ҰЛЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ. АЛТЫН ОРДА
1 ҰЛЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ.
2 Шағатай ұлысы
3 Жошы ұлысы
ІІ САЯСИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСЫ
2.1 Ұлыстардың мемлекеттік.әкімшілік құрылысы

Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя құрған Шыңғыс-хан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: кіші ұлы Төлей Шыңғыс-ханның негізгі жұртын — Моңғолияның өзін, сондай-ақ моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды. Моңғолиядан батысқа қарай жаұланып алынған ұлан-ғайыр территория үлкен ұлдарына бөлінді соның өзінде олардың әрқайсысына тұрақты армиядан 4 мың адамнан бөлініп берілді. Шыңғыс-ханның үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия, оның '"ұлысының орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды. Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін (1228/29—1241) Үгедей Орхонда, Қарақорымда тұрды.
Шыңғыс-ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Онтүстік Алтайдан Амударияға дейінгі, «ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Самарқанд пен Бұхараға дейінгі жерлерді», яғни Шығыс Тұркістанды, Жетісу мен Мауараннахрдың денін қамтыды. Жамал Қаршидің деректері бойынша Шағатай иелігіндегі жерлердің негізгі бөлегін құраған елке Аларғу елі деп аталды, оның басты қаласы Алмалық болды. Шағатайдың жазғы резиденңиясы Іле өзенінің алабындағы Құяш деген жерде болды. Оның ізбасарларының ордасы, Джувейнидің деректері бойынша, түрікше Ұлығ-Иф (Ив) деген атпен, яғни «Үлкен үй» деген атпен мәлім болған. Шағатай мен оның ізбасарларының иелігіндегі жерлердің құрамына сондай-ақ Балх және Хорасан өлкелері кірді.
Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай және «Қойлық пен Хорезм шекарасынан Сакоин мен Бұлгардың татар аттарының тұяғы тиген жерлерге дейінгі» ұшы- қиырсыз аймақты алып жатты да, Жетісудың солтүстік бөлігін және Төменгі Поволжьеге дейінгі жерді қоса бұкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. Рашид ад-диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы Ертісте болған, бірақ басқа деректемелер бойынша ол Сарысуға жақын маңда, «кыпшақтар елінде» жерленген. Ертісте, Алакөл көлінің жанында, Плано Карпинидің дәлелдеуі бойынша, XIII ғасырдың орта шенінде Жошы ханның баласы Орда Ежен (Орда-Ичен) тұрған Алтын Орданың құрылуына байланысты Жошы ұлысының саяси өмірінің орталығы Төменгі Волгаға қарай ауысты.
Сонымен Қазақстанның территориясы моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі — Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі — Үгедей ұлысына кірді.

Ұлыстардың құрылуы. Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя құрған Шыңғыс-хан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: кіші ұлы Төлей Шыңғыс-ханның негізгі жұртын —Моңғолияның өзін, сондай-ақ моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды. Моңғолиядан батысқа қарай жаұланып алынған ұлан-ғайыр территория үлкен ұлдарына бөлінді соның өзінде олардың әрқайсысына тұрақты армиядан 4 мың адамнан бөлініп берілді. Шыңғыс-ханның үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия, оның '"ұлысының орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды. Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін (122829—) Үгедей Орхонда, Қарақорымда тұрды.
Шыңғыс-ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Онтүстік Алтайдан Амударияға дейінгі, ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Самарқанд пен Бұхараға дейінгі жерлерді, яғни Шығыс Тұркістанды, Жетісу мен Мауараннахрдың денін қамтыды. Жамал Қаршидің деректері бойынша Шағатай иелігіндегі жерлердің негізгі бөлегін құраған елке Аларғу елі деп аталды, оның басты қаласы Алмалық болды. Шағатайдың жазғы резиденңиясы Іле өзенінің алабындағы Құяш деген жерде болды. Оның ізбасарларының ордасы, Джувейнидің деректері бойынша, түрікше Ұлығ-Иф (Ив) деген атпен, яғни Үлкен үй деген атпен мәлім болған. Шағатай мен оның ізбасарларының иелігіндегі жерлердің құрамына сондай-ақ Балх және Хорасан өлкелері кірді.
Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай және Қойлық пен Хорезм шекарасынан Сакоин мен Бұлгардың татар аттарының тұяғы тиген жерлерге дейінгі ұшы- қиырсыз аймақты алып жатты да, Жетісудың солтүстік бөлігін және Төменгі Поволжьеге дейінгі жерді қоса бұкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. Рашид ад-диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы Ертісте болған, бірақ басқа деректемелер бойынша ол Сарысуға жақын маңда, кыпшақтар елінде жерленген. Ертісте, Алакөл көлінің жанында, Плано Карпинидің дәлелдеуі бойынша, XIII ғасырдың орта шенінде Жошы ханның баласы Орда Ежен (Орда-Ичен) тұрған Алтын Орданың құрылуына байланысты Жошы ұлысының саяси өмірінің орталығы Төменгі Волгаға қарай ауысты.
Сонымен Қазақстанның территориясы моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі —Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан —Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі —Үгедей ұлысына кірді.
Шыңғыс-ханның тірі көзінде, ұлдарына бөліп берген жерлер, олар үшін тек қана пайда көзі болды, бірақ империя басшысына бағынышты болып қала берді. Ол өлгеннен кейін жағдай өзгерді. Моңғол державасының ұлан-ғайыр кеңдігі, ұлыстардың иелері тұрған жерлердің Орхондағы жалпы империя орталығынан шалғайлығына байланысты жергілікті жерлердегі бұрынғы өкімет іс жүзіндегі өкімет болып қалды. Үлестік жүйенің әулеттік бастамасы, ұлыстардағы іс жүзіндегі биліктің Шыңғыс-хан ұлдарының ұрпағына ауысуы ұлыс қарауында елеүлі әскери күші бар Шыңғыс-хан ұрпақтары өз әулеттерін толығымен дербес етіп алуға, ал ұлыстарды тәуелеіз иеліктерге айналдыруға итермеледі. Ұлыс басшыларының қолына біртіндеп бүкіл билік толығымен кешіп, империя бірнеше дербес мемлекетке ыдырады. Оның ыдырауының негізгі себептері халық бұқарасының моңғол езгісіне қарсы күресі, көптеген елдер мен халықтардың қарудың күшімен өзіне қаратып алған империяның іргесінің берік еместігі, қырық кұрау болып, үнемі жалғасқан өзара қырқыстар, экономикалық байланыстардың, мәдени және тарихи дәстұрлердің болмауы еді.
Шағатай ұлысы. Шағатай әкесі мен ағасы Жошы өлгеннен кейін хан тұқымындағы үлкені ретінде зор беделге ие болды. 1223—жылдары ол Үгедейді ұлы хан деп жариялаған хан-задалардың басшысы болған еді. Ясыны, биліктер мен қағидаларды, патшалықты сақтаудың амалдарын жетік білген Шағатайдың билігі зор болғаны соншалықты, тіпті ұлы хан Үгедейдің өзі де ағасының мақұлдауынсыз қандай болмасын маңызды шешімге келе қоймайтын болған.
Ұлы ханның келісімі бойынша Шағатай тұңғыш баласы Мүтігеннің балаларының үлкені Қара-Хұлағуды өзінің мирасқоры етіп тағайындады. 1241 жылы Үгедей, одан кейін көп кешікпей Шағатай да өлді. Моңғол империясында патшалар арасындағы бес жылға созылған дұрбелең кезең басталды. 1246 жылы ғана құрылтайда Үгедейдің үлкен ұлы Күйік ұлы хан болып жарияланды. Күйіктің бұйрығы бойынша Шағатай ұлысына Қара-Хұлағудың орнына жаңа ханның жақын досы Шағатайдың баласы Есу-Меңке қойылды. Бірақ көп кешікпей Күйік өлгеннен кейін (1248 ж.) Үгедей мен Төлей ұрпақтарының арасында билік үшін күрес басталды. Батыйдың қолдауымен 1251 жылы Төлейдің үлкен ұлы Мөңке империяның басшысы болып жарияланады.
Жаңа ұлы ханның өкімет басына келуі жазалаудан басталды. Шағатай және Үгедей тұқымынан шыққан ханзадалар Меңкеге қарсы қастандық жасады деп айыпталып өлтірілді немесе жер аударылдыз сөйтіп Шағатай тұқымының мәні біраз уақытқа дейін жоққа сайылды. Бірақ ұлыстар формальді түрде өмір сұре берді: Күйіктің жесірі оның Емелдегі ордасында қалды, ал осының алдында кайтыс болған Қара-Хұлағудың жесірі Орқына ұлы ханның келісімімен Шағатай ұлысының әміршісі болды. 1254 жылы ол Шағатай ұлысының әміршісі ретінде ұлы хан Мөңкенің інісі Хұлағудың Иранға бара жатқан әскерін Алмалықта қарсы алды.
Іс жүзінде XIII ғасырдың ортасында империя Төлей мен Жошы ұрпақтарының арасында бөлісілген болатын. Ұлы хан Мөңке мен Жошы ұлысының басшысы Батыйдың ықпалы жұретін шекаралар, Рубруктың дәлелдеуі бойынша, Талас пен Шу өзендерінің арасындағы жазықта өткен. Сөйтіп Жетісу, XIII ғасырдың 50-ші жылдарында ұлы ханға бағынған, ал Жошының үлесіне жатпайтын, Мауараннахр уақытша Жошы тұқымының ықпалына кірді.
ХШ ғасырдың 60-шы жылдарында Моңғолия империясының бірлігіне ақырғы соққы берілді. 1259 жылы Мөңке өлгеннен кейін оның екі інісі Арығ-Бұға мен Құбылай арасында таққа отыру жолындағы күрестен туған өзара соғыс басталады. 1260 жылы олардың екеуі де бір мезгілде ұлы хан деп жарияланады.
Екі ханның екеуі де Шығыс Тұркістанды, Жетісуды және Орта Азияны өздеріне бағындырып алуға ниеттенді. Құбылай Жетісуға өзінің қойған адамы Шағатай ұрпағы Абишкені (Мүтітештің немересі) Шағатай ұлысында билікті алу үшін жіберді, алайда жол бойында Абишкені Арық-Бұғының әскерлері қолға түсіріп, өлтірді. Арық-Бұғы өз кезегінде Шағатайдың немересі Алғұйды Шағатай ұлысының патшасы боласың және сол маңдарды Құбылай-ханның әскерлерінен және [Шағатай] үйінің әскерлерінен қорғайсың деген жарлық беріп батысқа жібереді.
Алғұй қысқа мерзімінде атасының иелігінде болған жерлердің бәрін өз билігіне бағындырды. Жошы ұрпағы Берке-ханнан Отырарды жеңіп алып, ол сондай-ақ бұрын Алтын Ордаға кірген Хорезмді және Ауғанстанның солтүстік бөлігін басып алады. Алғаш ол Арығ-Бұғаның атынан қимылдап, кейіннен одан бөлініп кетті. 1264 жылы Арық-Бұғаны Құбылай талқандап, империя ханы болып жарияланды, Батыстағы ұлыстар оған бағынбады: Ирандағы Хұлағу, Жошы, Алғұй иеліктеріндегі Берке және содан кейін Шағатай ұлысындағы Хайду іс жүзінде тәуелеіз әміршілер болды.
Алғұй өлгеннен кейін Шағатай ұлысындағы саяси жағдай
қайта шиеленісті. Өзара алауыздық нәтижесінде билік Шағатай
әулетінен Берке-хан қолдаған Үгедей ұрпағына, оның немересі
Хайдудың қолына көшеді.
Шағатай мемлекеті Хайду тұсында Шыңғыс әулетінің Орта Азиядағы мемлекеті біржола қалыптасты. 1269 жылдың көктемінде Таластың жағасында құрылтай болып, онда ұлы ханның иелігіне тәуелеіз Хайду билеген (1269—) мемлекет жарияланды. Жаңа мемлекеттің жері соғыстардағы табыстарға немесе жеңілістерге байланысты біресе кеңейіп, біресе тарылып отырды. Оған Жент пен Үзкент оазистерін қоса Сырдария бойындағы Оңтүстік Қазақстанның жерлері және Жетісу кірді. Шығыс Түркістанда бұрын Шағатай әулетіне қараған территорияның бір бөлегі Құбылай иелігіне көшті. Хайдудың үлкен ұлы және оның Орта Азиядағы тағын алған Шапардың Емелде —өа ата-бабасының иеленген жерлерінде хан болын жариялануына қарағанда Үгедей меи Шағатай ұрпағы ұлыстарының арасындағы шекаралар анық белгіленбеген.
XIV ғасырдың басында Шағатай әулетінің Орта Азиядағы және Жетісудағы ролі қайта қалпына келді. Хайду өлгеннен кейін көп кешікпей, 1306—жылдар тұсында мемлекеттегі билік Барақ-ханның баласы, Шағатайдың шөбересі Туваға (Дуваға) ауысты, В. В. Бартольдтың бағалауы бойынша ол Шағатай державасын құрүшы болды.
Шыңғыс-ханның тұсында-ақ моңғол феодалдарының арасында қарама-қарсы екі саяси бағыт байқалған еді. Біріншісі жаулап-алушылардың көшпелі тұрмыс пен қырдағы патриархаттық дәс-түрлерді сақтауын, бағынған елдердің халқын қырып жіберуге дейін аяусыз, жыртқыштықпен тонауын және жаүлап алынған территорияларды мал жайылымына айналдыруын көздеді. Екінші бағыттың өкілдері жергілікті феодалдық үстем топқа, жаулап алынған отырықшы-егіншілікпен айналысатын елдердің дәстүріне сүйене отырып хан билігі күшті мемлекет құру мақсатын көздеді.
Бірінші бағытты неғұрлым табандылықпен жүргізүшілер Шыңғыс-хан, ал оның ұрпақтарынан —Шағатай мен Күйік (1246—) болды, оларды Шағатай ұлысының әміршілері Орқына-хатун, Барақ-хан және басқалары қолдады. Үгедей (122829—), Мөңке (1251—) хандар және ұлыс ханы Жошы орталықта күшті өкімет болуын және тізе бүккен халықтармен қарым-қатынасты ішінара ретке келтіруді жақтады. Сөйтіп, аталган екі бағыт өкілдерінің арасындағы тартыстың мәні жаулап алынған территориялардағы халықты қанау тәсілдері туралы мәселеге, сондай-ақ бағындырылған елдердің феодал-ық үстем тобымен жақындасу туралы, олардың феодалдық Мемлекеттілігін, идеологиясын және мәдени дәстұрлерін қабылдау туралы мәселеге келіп тірелді.
Экономикалық күйзеліс, Моңғол империясының, оның ішінде Шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдырауы қалайда екінші әдісті таңдап алуды бірден-бірге өктем талап етті. XIV ғасырда Шағатай ұлысы хандарының іс-әрекетінде орталықтану және Мауараннахр халқымен жақындасу жағына қарай бетбұрыс айқындала түсті. Бұл тұрғыда Туваның баласы Кебек-хан (1318- 1326) неғұрлым анық қадам жасады. Көшпелі дәстүрлерден қол үзіп, ол Іле аңғарынан Мауараннахрға қоныс аударды, кейбір қалаларды қалпына келтіруге жәрдемдесті. Ол ақша реформасын жүргізді, ұлысты басқару жүйесін едәуір өзгерткен әкімшілік реформасын да жүргізген сол деп ұйғарылады.
Кебек-ханның ізбасары, оның інісі Тармашырын (1326—) орталықтану саясатын жалғастырды. Ол да Кебек сияқты Мауараннахрда тұрды, Ала ад-дин деген есімге ие болып, исламды Шағатай ұрпағы мемлекетінің ресми дініне айналдырды. Алайда жоғарыда аталған бағыттарды жақтаушылардың арасындағы күрес жалғаса берді. Исламды қабылдауға және көшпелі әдет-ғұрыптарды елемеуге әскери-көшпелі ақсүйектер наразы болып, бұл наразылық ашық көтеріліске ұласты. Тармашырың өлтірілді. Он жылдан астам уақытқа созылған феодалдық әуре-сарсаң қайта жалғасты.
1346 жылы көшпелі феодалдармен күресте Кебек-Тармашырын тұқымын жалғастырүшы Қазан-хан қаза тапты. XIV ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі түрік-монғол әскери-көшпелі ақсүйектері мен жергілікті феодалдардың өкілдері басқарған оннан астам иелікке ыдырап кетті. Қашқадария жазығында барластар, Ходжент аймағында —жалайырлар, Солтүстік Ауғанстанда —арлаттар, Амударияның жоғарғы сағасында —қаушындар күшейді; бұл әулеттердің әрқайсының басшысы өз өлкесінде дербес әмірші болды. Бұдан басқа 1346 жылдың өзінде Шағатай ұрпағы мемлекетінен Моғолетан деп атанған солтүстік-шығыстағы территория бөлініп шықты.
Жошы ұлысы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында. Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошы өзінің ұлысын тәуелеіз мемлекет етуге күш салды; 1227 жылғы қыста оның өлуі ғана әкесі екеуінің арасындағы соғысқа кедергі болған еді. Жошының мирасқоры оның ұлы Батый болды. Батый қолының Русьқа және Волгадан батысқа қарайғы басқа да жерлерге жасаған қанды жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайга дейінгі байтақ өлкені алып жатқан, орталығы Төменгі Волгада орналасқан ұлан-байтақ мемлекетке айналдырды. Тарихи әдебиетте бұл мемлекет Алтын Орда деген атқа ие болды. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астана Сарай-Беркеге (Волга бойымен Сарай-Батудан жоғарырақ) көшірілді.
Алтыи Орда ұғымы біртекті емес: бір жағдайда Алтын Өрда деп Батый мен оның мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі -жерлерді, яғни Поволжье мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.
Батый (1227—) зор беделге ие болды және империяны өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да (Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге —оның көптеген ұлдарының ұлыстарына ыдырады. Алтын Ордада, өз кезегінде, ұлыс жүйесі қалыптасты. Әбілғазыда (XVII ғ.) деректемеге сүйенбей келтірілген аңыз бойынша Батый солтүстік елдеріне —Шығыс Европаға (1236- 1242 жж.) —жасаған жеті жылдық жорықтан оралғаннан кейіні өзінің інісі Орда-Еженге былай деген: Бұл жорықта сен біздің ісіміздің аяқталуына жәрдемдестің, сондықтан он мың семьядан тұратын халық саған беріледі, енді бір аудармада сол сенің әкең тұрған жерде, яғни Ертістің жоғарғы ағысында деген сөздер қосылған. Әдет-ғұрыпқа бағып Батый өзінің басқа бауырларына да үлес берген.
Орда-Ежен ұлысының әміршілері іс жүзінде тәуелсіз болды және өздерін Алтын Орда хандарына бағынышты деп мойындаса да, олардың құрылтай жиналыстарына бармады. Әуел бастан-ақ, —деп жазады Рашид ад-дині, —оның орнындағы Орда әулетінің қайсы біреуінің Батый әулетіндегі хандарға барған көзі болған емес, өйткені олар бір-біріне шалғай орналасқан, сонымен қатар өз ұлысының тәуелсіз патшалары болып табылады. Бірақ оларда Батыйдың орынбасары кім болса соны өзінің патшасы әрі әміршісі санау әдеті болған және олардың есімдерін бұлар өз жарлықтарының жоғарғы жағына жазып отырады , Орда-Ежен ұлысына Жетісудың солтустік-шығыс бөлігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең-байтақ аймақ, Ұлытау мен Қара-тауға дейінгі жерлер кірді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz