Әлеуметтік шиеленістердің себептері


КІРІСПЕ . . . 3-5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 6-23

1. ӘЛЕУМЕТТІК ШИЕЛЕНІСТЕРДІҢ СЕБЕПТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ . . . 6-11

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ . . . 12-24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25-27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 28-29

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік қақтығыстардың орын алғандығын байқай аламыз. Біздің тілімізде «шиеленіс» деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тілінде confliktus -қақтығыс деген ұғымды білдіреді. ХХ ғасырдың 90-жылдарында КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде тәуелсіз ел ретінде таныла бастаған Қазақстан Республикасы өзге де посткеңестік елдер сияқты әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінен арылып, жаңа нарықтық қатынасқа көшу арқылы дами бастады. Ел халқының ауқаттылық деңгейін жақсарту мақсатында бірқатар экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізілді және қазіргі таңда жалғасын табуда. Демократияландыру мен жаһандану сынды мәселелерге басты назар аударылды. Осындай күрделі де қарбаласты даму жолында көпұлтты Қазақстан халқы құрамындағы әртүрлі ұлттар мен ұлыстар арасында достық пен татулықты, ынтымақтастық пен ауызбіршілікті сақтап қалу еліміздің ең басты міндеттерінің біріне айналды. Дегенмен жасалып жатқан игі істердің астарынан қылтиып оқтын-оқтын ұлтаралық қақтығыстар белең алуда. Бүгінгі таңда көптеген елдер үшін ұлтаралық қақтығыс-түйіні шешілмеген, маңызды мәселелердің бірі. Ұлтаралық қақтығыстар- бұл ұлттар арасындағы саяси, территориялық, экономикалық, тілдік, мәдени, діни мәселелерді шешу барысында туындаған қарама-қайшылықтардың шектен тыс ушығуы. Ұлтаралық қақтығыстар шиеленісті және шешімі қиын қақтығыстар қатарына жатады. Тәжірибелер көрсетіп отырғандай көп этносты елдердегі ұлтарлық қақтығыстар өздерінің көлеміне, ұзақтығына және қарқынына байланысты басқа саяси қақтығыстардан басым түседі. Ұлтаралық қақтығыстар- мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық салаларына зиян келтіруі, көптеген зорлық-зомбылықтың орын алуына әкеліп соғады. Сондықтан мен бұл тақырыпты зерттей отырып, Қазақстандағы ұлтаралық қақтығыстардың әлеуметтік маңызды мәселе екенін анықтап, тереңінен түсіндіре білу.

Тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстан үшін сол тәуелсіздік пен егемендіктің, бостандық пен еріктіліктің негізін қалай отырып, оны одан әрі сақтап қалу- өмірлік маңызды мәселе болып саналады. Қазақстанды мекен ететін әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар ұлттық- мемлекеттік құрылысқа қатысуына қарай және өздерінің мәдени даму қарқынын айқындайтын жағдайларына қарай бір-бірінен ерекшеленеді. Осыған сәйкес мемлекетімізді мекен ететін барлық ұлттар мен ұлыстардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қорғау міндеті тұр. Әлемде қазіргі кезде бір ғана ұлттан тұратын мемлекет жоқтың қасы. Көптеген дамушы елдердің өзі көпұлтты мемлекет болып табылады және олардың өмір сүру деңгейіне көз жүгіртсек бірқатар ұлтаралық қақтығыстардың болып отыратынын көруімізге болады. Сол сияқты біздің республикамызда да болып жатқан ұлтаралық қақтығыстар, оларды жасаушы ұлт өкілдерін зерттеу қазіргі таңда кезек күттірмес мәселелер қатарында.

Менің бұл мәселені баяндама тақырыбы етіп алу себебім ұлтаралық қақтығыстар қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы болып өткен қақтығыстарға әлеуметтанулық талдау жасап, оны болдырмау шараларын қарастыру. Енді ғана аяғын тіктеп басқан біздің еліміз үшін ұлттар арасындағы шиеленістің экономикамызға, мәдениетімізге ұлтаралық достыққа едәуір зиян келтіретінін ұғындыра отырып жеткізе білу.

Қақтығысты, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды, тіпті қақтығыстық жағдайлардан бойын аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады. Қақтығыс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды. Қазіргі кезде, әсіресе, біздің қоғамымызда әлеуметтік қақтығыстар жиі орын алуда. Еліміздің нарық қатынастарына көшу барысында қоғам өмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмеген қақтығысты жағдайға ұласуы жиі ұшырасып отыр. Міне, сол себептен әлеуметтік қақтығыстарды оқып-үйренудің теориялық және қолданбалық маңызы бар. Болашақ мамандар қақтығысты жағдайларға басшылық ете білуі, оны дұрыс шешу жолдарын табуы, сол сияқты қақтығыстың алдын алу шаралары туралы біліммен қарулануы керек.

Ұлтаралық қақтығыстардың мәнін ашып көрсету үшін олардың басты себептерін білу маңызды орында. Ұлтаралық қақтығыстар- оңай шешілетін түйін емес. Әлем тарихына қарап отырсақ, ұлтаралық қақтығыстарға шектен тыс бой алдырған кей мемлекеттер тас-талқан болып, елдігі мен егемендігін жоғалтып, жырым-жырым болып бөлініп кеткендігін айқын көре аламыз. Көп ұлттылық пен көп мәдениеттілікті озық саясат арқылы жүзеге асырылмаса жоғары деңгейде өз нәтижесін бермейді. Сондықтан болып жатқан ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау және алдын алу шараларын мықтап қолға алуды талап етеді. Ата-бабамыздың маңдай терімен тіпті қанымен келген тәуелсіздігімізді сақтап қала алмауымызда мүмкін.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Әлеуметтік қақтығыстарды көптеген ғалымдар қарастырып, өздігінше анықтама берген. Әлеуметтік қақтығыстарды жан-жақты зерттеген конфликтология ғылымының классиктері Г. Зиммель, Р. Дарендорф, Л. Козер және К. Боулдинг. Сонымен қатар XIX ғасырдың соңында жарық көрген Г. Спенсер, М. Вебер және Л. Гумпловичтің еңбектерінде қақтығыстар әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырды.

Жұмыстың нысаны. Қазақстан Республикасында тіршілік етіп жатқан түрлі ұлттар мен ұлыстың өкілдері. Тәуелсіздігімізді алғанымызға бүгінгі таңда 20 жылдың көлемі болды осы уақыт ішінде орын алған ұлтаралық қақтығыстарға қатысушы түрлі этнос өкілдерін баяндаманың зерттеу обьектісі етіп алдым.

Жұыстың пәні. Ұлтаралық қақтығыстардың шығу себептерін анықтап, мәнін ашу.

Жұмыстың мақсаты. Қоғамда болып жатқан ұлтаралық қақтығыстардың өзіндік ерекшеліктері және олардың әрқайсысы бір-біріне мүлде ұқсамауы мүмкін. Ұлтаралық қақтығысты әлеуметтану ғылымымен қатар саясаттану, этнология, тарих ғылымдары зерттеп, қарастыратын болғандықтан, аталған

мәселеге әлеуметтанулық талдау жасап, түсініктеме беру.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы.

-Елбасы саясаты -жарқын істердің бастауы. Біз Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын қолдай отырып, әрі қарай жалғастыруымыз, жандандыруымыз қажет.

-Қазақстанда өмір сүріп отырған өзге ұлт өкілдерінің санасында Кеңес заманынан қалған түсінікті өзгерту керек және елдігіміздің негізін құраушы қазақ ұлтына басымдық берілуі керек. Бұл өзге ұлттарға қысым көрсету дегенім емес, тек қазақтың ұлттық құндылықтарына, ар намысына қайшы келетін әрекеттерге жол бермейтіндей бағдарлама жасалынуы керек.

Жұмыстың міндеті:

-Қоғамда орын алған әлеуметтік қақтығыстарға анықтама беру;

-Ұлтаралық қақтығысты зерттеген ғалымдардың еңбектерімен таныстыру;

-Ұлтаралық қақтығыстардың шығу себептерін анықтау;

-Ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу, болдырмау, бақылау шараларын көрсету;

1. ҰЛТАРЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ, МӘНІ

Адамның басты қажеттіліктерінің бірі қандай да бір кез келген топқа жатуға деген қажеттілік; отбасылық, туыстық, кәсібі және т. б. Осылардың ішінде маңызды орынға ие деп этникалық топты айта аламыз. Этникалық өзін-өзі идентификациялау тұлғаның тек әлеуметтік координат жүйесіне беріктілігін ғана емес, тұрақты әлеуметтік ортаға-этносқа жатуға қажеттілін білдіреді.

Этникалық жақындық ең біріншіден топішілік мінез-құлық нормаларымен, олардың тілдік, психологиялық, адамгершілік және түрлі мәдени құрамдары мен ерекшеленеді.

Осыған орай, өте қызықты болып Курт Левиннің этностық теңсіздіктің әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі туралы этнопсихологиялық зерттеуі көрінеді. Кез келген аз топтың төменгі бөлігі кішкене көп топтың қолдауында болады. Ұлтшылдық көпшіліктің қажеттіліктерінен көрінеді. Ол көпшіліктің шынайы мәселелерден алыстау амалы ретінде қолданылады.

Кейбір өкілдер үшін этникалық аз топтар, өз ұлттары да көпшілік жолына қойылған кедергі ретінде қабылдайды. Адамда болашаққа деген белгілі бір жоспары болады, ал статусы төмен топқа жатуы, олардың мақсатына жетуге кедергі келтіреді, сондықтан да адам өзін-өзі ол топтан шеттетеді, тіпті сол топқа деген жек көрушілік сезім пайда болады. Фрейд бұл феноменді өлім инстинктімен, өзін-өзі құртуға ұмтылумен түсіндіреді. Алайда, бұл тек төмен әлеуметтік статустағы топтарға ғана тән. К. Левин айтуы бойынша олардың арасында бірдей статус болғанда ғана жеккөрушілік жоққа шығады дейді. [1]

Халықтар арасындағы қарым-қатынасты сипаттауда этнос түсінігімен қатар ұлт ұғымы қолданылады. Әлемдік тәжірибеде ол бір мемлекеттің азаматтарының бірлігін білдірді. Этнос және ұлт түсініктерін анықтағанда, ұлт дегеніміз-ол этнос, яғни өз мемлекетін құрған этнос деп айтуға болады.

Айта кететін бір жайт, мемлекеттер арасындағы шекара этностардың нақты тұрғылықты мекен-жайларының шекарасымен ешқашан сай келген емес. Көптеген этностар мемлекет шекараларымен бөлініп қойған болатын. Ал ірі мемлекетті құру логикасы бойынша, барлық этностарды біріктіріп бір ірі мемлекеттің қамқорлығына алу қажет еді.

Ұлт-буржуазиялық дамудың көрінісі. Бастапқы ұлт XVIII-XIX ғасырларда құрылды. Осы кақытқа дейін адамдардың этникалық жағдайына көңіл бөлінбеді.

Этникалық қақтығыстардың мәні осында жатыр: әрбір этнос өз мәдениетін, тұрмысын және рухани бірлігін тек жеке мемлекет құрғанда ғана сақтауға болады деп тұжырымдайды. Этносты өзін-өзі сақтауға, өз құндылықтарын және дәстүрлерін қорғауға деген қажеттіліктер басқарып, алға итермелейді. Бұның күші де осында: этносты жоймай жатып, мұндай қажеттіліктерді жою мүмкін емес. Бар қайғылы оқиға да осында жатыр. Дегенмен, әрбір этносқа -бір мемлекет деген ойдың толық жүзеге асуы-таза мүмкін емес нәрсе. [1]

Әлеуметтік қақтығыстардың мәнін ашып көрсету үшін олардың басты себептерін білу керек. Әрине, қоғамда орын алатын қақтығыстардың өзіндік ерекшеліктері бар, олардың әрқайсысы басқа қақтығыстарға ұқсамауы мүмкін. Алайда қақтығыстарға тән жалпылама себептер барлық қоғамдарда орын алады. Бұл мәселеге байланысты ғылыми әдебиеттерде бірқатар тұжырымдамалар да бар.

Әлеуметтану ғылымында түрлі бағыттағы зерттеушілер өз кездерінде қақтығыстың қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп, бұл құбылысты жан-жақты зерттеудің қажеттілігін мойындаған еді. XIX ғасырдың соңында жарық көрген Г. Спенсер, М. Вебер және Л. Гумпловичтің еңбектерінде қақтығыстар әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады. Л. Гумплович, К. Маркстен кейін көп ұзамай қақтығыстардың шығу себептерін адамдардың материалдық қажеттіктерін өтеуге бағытталған күрестен іздеу керектігін айтады. [43, 44]

«Әлеуметтік қақтығыс» терминін алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г. Зиммель болды. Г. Зиммель қақтығысты қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған. Г. Зиммельдің бұл бағыттағы ғылыми көзқарастарын XX ғасырдың 20-шы жылдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнест Бэрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар «әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын» негіздеді. Бұл теория бойынша қақтығыс еркін бәсеке, бейімделу,, ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырған.

Қақтығыс әлеуметтану ғылымының құрамында өз алдына жеке бағыт ретінде XX ғасырдың 50-жылдарында қалыптасты. Әлеуметтік қақтығыстарды жан-жақты зерттеген конфликтология ғылымының классиктері Р. Дарендорф, Л. Козер және К. Боулдингтер болды. Олар өздерінің еңбектерінде қақтығыстардың барлық қоғамдық жүйелерге тән жалпылама себептерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасап, қақтығыс поцестерін реттеу және шешудің жолдарын көрсетті. [43, 44]

Неміс әлеуметтанушысы Р. Дарендорфтың ойынша, әлеуметтік қақтығыстардың басты себебі- саяси факторлар. Дәлірек айтқанда, қақтығыстар саяси билік мәселесіне байланысты туындайды. Бұл автор қоғам өмірінде әлеуметтік қақтығыстардың болуы заңды құбылыс екендігін айта келіп, адамдар арасындағы теңсіздік билікке байланысты деген қоытындыға келді. Билік барлық қоғамның мүшелеріне беріле бермейді. Қоғамда бір топ адамдар басқаларды басқаруға, бұйрық беруге, тәуелді етуге бағытталған билікке ие. Ал, көпшілік оларға бағынышты жағдайда. Мұндай әлеуметтік теңсіздік жеке адамдардың, әлеуметтік топтар мен таптардың меншікке, материалдық игіліктерге ие болуға, бөлінуге байланысты теңсіздігін тудырады. Міне, сол себепті Р. Дарендорф өз теориясында меншік, материалдық игіліктерді бөлу мәселесіне басты назар аударады. Қоғамдық еңбек бөлінісінде, меншік қатынастарында, билік жүйесінде, материалдық игіліктер де әрдайым орын алады. Барлық адамдарды теңестіретін қоғам орнату мүмкін емес. [41]

Ресей әлеуметтанушысы А. Т. Здравомысловтың пікірінше, қоғамда белгілі бір топтың азық-түлікке, тұрғын үйге, еңбек етуге, әлеуметтік бостандықтар мен құқықтарға деген қажеттіліктері қанағаттандырылмайды, әрине, әр адам лайықты өмір сүруге ұмтылады. Бұл аталған қажеттіліктер мүддеге айналады, мүддесі ортақ адамдар топталып, билікке, байлыққа қол жеткізу үшін басқалармен бәсекеге түседі. Ал, бәсекелесу қақтығысуға ұласады деп түсіндіреді.

Ресей әлеуметтанушысы А. Г. Здравомыслов әлеуметтік қақтығыстарды орын алу салаларына қарай жіктеуді ұсынады. Біздің ойымызша, осылайша жіктеу икемді де ыңғайлы, әрі түсінікті болады. Автор әлеуметтік қақтығыстарды экономикалық, саяси, ұлтаралық қақтығыстар деп жіктейді.

  1. Саяси қақтығыстар демократикалық қоғамдағы қалыпты құбылыс. Қақтығыстың бұл түрі билік, ықпал, белдел сияқты мәселелерге байланысты туады. Саяси қақтығыстар ашық немесе жасырын сипатта болуы мүмкін. Кей жағдайда қақтығыстар өрбіп, көтеріліс, жаппай қозғалыс немесе азамат соғысы сияқты кең көлемді қоғамдық оқиғаларға ұласуы да мүмкін.
  2. Ұлтаралық қақтығыстар көпұлтты мемлекеттердегі ұлттық, этникалық топтардың өз құқықтары мен бостандықтарына қол жеткізуге бағытталған күрес негізінде болады. Көпшілік жағдайда ұлттардың мәртебесіне, сол сияқты территория мәселесіне байланысты да болады. Ұлтаралық қақтығыстардың саяси сипатта болуы әбден мүмкін.
  3. Экономикалық қақтығыстар жекеленген индивидтер мен әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайларына, атап айтқанда, еңбекақы тұрмысқа қажет заттардың бағасы, қоғамдағы байлық пен ресурстарды бөлу мәселелерінен келіп шығады. [41]

Әлеуметтік қақтығыстарды жіктеудің жолдары сан алуан. Қақтығыстарды жіктеуде ең бастысы-оның дұрыс шешімін табуды басты мақсат ету қажет.

Ұлтаралық қатынастарды реттеу өте нәзіктікті талап етеді. Тағдырдың жазуымен елімізге түрлі ұлттардың өкілдері келіп қоныстанды. Аллаһқа шүкір, кішігірім ұлтаралық қақтығыстарды есепке алмасақ, басқа ұлттар және ұлыстармен тату өмір сүрудеміз. Осы қатынастарымызды ары қарай қалай жетілдіре аламыз? Бұл маңызды мәселені мүмкіндігінше ислам діні тұрғысынан қарастыра кетуді жөн көрдім.

Бүгінгі күні елімізде әртүрлі тарихи процестердің негізінде қоныс аударған ондаған ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп жатыр. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздегі диаспоралар өздерін жат санамауы үшін мемлекетіміз оларға қал-қадірінше жағдай жасауда. Әсілі, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуде көп ұлтты болудың тиімділігінен гөрі, тиімсіз тұстары басым екендігі белгілі. Себебі, дербестікке қол жеткізгеннен кейін мемлекетіміздің үш ғасырға жуық отарланған қазақ халқының еңсесін көтеруге басымдық беруіне ең басты кедергі болған - Қазақстанның көпұлтты мемлекет болып қалыптасуы болатын. Алайда, мемлекеттік мүмкіндікті бір ұлттың мүддесі үшін жұмылдырсақ, еліміздегі диаспораларды көрер көзге шеттеткен болар едік. Әрі мұндай біржақты ұстанымның мемлекеттің біртұтастығын сақтауда пайдасынан гөрі зияны көп болатындығы айдан-анық мәселе.

Бүгінгі күні мемлекетімізге ұлтаралық қатынастарды реттеуді одан ары қарай жетілдіріп, бұл мәселеде жаңа аспектілер белгілеу міндеті жүктеліп отыр. Бұл үшін әлемдегі ұлтаралық қатынастарды реттеу жөніндегі қалыптасқан әртүрлі тұжырымдарды терең зерделеумен Қазақстандағы ұлтаралық мәселелерді тиімді шешуге қол жеткізе аламыз.

Ислам діні Қасиетті Құран Кәрімде ұлттардың жаратылуы жөнінде: «Сондай ақ, бір біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар етіп жараттық» («Хужурат», сүресі, 13-аят), - деп бұйырылады. Яғни, ұлттық ерекшеліктер Ұлы Жаратушының қалауымен болған құбылыс. Демек, дін тұрғысынан алып қарағанда бір ұлттың өзіне тән ерекешелігін ешкімнің сөгуіне қақысы жоқ. Қайта ұлттық ерекшеліктерге Аллаһ тағаланың жаратылысы деп бұған белгілі бір өлшем негізінде төзімділікпен қарауымыз керек.

Бір мемлекеттің негізін құраушы ұлтпен бірнеше ұлттардың қатар өмір сүруі жөнінде Құранда: « . . . Ал, егер сендерден бой тежесе, сондай-ақ, қолдарын тыйып, өздеріңе келісім ұсынса, онда Аллаһ сендер үшін оларға қарсы бір жол қоймады . . . » («Ниса» сүресі, 90-аят), - деп бұйырылады.

Ислам діні ұлттарға тең қарау керектігін алға тартады. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) бір хадисінде: «Араб ұлты өзге ұлттардан үстем емес. Сондай-ақ, өзге ұлттар да араб ұлтынан үстем емес. Үстем болу Аллаһқа деген жақындықпен ( тақуалықпен) өлшенеді», - деген болатын. Яғни, бұл хадис бойынша ұлттардың бір-бірінен ешқандай бір артықшылығы жоқ, тек үстемділік тақуалықпен өлшенеді деп көрсетіледі. [47]

ХХ ғасырдың 50-ші жылдан бастап Батыс Еуропа мен АҚШ-тың ғалымдары әлеуметтік қақтығыстардың атқаратын қызметін жағымды, қоғам үшін пайдалы деп атап көрсетті. Мәселен, Л. Козер (АҚШ) қақтығыстар әлеуметтік жүйені тоқыраудан сақтайды деген. Бұл құбылыс қоғамның тазаруына, ілгерілеп дамуына ықпал етеді, соның нәтижесінде қоғамның өміршеңдігі қамтамасыз метіледі дейді. Шын мәнісінде, әлеуметтік қақтығыстар жағымды қызмет атқарады деп көрсетеді. [41]

Олар мыналар; Ақпараттақ-танымдық қызметі. Яғни әлеуметтік қақтығыстар қоғам өміріндегі шешілуі қажет түйсінді мәселелер туралы, қалыптасқан қайшылықтар. Туралы ақпарат береді. Сонымен қатар қақтығысты жағдайда әр жақтың адамдары өздерінің және қарсы жақтың мүдделерінде айқын сезінуге мүмкінділік алады. Өзара пікір -талас, қызу айтыс кезінде айқындыққа қол жеткізу мүмкіндігі туады.

Әлеуметтік қақтығыстардың келесі біржағымды қызметі интегративтік деп аталады. Бұл қызметтің мәні -қақтығыстың пайда болуы, дамуы және оның дұрыс шешімін табуы барысында адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының тығыз топтала түсумен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде қоғамдық қатынастар үйлесімге келіп, қоғамда белгілі бір деңгейде тепе-теңдіктің орнауы қамтамасыз етіледі.

Бұл жерде мынандай мәселені де естен шығармау керек. Қоғамда түрлі деңгейде болып тұратын қақтығыстар адамдарды топ шеңберінде топтастырып, біріктірумен қатар қоғамдық қатынастардың бұзылуына, әлеуметтік құрылымдардың жіктелуіне де әкеледі. Дәлірек айтсақ, қақтығыстардың интегративтік қызметімен қатар, қоғамда жік туғызу, әлеуметтік жүйеде түрлі топтардың пайда болуына ықпал ететін де жағы бар екендігін естен шығармауымыз керек.

Қақтығыстардың динамикалық (серпінділігі) деп аталатын жағымды қызметі бар. Яғни, қақтығысты, даулы мәселелерді шешу нәтижесінде әлеуметтік жүйенің, жалпы қоғамның сапалы, мәнді өзгерістерге қарай дамуына жол ашылады. Қақтығыстар неғұрлым көлемді, тереңірек болса, олардың әлеуметтік процестерге тигізетін ықпалы да соғұрлым күштірек болады. [ 41]

Әлеуметтік қақтығыстардың жағымды жақтарымен қатар олардың кері, жағымсыз да салдары бар екендігін баса айтқанымыз жөн. Күнделікті өмірде кездесетін дау-жанжалдар, қақтығыстар адамдар арасында өшпенділік туғызады, тіпті қантөгіске деұшыратуы әбден мімкін. Сонымен қатар қоғамның тұтастығына, бірлігіне де шек келтіреді. Ұзаққа созылған, ауқымды қақтығыстар кең көлемді материалдық шығындарға ұшыратады.

Қысқарта айтқанда, қақтығыстардың қоғамға тигізетін жағымды ықпалымен қатар кері де жақтары болады. Олардың салдарын бір жақты бағалауға болмайды. Сол себептен кез келген қақтығыстың салдарына үңілгенде, жағымды, позитивтік жағы басым немесе жағымсыз, негативтік жағы басым деп бағалау орынды.

Шығуына, сипатына, типологиясына, шешу жолдарына байланысты әртүрлі қақтығыстардың ішінде ұлтаралық қақтығыстар ерекше топты құрайды. Олар күрделі шиеленісті және шешімі қиын қақтығыстар қатарына жатады. Тәжірибелер көрсеткендей, көп ұлтты елдердегі ұлтаралық қақтығыстар өздерінің көлеміне, ұзақтығына және қарқынына байланысты басқа саяси қақтығыстардан басым түседі.

Ұлтаралық қақтығыстар- бұл ұлттар арасындағы саяси, территориялық, экономикалық, тілдік, мәдени, діни мәселелерді шешу барысында туындаған қарама-қайшылықтардың шектен тыс ушығуы. Яғни, тұтастай этностар және олардың жеке өкілдері арасында жанжал болып отыр. Олар заң шығарушы ұлттық-мемлекеттік институттардың қызметі деңгейлеріндегі әлеуметтік-психологиялық және идеологиялық түсінігінде пайда болып әрекет етуі мүмкін. [2]

Ұлтаралық қақтығыстардың кеңінен тараған түрлеріне төмендегілер жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік
Экономика саласындағы әлеуметтік шиеленістер
Әлеуметтік шиеліністердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі
Шиеленістің табиғаты мен психологиялық ерекшелігі
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Қазіргі таңдағы әлемнің шиеленіс аймақ елдеріндегі жалпы саяси жағдай мен мәселелер, оларды бейбіт түрде шешу жолдары
Шиеленістің қатысушылары
Әлеуметтік шиеленістер
Әлеуметтану бойынша материалдар
Қақтығыстар мен шиеленістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz