66 311, 2000-шы жылы 77 984, 2001-ші жылы 70 924, ал 2002-ші жылы 64 829 адам және 2003-ші жылы 50 271 адам сотталды.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы статистикалық деректерге сүйене отырып, зерттеу тақырыбымыз - денсаулыққа қарсы қылмыстар болып отырғандықтан, біз осы қылмыс бойынша сотталғандар санын бөліп қарайтын болсақ, мынадай сандарды көреміз: 1998-ші жылы 1 368 қылмыскерге осындай қылмыстар жасаса, 1999-шы жылы 1 512, 2000-шы жылы 1 238, 2001-ші жылы 1 364, ал 2002-ші жылы 1 392 сотталушыға және 2003-ші жылы 1 234 сотталушы жасаған болып отыр /2/.
Денсаулыққа қарсы қылмыстар ерекшеліктерін арнайы зерттеудің өзектілігі, жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару заңдарында орын алып отырған өзгеріс - жаңалықтарға байланысты. Сонымен қатар, бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы және қазіргі Қазақстан Республикасында денсаулыққа қарсы қылмыстар туралы біраз еңбектер жарыққа шыққаны жалпыға мәлім. Алайда, ерекше бір айтатын мәселе - денсаулыққа қарсы қылмыстар бойынша жаңа заңға көптеген өзгерістер енгізілгеніне қарамастан, біздің елімізде ғылыми зерттеулер жүргізілмеген. Осыған орай, сот, құқық қорғау органдарының жұмысында, мекемелердің іс-әрекетінде әр түрлі методикалық олқылықтар кездеседі. Міне, осы айтылған жағдайларға байланысты денсаулыққа қарсы қылмыстарды арнайы зерттеудің өзектілігі талас туғызбайды.
1 Тарау. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
1. 1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Әрбір жеке адамның денсаулығы-ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі-жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрібір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрібір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде мемлекетіміздің Қазақстан Республикамыздың Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген осы бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау құқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі кепілді медициналық көмектің барша түрін алуға құқылы. “Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, содай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі” делінген. Осыған орай азаматтардың денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында, әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемлекеттік және жеке емдеу мекемелерін заңға сәйкес ақылы түрде не тегін медициналық жәрдем көрсетуді жүзеге асырып отыр.
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық дегеніміз-адам организімінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам организімінің әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақтап, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі-бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады /3/. Мысалы : адам денсаулығына зиян келуі-оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау-тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы-адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады. Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмыстарға қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады :
- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ;
- денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру ;
- денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ;
- ұрып-соғу ;
- азаптау ;
- денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру ;
- қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру ;
- қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру ;
- денсаулыққа абайсыздан зиян келтіру ;
- қорқыту ;
- ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын-тінін алуға мәжбүр ету ;
- медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерінің тиісінші орындамауы ;
- соз ауруларын жұқтыру ;
- адамның иммун тапшылығын вирусын жұқтыру ;
- заңсыз аборт жасау ;
- науқасқа көмек көрсетпеу немесе қауіпті жағдайда қалдыру /4/.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын жеке-жеке талдайық.
Дене жарақатының объектісі-бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады .
Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы-басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ, механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), әлектірлік жолмен, (тоқпен ұру), термикалық әсер ету (организмге инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді . Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.
Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің организміне хирургиялық операциялар жүргізуге келісім берсе, онда хирургтар осы хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алу мүмкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оның әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.
Дене жарақатын келтірудің субъективтік жағы 2 нысаннан тұрады :
- қасақана (тікелей және жанама) ;
2) абайсызда (менмендік және немқұрайлық) . Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамаға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптық болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын /5/.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субъектілері туралы мәселеге тоқталайық.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-тармағында былай делінген, дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас белгіленеді:
- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ;
2) ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру ;
Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс субъектілер үшін 16 жас белгіленеді :
- денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ;
- ұрып-соғу ;
- азаптау ;
- денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру ;
- қажетті қорғаныс шегіне шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру ;
- қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру ;
- денсаулыққа абайсызда зиян келтіру ;
- қорқыту ;
- соз ауруларын жұқтыру ;
- адамның иммун тапшылығын вирусын жұқтыру ;
- заңсыз аборт жасау ;
- қауіпті жағдайда қалдыру ;
Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жасаған есі дұрыс арнаулы субъектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады :
- заңсыз аборт жасау ;
- медицина қызметкерінің өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы ;
- ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету ;
- науқасқа көмек көрсетпеу.
Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас, ал кейбір субъектілер үшін 16 жас /6/.
2 Тарау. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері
2. 1 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
Дене жарақатын жіктеу жарқаттанудың әрбір түрі бойынша қоғамға қауіптілік дәрежесін де көрсететін болуға тиіс. Дене жарақаттануының қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі денсаулыққа келтірілген залал ауырлығы дәрежесіне тікелей байланысты болып келеді .
А. А. Жижиленко дене жарақаттарын жіктеу белгісі деп анатомиялы -патологиялық және әкономикалық мәселелерді алға тартты. Бұл жерде ол әкономикалық белгі запа шегушінің еңбек қабілеттілігіне келтірілген зиянды сиппаттайды, ал анатомиялық -патологиялық белгі сол дене жарақатының сипатын есепке алады деп көрсетті және бұл жереде барлық ағзалардың тұтастай жағдайын ескеру керек деді /7/.
Кейбір авторлар дене жарақатын жіктеу үшін бір ғана анатомиялық -патологиялық белгі жеткілікті деп санайды, ал еңбекке қабілеттілік жоғалтуды өз алдына белгі емес, тек дене жарақатын саралайтын жағдай деп есептеуді ұсынады /8/. Енді басқа бір криминалистер дене жарақатын жіктегенде әкономикалық белгілерге басымдық бергенді дұрыс деп табады. Мысалы, Н. В. Вламировский; денсаулықтың бұзылуына әкеліп соқтырған және соқтырмаған анықтамалар жәйлі бұл түсініктер мүлдем негізсіз деп жаза келіп, объективті және бір ғана белгі есебінде түрлі жарақаттану дәрежелеріне қарай 3 топтың біріне міндетті түрде жататын еңбек қабілеттілігін жоғалтуды ұсынады /9/. Ал М. И. Федоров дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтағанда әкономикалық белгі көп теген жағдайда анатомиялық- патологиялық белгіге қарама -қайшы келеді, сондықтан ол қолдануға жармасыз деді /10/.
Енді ауыр дене жарақатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалпы денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz