Америка құрама штаттарына сипаттама


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Солтүстік Америка.

Экономикалық және әлеуметтік географиядағы “Солтүстік Америка” түсінігі өздеріңе 7-сыныптын таныс түсініктен біраз өзгеше болып келеді. Эдетте оған АҚШ пен Канада ғана жатады. Мұндай шамадағы аймақтың жер аумағы 19, 4 млн. км2, халқы - 300 млн. адам. 1992 жылы Христфор Колумбоның Американы ашқанына 500 жыл толуы салтанатпен атап өтеді. Содан бері әлемдік келелі істерде Солтүстік Америкаға көрнекті орын беріліп келеді.

Оның рөлі, әсіресе, XX ғасырда өсті. АҚШ та, канада да Батыс елдерінің “үлкен жетілігіне” кіретінін, олар Еуропамен қатар дүниежүзілік шаруашылықтың аса маңызда орталығын құратының сақтандар.

1. Америка құрама штаттарына жалпы сипаттама берейік .

1. Аумағы, шекаралары, жағдайы: қолайлы алғышарттар. Мемлекеттік құрылысы. АҚШ аумағы жағынан әлем елдерінің ішінде төртінші орын алады. Ол мынадай үш бөліктен тұрады: 1) негізгі аумағы (немесе АҚШтың өзі) - шығыстан батысқа 4, 7 мың, ал солтүстіктен оңтүстікке 3 мың км-ге созылып жатқан үлкен төртбұрыш тәрізді; 2) Аляска; 3) Тынық мұхиттағы Гавай аралдары.

АҚШ ЭГЖ-сі өте қолайлы, ол барлық кезенде де елдің дамуына қолайлы жағдай туғызып отырады. Бұл, ең алдымен, теңіз шекарасының ұзындығымен (12 мың км), тамаш табиғи айлақтарының болуымен және негізгі аумағы екі мұхиттың ортасында болу айрықша ерекшелігімен түсіндіріледі. Канада мен Мексикамен шектесетін құрылықтағы шекаралары шартты сызықтар, өзеңдер мен көлдер арқылы өтіп, сауда және экономикалық байланыстардың дамуына қолайлы жағдай туғызады.

АҚШ мемлекеттік құрылысы жағынан - 50 штаттан тұратын федеративтік республика. Әрбір штаттың өз конституциясы, өз заң шығару және атқару үкімет органдары, губернаторды сайлап қою билігі, сондай-ақ өз рәміздері бар. Бұдан басқа, елдің астанасы - Вашингтон орналасқан Колумбия Федералдық округі өзінше ерекшеленеді.

Елдің саяси өмірінде басты рөлді екі ірі партия - демократиялық және республикалық партиялар атқарады.

2. Халқы: саны, өсу қарқыны, сыртқы миграция, ұлттық құрамы, орналасуы. АҚШ халқының саны жағынан дүние жүзінде үшінші орынды иеленеді; ГДР, Франция, Ұлыбритания және Италия халқын қосып есептегенде де АҚШ-тың халқының саныны жетпейді. Бір ғана XX ғасырдың ішінде хақының саны 3, 5 есе өсті.

Алайда, АҚШ жас ұлт ретіндегі халқының табиғи өсуі бойынша дүние жүзінде алдыңгы орындардың бірінде тұрған кезі баяғыда өтіп кетті. 80-90 жылдары мұндай өсім айтарлықтай төмендеп кетті, ол халықтың жасы мен жынысын сипаттайтын пирамидада айқын көрініс тапқан. Бұл АҚШ тіпті демографиялық өтпелі кезеңнің үшінші сатысында тұрғаның аңғартады. Осынған қарамастан, халқының абсолюттік жылдық өсімі қазірдің өзінде 2-2, 5 млн. адамды құрайды.

Алайда, мынаны есте сақтау қажет, бұл өсімнің 30%-ын халықтың табиғи өсімі емес, иммиграция қамтамасыз етіп отыр. Бұл АҚШ халқының санының өсуіне әр кезде-ақ үлкен әсер еткен және әсер етіп келеді.

Мысал. X1X ғасырдың басынан бастап бұл елге 70-тей елден барлығы 60 млн. адам келді. Ал, қазір, едәуір шектелгеніне қарамастан, тек ресми иммигранттардың жыл сайынғы ағыны 1 млн. адамда құрайды.

Қазір АҚШ-та жүзден аса этнос өкілдері тұрғанымен, этнограф-ғалымдар оларды үш негізгі этникалық топқа біріктіреді: 1) АҚШ-тық американдықтар, яғни қазір ана тілі ағылшан тілі болып табылатын басқа елдерден қоныс аударған әр түрлі ұлттардың ұрпағы; 2) АҚШ-та таяу жылдары келіп қоныстанған және бұл елде әлі “сіңісті бола қоймаған” өтпелі иммигрнттар тобына жататын адамдар; 3) абориген-тұрғындр.

АҚШ-тық американдықтар бүкіл халықтың 4/5 бөлігінен астамын, аборигендер 1%-ға жуығын құрайды. Осыған қарамастан, АҚШ-тағы көптеген географиялық атаулар үндістерше аталады.

Өздердің білетіндей, ерекше үлкен топ американдықтардың құрамына қара американдықтар да (африкалық американдықтар, негрлер) кіреді. АҚШ халқындағы олардың үлесі - 12 %. Бұрын негрлердің негізгі бөлігі XIX ғасырда плантациялық шаруашылықта үстемдік еткен құлдық жойылғанға дейінгі жерде - “ қара белдеу” деп аталатын оңтүстікті тұрды. Соңғы он жылдықтарда негрлердің жартысы Солтүстік пен Батыстағы қалаларға қоныс аударды, ал оңтүстік штаттардағылар қазір негізінен қалаларда тұрады.

Халықтың ұлттық құрамы оның қай діннің құрамында екендігімен тығыз байланысты.

АҚШ халқының тығыздығы жағынан дүние жүзіндегі ең халқы көп 20 елдің ішінде 18-ші орынды иеленеді (1 км2-ге 27 адамнан келеді) . Ел ішінде халықтың орналасуы шектен тыс әркелкілігімен ерекшеленеді.

Мысал. АҚШ тұрғындарының 70%-дайы елдің жалпы жер көлемінің 12%-ындай ғана жерде тұрады. Үлкен айырмашылық, әсіресе теңіз жағалуы мен таулы штаттардың арасында ерекше байқалады: 1 км2-ге 350-400-де 2-5 адамға дейін келеді.

Соңғы кезде ішкі миграция едәуір өсті: бірінші кезекті зейнеткерлер Солтүстік штаттан Оңтүстік штатқа қоныс аударды. Тұтастай алғанда, Техас, Флорида, әсірісе Калифорния тұрғындары тез өсіп барады.

АҚШ халқының орналасуы, ең алдымен қалалар географиясы арқылы анықталады. Қала саны шектен тыс көп - 9 мыңға жетеді. Қалалардың солтүстік-американдық үлгісі өзіндік өзгешеліктерімін, көпшілігі едәуір жас қала болуымен ерекшеленеді.

АҚШ - нағыз қала агломерацияларының елі.

Мысал. 1950 жылы АҚШ-та 170 қалалық агломерация болды, ал 80-жылдардың аяғында ол 300-ге жетті. АҚШ-та “миллионер”-қаланың саны - 8, ал “миллионер”-агломерация - 35. Бұларда АҚШ тұрғындардың тең жартысы тұрады.

Осымен бір мезетте орталықтар мен агломерациялардың шет бөліктері арасындағы сәйкестік өзгерді. Жер бағасының үнемі өсуі, жеке автокөліктердің көбейіп кетуінен агломерациялар орталығында экологиялық жағдайдың нашарлауы, сондай-ақ әрбір орташа американдық кішкентай болса да өз үйінде тұрсам деп талпыныс жасауы қала маңы зоналарын шектен тыс көбейтіп жіберді. Қазір мұнай “бір қабатты Америкада”бүкіл американдық отбасылардың 2/3 бөлігі тұрады. Қалай болғанда да, соңғы уақытта дейін қалалардың орталық бөліктерінің өзенді халық саны азаю үстінде болды. Бұл процесс субурбанизация деген атқа ие болды.

50-жылдары американдық географтар АҚШ-та тағы бір аса ірі қалалық құрылым - мегаполистер пайда болғанын атап көрсетті. Қазір бұл елде мұндай үш мегаполис бар, : Солтүстік-Шығыстық мегаполис, Көл маңы және Калифорниялық мегаполис. Бұлардың біріншісі Бостоннан Вашингтонға дейін созылып жатыр, қысқыртып “Босваш” деп атайды, екіншісі Чикаго мен Питтебургтің аралында орналысқан, аты - “Чипитс”; үшіншісі - Сан-Франциско - Сан-Диего: “Сансан”.

АҚШ-тың ауыл тұрғындары көбінесі жеке-жеке қоныстанған фермаларда тұрады. Бірақ тұрмыс жағдайы жағынан ауыл тұрғындары қалалықтардан онша көп өзгешелене қоймайды. Олай болса, қалалық тұрмыс салты шын мәнінде бүкіл елде тұтастай билік құрады.

3. Шаруашылығының жалпы сипаттамасы: дүниежүзілік экономикадағы АҚШ-тың жетекшілік орны. АҚШ XIX ғасырдың өзінде-ақ Ұлыбританияны қуып жетіп, өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Қазір өзінің экономикадағы қарқыны бойынша дүние жүзінің кез келген басқа елін көп артқа тастап, өзінің индустриялық даму деңгейі жағынан жетекші елдерінің тобына қосылады.

АҚШ-тың ЖҰӨ-і 7 трлн. доллардан асады, бұл дүниежүзілік ЖІӨ-нің 1/5 бөлігін құрайды. АҚШ өнеркәсіп өндірісі бойынша, ғылыми-техниқалық потенциал мен жоғары технологиялық ғылымның тікелей қатысуымен өндірілген емес салалардың дамуы бойынша, қаржылық қуаты мен әлем шаруашылығының байланысына әсер ету дәрежесі бойынша дүние жүзінде бірішні орын алады. АҚШ-тың ірі ТҰҚ-сы өзінің тікелей шетелдік инвестициясының көмегімен басқа елдерде АҚШ-тың “екінші экономикасы” деп аталып кеткен көптеген әр түрлі өндірістер құрылды. Осы елге қатысты жалпы ұлттық өнімнің көрсеткішінен жалпы ішкі өнімнің көрсеткішін ажыратудың маңызы зор болатын себебі сондықтан.

Қолда бар болжамдарға сәйкес, әлемдік экономикада АҚШ-тың үлес салмағы төмендеп бара жатқанына қарамастан, бұл ел XIX ғасырдың басында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі өзінің жетекшілік рөлін әлі де сақтайтын болады.

АҚШ өнеркәсібі өндірістік және аумаққа шоғырланып орналасуы жағынан жоғары деңгейде екендігімен ерекшеленеді. Ол жаппай, сериялы, сондай-ақ күрделі және аса сирек кездесетін бағалы бұйымдар шығаруға бейімделген. “ АҚШ-та жасалған” деген маркасы бар бұйымдардың сапасы жақсы болады және дүниежүзілік рынокта жақсы бағаланады.

АҚШ өнеркәсібінде барлық басты және кіші салалар, өндіріс түрлері түгел бар. Сонымен бірге олардың ішінде дүниежүзілік шаруашылықтағы бұл елдің тиісті орнын, бет-бейнесін аңықтайтын өнімдер де баршылық. Ол - АҚШ үшін автомобиль жасаудың баяғыдан келе жатқан орныққан дәстүрі. Бұл - екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниеге келген әуе-зымыран-ғарыштық өнеркәсіп пен электроника. Мұнай өнеркәсібі аса жоғары мәнге ие болған. Автомобиль және әуе көліктерінің дамуымен тығыз байланысты болып, стратегиялық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін бұл сала көп ретте елдің экономикалық қана емес, саяси өмірін де анықтап береді. АҚШ сондай-ақ микропроцессорлар, қоршаған ортаны қорғау құралдарын, биотехнология мен биоиндустрияны, ақпарат саласының технологиясын жасап шығаруда да жетекшілік рөл атқарып келеді.

АҚШ ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі жағынан да дүние жүзінің кез келген елін басып озады. АҚШ агробизнеске бірінші болып өтті. АӨК (ауылшаруашылық-өнеркәсіп кешені) салсындағы еңбек өнімділігі өнеркәсіптегіге қарағанда тез өсуде. Көп салалы ауыл шаруышылығы осы елдің қажеттерін ғана емес, экспорт үшін де едәуір өнім шығарып келеді. Дүние жүзіндегі экспортталатын дәнді дақылдардың тең жартысы АҚШ-та тиесілі.

АҚШ-тағы шаруашылық кәсіпорнының негізгі түрі - сатылатын өнімнің негізгі бөлігін шығаратын ферма. Бірыңғай өндірістік процестің жекелеген буындарға тарамдану жағдайында агробизнес сатылап мамандану тәсілі арқылы үлкен дамуға қол жеткізді.

Мысал. Қызанақтың өскіндерін оңтүстік-шығыс штаттарының фермерлері өсіреді. Сонан соң бұл өскіндердің асханалық сорттарын ұшақпен Калифорнияға, томат жасайтын сорттарын Техасқа апарып егеді.

Маманданудың мұдай түрі фермерлердің табиғат жағдайының ерекшеліктерін барынша тиімді пайдалуына, жоғары сапаға қол жеткізуіне, өнімді арзандатуына мүмкіндік береді. Алайда, бұл фермерлерді тауар өткізетін рынокке және бағаның ауытқушылығына тәуелді етіп қояды.

АҚШ барлық көлік түрлерінің дамуы жағынан да кез келген елден алда: жалпы көлік санының 1/3 бөлігі, Батыс елдеріндегі барлық тасымал түрлерінің ¼ бөлігі соның үлесіне тиеді. АҚШ-тың көлік жүйесі (Канадамен бірге) ерекше солтүстік-американдық жүйесін құрайды. Оған мынадай ерекшеліктер тән: көліктің барлық түрін дамыту, жүк және жолаушы тасымалдаудың жоғары деңгейіне қол жеткізу, бұл тасымал қашықтықтарының аса ұзақ болуы, автомобиль көлігі рөлінің ерекше маңызға ие болуы. 90-жылдардың аяғында машинаның саны 2 млн-ге жетті.

Материялдық емес өндіріс пен қазмет көрсету салалары өте жақсы дамыған, мұндағы ЖІӨ-нің үлесі 70%-дан асты. Бұл - АҚШ индустриялық қоғамның деңгейіне көтерілгенінің нақты дәлелі.

АҚШ-тың аумағына тән шаруашылық құрамына XX ғасырдың ортасына дейін аумағына, табиғи ресурстарына, көлік, еңбек ресурстарына, шоғырлану деңгейіне тән факторлар үлкен әсер етті. ҒТР дәуірінде ғылымның өндіріске тікелей қатысуы, экологиялық, ЭГЖ факторлары өте жоғары мәнге ие болды. Қазіргі АҚШ шаруашылығының шетелдік Еуропадан өзгешелетін географиялық бйнесіне тән сипат - экономикалық өмірдің “ шеткері жағына ” - мұхит пен өзен жағалауына шоғырлануы.

Экономикалық жағынан дамыған басқа елдердегі сияқты, АҚШ-та да аумағының сәйкессіздік жағдайы бар, аса дамыған аудандар жиі көрші болып тұрады. Бұл елде осындай сәйкессіздіктерді азайтуға бағытталған аумаққа тән саясат жүргізіледі, ол белгілі бір нәтижелер де бере бастады. Мәселен, өндірістік күштердің солтүстіктегі штаттардан оңтүстік және батыс штаттарға ығысуы байкалып отыр. Бірақ мешеу, артта қалған аудандардың көтерілуі өте баяу жүруде.

4. Өнерқәсібінің географиясы: табиғи ресурстық алғышарттары, басты салалар мен аудандар. АҚШ өнеркәсібінің дамуына қажетті табиғи ресурстың алғышарттары өте қолайды.

Мысал. Батыстың экономикалық жағынан дамыған елдерінің ішінде АҚШ көмір қоры (3, 6 трлн. т), мұнай қоры (3, 8 млрд. т), табиғи газ (4, 5 трлн. м³), уран мен темір (10 млрд. т), және молибден кені, фосфорит, күкірт, сондай-ақ су электр қуатының қоры бойынша дүние жүзінде бірінші орын алады.

Пайдалы қазбалардың шығатын орындары бүкіл елге кеңінен тараған; мәселен, көмір мен мұнай қорлары 30-дан астам штатта барланаған. Тектоника (жер қыртысы) құрылысының ерекшелігіне қарай АҚШ-тың жер аумағын шығыс ( платформалы) және батыс (қатпарлы) деп екі үлкен бөлікке бөлуге болады. Шығыс бөлігінің негізгі байлығы - отындық қазба байлық, ал батысыныкі - кен.

Елде «бойлай» және «көлденеңінен» геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар барлық белгілі болған мұнай қорының тең жартысы континентальды қайраңға - Мексика шығанағына, Калифорния мен Аляска жағалауларындағы кен орындарына тиесілі. АҚШ игеруге тиісті негізгі жаңа аудан - Аляска жағалауында елдегі аса ірі мұнай орны - Прадхо-Бей ашылған болатын.

Осыған қарамастан, соңғы кездері елде ресурспен қамтудың көптеген проблемалары туындады, кейбір кен орындарының әбден тозығы жетті. Осының нәтижесінде 70-жылдары дүние жүзіндегі табиғи ресурстарға аса бй елдердің бірі - АҚШ тұңғыш рет ресурстардың жетіспеушілігіне тап болды. Қазір АҚШ отын мен шикізатқа қатысты қажеттіліктерінің едәір бөлігін импорт арқылы қанағаттандырады.

АҚШ өнеркісібінің басты салаларының географиясы. АҚШ өнеркәсібінің картасына қарап, барлық жетекші салалардың көптеген штаттарда жақсы дамығанын байқау қиын емес. Осы деңгей тұрғысынан қарағанда екі-үш штат ерекше көзге түседі. Бұл отын-энергетика өнеркәсібіне қатысты болып келеді.

Станок жасау негізінен Көл маңы мен Солтүстік-Шығыс мегаполистерінің аумағында, ауыл шаруашылығы Көл маңында, кеме жасау Солтүстік - Шығыста шоғырланған, ал электорндық бұйымдар шығару орныдары осы үш мегаполистің үшеуіне де бар.

АҚШ - тың көптеген өнеркәсіп салалары осы елдің және әлемнің аса ірі әскери-өнеркәсіп кешендерімен тығыз байланысты.

Химия өнеркәсібі де - әлемдегі ең ірі өнеркәсіп. Оның бірнеше ондаған орталықтары бар, алайда оның жоғары дәрежеде шоғырланғандары жекелеген аудандарда және олардың өзіндік сипаттары да ерекше.

Тоқыма өнеркәсібі екі ғасыр ішінде Жаңа Англия деп аталатын (орталығы - Бостон) солтүстік - атлантика штаттарында шоғырланып болған. Бірақ соңғы кездері бұл сала оңтүстік-атлантика штаттарына - жұмыс күші арзандау, мақта мен жасанды талшықтар өндіретін және де рынокқа жақындау аудандар қоңыс аударды.

Өнеркәсіптік аудандар мен белдеулер. АҚШ сияқты үлкен елде әр түрлі дәрежедегі көптеген өнеркәсіптік аудандар бар екенін жете білгендерің жөн. Олардың ең ірі үшеуі -Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Чикаго өніеркәсіп аудандары. АҚШ-тың өнеркәсіптік аудандарының көбі сондай-ақ төрт аса ірі өнеркәсіптік белдеуде топтасады.

Әсіресе, баяғыдан келе жатқан Солтүстік өндірістік белдеудің рөлі аса жоғары. Ол Атлант мұхитының Миссисипмне дейін 1, 5 мың км-ге созылып жатыр. Ол бірнеше көне өнеркәсіптік аудандардың біріктіреді. Бұл белдеудің АҚШ-тың өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі төмендеп келе жатқанына қарамастан, ол дүние жүзіндегі ең үлкен индустриялы облыс қалып келеді.

Соңғы онжылдықтарда қалыптасқан Оңтүстік-Шығыс өндірістік белдеуі еңбек пен қуат көзін аса көп қажет ететін өнімдер шығаруға мамандануда, сондай-ақ ол Мексика шығанағы жағалауындағы мұнай-химия өңдейтін жаңа аудан (оны әдетте «Галф»-«шығанақ» деп атайды) . Ал, Калифорнияда ғылым тікелей тын ең жаңа өнеркәсіп салалары орналасқан.

Ауыл шаруашылығының географиясы: табиғи алғышарттары, басты салалары мен аудандары. Табиғат АҚШ аумағына жомарттық жасаған және оның ауыл шаруашылығының дамытуға аса қолайлы табиғи ресурстардың алғышарттарын жасап берді.

Бұл ең үлкен жер ресурстарына және аса пайдалы жер қорына ие; өңделетін жер, шабындықтар мен жайылымдар бүкіл АҚШ аумағының ½ бөлігін алып жатыр. Құнарлы Орталық жазықтарда жыртылатын жердің үлесі кейде 80-90%-ға жетеді. Ауыл шаруашылығы үшін қолайсыз жерлер тек Аляскада, Кордильер белдеуіндегі таулы, далалы аудандарда кездеседі.

АҚШ - тың агроклиматтық ресурстары да өте жақсы. Сен мұны АҚШ-тың географиялық жағдайын Еуропаның жғдайымен салыстырып- ақ жақсы біле аласың. Қоңырсалқын және субтропикалық белдеудің температуралық жағдайы мұнда барлық ауыл шаруашылық дақылдарын, ал Флориданың оңтүстігі мен Гавайда тропикалық дақылдар өсіруге мүмкіндік береді. Елдің шығыс жақ жартысында ылғал жеткілікті. Ал, өзінше бір климаттық шекара деп аталатын 100 0 -тық меридианнан батысқа қарайғы жерлерде тұрақты өнім алу үшін қолдан суару жұмысы жүргізілуі мүмкін. Барлық суармалы жерлердің ¾ бөлігі батыс штаттарға тиесілі болатын себебі сондықтан.

АҚШ-тағы өсімдік шаруашылығы саласы бірінші кезекте бүкіл егістік жердің 2/3 бөлігін алып жатқан дәнді дақылдарды білдіреді. Ең басты азықтық дақыл - бидай, бірақ жемдік дақылдар (жүгері, сорго) едәуір көп егіледі. Май шығаратын дақылдардың ішіндегі жетекші орынды соя бұршағы алады, ол соңғы онжылдықтарда өте қатты өсті. Ол тамаққа да (өте кең тараған май түрінде), мал азығына да пайдаланылады. Талшықты дақылдардың ішінде ХІХ ғасырда басты экспорт тауары болған мақта майы ерекше рөл атқарды. Қант дақылдары ішінде қант қызылшасы мен қант құрағының орны бірдей деуге болады. Американдықтардың көпшілігінің күнделікті азық құрамына еніп кеткен жемістер мен көкөністердің рөлі өте жоғары.

АҚШ-тың мал шаруашылығы саласы ең алдымен, сүт және ет өндіруге бағытталған мүйізді ірі қара мал (сиыр) өсіруді білдіреді. Сондай-ақ шошқа мен үй құстарын өсіру кеңінен тараған. Етті құс (бройлер) өсіру - АҚШ-тағы ауыл шаруашылығы едәуір индустрияландырылған саласы. Оны ауылдық жерде орналасқан өнеркәсіп саласы деп есептеуге де болады. Оны кез келген асхана мен дәмхана сатып ала берді.

Ауыл шаруашылық аудандары. АҚШ-та экономикалық жағынан дамыған елдерде кездесетін барлық негізгі ауыл шаруашылық түрлері бар, ғылымдар оның 13 түрін бөліп көрсетті. Табиғи жағдайлардың соншалықты әр түрлі болуы, жоғары тауарлық құндылығы, ауыл шаруашылық жүктерін жаппай тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік қатынасының дамуы тек жекелеген фермаларда ғана емес, АҚШ-та ауыл шаруашылық белдеулері деп аталып кеткен бүтіндей аудандар өнім өндіруге тар шеңберде мамандануға алғышарттар жасады. Бұл - Ұлы жазықтарда қалыптасқан әлденеше мың гектар жерді алып жататын бидай белдеуіндегі жоғары деңгейде механикаландырылған - нағыз «астық фабрикаларына» айналған фермалар. Бұл - жер қыртысы мен климаты жүргері дақылын егуге аса қолайлы жер - Орталық жазықтың солтүстігінде пайда болған жүгері белдеуі. Бұл - Көл маңы мен Солтүстік - Шығыс штаттарындағы сүт белдеуі. Бұл - Миссисипидің төменгі ағысын бойлай орын теуіп, қалыптасқан мақта белдеуі. Бұл - Ұлы жазықтың оңтүстік бөлігіндегі ранчо мен таулы штаттарлағы мал шаруашылығы белдеуі. Сондай-ақ жеке өнімдер: жер жаңғағы, темекі, күріш, жеміс, көкөніс өсіруге маманданған аудандарды да атап айтуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ және Халықаралық қауіпсіздік жүйесі
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстанның шетеелдермен байланысы. елдер арасындағы ынтымақтастық
Солтүстік Америка ұғымы
АҚШ - Мемлекеттің территориясы,шекарасы,жағдайы
АҚШ аумағының негізгі бөлігі
Туристік елтану
XIX ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ-тың әлеуметтік, эканомикалық, саяси жағдайы
Америка Құрама Штаттары жайлы
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Америка Құрама Штаттарының Жапония мен Қореяға қатысты саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz