Баланы ауызша сөйлеуге үйрету



Кіріспе ... ... ... ... ... . 1.3
І. Тарау
1.1. Баланы ауызша сөйлеуге үйретудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.8
1.2. Балаларды ауызша сөйлетуге дайындық түрлері ... ... ... ... ... ... ..8.10

ІІ. Тарау
2.1. Мектеп алды даярлық тобында жүргізілетін әңгіме түрлері ... ... 11.17
2.2. «Балбөбек» бағдарламасы бойынша жүргізілетін сабақ үлгілері ... ... ... ... ...17.22
2.3. Сабақ үлгісі ... ... ... ..23.28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... 29.30

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... 31
Тілдің негізгі элементі – сөздік қор. Ал сөздік қор тілдің құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлары бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы екені белгілі.
Тілдің негізгі сөздік қоры – тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі. Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтай лтырып, тілдегі жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады. Сөздердің негізгі сөздік қорда кең қолдануы мен ұзақ сақталуы олардың сөз жасау қабілетін дамыта түседі. Сөздік қордың тұрақтылығы, тіл бірлігін сақтап, көне дәуір әдеби ескертіктерін ұғынуға, тануға мүмкіндік тудырады.Қазақ тіл ғылымының , негізін салушы А.Байтұрсынов «Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйытқысы», деген еді.
Ғалымдардың сөздік қор ұғымына берген анықтамалары ұқсас. Қазақ тілі – ғасырлар бойы дамып жетілген, қолдану аясы кең тілдердің бірі. Құрамындағы сөздердің саны ұланғайыр көп. Негізгі сөздік қор тірек болатын - халықтың байрығы сөздері. Сондықтан байырғы сөздерді «сөздік қор » деп атайды.
Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі - өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндетті жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл. Ресей ғалымдарының : «Қазақтың жәй сөзінің өзі өлң оп құйылып жатады ...» ( Радлов), «Тұркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл - қазақ тілі ( Малов) деп тамсана таңырқаған, бұл тілдің айтқыш қайшықтылығын, сұлу да сұңғлалығын есімізден шығармайық дейміз.
Қазақ мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары осы байлықша бірі игеруге , екіншісі игеруге ұмтылып отырса ғана ана тіліміздің алдындағы перзенттік борыштарымыздың өтей аламыз. Ана тілін қадірлеу, оның байлығын сақтап, үйрену үлкен патриоттық іс.
Тіл дамту жұмысын кешенді жүргізудің жолдарына тоқталайық.
а) Тілдің дыбысталу нормасын меңгеру
ә) Сөздік тілдің қажетті материалы. Сөздік қорын меңгеру .
б) Сөздік мағынасын дұрыс түсіндіндірудегі ең тиімді әдіс – сөздің морфологиялық талдау жасау, сөзден сөз тудыру, жаңа сөз жасау.
Адамның сөздік қоры екі жағдайда жетіліп отырады: бірі сөзді активтт қолдану, екіншісі пассивті қолдану.
Сөз мағынасын дұрыс түсіндіру, түсіндіре білу керек.Сөйлеу тұрінде сөз мағынаының алатын орны зор.
Демек, сөздік қорды байытудағы тіл дамыту жұмыстарының басты мақсаты –ең маңызды жұмыстардың бірі. Бұл, әрине төменгі сыныптан бастап оқушылармен үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асырылады.. Мұғалім сабақтың тиімділігін арттырып, оқушылардың ой-дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін үнемі дамытып отыруды көздейді. Бұл әр-тұрлі әдіс-тәсілдерді қолданған жұмыстарды жүргізу барысында іске асады.
1. Балжан Жасубиева. Сөздік қорды дамытудың педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері. //Ұлағат . №4. 2003. /шілде – тамыз/
2. Худайбергенова Г.А. Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы. Түркістан – 2009
3. Совет-хан Ғаббасов. Педагогика мен психология негіздері. 3 – ші басылым. Таймас баспа үйі. Алматы – 2008
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы «Балбөбек» бағдарламасы. Алматы – 2006
5. Абдуллина Гүлнар. Ауызша сөйлеуге дайындық. //Қазақстан мектебі. 1-2009. 36-37 б.
6. Ә.С.Әмірова, Қ. А. Анартаева. Тіл дамыту. Алматы – 2005.
7. Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. (2-6 жас аралығы). Алматы «Рауан» 1991.
8. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұсынған Мектеп алды дайындық. Алматы «Просвещение - Қазақстан» 2007
9. Р.М.Шалова. Ә.Қоңырбаев. //Бастауыш мектеп. №10. 2005
10. www. google. kz

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 1-3
І. Тарау
1.1. Баланы ауызша сөйлеуге үйретудің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..4-8
1.2. Балаларды ауызша сөйлетуге дайындық түрлері
... ... ... ... ... ... ..8-10

ІІ. Тарау
2.1. Мектеп алды даярлық тобында жүргізілетін әңгіме түрлері ... ... 11-17
2.2. Балбөбек бағдарламасы бойынша жүргізілетін сабақ
үлгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 17- 22
2.3. Сабақ үлгісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..23-28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 29-30

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 31

Кіріспе.
Тілдің негізгі элементі – сөздік қор. Ал сөздік қор тілдің құрамының
ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлары бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы
күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы екені
белгілі.
Тілдің негізгі сөздік қоры – тілдің сөздік құрамының ең тұрақты
бөлігі. Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтай лтырып, тілдегі
жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады. Сөздердің
негізгі сөздік қорда кең қолдануы мен ұзақ сақталуы олардың сөз жасау
қабілетін дамыта түседі. Сөздік қордың тұрақтылығы, тіл бірлігін сақтап,
көне дәуір әдеби ескертіктерін ұғынуға, тануға мүмкіндік тудырады.Қазақ тіл
ғылымының , негізін салушы А.Байтұрсынов Сөздік құрамның ең басты және
тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл
лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйытқысы, деген еді.
Ғалымдардың сөздік қор ұғымына берген анықтамалары ұқсас. Қазақ тілі
– ғасырлар бойы дамып жетілген, қолдану аясы кең тілдердің бірі.
Құрамындағы сөздердің саны ұланғайыр көп. Негізгі сөздік қор тірек
болатын - халықтың байрығы сөздері. Сондықтан байырғы сөздерді
сөздік қор деп атайды.
Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі - өзінің мемлекеттік
мәртебесін абыроймен атқарып, міндетті жүгін қиналмай көтере алатын аса
бай, оралымды да сұлу тіл. Ресей ғалымдарының : Қазақтың жәй сөзінің
өзі өлң оп құйылып жатады ... ( Радлов), Тұркі халықтарының
ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл - қазақ тілі ( Малов) деп тамсана
таңырқаған, бұл тілдің айтқыш қайшықтылығын, сұлу да сұңғлалығын
есімізден шығармайық дейміз.
Қазақ мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары осы байлықша бірі
игеруге , екіншісі игеруге ұмтылып отырса ғана ана тіліміздің
алдындағы перзенттік борыштарымыздың өтей аламыз. Ана тілін
қадірлеу, оның байлығын сақтап, үйрену үлкен патриоттық іс.
Тіл дамту жұмысын кешенді жүргізудің жолдарына тоқталайық.
а) Тілдің дыбысталу нормасын меңгеру
ә) Сөздік тілдің қажетті материалы. Сөздік қорын меңгеру .
б) Сөздік мағынасын дұрыс түсіндіндірудегі ең тиімді әдіс – сөздің
морфологиялық талдау жасау, сөзден сөз тудыру, жаңа сөз жасау.
Адамның сөздік қоры екі жағдайда жетіліп отырады: бірі сөзді активтт
қолдану, екіншісі пассивті қолдану.
Сөз мағынасын дұрыс түсіндіру, түсіндіре білу керек.Сөйлеу тұрінде
сөз мағынаының алатын орны зор.
Демек, сөздік қорды байытудағы тіл дамыту жұмыстарының басты мақсаты
–ең маңызды жұмыстардың бірі. Бұл, әрине төменгі сыныптан бастап
оқушылармен үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске
асырылады.. Мұғалім сабақтың тиімділігін арттырып, оқушылардың ой-
дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін үнемі дамытып отыруды көздейді. Бұл
әр-тұрлі әдіс-тәсілдерді қолданған жұмыстарды жүргізу барысында іске
асады.
Бала тілін дамыту әдістемесі бағытында мол әрі құнды ойлар айтқан жан-
жақты дарынды тұлғаларымыздың бірі- Мағжан Жұмабайұлы болған. Оның шәкір
тілін ширатушыларды таң қалдырған әдістемелік еңбегі Бастауыш класта ана
тілі оқулығы. Бұл кітабы арқылы бастауыш мектепте ана-тілін оқыту, тіл
дамыту, әдістемесін жасауға ұмтылғаны аңғарылады.
М.Жұмабайұлының әдіскер ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің
иәр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілер
жаттығулар, қалыптастырылар дағдылар кешенін жасап ұсынған.
Қысқасы қазақ тілінің байлығын, көркемділігі мен бейнелігінкелер
ұрпаққа таныта отырып, сөзге тапқыр, сөздік қоры мол, тіл байлығы
жетілген етіп тәрбиелеуде әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын тәрбие ісінде
қолдану туралы сөз етпекпіз.
Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғары жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз
байланысты. Баланың айналасындағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі –
тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің , ой - өрісінің , басқа да
психологиялық процесстің жетіле түсуіне негіз болады.
Балалардың сөздік қорын дамытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:
-Балалардың күнделікті өмірмен байланыстығын ескер
-үйретілген сөздердің жеңілділігінде.
-балардың ұғымына сөз мағынасының сай келуі;
-сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу;
-сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;
-сөздердің тәрбиелік, ізгілік ұғымға сәйкестілігін есепке алу және
т.б.
Балаға үйретілетін сөз балаға таныс дүниемен , оған түсінікті, олар
білетін заттар мен талаптар қойылады: мазмұнды өйлеу , дәл сөйлеу, жүйелі
сөйлеу және мәнерлі сөйлеу. М.Горький О литературе деген еңбегінде :
тілдің нағыз әсемділігі, сөздің дәлдігі, оның айқындығы, естілуі,
айтылуы арқылы көрінеді,- деп ана тілінің бай сөздік қорын меңгеруге
үлкен мән берген еді.
Пікірлерді жинақтай келгенде, бала тілін байытуды сөйлеумен
байланысты іске асыруда мынандай қажеттілік тер туындайды:
-Балалардың сөздік қорын молайту мақсатында сөздің сағыналарын толық
меңгерту:
-сөйлемді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге
дағдыландыру:
-Сөйлемдегі сөздердің белгілі бір ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс
сөйлеуге жаттықтыру:
Оқыту ісінде сөздік қорды дамытуда талаптар мен қажеттіліктерді
естен шығармай, орынды іске асыру, балалардың сөздік қорларын байытып,
қазақ тілінде еркін де шебер сөйлеуге машықтандыруға болады.
Сөздік жұмысының ең маңызды міндеті - балалардың ауыз екі
сөйлеудеқолданылатын сөздер қорын толықтыратын сөздікті белсенді ету. [1.
7-10 б]

1.1.Баланы ауызша сөйлеуге үйретудің маңызы
1.Сөз қорын дамыту;
2. Ауызша сөйлегенде сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға
үйретіп отыру;
3. Грамматикалық тәсілдерді үйрету. Үйренген сөздерін
жекеше,көпше, меншіктей айтуды меңгерту. Яғни,заттың атына байланысты
сөйлескенде септеп, жіктеп, тәуелдеп айтудың қарапайым тәсілдеріне
төселдіру.
4. Байланыстырып меңгерту. Айналадағы дүниеден, күнделікті
өмірден көрген түйгені туралы әңгімелету.
5. сауат ашудың қарапайым негіздерін үйрету.
Көп балалы отбасында мектеп жасына толмаған балалар ересек балалардың
оқып бергенін тыңдау, ойнау, серуендеу кезінде сөзге белсенді араласатын
болады. Мұндайда оның сөздік қоры дамып, дұрыс сөйлеу дағдыларына үйренеді.
Тіпті өз бетімен оқуға да жаттығып кетеді. Мысалы, Н. деген кісінің 6
баласы бар. Әке-шешесі жұмысшы. Осы отбасындағы 5 бала Әлия алты жаста. Ол
еркін сөйлейді. Сөз ішінде дыбыстарды дұрыс айтады. әріп танитыны,
өздігінен оқи білетініде байқалады. Бұл мектепте оқитын балалардың әсері
екенін аңғару қиын емес.
Осы мысалдан ересек балалардың кішкене баланы ойнатып, қамқорлық
жасай білуге әдеттендіру керектігін көруге болады.
Баланың ой-өрісінің дамуы, көңілді, сергек болуы оның денінің
саулығына да байланысты. Жас балаларда жиі кездесетін аурулардың бірі
-тамақ баспасы, құлақ, тіс аурулары. Бұл ауруға дер кезінде көңіл бөліп,
емдетіп отырған жөн. Дегенмен кейбір отбасында бұған көңіл бөлінбейтіндігі
байқалады.
Ақмарал деген бала бес жаста. Әкесі – оқытушы, шешесі – орта білімді
адам. Отбасында үш бала бар. Оларда кітап, ойыншық деген жеткілікті. Соған
қарамай Ақмарал оқшауланып, жеке ойнауға тырысады. Баланы жекелей бақылап,
үй ішіндегі заттар туралы сурап, әңгімелескенде ұялшақтығы, сөйлеу тілі
жақсы дамымағандығы, берілген сұраққа бір сөзбен ғана жауап беретіндігі
анықталды. Ата-анасымен әңгімелескенде баланың құлағы ауратыны белгілі
болды. Оны дер кезінде дәрігерге қаратпаған. Екінші бір үйде - бес бала
бар. Үшеуі мектепте оқиды. Ең кішісіне 3 жас 6 ай. Үлкені сұрақтарға бір
сөзбен ғана жауап береді. Айналадағы заттардың атын, тіпті күнде пайдаланып
жүрген жеміс, көкеніс, тағам аттарын да атай алмайды. Бәріне де жейтін
нәрсе деп жауап береді. Оқылған әңгіменің мазмұнын айтып бере алмайды.
Керісінше, одан кіші Әсем ширақ, үй ішіндегі заттардың атын айта біледі. Ал
үшінші баланың есімі Жақсылық. Ол бала сөйлегенде тез шаршап, демігіп
қалады. Себебі, Жақсылық ревматизмге шалдыққан, одан жүрегі ауратыны
анықталды. Бала ауырып жүрсе де, ойнауға кетіп қалады. Үйінде оны
бақылайтын адам жоқ. Күндіз ұйықтау, мезгілінде тамақтандыру ережелері
орындалмайды. Бұл жағдайдың екеуі де баланы емдету қажеттігін көрсетеді.
Баланың есту мүшесінің зақымдануынан мұғалімнің сөзін толық ести
алмағандықтан, сабақ үлгерімі нашарлайды. Жолдастарымен сөйлесуге ұялып,
үнемі жеке жүруге тырысады. Осының бәрі оның жалпы дамуына кедергі болатыны
сөзсіз.
6 жастағы балалардың көпшілігі сөз ішінде дыбыстарды дұрыс айта
алмайтын жағдайда жиі кездеседі. Түрліше жүргізілетін зерттеулер кезінде
отбасынан алынған 40 баладан 25 бала с, ш,з,и,ф,б,в дыбыстарын ауыстырып
айтатыны не сөз ішінде мүлдем қалдырып кететіндері байқалды. Бұл жай
логопедтердің жеке балаларды бақылап, зерттеуі кезінде де дәлелденіп жүр.
Р. Аязбекованың Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс деген еңбегінде Алматы
қаласындағы бірнеше мектептердің 2-3 сыныптағы 600 оқушының 91-інің тілінде
кемістігі бар екені анықталғаны айтылады. Олай болса, мектеп жасына дейінгі
балалардың сөйлеу тілінде кездесетін кемшіліктерді ерте бастан түзету
қажет. Бала тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізіп отыруға болады:
1. Айналада бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім-
кешек, ыдыс-аяқ, тағам, үй мүліктері ) көрсету, баланың қолына беріп, атын
сұрап айтқызу. Осы заттарды қайда, неден (ағаштан, шыныдан, шыттан, жүннен,
темірден т.б.) жасалатынын,кімге, неге, не үшін керек екенін білдіру.
2. баланы белгілі заттардың атына байланысты сөздерден сөйлем құрап
айтуға үйрету. Мұндайда Суретті сөздік атты кітапшаны пайдалану керек. Ол
кітапшада жеке заттар мен соларға байланысты іс-әрекеттер көрсетілген. Бала
суретін үйдегі затты көрсетіп, бірде атын атаса, екіншіде сол заттардың
көмегімен жасалатын іс-әрекет, оның ерекшелігі туралы сипаттама айтуға
жаттыға бастайды.
3. Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйрене бастаған соң шағын
әңгіме құрастырып айтуға үйрету керек.
а) Баланың бақылау кезінде көргендері жайлы өзіне айтқызу, жетекші
сұрақ беріп әңгімелесу.
ә) Ойыншықтарды жақсы көретін кітабы жайында әңгіме айтқызу.
б) Оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын сұрап, әңгіме желісін бұзбай айта
білуге үйрету.
в) Сюжетті көркем картиналарды (суреттерді) көрсетіп, оның мазмұнын
әңгімелеп беруге баулу.
г) жеке заттық атауларды білдірумен қатар киім, мал, төл, ағаш,
тамақ, жеміс, көкөніс т.с.с. жалпы ұғымды білдіретін сөздерді түсіндіру.
ғ) Белгілі грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, сөйлей білуге
үйрету: ішінде, үстінде, астында, қасында, жанында, артында, ортасында,
шетінде деген сөздерді сөйлем ішінде айтқызып отыру. Ол үшін балаға сурет
көрсетіп әңгімелескенде, нақтылы бір жұмыс түрін орындатқанда, ойын кезінде
мынадай сұрақтар беруді ұмытпаған жөн. Қуыршағым қайда отыр? (үстелдің
немесе диванның үстіне, астына, қасына қойып). Кітап қайда жатыр? Немесе
баланың бір ойыншығын жасырып қойып, тапқызу, ол жөнінде сұрап ( Сүт қайда
тұр? т.б.) әңгімелесу. Затты жекеше, көпше айтуға үйрету: кітаптар,
қуыршақтар, кімнің? ненің? кімдікі? деген сұрақтарға жауап ала отырып, жеке
сөздерді септік, көптік, тәуелдік жалғаулар жалғап айта білуге жаттықтыру.
6-7 жастағы бала ата – анасымен демалыс күндері киноға барғанда, не арнайы
серуенге шыққанда талай сұрақтар беріп мазалайды. Мұндай жағдайда оларға
ұрыспай, байсалды жауап берген жөн. Оқушыларға ауылдағы, қаладағы көрнекті
орындарды таныстыру, серуендеп қайту, киім тігетін орынға, шеберханаға,
асханаға, баққа, жақын болса егіс даласына, фермаға, өзен бойына, шабындық
жерге экскурсия жасалса, балаға айналада болып жатқан құбылыстармен
танысуға мүмкіншілік болады. Олардың ой - өрісін кеңейтеді, жаңа сөз
үйренеді.
Мұндай бақылау, серуен кезінде бала құрт – құмырсқа, құс, көбелек,
гүл, ағаш түрлерін өз көзімен көріп, бақылап қызықтайды. Осындай демалыс
кезінде серуендеу бала есінде көп әсер қалдыратыны сөзсіз.
Ата-аналар балаларын әр түрлі іске қатыстыруы арқылы оларды өз
бетінше жұмыс істей білуге талаптандырып отырғандары жөн.
Жыл мезгілдеріне қарай табиғат құбылыстарын бақылатқанда кейбір өлең
шумақтарын, не жұмбақтарды жатқа айтып берген жөн. Мысалы бала ауладағы
ағаш жапырақтарымен ойнап жүрсе, оған жапырақтардың түсін байқату үшін Ә.
Дүйсенбиевтің төменде берілген өлңін немесе жыл мезгілдері туралы өлең
тақпақтарды оқып, жаттатуға болады.
Шашу болған алтындай,
Сап-сары ала жапырақ,
Күндіз-түні бір тынбай,
Жауып жатыр жапырлап.
Шыршаның ерекшелігін аңғарту үшін мына жұмбақты есте сақтаған жөн.
Жапырақсыз сыйдиып,
Жабырқаулы бар ағаш.
Жасыл шапан жамылып,
Құлпырады қай ағаш? (Шырша)
Немесе жеміс, көкөніс туралы әңгімелесу, балаға тағам жасау кезінде
төмендегідей жұмбақты оқып беруге болады.
Ызақор бұғып жатыр,
Сақалы шығып жатыр. (Пияз)
Баламен сөйлесу кезінде сөз дыбыстарын айту, дұрыс айту, таза сөйлеуге
үйреткен жөн. Мектеп оқушыларында, әсіресе қазақ балаларының сөйлеу тілінде
сосын, әлгі, сөйтіп, содан кейін деген сияқты сөздерді көбірек қолдану жиі
кездеседі.бала тіліндегі осындай сөз шұбарлығын болдырмау үшін мұғалімнің
үздіксіз жұмыс жүргізуіне тура келеді. Олай болса, бала таза сөйлеу
үлгілеріне мектепке дейін жаттығуы тиіс. [7. 30-34 б]

1.2.Балаларды ауызша сөйлетуге дайындық түрлері
Ауызша сөйлеуге дайындық баланың бірінші күнінен бастап бір жастың
аяғына дейін жалғасады. Дауысты реакция лары туғаннан бастап кейде кеш (3-4
апта) байқалады. Дыбыстарға, былдырға айналады. Баланың айтқан дыбыстары
сөйлеу функциясынан тыс қалады.
Қыңқылдау – баланың жылау кезіндегі шығатын дыбысы. Былдырлау –
баланың байланыссыз, түсініксіз сөйлеуі. 2-3 аптада бала дыбыстарды тыңдай
бастайды. Үш айында бала үлкендердің дыбысын естіп, оны іздей бастайтынын
алғашқы сөйлеу қарым-қатынасы ретінде қарастыру керек.
3-4 айдан кейін баланың дыбыс шығаруы ұзағырақ және әртүрлі болады.
Бала үлкендердің сөйлеуіне, ең алдымен, интонациялық және ритмикалық жағына
санасыз еліктейді. Былдырлауда бала дауыссыз сөз тіркесіне кіретін
дыбыстардағы дауысты дыбыстарды қайталайды. Мысалы: иә-иә-иә немесе ня-
ня-ня.
Бір жасының екінші жартысында бала өмірінде нағыз қарым-қатынастағы
сөйлеудің элементтері пайда болады. Үлкендердің сөзіндегі ишараттарда
балаға арнайы реакция көрінеді. Мысалы, баланы кел, кел деп қолды созып
шақырсақ, бала қолын созады. Бұл жастағы балалар жеке сөздерге де мән
береді. Мысалы, Мамаң қайда? деген сұраққа бала жан-жағына қарап, анасын
көзімен іздейді. 6-6,5 айда бала қабылдаған заттарын белгілі сөздермен,
атпен және затпен байланыстырады.
7-8 айда балада белгілі қимылдармен анықтайтын сөздік қоры молаяды.
Бала сөйлеуінің өзіндік даму ерекшеліктері бар. Баланың ең алғаш сөздерді
түсінуі қимылды және эмоционалды жағдай ретінде туындайды, мысалы, қандай
да бір заттарда баланың үлкендермен өзара әрекет етуі.
8-9 айда балада белсенді активті сөздерінің даму кезеңі болады.
Бала үлкендердің айтылған сөздеріне еліктейді, белгілі реакция тудырған
сөздерге мән береді. Бір мезгілде активті сөздік қоры түсінген сөздері
арқасында көбейеді. Он бір айға дейін сөзі – 5-тен 12 сөзге дейін, он екі –
он үш айда – 20-45 жаңа сөздерді құрап, баланың алғашқы өзіндік сөйлеу
әрекеті дамығанын көрсетеді.
С. Карповтың ойынша, бала өмірінің бірінші жылында сөйлеу дамуының
негізгі кезеңдері бар.
1. 1-ші айдың аяғымен 2-ші айдың басында балада адамдардың сөйлеуіне
арнайы естуге негізделген ерекше зейін қою реакциясы туындайды.
2. 3-айында үлкендердің сөйлеу қарым-қатынасына жауап беруде баланың
өзіндік сөздік реакциясы болады, ол жандану кешенінің құрамы болып
табылады. Бастапқы кезде бала қысқа дыбыстарды, буындарды шығарады. Содан
барып үлкендердің интонациясына қатысты әндік және ақырын айтылған дыбыстар
пайда болады. Кейінірек ырғақтық және дыбыстық еліктеу сөздері туады.
3. 4-айында бала үлкендердің сөздерін интонация бойынша ажыратады,
эмоционалды қатынас ретінде сөзді қолдана алады.
4. 6-айында айтылған сөздің сезімдік және әсерлік белгілеріне,
мысалы, үлкендердің сөйлеу ырғағына бағыт береді. Баланың фонетикалық
дыбысталуға әсері кеңейеді. Баланың келесі қадамы активті белсенді
сөйлеуінің дамуын көрсетеді.
5. екінші жарты жылда бала өмірінде белгілі функцияны орындайтын
мағыналар қолданылады. 8-9 айында бала дыбысты айтады, біртіндеп
үлкендердің көмегімен қарым- қатынас, тілдік орта арқылы айтады.
Бір жастың аяғында және екі жастың басында бала өмірінде баланың
қоршаған ортамен қарым-қатынас формасын көрсететін өзіндік сөйлеу
қатынасының даму кезеңі басталады. Баланың сөзді игере алуының келесі
кезеңіне көшуі – алғашқы тілді игеру кезеңі болады.
Баланың алғашқы сөздері өзіндік ерекшеліктермен ажыратылады. Бала
қандай да бір затты көрсетіп айтуға қабілетті, бірақ бұл сөздер берілген
заттың әрекетінен бөлінбейді. Бала абстрактілі түсінуде сөздерді
қолданбайды. Осы кезеңдегі дыбыстық сөздер баланың қимылымен, заттармен
қарым-қатынас кезіндегі іс-әрекетімен байланысты. Бала бір сөзбен әртүрлі
заттарды айтады. Сондықтан баланың айтылған сөздері баланың әрекеттері мен
қимылдарының көрінісіне байланысты. Нақты жағдайдың маңыздылығы бала 2-3
сөзді бір-бірімен грамматикалық байланыссыз айтқанда сақталады. Бұл
ерекшеліктер баланың ойлауымен интеллектуалдық операцияларымен байланысты.
Баланың сөзінің даму кезеңі бала сөйлеуінің фонетикалық дамуы болып
табылмайды. Бала жеке дыбыстарды және тұтас қайталамайды: Эня-ны Женя-
ның орнына айтады.
2-3 сөздік сөйлемдер кезеңі
Ауызша сөйлеудің екінші кезеңі бала өмірінің екінші жылының екінші
жартысында басталады. Бұл кезең 2-3 сөздік сөйлемдер кезеңі немесе бала
сөйлеуінің морфологиялық кезеңі ретінде байқалады. Берілген кезеңге ауысу
кеңірек тұрақты және оның мағынасы бар. Екі жаста қол жеткізетін 250-300
сөзі бар активті сөзінің өсуі көрінеді. Осы аталған кезеңдегі баланың
тілдік дамуы сөздерді меңгеруінен көрінеді. Нақты жағдайда қимылдық және
көрнекіліктерімен ғана емес, жағдайлармен байланысты жетілу мен ойлау
үрдісінің дамуымен жүреді. [8. 28-29 б]

2.1. Мектеп алды даярлық тобында жүргізілетін әңгіме түрлері
Балалар бақшасының тәжірибесінде әңгіменің бірнеше түрі
пайдаланылады. Бір әңгімелердің алдына қоятын мақсаты баланың ой-өрісін
кеңейту және бейнелі, көркемсөз арқылы адамгершілік, эстетикалық тәрбие
беруді көздейді. Оларға жататындар: көлемі шағын халық ертегілерін және
классикалық жазушылардың әңгімелерін каз-калпында тәрбиешінің ауыз-екі
айтып беруі, көлемді, мазмұны күрделілеу халық ертегісін, әңгімелерді
стилін сақтай отырып, мазмұнын баяндап беру және
өзі құрастырған шығармашылық әңгімесін өткізу. Бұдан басқа балаларды әңгіме
айтқызып үйретуді көздейтін тәрбиешінің үлгі-әңгімесі де бар. Енді
творчестволық әңгіменің ерекшелігіне тоқталайық.
Тәрбиешінің шығармашылық әңгіме құруы.
Шығармашылық әңгіме – деп бөлек-бөлек фактілер мен оқиғаны құрастырып
жинақтап, тым қарапайым болса да, аяқталған жайытты, картинаны баяндайтын
әңгімені айтамыз. Мұнда өмірдегі сияқты маңызды мәселе шешілуге тиіс және
баланың жас ерекшелігіне сай мазмұнда болуы міндет. Әңгімені қалайқұрастыру
керек? Шығармашылық әңгіме құрастырар алдында тәрбиеші-педагог оның
тақырыбын,білімдік-тәрбиелік мақсатын анықтап алуы шарт. Содан кейін
материал таңдап алып, өз өмір тәжірибесіне және ғылыми әдебиеттен, мерзімді
баспасөзден (қоғамдық-саяси басылымдар), радио, теледидар, сахна өнерінен,
көркем әдебиеттен алған біліміне сүйене отырып, бәрін ой елегінен өткізіп,
құрылым-сюжеттік жоспарын жасайды. Осыдан кейін ғана әңгіме мәтінін
құрастыруға кіріседі.
Шығармашылық әңгімені әр адам әр түрлі құрастырады. Біреулер еске
түскен ойларын қағазға түсірсе, енді біреулер ойша қорытып алып,
сөйлемдерін содан кейін барып қағазға жазады. Алайда мәтінді қағазға түсіру
(әсіресе жаңа бастап жүргендерге) міндетті шарт. Жазылған текст бойынша ой
желісін, сюжетінің дамуын бақылау жеңіл және сөз қолдану тәсілі мен
стильдік ой жүйесінің ең жақсы нұсқасын талғап алу оңай болады. [2. 44 б]
Әңгіменің ең маңызды шарты – идеясы. Сюжеті де, кейіпкерлер образының
жүйесі де, әңгіменің құрылымы да, сөз қолданысы, бәрі-бәрі бір ғана
мақсатқа – оның идеялық мазмұнын ашуға бағынады. Негізгі ой, әңгіме
идеясын, өзегін құрайтын кейіпкерлер, оның ішінде басты кейіпкерлер болмақ.
Бұл өте-мөте балдырғанға арналып жазылған әңгімелерге тән. Кейіпкердің
сыртқы пішіні өте қысқа суреттеледі, олардың басты белгілері ғана
сипатталады.
Мысалы, Ы.Алтынсарин Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесінде көштен
адасып қалған бай баласы – Асан өмірге бейімсіз, қорқақ болып сипатталса,
кедей баласы- Үсенді жазушы тапқыр пысық етіп көрсетеді. Олар Үсеннің
пысықтығының арқасында көшкен ауылдарын тауып алады. Туынды идеясын сюжет
ашады. Сюжетте кейіпкерлердің мінез-құлқын ашатын өмір тартыстары бой
көрсетеді. Мысалы, М. Төрежановтың Үш дос әңгімесінде болған оқиға қысқа,
тұжырымды ғана берілген. Қорада ойыншықтарымен ойнап жүрген үш баланың бірі
қызғаншақ, ойыншығын басқаға бергісі келмейді. Самат дейтін бала көпшіл,
жолдастарынан ойыншығын аямайды. әдемі өрт сөндіргіш машинасымен ойнауға
өзін алдында бөліп тастаған баланы да шақырып ұялтады. Кейін ол достасып
кетеді. [10]
Шығарманың идеясын айқындайтын тағы бір тәсіл – ол шығарманың
құрылымы,композициясы. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әңгіме
композициясы жеңіл болуға тиіс. Оқиға бірінен соң бірі өрбіп, біртіндеп
шиеленісіп барып, шарықтау шегіне жетеді. Үш-төрт жастағы балаларға
арналған әңгіме міндетті түрде аяқталуға тиіс, бірақ оқиғасы үнемі сәтті
бітуі шарт емес.
Тәрбиеші естиярлар, ересектер топтарына жүргізген аңгімесінбалаларға
арнайы сұрақ қоюмен тамамдауына да болады. әңгіменің бұлай аяқталуы
балалардың ойын, сезімін жандандырады,сөйтіп оларды ойлануға талпындырып,
сондай құбылыстарға өздерінің қалай қарайтынын анықтайды.
Образ жасаудың, оқиғаны суреттеудің негізгі тәсілі – сөз. әңгіме
оқиғасы мен кейіпкерін сипттайтын дәл, айшықты, бейнелі сөздерді талғай
білу керек. Сондай-ақ баланың сөздігінде актив болып кеткен сөз бен сөз
тіркесін де ылғи қайталай беруге болмайды.
Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Оқылған ертегі,әңгімелердісюжетті
суреттер мазмұнын, көрген кинолары, естіген – білгені туралы басқалардың
көмегінсіз өздігінен әңгімелей білуге үйрету. Тәрбиеші нұсқаған немесе өзі
қалаған тақырыпта әңгіме құрату. әңгімелегенде оқиға кейіпкерлерінің көңіл-
күйі, іс-әрекет ерекшелігін келістірсе, ерекше екпін мен салтанатты үн-
ырғағымен айтуға жаттықтыру.
Өздігінен әңгімелеуде оқиғаның орны, мерзімі, бұрын не болғанын,
кейін не болатынын, немен, қалай аяқталатынын ойластыра білуге,
кейіпкерлердің мінезін, сыртқы бет-пішіні, ішкі көңіл-күй құбылысын сезіне
білуге, ертегі, әңгімелерді кейіптендіруде оқиға желісін үзбей тұтас бере
білуге жетелеу.
Оқып түсіндірілген көлемді шығармалардыауызекі талдау кезінде
бөліктерге бөліп, әр бөлігіне ат қоя білуге үйрету, ауызша жоспар құруға
үйрету.
Тақия жасыру, Орамал алу, Белбеу тастау т.б. ұлттық
ойындарды бала жасына лайықтап, мәнісін түсініп ойнауға үйрету. өзі
білетін ойын ережесін түсіндіре, ойынға қажетті материалдардың аты, неден
жасалғаны туралы басқаларға жеткізе білуге, өз құрбылары жасаған жұмыс
нәтижесі, сапасы жайында әділ баға беріп, талдау жасай білуге
дағдыландыру.
Сауат ашуға даярлық. Ересектер (5-6 жас) тобында ауызша дыбыстар
жайында ұғым беріледі, әріп таңбасы таныстырылмайды. Сөздің дыбыстық
құрамына талдау жасай білуге үйрету. 3-4 дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық
талдау жасай білу, сөз құрап тұрған дыбыстарды тауып, қай орында тұрғанын
табуға және ол дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін.
Заттың барлық белгілерін атап айту үшін, балаларда сөздін,
грамматикалық формалардың, қоры болуы керек! Демек, әңгімеелеп беруге
жаттықтыру алдында лексикалык, грамматикалық (керек болғанда — фонетикалық)
тілмен өзара әнгімелесу жаттығулары өтілген болу керек. Мысалы, жоғарыда
өтіп кеткен балакай туралы, аспаздың қызметі туралы, балалардың өздерінің
жерге көшеттер отырғызуы туралы— осылардың бәрі. Балалардың айтар
әңгімелерінің (сипаттау, баяндау және пікір айту) өзегі болуы мүмкін.
Әңгімелеп берудің арнайы мақсаты (қайталап айтудың мақсатындай) —
балалардың монологтық сөзін дамыту.
Тәрбиеші оларға:
Балалар! Суреттегі сол жақ шетте тұрған балаға орманға бармас бұрын не
болғаны туралы кім әңгіме ойлап шығарады. Оның аты кім, балалар оны орманға
баруға шақырғанда ол өзінің мамасына не айтты, мамасы оған қандай жауап
қайтарды, жолға не берді (бәлкім оның шелегінің түбінде ертеңгілік тамақ
жатқан болар?). Мүмкін, ол кетерде мамасы үйде болмаған шығар, оны атасы
мен әжесі шығарып салған болар. Осының бәрін көз алдарыңа елестетіп, сосын
бізге айтып беруге тырысыңдар.
Бірер минуттан соң тәрбиеші ойдан құрастырушылардың біреуін
шақырады, калған балалар тыңдап болып, оның жауабына баға береді.
Сондай-ақ суреттегі кейіпікерлердің бәрі туралы, тіпті ит туралы да
әңгіме ойлап шығаруды ұсынуға болады.
Әңгіме суреттегі кез келген нәрсе туралы. шетек туралы (оны кім, қашан
жасаган, мына баланың қолына калай тап болды); жолдағы ағаштар туралы (оны
кім, қашан, қандай жағдайда отырғызған). Орманда балаларға кім, не
кездескені (адамдар немесе аңдар), кездескен уақытта олар өздерін қалай
ұстайтыны туралы да болуы мүмкін. Балалардың бұл жорығы немен аяқталады,
оларды үйлерінде қалай қарсы алады т.с.с. туралы да ойдан құруға болады.

ЕРЕСЕК БАЛАЛАР ТОБЫНДА ӘДЕБИ ШЫҒАРМА ОҚУ
(5—6 жастағылар үшін)
Әдістер: оқу, әңгімелесу, әңгімелету. Экскурсия, шығарма мазмұнына
сэйкес сурет көрсетіп әңгімелету. Өздігінен істелетін жұмыстар. Балалардың
жауаптарын талдау. Жеке және коллективті түрде әңгіме құрату. Оқылған
текстегі сөздерді түсініп айтуға үйрету. Оқудың мақсаты — әдеби
шығармаларды тыңдай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы
Бала тілін дамытудың әдістер мен тәсілдері
Сөйлеу дағдысын дамыту
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Жазбаша және ауызша сөйлеуге оқыту
Байланыстырып сөйлеуді дамыту
Балалар бақшасында тілді дамыту жөніндегі жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы
Балабақшада тіл дамыту жұмыстарының жүйесі
Пәндер