Жер ресурстарының халықаралық құқықтық мәселелері



1 Мемлекеттік территория
2 Өзін.өзі айқындау принципі
3 Мемлекетаралық құрылық шекарасын белгілеу
4 Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің кейінгі дамуы
5 Мемлекеттік егемендік пен егемендік теңдікті өзара тану және құрметтеу
мемлекет өз аумағының шегін айқын белгілеуге мүдделі, өйткені көршілермен болатын территориялық даулар көптеген қиындықтар туғызып, кейде тіпті әскери шиеленістерге әкеледі. Мемлекеттер үшін өз аумағын құқықтық нығайту тек халықаралық-құқықтық қана емес, сонымен бірге ішкі, мемлекеттік-құқықтық маңызға да ие. Мемлекеттік егемендіктің шекарасы осыған байланысты болады, себебі, мемлекет территория – бұл шеңбер ішінде мемлекет өзінің егемендігін жүзеге асыратын, атап айтқанда сол территорияға иелік етіп, оны өз мүдделеріне сәйкес әкімшілік тұрғыда ұйымдастыратын кеңістік. /1/.
Барлық халықаралық-құқықтық құжаттар халықтардың өз территорияларына егемендігі мен қолсұғылмайтындық құқықтарын бекітеді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін жеңімпаз-мемлекеттер мен жеңілген мемлекеттер арасында территориялық межелеу мәселесі туындады.
Осы мәселені реттейтін аса маңызды халықаралық-құқықтық бірі – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы болды, оған Сан-Францискода 1945 жылы әң маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы Конференциясының Халықаралық Ұйымдар құру жөніндегі қорытынды отырысында қол қойылып, ол 1945 жылы 24 қазанда күшіне енді. 2 баптың 4 тармағы былай дейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық Мүшелері халықаралық қатынастарда күш көрсетуден немесе кез келген мемлекеттің территориялық тұтастығына қолсұғудан және саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолданудан, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Мақсаттарына сыйыспайтын басқа да әрекеттерден тартынады /2/, және БҰҰ Жарғысының бірінші бабының ең бірінші тармағы “халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қолдау көрсетуді, осы мақсатта бейбітшілікке төнетін қауіпті тойтару және болдырмау және аргессиялық актілер мен басқа да бейбітшілік бұзуларды басып отыруды және бейбітшілікті бұзуға әкелетін халықаралық даулар мен ахуалдарды әділет және халықаралық құқық принциптеріне сәйкес бейбіт жолдармен реттеу және шешуді” аталмыш ұйымның мақсаты етіп қояды. Міне, осы мақсатты аталмыш халықаралық ұйым дәйектілікпен атқарып келеді.
1. Гаджиев К.С. Геосаясат: пәннің тарихы және қазіргі мазмұны // полис.-1996-N2-176.
2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы, 26 маусым 1945 жыл.
3. Чиркин В.Е. Мемлекеттану. Оқулық.-М.: Юрист, 1999.-95 б.
4. Клименко Б.М., Порк А.А. СССР территориясы және шекарасы.-М.: Халықаралық қатынастар, 1985.-71 б.
5. Клименко Б.М., Ушаков Н.А. Шекара беріктігі – халықаралық бейбітщілік шарты.- М.: Ғылым, 1975.-60 б.
6. Левин Д.Б. Халықаралық дауларды бейбіт шешу принциптеі.- М.: Ғылым, 1977.-86 б.
7. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара қарым-қатынас туралы 1999 ж. 6 қазандағы Декларация. // Қазақстан Республикасының халықаралық келіссөздер Бюллетені, 2000 ж. № 6.
8. Адам құқығы туралы халықаралық актілер. Құжаттар жинағы. – М.: Издат. Группа НОРМА-ИнФРА- М, 1998.- 101-103 бб. (784 б.).
9. Қазақ советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі турлы 1990ж. 25 қазандағы Деларациясы.
10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы ҚР Конституциялық заңы.
11. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің егемендігін, территориялық тұтастығы мен шекараларының қолсұғылмайтындығын қадағалау туралы Декларация, Москва, 15 сәуір 1994 ж. // Халықаралық көпшілік құқық. Құжатта жинағы. Том 1.- М.: БЕК баспасы, 1996.- 570 б. (35-36 б.).

ЗЕРТТЕУ

ЖЕР РЕСУРСТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қайрат Адранов,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ табиғат қорлары және экологиялық құқық
кафедрасының ізденушісі

Территория (аумақ) – мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі, ол оның
егемендігі мен билігі жүретін кеңістікті белгілейді. Әрбір мемлекет өз
аумағының шегін айқын белгілеуге мүдделі, өйткені көршілермен болатын
территориялық даулар көптеген қиындықтар туғызып, кейде тіпті әскери
шиеленістерге әкеледі. Мемлекеттер үшін өз аумағын құқықтық нығайту тек
халықаралық-құқықтық қана емес, сонымен бірге ішкі, мемлекеттік-құқықтық
маңызға да ие. Мемлекеттік егемендіктің шекарасы осыған байланысты болады,
себебі, мемлекет территория – бұл шеңбер ішінде мемлекет өзінің егемендігін
жүзеге асыратын, атап айтқанда сол территорияға иелік етіп, оны өз
мүдделеріне сәйкес әкімшілік тұрғыда ұйымдастыратын кеңістік. 1.
Барлық халықаралық-құқықтық құжаттар халықтардың өз территорияларына
егемендігі мен қолсұғылмайтындық құқықтарын бекітеді. Екінші дүниежүзілік
соғыс аяқталғаннан кейін жеңімпаз-мемлекеттер мен жеңілген мемлекеттер
арасында территориялық межелеу мәселесі туындады.
Осы мәселені реттейтін аса маңызды халықаралық-құқықтық бірі – Біріккен
Ұлттар Ұйымының Жарғысы болды, оған Сан-Францискода 1945 жылы әң маусымда
Біріккен Ұлттар Ұйымы Конференциясының Халықаралық Ұйымдар құру жөніндегі
қорытынды отырысында қол қойылып, ол 1945 жылы 24 қазанда күшіне енді. 2
баптың 4 тармағы былай дейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық Мүшелері
халықаралық қатынастарда күш көрсетуден немесе кез келген мемлекеттің
территориялық тұтастығына қолсұғудан және саяси тәуелсіздігіне қарсы күш
қолданудан, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Мақсаттарына сыйыспайтын басқа
да әрекеттерден тартынады 2, және БҰҰ Жарғысының бірінші бабының ең
бірінші тармағы “халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қолдау
көрсетуді, осы мақсатта бейбітшілікке төнетін қауіпті тойтару және
болдырмау және аргессиялық актілер мен басқа да бейбітшілік бұзуларды басып
отыруды және бейбітшілікті бұзуға әкелетін халықаралық даулар мен
ахуалдарды әділет және халықаралық құқық принциптеріне сәйкес бейбіт
жолдармен реттеу және шешуді” аталмыш ұйымның мақсаты етіп қояды. Міне, осы
мақсатты аталмыш халықаралық ұйым дәйектілікпен атқарып келеді.
Мемлекеттік территория мемлекеттік шекаралармен белгіленген шеңберде
болады, оның рөлі мемлекеттік биліктің кеңістік шекарасын
белгілейтіндігімен шартталады. Мемлекет территориясын құрлықтар, ұлттық
сулар, жер қойнауы, аумақтық сулар (аумақтық теніздер) және құрлық пен
ұлттық және аумақтық сулардың үстімен жүретін әуе кеңістігі құрайды.
1995 жылғы Қазақстан Конституциясының 2 бабы 2 тармағында былай делінген:
“Республика егемендігі оның барлық аумағына тарайды. Мемлекет өз
территориясының тұтастығын, дербестігін және ажырамастығын қамтамасыз
етеді”. 4 бабтың 2 т. – “Конституция ең жоғарғы заңды күшке ие және
Республиканың бүкіл аумағына ол тікелей қолданылады” дейді. Бұл жерде сөз
мемлекеттің өз аумағы шеңберінде территориялық үстемдігі туралы болып отыр,
бүл мемлекет территориясы шеңберінде әртүрлі өзге көпшілік биліктің қызмет
етуін болдырмайтын, халыққа жүргізілетін толық мемлекеттік билікті
білдіреді.
Мемлекеттің өз территориясындағы үстемдігі оның қолында барлық мәжбүрлеу
билігі мен барлық биліктік мәжбүрлеу құралдары шоғырланғанымен де білінеді.
Биліктік мәжбүрлеуді мемлекет атынан мелекет органы не мемлекет тікелей осы
үшін уәкілеттік берген, құқығы мен қызмет етуі тек қана мемлекет қалауына
байланысты болатын басқа да ұйымдар қолдана алады. Биліктің мемкелет
қолында шоғырлануы, олардың биліктік мәжбүрлеуді монополизациялауы оның
“тек биліктік әдістермен мәжбүрлейтіндігін” білдірмейді, бірақ “тек
мемлекет қана биліктік әдістермен мәжбүрлейді” дегенді білдіреді 3.
Территориялық үстемдік, осылайша, мемлекеттің өз территориясындағы толық
билігімен көрініс табады. Осы айтылғандардан келіп, кез-келген мемлекеттің
мемлекеттік территориясы – бұл оның егемендігі аясында болатын территория
екендігі шығады.
Кеңестік Одақ ыдырағаннан кейін пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер
қөп жағдайда халықтардың өзін-өзі айқындау принципі негізінде әрекет етті.
Халықтардың өзін-өзі айқындау принципі деп әрбір халықтың қайсы бір
мемлекеттің құрамына ену, дербес мемлекет құру және өзінің ішкі құрылымын
айкындау туралы мәселені өз бетінше шешу құқығы ұғынылады. Халықтардың өзін-
өзі айқындау принципі 1970 жылғы мемлекеттер арасындағы достық қатынастар
мен ынтымақтастыққа қатысты халықтардың принциптер туралы Декларацияда
өзінің ңақтылығы мен одан әрі дамуын тапты. Декларацияда “барлық халықтар
сырттан араласусыз өзінің саяси мәртебесін еркін анықтап, өзінің
экономиқалық, әлеуметтік және мәдени дамуын жүргізуге құқылы және әрбір
мемлекет осы құқықты Жарғы ережелеріне сәйкес сыйлауға міндетті” деп
көрсетілген.
Өзін-өзі айқындау принципінің екі жағы бар: сыртқы – халықтың қайсы бір
мемлекеттің құрамына ену немесе дербес мемлекет құру құқығы және ішкі -
өзінің ішкі құрылымын айқындау. Территориялық дербестік тұрғысынан алғанда
сыртқы жағы бірінші кезекті маңызға ие, өйткені, қайсыбір мемлекеттің
құрамына ену немесе дербес мемлекет құру мәселесін қарай отырып, өзін-өзі
айқындаушы халық сол арқылы өз территориясының қайсыбір мемлекетке
тиесілігі туралы мәселені, не дербес мемлекет құрған жағдайда - өз
территориясын жеке мемлекеттік территорияға айналдыру мәселесін шешеді.
Осылайша, өзін-өзі айқындаушы халық өз территориясына иелік етеді, сол
бойынша белгілі бір территорияның мемлекетке тиесілігі негізінде осы
территорияны мекендейтін халықтың еркі жатады. Бұл жағдай бұрын бірнеше рет
кеңестік халықаралық- құқықтық әдебиеттерде көрсетілді(4). Өзін-өзі
айқындау территориялық өзгерістердің бірден-бір негізі болып табылмайды.
Халықаралық қатынастар тәжірибесінде ел қоныстанбаған шағын учаскелерді
қайсыбір мемлекетке беру туралы мәселелер болып тұрады. Өзін-өзі айқындау
принципі мұндай жағдайларда қозғалмайды. Мұндай территориялық өзгерістер
халықаралық құқықтарға сәйкес, бейбіт жолмен және келісім арқылы шешіліп
отырады.
Шекаралас мемлекеттер территорияларының құны бірдей учаскелерімен алмасу
жасай алады. Шекаралық шағын учаскені беру басқа да негізде,
территорияларының құны бірдей учаскелері алмаспай да, бірақ жалпы ұлттық
мүдделерді де, сонымен бірге берілетін учаске халықтарының мүдделерін де
жеткілікті ескерген жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Территория учаскесін беру тиісті мемлекеттер арасында келісім-шарт
жасаумен рәсімделуі тиіс. Келісім-шарт жасалмаса кейіннен жаңа иеленген
территорияға жаңадан болған территориялық егемендік құқығының таласына
әкелуі мүмкін. Территория беру келісім-шарты әдетте ратификациялауды талап
етеді, өйткені мемлкеттік территория үкімет меншігі болып табылмайды, ол
осы мемлекеттің байлығы. Ратификациялауды мемлекеттік биліктің жоғарғы
уәкілеттік органы жүргізеді. Осы сәттен бастап берілген территорияға
жаңадан ие болған мемлекеттің территориялық үстемдігі және оның заңнамалары
тарайды.
Территория учаскесін беру халықаралық келісім-шарт жасаумен
рәсімделетіндіктен, оның халықтардың өзін-өзі айқындау құқығына
сәйкестігінен басқа өлшемдерін халықаралық келісім-шарттың зандылығын
айқындайтын барлық өлшемдер – оның қазіргі заманғы құқықтың жалпы танымал
принциптеріне, халықаралық құқықтың императивтік нормалары мен халықаралық
келісім-шарттар жасауға қатысты басқа да арнаулы нормаларға сәйкестігі
айқындайды 5.
Мемлекетаралық құрылық шекарасын белгілеу екі кезеңнен өтеді. Бірінші –
шекараны делимитациялау – мемлекеттік шекара сызығының өтетін жерін бүге-
шігесіне дейін сипаттап, картаға түсіру арқылы келісім-шартпен белгілеу;
екінші – шекараны демаркациялау - өнірдің мемлекеттік шекарасын жүргізуге
тіреледі. Демаркациялау үшін шектес мемлекеттердің өкілдерінен тұратын
шекаралық демаркациялық комиссия құрылады. Оның міндеттеріне өңірге шекара
белгілеу, шекаралық белгілер қою, өтетін шекара сызығын, шеқаралық
белгілерді сипаттап, тиісті сызбалар, фотосуреттер т.с.с. қосымшасымен
егжей-тегжейлі хаттама жазы кіреді.
Мемлекеттер арасында қайсыбір аумақтардың тиесілігіне немесе олардың
арасындағы межелерге қатысты территориялық таластар аз болып тұрмайды.
Мұндай жағдайларда мемлекеттер шекаралық дауларын тек қана бейбіт жолмен
реттеулері тиіс. Ондай дауларды реттеуде күш қолдануға немесе күшпен
қорқытуға қазіргі халықаралық құқықтармен тыйым салынады, дегенмен бұл
тәртіпті мемлекеттердің бәрі бідей мойындамайды және өз тәжірибелерінде
орындай бермейді. Бұған Израильді жатқызуға болады, ол көп жылдар бойы
арабтардың заңды территорияларын жаулап алып, әлемдік қауымдастықтың
талаптарына және жергілікті халықтардың туған жері үшін тоқтаусыз күресіне
қарамастан, қайтарып бергілері келмейді. Бұған қарсы мысал ретінде
территориялық дауларды бейбіт және өзара тиімді шешудің үлгісін Қытай Халық
Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара іс-әрекеттен
көруге болады.
Шекара сызығын салу туралы даулардың арасында екі үлгісін бөліп алуға
болады. Бірінші жағдайда тиісті түрде делимитацияланған да,
демаркацияланған да шекара болмайды, дау осы шекара қандай және қалай
қойылуы керектігі, яғни, ең алдымен делимитациялануы туралы болады.
Шектес мемлекеттер қандай да бір делимитацияның болғанын жоққа шығаратын
немесе шекараны белгілейтін бұрынғы келісімге өзінің қатыспағанын дәлелдеп
жататын кездері аз емес6.
Бір кездері Иран осылай істеді, ол Каспий бойынша келіссөздерде бұрынғы
КСРО-ның орнындағы Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттердің қатысуын мойындамай, тек
Иран ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі өзен бассейндері
Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
Сарысу өзені алабының көлдері
Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының транс шекаралық өзендер мәселелері
Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
Жерді құқықтық қорғау
Теңіз түбінің ресурстарын игерудің құқықтық режимі
Пәндер