Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты мәліметтер


ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты тұжырымдар
2. Тарих
3. ДІН ТАРИХЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
4. Діндер тарихының зерттеу обьектісі
5. Діндер тарихының әдісі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тарих, араб тілінің сөзі болумен қатар, ортақ семит тілдері «у-р-х» түбірінен шыққан. Бұған қарағанымызда тарих «ай» -дың анықтамасы. Бұл термин бір жағынан болып өткен істің, тарихи оқиғаның мерзімін анықтап белгілеу, екінші жағынан бұл оқиғаның болған сәтін, уақыт кезеңін, хронологиясын баян етеді. Тұспалдап бір оқиғаның күнін, айын және жылын білдіру үшінде тарих сөзі қолданылуда.
Сөздік мағынасынан бөлек «тарих» бір ғылым саласының аты. Сондықтан тарих, қоғамдарға, халықтарға ықпал еткен оқиғаларды уақыт пен жерді көрсете отырып түсіндіретін, бұл оқиғалардың себеп-салдарының байланысын үйрететін ілім саласы. Өткенімізді болғанындай етіп баяндайтын бұл білім саласы адамдардың өмір сүруі мен мәдениет саласын да қамтыған. Мұнымен қатар тарих, ұлттық сана-сезімнің, ұлттық бірліктің түп негізі болып есептеледі.
Бір білім саласы ретінде тарихты сипаттайтын түрлі анықтамалар бар. Г. Монод, тарихты «Адамзат әрекеті мен түсініктерінің бір-бірінің ізімен жүруі, дамуы және шежіреге айналуы тұрғысынан пайда болған оқиғалар жиынтығы» деп анықтама берген.
Өз басына дамыған ешқандай білім саласы жоқ. Әрбір білім саласының басқа білім салаларымен жан-жақты байланысы бар. Тарихтың археология, жағрафия, әлеуметтану, философия, құқық, экономика секілді білім салаларымен өзара байланысы бар. Тарихтың философиямен байланысынан тарих философиясы пайда болғанындай, философияның да тарихы бар (Философия тарихы) . Құқық, медицина, экономиканың тарихы болғаны секілді (құқық тарихы, медицина тарихы, экономика тарихы) діннің, діндердің де тарихы бар. Бір білім саласы ретінде бұл сала діндер тарихы деп аталады.
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты тұжырымдар
Ислам ғалымдары дінге әртүрлі анықтама берсе де бұл анықтамалардың бір-біріне өте жақындығы көңіл аудартарлық. Бұлардың бірнешеуіне мысал келтірейік.
Сайд Шәріп Жұрханидың (816/1413 ж. ө. ) «Тағрифат» атты еңбегінде дінге былайша анықтама берілген: «Дін дегеніміз - ақыл иелерін пайғамбардың әкелген нәрселерін қабыл етуге шақыратын тәңірлік заң». (5)
Бұл анықтаманың мағынасын одан әрі нақтылай түсетін тағы бір анықтама бар: «Дін дегеніміз - ақыл иесі - адамға ерікті түрде қайырлы нәрселерге жөн сілтейтін тәңірлік заң. Яғни ол - Ұлы Аллаһтың қайырлы нәрселерге, мәңгілік бақытқа жету жолындағы құлдарына уағыздаған заңдары». (6)
Тағы бір анықтама: «Дін, ақыл иелерін өз қалауларымен осы өмірде туралыққа, ақыретте азаптан құтылуға шақырады» (7) (Таха-Нәби)
Бұл соңғы анықтама діндар бірінің дүниеде және ақыретте бақытты болатындығын түсіндіру. Жоғарыда аталып өткен бұл үш анықтама бір-біріне өте жақын мағынаны қамтиды. Бұл анықтамаларға үңілер болсақ Ислам бойынша дін; ақыл иесі саналы адамдарды, өз қалауларымен қайырлы болған нәрселерге жетелейтін Тәңірлік заң. Дін пайғамбарлардың уахи және илхамға сүйене отырып халыққа жеткізген нәрселерінің топтамасы. Дін адамзаттың кемеліне толысып жету үшін ұстана алатын ең тура жол. Дінді тек қана Аллаһ жібереді. Ешқандай адам, тіпті пайғамбарлар да иләһи дінді ортаға қоя алмайды. Пайғамбарлардың міндеті тек қана жеткізу (8) . Дін адамзат үшін. Дін арқылы олар табысқа жетеді. Өйткені дін, ақылды, саналы адамдарға жақсылық пен жамандықты үйретеді; оларды өз қалауларымен жақсы істер жасауға, жамандықтардан ұзақ жүруге шақырады.
Мұны аңғарған Әбу Хасан Али әл-Хасан ән-Нәдуи мұның маңызы жайлы қысқаша былай деп түсіндіреді: «Салыстырмалы зерттеулерге болған қажеттілік ұшан-теңіз. Өйткені мұсылман салыстырма жасамайынша, Аллаһтың мәңгілік әрі толық жетілген кәміл дін арқылы өзіне берген игіліктердің қадірін білмейді. Мұсылман Исламның ғибадат пен сенім негіздерін басқа діндермен салыстырмайынша Исламға деген шүкіршілігі мен мақтанышын өз дәрежесінде ұғына алмайды». Нәдуи айрықша Хз. Омар (р. а. ) - дың «Ислами ортасында өсіп, жаһилия (надандық) кезеңін білмеген адам Исламда сатылаған сайын бұзуы әбден мүмкін», - деген риуаят келгендігін айтады. (13)
Қанунидің Сүлеймания Мешітінің заңнамасында, Сүлеймания мешітінің имамында болуы керек сипаттардың арасында «Исламның ақиқатын ортаға қоя алуы үшін діндер мен салыстырмалы діндер тарихын білуі тиіс», - деген шартты қосқандығы айтылған. (14) Бұл төрт ғасыр бұрын да діндер тарихының маңыздылығына мән берілгендігінің дәлелі. Сондықтан да барлық діндерді қаз қалпында жеткізетін діндер тарихының және салыстырмалы діндер тарихының маңыздылығы мен қажеттілігі айрықша.
Діндер тарихы саласында ең алғаш және маңызды зерттеулерді жасаған мұсылман ғалымдары екендігі көңіл аударарлық жай. Өйткені олар бұл мәселелерде Құран Кәрімді басшылыққа алады. Құран Кәрімде басқа да діндер жайында мағлұматтар берілген. Мұсылмандардың Құран Кәрімде аталып өткен басқа діндерге қатысты мағлұматтарды түсініп, баға беруі діндер тарихы аясында жүзеге асады. Сондықтан да ешбір мұсылманда діндер тарихына қате пікір болмауы тиіс. Мұсылман ғұламалар мен мұсылмандар діндер тарихының мәнін түсіне отырып басқа діндерге де көңіл бөлген. Бұл көңіл бөлудің түрлі себептері бар.
ДІН ТАРИХЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Діндер тарихы діндердің шыққан жері мен уақытына қарай қарастырады. Бұл зерттеулер барысында кейде салыстырулар да жасалады. Кейбір ғалымдар діндерді тарихи бағытына қарай айна-қатесіз түсіндіру дұрыс деп тапса, енді бірі салыстырмалы зерттеуді дұрыс көреді. Екі көзқарастың жақтаушылары да діндер тарихының анықтамасында бұл екі мәселеге де назар аударуды мақсат етеді. Сондықтан да діндер тарихының анықтамасы тарихи және салыстырмалы зерттеулерге сай екі жақты жасалуы мүмкін. Екі көзқарастың жақтаушылары да діндер тарихының анықтамасында бұл мәселелерге тоқталуды мақсат етеді.
Тарихи зерттеулерге қарағанда діндер тарихы, тарих және филологиялық әдістерді қолдана отырып діндердің пайда болуы мен дамуы, сенім, ғибадат, ахлақ және осы секілді тақырыптарда, тарихи бағыты ішінде зерттейтін тәртіп. Салыстырмалы зерттеулерде діндер тарихы діндердің басқа діндермен арадағы байланысты ұқсастық, түрлі және ортақ ерекшеліктер бойынша салыстыра отырып қолға алатын бір білім саласы.
Діндер тарихы тіркесі, көпше түр қолданылуында (діндер түрінде) әр діннің тарихи бір оқиға ретінде қолға алыну саласын ишарат етеді. «Дін тарихы» тарихи жалғасымы ішінде «дін»-нің ерекшелігі мен ақиқатын зерттеу мағынасына келеді. Діндер тарихы кейбір ғалымдар тарапынан мұқияттылықпен салыстырылмалы дін және дін феноменологиясынан бөлек тұрады. Сонымен қатар жоғарыда аталып өткен екі қағидаға тоқталмай тарихи бір діннің зерттелуі қиын. Діндер тарихы өте маңызды бір білім саласы. Өйткені кейбір діннің тарихи мәліметтері, бір қортындыға бармастан бұрын, өз дәрежесінде зерттелуі керек. Бұл зерттеулер тек қана діндер тарихы саласымен ғана іске асады.
Діндер тарихының зерттеу обьектісі
Діндер тарихының зерттеу обьектісі, тарих сахнасында орын алған барлық діндерді қамтиды. Қазіргі кезде өмір сүріп жатқан діндермен қатар, бұл күнде ешқандай сенушісі жоқ діндер де бар. Діннің бұл екі түрі де діндер тарихының қарастыратын мәселесі болып табылады. Діндер тарихы діндерді дұрыс және бұрыс деп бөлмей иләһи діндерді де әрі басқа иләһи емес діндерді де қарастырады. Діндерді жеке-жеке олардың сенім негіздеріне, пайда болу кезеңіне, даму тарихына қарай қарастырады.
Қорыта айтқанда діндер тарихы осы уақытқа дейін жеткен діндерді немесе жетпей жоғалып кеткен діндерді, әлемдегі бүкіл діндерді қарастырады және сонымен бірге зерттей отырып салыстырады.
Діндер түрлі бейнелерде бөлінеді. Бірақ барлық ғалымдарда ортақ қабылданған діннің анықтамасы болмағаны сияқты, нақты түрде діндерді сыныптарға да бөлмеген.
И. Вах діндерді «құрушысы бар діндер», «әдет-ғұрыптық діндер»; Г. Меншинг болса «ұлттық діндер», «әлемдік діндер», - деп екіге бөледі. А. Шиммел де діндерді «алғашқы тайпалық діндер», «ұлттық діндер», «әлемдік діндер», - деп үшке бөледі. Діндерді басқаша былай да бөледі:
Сакроментті (діні мерекелерге негізделетін) діндер.
Профетті (пайғамбарларға қатысты) діндер.
Мистикалық (сопылық ағымдағы) діндер.
Діндер сонымен қатар «әнсаби» және «әшкали» болып пайда болған жерлері мен географиялық жағдайларға қарай да бөлінеді. Бұлардан басқа да сыныптарға бөлу жасалынған.
Ислам зерттеушілері діндерді «хақ діндер», «батыл діндер» немесе уахиға сүйенетін иләһи діндер, уахиға қатысы жоқ табиғи діндер деп екіге бөлген.
Діндер тарихының әдісі
Әрбір ғылым саласының өзіне тән бір әдісі бар. Діндер тарихының, тарих, социология және филология салаларының әдістерінен де пайдалана отырып, өзіне тән дискривтивті яғни бұрмаламай сол күйінде беру тарапсыз түсіндіру әдісі бар. Дін философиясынан өзге дін басқа ғылыми салаларымен ортақ баға беру әдісі арқылы діндер тарихы қандай да бір дінді жақтауға байланысты теологиялық, кәләм яғни сенім ілімдерінен бөлек тұрады. Діндер тарихы діндерді, қандай болса сол күйінде қарастырады. Сондықтан діндер тарихы саласында жұмыс істейтін зерттеуші ғалымдар негізінде қандай дінді ұстанса да ғылыми зерттеулерінде тарапсыз яғни бұрмаламай әрекет етуі керек. Өйткені дін ғылымдары қағида қоймайды, дұрыс-бұрысы емес, діндерді қандай болса сол ерекшеліктерімен танытады.
Діндер тарихында анықтау әдісімен қатар салыстырмалы әдісі де қолданылады. Діндерде түрлі оқиғалар орын алады. Бұл оқиғалардың анықталуы, феноменологиялық әдіске байланысты. Феноменологиялық әдіспен белгіленген феномендерді салыстырмалы әдіспен қолға алсақ та болады.
Діндер тарихының жоғарыда аталып өткен ғылым салаларымен қатар олардан басқа ұштасып жатқан бірнеше ғылым салалары да бар. Бұлардың алғашқысы тарих. Тарих жерге және уақытқа байланысты өткен өміріміздегі болып өткен оқиғаларды қарастыратын білім саласы болуы тұрғысынан өткен уақыттағы діндер мен қазіргі өмір сүріп жатқан діндердің тарихи дамуы жағынан діндер тарихына мәлімет береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz